Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Темір жол көлігінің кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 20 мамыр N 386-І

Қолданыстағы

     Алматыда 1997 жылғы 8 сәуірде жасалған Қазақстан Республикасының 
Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы Темір жол көлігінің 
кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің 
ерекшеліктері туралы келісім бекітілсін. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
               Қазақстан Республикасының Үкіметі мен 
                   Қырғыз Республикасының Үкіметі
            арасындағы Темір жол көлігінің кәсіпорындары,
                    мекемелері мен ұйымдарының
          қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы 
                              Келісім 
     
      (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 3, 30-құжат)
     (1999 жылғы 8 маусымда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., 
           Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 83 бет) 
     
     Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының 
Үкіметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi:
     


      1992 жылғы 23 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Түркiменстан және Өзбекстан Республикасы арасындағы Темiр жол көлiгiнiң қызметiн реттеу туралы келiсiмдi,
      1992 жылғы 23 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы, Түркiменстан және Өзбекстан Республикасының Үкiметтерi арасындағы көлiк саласындағы ынтымақтастықтың принциптерi мен қарым-қатынастардың шарттары туралы Келiсiмдi,
      1994 жылғы 30 сәуірдегі Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы ортақ экономикалық кеңiстiк құру туралы Шартты негiзге ала отырып,
      Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы темiр жолдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында төмендегiлер туралы осы Келiсiмге қол қойды:

                        1 - бап

      Тараптар бiр мемлекеттiң темiр жолы құрамына кiретiн, осы Келiсiмнiң қолданыс мерзiмiне өзi балансында тұрған кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың басқаруына берiлген, бiрақ екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағында орналасқан мүлiктi темiр жол көлiгiнiң мүлiгi деп есептеуге келiстi.
      Осы Келiсiмде пайдаланылған түсiнiктер төмендегiлердi бiлдiредi:
      "темiр жол көлiгiнiң мүлкi" - кәсiпорындар, олардың жеке объектiлерi, сондай-ақ осы келiсiмге қол қою кезiңде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы темiр жолдарының құрамына кiретiн учаскелерде орналасқан мекемелер мен ұйымдардың мүлкi және жолаушылар мен жүк тасымалдарын қамтамасыз етедi, жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсетеді, темір жолшылар мен олардың отбасыларына қызмет етедi. Осы Келісімнің қызмет аясына қатысты темiр жол учаскелерiнiң Тiзiмi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын N 1 Қосымшада келтiрiлген;
      "мүлiктi басқару" кәсiпорындарға қатысты - осы мүлiктi билеу мүлiк иесiнiң немесе мүлiк иесi уәкiлдеген органның келiсiмiмен жүзеге асырылатын қозғалмайтын мүлiктен, қозғалмалы құрам мен контейнерлерден басқа кәсiпорынның балансындағы мүлiктi иелену, пайдалану және билеу бойынша шаруашылық жүргiзу құқығы;
      мекемелер мен ұйымдарға қатысты - мекемелер мен ұйымдарға бекiтiлген мүлiктi иелену, пайдалану және билеу бойынша шұғыл басқару құқығы. Мекеме мен ұйымның смета бойынша бөлiнген қаржысы есебiнен алынған өзiнiң атына бекiтiлген мүлiктi бөлектеуге немесе басқа әдiспен билеуге құқығы жоқ.

                            2 - бап

      Темiр жол көлiгiнiң мүлiгі өзi оның аумағында орналасқан мемлекеттiң меншiгi болып табылады.
      Темiр жол көлiгiнiң жаңадан салынған объектiлерi мен жаңадан сатып алынған жылжымалы мүлiк өздерi оның қаржысына салынған немесе сатып алынған мемлекеттiң меншiгi болып табылады.
      Темiр жол құрамына кiретiн кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың, сондай-ақ кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың жеке мүлiгi мемлекет иелiгiнен алынбайды және жекешелендiрiлмейдi.

                         3 - бап

      Осы Келiсiмнiң iс-әрекетi кезеңiне темiр жолдарға бөлiнген жерлер мен стансалар (жол бойының маңайын қосқанда), құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар, қорғайтын және нығайтатын ағаш егiстерi және кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың өзге де объектiлерi (бұдан әрi темiр жол көлiгiнiң жерлерi деп аталады) осы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың пайдалануында болады.

     Темiр жол көлiгi кәсiпорындары, мекемелерi мен ұйымдарының 
өндiрiстiк және әлеуметтiк базасын дамытуға жер беру, сондай-ақ темiр 
жол көлiгiнiң жерлерiн пайдалану тәртiбi олар аумағында орналасқан  
мемлекеттiң заңдарына сәйкес белгiленедi.
     
                       4-бап
     
     Жер салығы оның аумағында темір жол көлігінің жерлері орналасқан 
мемлекеттің заңдарына сай белгіленеді.
     
                       5-бап
     


      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қырғыз Республикасы темiр жолдарының кәсiпорындарын, мекемелерi мен ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру мен тарату, Қырғыз Республикасының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы темiр жолдарының кәсiпорындарын, мекемелерi мен ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру мен тарату сияқты, олар аумағында орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес екi Тараптың немесе олар өкiлдеген мемлекеттiк органдардың келiсуi бойынша жүргiзiледi.
      Кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қызметiн қаржыландыру олар құрамына енетiн темiр жолдар үшiн белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.

                           6 - бап

      Осы Келiсiмнiң қызмет аясына қатысты темiр жол учаскелерi арқылы жолаушылар мен жүктер тасымалдары кезiнде темiр жол тарифтерiн қолдану тәртiбi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын N 2 Қосымшада келтiрiлдi.

                           7 - бап

      Кәсiпорындар, мекемелер және ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбегi мен еңбек ақысының мәселелерi осы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар темiр жолдарының құрамына кiретiн мемлекеттің заңдарына сәйкес реттеледi.
      Аталған кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерiне, сондай-ақ осы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдарда жұмыс iстеген еңбек ардагерлерiне олар аумағында тұратын мемлекеттiң азаматтары үшiн белгiленген барлық әлеуметтiк жеңілдіктер мен кепілдіктердің күші жүреді.

                           8 - бап

      Осы Келiсiмнiң қызмет аясына қатысты кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда сақтандыру қызметi өздерi аумағында орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес белгiленген тәртiпте жүзеге асырылуы мүмкiн.

                           9 - бап

      Бiр Тарап мемлекетiнiң аумағынан осы мемлекеттiң аумағына, сондай-ақ бiр Тарап мемлекетiнiң аумағынан екiншi Тарап мемлекетiнiң аумағына бiр темiр жол шектерiнде орналасқан темiр жол учаскелерi арқылы тасымалданатын жүктi алып жүретiн әскери күзеттiң қарулы нарядтарын, сондай-ақ жолаушылар мен жүктер тасымалдарына байланысты жолаушы пойыздарына, жүктерге, алып жүретiн тұлғаларға ерiп жүретiн милиция нарядтары мен әскери нарядтарды (қарауылдарды) Тараптардың тиiстi органдарына алдын-ала мәлiмдеумен, жүктелген тапсырмаларды

орындауға нақты көмек көрсетумен, құзырлы органдардың қаруға берген 
құжаттарын көрсеткен бойда жүзеге асырылады.
     
                   10 - бап
     
     Осы Келiсiмнiң қолданылу аясына қатысты мәселелер бойынша 
Тараптардың арасындағы пiкiр алшақтықтары мен даулар екiжақты 
келiссөздер жолымен шешiледi.
     
                   11 - бап
     
     Осы Келiсiм Тараптардың өзара келiсуi бойынша өзгертiлуi немесе 
толықтырылуы мүмкiн.
     
                   12-бап
 


      Осы Келiсім күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк процедураларды Тараптардың орындағаны туралы олардың соңғы мәлiмдемелерi түскен күнiнен бастап күшiне енедi және Тараптардың бiреуiнiң жазбаша түрде оның күшiн тоқтатқысы келетiнi туралы өзiнің ниетiн мәлiмдеген күннен бастап алты ай өткенге дейiн күшінде болады.

      1997 жылғы "8" сәуірде Алматы қаласында, екi данада, әрқайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiндердiң де күшi бiрдей. Осы Келiсiмдi түсiндiруде пiкiр алшақтықтары туындаған жағдайда, орыс тiлiндегi мәтiн басымдыққа ие болады.
     Қазақстан Республикасының          Қырғыз Республикасының
           Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін


                                        Қазақстан Республикасының

Үкiметiмен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы темiр жол көлiгiнiң кәсiпорындары, мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы Келiсiмге

                                       N 1 Қосымша




     Қазақстан Республикасының темiр жолдары құрамына кiретiн 
      Қырғыз Республикасы темір жолдарының учаскелері
     
     Республикалық Мемлекеттiк "Қазақстан темiр жолы" кәсiпорнының 
құрамындағылар (барлығы - 12 км):
     Күркiреусу станциясы - Шөлдала станциясы - 12 км
     (Шымкент-Жамбыл желiсi)
     
     Қырғыз Республикасы темiр жолдарының құрамына кiретiн
     Қазақстан Республикасының темір жолдарының учаскелері
     
     Қырғыз Республикасы темір жолдарының құрамындағылар (барлығы - 59 км):
     Қайыңды станциясы - Луговая станциясы - 59 км
     (Бішкек-Луговая желісі)


                                      Қазақстан Республикасының Үкiметi 

мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы темiр жол көлiгiнің кәсіпорындары, мекемелерi мен ұйымдарының қызметiн құқықтық реттеудiң ерекшелiктерi туралы Келiсiмге

                                      N 2 Қосымша




          Осы Келiсiмнiң қызмет аясына қатысты
      темiр жол учаскелерi бойынша жолаушылар мен жүктер
              тасымалдары кезiнде темiр жол
               тарифтерiн қолдану тәртiбi

      N 1 Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жолаушылар мен жүктердің транзиттi тасымалдары кезiнде құрамына осы учаскелер енетiн темiр жолында күшi жүретiн тарифтер қолданылатын болады.
      Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан қырғыз темiр жол стансаларынан қарай Қазақстан Республикасының темiр жол стансаларына және керi бағытта жолаушылар мен жүктер тасымалдары кезiнде Қазақстан Республикасының темiр жолдарында күшi жүретiн тарифтер қолданылады.
      Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Қырғыз темiр жол стансаларынан және керi бағытта жолаушылар мен жүктер тасымалдары кезiнде Қырғыз Республикасының темiр жолдарыңда күшi жүретiн тарифтер қолданылады.
      Аталған тасымалдар үшiн төлем валютасы Тараптар мемлекеттерiндегi қолданыстағы ережелерге сәйкес белгiленедi.
      Осы Келiсiмнiң N 1 Қосымшасында көрсетiлген темiр жол учаскелерінiң шектерiнде жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезінде осы учаскелер аумағында орналасқан мемлекеттің ішкі тарифтерi қолданылады. Бұл жағдайда тасымалдау үшiн төлемдер аумағында тасымалдар орындалатын мемлекеттiң валютасымен алынады.
      Халықаралық қатынастарда жолаушылар мен жүктер тасымалдарының төлемi қолданыстағы халықаралық Келiсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады.
      Жүктердің транзиттiк тасымалдары үшiн төлем Тәуелсiз Мемлекеттер

Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң тарифтiк келiсiмдері шеңберiнде 
жүзеге асырылады.
     Тараптар Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасының аумағы 
(Шеңгелдi-Луговая желiсi) арқылы жүктердi Қырғыз Республикасына 
транзиттi тасымалдау кезiнде қазақстан жағы қолданыстағы транзиттiк 
тарифке (ТП МТТ) жеңiлдiктер бере алады. Осыған орай жасалатын бағаны 
кемiтудiң процентi "Қазақстан темiр жолы" Республикалық Мемлекеттiк 
кәсiпорны мен "Қырғыз темiр жолы" арасындағы жасалатын шарт бойынша 
экономикалық мүмкiндiк есептерi негiзiнде әрбiр фрахталық жылға 
белгiленедi. 
     
     Мамандар:
       Орынбекова Д.
       Нарбаев Е. 
     
     Заңның мәтіні ҚР Парламентінен түскен ресми жіберілімнен алынды.