1-бап. "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша,
асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін
мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы
Z970126_
Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы
Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 11, 154-құжат) мынадай толықтыру
енгізілсін:
6-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған
жағдайда отбасы мүшелеріне не жерлеуді жүзеге асырған адамға он бес
еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге арналған біржолғы
төлем төленеді.".
2-бап. Осы Заң 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Оқығандар:
(Қасымбеков Б.А.)
(Үмбетова А.М.)