1. 1-баптың 17) тармақшасы алып тасталсын.
2. 6-баптың 3-тармағындағы "құжаттары мен екі еселенген айлық есептік көрсеткішінен аспайтын кіріс әкелетін кірісі мен мүлкі бар екендігі туралы салық органдарының анықтамасын" деген сөздер "құжаттарын, өздерінің салық органдарында жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар ретінде тіркелгені туралы (не ондай тіркеуде жоқ екендігі туралы) құжаттарын" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 14-бапта "жұмыссыздық жөніндегі жәрдемақы" деген сөздер "жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 17-баптың 1) тармақшасындағы "шаруашылық жүргізу құқығымен" деген сөздер алып тасталсын.
5. 19-баптың 4-тармағында:
1) 3) тармақшада "бағдарламасын, жұмыссыздық жөнінде жәрдемақы
әзірлеуге;" деген сөздер "бағдарламасын әзірлеуге, жұмыссыздарға материалдық көмек көрсетуге" деген сөздермен ауыстырылсын. 2) 7) тармақшада "жұмыспен қамту" деген сөздер "білім беру" деген сөздермен ауыстырылсын; 6. 20-баптың 3-тармағында: 1) 7) тармақшада "бүкіл оқу кезеңі ішінде осы Заңда көзделген мөлшерде стипендия белгілеуге" деген сөздер "бүкіл оқу кезеңінде осы Заңда көзделген мөлшерде уақытша қаржылай көмек беруге" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) 8) тармақша алып тасталсын. 7. 22-бап алып тасталсын. 8. 27-баптың 1-тармағында: 1) 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) осы Заңның 29-бабына сәйкес материалдық көмек көрсету;"; 2) тармақшада "стипендиялар төлеу" деген сөздер "уақытша қаржылай көмек көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын.
9. 28-баптың 2-тармағында "жұмыссыздық бойынша жәрдемақы" деген сөздер "материалдық көмек" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. 29-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"29-бап. Жұмыссыздарға материалдық көмек көрсету шарттары мен тәртібі
Белгіленген тәртіппен жұмыссыз мәртебесін алған, материалдық көмек алуға құқығы бар азаматтар санаттарына оны көрсету тәртібі мен материалдық көмек мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
Жұмыссыз адам қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіпте және мөлшерде жерлеуге арналған материалдық көмек көрсетіледі.".
11. 30-бап алып тасталсын.
12. 31-бапта:
1) баптың атауындағы "төленетін стипендияның" деген сөздер
"уақытша қаржылай көмектің" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) мәтінде "стипендия төленеді" деген сөздер "уақытша қаржылай көмек беріледі" деген сөздермен ауыстырылсын; 13. 33-бап алып тасталсын. 2-бап. Осы Заң 1999 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.) (Үмбетова А.М.)