Мәскеуде 1999 жылғы 2 сәуірде жасалған Еркін сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Еркiн сауда аймағын құру туралы 1994 жылғы 15-сәуiрдегi Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы Хаттама
Еркiн сауда аймағын құру туралы Келiсімге қатысушы мемлекеттер (бұдан былай - Келiсiм) Келiсiм ережелерiн дамыту мен тереңдету, еркiн сауда аймағын қалыптастыру процесiн тездету мақсатында Келiсiмге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы келісті:
1. 1-баптың 1-тармағындағы бірiнші абзацында "нақты міндеттердi шешуде" деген сөздерден кейiн "Экономикалық одақ құрудың бiрінші сатысынан" деген сөздер "еркін сауда аймағын құру" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. 1-баптың 1-тармағының екінші абзацы мына редакцияда баяндалсын:
"кедендік баждарды, сондай-ақ баламалық әсері бар салықтар мен салымдарды және сандық шектеулердi жоюды;".
3. 1-баптың 1-тармағының бесiншi және алтыншы абзацтары бiрiктiрілсiн бiрiктірілсiн және мына редакцияда баяндалсын;
өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, көлiк, қаржы, инвестиция, әлеуметтік салада осы Келісiмнiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн сауда-экономикалық саясат жүргiзудегі, сондай-ақ адал бәсекенi және т.б дамытудағы ынтымақтастық".
4. 1-баптың 2-тармағы мына редакцияда баяндалсын:
"2. Осы Келісім келiсушi тараптардың кедендік аумақтарында, олардың ұлттық заңдарымен белгiленгендей, қолданылады."
5. 1-баптың 1-тармағының бiріншi абзацы "1969 жылғы халықаралық келiсім-шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының" деген сөздерден кейін "және ГАТТ/ВТО келiсiмдерінің" деген сөздермен толықтырылсын.
6. Келiсiм мына мазмұндағы 1а - жаңа баппен толықтырылсын:
1а - бап
Келiсушi тараптардың Келiсiм ережелерiн орындау жөнiндегi
әрекетiн үйлестiретiн орган
"Келiсушi тараптардың осы Келiсiмдi орындау барысын бақылауды, олардың сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi, осы Келiсiмнің мақсаттарына жету үшiн келiсу және экономикалық саясатты үйлестiрудi Экономикалық кеңестің мемлекетаралық экономикалық комитетi (бұдан былай - Комитет) жүзеге асырады".
7. 2-бап алынып тасталсын.
8. 3-баптың атауы мынаған өзгертiлсiн:
"Кедендiк баждар, сондай-ақ олармен баламалық әсерi бар салықтар мен алымдар, және сандық шектеулер".
9. 3-баптың 1-тармағы мына редакцияда баяндалсын:
"1. Келiсушi тараптар олардың бiреуiнің кедендiк аумағынан шығатын және басқа келiсушi тараптардың кедендiк аумақтарына арналған тауарларды әкелу және (немесе) әкетуге кедендiк баждарды, сондай-ақ олармен эквиваленттiк әсерi бар салықтар мен алымдарды, сандық шектеулердi қолданбайды".
10. 3-баптың 2-тармағы мына мазмұнда баяндалсын:
"2. Келiсушi тараптар арасындағы саудада олар үшiн осы Хаттаманың күшiне енген сәтiнен бастап импорт пен (немесе) экспорттың екi жақты келiсiмдерде бұрын тiркелгендерге қосымша жаңа сандық және тарифтiк шектеулерi және баламалық әсерi бар шаралар енгiзiлмейтiн болады.
Осы баптың 1-тармағында қарастырылған сауда режимiнен алып тастау осы Хаттамаға қол қойылған күннен бастап 12 ай мерзiм iшiнде Келiсушi тараптар оларды сатылап жоюды келiсетiн және бұл туралы Комитет пен осы бөлімнiң депозитарийін хабардар ететiн екi жақты құжаттардың негiзiнде қолданылады".
11. 3-баптың 3-тармағы мына редакцияда баяндалсын:
"3. Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн сандық шектеулер мен басқа әкiмшiлiк шаралар деп қолданылуы келiсушi тараптың бiреуiнiң аумағынан келiсушi тараптың екiншiсiнiң аумағына шығатын тауардың импорты немесе экспорты үшiн, материалдық кедергiлер немесе шектеулер туғызатын кез келген шараларды түсiну керек. Бұған квота беру, лицензиялау, бағаны және тауармен жабдықтаудың басқа шарттарын бақылау, ұқсас тауарды сондай тауарды шығарған елдiң аумағында жүрiп сатушының немесе сатып алушының және сол аумақта сатып алу мен сатуды жүзеге асырушының құқықтарымен салыстырғанда импорттаушы мен экспорттаушының құқықтарын тiкелей немесе жанама шектейтiн импорттаушы мен экспорттаушыға қойылатын ерекше талаптар қоса алынады. Бұл баптың ережелерi осы Келiсiмнiң 13 және 13 а баптарында көзделген шараларды, сондай-ақ басқа халықаралық келiсiм жөнiндегi мiндеттемелердi орындау мақсатында келiсушi тараптардың кез келгенi қолданатын шаралар оларды кез келгеннің қолдану құқығына қалай да болсын әсер етпейдi және нұқсан келтiрмей қолданылады,"
12. 4-бап мына редакцияда баяндалсын:
"1. Келiсушi тараптардың әрқайсысы басқа келiсушi тараптың кез келгенiнiң кедендiк аумағынан шығатын және оның аумағында импортталатын тауарларға ұлттық тауарлар немесе техникалық талаптар мен сапаға қойылатын талаптарға байланысты кез келген үшiншi елдің тауарларына қатысты қолданылатын режимнен кем емес режим орнатады.
2. 1-тармақтың ережелерi сынақ нәтижелерiн, сапа сертификаттары мен басқа да сол сияқты келiсiмдердi өзара тану туралы келiсiмдердi орындау мақсатында, сондай-ақ қауiп төнгенде немесе адамдардың өмiрi мен денсаулығына, жануарлар мен өсiмдiктерге қауiп төнуi мүмкiн болған жағдайларда келiсушi тараптардың кез келгенi қабылдай алатын шаралар үшiн зиянын тигiзбей қолданылады.
3. Келiсушi тараптар саудадағы техникалық кедергiлер мен басқа да
арнайы талаптарды (шектеулердi) жою мақсатында стандартизация, метрология және сертификация саласында ынтымақтастық байланыста болады және ақпаратпен алмасады." 13. 5-баптың 2-тармағы "хабарлау" деген сөзден кейiн "Комитет" деген сөзбен толықтырылсын. 14. 5-баптың 4-тармағы "фумигацияға" деген сөзден кейiн "әкелу мен әкетiлуге байланысты басқа да рәсiмдерге" деген сөздермен толықтырылсын. 15. 7-баптың 1-тармағының екiншi сөйлемiндегi "келiсушi тараптар" деген сөздерден кейiнгi "қажет болған жағдайда" деген сөздер алынып тасталсын. 16. 8-баптың 1-тармағы мына мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Бұл тауарларға осыған ұқсас отандық тауарларға қатысты олардың iшкi рынокта сатылуын, сатуға ұсынысты, сатып алуды, тасымалдауды, бөлу немесе пайдалануды қозғайтын барлық заңдарға, ережелер мен талаптарға қатысты берiлетiн режимнен кем емес қолайлы режим берiледi." 17. Келiсiм мына мазмұндағы жаңа 8а-баппен толықтырылсын: 8а - бап Қосымша салықтарды қолдану тәртiбi
1. Келiсушi тараптар өзара сауда-саттықта келiсушi тараптардың бiреуiнiң кедендiк аумағынан келiсушi тараптардың екiншiсiнiң кедендiк аумағына экспортталатын тауарларға (жұмыс, қызмет көрсету) жанама салықтар (ҚҚС, акциздер) салмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген ереже ҚҚС-н нольдiк ставкамен салуды, сондай-ақ экспортталатын тауарларды акцизден босатуды бiлдiредi. ҚҚС-н нольдiк ставка бойынша салу ұлттық заңдармен көзделмеген осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттерде тауарларды (жұмыс, қызмет көрсету) ҚҚС-нан босатылады.
3. Осы баппен көзделген жанама салықтар салудың тәртiбi келiсушi тараптардың ұлттық заңдарына сәйкес 2000 жылдың 1-қаңтарынан бастап күшiне енедi.
18. 9-бап мына тармақтармен толықтырылсын:
"2. Келiсушi тараптар олардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша ақпарат алмасу арқылы жәрдемақы (субсидия) берумен байланысты шаралардың шынайылығын қамтамасыз етедi.
3. Комитет экспортқа мемлекеттiк ықпал етуден түскен субсидиялардың қолданылуымен байланысты жағдайларға бақылау жасауды жүзеге асырады және халықаралық практиканы басшылыққа ала отырып, олардың қолданылуын реттейтiн ережелердi жасайды".
4. Егер келiсушi тараптың кез келгенi субсидияны қолданудың практикасы осы баптың 1 тармағымен сәйкес келмейдi деп есептесе, онда ол осы Келiсiмнiң 13 а бабында баяндалған шарттар мен рәсiмдерге сәйкес тиiстi шаралар қолдана алады.
19. 10-баптың 10-тармағы 4-тармақ болып есептелсiн және мына мазмұнда баяндалсын:
"4. Транзиттiң шарттары, көлiктің кез келген түрiмен тасымалдауға арналған тарифтi қызмет көрсетудi қосқанда, жеке келiсiмдермен айқындалады".
20. 10-бап мына мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Келiсушi тараптардың әрқайсысының аумағынан өтетiн транзит халықаралық транзиттiк тасымал үшiн, басқа келiсушi тараптардың аумағында немесе аумағынан қандай да болмасын айырмашылықсыз немесе кеменiң жалауына, тауарды жiберетiн, кiргiзетiн, шығаратын немесе арналған жерлерге немесе тауар, кеме немесе басқа да көлiк құралдарына деген меншiкке қатысты қандай да болмасын жағдайларға негiзделген алалаусыз транзиттiк тасымалдау үшiн неғұрлым қолайлы жолдар бойынша транзит еркiндiгiнің принципi негiзiнде жүзеге асырылады."
21. 11-бап мына редакцияда баяндалсын:
"Осы Келiсiмнiң шеңберiнде жеткiзiлетiн тауарлар реэкспорты Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер арасындағы тауарлар реэкспорты мен реэкспортқа рұқсат беру тәртiбi туралы 1994 жылғы 15-сәуiрдегi Келiсiммен реттеледi". 22. 13-баптың 1-тармағындағы "қатысушысы ол болып" деген сөздерден кейiнгi "табылатын немесе бұл шаралар қатысты болса, болуды көздейтiн" деген сөздер "табылатын немесе егер бұл шаралар беталды немесе алалаумен қолданылмаса және ... қатысты болса, болуды көздейтiн" деген сөздермен ауыстырылсын және әрi қарай - мәтiн бойынша. 23. Келiсiм мына мазмұндағы 13 а жаңа баппен толықтырылсын: 13 а - бап Арнайы сауда-саттық шаралары
1. Осы Келiсiмде тиiстi тексеру жүргiзiлгеннен кейiн келiсушi тараптардың бiреуiнiң аумағынан шығатын тауарлардың импортына қатысты, егер ол импорт келiсушi тарапқа зиян шектiретiн болса немесе орны толмас зиян келтiру қаупiн тудыратындай мөлшерде немесе жағдайда жүзеге асырылса, сондай-ақ келiсушi тарапқа зиян әкелетiн немесе орны толмас зиян қаупiн туғызатын демпингтiк және субсидирленетiн импортқа байланысты арнайы сауда-саттық шараларын жүргiзуге келiсушi тараптың кез келгенiне ешнәрсе кедергi жасамайды.
2. Арнайы сауда-саттық шаралары импортты сандық шектеулер нысанында немесе осы баптың ережелерiне және (немесе) келiсушi тараптың ұлттық заңдарына сәйкес зиянды немесе зиян қаупiн жою үшiн қажеттi мерзiмге арнайы импорттық баж, демпингiге қарсы және компенсациялық баждар нысанында енгiзiлуi мүмкiн.
2.1. Арнайы сауда-саттық шаралары тек келiсушi мүдделi тараптар арасында консультация жүргiзiлгеннен кейiн ғана енгiзiлуi мүмкiн. Төтенше шара енгiзудi көздеген келiсушi тарап алдын-ала шара енгiзудi жоспарлағанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей бұл туралы мүдделi келiсушi тарапты хабардар етуге және консультация өткiзу туралы ұсыныс жасауға мiндеттi. Консультация өткiзу туралы ұсыныс жазбаша нысанда жiберiледi, оған импорттан болған зиянның немесе зиян қаупiнiң орын алу фактiсiн растайтын материалдар тiркеледi.
Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн зиян деп экономика саласының айтарлықтай зияны, айтарлықтай зиян қаупi немесе осындай саланы құруға немесе дамытуға жасалатын едәуiр кедергi түсiнiледi.
2.2. Зиянның орын алу фактiсi нақты мәлiметтерге негiзделуi керек және импорттың көлемi мен оның ұқсас немесе тiкелей бәсекелес тауарлар рыногының бағасына ықпалы сияқты, мүдделi келiсушi тараптың сала өндiрушiлерi үшiн осындай импорт нәтижесiн шынайы талдау кiргiзiлуi керек.
2.3. Импорттың көлемi оның өндiрiс пен сөз болып отырған келiсушi тараптың аумағында бәсекелес тауардың қолданылу деңгейiне қатысты бiржолата және салыстырмалы мәнде едәуiр өсу тұрғысынан қаралады.
2.4. Рынок бағасына импорттың ықпалы импорттың бағасы мен отандық өндiрiстің осыған ұқсас бәсекелес тауарына бағаның арасындағы елеулi айырмашылық фактiсiн, немесе импорттың осы бағаларға оларды төмендетуге әкелетiн немесе әкелуi мүмкiн немесе мұндай бағалардың өсуiне кедергi жасайтын, импорт жоқ кезде орын алатын басқа кәдiмгiдей әсер ету фактiсiн анықтау жолымен айқындалады.
2.5. Импорттың экономика саласына әсер ету дәлелдерi сала жағдайына әсер ететiн қомақты экономикалық факторлардың барлығының бағасына негiзделуi керек. Оның iшiнде бұған орын алған немесе жақын арада болуы мүмкiн сатудың төмендеуi, өндiрiс пайдасы мен көлемi, рыноктағы үлесi, өнiмдiлiгi, капитал қорының өтiмдiлiгi, өндiрiс қуатын пайдалану, iшкi бағаға әсер ететiн, кiрiске нақты және барынша әсер ететiн факторлар, қоймалардағы қорлар, еңбекпен қамту, еңбек ақы, өсу қарқыны, сала кәсiпорындарының жинақталған жарғылық капиталының өсу немесе олардың капиталдық жұмсалымдарының өсу мүмкiндiктерi қоса кiредi.
2.6. Экономика саласы үшiн зиянның немесе зиян қаупiнiң дәлелдерi сала жағдайына, оның iшiнде кәдiмгi жағдайларда жүзеге асырылатын импорт бағасының көлемi мен деңгейiне, сұраныстың өзгеруiне, қолданыстың өзгеруiне, шектеулi сауда-саттық практикасының нәтижесi мен шетелдiк және отандық өндiрушiлер арасындағы конкуренцияға, технологиялық жаңа енгiзулерге, экономика саласының экспорттық және өндiрiстiк көрсеткiштерiне керi әсер ететiн факторларды (импортқа қарағанда, басқа) зерттеуге негiзделуi тиiс. Мұндай факторлар арқылы келтiрiлген зиян төтенше шаралар қолданылуы мүмкiн импорт есебiне жатқызылмауы тиiс.
2.7. Экономика саласына төнген зиян қаупiн анықтау тек қана фактiлерге негiзделедi. Мұнда мынадай фактiлер қаралуы тиiс:
импорттың қомақты өсуi жалғасуының нақты мүмкiндiктерiн дәлелдейтiн импорттың өсу динамикасы;
еркiн өндiрiстiк қуаттардың болуы немесе басқа рыноктардың потенциалдық өткiзу сиымдылығын ескере отырып, сөз болып отырған келiсушi тараптың аумағында импортты едәуiр өсiрудің нақты мүмкiндiктерiне куә экспортшының өндiрiстiк қуаттарының сөзсiз болатын көз алдында өсуi;
отандық өндiрушiлердiң бағасына кәдiмгiдей өктем әсер ететiн импорт тауарларына деген сұраныстың одан әрi өсуiне әкеп тiрейтiн импорт бағаларының сондай деңгейi;
бәсекелесушi тауарлар қорының көлемi.
2.8. Осы бапта аталған факторлардың немесе фактiлердiң бiрде-бiреуi өздiгінен зиянның немесе зиян қаупiнiң бары туралы қорытынды үшiн мiндеттi негiз болып табыла алмайды. Зиянның немесе зиян қаупiнiң бар екендiгi немесе жоқтығы туралы қорытынды барлық факторлар мен фактiлер жиынтығын тексерудің негiзiнде қабылданады. Жекелеген жағдайларда, зиян немесе зиянның қаупi импорттың күрт өсуiмен немесе мұндай өсу болмаған кезде, импорт экономика саласына зиян әкелетiндей бағамен жағдайда жүзеге асырылатындай болса, арнайы сауда-саттық шарасы экономика саласының зияндылығы немесе зияндылық қаупi мен импорттың күрт өсуi немесе импорттың ерекше жағдайда жүзеге асуының арасында себеп-салдар байланысы болған жағдайда қабылдануы мүмкiн.
3. Консультация кезiнде келiсушi тараптар проблемаларды өзара тиiмдi шешуге ұмтылатын болады.
4. Егер де мұндай шешiм табылмаған жағдайда, консультация өткiзудi ұсынған келiсушi тарап арнайы сауда-саттық шараларын өткiзу құқығына ие болады.
5. Ерекше қауырт жағдайларда арнайы сауда-саттық шаралары консультация өткiзгенге дейiн, мұндай консультациялардың өткiзiлуi ұзаққа созбай ұйымдастырылатын жағдайларда қабылдануы мүмкiн.
6. Осы бапта жалпыға бiрдей танылған халықаралық ережелерге және (немесе) келiсушi тараптың ұлттық заңдарына сәйкес келiсушi тараптың арнайы, демпингiге қарсы және компенсациялық шаралар қабылдауына ешнәрсе де зиянын тигiзе алмайды және қандай да болмасын жағдаймен әсер ете алмайды.
Арнайы, демпингiге қарсы және компенсациялық шараларды енгiзудiң алдындағы тексеруге қатысты келiсушi тарап басқа келiсушi тараптың ұсынысын зерделеп қарауға және мүдделi келiсушi тараптардың негiзiнде түпкiлiктi шешiмдер қабылданатын қомақты фактiлер мен ой-пiкiр туралы хабардар етуге келiседi.
Арнайы, антидемпингiлiк немесе компенсациялық шаралар енгiзiлгенге
дейiн келiсушi тараптар проблемаларды сындарлы шешудің барлық мүмкiндiктерiн қолданатын болады. 7. Аса маңызды бәсекелес тауарларға деген экспортты iшкi рынокта олардың жетiспеушiлiгi шиеленiскен жағдайда шектеуге осы Келiсiмде келiсушi тараптарға ешнәрсе кедергi жасамайды". 24. 14-бап алынып тасталсын. 25. 15-бап алынып тасталсын. 26. 17-баптың 1-тармағы "Келiсушi тараптар" деген сөздерден кейiн "ұлттық рыноктар көрсететiн қызметтердiң ымыраласуы үшiн жағдай жасайды және" деген сөздермен толықтырылсын, әрi қарай мәтiн бойынша. 27. Келiсiм мына мазмұндағы жаңа 17а-баппен толықтырылсын: "17а-бап Кәсiпкерлiк қызметтегi бәсекелестiк Төменде аталғандар еркiн сауда аймағындағы сауда-саттыққа ықпал ете алатындай дәрежеде осы Келiсiмнiң орындалуымен сыйыспайды: келiсу практикасы конкуренцияны жоюдың, алдын алудың, шектеудің немесе бұрмалау салдары болып табылатын немесе мақсат тұтатын кәсiпорындардың, кәсiпорындар ассоциацияларының барлық келiсiмдерi; бiр немесе одан да көп кәсiпорындардың еркiн сауда аймағының аумағында негiзгi жағдайды тұтастай немесе оның қомақты бөлiгiн заңсыз пайдалануы". 28. Келiсiм мына мазмұндағы жаңа 17б-баппен толықтырылсын: "17б-бап Мемлекеттiк сатып алу
Келiсушi тараптар алаламау және өзара негiзде мемлекеттiк сатып алудың ұлттық рыноктарын ымыраластыру үшiн жағдай жасайды".
29. 18-бап алынып тасталсын.
30. 19-бап мына мазмұнда баяндалсын:
"1. Тараптар осы Келiсiм бойынша өздерiнiң мiндеттемелерiн орындау үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдайды.
2. Осы Келiсiмнiң 13-бабының ережелерiне нұқсан келтiрмей, егер келiсушi тараптың бiреуi екiншi келiсушi тарап өзiнiң мiндеттемелерiн орындамайды деп есептесе, және мұндай орындамаушылық алғашқы келiсуші тараптың экономикалық мүдделерiне нұқсан келтiрсе немесе нұқсан келтiру қаупiн туғызса, ол мұндай басқа келiсушi тараптан екi келiсушi тарап үшін қолайлы шешiмдi табу мақсатында жазбаша өтiнiш бiлдiрген күннен бастап екi ай мерзiм iшiнде өткiзiлуi тиiс консультациялар туралы сұрау сала алады. Тиiстi сұраудың көшiрмесi осы Келiсiмнiң басқа да келiсушi тараптарына жiберiледi және олардың кез келгенi, осы тармақтың бiрiншi сөйлемiнде айтылып өткен мiндеттемелер оның мүддесiн қозғаса, онда консультацияға қатыса алады.
Жазбаша сұрауға проблеманың мәнiсiне қатысты барлық ақпараттар тiркеледi.
3. Егер осы баптың 2-тармағында айтылған консультациялар барысында келiсушi тараптар проблеманы өзара қолайлы шешуге келе алмаған жағдайда, консультация туралы өтiнiш жасаған келiсушi тарап келiсушi тараптардың құқықтары мен міндеттерiн қозғайтын таласты Комитет ұсынған арнайы келiсу рәсiмiнде үндеудi алған күннен бастап 30 күн iшiнде (талас материалдарын тексеру үшiн және ұсыныстар жасау үшiн жұмысшы топтарын құру арқылы) шешуге құқығы бар.
4. Егер осы баптың 2-тармағында көрсетiлген консультациялар барысында, осы баптың 3-тармағында көрсетiлген арнайы рәсiмдер барысында келiсушi тараптар проблеманың өзара тиiмдi шешiлуiне келмеген жағдайда консультация туралы өтiнiш жасаған келiсушi тарап сауда-саттықтың балама мөлшерiне қатысты осы Келiсiм бойынша өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартуға немесе ұлттық экономикаға зиян келтiруге жол бермейтiн деп өзi есептейтiн басқа қажеттi шаралар қолдануға құқылы. Мұндай шараларды таңдауда артықшылық осы Келiсiмнiң әрекетiн барынша аз бұзатындарына берiлуi тиiс. Мұндай шаралар басқа келiсушi тараптың оларды енгiзген шешiмi жойылысымен, кешiктiрiлмей тоқтатылуы тиiс.
5. Осы баптың ережелерi қандай болсын жолмен келiсушi тараптарға олардың арасында туындаған таласты халықаралық құқықпен көзделген рәсiмдер шеңберiнде шешуге кедергi жасай алмайды".
31. 20-баптың 1-тармағы мына мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
"Осы ереже аталған Келiсiмге қатысушы мемлекеттермен сыртқы экономикалық қатынастар режимiн өз бетiнше айқындаудағы құқықтарына тиiспейдi".
32. 20-баптың 2-тармағы мына редакцияда баяндалсын:
"2. Осы Келiсiмнiң ережелерi экономикалық бiрлестiктердің, шекаралық сауда-саттықтың, дамушы елдерге, еркiн экономикалық немесе кедендiк аймақтарға берiлетiн, iшкi заңдармен немесе халықаралық келiсiмдер негiзiнде реттелетiн жеңiлдiктiң шеңберiнде келiсушi тараптар беретiн келiсушi тараптардың құқықтары мен артықшылықтарына тиiспейдi".
33. 20-баптың 3-тармағы алынып тасталсын.
34. 21-бап алынып тасталсын.
35. 24-баптың 1-тармағы мына редакцияда баяндалсын:
"1. Осы Келiсiм қосылу сәтiнде қолданыста жүрген Келiсiм ережелерiн мойындайтын және оларды толық орындауға дайын екендігін білдіретін кез келген мемлекеттің қосылуы үшiн ашық".
36. 25-баптың 2-тармағы мына редакцияда баяндалсын:
"2. Келiсушi тараптың кез келгенi осы Келiсiм ережелерiн оның мақсаттарына айтарлықтай зиян келетiндей дәрежеде бұзған жағдайда басқа келiсушi тараптар Келiсiм ережелерiнiң немесе оның жекелеген ережелерiнiң әрекетiн тоқтату жолымен шектен тыс шаралар қолдануы мүмкiн."
Осы Хаттама оның келiсушi тараптары қол қойған барлық қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалуы туралы үшiншi хабарландырудың депозитарийi сақтауға берiлген күннен бастап күшiне енедi.
Қажеттi iшкi мемлекеттiк шараларды кешiктiрiп орындаған келiсушi
тараптар үшiн осы Хаттама депозитарийге тиiстi құжаттарды берген күннен бастап күшiне енедi. 1999 жылдың 2-сәуiрiнде Мәскеу қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқа данасында жасалды. Түпнұсқа данасы осы Хаттамаға қол қойған әрбiр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жiберетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Хатшысында сақталады. Әзірбайжан Республикасы Молдова Республикасы үшін үшін Армения Республикасы Ресей Федерациясы үшін үшін Беларусь Республикасы Тәжікстан Республикасы үшін үшін Грузия үшін Түрікменстан үшін Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасы үшін үшін Қырғыз Республикасы Украина үшін үшін Еркін сауда аймағын құру туралы Келісім Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттер, өзара экономикалық ынтымақтастықты еркiн дамытуға өз ықтиярын растай отырып, iс-тәжiрибеге нарықтық экономиканың принциптерiн енгiзе отырып,
Мәскеу қаласында жасалған, 1993 жылғы 24 қыркүйектегi Экономикалық одақты құру туралы шарттың ережелерiн дәйектi iске асыру бағытында iс-қимыл жасай отырып,
тауарлар мен қызмет көрсетулердiң еркiн қозғалысы үшiн жағдайларды қалыптастыра отырып,
өзара сауданың тепе-теңдiгiн және қатысушы мемлекеттердiң iшкi экономикалық жағдайын тұрақтандыруды қамтамасыз ете отырып,
өзара пайдалы кооперациялық байланыстар мен ынтымақтастықты дамыту негiзiнде қатысушы мемлекеттердiң экономикалық әлеуетiнiң өсуiне жәрдемдесе отырып,
өз мемлекеттерi халықтарының тiршiлiк деңгейiн ұдайы арттыруға ұмтылысын басшылыққа ала отырып,
Экономикалық одақты құрудың кезең-кезеңдiлiгiн негiзге ала отырып,
бұдан әрi Келiсiм деп аталатын еркiн сауда аймағын құру туралы келiсiмге кiре отырып, мына төмендегiлер жөнiнде келiстi:
1-бап
Жалпы ережелер
1. Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнің мақсаттарына қол жеткiзу үшiн Экономикалық одақты құрудың бiрiншi кезеңiндегi нақты міндеттердi шешуде өзара iс-қимыл жасауды қамтамасыз етедi, олар:
өзара саудадағы барабар ықпалы бар кеден баждарын, салықтар мен алымдарды және сандық шектеулердi бiртiндеп жоюға;
тауарлар мен қызмет көрсетулердің еркiн Қозғалысы үшiн басқа да кедергiлердi жоюға;
сауда және басқа да операциялар бойынша өзара есеп айырысулар мен төлемдердiң тиiмдi жүйесiн құруға және дамытуға;
осы Келiсiмнiң қатысушылары болып табылмайтын елдерге қатысында сауда саясатын үйлестiруге;
экономикалық саясатты Келiсiмнiң мақсаттарына қол жеткiзу үшiн қажет шамада (өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы, көлiк, қаржы, инвестициялар, әлеуметтiк орта, адал бәсекенi дамыту және т.б.) үйлестiруге;
салааралық және iшкi салалық кооперация мен ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа жәрдемдесуге;
Уағдаласушы Тараптардың заңдарын еркiн сауда аймағының тиiстi және тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажет шамада үндестiруге және/немесе бiрдейлендiруге бағытталады.
2. Келiсiмнiң аумағы Уағдаласушы Тараптардың кеден аумақтарын қамтиды.
3. Егер терминдердiң мағыналары Келiсiмде немесе Уағдаласушы Тараптардың өзге уағдаластықтары бойынша арнайы айқындалмаса, онда Уағдаласушы Тараптар оларды түсiндiру кезiнде Халықаралық шарттардың құқықтары туралы 1969 жылғы Вена конвенциясының ережелерiн басшылыққа алатын болады.
Келiсiмдi немесе оның жекелеген терминдерiн түсiндiруге байланысты
келiспеушiлiктер осы Келiсiмге байланысты дауларды реттеу үшiн қабылданған рәсiмдердiң тәртiбiмен шешiлетiн болады. 4. Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiне қайшы келетiн және оның мақсаттарына қол жеткiзуге кедергi болатын iс-қимылдарға бармайтын болады. Бұл ереже Уағдаласушы Тараптардың, атап айтқанда, басқа аймақтық топтарға қатысу шарттарына, сондай-ақ Келiсiмнiң шеңберiндегi қарым-қатынастарды реттеуге байланысты өзге де мәселелерге қатысты. 2-бап Қатыспайтын мемлекеттер қатысындағы режим Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмге қатыспайтын мемлекеттермен сыртқы экономикалық қарым-қатынастардың режимiн өз бетiмен және дербес айқындау құқығын сақтайды. 3-бап Барабар ықпалы бар кеден баждары, салықтар мен алымдар, және сандық шектеулер
1. Уағдаласушы Тараптар Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң кеден аумағынан шығарылған және басқа Уағдаласушы Тараптардың кедендiк аумағы үшiн арналған әкелуге және/немесе әкетуге арналған тауарларға барабар ықпалы бар кеден баждарын, салықтар мен алымдарды, сондай-ақ сандық шектеулердi қолданбайды. Осы сауда режимiнен ерекшелiктер осы Келiсiмнiң ажырамайтын бөлiктерi болып табылатын құжаттармен ресiмделедi.
2. Уағдаласушы Тараптар осы баптың 1-тармағына сәйкес осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап алты ай iшiнде еркiн сауда режимiнен алулардың жалпы тiзбесiн, сондай-ақ еркiн сауда аймағы құрылғанға дейiнгi өтпелi кезеңде осындай алуларды қолдану мен кезең-кезеңмен алудың әдiстерiн әзiрлеп бекiтедi.
3. Алулардың жалпы тiзбесiн келiскенге дейiн Уағдаласушы Тараптардың арасындағы қарым-қатынастарда, егер екiжақты келiсiмдермен өзгеше көзделмесе, еркiн сауда туралы қолданылып жүрген екiжақты келiсiмдер мен осы режимнен алулар туралы хаттамалар қолданылатын болады.
4. Тауар шығарылған ел Тауарлар шығарылған елдi айқындаудың
ережелерiне сәйкес анықталады, ол осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады (1-қосымша). 4-бап Техникалық және басқа да арнайы талаптар (шектеулер) 1. Уағдаласушы Тараптар өзара саудадағы техникалық тосқауылдар мен ұқсас сипаттағы басқа да шектеулердi жою мақсатында техникалық және басқа да арнайы талаптарды үндестiруге және осы саладағы өзiнiң саясатын келiсуге ұмтылатын болады. 2. Уағдаласушы Тараптар өзiнiң құзыреттi органдарына осы баптың бiрiншi тармағының ережелерiн көпжақты немесе екіжақты негiзде iске асыру үшiн тиiстi ұсыныстарды дайындауды жүктейдi. 5-бап Тауарларды әкелумен және әкетумен байланысты алымдар мен нысандылықтар
1. Уағдаласушы Тараптар өзара саудада тауарларды әкелумен немесе
әкетумен байланысты бекiтетiн барлық алымдар мен төлемдер (кеден баждары, салықтар мен оларға теңестiрiлген алымдарды қоспағанда) тiкелей шығындардың орынды шектерiнен аспауға тиiс. 2. Уағдаласушы Тараптар алымдар мен төлемдердiң түрлерi туралы хабардар ететiн және олардың саны мен мөлшерлерiн келiсiп қысқартуға ұмтылатын болады. 3. Уағдаласушы Тараптар әкiмшiлiк нысандылықтарын оңайлатуға және бiрдейлендiруге ұмтылатын болады. 4. Осы баптың ережелерi, атап айтқанда: сандық шектеулерге; лицензиялауға; валюталық бақылауға; статистикалық есепке; құжаттарға, құжаттамалар мен құжаттардың куәлiктерiне; талдаулар мен қарауларға; карантинге, санитарлық қызметке, фумигацияға және т.б. жататын алымдар мен нысандылықтарға таратылады. 6-бап Кедендiк рәсiмдердi бiрдейлендiру және/немесе үндестiру 1. Уағдаласушы Тараптар қолданылып жүрген халықаралық келiсiмдер мен уағдаластықтарға бейiмделе отырып, атап айтқанда, кедендiк және тауардың қоса тiркелген құжаттамасының бiрыңғай нысандарын енгiзу жолымен кедендiк нысандылықтарды барынша оңайлатуға және бiрдейлендiруге шаралар қолданады.
2. Уағдаласушы Тараптар өзiнiң құзыреттi органдарына кедендiк рәсiмдердi үндестiруге және кедендiк құжаттар мен кедендік қамтамасыз етулердi өзара тануға қатысты ұсыныстарды дайындауды жүктейдi.
7-бап
Тауарлық номенклатуралар
1. Уағдаласушы Тараптар тарифтiк және тарифтiк емес реттеудiң, статистикалық есептi жүргiзу және статистикалық ақпаратпен алмасудың шараларын жүзеге асырған кезде, сондай-ақ кедендiк бақылау мен ресiмдеу үшiн Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үндестiрiлген жүйесiне негiзделген сыртқы экономикалық қызметтiң тауарлық номенклатураларын пайдаланатын болады. Уағдаласушы Тараптар бұл ретте өз қажеттерi үшiн
қажет жағдайда ұлттық тауарлық номенклатураларын одан әрi дамытуды жүзеге асырады. 2. Тауарларды сипаттаудың және кодтаудың үндестiрiлген жүйесiнiң эталондық данасын жүргiзудi басқа Уағдаласушы Тараптар эталондық дананы дербес жүргiзетiнi туралы мәлiмденгенге дейiн Ресей Федерациясы тиiстi халықаралық ұйымдардағы қазiргi бар өкiлдiктер арқылы жүзеге асырады. 8-бап Iшкi салықтар мен қазынашылық сипаттағы басқа да алымдар 1. Уағдаласушы Тараптар басқа Уағдаласушы Тараптардың кедендiк аумағынан шығарылған тауарларды ұлттық тауарлар үшiн олардың деңгейiнен асатын мөлшердегi салықтарды және қазынашылық сипаттағы алымдарды тiкелей немесе жанама салмайтын болады. 2. Уағдаласушы Тараптар қолданылып жүрген барлық салықтар мен қазынашылық сипаттағы басқа да алымдар туралы толық ақпаратты табыс ететiн болады. 9-бап Субсидиялар
Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң аумақтарындағы кәсiпорындарға экспорттық және өзге де субсидияларды, егер осындай субсидиялар берудiң нәтижесiнде адал бәсекенiң жағдайлары бұзылатын болса, бермеуге келiстi.
10-бап
Транзит
1. Уағдаласушы Тараптар транзит еркiндiгiнің принципiн сақтау осы Келiсімнің мақсаттарына қол жеткiзудiң аса маңызды шарты және олардың еңбек пен кооперациялаудың халықаралық жүйесiне қосу процесiнiң елеулi элементi болып табылады деп келiстi.
2. Транзиттiк тасымалдаулар негiзсiз бөгелулерге немесе шектеулерге әкеп соқтырмауға тиiс.
3. Көлiктің кез-келген түрiмен тасымалдауға және қызмет көрсетулерге арналған тарифтердi қоса алғанда транзиттiң ережелерi, егер екiжақты келiсiмдермен өзгеше көзделмесе, Уағдаласушы Тараптар өз жiберушiлерi мен оларға тиесiлi тауарларды алушыларға, сондай-ақ осы Уағдаласушы Тараптың тасымалдаушылары мен көлiктiк құралдары үшiн немесе оларға тиесiлi тауарларды жiберушiлер мен алушыларға берiлетiн кез-келген шетел мемлекеттерiнiң тасымалдаушыларына және көлiк құралдары қамтамасыз етiлетiн шарттардан еш кем түспейтiн болуға тиiс.
11-бап
Керi экспорт
1. Әр Уағдаласушы Тарап экспорты қатысында аумағынан осы тауарлар шығарылған басқа Уағдаласушы Тараптар тарифтiк және/немесе тарифтiк емес реттеудiң шараларын қолданатын тауарлардың санкцияланбаған керi экспортына жол бермейтiн болады.
2. Уағдаласушы Тараптар шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге
тауарлардың керi экспортын қозғайтын ережелердi енгiзуге кедергi болмайтын болады. 3. Тауарлардың керi экспортымен байланысты мәселелер тауарлардың керi экспорты мен керi экспортқа арналған рұқсаттар берудiң тәртiбi туралы келiсiмге сәйкес реттеледi (2-қосымша), ол осы Келiсiмнің ажырамайтын бөлiгi болып табылады. 12-бап Өндiрiстiк кооперация мен ғылыми-техникалық ынтымақтастық Уағдаласушы Тараптар өндiрiстiк кооперация мен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты мемлекетаралық (салааралық, аймақтық) деңгейде және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң деңгейiнде, соның iшiнде мемлекеттiк қолдаудың түрлерi нысандарын ұсыну жолымен дамытуға ықпал ететiн болады. 13-бап Ерекшелiктер 1. Жалпы ерекшелiктер. Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың кез-келгенiнiң өзiнiң өмiрлiк мүдделерiн қорғау немесе ол қатысушы болып табылатын немесе қатысу ниетi бар халықаралық шарттарды орындау үшiн егер бұл шаралар: қоғамдық мораль мен қоғамдық тәртiптi қорғауға; адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғауға; жануарлар мен өсiмдiктердi қорғауға; қоршаған ортаны қорғауға; ұлттық игiлiктi құрайтын көркем, археологиялық және тарихи құндылықтарды қорғауға; өнеркәсiптiк және интеллектуалдық меншiктi қорғауға; алтынды, күмiстi немесе өзге де бағалы металдар мен асыл тастарды сатуға; орны толмас табиғи ресурстарды сақтауға;
өнiмнің, егер осы өнiмге арналған iшкi баға қолдаудың мемлекеттiк бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижесiнде дүниежүзiлiктен төмен болса, экспортын шектеуге;
төлем балансының бұзылуына қатысты болса, ол сөзсiз қажет деп санайтын халықаралық тәжiрибеде жалпы қабылданған шараларды қолдану құқығына кедергi жасалмайды.
2. Қауiпсiздiк түсiнiгi жөнiндегi ерекшелiктер Осы Келiсiмдегi ешнәрсе Уағдаласушы Тараптардың кез-келгенiнiң мемлекеттiк реттеудiң кез-келген шараларын, егер олар:
ұлттық қауiпсiздіктi, мемлекеттiк құпияға жататын құпия ақпараттың жариялануының алдын алуды қоса алғанда, қамтамасыз етуге;
қару-жарақты, әскери техниканы, оқ-дәрiнi сатуға, әскери сипаттағы қызметтер көрсетуге, технологияларды беруге және қару-жарақ пен әскери техниканы өндiру және басқа да әскери мақсаттарға қызметтер көрсетуге;
ыдырайтын материалдар мен радиоактивтiк заттардың көздерiн беруге, радиоактивтiк қалдықтарды ұқсатуға;
халықаралық қатынастарда соғыс уақытында немесе басқа да төтенше жағдайларда қолданылатын шараларға;
оның халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi сақтау үшiн БҰҰ-ының Жарғысының негiзiнде өзiнiң мiндеттемелерiн орындауға арналған iс-қимылдарға қатысты болса, кедергi жасалмайды қорғаныс қажеттiгімен байланысты өндiрiстер үшiн зерттеулерге қолдануға құқығын шектемейдi.
14-бап
Мемлекеттік реттеу шараларын енгiзу тәртiбi
1. Уағдаласушы Тараптар басқа Уағдаласушы Тараптарды мемлекеттiк реттеудiң шараларының себептерi, сипаты мен енгiзудiң көзделген мерзiмдерi мен iс-қимылдары туралы алдын ала хабарлайды.
2. Уағдаласушы Тараптар алдын ала консультациялар өткiзедi және
ұсыныстар әзiрлейдi. Уағдаласушы Тарап келiсiлген шешiм қабылдау мүмкiндiгi болмаған жағдайда осы баптың 1-тармағында айтылған мемлекеттiк реттеудiң шараларын алты ай мерзiмде өзiнiң қалауынша енгiзуге құқығы бар. 3. Уағдаласушы Тарап кейiнге қалдыруға болмайтын ерекше жағдайларда сыртқы экономикалық қызмет саласындағы мемлекеттiк реттеу шараларын бiруақытта хабарлаумен және басқа Уағдаласушы Тараптармен кейiн дереу консультациялар өткiзумен енгiзуге құқығы бар. 15-бап Экспорттық бақылау саласындағы ынтымақтастық Уағдаласушы Тараптар экспорттық бақылау мәселелерiнде ынтымақтасатын және келiсiлген iс-қимылдарды жүзеге асыратын болады. 16-бап Келiсiмнiң тауарлар қатысындағы ықпал аясы
Еркiн сауда режимiнiң аймағы Уағдаласушы Тараптардың кедендiк аумағынан шығарылған және Уағдаласушы Тараптардың кедендiк аумағына арналған тауарларға таратылады.
17-бап
Қызмет көрсетулер
1. Уағдаласушы Тараптар Келiсiм аумағының шектерiнде қызметтерді еркiн көрсету үшiн жағдайлар өзара негiзде жасау мақсатында шектеулердi бiрте-бiрте алуға ұмтылатын болады.
2. Уағдаласушы Тараптар осы баптың ықпалы таратылатын қызмет көрсетулердiң түрлерiн айқындайды және тауар айналымына тiкелей қызмет көрсету саласындағы импорты мен экспортын ырықтандыру мәселелерi бiрiншi кезекте шешiлуге тиiс қызмет көрсетулердiң басым түрлерiн айқындайды.
3. Уағдаласушы Тарап көпжақты да, екiжақты да негiзде қызметтер көрсетумен байланысты мәселелердi келiсу құқығын өзiнде қалдырады.
18-бап
Сыртқы экономикалық байланыстарды құқықтық реттеу
туралы ақпаратпен алмасу
Уағдаласушы Тараптар сыртқы экономикалық байланыстарды құқықтық реттеу туралы ақпаратты бiр-бiрiне келiсiлген тәртiппен ұсынады.
19-бап
Дауларды шешу тәртiбi
1. Уағдаласушы Тараптардың арасындағы осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiнуге және/немесе қолдануға қатысты кез-келген даулар мен келiспеушiлiктер, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптардың осы Келiсiм бойынша құқықтары мен мiндеттерiн қозғайтын басқа да немесе оған байланысты даулар мынадай жолмен шешiлетiн болады:
мүдделi Уағдаласушы Тараптардың өзара тiкелей консультациялар өткiзу жолымен немесе өзара келiсiм бойынша басқа Уағдаласушы Тараптардың өкiлдерiнің қатысуымен;
арнайы келiсiмдер рәсiмiнiң шеңберiнде (даудың материалдарын зерттеу және ұсыныстарды әзiрлеу үшiн жұмыс топтарын құру жолымен);
ТМД-ының экономикалық сотында;
халықаралық құқықпен көзделген өзге рәсiмдердiң шеңберiнде.
2. Араларында даулы мәселелер немесе келiспеушiлiктер туындаған Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсiм бойынша не рәсiм басталған күннен бастап алты ай iшiнде келiсiмге қол жеткiзiлмеген кезде бiрiнiң талабы бойынша келесi рәсiмге көшу мүмкiн болады.
20-бап
Осы Келiсiмнiң Уағдаласушы Тараптардың басқа да
мiндеттемелерiмен және құқықтарымен ара қатынасы
1. Осы Келiсiмдегi ешнәрсе Уағдаласушы Тараптардың кез келгенiне осы Уағдаласушы Тарап қатысушы болып табылатын немесе табылуы мүмкiн қандай да бiр басқа халықаралық келiсiмге сәйкес, егер ол мiндеттемелер осы Келiсiмнің ережелерi мен мақсаттарына қайшы келмейтiн болса өзiне алған мiндеттемелердi орындауға кедергi ретiнде қаралмауға тиiс.
2. Осы Келiсiмнiң ережелерi iшкi заңдармен немесе халықаралық келiсiмдердің негiзiнде реттелетiн аймақтық ынтымақтастық, шекара маңындағы және жағалаудағы сауда, преференциялар, еркiн экономикалық және кеден аумақтарының шеңберiнде берiлетiн құқықтар мен артықшылықтарды қозғамайды.
3. Осы Келiсiмнің қатысушы болып табылмайтын мемлекеттермен
преференциалдық, сауда және интеграциялық келiсiмдер жасауға ниетi бар Уағдаласушы Тарап осы туралы басқа Уағдаласушы Тараптарға алдын ала хабарлайды және аталған келiсiмдерде өзiнiң қатысуының көзделген шарттары туралы хабар етедi. Осы тармақтың мақсаттары үшiн Уағдаласушы Тараптар болып осы Келiсiмге қол қойған Уағдаласушы Тараптар және оған қосылған мемлекеттер болып табылады. 21-бап Кеден одағына көшу Еркiн сауда аймағы Кеден одағын қалыптастыруға өтпелi кезең ретiнде қаралады. Кеден одағы оның шеңберiнде ынтымақтастықты жалғастыруға ниет бiлдiрген және осы Келiсiмнiң ережелерiн орындаған мемлекеттер құруы мүмкiн. 22-бап Өзгерiстер мен толықтырулар 1. Осы Келiсiмге Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. 2. Осы Келiсiмге ескертпелерге жол берiлмейдi. 23-бап Күшiне ену 1. Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және оған қол қойған Уағдаласушы Тараптардың барлық қажеттi мемлекеттiк iшкi рәсiмдердің орындағаны туралы үшiншi хабарламаны депозитарийге сақтауға тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi. 2. Беларусь Республикасы осы Келiсiмнiң депозитарийi болып табылады. 3. Осы Келiсiмге қол қойылған күннен бастап бiр жыл iшiнде осы Келiсiм күшiне енген Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiм уақытша қолданылатын Уағдаласушы Тараптардың Келiсiмге қатысуы қатысында шешiм қабылдауы мүмкiн. 24-бап Қосылу 1. Осы Келiсiм қосылу сәтiне қолданылып жүрген Келiсiмнiң ережелерiн танитын және оларды толық көлемде орындауға дайындық бiлдiрген Тәуелсiз мемлекеттер Достастығына кез-келген қатысушы мемлекеттің қосылуы үшiн ашық. 2. Қосылу қосылатын мемлекетпен оны мен мемлекеттiк iшкi рәсiмдерге сәйкес барлық Уағдаласушы Тараптар алдын ала келiсуге және мақұлдануға жатуы тиiс жеке келiсiмде айқындалатын шарттарда және тәртiппен жүзеге асырылады. 25-бап Келiсiмге қатысуды тоқтату
1. Кез-келген Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптарға өзiнiң Келiсiмнен шығу ниетi туралы шығуға дейiн 6 ай бұрын ресми жазбаша хабарлама жiберу жолымен Келiсiмге өзiнiң қатысуын тоқтата алады.
2. Уағдаласушы Тараптардың кез-келгенi осы Келiсiмнiң мақсаттарына елеулi залал келтiретiн ережелерiн бұзған жағдайда басқа Уағдаласушы Тараптар Келiсiмнiң немесе оның жекелеген ережелерiнiң осы Уағдаласушы Тарапқа қатысында қолданылуын тоқтата тұру, не оны Келiсiмге қатысушылардың санынан шығару туралы шешiм қабылдауға құқылы.
3. Осы Келiсiмнiң ережелерi болуы ықтимал, оның iшiнде материалдық
сипаттағы, даулар мен талаптарды шешу мақсаттары үшiн қатысуды тоқтатқан Уағдаласушы Тараптың қатысында барлық талаптарды толық реттегенге дейiн қолданыла бередi. Мәскеу қаласында 1994 жылғы 15 сәуiрде орыс тiлiндегi бiр түпнұсқалық данада жасалды. Түпнұсқалық дана Беларусь Республикасы Үкiметiнiң архивiнде сақталады, ол осы Келiсiмге қол қойған Уағдаласушы Тараптарға оның расталған көшiрмесiн жiбередi. Әзірбайжан Республикасы үшін Молдова Республикасы үшін Армения Республикасы үшін Ресей Федерациясы үшін Беларусь Республикасы үшін Тәжікстан Республикасы үшін Грузия Республикасы үшін Түркменстан Республикасы үшін Қазақстан Республикасы үшін Өзбекстан Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшін Украина үшін Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.