1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) уақытша қорғау шаралары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде кеден органдары қорғау баждары түрінде қолданатын алдын ала қорғау шаралары;
2) мүдделі тұлғалар (тараптар) - іс қарау объектісі болып табылатын ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды отандық өндіруші не қатысушылардың көпшілігі сондай тауар өндіретін отандық өндірушілердің бірлестігі;
іс қарау объектісі болып табылатын тауарды шетелдік экспорттаушы мен тауарды шетелдік өндіруші;
тауарды отандық импорттаушы немесе қатысушыларының көпшілігі сондай тауарды импорттаушылар болып табылатын отандық импорттаушылардың бірлестігі;
шет мемлекеттің үкіметі, тауарды шығарған немесе сондай тауарды экспорттаған елдің уәкілетті органы не сондай тауар шығарылатын немесе оны экспорттайтын елдер кіретін шет мемлекеттер одағының уәкілетті органы;
тауарды тұтынушы немесе тұтынушылардың бірлестігі;
Қазақстан Республикасының атқарушы өкімет органдары;
осы іс қарау құқықтары мен мүдделерін қозғайтын және осы Заңның 6-бабында аталған уәкілетті органның пікірі бойынша осы іс қарауды жүргізуге жәрдем көрсете алатын өзге де тұлғалар;
3) қорғау шаралары - ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың отандық өндірушілеріне елеулі залал келтіретіндей немесе оны келтіру қаупін туғызатындай мөлшер (отандық өндіріске абсолютті немесе салыстырмалы түрде) мен жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына оның ішкі рыногындағы еркін айналыс үшін әкелінетін тауар жеткізіп беруге қорғау баждары және (немесе) квоталар белгілеу түрінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде қолданылатын әкімшілік-экономикалық ықпал ету құралдарының жиынтығы; <*>
4) қорғау баждары - ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарларды отандық өндірушілерге елеулі залал келтіруі немесе оны келтіру қаупін туғызуы мүмкін мөлшер мен жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына қандай да болсын тауар жеткізіп берілген жағдайларда кеден органдары өндіріп алатын кеден бажының ставкасынан тыс баждар; <*>
5) импорттық квота - Қазақстан Республикасының аумағына тауар импортын оның санына және (немесе) құнына қатысты шектеу; <*>
6) тауардың осының алдындағы кезеңдегі импорты - тауар импортының осының алдындағы үш жылдағы, оларға қатысты статистикалық деректер бар орташа шамасы;
7) құпия ақпарат - ашылған жағдайда бәсекелестер үшін едәуір артықшылықтар беретін немесе ақпарат берген мүдделі тараптар үшін едәуір қолайсыз зардаптары болатын ақпарат;
8) отандық өнеркәсіп (өндірушілер) - жиынтық өндіріс көлемі Қазақстан Республикасының аумағындағы сондай тауар өндірісінің көпшілік бөлігін (елу проценттен астамын) құрайтын ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды қазақстандық өндірушілер;
9) ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының белгілі бір кодымен жіктелетін және басқа тауарға толық ұқсас немесе сатып алушы тұтыну процесінде сондай тауарлармен басқа тауарды алмастыратындай немесе алмастыруға дайын тұратындай, өзінің атқаратын қызметі, қолданылуы, сапалық және техникалық сипаттамалары мен басқа да негізгі қасиеттері жағынан онымен салыстыруға болатын тауар;
10) істі қарау - ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды отандық өндірушілерге елеулі залал келтіретіндей немесе оны келтіру қаупін төндіретіндей мөлшер мен жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына қандай да болсын тауардың әкелінуі жөніндегі құжаттарды және басқа да айғақтарды қарау рәсімі; <*>
11) елеулі залал - Қазақстан Республикасының аумағына тауар жеткізіп беру көлемінің өсуі салдарынан, атап айтқанда, сондай тауар өндіру көлемінің қысқаруынан, Қазақстанның ішкі рыногында отандық тауарды өткізудің қысқаруынан, сондай тауарды өндіру тиімділігінің төмендеуінен, еңбекке орналасуға, жалақы деңгейіне теріс әсерінен білінетін, Қазақстан Республикасындағы ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың отандық өндірісі саласындағы ахуалдың едәуір нашарлауы; <*>
12) елеулі залал келтіру қаупі - Қазақстан Республикасының аумағына ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар жеткізіп беру көлемінің ұлғая түсу салдарынан болашақта отандық өндіріс саласындағы ахуалдың болмай қоймайтын едәуір нашарлауы; <*>
13) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының сауда және өндірістік қызмет мониторингін жүзеге асыратын, елеулі залалдың бар екендігін немесе оның келтірілу қаупін және қорғау шараларын енгізу қажеттігін анықтау жөнінде іс қарауды жүргізетін мемлекеттік органы. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1999.07.20. N 443 Заңымен. Z990443_
2-бап. Қазақстан Республикасының тауарлар импорты
кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары
туралы заңдары
1. Қазақстан Республикасының тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңдарына осы Заң және өзге де нормативтік құқықтық актілер жатады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық келісімде немесе шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың немесе келісімнің ережелері қолданылады.
3-бап. Осы Заңның мақсаттары
1. Осы Заңның мақсаттары Қазақстан Республикасының аумағына тауар жеткізу көлемінің артуына байланысты отандық тауар өндірушілердің мүдделерін қорғау және елеулі залалды немесе оның қаупін жою болып табылады. <*>
2. Қорғау шаралары Қазақстан Республикасының аумағына тауар жеткізу көлемінің артуы салдарынан отандық өндірушілерге елеулі залал келтірілген немесе оның қаупі төнген жағдайларда ғана қолданылады. <*>
3. Қорғау шаралары істі қарау осы Заңда белгіленген ережелер мен рәсімдерге сәйкес жүргізілген жағдайда қолданылады.
4. Қорғау шаралары әкелінетін тауарға тауар шығарылған елге қарамастан кемсітілмейтін негізде қолданылады.
ЕСКЕРТУ. 3-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443
Заңымен. Z990443_
4-бап. Осы Заңның қолданылатын аясы
Осы Заң уәкілетті орган мен барлық мүдделі тұлғалар арасында, сондай-ақ мүдделі тұлғалардың өздері арасында Қазақстан Республикасының аумағына қандай да болсын тауарды ұқсас тікелей бәсекелес тауардың отандық өндірушілеріне елеулі залал келтіретіндей немесе оны келтіру қаупін туғызатындай мөлшер (отандық өндіріске абсолютті немесе салыстырмалы түрде) мен жағдайларда жеткізу көлемінің артуына байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443
Заңымен. Z990443_
5-бап. Мемлекеттік реттеу органдары
1. Елеулі залал келтіру фактілері бойынша өнім берушілердің сауда практикасын мемлекеттік реттеу мен бақылауды уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Қорғау шараларын енгізу, қайта қарау және олардың күшін жою уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жүзеге асырылады.
6-бап. Уәкілетті орган
1. Уәкілетті орган өзіне осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілермен берілетін өкілеттік шеңберінде іс-әрекет жасайды.
2. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген жағдайларда, уәкілетті орган өз құзыретінің шегінде істі қарау рәсімдері бойынша нормативтік құқықтық актілер шығарады, отандық өндірушінің немесе өндірушілер бірлестігінің өтініштері бойынша іс қарауды жүргізеді, қорғау шараларын қолдану үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге материалдар әзірлейді. <*>
3. Мемлекеттік өкімет органдары, және өзге де ұйымдар іс қарауды жүргізуге жәрдем көрсетуге және қайтарымдық негізде тауарлардың үлгілері мен қажетті ақпаратты, оның ішінде уәкілетті органның сауал салуы бойынша құпия ақпаратты да беруге тиіс. <*>
ЕСКЕРТУ. 6-бап өзгерді және толықтырылды - Қазақстан Республикасының
1999.07.20. N 443 Заңымен. Z990443_
7-бап. Іс қарауды бастау туралы шешім
1. Іс қарауды бастау туралы шешім Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсыруы бойынша, сондай-ақ отандық өндірушілердің немесе өндірушілер бірлестігінің өтініштері бойынша дайындалған уәкілетті орган қорытындысының негізінде қабылданады.
2. Қорғау шараларын қолданудың алдындағы іс қарауды жүргізу жөніндегі өтініш, егер осы өтініш бойынша өз пікірін білдірген отандық тауар өндірушілердің үлесіне Қазақстан Республикасындағы ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауар өндірісі жалпы көлемінің елу проценттен астамы келетін болса қарауға қабылданылуы мүмкін.
Бұл ретте өтінішті қолдайтын отандық өндірушілер үлесіне отандық өндірушілер өндірген ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың көлемінің жиырма бес проценттен астамы келуге тиіс. <*>
3. Уәкілетті орган іс қарауды бастау туралы шешім қабылданғаннан кейін тиісті шет мемлекетке (шет мемлекеттер одағына) қорғау шараларын ықтимал қолдану мақсатында іс қарауды бастау ниеті туралы хабарлауға тиіс.
ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443
Заңымен. Z990443_
8-бап. Өтініш беру
1. Іс қарауды жүргізу туралы өтініш жазбаша нысанда уәкілетті органға беріледі және онда мынадай мәліметтер:
1) өтініш берушінің деректемелері және ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың осының алдындағы үш жылдағы, оларға қатысты статистикалық деректер бар құны мен өндіру көлемі туралы деректер;
2) іс қарау объектісі болып табылатын әкелінген тауардың сипаттамасы, тауарды шығарған елдің немесе елдердің атауы, аталған тауарды белгілі жеткізушілердің тізбесі;
3) объективті сипаттағы барлық тиісті факторларды көрсететін және осы саладағы жағдайға әсер ететін сандық көрініспен берілуге болатын деректер, атап айтқанда: қуаттарды сату, өндіру, өнімділігі, тиеу көлемдеріндегі, пайда мен зиян мөлшеріндегі өзгерістер, өндірісте жұмыс істеушілер санының қысқаруы туралы; Қазақстан Республикасының ішкі рыногында ұқсас және тікелей бәсекелес тауарлар бағасының өзгеруі туралы мәліметтер болуға тиіс. <*>
2. Өтініш беруші істі қарау рәсімі басталғанға дейін өтінішін қайтып алуы мүмкін және бұл жағдайда ол берілмеген болып есептеледі.
3. Өтініш беруші өтініште көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы үшін жауап береді.
ЕСКЕРТУ. 8-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443
Заңымен. Z990443_
9-бап. Өтінішті қарау
1. Уәкілетті орган өтініш берілгеннен кейін қырық бес күнтізбелік күн ішінде өтініште көрсетілген деректердің дұрыстығы мен жеткіліктілігін қарауға және іс қарауды жүргізудің орындылығы не іс қарауды жүргізуден бас тарту туралы қорытынды әзірлеуге тиіс. <*>
2. Егер уәкілетті орган мәліметтерді жеткіліксіз деп тапса, ол өтініш алынған күннен бастап он күндік мерзімде бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға және оған өзінің өтінішін өзгертуге немесе толықтыруға мүмкіндік беруге тиіс. <*>
Өтініш беруші бұрын берілген өтінішті толықтыратын немесе өзгертетін ақпарат жіберген жағдайда, уәкілетті органда осындай толықтырулар немесе өзгерістер тіркелген күн өтініш қарауға қабылданған күн болып саналады.
3. Уәкілетті орган, егер ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың
отандық өндірушілеріне елеулі залал келтірілгеніне немесе оның қаупіне жеткілікті дәлелдер болмаса, сондай-ақ осы Заңның 7-бабының 2-тармағындағы шарттар орындалмаса, іс қарауды жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. <*> 4. Уәкілетті орган іс қарауды жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап бас тартуға себептер мен негіздерді көрсете отырып, он күндік мерзімде бұл туралы өтініш берушіге хабарлауға тиіс. <*> ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443 Заңымен. Z990443_ 10-бап. Істі қараудың басталуы 1. Уәкілетті орган іс қарауды жүргізудің басталуы туралы шешім қабылданған кезден бастап отыз күнтізбелік күн ішінде алдағы іс қарау туралы мүдделі тұлғаларға хабарлайды. 2. Хабарлауда: 1) тауарды экспорттаушы мемлекеттің (мемлекеттердің) және іс қарау объектісі болып табылатын тауардың атауы; 2) істі қарау басталатын күн; 3) істі қараудың негіздемесі; 4) өтініштің заңдылығын растайтын фактілердің қысқаша мазмұны; 5) мүдделі тұлғалар өздерінің материалдарын жолдауға тиіс мекен-жай; 6) мүдделі тұлғалар өздерінің материалдарын бере алатын мерзімдер болуға тиіс. 3. Мүдделі тұлғалар мемлекеттік тілде немесе уағдаластық бойынша басқа тілде жазбаша түрде жауап беруге тиіс. <*>
4. Қорғау шараларын ықтимал қолдану мақсатымен іс қарау Қазақстан Республикасының кеден аумағына іс қараудың объектісі болып табылатын тауарды кедендік ресімдеуге және жіберуге кедергі келтірмеуге тиіс.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі істі қараудың басталуы туралы шешім қабылдаған күннен бастап ол аяқталғанға дейін сан жөнінен шектеулер қолданбастан іс қараудың объектісі болып табылатын тауардың Қазақстан Республикасының кеден аумағына импортын лицензиялауды жүзеге асырады.
6. <*>
7. Қорғау шараларын қолдану туралы өтінішті қолдаған бір қазақстандық өндірушінің үлесі ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауардың қазақстандық өндірісінің отыз бес процентінен асатын жағдайда не, егер іс қараудың объектісі болып табылатын тауар импортының жалпы көлемі Қазақстан Республикасының ішкі рыногында ұқсас немесе тікелей бәсекелес тауарды сатудың жалпы көлемінің жиырма бес процентінен кем болса, монополияға
қарсы саясат саласындағы уәкілетті атқарушы өкімет органының аталған шаралардың Қазақстан Республикасының ішкі рыногындағы бәсекеге әсерінің салдары туралы қорытындысы болуы қажет. ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443 Заңымен. Z990443_ 11-бап. Іс қараудың мерзімдері Қорғау шараларын қолданудың алдындағы іс қарау тоғыз айдың ішінде аяқталуға тиіс. 12-бап. Ақпарат сұрау
1. Іс қарау басталғаннан кейін уәкілетті органның, қажет болған жағдайда, жауап берілуге тиіс мерзімді белгілеп, мүдделі тұлғалардан қосымша ақпарат сұратуға құқығы бар. <*>
2. Әрбір мүдделі тұлғаның ақпарат жіберген кезде, уәкілетті орган хабарлануында көрсеткен мерзімде өзі қажетті деп есептейтін кез келген басқа да айғақтар ұсынуға құқығы бар. <*>
ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443
Заңымен. Z990443_
13-бап. Құпия ақпарат
1. Іс қараудың барысында уәкілетті органға берілетін құпия ақпарат мүдделі тұлғалардың жазбаша келісімінсіз жария етілмеуге тиіс.
2. Құпия ақпарат беруші мүдделі тұлғалар осы ақпарат бойынша жазбаша түсіндірмелер беруге тиіс.
Түсіндірме ақпараттың мәнін ұғыну үшін жеткілікті мөлшерде егжейтегжейлі болуға не неліктен егжей-тегжейлі, құпия емес ақпарат ұсыну мүмкін болмағанының себептерін түсіндіруге тиіс.
3. Құпия ақпаратты, Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жариялауға, уәкілетті органның лауазымды адамдарының жеке мүдделерінде пайдалануға, үшінші тұлғаларға, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдарға беруге болмайды. <*>
ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443
Заңымен. Z990443_
14-бап. Істі жүргізудің тәртібі
1. Уәкілетті орган әрбір істі қарау бойынша өзі белгілеген тәртіппен жазбаша түрде іс жүргізеді. Істе сақтаудың тәртібі мен мерзімі заңдарда белгіленген тәртіппен айқындалатын іс қарауға қатысты барлық құжаттар болуға тиіс.
2. Істің құпия болып табылмайтын материалдары мүдделі тараптарға істі қарау барысында танысу және олардың өтініші бойынша істі қайта қарау үшін беріледі.
3. Уәкілетті орган әр істі қарау бойынша ресми басылымдарда есеп жариялайды. Есепте Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған қаулының негіздемесімен бірге іске егжей-тегжейлі талдау жасалуы қажет. <*>
ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443
Заңымен. Z990443_
15-бап. Тыңдау
Мүдделі тұлғалардың істің материалдарымен және басқа тараптардың дәлелдерімен танысу мақсатында уәкілетті органға тыңдаулар өткізу туралы өтініш беруге құқығы бар.
Тыңдаулар хаттама жүргізіле отырып, уәкілетті органның лауазымды адамының төрағалық етуімен өтеді.
16-бап. Елеулі залалды немесе оның келтірілу қаупін айқындау <*>
1. Елеулі залалды айқындау объективті фактілермен расталып алынған деректерге негізделеді, бұл орайда тауар беру көлемінің өсуі мен келтірілген елеулі залалдың немесе оның қаупінің арасында себеп-салдарлы байланыстың бар екендігі дәлелденуге тиіс.
2. Тауар беру көлемдерінің өсуі мен отандық өндірушілерге елеулі залалдың арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау үшін немесе оның келтірілу қаупінің болуын анықтау үшін уәкілетті орган осы саладағы жағдайға әсер ететін барлық объективті факторларды, атап айтқанда: <*>
1) тауар импорты өсуінің абсолютті және салыстырмалы шамалардағы қарқыны мен көлемін;
2) отандық рыноктағы импорттың өсу үлесін;
3) сату деңгейіндегі өзгерістерді;
4) отандық өндірушілердің тауар өндіруін;
5) өнімділікті, қуаттардың ауқымын, пайда мен зиянның мөлшерін, жұмысқа орналастыруды ескереді.
3. Егер тауар жеткізудің көлемі өсуінен басқа отандық өндірушілерге елеулі залал келтіретін елеулі залал келтіретін немесе залал келтіру қаупі бар басқа да факторлар болса, мұндай елеулі залалды тауар жеткізіп беру көлемінің өсуіне жатқызуға болмайды. <*>
4. Уәкілетті орган істі қарау барысында алынған нақты деректердің негізінде тауар жеткізу көлемі өсуінің және оның отандық өндірушілерге келтірген елеулі залалының немесе оның қаупінің бар екендігі туралы алдын ала қорытынды беруге құқылы. <*>
ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443
Заңымен. Z990443_
17-бап. Уақытша қорғау шараларын қолдану
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті орган алдын ала растайтын қорытындының негізінде іс қарауды бір жолғы жүргізу жағдайында уақытша қорғау шараларын жалғастыру туралы қаулы қабылдайды. <*>
2. Уақытша қорғау шаралары, егер оларды кейінге қалдыру отандық өнеркәсіпке орнын толтыру қиын елеулі залал келтіруі мүмкін болса, қысталаң жағдайларда енгізіледі.
3. Уақытша қорғау шараларын өздеріне қатысты іс қарау жүргізілген тауар үшін оларды енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының негізінде кеден органдары қолданады.
4. Егер уәкілетті орган іс қарау нәтижелері бойынша тауар жеткізу көлемінің өсуі отандық өндірушілерге елеулі залал келтірмейді немесе оның қаупін туғызбайды деген шешім шығарса, уақытша шаралардың күші жойылуға тиіс және импорттаушының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген
тәртіппен төленген сомаларды қайтарып алуға құқығы бар. <*> 5. Егер қорғау бажы уақытша қорғау шараларының ставкасына қарағанда көбірек мөлшерде енгізілсе, импорттаушыдан ақы төленген кезең үшін айырма өндіріп алынбайды. <*> ЕСКЕРТУ. 17-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443 Заңымен. Z990443_ 18-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің уақытша қорғау шараларын енгізу туралы қаулысын жариялау <*> Қазақстан Республикасы Үкіметінің уақытша қорғау шараларын енгізу туралы қаулысы ресми басылымдарда жарияланады. Жарияланымда уақытша қорғау шараларын енгізудің мерзімдері мен негіздемесі болуы тиіс. ЕСКЕРТУ. 18-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443 Заңымен. Z990443_ 19-бап. Уақытша қорғау шараларының қолданылу мерзімі 1. Уақытша қорғау шараларының қолданылу мерзімі 200 күннен аспауға тиіс.
2. Уақытша қорғау шараларының қолданылу мерзімі осы Заңның 24-бабына сәйкес қорғау шаралары қолданылуының жалпы мерзіміне кіреді.
20-бап. Іс қараудың аяқталуы
Уәкілетті орган жүргізетін іс қарау Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберілетін:
1) ісі қаралған тауарды жеткізіп беруден отандық өндірушілерге елеулі залалдың немесе оның қаупі төнгенінің жеткілікті дәлелдері болмауы себепті іс қарауды тоқтату туралы;
2) тауар импорты мөлшері өсуінің отандық өнеркәсіпке елеулі залалының болуы немесе оның қаупі төнгені фактісінің анықталғаны және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғау шараларын қолдану қажеттігі туралы қорытынды әзірлеумен аяқталады.
21-бап. Қорғау шаралары
1. Қорғау шараларын қолдану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы уәкілетті органның ұсынысы бойынша және оның қорытындысы негізінде қабылданады және ол ресми басылымдарда жарияланған күннен бастап күшіне енеді. <*>
2. Қорғау шаралары тауар жеткізу көлемін шектеу - квота белгілеу түрінде және (немесе) қорғау бажын енгізу арқылы қолданылады.
ЕСКЕРТУ. 21-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443
Заңымен. Z990443_
22-бап. Қорғау шараларының мөлшерін анықтау
1. Қорғау шаралары ісі қаралған тауарды жеткізудің теріс зардаптарын жою үшін жеткілікті мөлшерде қолданылуға тиіс.
2. Қорғау шараларының мөлшерін оларды қолданудың бүкіл уақытында ұлғайтуға болмайды. Олардың мөлшері уәкілетті органның өтініші бойынша қорғау шараларының қолданылу ұзақтығы бір жылдан асқан жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен азайтылуы мүмкін.
3. Егер қорғау шараларының қолданылу мерзімі үш жылдан асса, оларды енгізгеннен кейін бір жарым жылдан кешіктірмей істі қарау қайта жүргізілуге тиіс, соның нәтижесінде қорғау шаралары тоқтатылуы, өзгертілуі немесе ұзартылуы мүмкін. <*>
4. Істі қайта қарау нәтижесінде қорғау шараларының қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда мұндай шараларды қолдану шарты қорғау шаралары қолданылуының бастапқы мерзімі ішінде қолданылу шартына қарағанда неғұрлым шектеулі бола алмайды.
ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443
Заңымен. Z990443_
23-бап. Қорғау шараларын қолдану
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғау баждарын енгізу туралы қаулысының негізінде кеден органдары оларды ісі қаралған, әкелінген тауардың бәрінен өндіріп алады. Қорғау баждары кеден баждарына, салықтарға және басқа да төлемдерге қарамастан өндіріп алынады.
2. Квота түрінде қорғау шараларын қолданған кезде импорттық квотаның жылдық көлемі, елеулі залалды болғызбау немесе жою үшін өзге шешім қабылдаудың қажеттігі дәлелденген жағдайларды қоспағанда, импорттың көлемін осының алдындағы кезеңдегі оның орташа көлеміне тең деңгейден төмен қысқартпауға тиіс.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қорғау шарасы ретінде енгізілген импорттық квотаның жылдық көлемінің шегінде жекелеген мемлекеттер үшін импорттық квоталар белгілей алады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі тауар беруші елдердің осындай тауарды жеткізіп беруге деген мүдделерін ескере отырып, олармен консультациялар өткізгеннен кейін оларға арналған импорттық квотаның үлесін белгілейді.
Квоталар осындай тауарды Қазақстанға экспорттауға мүдделі тауар беруші негізгі елдермен уағдаластық бойынша елдер арасында бөлінуі мүмкін. Мұндай уағдаластыққа қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда квоталар тауар импортының жалпы мөлшері немесе құны негізінде тауар беруші елдердің арасында осының алдындағы тауар жеткізу үлестеріне қарай белгіленуі мүмкін.
Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі импорттық квотаны жекелеген шет мемлекеттерден (шет мемлекеттер одағынан) импорт өсімінің абсолютті және салыстырмалы түрдегі көрсеткіштерін ескере отырып, жекелеген тауар беруші елдер арасында бөлуі мүмкін.
24-бап. Қорғау шараларының қолданылу мерзімі
1. Қорғау шараларының қолданылу мерзімі елеулі залалды болғызбау немесе жою отандық тауар өндірушілердің бәсеке жағдайларына бейімделуі үшін қажетті кезеңге белгіленеді. Бұл кезең, осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, төрт жылдан аспауға тиіс.
2. Қорғау шараларының қолданылу мерзімін осы қорғау шарасы елеулі залалды болғызбау немесе жою үшін қажет болып қала берген жағдайда өтініш негізінде немесе өз бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі ұзартуы мүмкін.
3. Қорғау шарасын қолданудың жалпы кезеңі кез келген уақытша шараны
қолдану кезеңін, бастапқы қолдану және оны кез келген ұзарту кезеңін қоса алғанда, сегіз жылдан аспауға тиіс. 4. Егер қолданылатын шаралардың өзін ақтамайтындығы анықталса, уәкілетті органның өтініші бойынша олардың күші жойылуға не олардың мөлшері өзгертілуге тиіс. ЕСКЕРТУ. 24-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443 Заңымен. Z990443_ 25-бап. Қорғау шараларын қайта қолдану 1. Қорғау шаралары өздеріне қатысты қорғау шаралары қолданылған тауарларға олардың қолданылу мерзіміне тең мерзім өткен соң ғана қайта қолданылуы мүмкін. Бұл орайда қолданбаудың ең аз мерзімі екі жылдан кем болмауға тиіс. 2. Қорғау шаралары тауарға, егер олардың бастапқы қолданылу мерзімі алты ай болса және одан кем болса, мынадай шарттар сақталғанда: 1) қорғау шаралары енгізілген кезден бастап кемінде бір жыл өткен; 2) мұндай қорғау шаралары қорғау шараларын енгізудің соңғы күнінің тікелей алдындағы бес жылда екі реттен артық қолданылмаған жағдайда қайта қолданылуы мүмкін. 26-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғау шараларын қолдану туралы қаулысын жариялау <*>
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорғау шараларын енгізу туралы қаулысы ресми басылымдарда жарияланады. Жарияланымда сондай-ақ мүдделі тұлғалардың дәлелдерін немесе талаптарын қабылдау немесе қабылдамаудың себептері мен негіздемелері болуы тиіс.
ЕСКЕРТУ. 26-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443 Заңымен. Z990443_ 27-бап. Шешімдерге шағымдану тәртібі <*> Мүдделі тұлғалар қорғау шараларын қолдану жөніндегі істі қарау кезеңінде қабылданған уәкілетті органның шешімі мен іс-әрекетіне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот арқылы шағымдануға құқылы. ЕСКЕРТУ. 27-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443 Заңымен. Z990443_ 28-бап. Тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық <*> Тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау шаралары туралы заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. ЕСКЕРТУ. Жаңа 28-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 443 Заңымен. Z990443_ Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Үмбетова А.М.