О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 21 февраля 2002 года № 237 и от 24 апреля 2010 года № 348

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2010 года № 368

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай
өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 860 қаулысымен;
      2) «Қырғыз Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 24 сәуірдегі
№ 348 қаулысында:
      1) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      «1. Қырғыз Республикасына ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен саны 3700 (үш мың жеті жүз) тонна дизель отыны (жазғы) броньнан шығарылсын.»;
      2) 2-тармақта «отынын» деген сөзден кейін «темір жол көлігімен
Рыбачье, Ош станцияларына дейін» деген сөздермен толықтырылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.07.2014 № 860 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы, Көлік және коммуникация министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов