Мәскеуде 1997 жылғы 28 наурызда жасалған жол қозғалысы ережелерін әкімшілік бұзу туралы істер жөніндегі шешімдерді өзара тану және орындау туралы конвенция бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Жол қозғалысы ережелерiн әкiмшiлiктiк бұзу туралы iстер
жөнiндегi шешiмдердi өзара тану және орындау туралы
Конвенция
Бұдан әрi Келiсушi Тараптар деп аталынатын, осы Конвенцияға қол қойған - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер,
Келiсушi Тараптар арасындағы автокөлiк қозғалысының үдеуi мен жол жүру ережелерiнiң бұзылуы кезiнде туындайтын қауiп-қатердiң өсуiн назарға ала отырып,
құқықтық нормаларды қабылдау жол-көлiк оқиғалары мен оның зиянды зардаптарының алдын алудың бiр амалы екендiгiн ескере отырып,
мұндай нормалардың превентивтiк мәнi, ереже бұзғандығы үшiн көзделiнген әкiмшiлiк жазаның қаншалықты тиiмдi қолданылуына айтарлықтай дәрежеде байланысты деп есептей отырып,
төмендегiлер туралы келiстi:
а) "құзырлы органдар" - Келiсушi Тараптың ұлттық заңына сәйкес, осы Конвенцияға қоса берiлiп отырған Жол қозғалысы ережелерiн бұзу әрекеттерiнiң тiзбесiнде көзделiнген жол қозғалысы ережесiн әкiмшiлiк бұзғандығы туралы iстердi қарауға өкiлеттiк берiлген органдар (лауазымды адамдар);
б) "әкiмшiлiк тәртiппен қудалау" - Келiсушi Тараптардың бiрiнiң құзырлы органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы материалдарды рәсiмдеу және қарау, iс бойынша шешiм қабылдау, жол қозғалысы ережесiн бұзғандығы үшiн жаза белгiлеу мен орындау бойынша әрекеттерi;
в) "жол қозғалысы ережелерiнiң бұзылулары" - осы Конвенцияға қосымшада көзделiнiп отырған бұзушылықтар;
г) "құқық бұзушылық болған жердегi Келiсушi Тарап" - аумағында жол қозғалысы ережелерi бұзылған Келiсушi Тарап;
д) "құқық бұзушы тұратын Келiсушi Тарап" - жол қозғалысы ережелерiн бұзған адам тұрақты немесе уақытша тұратын Келiсушi Тарап;
е) "әкiмшiлiк жаза" - жол қозғалысы ережелерiн бұзғаны үшiн жазаға тарту өкiлеттiгi берiлген құзырлы орган қабылдаған шешiм.
1. Келiсушi Тараптар, жол қозғалысы ережелерiн бұзғаны үшiн кез келген Келiсушi Тараптың аумағында тұратын адамдарға қатысты құзырлы органдардың шығарған шешiмдерiне тән алады.
2. Егер бiр Келiсушi Тараптың аумағында тұратын адам келесi Келiсушi Тараптың аумағында жол қозғалысы ережелерiн бұзғандығы белгiлi болса, әкiмшiлiк жаза белгiлеу немесе ол адамға қатысты iс жүргiзiлуiн тоқтату туралы шешiмдi құқық бұзушылық болған жердегi Келiсушi Тараптың құзырлы органдары қабылдайды.
3. Жол қозғалысы ережелерi бұзылғандығы үшiн жаза кесiлген жағдайда, құқық бұзушылық болған жердегi Келiсушi Тараптың құзырлы органдары оны орындау мүмкiндiгi болмаса 15 күн мерзiм iшiнде құқық бұзушылық жасаған адам тұратын Келiсушi Тарапқа кесiлген жазаның орындалуы туралы сұрату жасайды.
4. Жол қозғалысы ережелерiн бұзған адам тұратын Келiсушi Тарап құқық бұзушылық болған жердегi Келiсушi Тараптың құзырлы органдары шығарған шешiмдердi өзiнiң ұлттық заңдарына сәйкес орындайды.
5. Әкiмшiлiк жаза белгiленген адам құқық бұзушылық болған жердегi Келiсушi Тараптың заңдарына сәйкес қарсы шағым жасауға құқылы.
Егер Келiсушi Тараптардың бiрiнiң аумағында тұратын адам келесi Келiсушi Тараптың аумағында жол қозғалысы ережелерiн бұзса, онда құқық бұзушылық болған жердегi Келiсушi Тарап құқық бұзушы тұратын Келiсушi Тараптан ол адамды әкiмшiлiк тәртiппен қудалауын сұрауы мүмкiн, және, егер құқық бұзушылық болған жердегi Келiсушi Тарап оны өзi жүзеге асырмаса немесе мұндай қудалауды бастай отырып оны тоқтату қажетсiз деп есептесе ғана, соңғы әкiмшiлiк жаза белгiлеу мақсатында, iстi құқық бұзушы тұратын Келiсушi Тарапқа тапсыруы мүмкiн.
Құқық бұзушы тұратын Келiсушi Тарап жол қозғалысы ережелерiнiң бұзылғандығы туралы материалдарды қабылдауға және қарауға, сондай-ақ құқық бұзушылық болған жердегi Келiсушi Тарапты қабылданған шешiмдер туралы хабарландыруға мiндеттi.
Егер құқық бұзушылық болған жердегi Келiсушi Тарап тәртiп бұзған адам тұратын Келiсушi Тарапқа жол қозғалысы ережелерiн бұзғандығы үшiн жазаның орындалғандығы туралы сұрату жiберсе, онда құқық бұзушы тұратын Келiсушi Тараптың құзырлы органдары мұндай сұрату алғанға дейiн жазаның орындалу мерзiмi тоқтатыла тұрады.
Құқық бұзушылық болған жердегi Келiсушi Тараптың жол қозғалысы ережелерiнiң әкiмшiлiк бұзылғандығы туралы iстер бойынша материалдарының құқық бұзушы тұратын Келiсушi Тарапта да дәл сондай заң күшi бар және олардың ресмилендiрiлуi талап етiлмейдi.
Егер кез келген Келiсушi Тараптың аумағында тұратын адам келесi Келiсушi Тараптың аумағында жол қозғалысы ережелерiн бұзса, онда құқық бұзушылық болған жердегi Келiсушi Тараптың құзырлы органдары ол адамның құқық бұзу Фактiсiн растайтын материалдар жасап, қажет болған жағдайларда көлiк құралдарын жүргiзу құқығын беретiн куәлiгiн алып, оның орнына құзырлы органның елтаңбалы мөрiмен куәландырылған, барлық Келiсушi Тараптар тән алатын уақытша рұқсатнама бередi.
в) негiзi бойынша ондай әрекет жол қозғалысы ережелерiн әкiмшiлiк бұзушылық болып танылатын, сұрату салушы Келiсушi Тараптың заң ережелерiнiң мәтiнi, сондай-ақ iс бойынша өндiрiс жүргiзуде айтарлықтай маңызы бар басқа да заң актiлерiнiң мәтiндерi;
г) оған қатысты сұрау салынып отырған адамның Фамилиясы, аты-жөнi, оның азаматтығы мен туылған жерi, сондай-ақ iс бойынша маңызы бар оған қатысты басқа да мәлiметтер;
д) сұратуды жiберген лауазымды адамның қолы.
Сұратуға әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, құқық бұзған адамның жүргiзушi куәлiгiн, басқа да құжаттарды, материалдар мен айғақтық заттарды қоса отырып, сұрату салған Келiсушi Тараптың иелiгiндегi iс бойынша өндiрiстiк материалдар (жол-көлiк оқиғалары болған жағдайда материалдардың көшiрмелерi) қоса тiркеледi.
2. Сұрату сұрау салған Келiсушi Тараптың құзырлы органының елтаңбалы мөрiмен куәландырылған болуы тиiс.
3. Егер сұрау салушы Тарап сұратуда қабылданған шешiм туралы хабарлануын өтiнсе, құқық бұзушы тұратын жердегi Келiсушi Тарап мұндай хабарламаны шешiм қабылданған күннен бастап 15 күн iшiнде жолдауы тиiс.
1. Сұратуды құқық бұзушылық болған жердегi Келiсушi Тараптың құзырлы органы құқық бұзушы тұратын жердегi Келiсушi Тараптың қажеттi органдарына жолдайды.
2. Құзырлы органдардың тiзiмiн осы Конвенцияға қол қойыларда әрбiр Келiсушi Тарап жеке белгiлейдi де олар депозитарийға берiлiп, ол жөнiнде Келiсушi Тараптарға хабарланады.
Егер құқық бұзушы тұратын жердегi Келiсушi Тараптың құзырлы органы құқық бұзушылық болған жердегi Келiсушi Тарап берген мәлiметтер осы Конвенцияға сәйкес жаза кесу туралы шешiмдi орындау үшiн жеткiлiксiз деп тапса, ол қажеттi қосымша мәлiметтер сұрата алады және оларды берудiң нақтылы шектi мерзiмiн белгiлеуi мүмкiн.
Шешiмдi орындау туралы сұрату және оған қоса тiркелiнген құжаттар, сондай-ақ осы Конвенцияны орындауға қатысты басқа да материалдар орыс тiлiнде жасалынады немесе орыс тiлiндегi расталынған аудармасымен берiледi.
Сұратуларды орындау нәтижесiнде айып ретiндегi төленген ақша қаражаттары құқық бұзушы тұратын жердегi Келiсушi Тараптың кiрiсіне түседi.
Келiсушi Тараптар осы Конвенцияда көзделiнген әрекеттердi жүзеге асыруға қатысты шығындарды дербес өтейдi.
2. Келiсуші Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Конвенцияға қоса берiлiп отырған Жол қозғалысы ережелерiнiң бұзылу әрекеттерiнiң тiзiмiн кез келген уақытта қайта қарауы мүмкiн.
Осы Конвенцияны орындау және талқылауға қатысты туындауы мүмкiн келiспеушiлiктер мүдделi Келiсушi Тараптардың өкiлеттi өкiлдерiнiң арасындағы кеңесулер мен келiссөздер арқылы шешiледi.
Осы Конвенцияның ережелерi Келiсушi Тараптардың олар қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттар бойынша қабылдаған мiндеттемелерiн қозғамайды.
Осы Конвенция Келiсушi Тараптардың оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы үшiншi хабарламасын депозитарийға өткiзген күннен бастап күшiне енедi.
Осы Конвенция шектелiнбеген мерзiмге жасалынады. Ол жөнiнде депозитарийдi алты ай бұрын жазбаша хабарлау арқылы әрбiр Келiсушi Тарап осы Конвенциядан шыға алады.
Осы Конвенция Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше басқа да мемлекеттердің кіруі үшін ашық.
1997 жылғы 28 наурызда Мәскеу қаласында бір түпнұсқалық данада орыс тілінде жасалынды. Түпнұсқалық данасы осы Конвенцияға қол қойған әрбір мемлекетке оның расталынған көшірмесін жолдайтын, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Секретариатында сақталынады.
Азірбайжан Республикасы үшін Молдова Республикасы үшін
Армения Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін
Беларусь Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін
Грузия үшін Түрікменстан үшін
Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін
Қырғызстан Республикасы үшін Украина үшін
Жол жүру ережелерінің әкімшілік
бұзылғандығы жөніндегі істер
бойынша шешімдерді ортақ тән
алу және орындау туралы
1997 жылғы 28 наурыздағы
Конвенцияға қосымша
Жол қозғалысы ережелерінің бұзылу әрекеттері
1. Жеңіл дене жарақатын алуға немесе материалдық зиян шегуге соқтырған жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы немесе жол көлігінің пайдаланылуы.