Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сыртқы шекараны күзетудегі бірлескен күш-жігер туралы шартты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 2-II

Қолданыстағы

     Алматыда 1995 жылғы 30 маусымда жасалған Қазақстан Республикасы мен 
Ресей Федерациясы арасындағы Сыртқы шекараны күзетудегі бірлескен 
күш-жігер туралы шарт бекітілсін.
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
          
            Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
          арасындағы Сыртқы шекараны күзетудегі бірлескен
                        күш-жігер туралы
     
                             Шарт
     
     Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы, бұдан әрi Тараптар 
делiнедi,


      сыртқы шекараны күзету жөнiндегi ынтымақтастық туралы 1993 жылғы

24 желтоқсандағы меморандумды iске асыру мақсатында,
     Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Сыртқы
шекараны күзетудегi ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 21 қазандағы Шартты 
және Қазақстан - Ресей ынтымақтастығын кеңейту мен тереңдету туралы
1995 жылғы 20 қаңтардағы Декларацияны негiзге ала отырып,
     мына төмендегiлер жөнiнде уағдаласты:
     
                          1 бап
     
     Осы Шарттың мақсаты үшiн "Сыртқы шекара" терминi Қазақстан 
Республикасы мен Ресей Федерациясының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына
кiрмейтiн мемлекеттермен арадағы мемлекеттiк шекараларының учаскелерiн
бiлдiредi.
     
                          2 бап
     
     Сыртқы шекараны күзетудi Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi 
және Ресей Федерациясының Шекара әскерлерi ынтымақтаса отырып, жүзеге 
асырады.
     
                           3 бап
     
     Тараптар сыртқы шекараны күзету мен сол арқылы өтудi реттейтiн 
өздерiнiң заңдық және өзге нормативтiк актiлерiн үйлестiру шараларын
қолданады.
     Тараптар осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 2 ай мерзiм iшiнде
шекара мәселелерiне қатысты заңдық және өзге нормативтiк актiлерiмен
алмасады.
     Жоғарыда аталған мәселелер бойынша заңдық және өзге нормативтiк
актiлер, бұдан кейiнгi алмасу бұлар күшiне енгеннен кейiн жүзеге 
асырылатын болады.
     
                            4 бап
     


      Тараптар Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi мен Ресей Федерациясы Шекара әскерлерiнiң сыртқы шекараны күзетудегi бiрлескен күш-жiгерiн үйлестiру үшiн Yйлестiру кеңесiн құрады.
      Үйлестiру кеңесi қызметiн өзi туралы Ережеге сүйенiп жүзеге асырады (N 1 қосымша).

                             5-бап

      Сыртқы шекараны күзетудегi келiсiлген шешiмдердi iске асыру, шекара әскерлерiнiң бiрлескен нақтылы iс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң Ресей Федерациясы Оперативтiк тобы, және Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң Ресей Федерациясында Оперативтiк тобы құрылып, олардың әрқайсысының саны 126 әскери қызметшiлерге дейiн болады, бұған Каспий теңiзiндегi шекара қызметтерiнiң бiрлескен iс-қимылы қосылады. Оперативтiк топтардың құрылымы мен оларды жасақтау тәртiбiн Тараптардың шекара ведомстволарының басшылары нақтылайтын болады, бұл жайында бөлек хаттама жасалады.
      Тараптардың Шекара әскерлерiнiң арнаулы ақпараттық бiрлескен iс-қимылының мәселелерi бойынша жеке хаттама жасалады.
      Тараптардың Оперативтiк топтары өз қызметiн өздерi туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады (N 2 және N 3 қосымшалар).
      Оперативтiк топтарды қаржыландыру тәртiбi Хаттамалармен анықталады (N 4 және N 5 қосымшалар).

                           6 бап

      Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi Оперативтiк тобының және Ресей Федерациясының Шекара әскерлерi Оперативтiк тобының әскери қызметшiлерi табиғи бүлiншiлiк пен апаттардың зардаптарын жоюдан басқа Оперативтiк топтар туралы ережеде айтылмаған мiндеттердi орындауға тартылмайды.

                            7 бап

      Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi Оперативтiк тобының және Ресей Федерациясының Шекара әскерлерi Оперативтiк тобының әскери қызметшiлерiне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiне тиiсiнше Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы әскери қызметшiлердiң мәртебесiн айқындайтын заңдары мен нормативтiк актiлерi толық ауқымында қолданылады. Оларға тиiсiнше Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар сақталады.

                            8 бап

      Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi Оперативтiк тобының және Ресей Федерациясының Шекара әскерлерi Оперативтік тобының әскери қызметшiлерi, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерi өздерi жүрген мемлекеттiң Конституциясын, оның заңдарын сақтап, Қазақстан - Ресей халықтарының ұлттық дәстүрлерi мен ғұрыптарын құрметтейтiн болады.
      Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi Оперативтiк тобының және Ресей Федерациясының Шекара әскерлерi Оперативтiк тобының әскери қызметшiлерiнiң, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiне, құқықтық және әлеуметтiк қорғалуына кепiлдiк берiледi.

                         9-бап

      Қазақстан Тарабы Ресей Федерациясының Шекара әскерлерi Оперативтiк тобының пайдалануына қызмет және тұрғын жай, почта, телеграф - телефон мен радио байланысы құралдарын бередi.
      Ресей Тарабы Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi Оперативтiк тобының пайдалануына қызмет және тұрғын жай, почта, телеграФ - телефон мен радио байланысы құралдарын бередi.
      Тұрғын жай өзара негiзiнде берiледi.

                        10 бап

      Тараптар қолданатын заңдылықтар:
      а) әскери қызметшiлерi жүрген Тараптың азаматтарына қарсы жасалған жалпылама қылмыстардан басқа кезде өздерiнiң оперативтiк тобының әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiне қатысты;
      ә) оперативтiк топтардың әскери қызметшiлерi әскери қызметтiң мiндеттерiн атқаруына байланысты жасалған әскери қылмыстар мен құқық бұзушылыққа барған жағдайда.
      Тараптардың заңдық қағидасына жататын iстердi қараған кезде тиiстi Тараптың заңдары қолданылады және оның құзырлы органдары iс жүргiзедi.
      Басқа жағдайда өздерi жүрген Тараптың заңдық қағидасы жүзеге асырылып, оның заңдары қолданылады және құзырлы органдары iс жүргiзедi.

                          11 бап

      Тараптар жыл сайын тиiстi хаттамамен белгiленген шарттарға сүйенiп, шекара әскерлерiн материалдық-техникалық қамтамасыз етуде, сондай-ақ сыртқы шекара күзетiнде қолданылатын қару-жарақты, техника мен жабдықтарды әзiрлеуде, тапсырыстарды орналастыруда, дайындауда, iске қосуда және жөндеуде бiр-бiрiне көмек көрсетедi.

                           12 бап

      Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi мен Ресей Федерациясының Шекара әскерлерi жеке хаттамаға сәйкес Тараптардың мемлекеттiк шекарасында қалыптасып отырған ахуал туралы, сондай-ақ мемлекеттiк шекараны күзетуге байланысты және өзара мүдделiлiк туғызатын басқа да мәселелер бойынша уақтылы әрi келiсiлген ақпарат алмасуды жүзеге асыратын болады.
      Аталған ақпаратпен алмасу қайтарымсыз негiзде жүзеге асырылатын болады.
      Тараптардың шекара әскерлерiнiң архив материалдарымен пайдалану тәртiбi тиiстi хаттамамен анықталатын болады.

                           13 бап

      Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi мен Ресей Федерациясының Шекара әскерлерi арасындағы сыртқы шекараны күзету мүддесiндегi оперативтiк-iздестiру қызметiндегi ынтымақтастық жеке хаттамаға сәйкес жүзеге асырылады.

                           14 бап

      Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi мен Ресей Федерациясының Шекара әскерлерi авиациясының қызметiн қамтамасыз ету үшiн Тараптар әуе кемелерiне өздерiнiң әуе кеңiстiгiн, аэропорттарын, аэродромдарын (қону алаңдарын) өтеусiз пайдалану, навигациялық, метеорологиялық және өзге ақпарат алып тұру құқығын бередi.
      Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының әуе кеңiстігiнде

ұшақтар мен тiкұшақтардың ұшуын қамтамасыз ету Тараптардың заңдарына 
сәйкес, әрi белгiленген ережелер сақталып қамтамасыз етiледi.
     Әуе кемелерiнiң қамту, оларды жанар-жағар маймен қамтамасыз ету 
Тараптардың шекара ведомстволары арасындағы өзара есеп айырысу жолы ақылы 
түрде жүзеге асырылады.
     
                         15 бап
     
     Тараптар кадрлар даярлауды, оның iшiнде кiшi мамандар даярлауды
жеке хаттамаға сәйкес жүзеге асырады.
     
                         16 бап
     


      Тараптар әскери қызметiн одан әрi өткеру үшiн әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiнен Ресей Федерациясының Шекара әскерлерiне ауыстыруға немесе керiсiнше ауыстыруға қатысты мәселелердi шешуде ынтымақтастық жасайды.

     Тараптар әскери қызметiн одан әрi өткеру үшiн Қазақстан 
Республикасының Шекара әскерлерiнен Ресей Федерациясының Шекара әскерлерiне
ауысуға тiлек бiлдiрген өздерiнiң әскери қызметшiлерiнiң, сондай-ақ 
олардың отбасы мүшелерiнiң құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерiн 
шектеуге жол бермейдi.
     
                        17 бап
     
     Осы Шартқа қосылған ережелер мен хаттамалар оның ажыратылмас бөлiгi 
болып табылады.
     
                        18 бап
     
     Осы Шарттың ережелерiн орындау жөнiндегi шараларды iске асыру үшiн 
Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң Қолбасшысы мен Ресей 
Федерациясы Шекара әскерлерiнiң Бас қолбасшысы тиiстi хаттамаларға қол
қояды.
     
                        19 бап

     Осы Шартты пайдалану мен қолдануға қатысты пікір кереғарлығы 
келіссөздер мен консультациялар жолымен шешіледі.
     Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Шартқа өзгерістер мен 
толықтырулар енгізілуі мүмкін.
     
                        20 бап
     


      Осы Шарт Тараптар оның іске қосылуына алғышарт жасайтын мемлекеттік ішкі процедуралардың орындалғаны туралы хабарлама алмасқан мезгілден күшіне енеді, сөйтіп бес жыл бойы қолданылады, содан кейін егер Тараптардың біреуі Шарттың қолданылуын тоқтатқысы келетіні жөнінде, ниет білдірмесе, әрі бұл жөнінде ол келесі Тарапты кезекті кезең аяқталардан алты ай бұрын жазбаша хабардар етпесе, онда Шарт келесі бесжылдық кезеңге өздігінен ұзартылып отырады.
      Осы Шарт қол қойылған күннен бастап уақытша қолданылады.
      1995 жылғы 30 маусымда Алматы қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілінде екі данада жасалды, әрі екі мәтіннің бірдей күші бар.
     Қазақстан Республикасы             Ресей Федерациясы
     үшін                               үшін


                                Қазақстан Республикасы мен Ресей

Федерациясы арасындағы сыртқы шекараны күзетудегi бiрлескен күш-жiгер туралы Шартқа N 1 қосымша


                     Yйлестiру кеңесi туралы
                             Ереже

                   1 бап

      Үйлестiру кеңесi - Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi мен Ресей Федерациясы Шекара әскерлерiнiң сыртқы шекараны күзетудегi бiрлескен күш-жiгердi үйлестiру және осы Шарттың ережелерiн жүзеге асыру үшiн құрылған алқалық орган.
      Үйлестiру кеңесi өз қызметiнде осы Ереженi басшылыққа алады.

                    2 бап

      Үйлестiру кеңесiнiң құрамына: Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң Қолбасшысы мен Ресей Федерациясы Шекара әскерлерiнiң Бас қолбасшысы, олардың 2-3 орынбасарлары, сондай-ақ солардың шешiмдерi бойынша Тараптардың шекара әскерлерiнiң басқа да өкiлдерi кiредi.

                    3 бап

      Үйлестiру кеңесiнiң негiзгi функциялары:
      шекара әскерлерi жөнiндегi Тараптардың арасындағы уағдаластықтың орындалуын өздерiнiң өкілеттiк шегiнде қамтамасыз ету;
      сыртқы шекараларды күзетудiң тиiмдiлiгiн арттыру жөнiнде жедел шешiмдер қабылдауды әзiрлеу;
      сыртқы шекараны жайластыру мен жабдықтау жөнiнде келiсiлген шешiмдер қабылдау үшiн ұсыныстар әзiрлеу;
      өзара мүдделердi көздейтiн шекараны күзету мәселелерi бойынша ақпараттар алмасуды ұйымдастыру;
      сыртқы шекараны күзетуге келiсiлген тәсiлдер жасау;
      сыртқы шекарада күтпеген жағдайлардың пайда болу кезiнде өзара iс-әрекеттi ұйымдастыру;
      Тараптардың шекара әскерлерiнiң қызмет саласында заң және басқа да нормативтiк актiлердiң үйлесiмдiгi жөнiнде ұсыныстар жасау;
      Тараптардың оқу орындарында шекара әскерлерi үшiн кадрлар дайындауға қатысты, сондай-ақ одан әрi әскери қызметтерiн атқару үшiн әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiне Ресей Федерациясының Шекара әскерлерiнен ауыстыру және осы iстi керiсiнше атқару мәселелерiн келiсу;
      Тараптардың шекара әскерлерiне материалдық-техникалық құралдарды жеткiзу мәселелерiне келiсу және жүзеге асыру;
      Үйлестiру кеңесi Тараптардың сыртқы шекараны күзетуге және шекара қызметiне қатысты басқа да мәселелердi қарай алады.

                          4 бап

      Үйлестiру кеңесi жұмысының негiзгi нысандары болып Тараптардың шекара әскерлерi басшыларының келiсiмдерi бойынша қажеттi-жағдайларда өткiзiлетiн мәжiлiстер, кеңестер, консультациялар және сол сияқтылар болып табылады.
      Үйлестiру кеңесiнiң шешiмдерi консенсус негiзiнде қабылданады,

хаттамалармен ресiмделедi.
     Үйлестiру кеңесiнiң ресми тiлi болып қазақ және орыс тiлi саналады.
     Үйлестiру кеңесiнiң жұмыс тiлi болып орыс тiлi саналады.
     
                         5 бап
     
     Осы Ереже Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 
сыртқы шекараны күзетудегi бiрлескен күш жұмсау туралы келiсiмнiң бұзылмас 
бөлiгi болып саналады, осы Шартта көзделген шарттарда күшiне енедi және өз 
әрекетiн тоқтатады.
     Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Ережеге өзгертулер мен 
толықтырулар енгiзiледi.
     
                              Қазақстан Республикасы мен Ресей
                              Федерациясы арасындағы сыртқы
                              шекараны күзетудегi бiрлескен
                              күш-жiгер туралы Шартқа
                                   N 2 қосымша
     
     Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң Ресей
        Федерациясындағы Оперативтiк тобы туралы
                   Ереже
     
                  1 бап
     


      Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң Ресей Федерациясындағы Оперативтiк тобына (бұдан әрi - Оперативтiк топ) Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiнiң Тараптардың сыртқы шекараны күзетудегi келiсiлген шешiмдерiн жүзеге асыру мен нақтылы ынтымақтастығын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын әскери қызметшiлер кiредi.

                    2 бап

      Оперативтiк топтың саны 120 әскери қызметшiлерiне дейiн жетуi мүмкiн, бұған Каспий теңiзiндегi шекара қызметтерiнiң бiрлескен iс-қимылы да кiредi.
      Оперативтiк топ Оперативтiк топтың басқармасынан, Ресей Федерациясы Шекара әскерлерiнiң шекара округтерi мен отрядтары, дербес бақылау-өткiзу пункттерiндегi, арнаулы ақпараттық бөлiмшелерден, авиация мен теңiз бөлiмшелерiнiң жанындағы өкiлдерi топтарынан тұрады.
      Оперативтiк топтың құрылымдық тiзiмi мен сандық құрамын Тараптардың шекаралық ведомстволарының басшылары бiрлесiп анықтайды, ол туралы жеке хаттама жасалады.

                      3 бап

      Оперативтiк топтың бастығы Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi Қолбасшысының өкiлеттiк өкiлi болып табылады және Ресей Федерациясы Шекара әскерлерi Бас қолбасшысы орынбасарының мәртебесiн иеленедi. Оны Қазақстан Тарабы лауазымға тағайындап және лауазымынан босатады. Оперативтiк топтың әскери қызметшілерi хақында ол Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi Қолбасшысы орынбасарының тәртiптiк құқықтарын пайдаланады.
      Оперативтiк топтың бастығы кредиттердiң 2-шi дәрежелi өкiмшiсi болып табылады.
      Оперативтiк-қызметтiк және қаржы-шаруашылық мәселелерiн шешкен кезiнде Оперативтiк топтың басшысы Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң Қолбасшысына бағынады.

                         4-бап

      Оперативтiк топ Функциясына кiретiн мәселелер:
      өзiнiң өкiлеттiк шебiнде шекара мәселелерi бойынша уағдаластықтардың орындалуын қамтамасыз ету;
      сыртқы шекараны күзету жөнiнен Ресей Федерациясы Шекара әскерлерiмен iс-қимылды үйлестiру, оны күзету жайын зерделеу;
      Тараптардың шекара әскерлерi арасындағы сыртқы шекараны күзету

мәселелерi жөнiндегi өзара iс-қимылды ұйымдастыру мен қолдау;
     өзара мүдделiлiк туғызатын мәселелер бойынша ақпаратпен алмасуды
нақтылы жүзеге асыру;
     сыртқы шекараны күзету жөнiнен ұсыныстар әзiрлеу;
     Тараптардың шекара әскерлерi құрамалары мен бөлiмдерiнiң 
материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру мен жүргiзуге 
жәрдемдесу;
     сыртқы шекараны күзету мәселелерi бойынша Тараптардың шекара 
әскерлерiнің күшi мен құрал қолдануды жетiлдiруге бағытталған ұсыныстар
дайындау;
     Үйлестiру кеңесiнiң шешiмдерiн iске асыруға қатысу;
     Тараптар шекара әскерлерiнiң сұраныстары мен ұсыныстарына талдау 
жасау;
     сыртқы шекараны күзетуде бiрлескен iс-қимылды ұйымдастыру мен жүргiзу.
     Оперативтiк топ сыртқы шекараны күзетуде Тараптар шекара әскерлерiнiң 
күшi мен құралдарын қолдану барысында туындаған басқа да мәселелердi шеше 
алады.
     
                        5 бап
     
     Оперативтiк топтың әскери қызметшiлерiнiң құқықтары:


      Ресей Федерациясының Шекара әскерлерi қолбасшылығының рұқсатымен өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауға байланысты мәселелер бойынша Ресей Шекара әскерлерiнiң әскери бөлiмдерiнде, бөлiмшелерi мен объектiлерiнде болуға;
      Ресей Федерациясы Шекара әскерлерi бөлiмдерiнде, бөлiмдерi мен құрамаларында сыртқы шекараны күзетудiң жәй-күйiмен танысуға;
      өздерi келген әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң командирлерiнiң рұқсатымен сыртқы шекараны күзету мәселелерiне қатысты құжаттармен танысуға;
      командирлердiң рұқсатымен сыртқы шекараны күзету мәселелерiне қатысты қызмет бабындағы кеңестерге, нұсқама беретiн жиындарға және басқа шараларға қатысуға;
      соларға арнайы бекiткен ережелерге сәйкес Ресей Федерациясы Шекара әскерлерiнiң көлiк құралдары мен байланыс құралдарын пайдалануға;
      осы Шарттың ережелерiн жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелердi шешу жөнiндегi топтардың құрамына кiруге құқығы бар.

                          6 бап

      Оперативтік топтардың ресми хат-хабары мен поштасына қол сұғылмайды және олар жөнінде Оперативтік топтың бастығына баяндалып отырады. Шифржеделхаттар Ресей Федерациясының Шекара әскерлерінің Бас қолбасшысының (сол жердегі бөлім командирі) немесе оның орнындағы адам танысқаннан кейін Ресей Федерациясының шифр органдары арқылы жіберіледі.
      Оперативтік өз мөрі және банкте шоты болады.

                           7 бап

      Оперативтік топтың орналасқан жері мен мекен-жайы - Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясының Шекара әскерлерінің Федералдық қызметі.

                           8 бап

      Осы Ереже Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы сыртқы шекараны күзетудегі бірлескен күш-жігер туралы Шарттың ажырамайтын бөлігі болып табылады, әрі осы Шартта көзделген қағидаларға сәйкес күшіне енеді және күшін тоқтатады.
      Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Ережеге өзгертулер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
                                Қазақстан Республикасы мен Ресей

Федерациясы арасындағы сыртқы шекараны күзетудегi бiрлескен күш-жiгер туралы Шартқа N 3 қосымша


            Ресей Федерациясы Шекара әскерлерiнiң Қазақстан
               Республикасындағы Оперативтiк тобы туралы
                                Ереже

                         1 бап

      Ресей Федерациясы Шекара әскерiнiң Қазақстан Республикасындағы Оперативтiк тобына (бұдан әрi Оперативтiк топ) Ресей Федерациясы Шекара әскерлерiнiң Тараптардың сыртқы шекараны күзетудегi келiсiлген шешiмдерiн жүзеге асыру мен нақтылы ынтымақтастығын қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын әскери қызметшiлерi кiредi.

                       2 бап

      Оперативтiк топтың саны 120 әскери қызметшiлерiне дейiн жетуi мүмкiн, бұған Каспий теңiзiндегi шекара қызметтерiнiң бiрлескен iс-қимылы да кiредi.
      Оперативтi топ Оперативтiк топтың басқармасынан, Қазақстан Республикасы шекара әскерлерiнiң отрядтары, дербес бақылау-өткiзу пункттерiнiң, арнаулы ақпараттық бөлiмшелерiнiң, авиация бөлiмдерi мен теңiз бөлiмшелерiнiң жанындағы өкiлдер топтарынан тұрады.
      Оперативтiк топтың құрылымдық тiзiмi мен сандық құрамы Тараптардың шекара ведомстволарының басшылары бiрлесiп анықтайды, бұл туралы жеке хаттама жасалады.

                       3 бап

      Оперативтiк топтың бастығы Ресей Федерациясының Шекара әскерлерi Бас қолбасшысының өкiлеттi өкiлi болып табылады және Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi қолбасшысының орынбасары мәртебесiне ие болады. Оны Ресей Тарабы лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады. Оперативтiк топтың әскери қызметшiлерiне хақында ол шекара әскерлерi округi қолбасшысының тәртiптiк құқықтарын пайдаланады.
      Оперативтiк топтың бастығы кредиттердiң 2-шi дәрежелi өкiмшiсi болып табылады.
      Оперативтiк-қызметтiк және қаржы-шаруашылық мәселелерiн шешкен кезiнде Оперативтiк топтың басшысы Ресей Федерациясының Федералдық шекара қызметiне бағынады.

                        4 бап

      Оперативтiк топ функциясына кiретiн мәселелер:
      өзінiң өкiлеттiк шебiнде шекара мәселелерi бойынша уағдаластықтардың орындалуын қамтамасыз ету;
      сыртқы шекараны күзету жөнiнен Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi мен iс-қимылды үйлестiру, оны күзету жайын зерделеу;
      Тараптардың шекара әскерлерi арасындағы сыртқы шекараны күзету

мәселелерi жөнiндегi өзара iс-қимылды ұйымдастыру мен қолдау;
     өзара мүдделiлiк туғызатын мәселелер бойынша ақпаратпен алмасуды
нақтылы жүзеге асыру;
     сыртқы шекараны күзету жөнiнен ұсыныстар әзiрлеу;
     Тараптардың шекара әскерлерi құрамалары мен бөлiмдерiнiң 
материалдық-техникалдық қамтамасыз етiлуiн ұйымдастыру мен жүргiзуге 
жәрдемдесу;
     сыртқы шекараны күзету мәселелерi бойынша Тараптардың шекара 
әскерлерiнiң күшi мен құрал қолдануды жетiлдiруге бағытталған ұсыныстар
дайындау;
     Үйлестiру кеңесiнiң шешiмдерiн iске асыруға қатысу;
     Тараптар шекара әскерлерiнiң сұраныстары мен ұсыныстарына талдау
жасау;
     сыртқы шекараны күзетуде бiрлескен iс-қимылды ұйымдастыру мен жүргiзу.
     Оперативтiк топ сыртқы шекараны күзетуде Тараптар шекара әскерлерiнiң 
күшi мен құралдарын қолдану барысында туындаған басқа да мәселелердi шеше 
алады.
     
                         5 бап
     
     Оперативтiк топтың әскери қызметшiлерiнiң хұқықтары:


      Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi қолбасшылығының рұқсатымен өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң әскери бөлiмдерiнде, бөлiмшелерi мен объектiлерiнде болуға;
      Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi бөлiмдерiнде, бөлiмдерi мен құрамаларында сыртқы шекараны күзетудiң жәй-күйiмен танысуға;
      өздерi келген әскери бөлiмдер мен бөлiмшелердiң командирлерiнiң рұқсатымен сыртқы шекараны күзету мәселелерiне қатысты құжаттармен танысуға;
      командирлердiң рұқсатымен сыртқы шекараны күзету мәселелерiне қатысты қызмет бабындағы кеңестерге, нұсқама беретiн жиындарға және басқа шараларға қатысуға;
      соларға арнайы бекiткен ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң көлiк құралдары мен байланыс құралдарын пайдалану;
      осы Шарттың ережелерiн жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелердi шешу жөнiндегi топтардың құрамына кiруге құқығы бар.

                          6 бап

      Оперативтік топтардың ресми хат-хабары мен поштасына қол сұғылмайды, және олар жөнінде Оперативтік топтың бастығына баяндалып отырады. Шифржеделхаттар Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерінің қолбасшысы (сол жердегі бөлім командирі) немесе оның орнындағы адам танысқаннан кейін Қазақстан Республикасының шифр органдары арқылы жіберіледі.
      Оперативтік топтың өз мөрі және банкте шоты болады.

                          7 бап

      Оперативтік топ Басқармасының орналасқан жері мен мекен-жайы - Алматы

қаласы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара күзеті жөніндегі 
мемлекеттік комитеті.
     
                        8 бап
     
     Осы Ереже Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 
сыртқы шекараны күзетудегі бірлескен күш-жігер туралы Шарттың ажырамайтын
бөлігі болып табылады, әрі осы Шартта көзделген қағидаларға сәйкес күшіне 
енеді және күшін тоқтатады.
     Тараптардың өзара келісу бойынша осы Ережеге өзгертулер мен 
толықтырулар енгізуі мүмкін.



                                   Қазақстан Республикасы мен

Ресей Федерациясы арасындағы сыртқы шекараны күзетудегi бiрлескен күш-жiгер туралы шартқа N 4 қосымша


           Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының

         Шекара әскерлерi Оперативтiк тобын қаржыландырудың
                         тәртiбi туралы
                            Хаттама
     
                     1 бап
     
     Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi
Оперативтiк тобының (бұдан әрi - Оперативтiк топ) жеке құрамын ұстау
мен қамтамасыз ету жөнiндегi шығысты Қазақстан Тарабы қаржыландырады.
     
                     2 бап
     


      Осы Хаттаманың 1-бабында көрсетiлген Оперативтiк топтың шығысын қаржыландыру оны жүзеге асыру үшiн Ресей Федерациясының Орталық банкiнде: бірi Қазақстан Республикасының валютасы - теңгемен және екiншiсi Ресей Федерациясының валютасы - соммен iстейтiн екi шот ашылады.

                        3 бап

      Ресей Федерациясының Орталық банкi Оперативтiк топты Ұстауға қажеттi ақша сомасын осы Хаттаманың 2-бабында көрсетiлген шоттардағы қаражаттың қалдығы есебiнен және соның iшiнде соммен және теңгемен берiп тұрады.
      Оперативтiк топтың әскери қызметшiлерiне, жұмысшылары мен қызметкерлерiне ресей сомымен төленетiн соманың мөлшерi Қазақстан Республикасының тиiстi нормативтiк актiлерiмен анықталады.

                         4 бап

      Оперативтiк топтың валюталық шоттағы теңгедегi қаражаты Ресей Федерация Орталық банкiнiң корреспонденттiк шотына Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсi аударатын тиiстi сомадан құралады.
      Оперативтiк топтың шотындағы ресей сомасындағы қаражат әдетте

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң теңгенi Ресей Федерациясының 
орталық банкiнде белгiленген тәртiппен осы банктiң сататын күнгi бағасы
бойынша сатуының есебiнен, сондай-ақ басқа да көздердiң есебiмен құралады.
     
                         5 бап
     
     Оперативтiк топтың әскери қызметшiлерiне жұмысшылары мен 
қызметкерлерi қолдарында тиiстi соманы алғаны жайында Тараптардың 
мемлекеттiк банктерi белгiлеген нысандағы анықтамалары болған жағдайда  
теңге мен сомдағы қолдағы ақша әкелуiне және әкетуiне кедендiк шектеулер 
қойылмайды.
     
                        6 бап
     
     Қазақстан Тарабы Оперативтiк топты ұстау үшiн аударған теңгедегi 
сомада Ресей Федерациясы Орталық банкiнiң валюталық түсiмдi өзiне түгелдей 
немесе оның бiр бөлiгiн мiндеттi түрде сату жөнiндегi талабы қойылмайды.
     
                         7 бап
     


      Оперативтiк топтың қаржы шаруашылық қызметiн ұйымдастыру мен

бақылауды Қазақстан Республикасының нормативтiк актілерiне сәйкес 
Қазақстан Тарабы жүзеге асырады.
     
                         8 бап
     
     Осы Хаттама Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы  
Сыртқы шекараны күзетудегi бiрлескен күш-жiгер туралы Шарттың ажырамайтын 
бөлiгi болып табылады әрi осы Шартта көзделген шарттарда сай күшiне енедi 
және күшiн жояды.
     Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Хаттамаға өзгерiстер мен
толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

     
                               Қазақстан Республикасы мен Ресей
                               Федерациясы арасындағы сыртқы
                               шекараны күзетудегi бiрлескен
                               күш-жiгер туралы Шартқа N 5 қосымша
     
          Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының
               Шекара әскерлерiнiң Оперативтiк тобын
                    қаржыландыру тәртiбi туралы
                            Хаттама
     
                  1 бап
     
     Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясы Шекара әскерлерiнiң 
Оперативтік тобының (бұдан әрi - Оперативтiк топ) жеке құрамын ұстау
мен қамтамасыз ету жөнiндегi шығысты Ресей Тарабы қаржыландырады.
     
                   2 бап
     


      Осы Хаттаманың бiрiншi бабында көрсетiлген Оперативтiк топтың шығысын қаржыландыруды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнде: бiрi Ресей Федерациясының валютасы - соммен және екiншiсi Қазақстан Республикасының валютасы - теңгемен iстейтiн екi шот ашылады.

                    3 бап

      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi Оперативтiк топты Ұстауға қажеттi ақша сомасын осы Хаттаманың екiншi бабында көрсетiлген шоттардағы қаражаттың қалдығы есебiнен және соның шегiнде соммен және теңгемен берiп тұрады.
      Оперативтiк топтың әскери қызметшiлерiне, жұмысшылары мен қызметкерлерiне теңгемен төленетiн соманың мөлшерi Ресей Федерациясының тиiстi нормативтiк актiлермен анықталады.

                       4 бап

      Оперативтiк топтың валюталық шоттағы ақшалай қаражаты Ресей Федерациясы Орталық банкiнiң корреспонденттiк шотынан Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiне аударылатыны тиiстi сомадан құралады.
      Оперативтiк топтың шотындағы Ресей сомындағы қаражат әдетте

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң теңгенi Ресей Федерациясының 
Орталық банкiсiне белгiленген тәртiппен осы банкiнiң сататын күнгi бағасы 
бойынша сатуының есебiнен,  сондай-ақ басқа да көздердiң есебiнен құралады.
     
                       5 бап     
     
     Оперативтік топтың әскери қызметшілеріне, жұмысшылары мен 
қызметкерлері қолдарында тиісті соманы алғаны жайында тараптардың 
мемлекеттiк банктерi белгiлеген нысандағы анықтамалары болған жағдайда  
теңгемен сомдағы қолдағы ақшаны әкелуiне және әкетуiне кедендiк шектеулер
қойылмайды.
     
                        6 бап
     
     Ресей Тарабынан Оперативтiк топты ұстау үшiн аударған сома Қазақстан  
Республикасы Ұлттық банкiнiң түсiмi, өзiне түгелдей немесе оның бiр 
бөлiгiн мiндеттi түрде сату жөнiндегi талабы қойылмайды.
     
                       7 бап
     
     Оперативтiк топтың қаржы-шаруашылық қызметiн ұйымдастыру мен 
бақылауды Ресей Федерациясының нормативтік актілеріне сәйкес Ресей Тарабы 
жүзеге асырады.
     
                       8 бап
     
     Осы Хаттама Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы  
сыртқы шекараны күзетудегі бiрлескен күш-жiгер туралы Шарттың ажырамайтын 
бөлiгi болып табылады, әрi осы Шартта көзделген шарттарға сай күшiне енедi 
және күшiн жояды.
     Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Хаттамаға өзгерiстер мен 
толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
     
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Икебаева Ә.Ж.