1. 1963 жылғы 28 желтоқсанда Қазақ ССР Заңымен бекітілген Қазақ ССРінің Азаматтық кодексіне (Қазақ ССР Жоғарғы Советі мен Үкіметінің Ведомостары, 1964 ж., N 2; Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1973 ж., N 27; 1974 ж., N 26, 46; 1975 ж., N 11; 1977 ж., N 29; 1982 ж., N 32, 315-құжат; 1983 ж., N 41, 435-құжат; N 49, 527-құжат; 1984 ж., N 36, 447-құжат; 1985 ж., N 19, 192-құжат; N 45, 457-құжат; 1986 ж., N 25, 242-құжат; 1987ж., N 24, 314-құжат; 1988 ж., N 2, 19-құжат; 1989 ж, N 3, 17-құжат; 1990 ж., N 22, 274-құжат; N 50, 467-құжат; 1991 ж., N 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 23-24, 282-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 14, 277-құжат):
454-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"454-бап. Әлеуметтік салық және бюджетке басқа да міндетті
төлемдер төлеуге міндетті зиян келтірушінің азаматтың
денсаулығы зақымданғаны және қайтыс болғаны үшін
жауапкершілігі
Егер қызметкер өзінің еңбектегі (қызметтік) міндеттерін атқаруына байланысты ол үшін әлеуметтік салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер төлеуге міндетті ұйымның немесе азаматтың кінәсінен мертіксе немесе денсаулығына өзге де зақым келсе, сол ұйым немесе азамат зардап шегушіге зиянды ол алатын жәрдемақының немесе оның денсаулығы зақымданғаннан кейін оған тағайындалған және оның іс жүзінде алатын зейнетақысының сомасынан артық бөлігінде өтеуге тиіс.
Зардап шегушінің зиянын өтеу сомасын төлеу медициналық-санитариялық сараптама комиссиясы оны мертігуіне не денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты еңбек қабілетін жоғалтты деп таныған мерзім ішінде жүргізіледі.
Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге қарай оның асырауында болуға құқығы бар еңбекке жарамсыз адамдардың, сондай-ақ оның өзі қайтыс болғаннан кейін туған баласының зиянды өтеттіруге құқығы бар.
Зиян:
1) кәмелетке толмағандарға - олар 18 жасқа, ал күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларға - 23 жастан аспайтын шекте оқу орнын бітіргенге дейін;
2) 58 жастан асқан әйелдерге және 63 жастан асқан еркектерге - өмір бойы;
3) мүгедектерге - мүгедектік мерзімінде;
4) жасына және еңбек қабілетіне қарамастан, қайтыс болған адамның ата- аналарының немесе жұбайларының біреуіне, не отбасының басқа мүшесіне, егер ол жұмыс істемесе және қайтыс болған адамның 8 жасқа толмаған балаларын, інілерін қарындастарын, немерелерін күтумен айналысса, олар 8 жасқа толғанға дейін өтеледі.
Өз қызметкеріне еңбек міндеттерін атқаруы кезінде мертігуімен немесе денсаулығының өзге де зақымдануымен келтірілген зиян үшін жұмыс берушінің жауапкершілігі заңдарға сәйкес міндеттір түрде сақтандырылуға тиіс.
Еңбек міндеттерін атқаруы кезінде қызметкерге келтірілген зиян үшін міндетті сақтандыруды жұмыс беруші жасамаған жағдайда келтірілген залалдың толық мөлшерінде жауапты болады.
Таратылған кәсіпорындарда еңбек міндеттерін атқаруы кезінде қызметкерге келтірілген зиянды өтеу тәртібі арнаулы заңмен реттеледі.";
455-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"455-бап. Әлеуметтік салық және бюджетке басқа да міндетті
төлемдер төлеуге міндетті емес зиян келтірушінің азматтың
денсаулығы зақымданғаны және қайтыс болғаны үшін
жауапкершілігі
Егер мертігуді немесе денсаулығына өзге де зақымды зардап шегуші үшін әлеуметтік салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер төлеуге міндетті емес ұйым немесе азамат жасаса, бұл ұйым немесе азамат зардап шегушіге зиянды ол алатын жәрдемақының немесе оның денсаулығы зақымдалғаннан кейін тағайындалған және оның іс жүзінде алатын зейнетақысының сомасынан асатын бөлігінде осы Кодекстің 443, 450-баптарының ережелері бойынша өтеуге тиіс.
Зардап шегуші қайтыс болған жағдайда осы Кодекстің 454-бабында аталған адамдардың зиянды өтеттіруге құқығы бар.";
456-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Егер азаматқа оның мертігуіне немесе денсаулығына өзге де зақым келтірілуіне байланысты жәрдемақы немесе зейнетақы тағайындалмаса, онда келтірілген зиян үшін жауапты ұйым немесе азамат оған келтірілген зиянды толық көлемінде өтеуге міндетті.";
457-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"457-бап. Азаматтың денсаулығына зақым келтірілгені және қайтыс
болғаны үшін жауапкершілік
Азаматтың денсаулығына зақым келтірілген жағдайда зиян үшін жауапты ұйым немесе азамат зардап шегушіге оның денсаулығын қалпына келтіруге байланысты шығындарын, сондай-ақ оның еңбек қабілетін жоғалтуы немесе кемітуі туғызған залалды, егер заңда өзгеше көзделмесе, жұмысшылар мен қызметшілердің тиісті санатының табысына қатысты есептеліп жүрген мөлшерде өтеуге тиіс.
Зардап шегуші қайтыс болған жағдайда жоғарыда белгіленген тәртіппен есептелетін зиянды осы Кодекстің 454-бабында аталған азаматтардың өтеттіруге құқығы бар.
2. 1972 жылғы 21 шілдедегі Қазақ ССР Заңымен бекітілген Қазақ ССР-інің Еңбек туралы заңдар кодексіне (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1972 ж., N 31 (қосымша); 1973 ж, N 51; 1974 ж., N 37; 1977 ж., N 11; 1980 ж., N 12;24; 45, 141-құжат; 1982 ж., N 2, 25-құжат; 1983 ж., N 46, 500-құжат; 1984 ж., N 36, 447-құжат; 1985 ж., N 45, 457-құжат; 1986 ж., N 25, 242-құжат; N 28, 275-құжат; N 49, 507-құжат; 1987 ж, N 18, 227-құжат; N 43, 518-құжат; 1988 ж., N 16, 160-құжат; N 27, 277-құжат; 1989 ж, N 49, 445-құжат; 1990 ж., N 43, 404-құжат; N 44, 410-құжат; N 50, 467-құжат; 1991 ж., N 26, 348-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 6, 112-құжат; N 13-14, 316-құжат; 1993 ж., N 3, 41, 56-құжаттар; 1994 ж., N 9-10, 147-құжат; 1995 ж., N 21, 126-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 66-құжат):
159-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әйелдерге жүкті болуы және бала тууы бойынша босанғанға дейін - ұзақтығы жетпіс күнтізбелік күн және босанғаннан кейін елу алты күнтізбелік күн (ауыр босанған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда - жетпіс күн) демалыс беріліп, ол жинақталып есептеледі және демалыс әйелге босанғанға дейінгі іс жүзінде пайдаланған күндерінің санына қарамастан толық беріледі, сонымен қатар, олардың қалауына қарай, бала бір жарым басқа толғанға дейінгі оны күтіп-бағу жөніндегі ішінара ақы төленетін демалыс осы кезеңге еңбек стажының ұзақтығына қарамастан мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жәрдемақы төлей отырып беріледі.";
162-баптың 1 және 2 бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
"162-бап. Бала асырап алған әйелдерге (еркектерге)
берілетін демалыс
Жаңа туылған балаларды тікелей перзентханадан асырап алған әйелдерге
(еркектерге) асырап алу кезеңіне және бала туған күннен бастап елу алты күн өткенге дейін оларға осы кезең үшін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жәрдемақы төлей отырып демалыс беріледі. Бала асырап алған әйелдің (еркектің) қалауы бойынша жалпы еңбек стажы бір жылдан кем болмаған жағдайда бала бір жасқа толғанға дейін оны күтіп- бағу жөнінде осы кезең үшін мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жәрдемақы төлей отырып ішінара ақы төленетін демалыс беріледі."; XVII тарау мынадай редакцияда жазылсын: "XVII тарау. Міндетті әлеуметтік қамсыздандыру 232-бап. Міндетті әлеуметтік қамсыздандыруды барлық жұмысшылар мен қызметшілерге қолдану. Міндетті әлеуметтік қамсыздандыру қаражаты Барлық жұмысшылар мен қызметшілер міндетті әлеуметтік қамсыздандырылуға тиіс. Жұмысшылар мен қызметшілерді міндетті әлеуметтік қамсыздандыру мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Ұйымның міндетті жарналарды төлемеуі жұмысшылар мен қызметшілерді жәрдемақы алу құқығынан айырмайды. 233-бап. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен берілетін әлеуметтік кепілдіктердің түрлері Жұмысшылар мен қызметшілер, ал тиісті жағдайларда олардың отбасы мүшелері де әлеуметтік кепілдіктердің мынадай түрлерімен: уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөніндегі жәрдемақымен (соның ішінде жұмыста мертігуі мен кәсіби ауруы бойынша); жүкті болуы мен бала тууы бойынша жәрдемақымен; санаторийде емделумен; жұмыссыздық жағдайында әлеуметтік қолдаумен; тегін медициналық көмектің кепілді мөлшерін алумен; баланың тууы жөніндегі жәрдемақымен; жерлеуге жәрдемақымен қамтамасыз етіледі. 234-бап. Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз ету
Жұмысқа уақытша жарамсыздығы жөніндегі жәрдемақы ауруға (жарақаттануға), протездеуге, жүкті болуды жасанды жолмен үзуге, отбасының ауырып қалған мүшесін күтіп-бағуға, карантинге және туберкулезбен немесе кәсіби аурумен ауруына байланысты уақытша басқа жұмысқа ауысқан кезде жұмысқа уақытша жарамсыз болып қалу жағдайында және басқа жағдайларда орташа айлық жалақысы есебімен, бірақ айлық есептік көрсеткіштің он бес еселенген шамасынан аспайтын мөлшерде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тағайындалады және төленеді.
Жұмыста мертігуге немесе кәсіби ауруға байланыст жұмысқа уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыны жұмыс беруші орташа жалақының жүз проценті мөлшерінде жұмысқа жарамсыз болып қалған бірінші күннен бастап жұмысқа шыққанға немесе мүгедектік белгіленгенге дейін төлейді.
235-бап. Жүктілігі мен босануы бойынша жәрдемақылармен
қамтамасыз ету
Жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақылар жүктілігі және босануы бойынша бүкіл демалысы ішінде толық табысы мөлшерінде төленеді.";
236-238-баптар алып тасталсын;
3. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 23, 560-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; N 20, 252-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184-құжат; N 22, 334-құжат):
14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Әйелдерге, балаларға және жасөспірімдер мен олардың
ата-аналарына берілетін қосымша жеңілдіктер мен өтемдер
Ядролық сынақтар әсеріне ұшырған аумақтарда тұратын әйелдердің қалыпты босану жағдайында 170 күнтізбелік күн, босануы ауыр болған реттерде және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда 184 күн жүкті болуы мен босануы бойынша демалыс алуға құқығы бар.
Ядролық сынақтар әсерінен зардап шеккен аумақтарда тұратын балалар мен 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердің санаторий-сауықтыру мекемелерінде тегін сауығуға (медициналық көрсеткіштер бойынша) құқығы бар.
Сырқат баланы күтуге берілетін ауру жөніндегі парақ үшін ата-ананың біреуіне немесе олардың орнындағы адамдарға, жұмыс стажына қарамастан, бүкіл ауырған кезеңге жүз процент мөлшерде ақы төленеді.";
19-бапта бесінші абзац алып тасталсын.
4. "Арал өңіріндегі экологиялық қасірет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж, N 13-14, 348-құжат; 1994 ж., N 8,140-құжат; 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 21, 274-құжат):
14-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бала туғанда ең аз жалақының төрт еселенген мөлшерінде біржолғы жәрдемақы алуға;";
5. "Қазақ ССР-інде мүгедектердің әлеуметтік қорғалу туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1991 ж., N 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1994 ж., N 9-10, 158-құжат; N 15, 208-құжат; 1995 ж, N 20, 120-құжат; 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 17-18, 219-құжат):
3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"3-бап. Мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы
Қазақстан Республикасы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ете отырып, мүгедектердің денсаулығын сақтауға, еңбек етуге, білім алуға және кәсіптік даярлықтан өтуге құқықтарын, тұрғын үй және өзге де әлеуметтік-экономикалық құқықтарды іске асыруындағы кедергілерді жою мақсатында оларға тиісті мемлекеттік бағдарламаларда мүгедектердің қажеттерін ескеру, заңдарда көзделген түрлерде әлеуметтік көмек беру арқылы жеке дамуы, шығармашылық және өндірістік мүмкіндіктері мен қабілеттерін іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды.
Мемлекет мүгедек балаларға және балалары бар мүгедек әйелдерге ерекше қамқорлық көрсетеді, жұмысқа уақытша жарамсыз болуына байланысты мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жәрдемақылармен қамтамасыз етуде жұмыс істеп жүрген мүгедектерге республиканың басқа да барлық азаматтарымен тең құқықтар береді.
Еңбекте мертігу немесе кәсіптік ауру салдарынан мүгедек болып қалған қызметкерлер мүгедектер еңбек қатынастарында тұрған кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты есебінен жүріп-тұру құралдарымен, протез-ортопедия бұйымдарымен, басқа да медициналық және әлеуметтік-еңбек оңалту түрлерімен, сондай-ақ олардың еңбек ету мүмкіндіктерін ескере отырып, кепілді жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі. Бұл міндеттерді орындаудан жалтарған жағдайда жоғарыда аталған мақсаттарға арналған қаражат кінәлі заңды тұлғалардан әлеуметтік қамсыздандыру органдарының талап-арызы бойынша мүгедектің пайдасына сот тәртібімен екі есе мөлшерде өндіріп алынады.
Мүгедектерге және құрамында мүгедек бар отбасыларға тұрғын үй беру, сатып алу, салу және оларды пайдалану жөніндегі жеңілдіктер Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңдарымен және осы Заңмен белгіленеді.".
6. "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" 1993 жылғы 14 сәуірдегі Z932200_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1993 ж., N 10, 242-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; 1997 ж., N 7, 79-құжат; N 12, 184-құжат; N 17-18, 220-құжат; N 22, 334-құжат):
24-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"Саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының, сондай-ақ осы Заңға сәйкес ақталған, мүгедектігі бар немесе зейнеткер болып табылатын осы Заңның 2-бабында аталған саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдардың:
қамауда болған, жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеген, айдауда болған, арнайы қоныстарда бостандығын шектей отырып, мәжбүрлеп еңбекке тартылған және психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емделген уақыттарын зейнетақы алу үшін еңбек стажына - үш еселенген мөлшерде есептеуге;
кезекті еңбек демалысын өздеріне қолайлы уақытта алуға, сондай-ақ жылына екі аптаға дейінгі мерзімге жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс алуға;
жұмыс істейтін орны бойынша санаторийлерге, профилакторийлерге және демалыс үйлеріне (зейнеткерлер үшін - әлеуметтік қорғау органдары арқылы) жолдамалармен артықшылықпен қамтамасыз етілуге, осы жолдамаларды төлеу жөнінде артықшылықпен жеңілдіктер алуға;
бірінші кезекте медициналық көмек алуға, дәрі-дәрмектер сатып алуға, мемлекеттік емдеу - алдын алу мекемелерінде диспансерлік қадағалау мен стационарлық емделуге;
дәрігердің рецепті бойынша сатып алынатын дәрілердің құнын 50 процентке шегеріп төлеуге (мүгедектігі өзінінің құқыққа қарсы іс-әрекеттері немесе бостандыққа шыққаннан кейінгі жалпы ауруы салдарынан болған адамдар бұған қосылмайды);
қалалық жолаушылар көлігінің барлық түрінде (таксиден басқа) және селолық жерде (тұрғылықты жері бойынша облыс көлемінде) жалпы пайдаланылатын автомобиль көлігінде (таксиден басқа) тегін жүруге;
Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жылына бір рет (бару-қайту жолы) темір жол көмегімен тегін жүруге, ал темір жол қатынасы жоқ аудандарда - су, әуе немесе қалааралық автомобиль көлігімен жол ақысының 50 процентін шегеріп төлейтін жеңілдікпен жүруге, тұрғын үйді ұстауға, коммуналдық қызметке (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр энергиясымен және газбен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтілердің қызмет көрсетуі) жұмсалатын, телефонды пайдаланғаны үшін (қалааралық сөйлесуден басқа) - белгіленген тарифтегі шығындарды, ал уақыт бойынша төлеген кезде - Қазақстан Республикасының Үкіметі азаматтар үшін белгілейтін тәртіппен және нормалар шегіндегі тариф пен уақыт нормаларын, ал орталықтандырылған жылу жоқ үйлерде тұратындарға - азаматтарға сату үшін белгіленген нормалар шегінде сатып алынатын отын үшін де төлемді 50 процентке шегеруге құқылы. Мәслихаттардың шешімі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар шегінде және сондай тәртіппен тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызмет үшін алдын-ала ақшалай төлем түрінде жеңілдіктер жасауға жол беріледі;
жекешелендіру купондарын сақтай отырып, тұрғын үй-жайды меншікке тегін алуға;
бірінші кезекте телефон орнатуға;
бау-бақша қоғамдарына және тұрғын үй құрылыс кооперативтеріне бірінші кезекте кіруге;
қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлерге бірінші кезекте орналасуға, оларда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес толық мемлекеттік қамсыздандыру жағдайында тұруға;
тіс протездерін тегін жасатуға және жөндетуге (қымбат металдардан жасалған протездерді қосапағанда), басқа да протездік-ортопедиялық бұйымдармен жеңілдікпен қамтамасыз етілуге;
ақталуға байланысты мәселелер бойынша адвокаттардан тегін кеңес алуға құқылы.
Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің нормативтік актілермен, жергілікті өкілді органдар арқылы қосымша жеңілдіктер белгіленуі мүмкін.
Жоғарыда аталған жеңілдіктерді алу үшін Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілеген бірыңғай үлгідегі куәлік негіз болып табылады. Басқа мемлекеттерде - КСР Одағының бұрынғы одақтас республикаларында саяси қуғын-сүргіндерге ұшыраған, бірақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және оның азаматы болып табылатын ақталған адамдар осы бапта көзделген барлық жеңілдіктерді пайдаланады.". 2-бап. Осы Заң 1999 жылғы 1 қаңтардан батап күшіне енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.) (Қобдалиева Н.М.)