Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 5 сәуір N 365-I

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының осы Заңы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарды мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қатынастарды реттейді.

                      1-тарау Жалпы ережелер

      1-бап. Негізгі ұғымдар
      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) -

әлеуметтік қорғауды қажет ететіндерге жәрдемақылардың өзге түрлеріне 
қарамастан берілетін ақшалай төлем;
     2) жәрдемақы төлеу жөніндегі уәкілетті орган - жәрдемақы төлеуді 
жүзеге асыратын ұйым;
     3) орталық атқарушы орган - халықты әлеуметтік қорғау саласында 
мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ететін мемлекеттік орган.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.19. N 145  
              Заңымен.  

Z010145_

 
     
     2-бап. Жәрдемақыны төлеуге арналған қаражат
     Осы Заңға сәйкес жәрдемақы төлеу мемлекеттік бюджет қаражаты 
есебінен жүзеге асырылады.
     
     3-бап. Азаматтардың жәрдемақыға құқығы


      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының осы Заңда және Қазақстан Республикасының соған сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен жәрдемақы алуға құқығы бар.
      2. Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жәрдемақы алуға арналған құқықты Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей пайдаланады.
      3. Жәрдемақы мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне кіреді және оларды алуға құқығы бар азаматтарға ай сайын ақша төлеуді білдіреді.
      4. Бір уақытта бірнеше негіздемелер бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға жәрдемақы олардың қалауы бойынша тек бір негіздеме бойынша ғана төленеді.

      4-бап. Жәрдемақыға құқығы бар азаматтар
      Жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ мәртебесі Қазақстан Республикасы Президентінің "Ұлты Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі N 2247 U952247_ заң күші бар жарлығының N 5-8 баптарында белгіленген жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
      2) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердiң ата-аналары және екiншi рет некеге тұрмаған жесiрлерi; <*>
      3) қазақ тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің отбасылары, атап айтқанда: Ауғанстанда немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттерде соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары; бейбіт уақытта әскери қызмет атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары, қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың, хабарсыз кеткендердің) балалары, асырауындағылар; қызмет міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасылары; ата-аналары; екінші рет некеге отырмаған әйелі (ері); Чернобыль АЭС-дағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі және басқа да апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасылары; сәуле апаттары салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль атом электр станциясындағы апат және басқа да радиациялық апаттар, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлерде болған авариялар және ядролық сынақтар әсерiне белгiленген тәртiпте байланысты болған азаматтардың отбасылары; <*>
      4) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелі (ері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы сырқаттанудың, еңбекте мертігудің және басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелі (ері);
      4-1) Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері; <*>
      5) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар;
      6) 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдар;
      7) І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер;
      8) 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
      9) "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар; <*>
      10) бірге тұратын төрт және көп кәмелетке толмаған балалары (оның

ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін жоғары және арнаулы орта оқу 
орындарында оқып жүрген балалар - олар оқу орнын бітірген уақытқа 
дейін) бар көп балалы отбасылар;
     11) саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе 
зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар;
     12) Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы 
тағайындалған адамдар жатады. 
     ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының 
              1999.11.16. N 482-I Заңымен.  

Z990482_

 
     Ескерту. 4-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының 
              2000.12.21. N 130 Заңымен.  

Z000130_

  
     
            2-тарау. Жәрдемақы тағайындаудың және
                        төлеудің тәртібі
     
     5-бап. Жәрдемақы тағайындаудың тәртібі


      1. Жәрдемақы тағайындау үшін өтініш жасау, қандай да болмасын мерзіммен шектелместен, жәрдемақы алуға құқық пайда болғаннан кейін кез келген уақытта жүзеге асырыла алады.
      2. Жәрдемақы тағайындау туралы өтінішті оны алуға құқығы бар адам

тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін құжаттарды қоса беру 
арқылы, тұратын жері бойынша жәрдемақы төлеу жөніндегі органға береді.
<*>

     3.
<*>

     4.
<*>
 
     5. Жәрдемақының мөлшерін қайта қарау жыл сайын республикалық 
бюджет туралы заңмен бекітілетін айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне, 
сондай-ақ мүгедектік тобының өзгеруіне байланысты жүргізіледі.
     6.
<*>

     7. Жәрдемақы тағайындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі 
бекітеді.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 5-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.19. N 145  
              Заңымен.  

Z010145_

 
     
     6-бап. Жәрдемақы төлеу тәртібі
     1. Жәрдемақы тағайындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі 
бекітеді.
<*>

      2. Жәрдемақы төлеу аяқталған ай үшін және жәрдемақы алуға құқық пайда болған кезден бастап жәрдемақы тағайындалған жағдайлар сақталған кезеңге жүргізіледі.
      3. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда жәрдемақы төлеу жаңа мөлшерде жәрдемақы алуға құқық пайда болған кезден бастап, заңдарда мүгедектіктің тиісті тобы үшін белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады.
      4. Егер мүгедек заңдарда белгіленген мерзімде медициналық- әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) мәселелері бойынша уәкілетті органға қайта куәландыру үшін келмесе, онда жәрдемақы төлеу оны қайтадан мүгедек деп таныған кезге дейін тоқтатыла тұрады.
      Қайта куәландырудың мерзімін дәлелді себеп бойынша өткізіп алған жағдайда жәрдемақы төлеу, егер МӘС оны осы кезеңге мүгедек деп таныса, төлем тоқталған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ 6 айдан аспайтын уақытқа жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедек мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.
      5. Осы Заңның күші қолданылатын екі және одан көп адамдар бірге тұрған жағдайда жәрдемақы олардың әрқайсысы үшін беріледі.
      ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.19. N 145
               Заңымен. Z010145_

      7-бап. Жәрдемақы мөлшері
      Жәрдемақы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген жеңілдіктер тізбесін негізге ала отырып, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға тағайындалады.
      Жәрдемақы тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгерісін ескере отырып төленеді.
      Жәрдемақы мынадай:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушыларға - 5,8 айлық есептік көрсеткіш;
      2) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне - 7,1 айлық есептік көрсеткіш;
      3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға - 2,4 айлық есептік көрсеткіш;
      4) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлты Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - 2,7 айлық есептік көрсеткіш;
      5) Ұлты Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырған жесірлеріне - 2,7 айлық есептік көрсеткіш;
      6) қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің отбасыларына; Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптары және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі және басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасыларына; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль атом электр станциясындағы апат және басқа да радиациялық апаттар, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілерде болған авариялар және ядролық сынақтар әсеріне белгіленген тәртіпте байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 2,8 айлық есептік көрсеткіш;
      7) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және оларға теңестірілген мүгедектердің әйелдеріне (ерлеріне), сондай-ақ қайтыс болып соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын әрекет жасаушылардың, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинградтың тұрғынына" белгісімен марапатталған азаматтардың, жалпы ауру-сырқаудың, жұмыста мертігудің немесе басқа да себептердің (құқыққа қарсыларын қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылғандардың екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (ерлеріне) 0,9 айлық есептік көрсеткіш;
      7-1) Кеңес Одағының Батырларына, Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне - 9,0 айлық есептік көрсеткіш; <*>
      8) Ұлты Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға, сондай-ақ 1988-1989 жылдардағы Чернобыль АЭС-дағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылардың, қоныс аудару күнінде құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймағынан қоныс аударылғандардың (өз еркімен кеткендердің) және Қазақстан Республикасына қоныстанғандардың қатарындағы адамдарға - 0,5 айлық есептік көрсеткіш;
      9) І және ІІ топтардағы мүгедектерге - 1,4 айлық есептік көрсеткіш;
      10) ІІІ топтағы мүгедектерге - 0,6 айлық есептік көрсеткіш;
      11) 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға - 0,9 айлық есептік көрсеткіш;
      12) "Алтын алқамен", "Күміс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналарға, бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары (оның ішінде олар кәмелетке толғаннан кейін жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқитын балалары - олар оқу орнын аяқтаған уақытқа дейін) бар көп балалы отбасыларына - 1,9 айлық есептік

көрсеткіш;
<*>

     13) жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, саяси қуғын-
сүргіннен зардап шеккен, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып 
табылатын адамдарға - 1,0 айлық есептік көрсеткіш;
     14) Қазақстан Республикасына ерекше сіңіргені үшін зейнетақы 
тағайындалған адамдарға - 1,0 айлық көрсеткіш мөлшерінде тағайындалады.
     ЕСКЕРТУ. 7-баптың 6) тармақшасы толықтырылды - Қазақстан              
              Республикасының 1999.11.16. N 482-I Заңымен.  

Z990482_

 
     Ескерту. 7-бап толықтырылды - Қазақстан Республикасының
              2000.12.21. N 130 Заңымен.  

Z000130_

 
     
                 3-тарау. Қорытынды ережелер
     
     8-бап. Жәрдемақы тағайындаудан бас тарту, төлеуді тоқтату немесе 
            тоқтата тұру
     


      1. Жәрдемақы тағайындау үшiн растайтын құжаттарды табыс етпеген немесе деректерi дұрыс емес құжаттарды табыс еткен адамдарға жәрдемақы тағайындалмайды. <*>
      2. Жәрдемақы төлеу оны тағайындау негіздемесі жойылған жағдайда немесе алушы қайтыс болған күннен бастап тоқтатылады.
      3. Жәрдемақы төлеу жәрдемақы алушының сот тағайындаған бас

бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны өтеу кезеңінде 
тоқтатыла тұрады. Егер мұндай жәрдемақы алушы осы Заңның 4-бабының 
3) тармақшасында көрсетілген азаматтарға жататын болса, жәрдемақы 
отбасының оған құқығы бар басқа мүшесіне қайта ресімделуі мүмкін.
     ЕСКЕРТУ. 8-бап 4-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының   
              1999.11.16. N 482-I Заңымен.  

Z990482_

 
     ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2001.01.19. N 145  
              Заңымен.  

Z010145_

 
     
     9-бап. осы Заңды күшіне енгізу тәртібі
     Осы Заң 1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енгізіледі.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
     Мамандар: 
       Қасымбеков Б.А. 
       Үмбетова А.М.