Қазақстан Республикасы 1995 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияға қосылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
1995 жылғы астық жөніндегі
халықаралық келісім
(2003 жылғы 9 шілдеде күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)
Кіріспе Осы келісімге қол қойған тараптар
1949 жылғы Бидай жөнiндегi халықаралық келiсiмнiң бiрнеше мәрте дәйектi түрде қайта қаралғандығы, қайта жаңартылғандығы немесе ұзартылғандығы, 1986 жылғы астық жөнiндегi халықаралық келiсiмдi жасауға алып келгендiгiн назарға ала отырып,
бiр жағынан, 1986 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияның және екiншi жағынан 1986 жылғы Азық-түлiк көмегiн көрсету туралы конвенциядан тұратын, бұрын ұзартылған 1986 жылғы Астық жөнiндегi халықаралық келiсiмнiң ережелерiнiң қолданылу мерзiмi 1995 жылдың 30 маусымында аяқталатындығын, сондай-ақ жаңа мерзiмге келiсiм жасауға тiлектiң бар екендiгiн назарға ала отырып;
1986 жылғы Астық жөнiндегi халықаралық келiсiм жаңартылуы және дербес екi құқықтық құжаттан:
(а) 1995 жылғы Астық саудасы туралы конвенциядан және (b) 1995 жылғы Азық-түлiк көмегiн көрсету туралы конвенциядан тұруы тиiс және көрсетiлген екi Конвенция, не олардың бiреуi қажеттiлiгiне қарай олардың конституциялық немесе әкiмшiлiктiк қаулыларына сәйкес тиiстi Үкiметтердiң қол қоюына және бекiтуiне, қабылдауына немесе мақұлдауына ұсынылатын 1995 жылғы Астық жөнiндегi халықаралық келiсiм деп қайта аталуы керек екендiгiне келісті,
1995 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияның мәтiнi 1994 жылы 7 желтоқсанда Астық жөнiндегi халықаралық кеңсе шақырған үкiметтердiң Конференциясында бекiтiлдi. Азық-түлiк көмегiн көрсету жөнiндегi комитет 1995 жылғы 13 наурыздағы өзiнiң жетпiсiншi (арнаулы) сессиясында Лондонда Комитет өзiнiң 1994 жылғы 5 желтоқсандағы 69-сессиясында бекiткен 1995 жылдың азық-түлiк көмегiн көрсету туралы Конвенцияның мәтініне өзгерістер енгізу туралы келісті.
Үкіметтердің 1995 жылғы 6 шілдеде Лондонда өткізілген Конференциясы екі Конвенцияны да 1995 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енгізді.
1995 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияның шеңберіндегі Рәсімдер қағидаларын Астық жөніндегі халықаралық кеңес өзінің 1995 жылғы 6 шілдедегі Бірінші сессиясында бекітті. 1995 жылғы Азық-түлік көмегін көрсету туралы конвенцияның шеңберіндегі Рәсімдер қағидаларын Азық-түлік көмегін көрсету жөніндегі комитет өзінің 1995 жылғы 5 желтоқсандағы 72-сессиясында бекітті.
1995 жылғы астық саудасы туралы
конвенция
І Бөлім - жалпы ережелер
1-Бап Мақсаты
Осы Конвенцияның мақсаты:
а) астықпен сауданың барлық салаларында, олар азық-түліктік астықпен жағдайды қаншалықты қозғайтын болса, соншалықты дәрежеде халықаралық ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
b) астықпен халықаралық сауданы кеңейтуге және барлық қатысушылардың мүддесінде, атап айтқанда, дамушы елдердің арасында сауда кедергілерін және теріс пиғылдық пен кемсітушілік практикасын жоюды қоса алғанда, сауданың мейлінше еркін дамуын қамтамасыз ету;
с) барлық қатысушылардың мүдделеріне сай халықаралық астық рыноктарын тұрақтандыруға мүмкіндігінше неғұрлым толық дәрежеде жәрдемдесу, әлемдік азық-түлік қауіпсіздігін нығайту және экономикасы елеулі дәрежеде астықты коммерциялық сатуға тәуелді елдердің дамуына жәрдемдесу; және
d) қатысушылардың алаңдаушылығын тудыратын астықпен сауда мәселелерін талқылау мен ақпарат алмасу үшін форумды қамтамасыз ету болып табылады.
2-Бап Анықтамалар
Осы Конвенцияның мақсаты үшiн:
(а) "Кеңес" 1949 жылғы Астық жөнiндегi халықаралық келiсiмге сәйкес құрылған және 9-Бапқа сәйкес сақталған Астық жөнiндегi халықаралық кеңестi бiлдiредi;
(b) (i) "қатысушы" осы Конвенцияның тарабын бiлдiредi;
(ii) "қатысушы - экспорттаушы" 12-Бапқа сәйкес осылайша айқындалған қатысушыны бiлдiредi;
(ііі) "қатысушы-импорттаушы" 12-Бапқа сәйкес осылайша айқындалған қатысушыны бiлдiредi;
(с) "Атқарушы комитет" 15-Бапқа сәйкес құрылған Комитеттi бiлдiредi;
(d) "Рыноктың конъюнктурасы жөнiндегi комитет" 16-Бапқа сәйкес құрылған Комитеттi бiлдiредi;
(с) "Астық" немесе "астықтық дақылдар" арпа, жүгерi, тары, сұлы, қара бидай, қонақ жүгерi, тритикал және бидай мен олардан алынатын өнiмдердi, сондай-ақ Кеңестiң шешiмi бойынша басқа да астық дақылдары мен олардан алынатын өнiмдердi бiлдiредi;
(f) (i) "сатып алу" контексiне қарай импорт үшiн астықты сатып алуды немесе осылайша сатып алынған астықтың мөлшерiн бiлдiредi;
(ii) "сату" контексiне қарай экспорт үшiн астық сатуды немесе осылайша сатылған астықтың мөлшерiн бiлдiредi;
(iii) осы Конвенцияның сатуға немесе сатып алуға сiлтеме жасалатын баптарында бұл терминдердiң тек тиiстi Үкiметтердiң арасындағы сату немесе сатып алу туралы мәмiлелерге ғана емес, жеке меншiк фирмалардың арасындағы сату немесе сатып алу туралы мәмiлелерге де және жеке меншiк фирма мен тиiстi Үкiметтiң арасындағы сату немесе сатып алу туралы мәмiлелерге де жататындығын ұғыну керек.
(g) "дауыстардың арнаулы көпшiлiгi" қатысушы және дауыс берушi экспорттаушылардың тым болмағанда үштен екiсiнiң дауысын (12-Бапқа сәйкес саналған) және тым болмағанда қатысушы және дауыс берушi қатысушы- импорттаушылардың бөлек саналынған үштен екiсiнiң дауысын (12-Бапқа сәйкес саналған) талап ететiн дауыс беруiн бiлдiредi;
(h) "ауыл шаруашылығы жылы" немесе "қаржы жылы" 1 шiлдеден бастан 30 маусымға дейiнгi кезеңдi бiлдiредi;
(1) "жұмыс күнi" Кеңестiң штаб-пәтерiндегi жұмыс күнiн бiлдiредi.
(2) осы Конвенциядағы "Үкiметке" немесе "Үкiметтерге" немесе "қатысушыға" жасалған кез келген сiлтеменi Еуропалық Қоғамдастыққа (бұдан әрi - ЕҚ деп аталатын) жасалған сiлтеменi қамтушы ретiнде түсiну керек. Тиiсiнше осы Конвенциядағы Үкіметтің қол қою немесе "бекiтiлген грамоталарды, қабылдау немесе мақұлдау туралы актiлердi беруге" немесе "қосылу туралы актiге" немесе "уақытша қолдану туралы декларацияға" кез келген сiлтеменi ЕҚ атынан оның құзыреттi органының уақытша қолдану туралы декларация немесе қолдану және ЕҚ әкiмшiлiк қаулысына сәйкес халықаралық келiсiмдi жасау кезiнде сақтауға өткiзетiн актiнi беруге кiретiн ЕҚ-да қолданымда түсiну керек.
(3) Осы Конвенциядағы "Үкiметке" немесе "Yкiметтерге" немесе "қатысушыға" жасалған кез келген сiлтеменi, орынды жерiнде Тарифтер мен сауда жөнiндегi бас келiсiмнiң немесе Дүниежүзiлiк сауда ұйымы құрған келiсiмнiң мәнiне сәйкес кез келген дербес кеден аумағына жасалған сiлтеме кіретіндей түрде түсіну керек.
3-Бап Ақпарат, есептер және зерттеулер
(1) 1-Бапта баяндалған мақсаттарға қол жеткiзуге, Кеңес сессиялары барысында неғұрлым кең пiкiрлер алмасуға және қатысушылардың ортақ мүдделерiне сай тұрақты түрде ақпарат түсуiн қамтамасыз етуге жәрдемдесу мақсатында жүйелi түрдегi шолуларды әзiрлеудi, ақпарат алмасуды және қажеттiлiгiне қарай мыналарға:
(а) ресурстарға, сұраныс пен рыноктың конъюнктурасына;
(b) ұлттық саясаттағы өзгерiстерге және олардың әлемдiк рыноктың жай-күйiне ықпал етуiне;
(с) әсiресе дамушы елдердегi сауданы, тұтынуды, сақтау мен тасымалдауды жетiлдiруге және кеңейтуге қатысты өзгерiстерге басым назар аудара отырып, астық дақылдары мәселелерi жөнiндегi арнаулы зерттеулердi дайындауды қамтамасыз ету керек.
(3) Осы Баптың 1-тармағында айтылған шолулар мен зерттеулер үшiн ақпарат жинау мен оны берудi жақсарту, қатысушылардың Кеңестiң жұмысына мейлiнше кең тiкелей қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Кеңестiң өзiнiң сессияларының барысында беретiн нұсқауларына толықтыру жасау мақсатында оның отырыстары Кеңестiң барлық қатысушылары үшiн ашық болып табылатын Рыноктың конъюнктурасы жөнiндегi комитет құрылады. Комитеттiң функциялары 16-Бапта айқындалған.
4-Бап Рыноктағы жағдай туралы консультация
(1) Егер Рыноктың конъюнктурасы жөнiндегi комитет өзiнiң тұрақты байқауының барысында 16-Бапқа сәйкес рыноктағы жағдайға халықаралық астық рыногындағы өзгерiстер қатысушылардың мүдделерiне елеулi қауiп тудырады деген пiкiрге келсе немесе, егер Атқарушы директор өзiнiң бастамашылығы бойынша немесе кез келген қатысушының өтiнуi бойынша мұндай өзгерiстерге Комитеттiң назарын аударса, соңғысы тиiстi фактiлер туралы Атқарушы комитетке дереу хабарлайды. Бұл туралы хабар алған Атқарушы комитет, Комитет қатысушы елдердiң мүдделерiне қауiп төндiретiн мән-жайларға назар аударады.
(2) Атқарушы комитет мұндай өзгерiстердi қарау үшiн он жұмыс күнi iшiнде жиналады және егер мұны орынды деп санаса, Кеңестiң Төрағасына жағдайды қарау үшiн сессия шақыру туралы өтiнiм жасайды.
5-Бап Коммерциялық сатып алулар мен арнаулы мәмiлелер
(1) Осы Конвенцияның мақсаттарында оның 2-Бапта айқындалғанындай осы Баптың (2) тармағында сөз болатын мәмiлелердi қоспағанда, халықаралық саудадағы кәдiмгi коммерциялық практикаға сәйкес келетiн сатып алу - коммерциялық сатып алу болып табылады.
(2) Осы Конвенцияның мақсаттарында тиiстi ел Үкiметiнiң осындай мәмiле жасауына қатысуына байланысты кәдiмгi коммерциялық практикаға сәйкес келмейтiн ерекше жағдайлар кiретiн осындай мәмiле арнаулы мәмiле болып танылады. Арнаулы мәмiлелердiң санаттарына мыналар:
(а) Yкiметтiң қатысуының нәтижесiнде проценттiк ставка, төлем мерзiмi, басқа да iлеспе шарттар әлемдiк рыноктағы басым коммерциялық ставкаларға, мерзiмдерге немесе шарттарға сәйкес келмейтiн несие шарттарында сату;
(b) қатысушы - экспорттаушы Үкiметiнiң астық сатып алу үшiн берген займының есебiнен астыққа төлем жасалынатын сату;
(с) қатысушы - валютаға немесе экспорттаушы елде пайдалануға арналған тауарларға айналдырылмайтын импорттаушының валютасындағы төлеммен сату;
(d) тиiстi қатысушы - экспорттаушы мен қатысушы - импорттаушы сатуды коммерциялық деп санау керектiгiне уағдаласатын жағдайларды қоспағанда, тауарлар алмасу жолымен екi тарапты тәртiппен несиелiк сальдоны реттей отырып клирингтiк есеп айырысулар кiретiн төлемнiң арнаулы шарттары мен сауда келiсiмдерi бойынша сату;
(е) баспа-бас мәмiлелер:
(i) Үкiметтiң қатысуымен жасалатын және онда астық айырбастауға әлемдiк рыноктағы басым бағалардан өзгеше бағалар бойынша берiлетiн, немесе (ii) бастапқы баспа-бас шартта соңғы арналған елi көрсетiлмеген баспа-бас мәмiленiң нысанасы болып табылатын астықты сатып алу кезiндегi жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк сатып алу бағдарламаларының шеңберiнде жасалатын;
(f) астықты сыйға тарту тәртiбiнде беру немесе астықты қатысушы -экспорттаушының осы нақты мақсат үшiн тегiн берген ақша қаражатының есебiнен сатып алу;
(g) тиiстi елдiң Үкiметiнiң мұндай мәмiлелердi жасауға қатысуына байланысты кәдiмгi коммерциялық практикаға сәйкес келмейтiн ерекше жағдайлар кiретiн Кеңес айқындаған кез келген басқа да мәмiлелер санаты жатады.
(3) Егер атқарушы директор немесе кез келген қатысушы осы Баптың (1) тармағындағы анықтамаға сәйкес бұл мәмiле коммерциялық сатып алу немесе осы Баптың (2) тармағының айқындауына сәйкес арнаулы мәмiле болып табылатындығы туралы мәселе қойса, Кеңес шешiм шығарады.
6-Бап Мәмiлелердi жеңiлдiктi жағдайларда жасаудың
негізгі принциптерi
(1) Қатысушылар барлық мәмiлелердi бұл ретте өндiрiстiң қалыпты құрылымы мен халықаралық коммерциялық саудаға залал келтiрмейтiндей түрде астық бойынша жеңiлдiктi жағдайларда жүзеге асыруға мiндеттенедi.
(2) Осы мақсатта берушi де алушы да қатысушылар жеңiлдiктi жағдайлардағы мәмiлелердiң аталған мәмiлелер болмағанда нақты түрде күтуге болатын коммерциялық сатуды толықтыруды және алушы елде тұтыну мен запастардың артуын қамтамасыз ету үшiн тиiстi шаралар қабылдайды. Азық-түлiк және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) мүшелерi болып табылатын елдер үшiн мұндай шаралар ФАО-ның басы артық өнiмдерге қатысты принциптерi мен ФАО-ға қатысушылардың негiзгi бағыттары мен консультативтiк мiндеттемелерiне сәйкес келуi тиiс және алушы елмен келiсiлген астықтың коммерциялық импортының белгiлi бiр көлемiн осы елдiң жалпы негiзде сақтауы талабын көздей алады. Осы көлемдi белгiлеу немесе түзету кезiнде белгiлi бiр кезеңдегi коммерциялық импорттың көлемiн, тұтыну мен импорттағы соңғы тенденцияларды және атап айтқанда, оның төлем балансының жай-күйiн қоса алғанда, алушы елдiң экономикалық жағдайындағы ағымның салдарын толық ескеру қажет.
(3) Қатысушылар жеңiлдiктi жайларда экспорттық мәмiлелер жүргiзу кезінде мұндай мәмiлелерді жүзеге асырғанға дейiн барынша мүмкiн дәрежеде мұндай мәмiлелер коммерциялық экспортына әсер етуi мүмкiн қатысушы - экспорттаушылармен ақылдасып-кеңесуi тиіс.
(4) Хатшылық Кеңеске жеңiлдiктi жағдайларда жасалған мәмiлелер бойынша сауданың барысы туралы мерзiмдi баяндап отырды.
7-Бап Мәлiметтердi тiркеу және жинау
(1) Әрбiр ауыл шаруашылығы жылы үшiн қатысушылар жүйелi түрде мәлiметтер ұсынады, ал Кеңес қатысушыларға барлық жөнелтiлген астықты және коммерциялық сатып алулар мен арнаулы мәмiлелер бойынша қатыспайтын елдер үшiн астықтың бүкiл импортын бөлек көрсете отырып деректердi тiркеудi жүргiзедi. Кеңес сондай-ақ мүмкiндiгiне қарай қатыспайтын елдердiң арасындағы барлық берулердi тіркеудi жүргiзедi.
(2) Қатысушылар мүмкiндiгiне қарай өздерiнiң астыққа ұсынысы мен сұранысына қатысты Кеңес талап етуi мүмкiн осындай ақпарат ұсынады және өздерiнiң ұлттық астық саясатындағы барлық өзгерiстер туралы уақытында хабарлайды.
(3) Осы Баптың мақсаты үшiн:
(а) қатысушылар Атқарушы директорға коммерциялық сатулар мен сатып алулардың, сондай-ақ арнаулы мәмiлелердiң объектiсi болып табылатын Кеңеске:
(і) арнаулы мәмiлелерге қатысты - 5-Бапқа сәйкес олардың жiктемесi үшiн пайдалануға болатын мәмiлелердiң егжей-тегжейiн;
(іі) тиiстi астықтың үлгiсiне, сыныбына, сорты мен сапасына қатысты мәлiметтердi қоса алғанда, оның құзыретiнiң шектерiнде қажет болуы мүмкiн мәлiметтердi жолдайды;
(b) әрбiр қатысушы астықтың экспорты кезiнде Атқарушы директорға Кеңес талап етуi мүмкiн экспорттық бағаларға қатысты деректердi жолдайды;
(с) Кеңес жүйелi негiзде осы уақыттағы астықты тасымалдау жөнiндегi басым шығыстарға қатысты мәлiметтердi алады және қатысушылар Кеңеске қажет болуы мүмкiн қосымша мәлiметтердi хабарлайды.
(3) Егер астық оның шыққан жерi болып табылмайтын елдiң порттарындағы қайта сату, тасымалдау немесе қайта тиеуден кейiн түпкi арналған елге келiп түссе қатысушылар мүмкiн мейлiнше толық тұрғыда шығу елi мен түпкi арналған елiнiң арасындағы жөнелту ретiнде жөнелтудi тiркеуге мүмкiндiк беретiн осындай ақпарат ұсынады. Қайта сату жағдайында бұл тармақтың ережелерi астық шығуы елiнен дәл сол ауыл шаруашылығы жылында жөнелтiлген жағдайларда қолданылады.
Кеңес осы Бапта сөз болатын мәлiметтердi жинау мен тiркеудi жүргiзу рәсiмдерiнiң қағидаларын әзiрлейдi. Бұл қағидаларда мұндай мәлiметтердi ұсынудың мерзiмдерi мен тәртiбi, сондай-ақ оларды ұсынуға қатысты қатысушылардың мiндеттерi көзделiнуi тиiс. Кеңес сондай-ақ осыған байланысты туындайтын кез келген дауды шешудiң тәртiбiн қоса алғанда, өзiнiң қарауындағы кез келген жазбаға немесе мәлiметтерге өзгерiстер енгiзудiң тәртiбiн көздейдi. Егер әлдебiр қатысушы осы Бапта көзделiнген мәлiметтердi бiрнеше рет және ешқандай негiзсiз бермейтiн болса, Атқарушы комитет туындаған жағдайды түзеу үшiн осы қатысушы консультациялар жүргізеді.
8-Бап Даулар мен шағымдар
(1) Осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты келiссөздер жүргiзу жолымен реттелмеген барлық даулар, дауда тараптардың бiрi болып табылатын кез келген қатысушының өтiнуi бойынша Кеңестiң шешуiне берiледi.
(2) Осы Конвенцияның тарабы ретінде өзінің мүдделеріне бір немесе бірнеше қатысушының іс-әрекетімен елеулі зиян келтірілді және бұл Конвенцияның жұмыс істеуіне нұқсан келтіреді деп санайтын кез келген қатысушы мәселені Кеңестің қарауына бере алады. Кеңес мұндай жағдайда мәселені шешу үшін дереу тиісті қатысушылармен ақылдасып-кеңеседі. Егер мұндай ақылдасып-кеңесулердің нәтижесінде мәселе шешусіз қалса, Кеңес мәселені қайта қарайды және тиісті қатысушыларға ұсыным енгізе алады.
ІІ Бөлім - Әкімшілік қаулылар
9-Бап Кеңестің құрамы
(1) Кеңес (1949 жылғы Бидай жөнiндегi халықаралық келiсiмнiң негiзiнде құрылған және қазiр Астық жөнiндегi халықаралық кеңес деп қайта аталған бұрынғы Бидай жөнiндегi халықаралық кеңес) осы Конвенцияны жүзеге асыру мақсатында iс-қимыл жасауды жалғастырады; бұл ретте оның құрамы, өкiлеттiктерi мен мiндеттерi осы Конвенциямен айқындалады.
(2) Қатысушылар Кеңестiң отырыстарында өкiлдер, орынбасарлар мен кеңесшiлер ретiнде қатысуы мүмкiн.
(3) Кеңес Төраға мен Төрағаның Орынбасарын бiр ауыл шаруашылығы жылы мерзiмiне сайлайды. Төрағаның дауыс беру құқығы жоқ және Төрағаның мiндетiн атқаруы кезiнде Төрағаның Орынбасарының да дауыс беру құқығы жоқ.
10-Бап Кеңестiң өкiлеттiктерi мен мiндеттерi
(1) Кеңес өзiнiң Рәсiмдер қағидаларын белгiлейдi.
(2) Кеңес осы Конвенцияның шарттары бойынша қажеттi құжаттаманы, сондай-ақ өзi Қажет деп есептейтiн кез келген басқа құжаттаманы жүргiзедi.
(3) Кеңестiң осы Конвенция бойынша өзiнiң мiндеттерiн орындауына жәрдемдесу мақсатында Кеңес 7-Баптың (2)-тармағына сәйкес оған осы мақсаттар үшiн қажеттi статистикалық деректер мен ақпаратты сұрата алады, ал қатысушылар оны беруi тиiс.
(4) Кеңес арнаулы көпшiлiк дауыспен өзiнiң кез келген комитетiне немесе Атқарушы директорға:
(а) 8-Бапта көрсетiлген мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауды;
(b) 11-Бапқа сәйкес Қосымшада санамаланып көрсетiлген қатысушылардың дауыстарын қайта қарауды;
(c) 12-бапқа сәйкес қатысушы экспорттаушылар мен импорттаушыларды айқындауды және олардың арасында дауыстарды бөлудi;
(d) 13-Баптың (1)-тармағына сәйкес Кеңестiң тұратын орнын;
(е) 17-баптың (2)-тармағына сәйкес Атқарушы директорды тағайындауды;
(f) 21-Бапқа сәйкес қатысушылардың бюджетiн және жарналарын есептеудi бекiтудi;
(g) 21-Баптың (6)-тармағына сәйкес қатысушыларды дауыс беру құқығынан уақытша айыруды;
(h) ЮНКТАД Бас хатшысына 22-Бапқа сәйкес келiссөздер жүргiзу үшiн Конференция шақыру туралы өтiнiп кез келген өтiнiм жасауды;
(і) 30-бапқа сәйкес қатысушыны Кеңестен шығаруды;
(j) 32-Бапқа сәйкес түзетулер енгiзу туралы ұсыныс жасауды;
(k) 33-бапқа сәйкес осы Конвенцияның қолданылу мерзімін ұзартуды және тоқтатуды қоспағанда, өкілеттіктер немесе мiндеттер бере алады.
Кеңес кез келген уақытта көпшiлiк дауыспен берiлген өкілеттіктер мен мiндеттердi керi қайтып ала алады.
(5) Кеңес осы Баптың (4)-тармағына сәйкес берген өкiлеттiктер немесе мiндеттердiң негiзiнде қабылданған кез келген шешiм кез келген қатысушының өтiнуi бойынша Кеңестiң белгiлеген мерзiмдерiнде қайта қаралуға жатады. Оған қатысты Кеңес белгілеген мерзiмдерде қайта қарау туралы өтiну келiп түспеген кез келген шешiм барлық қатысушылар үшiн мiндеттi болып табылады.
Осы Конвенцияда айқындалған өкiлеттiктер мен мiндеттерге қосымша Кеңестiң, сондай-ақ басқа да өкiлеттiктерi және осы Конвенцияның шарттарын орындау үшiн қажет басқа да мiндеттерi болады.
11-Бап Конвенцияның күшiне енуi және бюджет мәселелерi
мақсаттарындағы дауыстардың бөлiнуi
(1) Осы Конвенцияның күшiне енуi мақсаты үшiн 28-баптың (1)-тармағына сәйкес есептер Қосымшаның А бөлiгiнде келтiрiлген дауыстардың санына негiзделетiн болады.
(2) 21-Бапқа сәйкес қаржы жарналарының есебi мақсатында қатысушылардың дауысы осы Баптың ережелерi мен онымен байланысты Рәсiмдер қағидалары ескерiле отырып, Қосымшада көрсетiлген дауыстардың базасында есептелiнуi тиiс.
(3) 33-баптың (2)-тармағына сәйкес осы Конвенцияны ұзарту кезiнде әрдайым Кеңес осы Бапқа сәйкес қатысушылардың даусын қайта қарайды және түзетедi. Осындай түзетулердiң нәтижесiнде, дауыстардың бөлiнуi астықпен сауданың ағымдағы құрылымына неғұрлым жақын болады және Рәсiмдер қағидаларында белгiленген әдiстермен үйлесiм табады.
(4) Егер Кеңес әлемдiк астықпен сауданың құрылымында елеулi өзгерiстер болды деп шешсе, ол қатысушылардың дауыстарын қарайды және оны түзете алады. Мұндай түзетулер дауыстарды түзету туралы шешiмнiң қаржы жылының басында ғана күшiне енетiндiгiн қоспағанда, 32-Бап ережелерiнiң сақталуы шартымен осы Конвенцияға түзетулер ретiнде қаралады. Осы тармаққа сәйкес қатысушылардың дауыстарына кез келген түзету жүргiзiлгеннен кейiн оны үш жыл өткенше одан әрi жүргiзуге жол берiлмейдi.
(5) Осы Бапқа сәйкес дауыстарды барлық қайта бөлу Рәсiмдер қағидаларына орай жүзеге асырылады.
(6) 28-Баптың (1)-тармағына сәйкес оның күшiне енуiн қоспағанда осы Конвенцияны орындауға және 21-Бапқа сәйкес ақша жарналарын белгiлеуге қатысты барлық мақсаттар үшiн қатысушылардың дауысы 12-Бапқа сәйкес бөлiнедi.
12-Бап Қатысушы-экспорттаушылар мен қатысушы-
импорттаушыларды айқындау және олардың арасында
дауыстардың бөлiнуi
(1) Кеңес Осы Конвенцияның шеңберiнде шақырылған бiрiншi сессиясында осы Конвенцияның мақсатында қатысушылардың қайсысы қатысушы-экспорттаушы және қатысушылардың қайсысы қатысушы-импорттаушы болатындығын белгiлейдi. Бұл ретте Кеңес осы қатысушылардың астықпен саудадағы құрылымын және олардың осы мәселе бойынша көзқарасын ескеретiн болады.
(2) Кеңес осы Конвенцияның қатысушыларының қайсысы қатысушы -экспорттаушы және қайсысы - қатысушы импорттаушы болатындығын айқындаған соң, қатысушы-экспорттаушылар 11-Бапқа сәйкес өздерiнiң дауыстарының бөлiнуiн негiзге ала отырып, осы Баптың (3)-тармағында баяндалған шарттарға сәйкес уағдаластық бойынша өздерiнiң арасында дауыстарды бөледi және қатысушы-импорттаушылар да дауыстарын осылайша бөледi.
(3) Осы баптың (2)-тармағына сәйкес дауыстарды бөлу мақсатында қатысушы-экспорттлушылардың бiрлескен 1000 дауысы болады және қатысушы- импорттаушылардың да 1000 дауысы болады. Бiрде-бiр қатысушының қатысушы - экспорттаушы ретiнде 333-тен артық дауысы болмайды немесе қатысушы импорттаушы ретiнде 333-тен артық дауысы болмайды. Жекелеген дауыстар болмауы тиiс.
(4) Қатысушы-экспорттаушылар мен импорттаушылардың тiзiмiн Кеңес осы Конвенция күшiне енгеннен кейiн үш жыл өткен соң олардың астықпен сауда жасау құрылымындағы өзгерiстер тұрғысында қайта қарайды. Олар 33-Баптың (2)-тармағына сәйкес осы Конвенцияның қолданылу мерзiмi ұзартылуы кезiнде де әр жолы қайта қаралады.
(5) Кеңес кез келген қатысушының өтiнуi бойынша кез келген қаржы жылының басында арнаулы көпшiлiк дауыспен осы қатысушыны қатысушы- экспорттаушылардың тiзiмiнен қатысушы-импорттаушылардың тiзiмiне немесе, тиiсiнше қатысушы-импорттаушылардың тiзiмiнен қатысушы-экспорттаушылардың тiзiмiне көшiре алады.
(6) Қатысушы-экспорттаушылар мен импорттаушылардың дауыстарының бөлiнуiн Кеңес осы баптың (4) немесе (5)-тармақтарына сәйкес қатысушы - экспорттаушылар мен импорттаушылардың тiзiмдерi өзгерген кезде әр жолы қайта қарайды. Дауыстарды осы тармаққа сәйкес кез келген қайта бөлу осы Баптың (3)-тармағында баяндалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
(7) Әр жолы қандай да бiр Үкiмет осы Баптың тарабы болғанда немесе тарабынан шыққанда Кеңес қалған қатысушы-экспорттаушылардың немесе импорттаушылардың дауысын осы Баптың (3)-тармағында жазылған шарттарға сәйкес әрбiр қатысушы ие дауыстардың санына сайма-сай бөледi.
(8) Кез келген қатысушы-экспорттаушы кез келген басқа қатысушы - экспорттаушыға және кез келген қатысушы-импорттаушы кез келген басқа қатысушы-импорттаушыға Кеңестiң бiр немесе бiрнеше отырыстарында өзiнiң мүдделерiн бiлдiруге және өзiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асыруға уәкiлеттiк бере алады. Тиiстi тұрғыда ресiмделген өкiлеттiктердi беру Кеңеске ұсынылуы тиiс.
(9) Егер Кеңестiң қандай да бiр болмасын отырысында қатысушы ресми өкiлiмен бiлдiрiлмесе және осы Баптың (8)-тармағына сәйкес басқа қатысушыға өзiнiң дауыс беру құқығын жүзеге асыруға уәкiлеттiк бермесе немесе қандай да болмасын отырыс сәтiне қандай да бiр қатысушы дауыс беру құқығын жоғалтса, одан айрылған болса немесе осы Конвенцияның қандай да бiр ережесiне сәйкес оны қайта алса, онда қатысушы-импорттаушыларда осы отырыста болуы тиiс дауыстардың жалпы саны қатысушы-импорттаушылардың осы отырысында iс жүзiнде болуы тиiс дауыстардың жалпы санымен теңестiрiлуi және қатысушы-экспорттаушылардың арасында олардың дауыстарына сайма-сай қайта бөлiнуi тиiс.
13-Бап Мекен-жайы, сессиялар және кворум
(1) Егер Кеңес өзгеше шешiм қабылдамаса Кеңестiң мекен-жайы Лондон болып табылады.
(2) Кеңес қаржы жылының әр жартысында кемiнде бiр рет және Төрағаның шешiмi бойынша кез келген басқа уақытта немесе осы Конвенцияда көзделген өзге де талаптарға байланысты жиналады.
(3) Төраға Кеңестiң сессиясын дауыстардың жалпы санының кемiнде 10 процент жиынтығы бар (а) бес қатысушының немесе (b) бiр немесе бiрнеше қатысушының өтiнуi бойынша немесе (с) Атқарушы комитеттiң өтiнуi бойынша шақырады.
(4) Қатысушы-экспорттаушылардың көпшiлiк дауысына ие өкiлдердiң және қатысушы-импорттаушылардың көпшiлiк дауысына ие өкiлдердiң 12-Баптың (9)-тармағына сәйкес дауыстарды қайта бөлуге дейiн болуы Кеңестiң кез келген отырысында кворумды қамтамасыз ету үшiн қажет болып табылады.
14-Бап Шешiмдер
(1) Осы Конвенцияда көзделген өзге жағдайларды қоспағанда Кеңестiң шешiмдерi бөлек-бөлек саналған қатысушы-экспорттаушылардың көпшiлiк дауысымен және қатысушы-импорттаушылардың көпшiлiк дауысымен қабылданады.
(2) Әрбiр қатысушы Кеңестiң осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес қабылданған, өзiнiң ауыл шаруашылығы және баға саясатын айқындаудағы және жүргiзудегi iс-әрекетiнiң толық еркiндiгiн қозғамайтын барлық шешiмдерiн өзiне мiндеттi деп таниды.
15-Бап Атқарушы комитет
(1) Кеңес жыл сайын қатысушы-экспорттаушылар сайлайтын қатысушы-экспорттаушылардың алты адамнан аспайтын құрамында және жыл сайын қатысушы-импорттаушылар сайлайтын сегiз қатысушы-импорттаушыдан аспайтын құрамда Атқарушы комитеттi құрады. Кеңес Атқарушы комитеттiң Төрағасын тағайындайды және Төрағаның Орынбасарын тағайындай алады.
(2) Атқарушы кеңес Кеңестiң алдында жауапкершiлiкте болады және өзiнiң жұмысын оның жалпы басшылығымен жүргiзедi. Оның осы Конвенцияға сәйкес өзi үшiн айқын белгiленген өкiлеттiктерi мен мiндеттерi, сондай-ақ 10-Баптың (4)-тармағына сәйкес Кеңес оған беретiн басқа да өкiлеттерi мен мiндеттерi болады.
(3) Қатысушы-экспорттаушылардың Атқарушы комитетте қатысушы-импорттаушылардың санына тең жалпы дауыс саны болады. Қатысушы-экспорттаушылардың Атқарушы комитеттегi дауыстары көрсетiлген атқарушы-экспорттаушылардың жалпы дауыс санының 40 процентiнен астамына бiрде-бiр қатысушы-экспорттаушы ие болмауы шартында өздерiнiң арасындағы уағдаластық бойынша бөлiнедi.
(4) Кеңес Атқарушы комитеттегi дауыс беруге қатысты рәсiмдер қағидасын белгiлейдi және Атқарушы комитеттегi рәсiмдер қағидаларына қатысты өзi қажет деп санайтын басқа да ережелердi әзiрлей алады. Атқарушы комитеттiң шешiмдерi осы секiлдi мәселелердi қарау кезiнде Кеңеске қатысты осы Конвенцияда көзделгенiндей көпшiлiк дауыспен қабылданады. Атқарушы комитеттiң мүшесi болып табылмайтын Кеңестiң кез келген қатысушысы Атқарушы комитет осы қатысушының мүдделерi қозғалады деп санаған жағдайларда, Атқарушы комитетте қаралатын кез келген мәселенi талқылауға дауыс беру құқығынсыз қатыса алады.
16-Бап Рыноктың конъюнктурасы жөнiндегi комитет
(1) Кеңес толық құрамдағы Комитет болып табылатын Рыноктың конъюнктурасы жөнiндегi комитеттi құрады. Егер Кеңес басқаша шешпесе Атқарушы директор Нарықтың конъюнктурасы жөнiндегi комитеттiң Төрағасы болып табылады.
(2) Рыноктың конъюнктурасы жөнiндегi комитеттiң отырыстарына қатысу үшiн байқаушылар ретiнде шақыру осы Конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын елдердiң өкiлдерiне Комитет Төрағасы орынды деп санаса, халықаралық ұйымдарға жолдана алады.
(3) Комитет әлемдiк астық экономикасына ықпал ететiн барлық мәселелердi ұдайы байқауында ұстайды және қатысушыларға хабарлайды. Байқау процесiнде Комитет Кеңестiң кез келген мүшесi ұсынатын тиiстi ақпаратты назарға алады.
(4) Комитет Кеңеспен бiрге 3-Бапта көзделген жұмыстарды жүргiзуге Хатшылыққа көмек көрсету мақсатында оған қосымша басшылық жасауды жүзеге асырады.
(5) Комитет осы Конвенцияның тиiстi Баптарына сәйкес, сондай-ақ өзiне Кеңес немесе Атқарушы комитет беруi мүмкiн кез келген басқа мәселелер бойынша консультациялар бередi.
17-Бап Хатшылық
(1) Кеңестiң аға лауазымды тұлға болып табылатын Атқарушы директордан және Кеңес пен оның комитеттерiнiң жұмысы үшiн қажет болуы мүмкiн қызметкерлердiң осындай штатынан тұратын Хатшылығы болады.
(2) Кеңес осы Конвенцияны жүзеге асыру жөнiндегi Хатшылыққа жүктелген мiндеттердiң атқарылуына және өзiне Кеңес немесе оның комитеттерi жүктейтiн басқа да мiндеттердiң орындалуына жауапты болып табылатын Атқарушы директорды тағайындайды.
(3) Хатшылықтың қызметкерлерiн Кеңес бекiткен қағидаларға сәйкес Атқарушы директор тағайындайды.
(4) Атқарушы директор мен Хатшылықтың қызметкерлерiн тағайындау үшiн оларда астықпен сауда саласында қаржылық мүдделiлiктiң болмауы немесе, егер мұндай мүдделiлiк болса, одан бас тартуы, сондай-ақ қандай да бiр болмасын Үкiметтен немесе қандай да бiр болмасын органдардан Кеңеске қатысы жоқ, осы Конвенциядан туындайтын мiндеттердi орындауға байланысты нұсқаулықтар талап етпеуi шарт болып табылады.
18-Бап Байқаушыларды шақыру
Кеңес кез келген қатыспайтын мемлекеттi, сондай-ақ кез келген үкiметаралық ұйымды байқаушы ретiнде өзiнiң кез келген отырысына шақыра алады.
19-Бап Басқа үкiметаралық ұйымдармен ынтымақтастық
(1) Кеңес мұны орынды деп есептеген кезде Бiрiккен Ұлттар Ұйымымен, оның органдарымен және осындай басқа да мамандандырылған мекемелермен және үкiметаралық ұйымдармен, атап айтқанда, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Сауда және оны дамыту жөнiндегi конференциясымен, Азық-түлiк және ауыл шаруашылығы ұйымымен, Шикiзат тауарларына арналған жалпы қормен және Дүниежүзiлiк азық-түлiк бағдарламасымен консультациялар немесе ынтымақтастық ұйымдастыру үшiн кез келген қажеттi шараларды қабылдай алады.
(2) Кеңес Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Сауда және оны дамыту жөнiндегi конференциясының шикiзат тауарларымен халықаралық саудадағы ерекше ролiн ескере отырып, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Сауда және оны дамыту жөнiндегi конференциясына өзi орынды деп санайтындай түрде өзiнiң қызметi мен жұмысының бағдарламаларын хабарлайды.
(3) Егер Кеңес осы Конвенцияның қандай да болмасын талаптары үкiметаралық тауар келiсiмдерiне қатысты оның тиiстi органдары немесе мамандандырылған мекемелерi арқылы Бiрiккен Ұлттар Ұйымы белгiлеуi мүмкiн талаптармен сыйысымсыз деп санаса, онда мұндай сәйкессiздiк осы Конвенцияны жүзеге асыруға кедергi келтiретiн жағдай ретiнде қаралады және бұл жағдайда 32-Бапта көзделген рәсiм қолданады.
20-Бап Артықшылықтары мен иммунитеттер
(1) Кеңес заңдық мәртебеге ие. Ол атап айтқанда, шарттар жасау, жылжымалы және жылжымайтын мүлiктi сатып алу және оларға иелiк ету және сотта талапкер және жауапкер болу құқығын пайдаланады.
(2) Кеңестiң Құрама Корольдiк аумағындағы мәртебесi, артықшылықтары және иммунитеттерi алдағы уақытта да Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi Үкiметi мен 1968 жылғы 28 қарашада Лондонда қол қойылған Астық жөнiндегi халықаралық кеңестiң арасындағы Штаб-пәтер туралы келiсiммен айқындалатын болады.
(3) Осы Баптың (2)-тармағында айтылған Келiсiм осы Конвенцияның құрамдас бөлiгi болып табылмайды. Оның қолданылуы, алайда:
(а) Ұлыбритания және Солтүстiк Ирландия Құрама Корольдiгi мен Кеңестiң арасындағы Келiсiм бойынша немесе
(b) Кеңес Құрама Корольдiктiң аумағынан ауыстырылған жағдайда немесе
(с) Кеңестiң қызметi тоқтатылған жағдайда тоқтатылады.
Кеңес Құрама Корольдiктiң аумағынан ауыстырылған жағдайда Кеңес орналасқан қатысушы елдiң Yкiметi онымен Кеңестiң мәртебесiне, артықшылықтарына иммунитеттерiне, оның Атқарушы директорына, қызметкерлерiне, сондай-ақ Кеңес шақыратын отырыстарға қатысушылардың өкiлдерiне қатысты халықаралық келiсiм жасайды.
21-Бап Қаржы мәселелерi
(1) Кеңестiң сессияларына қатысушы делегациялардың, сондай-ақ оның комитеттерiндегi және жұмыс топтарындағы өкiлдерiнiң шығыстарын тиiстi Yкiметтер өтейдi. Осы Конвенцияны жүзеге асыру үшiн қажет басқа да шығыстар барлық қатысушылардың жыл сайынғы жарналарының есебiнен жабылады. Әрбiр қатысушының әрбiр қаржы жылына арналған жарнасы 11-Бапқа сәйкес аталмыш қаржы жылына арналған бюджеттi бекiту сәтiнде Конвенцияның қатысушыларының құрамын көрсететiндей түрде қайта бөлiнетiн Қосымшадағы қатысушылардың дауыстарының жалпы санына қатысты Қосымшадағы оның дауысының санына сайма-сай айқындалады.
(2) Кеңес осы Конвенция күшiне енген соң өзiнiң бiрiншi сессиясында 1996 жылдың 30 маусымында аяқталатын қаржы жылына арналған өзiнiң бюджетiн бекiтедi және әрбiр қатысушының жарнасының мөлшерiн белгiлейдi.
(3) Кеңес әрбiр қаржы жылының екiншi жартысында өткiзiлетiн сессиясында келесi қаржы жылына арналған өзiнiң бюджетiн бекiтедi және осы қаржы жылына арналған әрбiр қатысушының жарналарының мөлшерiн белгiлейдi.
(4) 27-Баптың (2)-тармағына сәйкес осы Конвенцияға қосылатын кез келген қатысушының бастапқы жарнасы ағымдағы қаржы жылы аяқталғанға дейiн қосылу сәтiнде болған оның қосылу шарттары мен мерзiмi ретiнде Кеңеспен келiсiлген дауыстар санының негiзiнде белгiленедi, әрi осы қаржы жылында басқа қатысушылардың төлеуiне жататын жарналар өзгерiссiз қалады.
(5) Жарналар оларды белгiлеген соң дереу төленуге жатады.
(6) Егер қандай да бiр болмасын қатысушы осы Баптың (5)-тармағына сәйкес оның жарнасы төленуге жататын күннен кейiн алты ай өткенде өзiнiң жарнасын толық төлемесе, Атқарушы директор бұл қатысушыға ең қысқа мүмкiн мерзiмде төлем жасауды ұсынады. Егер Атқарушы директор өтiнiм жасағаннан кейiн алты ай өткен соң аталған қатысушы өзiнiң жарнасын бәрiбiр төлемесе онда ол өзiнiң жарнасын толық төлегенге дейiн Атқарушы комитетте дауыс беру құқығынан уақытша айырылады.
(7) Осы Баптың (6) тармағына сәйкес дауыс беру құқығынан уақытша айырылған қатысушы, егер Кеңес арнаулы көпшiлiк дауыспен өзге шешiм қабылдамаса, өзiнiң басқа ешқандай құқықтарын жоғалтпайды және өзiнiң осы Келiсiм бойынша ешқандай басқа мiндеттемелерiнен босатылмайды. Ол өзiнiң жарнасын төлеу жөнiнде және осы Келiсiм бойынша өзiнiң кез келген өзге қаржы мiндеттемелерiн атқару жөнiнде жауапкершiлiкте болуын жалғастырады.
(8) Кеңес әрбiр қаржы жылында өткен қаржы жылындағы түсiмдер мен шығыстар туралы аудиторлар куәландырған есептi жариялайды.
(9) Кеңес өзiнiң қызметiн тоқтатар алдында өзiнiң мiндеттемелерiн реттеу жөнiнде, сондай-ақ өзiнiң құжаттамалары мен активтерiн беру жөнiнде шаралар қолданады.
22-Бап Экономикалық жағдайлар
Кеңес тиiстi уақытында жаңа халықаралық келiсiм немесе экономикалық жағдаймен конференция жөнiнде келiссөздер жүргізудiң мүмкiндiгі туралы мәселенi қарайды және өзi орынды деп есептейтiн ұсынымдар жасай отырып қатысушыларға баяндама ұсынады. Кеңес бұл келiсiмдер табысты аяқталады деп есептесе, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Сауда және оны дамыту жөнiндегi конференциясының Бас хатшысына өкiлеттi өкiлдердiң конференциясын шақыруға өтiнiм жасайды.
ІІІ БӨЛIМ - Қорытынды ережелер
23-Бап Депозитарий
(1) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы осы Конвенцияныңдепозитарийi болып тағайындалады.
(2) Депозитарий осы Конвенцияға қол қойған немесе оған қосылған барлық үкiметтерге осы Конвенцияға қол қоюдың, оны бекiтудiң, қабылдаудың, мақұлдаудың, уақытша қолданудың және оған қосылудың әрбiр жағдайы туралы, сондай-ақ 29 және 32-Баптарға сәйкес алынған әрбiр нотификация мен мәлiмдеу туралы хабарлайды.
24-Бап Қол қою
Осы Конвенция Қосымшада санамаланып көрсетiлген елдердiң Үкiметтерiн қоса алғанда, 1995 жылдың 1 мамырынан бастап 1995 жылдың 30 маусымына дейiн Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Штаб-пәтерiнде қол қою үшiн ашық.
25-Бап Бекiту, қабылдау немесе мақұлдау
(1) Осы Келiсiм оған қол қойған Үкiметтiң өзiнiң тиiстi конституциялық рәсiмдерiне сәйкес бекiтуiне қабылдауына немесе мақұлдауына жатады.
(2) Бекiту грамоталары немесе қабылдау немесе мақұлдау туралы актiлер 1995 жылдың 30 маусымынан кешiктiрiлмей депозитарийге сақтауға тапсырылады. Алайда, Кеңес бекiту грамотасын немесе актiнi көрсетiлген мерзiмде өткiзуге жағдайы жоқ кез келген қол қойған Үкiметке бiр немесе бiрнеше оны кейiнге қалдыру бере алады. Кеңес депозитарийге барлық көрсетiлген ұзартулар туралы хабарлайды.
26-Бап Уақытша қолдану
Кез келген қол қойған Үкiмет және осы Конвенцияға қол қоюға құқығы бар немесе қосылу туралы өтiнiшi мақұлданған кез келген басқа Үкiмет уақытша қолдану туралы декларацияны депозитарийге сақтауға өткiзе алады. Сақтауға мұндай декларацияны өткiзген кез келген Үкiмет өзiнiң заңдарына сәйкес осы Конвенцияны уақытша қолданады және уақытша оның тарабы болып саналады.
27-Бап Қосылу
(1) Қосымшада көрсетiлген кез келген Үкiмет Кеңес көрсетiлген күнге қосылу туралы өзiнiң актiсiн сақтауға тапсырмаған кез келген Үкiметке бiр немесе бiрнеше оны кейiнге қалдыру бере алатын жағдайларды қоспағанда, 1995 жылдың 30 маусымына дейiн осы Конвенцияға қосыла алады.
(2) 1995 жылдың 30 маусымынан кейiн барлық мемлекеттердiң Үкiметтерi осы Конвенцияға Кеңес орынды деп санайтын шарттарда қосыла алады. Қосылу депозитариге қосылу туралы актiнi сақтауға тапсыру жолымен жүзеге асырылады. Қосылу туралы актiде Үкiметтiң Кеңес белгiлеген шарттарды қабылдайтындығы көрсетiлуi тиiс.
(3) Осы Конвенцияны жүзеге асыру мақсаты үшiн Қосымшада аталған қатысушылар көрсетiлетiн жағдайларда Үкiметi осы Бапқа сәйкес Кеңес ұсынған шарттарда осы Конвенцияға қосылған кез келген қатысушы көрсетiлген Қосымшаға енгiзiлген болып саналады.
28-Бап Күшiне енуi
(1) Осы Конвенция, егер бекiту грамоталары, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы актiлер немесе уақытша қолдану туралы декларация Қосымшаның А бөлiгiнде санамаланған, Қосымшаның А бөлiгiнде көрсетiлген жалпы дауыс санының ең болмағанда 88 процентiне ие Үкiметтердiң атынан 1995 жылдың 30 маусымынан кешiктiрiлмей сақтауға тапсырылса, 1995 жылдың 1 шiлдесiнен бастап күшiне енедi.
(2) Егер осы Конвенция осы Баптың (1)-тармағына сәйкес күшiне енбейтiн болса, сақтауға бекiту грамоталарын, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы актiлердi немесе уақытша қолдану туралы декларацияны өткiзген Үкiметтер ортақ келiсiммен ол өздерiнiң араларында күшiне ендi деп шеше алады.
29-Бап Өз еркiмен шығу
Кез келген қатысушы Конвенциядан өзiнiң шығуы туралы қаржы жылы аяқталғанға дейiн кемiнде 90 күн бұрын депозитарийге жазбаша хабарлама жолдап, қаржы жылының аяғында Конвенциядан шыға алады, алайда, мұнымен ол осы Конвенциядан туындайтын аталмыш қаржы жылының аяғына дейiн орындалмаған мiндеттемелерiнен босатылмайды. Мұнымен бiр мезгiлде қатысушы Кеңеске қабылданған iс-әрекеттер туралы хабарлайды.
30-Бап Ерекшелiк
Егер Кеңес қандай да бiр болмасын қатысушы осы Конвенция бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн бұзып отыр деп санаса және мұндай жолсыздық осы Конвенцияның қолданылуына елеулi зиян келтiредi деп шешсе, ол арнаулы көпшiлiк дауыспен аталған қатысушыны Кеңестен шығара алады. Кеңес кез келген мұндай шешiм туралы депозитарийге дереу мәлiмдейдi. Кеңес шешiм шығарылған күннен бастап тоқсан күн өткен соң қатысушы Кеңестiң мүшесi болуын тоқтатады.
31-Бап Есеп айырысулардың тәртiбi
(1) Кеңес осы Конвенциядан шығатын немесе Кеңестен шығарылатын немесе қандай да болмасын түрде осы Конвенцияның тарабы болуын тоқтататын қатысушымен есеп айырысулардың өзi әдiл деп санайтын тәртiбiн белгiлейдi. Кеңес осы қатысушының төлеп қойған кез келген сомасын ұстап қалады. Мұндай қатысушы Кеңеске өзiнен алынатын кез келген соманы төлеуге мiндеттi болып қалады.
(2) Осы Конвенцияның қолданылу мерзiмi аяқталған соң осы Баптың (1)-тармағында аталған кез келген қатысушының Кеңестi таратудан немесе қандай да болмасын басқа да активтерден түсiмдердiң қандай да болмасын үлесiне құқығы болмайды, оған сондай-ақ Кеңестiң мүмкiн тапшылығының қандай да болмасын бөлiгi жүктелмейдi.
32-Бап Түзетулер
(1) Кеңес арнаулы көпшiлiк дауыспен қатысушыларға осы Конвенцияға түзетудi ұсына алады. Түзету депозитарий экспорттаушы қатысушылар дауысының жалпы санының үштен екiсiне ие қатысушы экспорттаушылардан және қатысушы импорттаушылардың импорттаушы-қатысушылар дауысының жалпы санының үштен екiсiне ие қатысушы-импорттаушылардан оны қабылдау туралы хабарлама алғаннан кейiн 100 күннен соң немесе Кеңес арнаулы көпшiлiк дауыспен белгiлейтiн осындай неғұрлым кешiрек мерзiмде күшiне енедi. Кеңес әрбiр қатысушы өзiнiң түзетудi қабылдағаны туралы депозитарийге хабарлайтын шектерде мерзiм белгiлей алады және егер осы мерзiмде түзету күшіне енбейтiн болса, онда ол алынып тасталған болып саналынады. Кеңес депозитарийге түзетудi қабылдауы туралы алынған хабарламаның соңғысының күшiне енуi үшiн жеткiлiктi болып табылатындығын айқындауы үшiн қажет ақпаратты ұсынады.
(2) оның күшiне енуi күнiне қандай да болмасын түзетудi қабылдау туралы хабарлама жолданбаған кез келген қатысушы, егер мұндай қатысушы оны қабылдау өзiнiң конституциялық рәсiмдерiн аяқтаудағы қиыншылықтарға байланысты мерзiмiнде қамтамасыз етiле алмайтындығына Кеңестiң көзiн жеткiзбесе және Кеңес мұндай қатысушыға түзетудi қабылдау үшiн белгiленген мерзiмдi ұзартуды шешпесе көрсетiлген күннен бастап осы Келiсiмнiң тарабы болуын тоқтатады. Қатысушы оның қабылдағаны туралы хабарлағанға дейiн мұндай түзетуге қатысты деп саналмайды.
33-Бап Конвенцияның қолданылуының мерзiмi, оның
ұзартылуы және тоқтатылуы
(1) Осы Конвенция, егер ол осы Баптың (2)-тармағына сәйкес ұзартылмайтын болса немесе оның қолданылуы осы Баптың (3)-тармағына сәйкес мерзiмiнен бұрын тоқтатылмайтын болса немесе егер көрсетiлген күнге дейiн оған қатысты ол 22-Бапқа сәйкес келiссөздер жүргiзiлуi мүмкін жаңа келісiммен немесе конвенциямен ауыстырылмайтын болса, 1998 жылдың 30 маусымына дейiн күшiнде қалады.
(2) Кеңес арнаулы көпшiлiк дауыспен осы Конвенцияны 1998 жылдың 30 маусымынан кейiн әрбiр жеке жағдайда екi жылдан аспайтын кезектi мерзiмдерге ұзарта алады. Осы Конвенцияның мұндай ұзартылуымен келiспейтiн кез келген қатысушы ол туралы Кеңеске осындай ұзарту күшiне енгенге дейiн кем дегенде отыз күн бұрын хабарлайды. Мұндай қатысушы ұзарту мерзiмi басталған сәттен бастап осы Конвенцияның тарабы болуын тоқтатады, алайда ол осы Конвенцияға сәйкес өзi осы күнге дейiн орындамаған кез келген мiндеттемелерiнен босатылмайды.
(3) Кеңес осындай күннен бастап және өзi белгiлей алатын шарттарда кез келген сәтте арнаулы көпшiлiк дауысы осы Конвенцияның қолданылуын тоқтату туралы шешiм қабылдай алады.
(4) Осы Конвенцияның қолданылуы тоқтатылғаннан кейін Кеңес оны таратуды жүзеге асыру үшiн талап етiлуі осындай уақыт бойы болуын жалғастырады және аталған мақсат үшiн талап етiлуi мүмкiн осындай өкiлеттiктерге ие болады және осындай мiндетті орындайды.
(5) Кеңес депозитарийге осы Баптың (2) немесе (3) тармақтарына сәйкес қабылданған кез келген әрекеттер туралы хабарлайды.
34-Бап Кiрiспе мен Конвенцияның өзара байланысы
Осы Конвенция 1995 жылғы Астық жөнiндегi халықаралық келiсiмнiң Кiрiспесiн қамтиды.
Өздерiнiң тиiстi Үкiметтерi тиiстi түрде уәкiлеттiк берген төменде қол қоюшылар осыны куәландырып өздерiнiң қолдарының тұсында көрсетiлген күнi осы Конвенцияға қол қойды.
Мың тоғыз жүз тоқсан төртiншi жылғы 7 желтоқсанда Лондонда Бекітілді әрi осы Конвенцияның ағылшын, француз, орыс және испан тiлдерiндегi мәтiндерi бiрдей болып табылады.
1995 жылғы астық саудасы
туралы конвенцияға Қосымша 11-Бапқа сәйкес дауыстардың бөлінуі
(1995 жылдың 1 шілдесінен бастап 1998 жылдың 30 маусымына дейін)
А Бөлімі
Алжир 15
Аргентина 97
Австралия 122
Австрия 5
Барбадос 5
Боливия 5
Канада 243
Кот-д Ивуар 5
Куба 6
Эквадор 5
Египет (Араб Республикасы) 55
Еуропалық Қоғамдастық 443
Финляндия 5
Венгрия 13
Үндістан 32
Иран (Ислам Республикасы) 9
Ирак 9
Израиль 8
Жапония 187
Корея, Республика 26
Мальта 5
Маврикий 5
Марокко 10
Норвегия 11
Пакістан 14
Панама 5
Ресей Федерациясы 100
Сауд Аравиясы 17
Оңтүстік Африка 16
Швеция 10
Швейцария 15
Тунис 5
Түркия 7
Америка Құрама Штаттары 475
Ватикан 5
Йемен Республикасы 5
2000
В Бөлімі
Бангладеш 9
Беларусь 5
Бразилия 32
Болгария 7
Чили 6
Қытай (Халық Республикасы) 77
Колумбия 5
Кипр 5
Чех Республикасы 6
Доминикан Республикасы 5
Сальвадор 5
Эстония 5
Эфиопия 5
Гана 5
Гватемала 5
Индонезия 5
Ямайка 5
Иордания 5
Қазақстан 5
Кения 5
Кувейт 5
Латвия 5
Литва 5
Малайзия 8
Мексика 28
Жаңа Зеландия 5
Нигерия 6
Парагвай 5
Перу 9
Филиппины 7
Польша 31
Румыния 14
Сенегал 5
Словакия 6
Словения 5
Шри Ланка 5
Судан 5
Сирия Араб Республикасы 7
Тайвань 26
Танзания 5
Тайланд 17
Тринидад и Тобаго 5
Украина 8
Уругвай 5
Өзбекстан 14
Венесуэла 3
Вьетнам 5
Заир 5
Замбия 5
Зимбабве 5
1995 жылғы астық саудасы
туралы конвенцияның
шеңберіндегі
Рәсімдер қағидалары
1995 жылғы астық саудасы
туралы конвенция Рәсімдер қағидалары
І Бөлім - жалпы ережелер
1-Қағида
Конвенцияның қолданылуы
Қатысушы елдер өздерінің пікірі бойынша Конвенция бойынша өздерінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге қажетті шараларды қабылдайды.
2-Қағида
Анықтамалар 2-бап
Осы Рәсімдер қағидаларының мақсаты үшін:
(а) "бабына келтірілген тұқымдық бидай" ол шыққан елде қабылданған, осы елде бекітілген тұқымдық бидайға арналған стандарттық ерекшеліктерге сәйкес қабылданған практикаға орай осындай ретінде ресми куәландырылған бидайды білдіреді;
(b) "каф" тауардың және фрахттың құнын білдіреді;
(с) "сиф" тауардың, сақтандырудың және фрахттың құнын білдіреді;
(d) "фас" кеменiң бортының өн бойындағы франконы бiлдiредi;
(е) "фоб" борттың франкосын бiлдiредi;
(f) "жөнелту" тауарды көлiктiң кез келген түрiмен жөнелтудi бiлдiредi;
(g) Бидай ұнын астық баламында жөнелтудiң бүкiл есептемесi сатып алушы мен сатушының арасындағы келiсiм-шартта көрсетiлетiн оны алудың дәрежесiнiң негiзiнде жүргiзiледi. Егер келiсiм-шартта мұндай корсетiлмесе, онда есептемеге жарма мен друм бидайынан алынған ұнды қоспағанда, 73 %-тегi (салмағы бойынша) алу дәрежесi қабылданады. Бұл жағдайда алу дәрежесi 63 %-ке қабылданады;
(h) "дамушы ел", Кеңес әзiрге өзгеше шешпесе, ағымдағы Конвенциядағыдай азық-түлiк көмегiн көрсету туралы айқындалады. Алайда, бұл айқындау Хатшылыққа елдердiң экономикалық топтарының статистикалық есептiлiк пен есептiң мақсаты үшiн ыңғайлы болатын түрлi айқындамаларын пайдалануға кедергi келтiрмейдi.
3-Қағида
Ақпараттар, есептер және зерттеулер 3-бап
(а) Конвенцияға қатысушылар мүмкiншiлiгiне қарай осы Конвенцияның жұмысы үшiн талап етiлуi мүмкiн статистикалық және басқа ақпаратты, атап айтқанда:
(i) 4-Қағидада көзделген жөнелтулер мен импорт туралы ақпаратты;
(ii) 5-Қағидада көзделген бағалар жөнiндегi ақпаратты;
және
(iii) Рыноктың коньюнктурасы жөнiндегi комитетке Конвенцияның3-Бабында көрсетiлген есептер мен зерттеулер үшiн, атап айтқанда, рыноктың сұранысына, ұсыныстарына және конъюнктурасына; саудаға, тұтынуға, сақтауға және тасымалдауға қатысты өзгерiстерге байланысты қажеттi ақпаратты беруге мiндеттенедi.
(b) Ресми ақпарат болмаған жағдайда Хатшылық өзiнiң қалауы бойынша басқа көздерден өзiне қажеттi ақпаратты алады.
4-Қағида
Жөнелтулер туралы және импорт туралы мәлiметтер 7-бап
(а) Мәлiметтердi берудiң тәртiбi осы Қағиданың (b) тармағынан бастап (f) тармағына дейiн келтiрiледi және әр жолы осы Конвенцияның олардың астықты жөнелтулерi және Конвенцияға қатыспайтын елдерден астықты импорттауы туралы 7-Бабының (1)-тармағына сәйкес қатысушылардан алынатын мәлiметтерге қолданылатын болады.
(b) Барлық мәлiмет:
(i) Рыноктың конъюнктурасы жөнiндегi комитет мақұлдаған нысанға сәйкес келуi;
(ii) уақыттың жүйелi кезеңдерiн қамтуы және келесi сiлтемелер үшiн жүйелi түрде нөмiрленуi және
(iii) мүмкiндiгiнше ең тез тәсiлмен Атқарушы директорға берiлуi тиiс.
(с) Барлық мәлiмет әрбiр нақты жағдайда жөнелтiлген немесе импортталған астықтың немесе астық өнiмiнiң әрбiр түрiнiң санын бөлек көрсетуi тиiс. Олар, атап айтқанда, мыналармен:
(i) Конвенцияның 5-Бабында айқындалғанындай коммерциялық және арнаулы мәмiлелердiң арасында;
(ii) Бидай жағдайында - дәндiк бидайдың, бидай ұнының, дурум бидайының, дурум бидайынан алынған ұн мен жарманың арасында;
(iii) арпа жағдайында - астық пен солодтың арасында;
(iv) астықтың барлық басқа да түрлерiмен жағдайда - осы секiлдi астықтың және астықтық өнiмнiң арасында айырмашылықтары болуы және
(v) барлық мәлiметтерде бабына келтiрiлген тұқымдық бидайды бөлiп көрсетуi тиiс.
(d) Қатыспайтын елдерден астықты экспорттайтын немесе астықты импорттайтын қатысушылар егер, олар орын алса, жөнелтулер мен импорт туралы өздерiнiң мәлiметтерiн әрбiр күнтiзбелiк айдың iшiнде бередi. Бұл мәлiметтер Атқарушы директорға осы операциялар орын алған ай өтiсiмен ең тез тәсiлмен жiберiледi. Егер қандай да болмасын айдың iшiнде ешқандай экспорттық жөнелту немесе импорт болмаса, қатысушы Рыноктың конъюнктурасы жөнiндегi комитет осы қатысушы жағдай өзгергенге дейiн мәлiмет бермеуi тиiс дегенге келiсетiн жағдайларды қоспағанда, "нөлдi" хабарлайды.
(е) Рыноктың конъюнктурасы жөнiндегi комитет кез келген қатысушыдан осы Қағиданың (b)-тармағында көзделген уақыттың неғұрлым қысқа аралығында мәлiмет ұсынуды сұрай алады.
(f) Осы Қағиданың (b) тармағына сәйкес жасалған ұсынылған мәлiметтерге кез келген түзетулер мүмкiн болатын қысқа мерзiмдерде хабарлануы тиiс.
(g) Транзиттiк сауда жүргiзушi және жөнелтудi жүзеге асырушы қатысушылар әрбiр ауыл шаруашылығы жылы аяқталғаннан кейiнгi ең қысқа мерзiмдерде немесе мұны жағдай талап еткен кезде осы Қағиданың (b) тармағына сәйкес берiлген ақпараттың негiзiнде Кеңес тiркеген қатысушы-импорттаушылардың сатып алулары мен олардың шын мәнiндегi импортының арасындағы кез келген айырмашылықтар мен алшақтықтарды барынша жоюға тырысуы тиiс. Уағдаластығы бар кез келген түзетулер кез келген қатысушының тiркелген экспорттық жөнелтулерiнiң жалпы көлемiне қандай да болмасын өзгерiстер әкелмеуi тиiс.
(h) Қатысушы осы Қағиданың (а) бастап (g) дейiнгi тармақтарының түсiндiрiлуiне немесе қолданылуына қатысты немесе қатысушыға қатысты, жөнелтулер туралы кез келген құлақтандыруда көрсетiлген сандарға қатысты көтерген кез келген мәселе, егер бұл мәселе қанағаттанарлық тұрғыда шешiлмейтiн жағдайда, оны Атқарушы комитеттiң қарауына жолдайтын Атқарушы директорға жолданады.
(i) Атқарушы директор Кеңестiң мүшелерiне осы Қағиданың (b) - (g) тармақтарына сәйкес алынған, қажет жерiнде Хатшылықта бар басқа ақпаратпен нығайтылған жүйелi құлақтандырулар жолдайды. Аталған құлақтандырулар атап айтқанда, Конвенцияның 5-Бабында айқындалғандай коммерциялық және арнайы жағдайларда жүргiзiлетiндерiн көрсете отырып, қаралатын кезеңдегi барлық астық жөнелтулердiң көздерi мен арналған пункттерiн көрсетедi.
(j) Атқарушы директор әрбiр ауыл шаруашылығы жылы аяқталысымен өткен жылдың iшiнде орын алған барлық ескерiлген астық жөнелтулерiнiң егжей-тегжейiн көрсететiн жөнелтулер туралы тiркеу жазбасының жобасын әзiрлейдi және оларды барлық қатысушыларға жiбередi. Жөнелтулердiң көрсетiлген тiркелуiн Кеңес мақұлдағаннан кейiн, ол Кеңес айқындайтын шарттарда жарияланады.
5-Қағида
Бағалар туралы мәлiметтер 7-бап
(а) Астықтың қатысушы-экспорттаушылары Атқарушы директорға мүмкiндiгiнше ең тез тәсiлмен, әрбiр жұмыс аптасының сейсенбiсiнен кешiктiрмей алдағы апталардың iшiндегi тиiстi түсiру орындарын көрсете отырып астықпен сауда жүргiзiлетiн бағалар туралы немесе сатуға арналған ұсыныстарда көрсетiлген бағалар туралы ақпарат беретiн хабарлама жолдайды.
(b) Осы Қағиданың (а) тармағына сәйкес мәлiметтер:
(i) экспортталатын немесе сату үшiн қолда бар астықтың немесе астық өнiмдерiнiң барлық сипаттамаларын, сыныптарын, үлгiлерiн, сорттарын немесе сапасын қамтуы;
(ii) фоб жағдайында (туынды өнiмдер жағдайында фас), немесе сиф немесе каф жағдайында болуы;
(iii) жөнелтудiң тиiстi кезеңiн көрсетуi және (iv) мүмкiн жерiнде көрсетiлген бағалар оларға қатысты импорттаушы елдердi немесе аймақтарды көрсетуi тиiс.
(с) Астықтың қатысушы-импорттаушылары мүмкiндiгiне қарай Атқарушы директорға өздерi астықты сатып алатын бағалар туралы жүйелi түрде мәлiметтер жолдап отырады (фоб, фас, каб немесе сиф).
(d) Қатысушылар Атқарушы директорға барлық кезде осы Қағидаға сәйкес бағалары келтiрiлетiн экспорт үшiн ұсынылатын астықтың немесе туынды өнiмдердiң арнаулы ерекшелiктерiнде, стандарттарында немесе сипаттамаларында жасалатын өзгерiстер туралы хабарлап отыруы тиiс.
6-Қағида
Елеулi залал келтiру 8-бап
Егер қандай да бiр болмасын қатысушы Кеңестiң алдына Конвенцияның қатысушысы ретiнде өзiнiң мүдделерiне бiр немесе бiрнеше басқа қатысушылардың iс-әрекетiмен елеулi залал келтiрiлгендiгi және бұл iс-әрекеттер Конвенцияның жұмыс iстеуiне нұқсан келтiретiндiгi туралы мәселе қойғысы келсе, онда ол мұны Атқарушы директордың атына жазбаша түрде жасайды. Атқарушы директор мүдделi қатысушылардың арасында дереу консультациялар жүргiзедi және осы мәселенiң қойылуы туралы Атқарушы комитетке хабарлайды. Егер бұл мәселенi тараптардың арасында консультациялар жүргiзу жолымен, ал кейiн Атқарушы комитеттiң отырысында қанағаттанарлық түрде шешудiң сәтi түспесе онда iс Кеңестiң қарауына берiледi және қажет жағдайда, осы мақсат үшiн арнаулы сессия шақырылады.
II Бөлім - Әкімшілік қаулылар
7-Қағида
Өкiлдердi тағайындау 9-бап
Кеңестiң әрбiр қатысушысы Кеңес орналасқан елде әдетте Кеңестiң жұмысы туралы құлақтандырулар мен басқа да хабарлар жолданатын өзiнiң өкiлiн тағайындайды. Кеңестiң кез келген мүшесi Атқарушы директормен өкiлдiктiң өзге тәртiбiн келiсе алады.
8-Қағида
Кеңестiң Төрағасы мен Төрағаның Орынбасары 9-бап
(а) Кеңес қаржы жылының аяғында өткiзiлетiн соңғы кезектi сессиясында келесi қаржы жылына сол жылдың басынан бастап өзiнiң мiндеттерiне кiрiсетiн Төраға мен Төрағаның Орынбасарын сайлайды.
(b) Төраға мен Төрағаның Орынбасары сайланбалы тұлғалар болып табылады, бiрiн - импорттаушы мүше елдердiң делегациялары, ал екiншiсiн - экспорттаушы мүше елдердiң делегациялары сайлайды. Осы лауазымды тұлғалардың әрқайсысы, әдетте, мүшелердiң екi санатының арасында жыл iшiнде бiр-бiрiн өзара ауыстыра алады, бiрақ Кеңес ерекше жағдайларда өздерiнiң мiндеттерiн орындау үшiн Төраға мен Төрағаның Орынбасарын қатарынан екiншi мерзiмге сайлай алады.
(с) Рәсiмдер қағидаларында көзделген өкiлеттiктердi орындаудан басқа Төрағаға мынадай мiндеттер:
(i) Кеңестiң отырыстарында төрағалық ету;
(ii) Кеңестiң әрбiр отырысының және әрбiр сессиясының ашылғандығы және жабылғандығы туралы жариялау;
(iii) әрбiр сессияның басында күн тәртiбiнiң жобасын Кеңестiң бекiтуiне ұсыну;
(iv) отырыстарда пiкiрталастардың барысын басқару және Рәсiмдер қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
(v) Сөз сөйлеу үшiн сөз беру және 17-Қағидаға сәйкес отырыстарды жүргiзудiң тәртiбi жөнiндегi барлық мәселелердi шешу;
(vі) мәселелер қою және шешiмдердi жариялау;
(vii) мәселелердi дауысқа салуға қою және отырыста дауыс берудiң нәтижесiн жариялау және (viii) 19-Қағиданың (i) және (ii)-тармақшаларында баяндалған дауыс беру рәсiмiне байқау жүргiзу жүктеледi.
(d) Егер Кеңестiң Төрағасы отырыстың бiр бөлiгiнде немесе бүкiл отырыс бойы болмаса немесе өзiнiң мiндеттерiн орындауға уақытша жағдайы болмаса, онда оның мiндеттерiн Төрағаның Орынбасары атқарады.
Төраға мен Төрағаның Орынбасары болмаған жағдайда, Кеңес уақытша Төраға сайлайды.
(е) Егер Кеңес Төрағасының әлдебiр себеппен өзiнiң мiндеттерiн атқаруды жалғастыруға жағдайы болмаса, оның мiндетiн Кеңес жаңа Төраға сайлағанға дейiн Төрағаның Орынбасары атқарады.
(f) Төрағаның Орынбасары Кеңестiң Төрағасы немесе уақытша Төраға ретiнде iс-қимыл жасай отырып, Төрағаныкiндей өкiлеттiктер мен мiндеттерге ие болады.
(g) Кеңестiң Төрағасы Кеңестiң кез келген комитетiнiң отырыстарына қатыса және дауыс беру құқығынсыз талқылауларға қатыса алады. Төрағаға Кеңестiң комитеттерi отырыстарының барлық хаттамалары мен ол өзi үшiн қажет деп санайтын комитеттердiң жұмысы туралы кез келген басқа да ақпарат жiберiледi.
(h) Кеңестiң отырысы кезiнде Төрағаның орнында отырған Төраға, Төрағаның Орынбасары немесе уақытша Төраға Кеңесте қандай да бiр болмасын мүше елдiң өкiлi ретiнде бола алмайды және дауыс беру құқығы болмайды.
9-Қағида
Кеңестiң құжаттамасы 9-бап
(а) Кеңестiң барлық есептерi ағылшын, француз, орыс және испан тiлдерiнде жүргiзiледi.
(b) Кеңестiң отырыстары туралы есептер мен Кеңестiң, Атқарушы комитеттiң, Рыноктың коньюнктурасы жөнiндегi комитеттiң және басқа да комитеттердiң немесе Жұмыс топтарының басқа да құжаттарының, әдетте, ол арқылы олардың тек қызмет бабында пайдалануға арналғандығын көрсететiн "рұқсат етiлуi шектеулi" белгiсi болады.
(с) "Рұқсат етiлуi шектеулi" деген белгiсi бар құжаттардың жiктелмеушiлiгiнiң мынадай тәртiбi қолданылады:
(i) Кеңестiң қызметi туралы, Комитеттiң және Жұмыс топтарының отырыстары туралы хаттамалар мен есептер бес жыл бойы "рұқсат етiлуi шектеулi" белгiсiмен қалады, алайда, олар шығарылған күннен бастап үш жылдан кейiн, оларға жауапты тұлғаларға рұқсат етiлуi мүмкiн;
(ii) басқа құжаттар олар "шектеулi рұқсат ету" белгiсiмен шығарылған күннен бастап үш жыл бойы "рұқсат етiлуi шектеулi" белгiсiмен қалады, алайда, олар шығарылған күннен бастап бiр жылдан кейiн оларға жауапты тұлғаларға рұқсат етiлуi мүмкiн.
(d) Осы Қағиданың (с) тармағының ережелерiне қарамастан Кеңес немесе Атқарушы комитет кез келген құжаттағы ақпарат талап етiлуi бойынша жариялануы немесе берiлуi мүмкiн деп шешуi ықтимал; Рыноктыңконъюнктурасы жөнiндегi комитет өзi жауап беретiн қандай да болмасынқұжаттағы ақпарат талап етiлуi бойынша жариялануы немесе берiлуi мүмкiн деп шеше алады.
10-Қағида
Кеңестiң қаржы жылына есебi 10-бап
(а) Әрбiр қаржы жылының ең басында Атқарушы директор Кеңестiңаяқталған қаржы жылына арналған Есебiнiң жобасын дайындайды. Есепте Кеңес пен оның комитеттерi қызметiнiң және Астық саудасы туралы конвенцияның қолданылу iс-әрекетiнiң есептi жыл iшiндегi сипаттамасы берiледi. Жобаны Атқарушы комитет қарайды, одан кейiн ол мақұлдауға және кейiн жариялауға Кеңеске ұсынылады.
11-Қағида
Өкiлеттiктердi беру 10-бап
(а) Рәсiмдер қағидаларына сәйкес Кеңестiң кез келген комитетiне немесе Атқарушы директорға Конвенцияда көзделгеннен тыс өкiлеттiктер берiлген жағдайда, олар Конвенцияның 10-бабының (4)-тармағына сәйкес Кеңес берген өкiлеттiктер ретiнде қаралады.
(b) Қатысушы елдердiң Конвенцияның 10-Бабының (4)-тармағына сәйкес кез келген Комитет өзiне берiлген өкiлеттiктерге немесе мiндеттерге сәйкес қабылдаған шешiмiн Кеңестiң қайта қарауы туралы кез келген өтiнуi Атқарушы директорға осы Комитеттiң көрсетiлген шешiмi бар бекiтiлген хаттамасы таратылған күннен бастап 30 күннен кешiктiрiлмей жазбаша түрде ұсынылады.
12-Қағида
Қағидаларды өзгерту немесе тоқтату 10-бап
Қандай да болмасын Рәсiмдер қағидасына түзетулер енгiзу немесе оның қолданылуын тоқтата тұру туралы кез келген ұсынысты уақытша негiзде Кеңес қабылдауы мүмкiн. Қандай да болмасын Рәсiмдер қағидасына тұрақты түзету енгiзу туралы немесе оны тоқтату туралы кез келген ұсынысты Атқарушы директордың ол туралы Кеңестiң осы ұсыныс қаралуы мүмкiн отырысына дейiн кемiнде бiр ай бұрын таратуы шартымен, Кеңес қабылдауы мүмкiн.
13-Қағида
Дауыстарды түзету 11-бап
11-Баптың (3)-тармағына сәйкес Конвенцияға қатысушылардың дауыстарын түзетуді жүзеге асыру кезiнде мынадай әдiс қолданылады:
Әрбiр қатысушы үшiн дауыстар мыналарға негiзделетiн болады:
(i) қарапайым орташа шамаға 1986 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияның 11-Бабына сәйкес 1994 жылғы 1 шiлдедегi жай-күй бойынша осы қатысушы ие болған дауыстарға және осы қатысушының барлық қатысушылардың төменде белгiленген кезеңге арналған орташа деректердiң негiзiнде шығарылған астықпен саудасының жалпы көлемiндегi астықпен саудасы көлемiнiң үлесiне (2000 дауыстың бiр бөлiгi ретiнде бiлдiрiлген):
1995/96 жылы күшiне енетiн бастапқы дауыстар үшiн орташа деректер 1961/62-1990/91 жылдардағы кезең үшiн алынатын болады;
1998/99 жылы күшiне енетiн түзетулер үшiн орташа деректер1970/71-1993/94 жылдардағы кезең үшiн алынатын болады;
2000/01 жылы күшiне енетiн түзетулер үшiн орташа деректер 1976/77-1995/96 жылдардағы кезең үшiн алынатын болады;
2002/03 жылы күшiне енетiн түзетулер үшiн орташа деректер 1982/83-1997/98 жылдардағы кезең үшiн алынатын болады;
кез келген басқа жылы күшiне енетiн түзетулер үшiн орташа деректер қандай жағдайда да орташа деректер алынатын кезең 10 жылдан кем болмауын қоспағанда, жоғарыда келтiрiлген схеманың негiзiнде өзгерген кезең үшiн алынатын болады.
1994 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша 1986 жылғы Конвенцияның қатысушысы болмаған елмен дауыстар осы елдiң осы тармақта көрсетiлген тиiстi кезеңнiң iшiндегi барлық қатысушылардың астықпен саудасының жалпы көлемiндегi немесе онымен сауда жасау туралы статистикалық деректер алынуы мүмкiн осы кезеңнiң осындай бiр бөлiгi үшiн астықпен саудасының көлемi үлесiнiң негiзiнде есептелетiн болады;
(ii) Конвенцияның әрбiр қатысушы елiнiң осы Қағиданың (i) тармағына сәйкес есептелген 1995 жылдың азық-түлiк көмегiн көрсету туралы дауыстарының саны 8%-ке өсiрiлетiн болады;
(iv) осы Қағиданың (i) және (ii)-тармақтарындағы есептеулердiңнәтижелерi барлық қатысушылардың дауысының жалпы саны 2000-ға (14-Қағиданың ережелерi ескерiле отырып) тең болуы үшiн 15-Қағиданың ережелерi назарға алына отырып сайма-сай түзетiлетiн болады.
14-Қағида
Қаржы жарналарын есептеу мақсатында
дауыстарды бөлу 11-бап
(а) Конвенция күшiне енгеннен кейiн өздерiнiң бекiту грамоталарын, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы актiлерiн немесе уақытша қолдану туралы хабарламаларын өткiзген барлық үкiметтер үшiн кейiн Қосымшада келтiрiлген дауыстар жиынтықталатын болады. Егер осы жалпы жиынтық:
(i) 2000 дауысты немесе одан азды құраса, әрбiр қатысушының дауысы Қосымшада көрсетiлгендей болып қалады,
(ii) 2000 дауыстан көптi құраса, барлық қатысушылардың дауыстары 15-Қағиданың ережелерi назарға алына отырып, оларда 2000 дауыс болатындай болып сайма-сай азайтылатын болады.
Қатысушылардың дауыстары осыдан кейiн Конвенцияға мүшелiк одан әрi өзгертiлгенге дейiн немесе 11-баптың (3) тармағына немесе (4)-тармағына сәйкес дауыстар қайта бөлiнгенге дейiн өзгерiссiз қалатын болады.
(b) Конвенция күшiне енгеннен кейiн,
(i) қандай да бiр Үкiмет Конвенцияның тарабы болуын тоқтатқан кез келген ретте қалған қатысушылардың дауыстары өсiрiлмейтiн болады және олардың дауыстарының жалпы жиынтығы одан кейiн мүшелiкке одан әрi өзгерiс енгiзiлгенге дейiн өзгерiссiз қалатын болады;
(ii) қандай да бiр Үкiмет Конвенцияның тарабы болған кез келген ретте оның дауысы басқа қатысушылардың дауыстарына қосылады. Егер жаңа жалпы жиынтық:
(а) 2000 дауысты немесе одан азды құраса, басқа қатысушылардыңдауыстары өзгерiссiз қалады;
(b) 2000 дауыстан көптi құраса, басқа қатысушылардың дауыстары барлық қатысушылардың дауыстарының жалпы жиынтығы 2000 дауысты құрайтындай болып сайма-сай азайтылатын болады.
15-Қағида
11-Бапқа сәйкес дауыстарды қайта бөлу 11-бап
11-Бапқа сәйкес дауыстарды қайта бөлу кезiнде мынадай ережелерқолданылады:
(а) жекелеген дауыстар болмауы тиiс;
(b) кез келген Қатысушы үшiн дауыстардың ең төменгi саны 5-тiқұрайтын болады;
(с) егер 1994 жылдың 7 желтоқсанынан кейiн қандай да бiр мемлекет осы Конвенцияның тарабы болып табылатын кез келген қатысушыға қосылатын болса,онда кеңейтiлген қатысушының дауысы мынадай жиынтық ретiнде есептелiнетiн болады:
(i) осы қосылу уақытындағы қатысушының дауыстары
(ii) қосылған мемлекеттiң немесе мемлекеттердің дауыстарымен бiрге (немесе Конвенцияның қатысушылары болып табылмайтын мемлекеттердiң жағдайында Кеңес айқындайтын олардың дауыстары);
(с) кез келген қатысушы үшiн дауыстардың ең көп саны 475-тi құрайтын болады.
16-Қағида
Кеңестiң сессиялары: хабарлама жасау және
күн тәртiбiнiң жобасы 13-бап
(а) Кеңестiң әрбiр сессиясының күн тәртiбiн Атқарушы директор әзiрлейдi және Атқарушы комитет немесе Кеңестiң Төрағасы бекiтедi және Кеңестiң мүшелерi ұсынған кез келген тармақты қамтиды.
(b) Атқарушы директор Кеңестiң қатысушыларына және Конвенцияның қатысушы болып табылмайтын кез келген елге немесе байқаушы ретiнде сессияға қатысуға шақырылған халықаралық ұйымдарға күн тәртiбiнiң жобасын қоса беру арқылы Кеңестiң әрбiр сессиясының бiрiншi отырысының күнi туралы хабарлама жiбередi. Мұндай хабарлама кемiнде 21 күн бұрын және, егер ол мүмкiн болса, отырыстың басталуына дейiн 30 күн бұрын жiберiледi. Сессия Төрағаның пiкiрi бойынша сессияның бiрiншi отырысын шақыруды қажет ететiн шұғыл жағдайлар болғанда Конвенцияның 13-Бабының (3)-тармағына сәйкес, 21 күн өткенге дейiн шақырылса, мұндай жағдайларда хабарлама мейлiнше қысқа мерзiмде, бiрақ кемiнде 10 күн бұрын немесе егер сессия 4-баптың (2)-тармағына сәйкес шақырылса 5 нарықтық күнде жiберiлуi мүмкiн.
(с) Кеңестiң мүшелерi сессия туралы хабарламаны алуы бойынша ең қысқа мерзiмде Атқарушы директорға өзiнiң өкiлдерiнiң атаулы құрамы туралы жазбаша хабарлайды.
17-Қағида
Кеңестiң сессиялары: рәсiмдiк мәселелер 13-бап
(а) Кеңестiң отырыстары Кеңес өзге шешiм қабылдаған жағдайларды қоспағанда жабық болып саналады және оның пiкiрталастары құпия болып саналады.
(b) Кеңестiң сессияларының жұмысы әдетте, ағылшын, француз, орыс және испан тiлдерiнде жүргiзiледi және Атқарушы директор, егер олар жөнiнде қажеттiлiк пайда болса аударманы жүзеге асыру үшiн барлық қажеттi шараларды қолданады.
(с) Кеңес күн тәртiбiн бекiткеннен кейiн, егер Кеңестiң шешiмi солай болса қосымша тармақтар енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, оған ешқандай өзгерiстер енгiзiлмейдi.
(d) Кез келген мәселенi талқылау барысында әрбiр делегат мәжiлiстi жүргiзудiң тәртiбi жөнiнде мәлiмдеме жасай алады. Бұл жағдайда Төраға өзiнiң шешiмiн дереу жариялайды. Егер қандай да бiр делегат бұл шешiмге қарсылық бiлдiрсе Төраға бұл мәселенi дереу отырысқа қатысушылардың қарауына қояды және олардың шешiмi ол тоқтатылғанға дейiн күшiнде қалады.
(е) Талқылауларға Төрағаның рұқсаты болған жағдайларды қоспағанда, Кеңеске қатысушы елдердiң делегаты немесе оның орынбасары ғана қатысады.
(f) Атқарушы директор Кеңес өзге шешiм қабылдаған жағдайларды қоспағанда, Кеңестiң әрбiр сессиясынан кейiн бiрден шешiмдер мен қарарлар туралы қысқаша есеп таратады.
18-Қағида
Кеңестiң сессиялары: Өкiлеттiктердi тексеру жөнiндегi комитет 13-бап
Әр сессияда Кеңес өкiлдердiң өкiлеттiктерiн тексеретiн және тиiстi баяндама жасайтын Өкiлеттiктердi тексеру жөнiндегi комитеттi тағайындайды. Өкiлеттiктердi тексеру жөнiндегi комитет өзiнiң Кеңеске баяндамасында:
(а) Конвенцияның 12-Бабының (8)-тармағына сәйкес басқа қатысушыға өзiнiң дауыс беру құқығын кез келген отырыста немесе осы сессияның отырыстарында жүзеге асыруға уәкiлеттiк берген кез келген қатысушыны;
(b) 31-Бапқа сәйкес өзiнiң қаржылық берешегi себебi бойынша дауыс беру құқығынан уақытша айырылған кез келген қатысушыны көрсетедi.
19-Қағида
Кеңестiң сессиялары: дауыс беру 12-бап
(а) Егер сессияның жұмысы кезiнде дауыс берудi жүргiзудiң қажеттiгi туындайтын болса, Төраға дереу Кеңеске Өкiлеттiктердi тексеру жөнiндегi комитеттiң 12-Баптың (9)-тармағының ережелерiн ескеретiн баяндамасының негiзiнде экспорттаушы және импорттаушы елдердiң арасындағы дауыстарды бөлу туралы мәлiмдейдi.
(b) Кеңесте дауыс берудiң мынадай рәсiмi көзделедi:
(i) барлық мәселе бойынша дауыс беру Төрағаның қалауы бойынша, қандай да бiр делегаттың өтiнiшi бойынша атаулы дауыс берiлетiн немесе бюллетендер беру жолымен дауыс берiлетiн жағдайларды қоспағанда, қол көтерумен жүзеге асырылады.
Мұндай дауыс берудiң нәтижелерi қалыс қалғандардың, қолданғандардың және қарсы болғандардың дауыстарын қоса алғанда хаттамаға енгiзiледi;
(ii) атаулы дауыс берудi Төраға белгiлеген елден бастап өздерi өкiлi болып табылатын елдердiң делегаттарын ағылшын әлiппесiнiң ретiмен шақыратын Атқарушы директор жүргiзедi. Тек Кеңеске мүше елдiң делегатының немесе оның орынбасарының ғана дауыс беруге құқығы бар;
(iii) Төраға, Төрағаның Орынбасары немесе уақытша Төраға Кеңестiң қандай да болмасын отырысында Төрағаның мiндетiн атқарған жағдайларда, олар бiлдiретiн елдiң дауыс беру құқығын осы елдiң басқа өкiлi болмаса, әрбiр нақты жағдайға қарай басқа экспорттаушы немесе импорттаушы елдiң делегаты жүзеге асыра алады.
20-Қағида
Атқарушы комитет: Төраға 15-бап
(а) Егер Төраға мен Төрағаның Орынбасары Комитеттiң отырысына қатыса алмаса, Комитет аталған отырысқа уақытша Төраға сайлайды.
(b) Төраға, Төрағаның Орынбасары немесе Комитеттiң уақытша Төрағасы өздерiнiң мiндеттерiн 8-Қағиданың (с), (е), (f) және (h) тармақтарына баяндалған Кеңестiң Төрағасы туралы ережеге сәйкес орындайды.
21-Қағида
Атқарушы комитет: отырыстар мен есептердi жүргізудiң тәртiбi 15-бап
(а) Атқарушы комитеттiң экспорттаушы және импорттаушы - мүше елдерi барлық экспорттаушы және импорттаушы елдердiң мүдделерiне және Конвенцияның тиiмдi жүзеге асырылуына лайықты көңiл бөледi.
(b) Атқарушы комитеттiң отырысы (а) - (е) тармақтарын қоса алғанда, 17-Қағидада Кеңестiң отырыстары үшiн көзделген рәсiмге сәйкес жүргiзiледi.
(с) (i) Атқарушы директор Кеңес немесе Атқарушы комитет басқа тәртiптi бекiтетiн жағдайларды қоспағанда, отырысты есептемегенде бес жұмыс күннiң iшiнде Атқарушы комитеттiң барлық отырыстарының алдын ала қысқаша есептерiн дайындайды және оларды Комитеттiң мүшелерiне таратады. Комитеттiң мүшелерi енгiзгiсi келетiн кез келген түзетулер Атқарушы директорға ол күндi есептемегенде есептердi тарату күнiнен бастап бес жұмыс күнi ішінде ұсынылады.
(ii) Егер ешқандай түзетулер алынбаса есептер бекiтiлген болып есептеледi.
(iii) Егер түзетулер алынса, Атқарушы директор оларды есептерге енгiзедi және өзгертiлген мәтiндi Комитеттiң мүшелерiне жiбередi. Өзгертiлген есептер сол күндi есептемегенде, олар таратылған күннен бастап үш жұмыс күнiнiң iшiнде ешқандай қосымша ескертпелер алынбауы шартымен бекiтiлген болып саналады.
(iv) Есептер бекiтiлiсiмен олар бiрден Кеңестiң мүшелерiне жiберiледi және оларды түпкiлiктi бекiту үшiн Комитеттiң келесi отырысының қарауына қойылады.
22-Қағида
Атқарушы комитет: дауыс беру 15-бап
(а) Атқарушы комитетте экспорттаушы елдердiң тобы мен импорттаушы елдердiң тобы әрқайсысы 100 дауысқа ие.
(b) Атқарушы комитеттiң кез келген отырысында кворумды импорттаушы және экспорттаушы елдердiң көпшiлiк дауысы бар мүше елдердiң қатысуы құрайды.
(с) Атқарушы комитеттегi дауыс беру 12-баптың (8)-тармағында және 19-Қағидада Кеңесте дауыс беру үшiн көзделген рәсiмге сәйкес жүргiзiледi.
23-Қағида
Рыноктың конъюнктурасы жөнiндегi комитет 16-бап
(а) Рыноктың конъюнктурасы жөнiндегi комитеттiң отырысы 17-Қағиданың (а) - (е)-тармақтарында Кеңестiң отырыстары үшiн көзделген рәсiмге сәйкес жүргiзiледi.
(b) Рыноктың конъюнктурасы жөнiндегi комитет Кеңеске немесе Атқарушы комитетке баяндама немесе ұсыным табыс еткен кезде осы баяндама немесе ұсыным бiр ауыздан қабылданғандығын немесе бiр ауыздан қабылданбағандығын көрсетедi. Рыноктың конъюнктурасы жөнiндегi комитеттiң қандай да бiр мүшесiнiң келiспеуi, егер ол осыны талап етсе, хаттамаға енгiзiледi.
(с) Атқарушы директор оның жұмысына қатысы бар мәселелер бойынша Комитеттiң отырыстарында сөз сөйлеу үшiн тиiстi өкiлдердi шақыра алады.
(d) Рыноктың конъюнктурасы жөнiндегi комитеттің отырыстары туралы есептер Кеңестің қатысушыларына жiберiледi.
24-Қағида
Атқарушы директордың мiндеттерi 17-бап
Атқарушы директор Кеңестiң, Атқарушы комитеттiң және Рыноктың конъюнктурасы жөнiндегi комитеттiң директиваларын орындайды және өзiне Конвенция мен Рәсiмдер қағидалары жүктейтiн мiндеттерге сәйкес iс-әрекет жасайды.
25-Қағида
Қаржы мәселелерi: бюджет 21-бап
(а) Қаржы жылы деп 1 шiлдеден бастап 30 маусымға дейiнгi қаржы жылы саналады.
(b) Кеңес әрбiр қаржы жылына Кеңес орналасқан елдiң өкiлiн қоса алғанда, Кеңестiң оннан астам қатысушысының өкiлiнен тұратын Хатшылықтың келесi қаржы жылына арналған бюджеттiк ұсыныстарын алдын ала қарауымен айналысатын Қаржы комитетiн тағайындайды. Кеңестiң талап етуi бойынша Комитет оған басқа да бюджеттiк және қаржы мәселелерi бойынша консультациялар бере отырып отырыстарды да өткiзедi.
(с) Атқарушы директор Кеңестiң келесi қаржы жылына арналған бюджетi қаралатын сессиясының басталуына дейiн 21 күннен кешiктiрмей және мүмкiн болса 30 күн бұрын Кеңестiң қатысушыларына алдын ала тәртiппен Қаржы комитетi қараған және одан кейiн Атқарушы комитет бекiткен бюджеттiң жобасын жолдайды. Бюджеттiң жобасы фунт стерлингпен бағаланады және:
(i) бюджеттiк қаражатпен және осы қаржы жылына арналған жарналардың жалпы сомасымен салыстырғандағы ағымдағы қаржы жылында көзделiнiп отырған шығыстардың жай-күйi туралы есептi;
(ii) ағымдағы қаржы жылында көзделiнiп отырған кiрiстер мен шығыстардың жай-күйi туралы есептi және осы жылдың аяғындағы резервтердi бағалауды;
(iii) елдердiң төленбеген жарналары туралы есептi;
(iv) ағымдағы қаржы жылына көзделiнiп отырған шығыстармен салыстырғандағы келесi қаржы жылына көзделiнетiн шығыстарды және
(V) штаттағы қызметкерлердiң саны мен қызметiн көрсететiн есептi қамтиды.
(d) Елдердiң әрбiр қаржы жылына арналған жарналары Кеңес бекiткен жарналардың жалпы сомасының негiзiнде Қосымшада көрсетiлгенiндей елдердiң дауыстарының санына сайма-сай есептеледi, алайда, Конвенцияның 11-Бабының аталған қаржы жылына арналған бюджет қабылданған уақыттағы Конвенцияға мүшелiктi көрсететiн ережелерiне сәйкес түзетiлуi және қайта бөлiнуi мүмкiн. Конвенцияға қосылған елдердiң бастапқы жарналары Конвенцияның 27-Бабының (2)-тармағының ережелерiне сәйкес қосылу бекiтiлген күннен бастап аталған қаржы жылында қалған толық айлардың санына сайма-сай белгiленедi. Жарналар фунт стерилингпен төленедi.
(е) Кеңес бекiткен бюджет Атқарушы директорды өзiне мiндеттемелер алуға және шығыстарды тиiстi мақсаттарға жүзеге асыруға уәкiлеттiк бередi, оның үстiне Кеңестiң Төрағасының және Атқарушы комитеттiң санкциясымен Атқарушы директордың сметалық шығыстарды тұтас алғанда бюджеттiң жалпы сомасынан аспауы шартымен кез келген жеке бап бойынша өсiре алатындығы көзделiнедi.
26-Қағида
Қаржы мәселелерi: шоттар 21-бап
(а) Атқарушы директор Кеңестiң шоттарының жүргiзiлуi үшiн жауапкершiлiкте болады және:
(i) Атқарушы комитет бекiткен банкте немесе банктерде Астық жөнiндегi халықаралық кеңестiң атына ашылған шотқа немесе шоттарға енгiзу үшiн немесе Атқарушы комитеттiң келiсiмiмен инвестициялау үшiн алынған барлық ақша қаражатына билiк етедi, сондай-ақ Атқарушы комитет тағайындаған екi адам қол қойған чектер бойынша көрсетiлген банктегi немесе банктердегi шоттан немесе шоттардан ақша алады;
(ii) төлемдердi растайтын Құжаттардың негiзiнде ғана қамтамасыз етедi;
(iii) түсiмдердiң жүйелi түрде түсуiн, Кеңестiң барлық қорлары мен басқа да қаражатына билiк етудi және олардың сақталуын Қамтамасыз ету үшiн тиiмдi ағымдағы тексерудi немесе қаржы мәмiлелерiн қарауды көздейтiн iшкi бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ бюджетiнiң немесе Кеңес бекiткен басқа да қаржы қаражатының сақталуын қамтамасыз етедi;
(iv) барлық түсiмдер мен жүргiзiлген шығыстар көрiнiс табатындай, басқа жабдықтарды алу мен сату, сатып алу мен пайдалану және түсiмдер көрсетiле отырып барлық негiзгi қаражат тiркелетiндей, сондай-ақ осындай жабдықтар мен түсiмдердiң қолда бар запасына түгендеу жүргiзілетіндей тұрғыда есеп кiтаптарының жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi;
(v) мұқият тексеруден кейiн қолда бар ақшаның, запастардың және басқа да мүлiктiң шығындарын есептен шығаруға рұқсат ете алады, алайда, осы тармаққа сәйкес жасалатын кез келген iс-әрекет Атқарушы комитеттiң бекiтуiне жатады.
(b) Атқарушы директор Атқарушы комитеттiң санкцияларымен өзi Кеңестiң мүддесiнде қажет деп санайтын көтермелеу төлемдерiн жүргiзе алады.
(с) Атқарушы директор әрбiр қаржы жылы аяқталғаннан кейiн қысқа мерзiмде осы қаржы жылындағы түсiмдер мен төлемдердiң балансынан тұратын қаржылық есеп дайындайды және оны кейiн тиiстi баяндама ұсынатын Кеңестiң ревизорларының қарауына бередi.
(d) Әрбiр қаржы жылында Атқарушы директор қысқа мерзiмде Кеңестiң мүшелерiне ревизорлардың баяндамасы қоса берiлген Кеңестiң өткен қаржы жылына арналған қаржылық есебiн жiбередi.
27-Қағида
Ревизорлар мен сенiм бiлдiрiлген адамдарды тағайындау 21-бап
(а) Конвенцияның қолданылуының бiрiншi қаржы жылында Атқарушы комитет мүмкiндiгiнше тезiрек Конвенцияның қолданылу мерзiмiне Кеңестiң ревизорларын тағайындайды.
(b) Кез келген босаған орынды иелену үшiн Атқарушы комитет Жинақ және Зейнетақы қорлары қызметкерлерiнiң қатарынан сенiм бiлдiрiлген адамдарды тағайындайды.
III-Бөлім - Қорытынды ережелер
28-Қағида
Қосылу 27-бап
(а) Егер Қосымшаға енгiзiлген ел 1995 жылдың 1 шiлдесiнен бастап Конвенцияның қатысушысы болмаса, бiрақ кейiн Конвенцияның 27-Бабының (2)-тармағына сәйкес қосылса, онда оның дауысы 11-Баптың мақсаты үшiн Қосымшада көрсетiлгенiндей 11-Баптың (3) және (4)-тармақтарына сәйкес қажет болғанда түзетiлiп есепке алынатын болады.
(b) Егер Қосымшада көрсетiлмеген ел 27-Баптың (2)-тармағына сәйкес Конвенцияға қосылса, оның дауысы 11-Баптың мақсаты үшiн, егер Кеңес басқаша шешпесе, Қосымшада санамаланып көрсетiлген барлық елдердiң астықпен саудасының жалпы көлемiндегi қосылушы елдiң астықпен саудасының жалпы көлемiнiң үлесi ескеріле отырып айқындалады, бұл ретте есептерде 13-Қағиданың (i) тармағында көрсетiлген тиiстi кезеңдегi сауда туралы орташа деректер пайдаланылады. Мұнда контекстегi осы елдiң "саудасы" Конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын елдердi қоса алғанда, барлық елдерден импортты және барлық елге экспортты қамтиды.
(с) 15-Қағидадағы қатысушылардың дауыстарына қатысты айқындалған шарттар оларды қайта бөлгеннен кейiн, сондай-ақ 27-Баптың (2)-тармағына сәйкес қосылған кез келген елдiң дауысына да қолданылады. Атқарушы комитет Конвенцияның 27-Бабының (2)-тармағына сәйкес қосылу туралы барлық өтiнiштер бойынша ұсынымдарды қарауға және Кеңеске ұсынымдар беруге уәкiлеттi. Осындай өтiнiштердi қарай отырып Атқарушы комитет Кеңестiң өзi үшiн мiндеттi қаулыларды сақтайды және әрбiр жеке жағдайда қандай шарттар ұсынылуы тиiс екендiгiн мұқият талқылайды.
(е) Конвенцияның 27-Бабының ережелерiне сәйкес Конвенцияға қосылған Үкiмет қосылу туралы өзiнiң өтiнiшi қанағаттандырылған күннен бастап Конвенцияға уақытша қосылған болып саналады және өзiнiң айқындауы бойынша жарна төлеу туралы мiндеттеменi қоса алғанда, өзiне құқықтар мен мiндеттемелер қабылдайды.
29-Қағида
Мерзiмдi ұзарту 25 және 27-баптар
Атқарушы комитеттiң Конвенцияны бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе оған қосылу туралы актiлердi өткiзу мерзiмiн ұзартуға құқығы бар.
11-Бапқа сәйкес жекелеген қатысушы елдердiң дауыс санын
көбейтуге қатысты ұғым
(1) Егер осы Конвенцияға Қосымшада көрсетiлген 11-Бапқа сәйкес кез келген қатысушы елдiң дауыс саны 1986 жылғы Астық саудасы туралы конвенцияның 11-Бабына сәйкес 1994 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша осы қатысушы ие болған дауыс санының 50%-iнен артық болса, онда осы қатысушының 1995/96 жылғы және одан кейiнгi қаржы жылдарындағы қаржы жарналарының бағалануы мыналардың негiзiнде өзгеретiн болады:
(i) 1995/96 жылғы жарналардың бағалануы көбею ең болмағанда бiр дауысты құрауы шартында 1994 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша болған дауыстардың санынан 50 % асатын (ең жақын бүтiн санды дөңгелектеген соң) дауыстардың санына негiзделетiн болады;
(ii) 1996/97 жылғы жарналардың бағалануы өткен қаржы жылында қолданылған есептеудiң негiзiнде алынған дауыстардың санынан 50 % асатын дауыстардың санына (ең бүтiн санды дөңгелектеген соң) немесе осы Конвенцияға Қосымшада келтiрiлген қайсысы аз болатын дауыстардың санына негiзделетiн болады;
(iii) 1997/98 жылғы және бұдан кейiнгi қаржы жылдарындағы жарналардың бағалануы 1996/97 жылдардағыдай тәсiлмен есептелетiн болады.
(2) Егер кез келген қатысушы елдiң қаржы жылындағы жарналарының бағалануы осы ұғымдарға сәйкес азаятын болса, Конвенцияның қалған қатысушыларына қолданатын жарналарды бағалау қаржы жылында барлық қатысушылардың жарналарының жалпы бағалануы осы ұғынымға сәйкес қандай да болмасын азайтулардың болмауы кезiнде болуы тиiс сол бағалануға теңелетiндей сайма-сай өсетiн болады (15-Қағиданың ережелерi ескерiле отырып).
(3) Қаржы жарналарын бағалауды қоспағанда, барлық мақсаттар үшiн барлық қатысушылар 11-Бапқа сәйкес пайдаланатын дауыстар 11-Баптың ережелерi ескерiле отырып, Қосымшаға сәйкес бөлiнедi.
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.