Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 1999 жылғы 6 мамыр N 379.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 Z952688_ конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 145-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж, N 4, 44-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Тақырып пен кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы

      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi.".

      2. 2-баптағы, 11-баптың 1-тармағындағы, 27-баптағы "осы Жарлықтың", "осы Жарлықта", "Осы Жарлық" деген сөздер тиiсiнше "осы Конституциялық заңның", "осы Конституциялық заңда", "Осы Конституциялық заң" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы, құрылымы және құрамы

      1.Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген тәртiппен құрады.

      2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.

      3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.

      4. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi.".

      4. Мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:

      "3-1-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi мүшесiнiң ант беруi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшесi Қазақстан халқына және Президентiне мынадай мазмұнда ант бередi:

      "Қазақстан Республикасының халқы мен Президентi алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жiгерiм мен бiлiмiмдi жұмсауға, мемлекеттiң Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық және ұлтаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiңнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн.".

      2. Үкiмет мүшелерiнiң антын Республика Президентi өзi белгiлейтiн тәртiппен қабылдайды.".

      5. 4-бап мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:

      "2. Республиканың жаңадан сайланған Президентiнiң алдында өкiлеттiгiн доғару Үкiметтiң жаңадан сайланған Мемлекет басшысының атына жолданған және Үкiмет мүшелерi қол қойған жазбаша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады.

      Өкiлеттiктi доғару туралы өтiнiш жаңадан сайланған Мемлекет басшысы қызметке ресми кiрiскеннен кейiн берiледi.

      Үкiметтiң өкiлеттiгiн доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi."

      6. 5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi де орнынан түседi.".

      7. 6-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi атқарып келген қызметiнен босатылуға тиiс.".

      8. 7-бапта:

      1-тармақтағы ", егер Үкiметтiң жаңа құрамы Үкiметтiң алдыңғы құрамының Бағдарламасын қолдаса, аталған Бағдарламаны қолдауы және жаңа Үкiметтiң оны өз қызметiнде басшылыққа алу ниетi туралы мәлiмдеме" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақта:

      орыс тілiндегi мәтiнге қосылған "дауысымен" деген сөз қазақ тiлiндегi мәтiнде бұрыннан бар;

      "жүзеге асырылуы мүмкiн" деген сөздерден кейін "және Үкіметке сенімсіздік вотумының білдірілгенін көрсетеді." деген сөздермен толықтырылсын.

      9. 9-бапта:

      2) тармақшада "әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық" деген сөздер алып тасталсын;

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Республика Президентi белгiлейтiн тәртiппен республикалық бюджеттi әзiрлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;";

      8) тармақшада "Қазақстан Республикасының аумағында" деген сөздер алып тасталсын;

      15), 17) тармақшалар алып тасталсын;

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) өзiне Конституция, заңдар және Президент актiлерi жүктеген өзге де функцияларды орындайды.".

      10. 10-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Премьер-Министрдiң өкiмдерi әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарылады.".

      11. 11-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Үкiмет мүшелерi өз құзыретiнің шегiнде өз бетiнше шешiм қабылдайды, Республика Премьер-Министрiнiң алдында өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы немесе өздерiне тапсырылған жұмыс аясы үшiн дербес жауап бередi.".

      12. 12-баптың 1-тармағында:

      2) тармақшадағы "мемлекеттiк комитеттердiң" деген сөздер алып


      тасталсын;

      4) тармақшадағы "әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық"

      деген сөздер алып тасталсын.

      13. 13-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "мемлекеттiк

      комитеттердiң" деген сөздер алып тасталсын.

      14. 14-бапта:

      баптың тақырыбындағы "мемлекеттiк комитеттермен" деген сөздер алып

      тасталсын;

      1) тармақшадағы "мемлекеттiк комитеттердiң" деген сөздер алып

      тасталсын;

      "бақылайды" деген сөз "қамтамасыз етедi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) министрлердiң және өзге де орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар туралы ережелердi, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң штат санының лимиттерiн бекiтедi;";

      3) тармақшада:

      "мемлекеттiк комитеттер" деген сөздер алып тасталсын;

      "орталық атқарушы органдар" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ ведомстволар" деген сөздермен толықтырылсын";

      5) тармақшада:

      "мемлекеттiк комитеттер төрағаларының" деген сөздер алып тасталсын;

      "бұған Республика Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары енбейдi;" деген сөздермен толықтырылсын.

      15. 15-бапта:

      баптың тақырыбындағы, 1) және 3) тармақшалардағы "Республика"


      деген сөз алып тасталсын, қазақша мәтiнде сөздердi байланыстыратын

      тәуелдiлiк жалғауы сәйкестендiрiлсiн;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тиiстi орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша

      ведомстволардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң штат санының

      лимиттерiн бекiтедi;";

      3) тармақшадағы "мемлекеттiк комитеттер төрағаларының" деген сөздер

      алып тасталсын.

      16. 19-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақшадағы "Премьер-Министрдiң орынбасарлары мен" деген сөздер

      алып тасталсын;

      4) тармақшада:

      "мемлекеттiк комитеттермен", "Үкiмет аппаратының басшысы", "мемлекеттiк комитет төрағасы", "мемлекеттiк комитет төрағасын" деген сөздер алып тасталсын, осы тармақша "министрдi", деген сөзден кейiн "оның iшiнде Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған министрдi," деген сөздермен толықтырылсын.

      17. 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Республика

      Үкiметiнiң өзге де мүшелерi

      1. Премьер-Министрдiң орынбасарлары өз қызметiн Республиканың Премьер-Министрi белгiлейтiн мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырады.

      2. Министрлiктердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын Үкiмет мүшелерi:

      1) тиiстi мемлекеттiк органдарға басшылықты жүзеге асырады;

      2) өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербес болады;

      3) Республика Премьер-Министрiнiң алдында өздерiне бағынышты мемлекеттiк органдардың жұмысы үшiн дербес жауап бередi;

      4) тиiстi мемлекеттiк органдардың қарауындағы мемлекеттiк басқару саласындағы (аясындағы) iстiң жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентімен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн жауап бередi;

      5) өздерi басқаратын мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң құрылымын және штат санын осы органдардың Республика Үкiметi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде белгiлейдi.

      3. Министрлiктердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылмайтын Үкiмет мүшелерi өз қызметiн олар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ережелерге сәйкес жүзеге асырады.".

      18. 21-бап алып тасталсын.

      19. 22-бапта:

      баптың тақырыбындағы "мен мемлекеттiк комитетi" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Министрлiктi Республика Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.";

      мынадай мазмұндағы 2-1, 2-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "2-1. Министрлiк Республика Yкiметiнiң құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдердi өз бетiнше қабылдауға өкiлеттi.

      2-2. Министрлiктiң құрылымын тиiстi министр бекiтедi.

      Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi ведомостволар, департаменттер мен басқармалар болып табылады.";

      3-тармақта:

      "мемлекеттiк комитеттiң", "мемлекеттiк комитет төрағасының", "мемлекеттiк комитет төрағасы" деген сөздер алып тасталсын;

      "Алқаның" деген сөзден кейiн "сандық және адам" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтағы "мемлекеттiк комитет", "мемлекеттiк комитеттiң төрағасының қолы қойылған Республика мемлекеттiк комитетiнiң қаулыларымен" деген сөздер алып тасталсын.

      20. 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. Үкiмет құрамына енбейтiн орталық атқарушы орган

      1. Республика Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын Қазақстан Республикасының агенттiгi Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады.

      2. Агенттiк тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгiленген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқару және рұқсат беру мiндеттерiн жүзеге асырады.

      3. Агенттiктiң құрылымын оның басшысы - төраға бекiтедi және, әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады.

      4. Агенттiк төрағасының жанынан алқа құрылады, ол консультациялық-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сан және адам құрамын агенттiктiң төрағасы бекiтедi.

      5. Агенттiк төрағасының бұйрықтары агенттiктiң актiлерi болып табылады.".

      21. 24-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-бап. Орталық атқарушы органның ведомствосы

      1. Республиканың орталық атқарушы органының комитетi ведомство болып табылады.

      Ведомствоның аумақтық бөлiмшелерi болуы мүмкiн.

      2. Ведомствоны тиiстi орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Республика Yкiметi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.

      3. Ведомство Республиканың орталық атқарушы органы құзыретiнiң шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау мiндеттерiн, сондай-ақ мемлекеттiк басқарудың iшкi саласын (аясын) салааралық үйлестiрудi не оған басшылықты жүзеге асырады.

      4. Ведомство шығаратын актiнiң нысаны ведомство басшысының бұйрығы болып табылады.

      5. Ведомствоның құрылымын, құзыретiн және басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылының тәртiбiн Үкiмет белгiлейдi.".

      22. 25-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "25-бап. Республика Премьер-Министрi мен Үкiметiнiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз ету

      1. Республика Премьер-Министрi мен Yкiметiнiң қызметiн


      ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз етудi

      Республика Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады.

      2. Премьер-Министрдің Кеңсесін құру, қайта ұйымдастыру және

      тарату тәртібі, Премьер-Министр Кеңсесі басшысының және оның өзге де

      мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық жағдайы, оларды қызметке

      тағайындау мен қызметтен босатудың тәртібі Республика заңдарымен

      белгіленеді.".

      Қазақстан Республикасының

      Президенті

      Оқығандар:

      Қобдалиева Н.

      Омарбекова А.