Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оның зардабын жою саласында көмек көрсету туралы келісімді бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 7-II

Қолданыстағы

     Шолпан-Атада 1998 жылғы 17 шілдеде жасалған Қазақстан 
Республикасының, Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының және 
Өзбекстан Республикасының арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және 
оның зардабын жою саласында көмек көрсету туралы келісім бекітілсін.
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
     
           Қазақстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының, 
         Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан Республикаларының        
             арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оның 
                 зардабын жою саласында көмек көрсету туралы 
     
                                    Келісім 
     
     Осы Келісімге қатысушы-мемлекеттер, бұдан әрі Тараптар деп аталады, 


      1997 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы мен Өзбекстан Республикалары арасындағы мәңгілік достастық туралы Шарттың мақсаттары мен принциптерін басшылыққа ала отырып;
      аймақтардың экологиялық жүйелерінің байланыстылығын және төтенше жағдайлардың болу мүмкіндігін, оның зардабын Тараптардың біреуінің күші және құралымен жоя алмайтындығын, сонымен қатар қатысушы-мемлекеттердің іс-қимылдарын үйлестіру қажеттігін ескере отырып;
      төтенше жағдай кезінде зардап шеккен Тараптарға халықаралық құқық негізінде қажетті көмек көрсетуде аймақтық ынтымақтастықты жалғастыру мен дамытуға ұмтыла отырып;
      төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардабын жоюда, авариялық-құтқару күштерін, материалдық-техникалық, медициналық, азық-түлік, қаржы қорларын және ақпарат құралдарын бірлесіп пайдалану қажеттігін назарға ала отырып;
      төтенше жағдай кезінде халықаралық көмек көрсетуде БҰҰ-ның күшін, сонымен қатар осы салаларда шарттық-құқық базаларын қалыптастыру мен олардың іс-қимыл жасауына үлес қосуға тырысуды қолдай отырып,
      мына төмендегілер жайында келісті:

                          1 Бап. Қолдану аясы

      Осы Келісім төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою кезінде адамның өмірі мен денсаулығына зиян немесе едәуір материалдық шығын келтіретін, оларды бір Тараптың күшімен және құралымен жою мүмкін еместігі жағдайда қолданылады.
      Осы Келісім төтенше жағдай кезінде үйлестірілген көмек шегін белгілейді.

                            2 Бап. Анықтама

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:
      төтенше жағдай - нақты аумақта аварияның, қауіпті табиғи құбылыстың, техногендік сипаттағы стихиялық немесе басқа жағдайдағы опаттың салдарынан, адам өліміне әкеп соқтыратын, адамның денсаулығына немесе айналаны қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізетін нысандарға едәуір материалдық шығын келтіретін және адам өміріне қауіп төндіретін жағдай;
      төтенше жағдайлардың алдын алу - болуы ықтимал төтенше жағдайлар кезінде қауіп-қатерді азайтуға бағытталған, сонымен қатар адам өмірін сақтауға, айналаны қоршаған ортаға келтіретін шығын мөлшерін және материалдық шығынды төмендетуге бағытталған кешенді шаралар;
      көмек беруші - әртүрлі сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу немесе жою мақсатында сұратушы Тарапқа беруші Тараптың көмек көрсетуі;
      көмек сұратушы Тарап - келесі Тараптан көмек, жүк және тиісті жабдықтар сұратып, топ жіберуді сұрап өтініш жасайтын Тарап;
      көмек беруші Тарап - көмек, жүк және тиісті жабдықтармен топ жіберуді сұрап өтініш жасайтын Тарап;
      құзырлы орган - осы Келісімді жүзеге асыруға байланысты жұмыстарға басшылық жасау және үйлестіру үшін әр Тараптың тағайындаған органы;
      көмек көрсету жөніндегі топтар - көмек беруші Тарапқа көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп, ұйымдастырылған мамандар тобы;
      төтенше жағдайларды жою - төтенше жағдай кезінде адамдар өмірін сақтауға және оларды құтқаруға, айналаны қоршаған ортаға келтірілетін зиян мөлшерін және материалдық шығынды азайтуға, сонымен қатар төтенше жағдай аймағын жоюға, қауіпті факторлардың іс-әрекетін тоқтатуға бағытталған авариялық-құтқару және басқа да қалыптастыру жұмыстары;
      төтенше жағдай аймағы - төтенше жағдай болған аумақ;
      авариялық-құтқару жұмыстары - төтенше жағдай аймағында адамдарды құтқаруға, материалдық және мәдени құнды заттарды, табиғи ортаны қорғауға бағытталған іс-әрекет, төтенше жағдайды жою және оларға тән қауіпті факторларды мейлінше басу;
      жабдықтау - көмек көрсету жөнінен материалдармен, техникалық және көлік құралдарымен жабдықталатын топтар;
      көмек көрсету жүктері - төтенше жағдайдан зардап шеккен халық арасында тегін бөлу үшін тағайындалған материалдық қаржы;
      транзит мемлекеттер - көмек көрсету жөнінен аумағы арқылы жабдықтар, қамтамасыз ету материалдарын және көмек көрсету жүктерін таситын топтар, осы Келісімнің қатысушы-мемлекеттері.

           3 Бап. Құзырлы органдар және хабарландыру жүйелері

      Осы Келісімді орындау жөніндегі Тараптардың құзыретті органдары болып:
      Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігі;
      Қырғыз Республикасынан - Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі министрлігі;
      Тәжікстан Республикасынан - Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс істері жөніндегі комитеті;
      Өзбекстан Республикасынан - Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі саналады.
      Тараптар басқа құзыретті органдарды тағайындаған күнде, дипломатиялық каналдар арқылы жазбаша түрде бірін-бірі хабардар етеді.
      Тараптармен келісілген құзыретті органдар төтенше жағдайлар туралы алдын-ала ескерту мен хабарлаудың кешенді мерзім жүйелерін құрады. Берілген жүйені құру және іске қосу жағдайы арнайы ведомствоаралық Хаттамамен реттеледі.

                     4 Бап. Ынтымақтастық нысандары

      Тараптар көмек көрсетуді төмендегі нысан бойынша жүзеге асырады:
      қауіпті техногендік және экологиялық процесстер, сонымен қатар табиғи құбылыстар мониторингін ұйымдастыру және өткізу;
      өте қауіпті нысандар мен айналаны қоршаған ортаның жағдайы, болуы ықтимал төтенше жағдайлардың жүру барысы мен дамуы және олардың зардабы, оларды жою жөнінде қолданылатын шаралар туралы бір-біріне хабарлау;
      халықты төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл жасауға дайындауды, оның ішінде алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуге дайындау;
      төтенше жағдайларды жою жөніндегі мүдделі мемлекеттер құрылымдарының өзара әрекеттестігін үйлестіру;
      өнеркәсіп авариясының, опаттың және табиғи апаттың кесірінен халыққа және айналаны қоршаған ортаға келтірілетін ластанудың қатерін бағалау;
      ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесіп жоспарлау, дайындау және жүзеге

асыру, ғылыми-техникалық әдебиеттермен, зерттеу жұмыстарымен және 
технологиямен алмасу;
     ақпаратпен, методикалық және басқа да әдебиеттермен, бейне және 
фотоматериалдармен алмасу; 
     Тараптардың құзыретті органдарының арасындағы өзара әрекеттестікті 
қамтамасыз ету;
     төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды 
жоспарлау және жүзеге асыру;
     төтенше жағдайларды жою кезінде өзара көмек көрсету және зардап 
шеккен халықты Келісімге қатысушылар аумағына орналастыру жөнінде шаралар 
қабылдау;
     төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы 
Тараптардың құзыретті органдарымен келісілуі мүмкін басқа да 
іс-әрекеттері. 
     
            5 Бап. Көмек және ақпаратпен алмасу туралы сұрау 
     
     Тараптар төтенше жағдай кезінде көмек көрсетуді сұрайды. 


      Көмек сұратушы Тараптан төтенше жағдайдың сипаты, қажетті көмектің түрі мен көлемі туралы ақпарат алған жағдайда, сұрау негізінде беріледі.
      Көмек беруші Тарап қысқа мерзім ішінде көмек сұраушы Тараптың сұрау өтінішін қарайды және көрсетілетін көмектің көлемі мен жағдайы туралы хабарлайды.

                            6 Бап. Транзит

      Транзит-мемлекеттердің Үкіметі өзінің мемлекетінің аумағы арқылы көмек беруші Тараптың ұлттық заңына және халықаралық ережелеріне сәйкес көмек көрсету жөніндегі топтардың жабдықтары мен жүктерінің кедергісіз өтуін қамтамасыз етеді.

                  7 бап. Көрсетілетін көмек түрлері

      Төтенше жағдайларды жою кезінде көмек көрсету жөніндегі топты және көмек көрсететін жүктерді жіберу арқылы немесе басқаша сұрату нысаны бойынша көмек көрсетіледі.
      Әрбір нақты жағдайда көрсетілетін көмектің шарты, түрі, көлемі және мерзімі Тараптардың құзыретті органдарымен келісіледі.
      Көмек көрсету жөніндегі топтар төтенше жағдайлар аймағында авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшін пайдаланылады.
      Көмек көрсету жөніндегі топтардың іс-қимылына шұғыл басшылықты және үйлестіруді сұратушы Тараптың құзыретті органдары осы топтың басшылары арқылы жүзеге асырады.
      Сұратушы тарап көмек көрсету жөніндегі топтардың басшыларын төтенше жағдай аймағындағы және нақты учаскелердегі жағдай туралы хабардар етіп отырады және қажет болған жағдайда бұл топтарды аудармашылармен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етеді, сонымен қатар күзет қояды және ақысыз медициналық көмек көрсетеді.
      Көмек көрсету жөніндегі топтарды жабдықтау үшін төтенше жағдай аймағына автономдық іс-қимыл енгізу үшін 72 сағат жеткілікті. Қорлары біткен жағдайда сұратушы Тарап көрсетілген топтардың одан әрі жұмыс істеуі үшін оларды қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді.

           8 бап. Көмек көрсету жөніндегі топтардың мемлекеттік
                    шекараны өту шарттары және көмек сұраушы
                    Тарап мемлекетінің аумағына кіру тәртібі

      Көмек көрсету жөніндегі топтың мүшелері көмек сұраушы Тарап мемлекетінің немесе транзит-мемлекет шекарасын халықаралық қатынас жолдары бойынша ашылған өткізу пункттері арқылы төлқұжатымен немесе өзін растайтын басқа құжаттармен өтеді. Топтың басшысында көмек көрсету жөніндегі топ мүшелерінің тізімі және оның өкілдігін растайтын, көмек беруші Тараптың құзыретті органы берген құжаты болуы тиіс.
      Кинология топтарын шекарадан өткізу тәртібі мен көмек сұраушы Тараптың мемлекет аумағына келу тәртібі көмек сұраушы Тарап мемлекетінің аумағында қолданып жүрген карантин ережесіне сәйкес анықталынады.
      Көмек көрсету жөніндегі топтың мүшелері көмек сұраушы Тараптың мемлекет аумағына келген соң сол мемлекеттің заңын сақтауы керек. Бұл жағдайда олар көмек беруші Тарап мемлекетінің еңбек заңы мен соған байланысты мәселелер саласының құқығында болады.
      Көмек көрсету жөніндегі топтың құрамында әскери қызметкер болса, әскери қызметкердің мәртебесін реттейтін, көмек беруші Тарап мемлекетінің заңындағы іс-әрекет қолданылады.
      Көмек көрсету жөніндегі топ, олардың жабдықтары, қамтамасыз ету материалдары және көмек көрсететін жүктері автомобиль, темір жол, су және әуе көлігімен жүзеге асырылады.
      Көрсетілген көлік түрлерін пайдалану тәртібін тиісті министрліктермен және ведомстволармен келісу бойынша Тараптардың құзыретті органдары анықтайды.

             9 Бап. Төтенше жағдайды жою кезінде жабдықтарды
                      және көмек көрсететін жүктерді әкелу,
                            әкету және транзиттеу

      Төтенше жағдайларды жою кезінде көмек көрсету үшін көмек сұраушы Тараптың аумағына көмек беруші Тараптың аумағынан әкелінетін жабдықтар және көмек көрсететін жүктер кеден бажынан, салықтан, жиналымнан босатылады.
      Жабдықтар мен жүктерді кеден ресімінен өткізу Тараптардың құзыретті органдары берген, көмек көрсету жөніндегі топтың құрамы, әкелінетін немесе әкетілетін жабдықтар мен жүктердің тізімі көрсетілген хабарлау негізінде, жеңіл түрінде бірінші болып жүргізіледі.
      Көмек көрсету жөніндегі топтарға тек қана авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге қажетті жабдықтардан басқа, қандай да болмасын тауарлар өткізуге рұқсат етілмейді.
      Жұмыс біткеннен кейін көмек көрсету үшін апарылған жабдықтар көмек сұраушы Тараптың аумағынан әкетіледі. Егер жабдықтарды әкету қажеттігі болмаған жағдайда, ол келісім бойынша көмек сұраушы Тараптың құзыретті органына көмек ретінде ақысыз беріледі. Мұндай жағдайда көмек сұраушы Тараптың құзыретті және кеден органдарына берілетін жабдықтардың түрін, санын және орналасқан жерін жазбаша түрде көрсетіп хабарлау қажет.
      Көмек сұраушы мемлекет аумағында зардап шеккендерге шұғыл дәрігерлік көмек көрсету қажет болған жағдайда, құрамында есірткісі бар қажетті медициналық дәрі-дәрмектер апарылуы мүмкін. Мұндай жағдайда көмек көрсету жөніндегі топтың басшысы кеден органдарына көмек беруші және көмек сұраушы Тараптардың берген, құрамында есірткісі бар медициналық дәрі-дәрмектер туралы, олардың саны мен тізбесі көрсетілген декларациясын көрсетеді.
      Көрсетілген медициналық дәрі-дәрмектер көмек сұраушы Тарапқа берілмейді және осы Тараптың өкілдерінің бақылауымен мамандандырылған дәрігерлік қызметкер ғана пайдалана алады.
      Құрамында есірткісі бар пайдаланылмаған медициналық дәрі-дәрмектер, көмек сұраушы Тараптың кеден бақылауымен осы дәрі-дәрмектердің тізімін және санын растайтын құжат негізінде әкетіледі. Пайдаланылған құрамында есірткісі бар медициналық дәрі-дәрмектер туралы көмек сұраушы Тараптың кеден органдарына олардың пайдаланғандығы туралы көмек көрсету жөніндегі топтың басшысы мен дәрігерінің қолы қойылған және көмек сұраушы Тараптың құзыретті органы өкілінің қолы қойылып мөр басылған актісі көрсетіледі.

                 10 бап. Әуе кемелерін пайдалану

      Көмек беруші Тараптың құзыретті органы көмек сұраушы Тараптың құзыретті органына көмек көрсету үшін әуе кемелерін пайдаланғандығы жөнінде және олардың түрлері мен оларды танып айыру белгілері, маршруттары, экипаж мүшелерінің саны, жүк түрлері, ұшу және қону уақыты мен орны көрсетілген шешім туралы хабарлайды.
      Көмек сұраушы Тарап өзінің мемлекетінің аумағындағы тиісті бір пунктке ұшып өтуіне рұқсат береді.
      Ұшу әр Тараптың халықаралық азаматтық авиациясы белгілеген ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.
      Көмек беруші Тарап әуежайдан ұшқанына, қонғанына және одан әуе кемелерінің ұшқанына төленетін төлемнен, сонымен қатар радионавигациялық қызмет көрсету төлемінен босатылады.
      Көмек көрсету кезінде пайдаланылған жанар жағар майға кеткен шығын және көмек беруші Тараптың әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуге жұмсалған шығын туралы мәселелер әрбір нақты жағдайда бөлек шешіледі.

               11 бап. Шығын мен зиянның орнын толтыру

      Төтенше жағдайлар кезінде көмек адамгершілік және көршілік қарым-қатынас принципіне сүйеніп, ереже бойынша ақысыз негізде көрсетіледі.
      Егер көмек сұраушы және көмек беруші Тараптар көмек көрсетуге байланысты шыққан шығынның орнын толтыруға келіссе, көмек беруші Тарап өзінің көмегін жеңілдетілген жағдайда көрсетеді.
      Көмек беруші Тараптың көмек көрсету жөніндегі топ мүшесі жараланса (қайтыс болса), көмек сұраушы Тарап медициналық жедел көмек көрсетуге, жаралы адамды (қайтыс болған адамды) көмек беруші Тараптың аумағына тасымалдауға байланысты жұмсалған шығынды өзі көтереді.
      Егер көмек көрсету жөніндегі топтың мүшесі осы Келісімді жүзеге

асыруға байланысты тапсырманы орындау кезінде, көмек сұраушы Тараптың 
аумағында заңды немесе жеке тұлғаға зиян келтірсе, онда заңға сәйкес көмек 
сұраушы Тарап зиянның орнын толтырады. 
     Көмек көрсету жөніндегі топ мүшесі әдейі немесе өрескел 
немқұрайдылықпен зиян келтірсе, онда көмек беруші Тарап зиянның орнын 
толтырады. 
     
                       12 бап. Дауды шешу 
     
     Осы Келісімді талдауға немесе қолдануға байланысты туған даулы 
мәселелер, кеңес беру немесе Тараптардың келіссөз жүргізуі арқылы 
шешіледі. 
     Осы Келісімнің ережелері Тараптармен қабылданған басқа халықаралық 
шарттарға сәйкес міндеттемелерді қозғамайды. 
     
           13 бап. Келісімге өзгерту мен толықтырулар енгізу 
     


      Осы Келісімге, Тараптардың келісімі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, олар жеке Хаттамамен ресімделеді, Келісімнің ажыратылмайтын бөлігі болып саналады.

                          14 Бап. Күшіне ену

      Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап, ал заңы ішкі мемлекеттік рәсімдерді орындауды талап ететін мемлекеттер үшін жазбаша хабарландыруға сәйкес депозитарий тапсырған күнінен бастап күшіне енеді.
      Осы Келісім барлық Тараптардың келісімі бойынша, олардың принципі мен мақсатын бөлісетін басқа да мемлекеттердің қосылуы үшін ашық.
      Осы Келісімнің қай Тарабы болмасын депозитарийға жазбаша түрде хабарлау жіберу арқылы одан шығуына болады. Осы Келісімнің бұл Тарапқа қатысты іс-әрекеті депозитарий хабарламаны алғанына алты ай болғаннан кейін тоқтатылады.
      Осы Келісімнің іс-әрекетіне сәйкес басталып, бірақ оның тоқтауына

дейін аяқталмаған іс-әрекеті, егер Тараптар ол туралы келіспесе 
қозғалмайды. 
     
     Осы Келісім бес жылға жасалынады, егер Тараптар басқа шешім 
қабылдамаса, автоматты түрде келесі бес жылға созылады. 
     1998 жылдың 17 шілдесінде Чолпан-Ата қаласында түп нұсқасы бір данада 
орыс тілінде жасалынды. 
     Түп нұсқасының данасы Қазақстан Республикасының, Қырғыз 
Республикасының, Тәжікстан Республикасының және Өзбекстан 
Республикаларының Мемлекетаралық Кеңесінің Атқарушы комитеттерінде бар, әр 
қатысушы-мемлекетке оның қол қойылып мөр басылған көшірмесі жіберіледі. 
     
      Қазақстан           Қырғыз           Тәжікстан          Өзбекстан 
     Республикасы       Республикасы      Республикасы       Республикасы 
        үшін               үшін               үшін               үшін 
     
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Икебаева Ә.Ж.