Алматыда 1997 жылғы 10 маусымда жасалған Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шарт бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы азаматтық істер жөніндегі құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Шарт (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 4, 33-құжат) (1999 жылғы 7 мамырда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 92 бет) Бұдан әрі Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы, халықаралық құқықтың көпшілікке танылған қалыптарды басшылыққа ала отырып, Уағдаласушы екі тарап азаматтарының жеке және мүліктік құқықтарының тең құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге ұмтылуға сүйене отырып, азаматтық істер жөніндегі құқықтық ынтымақтастықты дамытуға зор маңыз бере отырып, төмендегілер туралы уағдаласты: 1-тарау Жалпы ережелер 1-бөлім Құқықтық қорғау
1-бап
Құқықтық қорғауды ұсыну
1. Уағдаласушы бір Тараптың азаматтары, сондай-ақ оның аумағында тұрақты тұратын басқа адамдар басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында өздерінің жеке және мүліктік құқықтарына қатысты аталған Уағдаласушы Тарап азаматтары пайдаланатын құқықтық қорғауды пайдаланады.
2. Әрбір Уағдаласушы Тараптың азаматтары, сондай-ақ оның аумағында тұратын басқа адамдар басқа Уағдаласушы Тараптың соттарына, прокуратурасына, ішкі істер, әділет органдарына және құзыретіне азаматтық істер жататын (бұдан әрі "әділет мекемелері" деп аталатын) өзге мекемелеріне кедергісіз бара алады, онда аталған Уағдаласушы Тарап азаматтарына қолданылатын шарттарда сөз сөйлей, құзаухаттар қозғай, талаптар ұсына және басқа да іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыра алады.
3. Осы Шарт ережелері олардың заңдарына сәйкес Уағдаласушы Тараптар аумақтарында құрылған заңды тұлғаларға қолданылады.
2-бап
Баждарды төлеуден босату және шығындардың орнын толтыру
1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары, оның аумағында тұрақты тұратын өзге адамдар басқа Уағдаласушы Тарап аумағында сот және нотариалдық баждар мен шығындарды төлеуден және олардың орнын толтырудан босатылады, сондай-ақ аталған Уағдаласушы Тарап азаматтарына ұсынылатын шарттар мен көлемде ақысыз заңгерлiк көмектi пайдаланады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жеңiлдiктер, шешiмнiң орындалуын қосқанда, нақты iс бойынша жүзеге асырылатын барлық iс жүргiзу әрекеттерiне қолданылады.
3-бап
Жеке, отбасылық және мүлiктiк жағдай туралы
құжаттар ұсыну
1. Осы Шарттың 2-бабында көзделген жеңiлдiктер жеңiлдiктер туралы құзаухаттарды қозғаған адамның жеке, отбасы және мүлiктiк жағдайы туралы құжаттар негiзiнде ұсынылады. Бұл құжаттарды аумағында аталған адамның тұратын жерi немесе орналасқан жерi бар Уағдаласушы Тараптың құзыреттi мекемелерi бередi.
2. Егер құзаухат қозғаған адамның Уағдаласушы Тарап аумағында
тұратын жерi немесе орналасқан жерi болмаса, онда осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттарды ол азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың тиiстi дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi бере алады. II бөлiм Құқықтық көмек 4-бап Құқықтық көмек көлемi Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарында көзделген iс жүргiзу және басқа әрекеттердi орындау жолымен бiр-бiрiне құқықтық көмек көрсетедi, соның iшiнде: а) банк, қаржылық, заң және iскерлiк құжаттарды қосқанда, құжаттарды құру және жолдау, тиiстi құжаттар мен материалдардың түпнұсқаларын немесе куәландырылған көшiрмелерiн ұсыну; б) қарау және куәландыру өткiзу; в) сарап жүргiзу; г) тараптардан, куәлардан, сарапшылардан жауап алу; д) сот құжаттарын ұсыну;
е) азаматтық және отбасылық iстер бойынша сот шешiмдерiн,
азаматтық талап бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдердi, атқару жазуларын мойындау және орындау. 5 -бап Қатынастар тәртiбi Егер осы Шартта қатынас жасаудың басқа тәртiбi белгiленбесе, құқықтық көмек көрсету кезiнде Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi бiр-бiрiмен өздерiнiң орталық органдары арқылы қатынасады. Орталық органдар болып Қазақстан Республикасы үшiн - Әдiлет министрлiгi, Әзiрбайжан Республикасы үшiн - Әдiлет министрлiгi табылады. 6-бап Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiш мазмұны 1. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiште мыналар болуға тиiс: а) сұрау салушы әдiлет мекемесiнiң атауы және сұрау салынған әдiлет мекемесiнiң атауы; б) құқықтық көмек сұралып отырған iстiң атауы, өтiнiш мақсатын баяндау және сұралып отырған көмектi сипаттау;
в) тараптардың, куәлардың аттары және фамилиялары, олардың тұратын жерi немесе орналасқан жерi, азаматтығы, кәсiбi туралы мағлұматтар, заңды тұлғалар үшiн - олардың атауы және орналасқан жерi;
г) "в" тармақшасында аталған адамдардың өкiлдерi болған жағдайда - олардың аттары, фамилиялары және мекен-жайлары;
д) орындалуы талап етiлiп отырған нақты процедураны қолдану себептерi және егжей-тегжейлi сипаттамасы;
е) қылмыстық iстер бойынша, егер қылмыс нәтижесiнде зиян келтiрiлген болса, материалдық зиянның мөлшерi туралы мағлұматтар;
ж) қажет болған кезде, өтiнiш орындалуға тиiс мерзiмдi көрсету;
2. Қажет болған жағдайда, өтiнiшке өтiнiштiң орындалуын жеңiлдететiн немесе прокурорлар санкциялайтын iс жүргiзу әрекеттерi үшiн қажеттi құжаттардың тиiстi түрде куәландырылған көшiрмелерi немесе олардан алынған үзiндiлер қоса берiледi.
3. Құжаттарды беру туралы өтiнiшке алушының нақты мекен-жайы және құжаттар атауы көрсетiлуге тиiс.
4. Өтiнiш тиiстi лауазымды адаммен жазылу керек және сауал қойылған әдiлет мекемесiнiң елтаңба мөрiмен бекiтiлу керек.
7-бап
Орындау тәртiбi
1. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi орындау кезiнде сұрау салынған әдiлет мекемесi өз мемлекетiнiң заңдарын қолданады.
2. Егер сұрау салынған әдiлет мекемесi құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi орындауға құзыреттi емес болса, ол өтiнiштi құзыреттi мекемеге жолдайды және бұл туралы сұрау салған әдiлет мекемесiне хабарлайды.
3. Егер бұған сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдары жол берсе, сұрау салған әдiлет мекемесiнiң өтiнiшi бойынша сұрау салынған әдiлет мекемесi оның және мүдделi тараптардың өтiнiштiң орындалуына қатысуы үшiн, құқықтық көмек туралы өтiнiштiң орындалу уақыты мен орны туралы оған және мүдделi тараптарға хабарлайды.
4. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi құқықтық көмек туралы өтiнiштердiң өз уақытында және толық орындалуы үшiн тиiстi шаралар қабылдайды. Өтiнiш орындалған соң әдiлет мекемесi қажет болған жағдайда құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiшке қоса берiлген құжаттарды сұрау салған әдiлет мекемесiне қайтарады.
5. Осы Шарттың 19-бабына сәйкес құқықтық көмек көрсетiле алмайтын жағдайда, сұрау салынған әдiлет мекемесi сұрау салушы мекемеге құқықтық көмек туралы өтiнiштi және қоса берiлген құжаттарды қайтарады.
8-бап
Куәларды, талапкерлердi, жауапкерлердi,
олардың өкiлдерiн, сарапшыларды шақырту
1. Қажет болған жағдайда, iстi Уағдаласушы бiр Тараптың аумағындағы сотта қарауға қатысу үшiн басқа Уағдаласушы Тарап аумағында жүрген куәлар, талапкерлер, жауапкерлер, олардың өкiлдерi, сарапшылар шақырылады.
2. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi берген шақыру бойынша сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiне келген куә, талапкер, жауапкер және олардың өкiлдерi, сондай-ақ сарапшы, өз елдерiнiң азаматтығына қарамастан, аталған Уағдаласушы Тарап аумағында оның мемлекеттiк шекарасынан өткенге дейiн жасалған қандай да бiр қылмысқа байланысты қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмайды, қамауға алынбайды немесе жазаланбайды. Бұл адамдар тергеу мәнi болып табылатын iс бойынша олардың берген көрсетулері немесе сарапшы ретiнде берген қорытындыларына байланысты қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмайды, қамауға алынбайды немесе жазаланбайды.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдар, егер олардан жауап алушы әдiлет мекемесi олардың қатысуы одан әрi қажет емес деп хабарлаған күннен бастап 15 тәулiк өткен соң олар, бұл үшiн мүмкiндiгi бола тұра, сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағынан кетпесе, осы тармақта көзделген кепiлдiктерiнен айрылады. Бұл мерзiмге бұл адамдардың басқалардың кiнәсiнен сұрау салушы Уағдаласушы Тарап аумағынан кете алмаған уақыты қосылмайды.
4. Уағдаласушы Тараптың куәсына, сарапшысына жұмыстан қол үзген күндер үшiн төленбеген еңбекақыны қосқанда, жол жүруге және сұрау салушы мемлекет аумағында болуға байланысты шығындардың орны толтырылады. Сарапшының, сондай-ақ сарап жүргiзгенi үшiн ақы алуға құқығы бар. Шақыруда шақырылған адамдардың қандай төлемдер алуға құқылы екендiгi де көрсетiлуге тиiс. Бұндай адамдардың өтiнiшi бойынша сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi тиiстi шығындардың орнын толтыруға аванс төлейдi.
5. Бiр Уағдаласушы Тарап аумағында тұратын жауапкердi немесе талапкердi, куәнi немесе сарапшыны басқа Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiне шақыруда келмеген жағдайда күштеу шараларын қолдану қаупi болмауға тиiс.
9-бап
Құжаттарды беру тәртiбi
1. Егер берiлiп отырған құжаттар осы мемлекеттiң тiлiнде жасалған болса және тиiстi түрде куәландырылған аудармасы болса, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi құжаттарды берудi өтiнiшке және аталған Уағдаласушы Тарап аумағында қолданылатын ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
2. Егер құжаттар өтiнiште көрсетiлген мекен-жай бойынша берiле алмайтын болса, сұрау салынған әдiлет мекемесi өз мемлекетiнiң заңдарына сәйкес мекен-жайды анықтау үшiн қажеттi шаралар қабылдайды. Мекен-жайды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда, сұрау салынған әдiлет мекемесi бұл жөнінде сұрау салушы әдiлет мекемесiне хабарлайды және
берiлуге тиiс құжаттарды оған қайтарады. 10-бап Құжаттардың берiлуiн растау Құжаттардың берiлуiн растау сұрау салынған Уағдаласушы Тарап аумағында қолданылатын ережелерге сәйкес ресiмделедi. Растауда беру әдiсi, орны және уақыты, сондай-ақ құжаттар берiлген адам көрсетiлуге тиiс. Құжаттардың берiлгендiгiн растау сұрау салушы әдiлет мекемесiне жолданады. 11-бап Дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң өкiлеттiктерi Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi арқылы құжаттар беруге және басқа Уағдаласушы Тарап аумағында орналасқан өз азаматтарынан жауап алуға құқылы. Бұл жағдайда күштеу сипатындағы шаралар немесе оларды қолдану қаупi қолданыла алмайды. 12-бап Құжаттардың жарамдылығы
1. Уағдаласушы бiр Тараптың аумағында мекеме немесе осыған арнайы
өкiлеттенген адам олардың құзыреттерi шегiнде және белгiленген нысанда дайындаған немесе куәландырған және елтаңбалық мөрмен бекiткен құжаттар басқа Уағдаласушы Тарап аумағында қандай да бiр арнайы куәландырусыз қабылданады. 2. Уағдаласушы Тараптың бiрiнiң аумағында ресми құжаттар ретiнде қаралатын құжаттар басқа Уағдаласушы Тарап аумағында ресми құжаттың дәлелдi күшiн пайдаланады. 13-бап Азаматтық хал туралы құжаттарды және басқа құжаттарды жолдау
1. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi өтiнiш бойынша бiр-бiрiне тiкелей аудармасыз және ақысыз азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi, бiлiмi, еңбек стажы туралы құжаттарды және өз мемлекеттерi азаматтарының және Уағдаласушы Тараптар аумағында тұрақты тұратын адамдардың жеке немесе мүлiктiк құқықтарына және мүдделерiне қатысты басқа да құжаттарды жолдайды.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған құжаттарды Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi басқа Уағдаласушы Тарап аумағында тұратын мүдделi адамдарға олардың өтiнiштері бойынша аудармасыз және тiкелей жолдай алады.
14-бап
Мекен-жайларды және басқа мағлұматтарды анықтау
1. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi өтiнiш бойынша бiр-бiрiне, егер бұл азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру үшiн қажет болса, өз мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес, Уағдаласушы Тараптар аумағында тұратын адамдардың мекен-жайларын анықтауда көмек көрсетедi. Бұл жағдайда сұрау салушы әдiлет мекемесi өтiнiште көрсетiлген адамның мекен-жайын анықтауға көмектесе алатын онда бар мағлұматтарды хабарлайды.
2. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша мүлiктiк талаптар қойған, сұрау салушы Уағдаласушы Тарап аумағында тұратын адамдардың азаматтық халын, жұмыс орнын немесе кәсiбiн және табысын анықтауда бiр-бiрiне көмек көрсетедi.
3. Осы бапқа сәйкес құқықтық көмек көрсету кезiнде Уағдаласушы
Тараптың әдiлет мекемелерi бiр-бiрiмен өздерiнiң орталық органдары арқылы да, тiкелей де қатынас жасайды. 15-бап Құқықтық мәселелер жөнiндегi ақпарат Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерiнiң орталық органдары өтiнiш бойынша бiр-бiрiне олардың мемлекеттерiнде қолданылып жүрген немесе қолданылған заңдар туралы және оларды әдiлет мекемелерiнiң қолдану практикасы туралы, сондай-ақ құқықтық мәселелер жөнiндегi басқа да ақпараттарды ұсынады. 16-бап Тiлдер 1. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi осы Шартты орындау кезiнде бiр-бiрiмен қатынас жасауда қазақ, әзiрбайжан және орыс тiлдерiн пайдаланады.
2. Егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың тiлiнде жолданатын құжаттарға сұрау салушы Уағдаласушы Тарап тiлiне немесе орыс тiлiне жасалған аударма қоса берiледi.
3. Құжаттардың жазбаша аудармасының дұрыстығын растау Уағдаласушы Тарап заңдарына және осы Шарт ережелерiне сәйкес жасалады.
17-бап
Құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығындар
Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап құқықтық көмек көрсету жөнiндегi шығындардың орнын толтыруды талап етпейдi. Егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, Уағдаласушы Тараптар олардың аумақтарында құқықтық көмек көрсету кезiнде пайда болған барлық шығындарды өздерi көтередi.
18-бап
Құқықтық көмек көрсетуден бас тарту
1. Егер құқықтық жәрдем туралы өтiнiштi орындау адам құқықтарының
бұзылуына әкелiп соғатын, мемлекеттiң егемендiгiне немесе қауiпсiздiгiне залал келтiретiн, не сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарына қайшы келетiн болса, оны қанағаттандырудан толық немесе iшiнара бас тартылуы мүмкiн. 2. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiмдi қабылдаған жағдайда, сұрау салушы Уағдаласушы Тарап бас тарту себептерiн көрсете отырып, ол жайлы жазбаша түрде хабарлайды. ІІ тарау Азаматтық iстер жөнiндегi құқықтық қатынастар I- бөлiм Құзырет 19-бап Жалпы ережелер
1. Егер осы тараудың ІІ-V-бөлiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Уағдаласушы Тараптың бiреуiнiң аумағында тұрғылықты жерi бар адамдарға қойылатын талаптар олардың азаматтығына қарамастан, соның аумағында заңды тұлғаны басқару органы, оның өкiлдiгi не филиалы орналасқан осы Уағдаласушы Тараптың соттарына қойылады.
2. Жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы және де өзге заттық құқықтар туралы талаптар бойынша тек мүлiк орналасқан жердегi соттар ғана құзыреттi. Жүктердi, жолаушылар мен багажды тасымалдау шартынан туындайтын тасымалдаушыларға қойылатын талаптар оған белгiленген тәртiпте наразылық қойылған көлiк ұйымы басқармасының орналасқан жерiнде қойылады.
20-бап
Шарттық сотқа жататындық
1. Егер тараптардың дауды осы соттарға беру туралы жазбаша келiсiмi болса, Уағдаласушы Тараптардың соттары iстердi басқа жағдайларда да қарай алады. Мұнда 19-баптың 2-тармағынан және осы тараудың II-V-бөлiмдерiмен белгiленген басқа нормалардан, сондай-ақ тиiстi Уағдаласушы Тараптың заңдарынан туындайтын ерекше құзыреттiң Тараптардың келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкiн емес.
21-бап
Сот процестерiнiң өзара байланысы 1. Уағдаласушы екi Тараптың да соттарында сол тараптар арасында, сол мән туралы және сол негiздер жөнiндегi iс бойынша iс қозғалған жағдайда, iстi кейiнiрек қозғаған сот iс жүргiзудi тоқтатады. 2. Негiзгi талаптағы құқық қатынасынан туындайтын қарсы талап және есепке алу туралы талаптар негiзгi талапты қарап жатқан сотта қаралуға жатады. II бөлiм Жеке мәртебе 22-бап Құқық қабiлетi және әрекет қабiлетi 1. Жеке адамның әрекет қабiлетiн осы адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары айқындайды. 2. Азаматтығы жоқ адамның әрекет қабiлетi оның тұрақты тұратын жерi бар елдiң құқығы бойынша айқындалады. 3. Заңды тұлғаның құқық қабiлетi ол аумағында құрылған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен айқындалады. 23-бап Әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тану. Әрекет қабiлетiн қалпына келтiру
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тану туралы iстер бойынша осы адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың соты құзыреттi.
2. Егер бiр Уағдаласушы Тараптың сотына оның аумағында тұрақты тұратын, басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын адамның әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тану негiздерi мәлiм болса, ол бұл адам соның азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың сотына ол жайлы хабарлайды.
3. Егер әрекет қабiлетi шектеулі немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тануға негiздер туралы хабардар етiлген Уағдаласушы Тараптың соты үш ай аралығында iстi бастамаса немесе өз пiкiрiн хабарламаса, әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тану туралы iстi оның аумағында бұл азаматтың тұрақты тұратын жерi бар Уағдаласушы Тараптың соты қарайтын болады. Адамды әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тану туралы шешiм бұл адам оның азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сотына жiберiледi.
4. Осы баптың 1-3-тармақтарының ережесi әрекет қабiлетiн қалпына келтiруге де қолданылады.
5. Осы баптың 2 және 3-тармақтарымен көзделген және кiдiртуге болмайтын жағдайларда адамды не оның мүлкiн қорғауға қажеттi шараларды осы адам тұратын Уағдаласушы Тараптың соты өз бетiнше қабылдай алады. Осы шараларға байланысты қабылданған шешiмдер осы адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың сотына жiберiледi.
24-бап
Хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен деп тану және қаза болған
деп жариялау. Қайтыс болу фактiсiн анықтау
1. Адамды хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен деп тану немесе қаза болған деп жариялау туралы iстер бойынша және қайтыс болу фактiсiн анықтау туралы iстер бойынша, соңғы мағлұматтар бойынша адам тiрi болған кезде азаматы болған Уағдаласушы Тараптың соттары, ал басқа адамдарға қатысты-адамның соңғы тұратын жерi бойынша әдiлет мекемелерi құзыретті.
2. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың соттары басқа Уағдаласушы Тараптың
азаматын және оның аумағында тұратын өзге адамды, оның аумағында тұратын, құқықтары мен мүдделерi осы Уағдаласушы Тараптың заңдарына негiзделген мүдделi адамдардың өтiнiшi бойынша хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен немесе қаза болған деп тануы, сондай-ақ оның қайтыс болу фактiсiн анықтауы мүмкiн. 3. Хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен деп тану немесе қаза болған деп жариялау туралы iстердi және қайтыс болу фактiсiн анықтау туралы iстердi қарау кезiнде Уағдаласушы Тараптардың соттары өз мемлекетiнiң заңдарын қолданады. III Бөлiм Отбасы iстерi 25-бап Неке қию Неке қию шарттары некелесушi адамдардың әрқайсысы үшiн, азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен, ал азаматтығы жоқ адамдар үшiн олардың тұрақты тұратын жерi болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi. Осыған қоса, неке қиюға кедергiлерге қатысты неке аумағында қиылатын Уағдаласушы Тарап заңдарының талаптары сақталуға тиiс. 26-бап Ерлi-зайыптылардың құқықтық қатынастары
1. Ерлi-зайыптылардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары оның аумағында ортақ тұрғылықты жерi бар Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.
2. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында, ал екiншiсi - басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын болса және мұнда ерлi-зайыптылардың екеуiнде де бiр азаматтық болса, олардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары олар азаматтары болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi.
3. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың азаматы, ал екiншiсi - басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылса және олардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында, ал екiншiсi - басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын болса, онда олардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары, аумағында олардың соңғы ортақ тұрғылықты жерi болған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi.
4. Егер осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың Уағдаласушы Тараптардың аумағында ортақ тұрғылықты жерi болмаса, iстi мекемесi қарайтын Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
5. Ерлi-зайыптылардың жылжымайтын мүлкiне қатысты олардың құқықтық қатынастары осы мүлiк аумағында орналасқан Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.
6. Ерлi-зайыптылардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары туралы iстер бойынша, заңдары осы баптың 1-3,5-тармақтарына сәйкес қолдануға жататын Уағдаласушы Тараптың мекемелерi құзыреттi.
27-бап
Неке бұзу 1. Неке бұзу туралы iстер бойынша, арыз беру сәтiнде ерлi-зайыптылар соның азаматтары болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады. 2. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың азаматы, ал екiншiсi - басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылса, мекемесi неке бұзу туралы iстi қарайтын Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады. 28-бап Уағдаласушы Тараптар әдiлет мекемелерiнiң құзыреттiгi
1. 28-баптың 1-тармағымен көзделген жағдайда неке бұзу туралы iстер бойынша, арыз беру сәтiнде ерлi-зайыптылар азаматтары болып табылатын Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi құзыреттi. Егер арыз беру сәтiнде ерлi-зайыптылардың екеуi де басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында өмiр сүрсе, онда осы Уағдаласушы Тараптың мекемелерi де құзыреттi.
2. 27-баптың 2-тармағымен көзделген жағдайда неке бұзу туралы
iстер бойынша, ерлi-зайыптылардың екеуi де аумағында тұратын Уағдаласушы Тараптың мекемелерi құзыреттi. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында, ал екiншiсi - басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында тұрса, неке бұзу туралы iстер бойынша, ерлi-зайыптылар аумақтарында тұратын екi Уағдаласушы Тараптың да мекемелерi құзыреттi. 29-бап Некенi жарамсыз деп тану 1. Некенi жарамсыз деп тану туралы iстер бойынша, неке қию кезiнде 25-бапқа сәйкес қолданылған Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады. 2. Некенi жарамсыз деп тану туралы iстер жөнiндегi мекемелердiң құзыреттiгi 28-бапқа сәйкес белгiленедi. 30-бап Әкелiктi анықтау және даулау
Әкелiктi анықтау және даулау, тууы бойынша бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.
31-бап
Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар
1. Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар балалар аумағында тұрақты тұратын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi.
2. Некеден тыс туған бала мен оның әкесi мен анасы арасындағы құқықтық қатынастар бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi.
3. Кәмелетке толған балалардан алимент өндiрiп алу туралы істер бойынша, аумағында алимент алуға талаптанатын адамның тұратын жерi бар Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
4. Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар туралы iстер бойынша, заңдары осы баптың 1, 2, 3-тармақтарына сәйкес қолдануға жататын Уағдаласушы Тараптың соты құзыреттi.
32-бап
Қамқоршылық пен қорғаншылық
1. Қамқоршылық немесе қорғаншылықты белгiлеу немесе жою қамқоршылық немесе қорғаншылық соған қатысты белгiленетiн немесе жойылатын адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша жасалады.
2. Қамқоршы немесе қорғаншы мен қамқорлықтағы немесе қорғаншылықтағы адам арасындағы құқықтық қатынастар мекемесi қамқоршыны немесе қорғаншыны тағайындаған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен реттеледi.
3. Қамқоршылықты немесе қорғаншылықты қабылдау мiндетi қамқоршы
немесе қорғаншы болып тағайындалатын адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi. 4. Бiр Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын адамның қамқоршысы немесе қорғаншысы болып, егер ол қамқоршылық немесе қорғаншылық жүзеге асырылатын Тараптың аумағында тұрса, басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы сайлануы мүмкiн. 33-бап Уағдаласушы Тараптар мекемелерiнiң қамқоршылық және қорғаншылық мәселелерiндегi құзыреттiгi Қамқоршылық пен қорғаншылықты белгiлеу немесе жою туралы iстер бойынша, егер осы Шартпен өзгеше белгiленбесе, қамқоршылық немесе қорғаншылық соған қатысты белгiленетiн немесе жойылатын адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың мекемелерi құзыреттi. 34-бап Қамқоршылық және қорғаншылық бойынша шаралар қолдану тәртiбi
1. Бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын, жүретiн немесе мүлкi орналасқан басқа Уағдаласушы Тарап азаматының мүдделерiнде қамқоршылық немесе қорғаншылық бойынша шаралар қолдану қажеттiлiгi жағдайында осы Уағдаласушы Тараптың мекемесi 33-бапқа сәйкес құзыреттi мекеменi кiдiртусiз хабардар етедi.
2. Кiдiртуге болмайтын жағдайларда басқа Уағдаласушы Тараптың мекемесi өз заңдарына сәйкес қажеттi уақытша шараларды өзi қабылдай алады. Мұнда ол 33-бапқа сәйкес құзыреттi мекеменi бұл жайлы кiдiртусiз хабардар етуге мiндеттi. Бұл шаралар 33-бапта аталған мекеме өзге шешiм қабылдағанға дейiн күшiн сақтайды.
35-бап
Бала асырап алу
1. Бала асырап алу немесе оны жою бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.
2. Егер бала басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылса, бала асырап алу немесе оны жою кезiнде заңды өкiлдiң және құзыреттi мемлекеттiк органның келiсiмiн, сондай-ақ егер бұл бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша талап етiлетiн болса, баланың келiсiмiн алу қажет.
3. Егер баланы бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың азаматы, ал
басқасы басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын ерлi-зайыптылар асырап алса, бала асырап алу немесе оны жою екi Уағдаласушы Тараптың да заңдарымен көзделген шарттарға сәйкес жасалуға тиiс. 4. Бала асырап алу немесе оны жою туралы iстер бойынша бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың мекемесi құзыреттi. IV Бөлiм Мүлiктiк құқықтық қатынастар 36-бап Меншiк құқығы
1. Жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы жылжымайтын мүлiк аумағында орналасқан Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.
2. Көлiк құралына меншiк құқығы көлiк құралын тiркеудi жүзеге
асырған орган аумағында орналасқан Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi. 3. Меншiк құқығының пайда болуы мен тоқтатылуы немесе басқа мүлiкке заттық құқық мұндай құқықтың пайда болуына немесе тоқтатылуына негiз болған әрекет немесе басқа жағдай туған сәттегi мүлiк тұрған Уағдаласушы Тараптың заңы белгiлейдi. 4. Меншiк құқығының пайда болуы мен тоқтатылуы немесе келiсiм мәнi болып табылатын мүлiкке басқа да заттық құқық, егер тараптар келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, келiсiм жасалған жердiң заңдары бойынша айқындалады. 37-бап Келiсiм түрi 1. Келiсiм түрi ол жасалған жердiң заңымен айқындалады. 2. Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi келiсiм түрiн және оған құқықты мұндай мүлiк аумағында тұрған Уағдаласушы Тараптың заңы айқындайды. 38-бап Сенiмхат Сенiмхат түрi мен әрекет мерзiмi сенiмхат берiлген аумақтағы Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша айқындалады. 39-бап Келiсiм жөнiндегi тараптардың құқықтары мен мiндеттерi Келiсiм жөнiндегi тараптардың құқықтары мен мiндеттерi, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, ол жасалған жердiң заңы бойынша айқындалады. 40-бап Залалды өтеу
1. Шарттардан және басқа заңды әрекеттерден туындайтын залалды өтеу туралы мiндеттемелер аумағында залалдың орнын толтыру жөнiндегi талап қою үшiн негiз болған әрекет немесе өзге жағдай болған Уағдаласушы Тараптың заңымен айқындалады.
2. Егер зиян келтiрушi мен жәбiрленушi бiр Уағдаласушы Тараптың
азаматтары болса, осы Уағдаласушы Тараптың заңы қолданылады. 3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған iстер жөнiнде аумағында залалдың орнын толтыру туралы талап қою үшiн негiз болған әрекет немесе өзге жағдай болған Уағдаласушы Тараптың соты құзырлы. Жәбiрленушi, сондай-ақ аумағында жауапкердiң мекен-жайы орналасқан Уағдаласушы Тараптың сотына талап қоя алады. 41-бап Талап мерзiмi Талап мерзiмi мәселелерi сәйкес құқықтық қатынастарды реттеу үшiн қолданылатын заң бойынша шешiледi. V Тарау Мұрагерлiк 42-бап Теңдiк принципi
Әрбiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары осы Уағдаласушы Тараптың азаматтары сияқты бiрдей шарттар мен сол көлемдегi заң бойынша немесе өсиет бойынша мүлiкке немесе құқыққа ие болады.
43-бап
Мұрагерлiк құқығы
1. 0сы баптың 2-тармағында көзделген жағдайдан басқа мүлiкке иелiк ету құқығы мұра берушiнiң соңғы тұрған жерiндегi аумақтағы Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша айқындалады.
2. Жылжымайтын мүлiкке иелiк ету құқығы аумағында осы мүлiк тұрған жердегi Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша айқындалады.
44-бап
Мұраның мемлекетке ауысуы
Егер мұра ету кезiнде қолданылуға жататын Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша мемлекет мұрагер болып табылса, онда жылжитын мұралық мүлiк мұра қалдырушы қайтыс болған сәтте азаматы болып табылған Уағдаласушы Тарапқа ауысады, ал жылжымайтын мұралық мүлiк аумағында ол орналасқан Уағдаласушы Тарапқа ауысады.
45-бап
Өсиет
Өсиеттi жасауға және жоюға адамның қабiлетi, сондай-ақ өсиеттiң түрi мен оны жою өсиет қалдырушының акт жасау кезiнде тұрған жерiндегi сол мемлекеттiң құқығы бойынша айқындалады. Әйтсе де өсиет немесе оны жою, егер соңғысы оны жасау жерiнiң құқық талаптарын қанағаттандырса, түрiн сақтамау салдарынан жарамсыз деп танылмайды.
46-бап
Мұрагерлiк туралы iстер жөнiндегi құзырет
1. Жылжитын мүлiкке мұралық туралы iстер жөнiндегi iс жүргiзуге мұра қалдырушының қайтыс болу сәтiнде тұрған жер аумағындағы Уағдаласушы Тараптың мекемелерi жүргiзуге құзырлы.
2. Жылжымайтын мүлiкке мұралық туралы iстер жөнiндегi iс жүргiзуге мүлiк орналасқан аумақтағы Уағдаласушы Тараптың мекемелерi жүргiзуге құзырлы.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарындағы ережелер, сондай-ақ мұралық туралы iстер жөнiндегi iс жүргiзуге байланысты туындайтын дауларды қарау кезiнде қолданылады.
47-бап
Мұралық туралы iстер жөнiндегi дипломатиялық өкiлдiктiң
немесе консулдық мекеменiң құзыретi
Мұралық туралы iстер, оның iшiнде мұралық даулар бойынша әрбiр Уағдаласушы Тараптың өкiлдерi немесе консулдық мекемелер, егер олар болмаса немесе өкiл тағайындамаса, өз мемлекетiнiң азаматтарының басқа Уағдаласушы Тарап мекемелерiнде арнаулы сенiмхатсыз мұралықтан бас тарту құқығынан басқа, ұсынуға құзырлы.
48-бап
Мұраны қорғау жөнiндегi шаралар
1. Уағдаласушы Тараптардың мекемелерi өз заңына сәйкес басқа Уағдаласушы Тараптың азаматтарымен олардың аумағында қалдырылған мұраны қорғауды қамтамасыз ету үшiн, немесе оларды басқару үшiн қажеттi шараларды қабылдайды.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған шаралар туралы мұра қалдырушы азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекеме кiдiрiссiз хабарланады. Аталған өкiлдiк немесе мекеме осы шараларды жүзеге асыруға қатыса алады.
3. Мұралық туралы iс бойынша iс жүргiзуге құзырлы әдiлет мекемесiнiң, сондай-ақ дипломатиялық өкiлдiктiң немесе консулдық мекеменiң өтiнiшi бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған шаралар өзгертiлуi, жойылуы немесе кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
49-бап
Мұраны беру
1. Егер жылжитын немесе жылжымайтын мүлiктi сатудан түскен жылжитын мұралық мүлiк немесе ақша сомасы мұралық iс жүргiзу аяқталғаннан кейiн тұратын немесе келген жерi басқа Уағдаласушы Тараптың аумағындағы мұрагерлерге тиiстi болса, онда мұралық мүлiк немесе түскен ақша сомасы осы Уағдаласушы Тараптың дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне берiледi.
2. Мұралық туралы iстер жөнiндегi құзырлы мекеме дипломатиялық өкiлдiкке немесе консулдық мекемеге мұралық мүлiктi беру туралы өкiм бередi.
3. Бұл мүлiк, егер:
а) мұралық мүлiк орналасқан жердегi Уағдаласушы Тараптың заңымен
белгiленген мерзiмде мәлiмделген мұра қалдырушының кредиторларының барлық талаптары төленсе немесе қамтамасыз етiлсе; б) мұра етуге байланысты барлық алымдар төленсе немесе қамтамасыз етiлсе; в) егер бұл қажет болса, құзырлы мекемелер мұралық мүлiктi шығаруға рұқсат берсе, мұрагерлерге берiледi. 4. Ақша сомаларын аудару Уағдаласушы Тараптың аумағында қолданылып жүрген заңға сәйкес жүргiзiледi. III тарау Шешiмдердi тану және орындау 50-бап Шешiмдердi тану және орындау Уағдаласушы Тараптардың әрбiрi осы Шартпен көзделген шарттарда басқа Уағдаласушы тараптың аумағында шығарылған заңды күшiне енген мына шешiмдердi таниды және орындайды: а) азаматтық iстер жөнiндегi әдiлет мекемелерiнiң шешiмдерi (әрi қарай-шешiмдер); б) қылмыспен келтiрiлген залалды өтеу бөлiгiндегi қылмыстық iстер жөнiндегi сот үкiмдерi; в) төрелiк (шаруашылық) iстер жөнiндегi соңғы сот шешiмдерi. 51-бап Орындауды талап етпейтiн шешiмдердi тану
1. Өзiнiң сипаты бойынша орындауды талап өтпейтiн әрбiр Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерiмен шығарылған және заңды күшiне енген шешiмдерi сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi осы iс бойынша бұрын заңды күшiне енген шешiм шығармаса, арнаулы iс жүргiзусiз шартта басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында танылады.
2. Осы баптың 1-тармақ ережелерi қамқоршылық пен қорғаншылық жөнiндегi шешiмдерге де, сондай-ақ азаматтық хал актiлерiн жазу органдарымен шығарылған шешiмдерге де қатысты.
52-бап
Шешiмдердi ықтиярсыз орындауды шешу туралы құзау хат
1. Шешiмдердi ықтиярсыз орындауды шешу туралы құзау хат шешiм орындалуға жататын Уағдаласушы Тараптың құзырлы сотына берiледi. Ол бiрiншi инстанция iсi бойынша шешiм шығарған сотқа да берiлуi мүмкiн. Бұл сот құзау хат бойынша шешiм шығаруға құзырлы сотқа құзау хат жiбередi.
2. Құзау хатқа мыналар қоса берiледi:
а) шешiм немесе оның куәландырылған көшiрмесi, сондай-ақ шешiмнiң заңды күшiне енгендiгi және орындалуға жататындығы туралы немесе егер бұл шешiмнiң өзiн қолданбаса оның заңды күшiне енгенiнше орындалуға жататындығы туралы ресми құжат;
б) процеске қатыспаған қарсы шешiм шығарылған тараптың тиiстi тәртiп пен уақытылы сотқа шақырылғандығы жөнiндегi, ал оның iс жүргiзу қабiлетсiздiгi жағдайында оның тиiстi түрде ұсынылғандығы туралы құжат;
в) оны жөнелту сәтiнде шешiмнiң жартылай орындалуын растайтын құжат;
г) шарттық қылмыстылық iстер жөнiндегi тараптардың келiсiмiн растайтын құжат.
3. Шешiмдердi ықтиярсыз орындауды шешу туралы қолдау хат пен оған
қоса берiлген құжаттар сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың немесе орыс тiлiне куәландырылған аудармамен қоса берiледi. 53-бап Шешiмдердi тану және ықтиярсыз орындау тәртiбi 1. 52-бапта көзделген шешiмдердi тану және ықтиярсыз орындауды шешу туралы құзау хат аумағында ықтиярсыз орындау жүзеге асырылуға тиiс Уағдаласушы Тараптың соттарымен қаралады. 2. Шешiмдердi тану және ықтиярсыз орындау туралы құзау хатты қараушы сот осы Шартпен көзделген шарттардың сақталғандығын белгiлеумен шектеледi. 3. Ықтиярсыз орындау тәртiбi аумағында орындау жүзеге асырылуға тиiс Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша айқындалады. 54-бап Шешiмдердi танудан және орындаудан бас тарту 52-бапта көзделген шешiмдердi танудан және ықтиярсыз орындауға шешiм беруден, егер;
а) шешiм заңды күшiне енгенше орындалуға жататын жағдайлардан басқа ол заңды күшiне енбесе немесе орындалуға жатпаса, аумағында шешiм шығарылған Уағдаласушы Тараптың заңына сәйкес;
б) жауапкер оған немесе оның өкiлiне уақытында және тиiстi түрде сотқа шақыру тапсырмау салдарынан процеске қатыспаса;
в) бұрын заңды күшiне енген шешiм шығарылған шешiмдi тануға және орындауға тиiс немесе үшiншi мемлекет сотымен танылған шешiмi бар, не осы Уағдаласушы Тараптың аумағында осы мән туралы және осы негiздер бойынша осы Тараптар арасындағы iс бойынша;
г) осы Шарттың ережелерiне сәйкес, ал олармен көзделмеген
жағдайларда аумағында шешiм танылуға және орындалуға тиiс Уағдаласушы Тараптың заңына сәйкес iс оның мекемесiнiң ерекше құзыретiне жатады; д) шарттық қылмыстылық туралы тараптардың келiсiмiн растайтын құжат болмаса; е) соты шешiмдi тану және орындау туралы құзау хатты қарайтын Уағдаласушы Тараптың заңымен көзделген ықтиярсыз орындаудың талап мерзiмi өтiп кетсе, бас тартылуы мүмкiн. ІV-тарау Қорытынды ережелер 55-бап Осы шартты қолдану мәселелерi 1. Осы Шартты қолдану кезiнде туындайтын мәселелер өзара келiсiм бойынша құзырлы әдiлет мекемелерiмен шешiледi. Қажет жағдайда туындаған келiспеушiлiктi реттеу мақсатында Уағдаласушы Тараптың сәйкес мемлекеттiк органдарының өкiлдерiнен бiрлескен Комиссия құрылуы мүмкiн. 2. Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерiнiң орталық органдарымен осы Шарттың ережелерiн қолдану мәселелерi бойынша ведомствоаралық шарттар /келiсiмдер/ жасалуы мүмкiн. 56-бап Басқа халықаралық шарттар жөнiнде Осы Шарттың Ережелерi Уағдаласушы Тараптар қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Уағдаласушы Тараптар мiндеттерiн қозғамайды. 57-бап Өзгертулер мен толықтырулар енгiзу Осы Шартқа екi Уағдаласушы Тараптың өзара келiсiмi бойынша толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлуi мүмкiн. 58-бап Күшiне ену Осы Шарт бекiтiлуге жатады және бекiту грамоталарымен алмасқаннан соң отыз күн iшiнде күшiне енедi. 59-бап Уақыттағы күшi Осы шарттың әрекетi ол күшiне енгенше пайда болған құқықтық қатынастарға таратылады. 60-бап Қолдану мерзімі
1. Осы Шарт күшіне енген күннен бастап бес жыл бойы қолданылады және егер Уағдаласушы Тараптың бірі оның әрекетін тоқтатуды қаламаса, оның әрекет ету мерзімі келесі бес жылдық кезеңге ұзартылады.
2. Уағдаласушы Тараптың әрқайсысы кезекті бес жылдық аяқталғанша
алты ай ішінде басқа Уағдаласушы Тарапқа осы Шарттың күшін жойғандығын жазбаша хабарлайды. Басқа Уағдаласушы Тараптар мұндай хабарландыру алған күннен алты ай өткеннен кейін шарт күшін жояды. 10.06.1997 жылы қазақ, әзірбайжан және орыс тілдерінде әрқайсысы екі данада жасалды, сонымен бірге барлық мәтіндер бірдей. Осы Шарттың Ережелеріне түсінік беруде келіспеушіліктер болған жағдайда Уағдаласушы Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады. Қазақстан Республикасы Әзірбайжан Республикасы үшін үшін Оқығандар: Орынбекова Д. Нарбаев Е. Заңның мәтіні ҚР Парламентінен түскен ресми жіберілімнен алынды.