"Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 22 қараша N 483-І

Қолданыстағы

     1-бап. "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" 1998 жылғы 30 
желтоқсандағы  

Z980341_

  Қазақстан Республикасы (Қазақстан Республикасы 
Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 24, 450-құжат; 1999 ж., N 8, 234-құжат) 
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
     1. 1-бапта:
     1) 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
     "2) жұмыссыздар - жұмысқа жарамды жастағы, жұмысы жоқ, еңбек етуге 
әзір азаматтар;";
     2) 6) тармақша алып тасталсын.
     2. 4-баптың 2-тармағының 7) тармақшасындағы "мемлекеттік тапсырыс 
негізінде" деген сөздер алып тасталсын.
     3. 6-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "6-бап. Жұмыссыздарды тіркеу мен есепке алу тәртібі


      1. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар жұмыссыздарды тіркейді және есепке қояды.
      2. Еңбек делдалдығымен айналысатын кез келген меншік нысанындағы жеке және заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде статистикалық есеп беруге міндетті.
      3. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган орталық атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және мерзімде мемлекеттік статистикалық есеп береді.
      4. Орталық атқарушы орган мемлекеттік статистикалық органға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіппен және мерзімде статистикалық есеп береді.".
      4. 14-бап. "жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету" деген сөздердің алдынан "табысы аз азаматтар ішінен" деген сөздермен толықтырылсын.
      5. 15-бап алып тасталсын.
      6. 17-бапта:
      1) 1) тармақша алып тасталсын;
      2) 4) тармақшада "бизнесті" деген сөз "кәсіпкерлікті" деген сөзбен ауыстырылсын.
      7. 19-баптың 4-тармағында:
      1) 3) тармақшада "жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету" деген сөздердің алдынан "табысы аз азаматтар ішінен" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 4) тармақша алып тасталсын.
      8. 20-бапта:
      1) 3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "6) жұмыссыздарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін тәртіппен ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға жіберуге;";
      2) 3-тармақтың 7) тармақшасында "сондай-ақ оларға бүкіл оқу кезеңінде осы Заңда көзделген мөлшерде уақытша қаржылау көмек беруге" деген сөздер алып тасталып, "табысы аз азаматтар ішінен жұмыссыздарға материалдық көмек көрсетуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 5-тармақ алып тасталсын.
      9. 21-баптың 2-тармағы алып тасталсын.
      10. 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "23-бап. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау
      1. Жұмыссыздың қажетті кәсіби біліктілігі болмағандықтан лайықты жұмыс тауып беру мүмкін болмаған жағдайда жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша жүзеге асырылады.
      2. Жұмыссыздарды кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау білім беру жүйесінің оқу орындарында, оқу комбинаттарында, ұйымдарда жұмыс істейтін біліктілікті арттыру курстарында еңбек рыногының қажеттері ескеріле отырып, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен заңдарда белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
      3. Жұмыссыздарды оқыту жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган, білім беру ұйымы, жұмыс беруші және жұмыссыз қатысушылары болып табылатын төрт жақты шарт негізінде жүзеге асырылады.".

      11. 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "24-бап. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
      1. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган жұмыссыз

азаматтарды олардың келісімімен қоғамдық жұмыстарға жібереді.
     2. Қоғамдық жұмыстарды жергілікті атқарушы органдар береді және олар 
жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.
     3. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу 
кемінде ең төмен жалақы мөлшерінде белгіленеді.
     4. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының 
Үкіметі белгілейді.".
     12. 25-бапта:
     1) бірінші абзацтағы "және сол сияқты бағдарламаларға" деген сөздер 
"және экономиканың басқа салаларының бағдарламаларына" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     2) екінші абзац алып тасталсын.
     13. 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "27-бап. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау
     Табысы аз азаматтар ішінен жұмыссыздарға мынадай әлеуметтік қорғау 
көрсетіледі:
     1) осы Заңның 29-бабына сәйкес материалдық көмек көрсету;
     2) жұмыссыздарға кәсіби даярлау, біліктілігін арттыру және қайта 
даярлау кезеңінде оқу құнын төлеу;
     4) қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың еңбегіне ақы 
төлеу.".
     14. 28-бап алып тасталсын.
     15. 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
     "29-бап. Жұмыссыздарға материалдық көмек көрсетудің
              талаптары мен тәртібі


      Табысы аз азаматтар ішінен жұмыссыздарға материалдық көмек

көрсетіледі. Материалдық көмек көрсетудің тәртібі Қазақстан 
Республикасының заңдарымен белгіленеді.
     Табысы аз азаматтар ішінен жұмыссыз қайтыс болған жағдайда оның 
отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеуге арнап материалдық 
көмек көрсетіледі.".
     
     16. 31-бап алып тасталсын.
     
     2-бап. Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының
         Президенті
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Багарова Ж.А.