Женевада 1958 жылғы 25 маусымда қабылданған еңбек және кәсіптер саласындағы кемсітушіліктер туралы 1958 жылғы Конвенция бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
111 Конвенция
Еңбек және кәсiптер саласындағы кемсiтушiлiктер туралы
конвенция
(Женева қ., 1958 жылғы 25 маусымда)
Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшілік Кеңесi Женевада шақырған және 1958 жылдың 4 маусымында өзiнiң қырық екiншi сессиясына жиналған
Халықаралық Еңбек Ұйымының Бас Конференциясы,
сессияның күн тәртібінiң төртiншi тармағы болып саналатын еңбек және кәсiптер саласындағы кемсiтушiлiктер туралы бiрқатар ұсыныстар қабылдау жөнiнде қаулы ете отырып,
осы ұсыныстарға халықаралық конвенция нысанын берудi ұйғара отырып,
Филадельфиялық декларация нәсiлiне, сенiмiне немесе жынысына қарамастан барлық адамдардың бостандық пен қадiр-қасиет, экономикалық тұрақтылық және тең мүмкiндiктер жағдайында өзiнiң материалдық әл-ауқатын жақсартуға және рухани жетiлуге құқылы екенiн жариялайтынын назарға ала отырып,
одан әрi, кемсiтушiлiктер жалпыға бiрдей декларацияда жарияланған адам құқықтарын бұзушылық деп санай отырып,
бiр мың тоғыз жүз елу сегiзiншi жылдың маусым айының осы жиырма бесi күнi, Еңбек және кәсiптер саласындағы кемсiтушiлiктер туралы 1958 жылғы конвенция деп аталатын, төмендегi Конвенцияны қабылдайды:
1-бап
1. Осы Конвенцияның мақсатында «кемсiтушiлiк» деген термин:
а) нәсiлiне, өңiне, жынысына, дiнiне, саяси көзқарасына, шетелдiк тегiне немесе әлеуметтiк тегiне қарай жасалатын еңбек және қызмет саласындағы мүмкiндiктер немесе өтiнiштер теңдiгiн бұзуға немесе жоюға соқтыратын қандай да болсын айырмашылық жол бермеушiлiк немесе артықшылық;
б) еңбек және қызмет саласында өтiнiш жасау немесе мүмкiндiк теңдiгiн бұзуға немесе жоюға соқтыратын, тиiстi Мүше кәсiпкерлер мен еңбекшiлердiң уәкiлеттi ұйымдары бар жерлерде, олармен және басқа да тиiстi ұйымдармен кеңесе отырып айқындайтын қандай да болсын айырмашылық, жiбермеушiлiк немесе артықшылық дегендi бiлдiредi.
2. Ерекше талаптарға негiзделген белгiлi бiр жұмысқа қатысты айырмашылық, жол бермеушiлiк немесе артықшылық кемсiтушiлiк болып саналмайды.
3. Осы Конвенция мақсатында «еңбек» және «кәсiптер» терминдерi кәсiптiк оқуға кiрудi, жұмысқа кірудi және басқа iстермен шұғылдануды, сондай-ақ еңбекақы мен еңбек шарттарына қол жеткiзудi бiлдiредi.
2-бап
Осы Конвенция қолданылатын Ұйымның Әрбiр Мүшесi ұлттық жағдайлармен және тәсiлдер практикасымен қабысатын кемсiтушiлiктiң кез келген түрiн жою мақсатында, еңбек пен қызметке қатысты мүмкiндiктер мен өтiнiштер теңдiгiн мадақтауларға бағытталған саясатты, айқындап, жүргiзуге мiндеттенедi.
3-бап
Осы Конвенцияны қолданатын Ұйымның Әрбiр Мүшесi ұлттық жағдайлар мен тәжiрибеге сәйкес тәсiлдер арқылы:
а) бұл саясаттың қабылдануына жәрдемдесу және оны сақтау iсiнде кәсiпкерлер мен еңбекшiлер ұйымдарының, сондай-ақ басқа да тиiстi органдардың ынтымақтастығын қамтамасыз етуге;
b) осы саясаттың қабылдануы мен оны сақтауды қамтамасыз ете алатын заңдарды енгізуге және сондай білім беру бағдарламаларын мадақтауға;
с) осы саясатқа сәйкес келмейтiн кез келген заң ережелерiн жоюға және түрлi әкiмшiлiк нұсқаулықтарын немесе тәжiрибелердi өзгертуге;
d) мемлекеттік билiктiң тiкелей бақылаумен еңбек саласында белгiленген саясатты жүргiзуге;
е) мемлекеттік билiк басшылығымен кәсiби бағдар беру, кәсiби оқыту және жұмысқа орналастыру жөніндегі мекемелер қызметiнде белгiлi саясаттың сақталуын қамтамасыз етуге;
f) Конвенцияны қолдану жөніндегі жыл сайынғы баяндамада жоғарыда аталған саясатқа сәйкес өткiзiлген шараларды және осы шаралардың көмегiмен қол жеткен нәтижелердi көрсетуге ұмтылады.
4-бап
Күдiктi екендiгi немесе оның мемлекет қауiпсiздiгiне зиян келтiретiн қызметпен шұғылданатындығы негiздi дәлелденген адамға егер мүдделi адамның ұлттық саясатқа сәйкес құрылған құзыреттi органдарға жүгiнуге құқығы болған ретте кемсiтушілiк деп саналмайды.
5-бап
1. Халықаралық Еңбек Конференциясы қабылдаған басқа конвенциялар мен кепiлдемелерде көзделген қорғау мен жәрдем жөніндегі айрықша шаралар кемсiтушiлiкке жатпайды.
2. Ұйымның Әрбiр Мүшесi кәсiпкерлер мен еңбекшiлердiң өкiлеттi ұйымдары бар жерлерде, солардың консультациясы бойынша жынысына, жасына, кемтарлығына, отбасы жағдайына немесе әлеуметтiк немесе мәдениеттiлiк деңгейiне қарай ерекше қорғалуға немесе көмекке мұқтаж деп саналатын адамдардың айрықша мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған кез келген ерекше шаралар кемсiтушiлiк болып саналмайтынын белгiлей алады.
6-бап
Осы Конвенцияны бекiткен Ұйымның Әрбiр Мүшесi Халықаралық Еңбек Ұйымы Жарғысының ережелерiне сәйкес оны метрополиядан тыс аумақтарда қолдануға мiндеттенедi.
7-бап
Осы Конвенцияны бекіту жөніндегі ресми құжаттар тiркеу үшiн Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiледi.
8-бап
1. Бұл Конвенция бекіту туралы құжаттарын Бас Директор тiркеген Халықаралық Еңбек Ұйымының Мүшелерiн ғана байланыстырады.
2. Ол Ұйымның екi Мүшесiн бекіту туралы құжаттарды Бас Директор тiркегеннен кейiн он екi ай өткен соң күшiне енедi.
3. Кейiннен осы Конвенция Ұйымның Әрбiр Мүшесi жөнiнде оның құжаттары тiркелген күннен кейiн он екi ай өткен соң күшiне енедi.
9-бап
1. Ұйымның осы Конвенцияны бекiткен кез келген Мүшесi оның бастапқы күшiне енген сәтiнен он жыл кезең өткеннен кейiн Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директорына жiберiлген және ол тiркеген күшiн жою туралы акт арқылы оның күшiн жоя алады. Күшiн жою туралы акт тiркелгеннен кейiн бiр жыл өткен соң бұзуына болады.
2. Ұйымның осы Конвенцияны бекiткен, алдыңғы тармақта айтылған он жыл кезең өткеннен кейiн бiр жыл мерзiмде осы бапта көзделген күшiн жою құқығын пайдаланбаған әрбiр Мүшесi келесi он жыл кезеңге байланыстырылған болады және кейiннен бұл Конвенцияны осы бапта белгiленген тәртiппен әрбiр он жылдық кезең өткеннен кейiн күшiн жоя алады.
10-бап
1. Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры Халықаралық Еңбек Ұйымының барлық Мүшелерiне бекіту туралы барлық құжаттардың және ол Ұйым Мүшесiнен алған күшiн жою туралы актiлердiң тiркелгенi туралы хабарлайды.
2. Бекіту туралы өзi алған екiншi құжаттың тiркелгенi туралы Ұйым Мүшелерiне хабарлай отырып, Бас Директор олардың назарын осы Конвенцияның күшiне енген күнiне аударады.
11-бап
Халықаралық Еңбек Бюросының Бас Директоры Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 102-бабына сәйкес тiркеу үшiн бекіту туралы барлық құжаттарға және алдыңғы баптардың ережелерiне сәйкес өзi тiркеген күшiн жою туралы актiлерге қатысты толық мәлiметтердi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысына жiбередi.
12-бап
Халықаралық Еңбек Бюросының Әкiмшiлiк Кеңесi қажет деп есептеген әрбiр жолы Бас Конференцияға осы Конвенцияның қолданылуы туралы баяндама табыс етедi және оны толық немесе iшiнара қайта қарау туралы мәселенi Конференцияның күн тәртібіне енгізу-енгiзбеу қажеттiгiн шешедi.
13-бап
1. Конференция осы Конвенцияны толық немесе iшiнара қайта қарайтын жаңа конвенцияны қабылдаған және жаңа конвенцияда керiсiнше жәйт көзделмеген жағдайда:
а) Ұйымның қандай да болсын Мүшесiнiң жаңа, қайта қарайтын конвенцияны бекітуi, 9-баптың ережелерiне қарамастан жаңа, қайта қарайтын конвенция күшiне енген жағдайда, осы Конвенция өзiнен-өзi дереу күшiн жояды.
б) жаңа қайта қарайтын конвенция күшiне енген күнiнен бастап, осы Конвенция Ұйым Мүшелерiнiң бекітуi үшiн жабық болады.
2. Осы Конвенция Ұйымның оны бекiткен, бiрақ жаңа, қайта қарайтын конвенцияны бекiтпеген мүшелерiне қатысты тұрғыда нысаны мен мазмұны жөнiнен қалай дегенмен күшiнде қалады.
14-бап
Осы Конвенцияның ағылшынша және французша мәтiндерiнiң күшi бiрдей.