Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корей Республикасы Үкіметі арасындағы Экономикалық Даму және Ынтымақтастық қорының заемдарына қатысты шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 10 желтоқсан N 495-І

Қолданыстағы

      Астанада 1999 жылғы 24 тамызда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Корей Республикасы Үкіметі арасындағы Экономикалық Даму және Ынтымақтастық қорының заемдарына қатысты шарт бекітілсін.
                                                     Бейресми аударма 




     Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Корей Республикасы Yкiметiнiң
            арасындағы Экономикалық Даму және Ынтымақтастық
                    қорының заемдарына қатысты
                             Шарт

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Корей Республикасының Үкiметi (осы арада және бұдан әрi - "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын),
      Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын қолдауға және екi елдің арасындағы экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесуге тiлек бiлдiре отырып,
      мыналар туралы уағдаласты:

                            1-бап

      Корей Республикасының Үкiметi өзінің заңдары мен реттеулерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiне немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi көрсеткен агенттiкке (осы арада және бұдан әрi "Заемшi" деп аталатын) Уағдаласушы Тараптардың арасында келiсiлуi тиiс жобаларды (бұдан әрi "Жоба" деп аталатын) iске асыру үшiн Экономикалық Даму және Ынтымақтастық Қорынан (осы арада және бұдан әрi "ЭДЫҚ" деп аталатын) заемдарын беруге мiндеттенедi.

                            2-бап

      Уағдаласушы Тараптар заемдарды iске асыру үшiн ЭДЫҚ-дан алынатын займдардың (осы арада және бұдан әрi "Заем" деп аталатын) сомаларын, мерзiмдерiн және шарттарын реттейтiн жекелеген келiсiмдер (осы арада және бұдан әрi "Келiсiмдер" деп аталатын) жасасуға мiндеттенедi.

                             3-бап

      (1) Заем Заемшi мен Кореяның Экспорттық - Импорттық Банкiнің (осы арада және бұдан әрi "Банк" деп аталатын), ЭДЫҚ Үкiметтiк агенттiгiнiң арасында жасалуы тиiс несиелiк келiсiм (осы арада және бұдан әрi "Несиелiк Келiсiм" деп аталатын) арқылы берiлетiн болады.
      (2) Егер Заемшi Қазақстан Республикасының Үкiметi болып табылмайтын жағдайда, Қазақстан Республикасының Үкiметi лайықты түрде ресiмдеген заемға арналған кепiлдiк Банкiге ұсынуы тиiс.

                              4-бап

      Заемнің қаражаты олардың арасында Жобаны iске асыру үшiн талап етiлетiн тауарлар мен қызмет көрсетулердi сатып алу үшiн жасалуы мүмкiн берушiлердің келiсiм-шартшылардың және/немесе осындай келiсiм-шарттар бойынша қабылданымды елдер-көздерден консультанттардың Жобаны iске асыруы бойынша жүргiзуi тиiс төлемдердi жабу үшiн пайдаланылатын болады.

                            5-бап

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Заем қаражатына сатып алынған тауарлардың жүк және теңiз тасымалдарын сақтандыруға қатысты екi елдің жүк және теңiз сақтандыру компанияларының арасындағы таза және еркiн бәсекелестiкке кедергi болуы мүмкiн қандайда болмасын шектеулердi белгiлеуден тартынуға мiндеттенедi.

                            6-бап

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Кореяның Жобамен айналысатын

азаматтарының қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаралар қолдануға және 
Қазақстан Республикасында өздерінің миссияларын орындауы үшiн талап етiлуi 
мүмкiн қажеттi қызмет көрсетулер мен қолайлы жағдайларды алуына 
көмектесуге мiндеттенедi.
     
                           7-бап
     
     Қазақстан Республикасының Үкiметi Банктi Заемға және/немесе оған 
байланысты және ол бойынша алынатын проценттерге салынатын кез келген 
фискальды алымдар немесе салықтардан босатуға мiндеттенедi.
     
                           8-бап
     


      Қазақстан Республикасының Үкiметi Банктi Заемның қаражатына салынатын ғимараттардың осы Шартта жазылған мақсаттарда өте жақсы тұрғыда ұсталуын және пайдаланылуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаралар қабылдауға мiндеттенедi.

                            9-бап

      Уағдаласушы Тараптар Тараптың сұрауы бойынша осы Шартты iске асыруға қатысты кез келген мәселелер бойынша бiр-бiрiмен консультациялар алысуға және өздерiнiң тиiстi заңдары мен реттеулерiне сәйкес Заемды неғұрлым дұрыс және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету үшiн қажеттi шаралар қолдануға мiндеттенедi.

                           10-бап

      (1) Осы Шарт Уағдаласушы Тараптар Шартты күшiне енгiзуге арналған барлық iшкi рәсiмдер орындалғаны туралы бiр-бiрiне жазбаша түрде хабарлаған күнi күшiне енедi.
      (2) Осы Шарт он (10) жылдық кезеңге күшiнде қалады және, егер Уағдаласушы Тараптар алты ай (6) бұрын оны тоқтату туралы өзiнің ниетiн күнiбұрын жазбаша түрде хабарламаса, одан әрi күшiнде қалуы тиiс.
      (3) Осы Шартты өзгерту немесе тоқтату осы Шарттың шеңберiнде жасалған

Келiсiмдер мен Несиелiк Келiсiмдердің олардың қолдануының тиiстi 
мерзiмдерi кезеңiнің iшiнде қолданылуына әсер етпеуi тиiс.
     Осыларды растай отырып, өздерiнiң Үкiметтерiнен тиiстi түрде 
өкiлеттiк алған төменде қол қоюшылар, осы Шартқа қол қойды. 
     1999 жылғы "___"________ екі данада ағылшын тілінде жасалды, екi 
дананың бiрдей күшi бар.
     
     Қазақстан Республикасының           Корей Республикасының
           Yкiметi үшiн                       Үкіметі үшін 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Икебаева Ә.Ж.