О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 4 декабря 2009 года № 2010

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 апреля 2010 года № 344. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 марта 2011 года № 266

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2007 - 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 2010 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген каулымен бекітілген 2007 - 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 26-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мерзімді баспа басылымдарын әзірлеу және шығару»;
      3-бағандағы «ғылыми-әдістемелік журнал» деген сөздер «мерзімді баспа басылымы» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов