Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 1999 жылғы 6 мамыр N 378.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" конституциялық заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2733 Z952733_ конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 172-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. Тақырып пен кiрiспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы

      Қазақстан Республикасының Президентi туралы


      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң құқықтық жағдайын белгiлейдi.".

      2. 20-баптың 4-тармағындағы, 35-баптың 2-тармағының

      1) тармақшасындағы, 38-баптағы "осы Жарлықтың", "Осы Жарлық" деген сөздер тиiсiнше "осы Конституциялық заңның", "Осы Конституциялық заң" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 3-баптың 2-тармағындағы "Президент кезектен тыс сайлауда сайланған ретте ант беру сайлау нәтижелерi жарияланған күннен бастап бiр ай iшiнде өткiзiледi" деген сөздер "Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн өзiне қабылдаған адам Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған күннен бастап бiр айдың iшiнде ант бередi." деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 4-бапта:

      1-тармақтағы "бес" деген сөз "жетi" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3-тармақ алып тасталсын.

      5. 7-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын.

      6. 8-баптың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) Парламент Сенатының келiсiмiмен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасын қызметке тағайындайды; оны қызметтен босатады.".

      7. 9-бапта:

      2) тармақшадағы "Парламенттiң өкілеттiк мерзiмiне" деген сөздер "Сенаттың өкiлеттiк мерзiмiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "Парламенттiң қалған өкiлеттiк мерзiмiне" деген сөздер алып тасталып, "Сенат" деген сөздiң алдынан "қалған мерзiмге" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) тармақшадағы "өтiнiшiн қарайды" деген сөздерден кейiн ", сондай-ақ Парламенттiң тиiстi Палатасы Палата депутаттары жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк даусымен Республика Президентiне Yкiметтiң осы мүшесiн қызметiнен босату туралы алғаш өтiнiш берген күннен бастап алты ай өткен соң ол туралы қайталап мәселе қойса, Yкіметтiң ол мүшесiн қызметiнен босатады;" деген сөздермен толықтырылсын.

      8. 10-баптың 9) тармақшасы "шешiмдi қабылдайды" деген сөздердiң алдынан ", сондай-ақ Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшесi мәлiмдеген орнынан түсуi туралы" деген сөздермен толықтырылсын.

      9. 16-баптың 1) тармақшасындағы "Төрағасын" деген сөзден кейiн "және екi мүшесiн" деген сөздермен толықтырылсын, "оны" деген сөз "оларды" деген сөзбен ауыстырылсын.

      10. 17-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) аудандардың, қалалардың (астана мен республикалық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қалалардағы аудандардың, ауылдық (селолық) округтердiң, ауылдардың, селолардың (поселкелердiң) әкiмдерiн тағайындаудың немесе сайлаудың тәртiбiн белгiлейдi.".

      11. Мынадай мазмұндағы 17-1-баппен толықтырылсын:

      "17-1-бап. Республика Президентiнiң өзiне тiкелей бағынатын және

      есеп беретiн мемлекеттiк органдарға қатысты өкiлеттiгi


      1. Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшыларының өкiлеттiгi жаңадан сайланған Президент қызметiне кiрiскен кезде тоқтатылады. Бұл орайда олар Мемлекет басшысы осы органдардың басшыларын тағайындағанға дейiн өз мiндеттерiн атқара бередi.

      2. Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшыларының ұсынуы бойынша Республика Президентi:

      1) осы мемлекеттiк органдар туралы ережелердi, олардың құрылымы мен жалпы штат санын бекiтедi;

      2) егер Республика Президентi өзгеше белгiлемесе, Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдар басшыларының орынбасарларын, осы органдар ведомстволарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      3) аталған мемлекеттiк органдардың ведомстволарын құрады, таратады және қайта ұйымдастырады. Егер Республика Президентi өзгеше белгiлемесе бұл ведомстволар орталық атқарушы органдардың ведомстволары үшiн көзделген мәртебенi иеленедi.

      3. Республика Президентi өзi белгiлейтiн тәртiп пен мерзiмде Республика Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар басшыларының аталған органдардың жұмысы туралы есептерiн тыңдайды.".

      12. 18-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: "Егер Республика Президентi Конституцияға өзгерiстер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Парламенттiң ұсынысын қабылдамай тастаса, Парламент Палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк дауысымен Парламент Конституцияға осы өзгерiстер мен толықтыруларды енгiзу туралы заң қабылдауға құқылы.

      Мұндай жағдайда Республика Президентi бұл заңға қол қояды немесе


      оны республикалық референдумға шығарады.".

      13. 19-бапта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) стратегиялық жоспарларды, республикалық бюджеттi және оның

      орындалуы туралы есептi әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi, мемлекеттiк

      бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды бекiтедi;".

      9) тармақшадағы "құрады" деген сөзден кейiн үтiр қойылып,

      "таратады және қайта ұйымдастырады"; деген сөздермен толықтырылсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) Президенттiң Әкiмшiлiгiн құрады;";

      12) тармақшада "Республика" деген сөзден кейiн "Конституциясына

      және" деген сөздермен толықтырылсын.

      14. 27-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      27-бап. Қазақстан Республикасының Президентi өкiлеттiгiнiң

      ауысуы

      1. Қазақстан Республикасының Президентi қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген, сондай-ақ ол қайтыс болған жағдайда Республика Президентiнiң өкiлеттiгi қалған мерзiмге Парламент Сенатының Төрағасына ауысады; Сенат Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған жағдайда ол Парламент Мәжiлiсiнiң Төрағасына ауысады; Мәжiлiс Төрағасының өзiне Президент өкiлеттiгiн қабылдауы мүмкiн болмаған жағдайда ол Республиканың Премьер-Министрiне ауысады. Өзiне Республика Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған адам тиiсiнше Сенат Төрағасының, Мәжiлiс Төрағасының немесе Премьер-Министрдің өкiлеттiгiн доғарады.

      2. Осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша


      өзiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiгiн қабылдаған

      адамның Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен

      толықтыруларға бастамашы болуға құқығы жоқ.".

      15. 30-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Республика Президентi қызметiнiң бүкiл кезеңiне Республика

      Президентiнiң жеке кiтапханасы мен жеке мұрағаты құрылады және

      қалыптастырылады.".

      16. 35-бапта:

      2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1 тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке мұрағаты мен жеке

      кітапханасының материалдары Республика Президенті ретіндегі қызметтік

      жұмысы аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экс-Президентінің

      меншігінде болады.".

      Қазақстан Республикасының

      Президенті

      Оқығандар:

      Қобдалиева Н.

      Омарбекова А.