Қазақстан Республикасының Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясына қосылуы туралы

Қазақстан Республикасы Заңы 1998 жылғы 10 қараша N 297-I.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Бернде 1886 жылғы 9 қыркүйекте қол қойылған, Парижде 1896 жылғы 4 мамырда толықтырылған, Берлинде 1908 жылғы 13 қарашада қайта қаралған, Бернде 1914 жылғы 20 наурызда толықтырылған және Римде 1928 жылғы 2 маусымда, Брюссельде 1948 жылғы 26 маусымда, Стокгольмде 1967 жылғы 14 шілдеде және Парижде 1971 жылғы 24 маусымда қайта қаралған, Парижде 1979 жылғы 2 қазанда өзгертілген Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн конвенциясына қосылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

Әдеби және көркем туындыларды қорғау жөніндегі Берн Конвенциясы

      1886 жылы 9 қыркүйекте Бернде қол қойылған,

      1896 жылы 4 мамырда Парижде толықтырылған, 1908 жылы 13 қарашада Берлинде қайта қаралған, 1914 жылы 20 наурызда Бернде толықтырылған және 1928 жылы 2.маусымда Римде, 1948 жылы 26 маусымда Брюссельде, 1967 жылы 14 шілдеде Стокгольмде және 1971 жылы 24 шілдеде Парижде қайта қаралған, 1979 жылы 2 қазанда Парижде өзгертілген.

      Авторлардың өздерінің әдеби жөне көркем туындыларына құқықтарын мүмкіндігінше нәтижелі және біркелкі қорғауға деген бірдей тілекпен қанаттанған Одақ елдері,

      1967 жылы Стокгольмде өткен Конвенцияны қайта қарау жөніндегі Конференция жұмысының маңыздылығын мойындай отырып,

      Стокгольмдегі Конференция қабылдаған Актінің 1-20 және 22-26 баптарын өзгертусіз қалдыра отырып, Актіні қайта қарауға бел буды.

      Осыған сәйкес төменде қол қоюшы Уәкілдер ездерінің тиісті түрде жөне толығымен ретті ресімделген деп табылған өкілеттіктерін білдіргеннен кейін, төмендегілерге келісті.

1-бап

      Осы Конвенция қолданылатын елдер авторлардың өз әдеби және көркем туындыларына деген құқықтарын қорғайтын Одақты құрайды.

2-бап

      (1) "Әдеби және көркем туындылар" термині қандай тәсілмен және қандай түрде берілгеніне қарамастан әдебиет, ғылым және өнер саласындағы барлық туындыларды қамтиды, атап айтқанда: кітаптар, кітапшалар және басқа да жазбаша туындылар; дәрістер, үндеулер, уағыздар және басқа да осы тектес туындылар; драмалық және музыкалық-драмалық туындылар; хореографиялық туындылар жөне пантомималар; мәтіні бар немесе мәтіні жоқ музыкалық шығармалар; кинематографиялық туындылар, бұларға теңестірілетін, кинематографияға орайлас тәсілмен берілген туындылар; суреттер, кескіндеме, сәулет, мүсіндеме, графика және литография туындылары; сурет туындылары, оларға орайлас әдістермен жасалған туындылар теңгеріледі; географияға, топографияға, саулетке немесе ғылымға жататын қолданбалы өнер туындылары; безендірулер/географиялық қарталар, жоспарлар, нобайлар мен пластикалық туындылар.

      (2) Алайда, әдеби және көркем туындылар немесе олардың белгілі бір категориялары, егер олар әлдебір материалдық түрде бекітілмесе, онда Одаққа мүше елдердің заңдарында ондай туындылардың қорғауға жатпайтындығы жөнінде ұйғарым енгізу құқығы сақталады.

      (3) Аудармалар, бейімдеулер, музыкалық әуендеулер жөне басқа да қайта өңделген әдеби немесе көркем туындылар түпнұсқа туындылармен тең дәрежеде, түпнұсқа туынды авторының құқығына нұқсан келтірілмей қорғалады.

      (4) Одаққа мүше елдердің заңдарында заң шығару, әкімшілік және сот сипатындағы ресми мәтіндермен, осындай мәтіндердің ресми аудармаларына берілетін қорғауды белгілеу құқығы сақталады.

      (5) Әдеби және көркем туындылардың жинақтары, мысалы, материалдарының іріктелуі және орналасуы жағынан санаткерлік шығармашылықтың нәтижесі болып табылатын энциклопедиялар мен антологиялар, осындай жинақтардың бір бөлігін құрайтын шығармалардың әрқайсысының авторларының құқықтарына нұқсан келтірілмей қорғалады.

      (6) Осы бапта көрсетілген туындылар Одақтың барлық елдерінде қорғалады. Бұл қорғау автор мен оның заңды мұрагерлерінің пайдасы үшін жүзеге асырылады.

      (7) Одаққа кіретін елдердің заңдарында осы Конвенцияның 7(4)-бабының ережелерін ескерумен бірге, қолданбалы өнер туындылары және өнеркәсіптік суреттер мен үлгілерге олардың заңдарын қолдану дәрежесін, сондай-ақ осындай шығармаларды, суреттерді және үлгілерді қорғау шарттарын белгілеу құқығы сақталады. Туынды жасалған елде тек қана суреттер және үлгілер ретінде қорғалатын туындыларға қатысты Одаққа мүше басқа елдерде тек суреттер мен үлгілерге берілетін арнайы қорғау ғана талап етілуі мүмкін, дегенмен егер осы елдерде мұндай арнайы қорғаулар берілмесе; онда бұл туындылар көркем туындылар ретінде қорғалады.

      (8) Осы Конвенция беретін қорғау күнделікті жаңалықтар туралы хабарларға немесе қарапайым баспасөз-ақпараттық сипаттағы әр түрлі оқиғалар туралы хабарларға таралмайды.

2bis-бап

      (1) Одаққа кіретін елдердің заңдарында, саяси сөздер мен сот процестері барысында айтылған сөздерді алдыңғы бапта көзделген қорғаудан толық немесе ішінара алып тастау құқығы сақталады.

      (2) Одаққа мүше елдердің заңдарында сондай-ақ, мынандай шарттар тағайындау құқығы сақталады: бұл шарттар бойынша, егер осындай пайдалану ақпараттық мақсатпен ақталар болса, дәрістер, үндеулер және басқа да көпшілік алдында жарияланған осы тектес туындылар, осы Конвенцияның 11bis(l) бабында көзделгендей, баспасөзде жаңғыртылады, эфирге беріледі, жалпы жұрт назарына сымдар арқылы жеткізіледі және көпшілікке арналған хабарлардың тақырыбына айналады.

      (3) Бірақ, автор алдыңғы тармақтарда аталған өз туындыларының жинағын дайындаудың айрықша құқығына ие болады.

3-бап

      (1) Осы Конвенцияда көзделген қорғау мыналарға қолданылады:

      (а) Одаққа мүше елдердің біреуінің азаматы болып табылатын авторларға, олардың жарыққа шыққан, сондай-ақ жарыққа шықпаған туындыларына қатысты;

      (b) Одаққа мүше елдердің бірінің азаматы болып табылмайтын авторлардың осы елдердің біреуінде алғаш рет жарыққа шыққан немесе Одаққа кіретін елдер мен кірмейтін елдерде бір мезгілде шыққан туындыларына қатысты.

      (2) Одаққа мүше елдердің бірінің азаматы болмаса да, осы елдердің біреуінде әдетті мекен-жайы бар авторлар, осы Конвенцияның мақсаты үшін осы елдердің азаматтарына теңгеріледі.

      (3) "Жарыққа шығарылған туындылар" деп, олардың авторларының келісімімен шығарылған туындыларды түсіну ләзім, бұл ретте даналарының қандай тәсілмен әзірленгені қаралмайды, тек осы даналар айналымға көпшіліктің көңілге қонымды мұқтажын туындының мән-мағынасын ойға ала отырып қанағаттандыра алатын жалпы санмен жіберілу керек.

      Драмалық, музыкалық-драмалық немесе кинематографиялық туындылардың көрсетілімі, музыкалық туындылардың орындалымы, әдеби туындыларды көпшілікке арнап оқу, сымдар арқылы хабарлау немесе әдеби және көркем туындыларды эфирге шығару, сондай-ақ өнер туындыларын көрсету және сәулет енері құрылыстарын салу жарыққа шыққан туындылар болып есептелмейді.

      (4) Туынды алғаш шығарылған күннен кейінгі отыз күн ішінде екі немесе одан да көп елдерде шығарылған болса, онда туынды бір мезгілде бірнеше елде шығарылған болып есептеледі.

4-бап

      (1) Осы Конвенцияда көзделген қорғау 3-бапта қарастырылған шарттар орындалмаған жағдайда да қолданылады:

      (а) Одаққа мүше елдердің біреуінде шығарушының штаб-пәтері немесе мекен-жайы бар кинематографиялық туындылардың авторларына;

      (b) Одаққа мүше елдердің бірінде салынған сәулет туындылары немесе Одақтың әлдебір елінде орналасқан басқа да ғимараттың, яки өзге құрылыстың бөлшегі болып табылатын туындылардың авторларына қолданылады.

5-бап

      (1) Авторлар, осы Конвенция арқылы авторларға берілетін туындыларға қатысты қорғауды, туынды жасалған мемлекеттен басқа, Одаққа мүше елдерде өз азаматтарына тиісті заңдар арқылы қазіргі уақытта немесе болашақта ұсынылатын құқықтарды, сондай-ақ осы Конвенция айрықша қамтамасыз ететін құқықтарды пайдаланады.

      (2) Бұл құқықтарды пайдалану және іске асыру қандай да бір болмасын ресмилікті орындауда талап етпейді. Мұндай пайдалану мен іске асыру туынды жасалған елде қорғаудың бар-жоғына тәуелді емес. Демек, осы Конвенцияда бекітілген ережелерден басқа, автордың құқығын сақтауды қамтамасыз ететін қорғау көлемі қорғау құралдары секілді, тек қорғауды қажет ететін елдің заңымен реттеледі.

      (3) Туынды жасалған елде қорғау ішкі заңдармен реттеледі. Алайда, егер автор осы Конвенция арқылы қорғау ұсынылатын. туынды жасалған елдің азаматы болмаса, онда ол осы елде осы елдің автор-азаматтары пайдаланатын құқықтардай құқыққа ие болады,

      (4) Туынды жасалған мемлекет болып саналады:

      (a) Одаққа мүше мемлекеттердің бірінде алғаш рет жарыққа шыққан туындылар үшін,- осы мемлекет; Одаққа мүше бірнеше мемлекетте бір мезгілде жарыққа шығарылып, туындыларды қорғаудың әр түрлі мерзімдері ұсынылған туындылар үшін - заңдары қорғаудың ең қысқа мерзімін белгілейтін мемлекет;

      (b) Одаққа кірмейтін қандайда бір мемлекетте және Одаққа мүше мемлекеттің біреуінде бір мезгілде жарыққа шыққан туындылар үшін - осы соңғы мемлекет;

      (с) Жарыққа шықпаған туындылар үшін немесе Одаққа кірмейтін елдердің бірінде жарыққа шыққан, бірақ Одаққа мүше қандай да бір елде бір мезгілде жарыққа шықпаған туындылар үшін автор азаматы болып табылатын Одақ елі мынадай жағдайларда

      (і) Одаққа мүше елдердің бірінде штаб-пәтері немесе мекен-жайы бар шығарушының кинематографиялық туындыларға қатысты осы ел туынды жасалған ел болып табылады, және (іі) Одаққа мүше елдердің бірінде салынған сәулет туындылары немесе осы елдердің бірінде орналасқан басқа да ғимарат, яки өзге құрылымдардың бөлшегі болып табылатын көркем туындылар үшін туынды жасалған ел болып осы ел саналады.

6-бап

      Одаққа кірмейтін кезкелген мемлекет Одаққа мүше мемлекеттердің азаматы болып табылатын авторлардың туындыларын қорғауды жеткілікті түрде қамтамасыз ете алмаса, онда осы соңғы мемлекет Одаққа мүше елдердің біреуінде тұрақты мекен-жайы жоқ, осы туындылар алғаш жарыққа шыққан күні басқа елдің азаматы болған авторлардың туындыларына берілетін қорғауды шектей алады. Егер туынды алғаш рет жарыққа шыққан мемлекет осы құқықты иеленіп алса, онда Одақтың басқа мемлекеттері мұндай ерекше ережелерге бағынышты туындыларға, туынды алғаш рет жарыққа шыққан мемлекетте берілген қорғаудан да ауқымды қорғау ұсынуға міндетті емес.

      (2) Алдыңғы тармақтардың негізінде белгіленген шектеулердің ешқайсысы да авторлардың қандай да бір Одаққа мүше мемлекеттерде мұндай шектеулерді күшіне енгізгенге дейін жарыққа шыққан туындылары үшін ие болған авторлардың құқықтарына әсер етпейді.

      (3) Осы бапқа сәйкес авторлық құқық беруді шектейтін Одаққа мүше мемлекеттер, кейбір айқындалған мемлекеттерге қатысты қорғаудың шектелгенін сондай-ақ осы мемлекеттердің автор азаматтарының авторлық құқықтарының шектеуге ұшырағанын жазбаша мәлімдеме арқылы Дүниежүзілік Санаткерлік меншік ұйымының Бас директорын (әрі қарай "Бас директор" деп аталатын) хабардар етеді. Бас директор бұл мәлімдемені дереу Одақтың барлық мемлекеттеріне хабарлайды.

6bis-бaп

      (1) Автордың мүліктік құқықтарынан дербес, тіпті бұл құқықтарын беріп жібергеннен кейін де ол өзінің жағдайда да туындының авторы екенін тануды талап етуге және туындыны кезкелген жолмен бүлдіруге, бұрмалауға немесе өзге жолмен өзгертуге, сондай-ақ автордың ар-ожданына немесе беделіне нұқсан келтіре алатын басқа да қол сұғушылыққа қарсы әрекет етуіне болады.

      (2) Автордың алдыңғы тармақтың негізінде танылған құқықтары ол қайтыс болғаннан кейін, ең болмағанда оның мүліктік құқығы тоқтатылғанға дейін сақталады және қорғау талап етілетін елдің заңында өкілеттік берілген тұлғалар немесе мекемелер арқылы жүзеге асырылады. Бірақ, осы Актіні бекіту (ратификациялау) немесе Актіге қосылу кезінде Заңдарында автор қайтыс болғаннан кейін, оның алдыңғы тармақта атап өтілген барлық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін ережелері жоқ мемлекеттер, автор қайтыс болғаннан кейін автор құқықтарының кейбіреулерінің өз күштерін сақталмайтындығын алдын-ала қарастыруына болады.

      (3) Осы бапта көзделген қорғауды қамтамасыз ететін қорғау құралдары, қорғау талап етілетін елдердің заңдарымен реттеледі.

7-бап

      (1) Осы Конвенцияда көзделген қорғаудың қолданылу мерзімі автордың бүкіл ғұмыры бойы және қайтыс болғаннан кейін елу жыл бойы күшін сақтайды.

      (2) Бірақ кинематографиялық туындылар үшін, туынды автордың келісіміменен жалпы жұрттың назарына ұсынылғаннан кейін елу жыл өткен соң қорғау мерзімі тоқтатылады, яки туынды жарыққа шыққаннан кейін елу жыл бойына мұндай оқиғалар болмаған жағдайда, туынды жарыққа шыққаннан кейін елу жыл өткен соң қорғау мерзімі бітеді.

      (3) Жасырын немесе бүркеншік атпен жарияланған туындылар үшін, осы Конвенцияда көзделген қорғау мерзімі, туынды заңды түрде жалпы жұрттың назарына ұсынылғаннан кейін елу жыл еткен соң тоқтатылады. Егер автордың таңдап алған жасырын аты оның өзі екені ендігі жерде күмән туғызбаса, онда қолдану мерзімі болып осы баптың (1)-тармағында көзделген мерзім пайдаланылады. Егер аталған мерзім ішінде жасырын немесе бүркеншік атпен шығарылған туындының авторы өзінің шын есімін ашатын болса, онда осы баптың (1)-тармағында көзделген қорғау мерзімі қолданылады. Жасырын немесе бүркеншік атпен шығарылған туындылардың авторларының қайтыс болғаннан бері елу жыл өтті деп ұйғарым жасауға барлық негіз бар болған жағдайда Одаққа мүше мемлекеттер мұндай туындыларды қорғауға міндетті емес.

      (4) Одаққа мүше мемлекеттердің заңдарында, көркем туындылар ретінде қорғалатын фотографиялық және қолданбалы өнер туындыларын қорғау мерзімін анықтау құқығы сақталады; бірақ, бұл мерзім туынды жарыққа шыққан кезден бастап есептелген жиырма бес жылдан кеш болмауы керек.

      (5) Автор қайтыс болғаннан кейін берілетін қорғау мерзімі сондай-ақ (2), (3) және (4) тармақтарда көзделген мерзімдер, автор қайтыс болған күннен бастап немесе осы тармақтарда белгіленген оқиғалар басталған күннен бастап өте бастайды, бірақ оның басталуына негіз болатын заңды жәйт орын алғаннан кейін, яғни автор қайтыс болған немесе осындай оқиғалар болған жылдан кейінгі жылдың бірінші қаңтарынан бастап есептеледі.

      (6) Одаққа мүше мемлекеттер, алдыңғы тармақтарда көзделген мерзімдерден ұзақ мерзімдерге қорғау мерзімдерін белгілеуге құқылы.

      (7) Осы Конвенцияның Рим актісіне тәуелді және осы Актіге қол қойылған кезге дейін күшінде болған ұлттық заңдарында алдыңғы тармақтарда көзделген қорғау мерзімдерінен қысқа мерзімдерді белгілеген Одаққа мүше мемлекеттер бұл мерзімдерді осы Актіге қосылғаннан кейін немесе осы Акті бекіткеннен кейін сақтап қалуға құқылы.

      (8) Кезкелген жағдайда қорғау мерзімі қорғау талап етілетін елдің заңымен анықталады; Егер осы елдің заңында басқаша көзделмесе, онда бұл мерзім туынды шыққан мемлекетте белгіленген мерзімнен ұзақ бола алмайды.

7bis-бaп

      Алдыңғы баптың ережелері тең авторлардың бірлесіп жасаған туындыларына автор қайтыс болған күннен бастап есептелетін мерзімдер, басқа тең авторлардан ұзақ өмір сүрген ең соңғы автор қайтыс болған күннен бастап есептелген жағдайда қолданылады.

8-бап

      Осы Конвенция арқылы қорғалатын әдеби және көркем туындылардың авторы өзінің түпнұсқа туындыларға қатысты құқықтарының күшінде болатын барлық мерзім ішінде өз туындыларын аудару және өзге адамдардың аударуына келісім берудің айрықша құқықтарын пайдаланады.

9-бап

      (1) Осы Конвенция арқылы қорғалатын Әдеби және көркем туындылардың авторы осы туындылардың кезкелген әдіспен, кезкелген нысанда қайта шығарылуына рұқсат етудің айрықша құқығын пайдаланады.

      (2) Одаққа мүше мемлекеттердің заңдарында мұндай туындыларды белгілі бір ерекше жағдайларда қайта шығаруға, егер мұндай қайта шығару туындыны дұрыс пайдалануға орынсыз зиян келтірмей, автордың заңды мүдделеріне негізсіз қысым жасамайтын болса рұқсат ету құқығы сақталады.

      (3) Кезкелген дыбыс немесе бейнежазу жазбалары осы Конвенцияның мақсатында қайта шығарылған болып есептеледі.

10-бап

      (1) Заңды түрде жарияланған туындылардан жақсы әдеттерді сақтай отырып, алға қойылған мақсаттар орындалатын көлемде, баспасөзге шолу ретінде газеттер мен журналдар мақалаларынан алынған үзінділерін қоса алғанда, дәйексөз алу мақсатына сай көлемде дәйексөз алуға жол беріледі.

      (2) Одаққа мүше мемлекеттердің заңдарыменен сондай-ақ осы мемлекеттердің арасында бекітілген немесе бекітілетін арнайы келісімдерменен әдеби немесе көркем туындыларды және олардан алынған үзінділерді, алға қойған мақсат орындалатын көлемде, басылымдарды безендіргіш ретінде, радио және телехабарларда оқыту сипатындағы басылымдарда, дыбыс-бейнежазуларда мұндай пайдалану жақсы әдеттерді сақтай отырып жүзеге асырылса, пайдалануға жол беріледі.

      (3) Туынды осы баптың алдыңғы тармақтарына сәйкес пайдаланылса, және осы деректе оған сілтеме жасалса, онда туындысы пайдаланылатын автордың есімі және қай деректен алынғаны міндетті түрде көрсетіледі.

10bis-бaп

      (1) Одаққа мүше мемлекеттердің заңдарында, ағымдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік және діни мәселелер бойынша газеттерде немесе журналдарда заңды түрде жарияланған мақалаларды немесе эфирге берілген осындай сипаттағы туындыларды жалпы жұртшылық назарына жеткізу үшін, алдын ала мұндай көшірмелеуге, эфирге беруге немесе хабарлауға арнайы тыйым салынбаған жағдайларда газеттерге көшіріп басу, эфирге тарату немесе сымдар бойынша хабарлауға жол беру құқығы сақталады. Бірақ, дерек әрқашанда айқын көрсетілуі қажет; Бұл міндеттің орындалмауының құқықтық салдары, қорғау талап етілетін мемлекеттің заңымен айқындалады.

      (2) Одаққа мүше мемлекеттердің заңдарында ағымдағы оқиғалар барысында көрінген немесе естілген әдеби және көркем туындыларды ағымдағы оқиғаларды суретке түсіру немесе кинематографиялық құралдар арқылы эфирге тарату немесе жалпы жұртшылық назарына жеткізу үшін сымдар бойынша хабарлау арқылы ақпараттық мақсатқа сай көлемде шолуларда көшірмелеудің немесе көпшілік назарына ұсынудың шарттарын белгілеу құқығы сақталады.

11-бап

      (1) Драмалық, музыкалық-драмалық және музыкалық туындылардың авторы туындыны өз қалауы бойынша пайдалануға рұқсат етудің айрықша құқығын пайдаланады:

      (і) кезкелген әдістермен немесе құралдармен жүзеге асырылған көпшілікке көрсету мен көпшілік үшін орындауды қоса алғандағы жалпы жұрт назары үшін тікелей көрсетуге, қоюға, орындауға рұқсат ету;

      (іі) қойылым мен орындалымның кез-келген әдісі арқылы жалпы жұрт назарына арнап көрсетілуіне, орындалуына немесе хабарлануына рұқсат ету.

      (2) Түпнұсқа туындыға деген авторлық құқығының заңмен белгіленген мерзімі ішінде аударуға қатысты драмалық немесе музыкалық-драмалық туындылардың авторларына дәл осындай құқық беріледі.

11bis-бап

      (1) Әдеби жөне көркем туындылардың авторлары өз туындыларын қалауы бойынша пайдалануға берудің айрықша құқығын пайдаланады:

      (і) өз туындыларын эфирге беру немесе белгілерді, дыбысты. бейнелерді сымсыз берудің кезкелген басқа әдістері арқылы көпшілікке хабарлау;

      (іі) жалпы жұрттың назарына сымдар арқылы немесе сымсыз байланыс құралдарымен берілген кез-келген хабарларды, эфирге қайта берілген туындыларды алғашқы жариялаған мекемелерден өзге мекемелер жүзеге асырса;

      (ііі) эфирге берілген туындыларды дауыс зорайтқыштың немесе кез-келген сол секілді белгілерді, дауысты немесе бейнелерді беретін құралдардың көмегімен жалпы жұрт назарына хабарлау.

      (2) Одаққа мүше мемлекеттердің заңдарыменен, алдыңғы тармақтарда көзделген құқықтардың жүзеге асырылу шарттары айқындала алады; бірақ, бұл шарттардың күші шарттарда белгіленген мемлекеттердің аумағыменен қатаң шектеледі. Бұл шарттар еш уақытта автордың мүліктік емес құқықтарында келісім болмаған жағдайда өкілетті ұйым бекітетін өзіне тиісті сыйақыларын алу құқығында негізсіз қысым жасамауға тиіс.

      (3) Осы баптың (і)-тармағына сәйкес көзделген рұқсат ету, өзге шарт бекітілмегендіктен. дыбысты немесе бейнелерді жазып алатын құралдардың көмегіменен эфирге берілген туындыларды жазып алуға рұқсат беруді қамтымайды. Бірақ, Одаққа мүше мемлекеттердің заңдарыменен радио хабар тарату ұйымдарының өз жабдықтарының көмегімен өз хабарлары үшін дайындаған қысқа мерзімге пайдаланылатын жазбаларды жазып алу тәртібі анықтала алады. Осы заңменен, егер жазбаның құжаттық мәні болса онда мұндай жазбаларды ресми мұражайларда сақтауға рұқсат етіледі.

11ter-бап

      (1) Әдеби туындылардың авторлары рұқсат етудің айрықша құқығын пайдаланады:

      (і) кез-келген құралдар мен әдістер арқылы жүзеге асырылатын көпшілікке арнап оқумен қоса, өз туындыларын жалпы жұрт назарына арнап оқу;

      (іі) өз туындыларын кез-келген әдіспенен жалпы жұрт назарына арнап оқуға беру.

      (2) Түпнұсқа туындыға деген авторлық құқығының заңмен белгіленген мерзімі ішінде аударуға қатысты әдеби туындылардың авторларына дәл осындай құқық беріледі.

12-бап

      Әдеби және көркем туындылардың авторлары өз туындыларын қайта жасауға, музыкалық әуендеуге немесе басқаша түрде қайта өңдеуге рұқсат етудің айрықша құқығын пайдаланады.

13-бап

      (1) Одаққа мүше әрбір мемлекет музыкалық туындылардың авторына және музыкалық туындымен бірге жазылуы әлдеқашан шешілген кез-келген мәтіннің авторына берілетін айрықша құқыққа қатысты, музыкалық туындыларды осындай мәтіндермен біріктіріп дыбыс жазбасын жазуға рұқсат етуге қатысты езінің ескертулері мен шарттарын белгілей алады. Бірақ, мұндай ескертулер мен шарттар оларды бекіткен елдерде ғана қолданылады және еш қашанда арнайы келісім болмаған жағдайда өкілетті ұйымдар бекітетін өзіне тиісті сыйақыларын алу құқығына негізсіз қысым жасай алмайды.

      (2) Римде 1928 жылы 2 маусымда және Брюссельде 1948 жылы 26 маусымда қол қойылған Конвенцияға сәйкес Одаққа мүше кез-келген мемлекеттердің бірінде жазылған музыкалық туындылардың жазбалары осы елде автордың келісімінсіз осы Акт күшіне енген күннен бастап екі жыл өткенше қайта шығарыла алады.

      (3) Осы баптың (1) және (2) тармақтарына сәйкес жазылған және елге мүдделі жақтардың келісімінсіз елге әкелінген, бұл жерде заңсыз болып саналатын жазбаларға тиым салынады.

14-бап

      (1) Әдеби және көркем туындылардың авторлары мына жағдайларда рұқсат ету құқығына ие болады:

      (і) өз туындыларын кинематографиялық сипатта қайта жасауға және қайта шығаруға және осы амалдармен қайта жасалған немесе қайта шығарылған туындыларды таратуға;

      (іі) осы амалдармен жасалған немесе қайта шығарылған туындыларды көпшілікке арнап қоюға немесе орындауға және сымдар арқылы жалпы жұрт назарына арнап хабарлауға.

      (2) Әдеби және көркем туындылардан туған кинематографиялық қойылымдарды кез-келген басқа көркем нысанда қайта жасау үшін тікелей қойылымның авторынан сондай-ақ түпнұсқа туындының авторының келісімін алу талап етіледі.

      (3) 13 баптың (1)-тармағының ережелері қолданылмайды.

14bis-бaп

      (1) Қайта жасауға болатын немесе қайта шығаруға болатын түпнұсқа туындылардың авторларының авторлық құқығы сақталған жағдайда кинематографиялық туындыларда түпнұсқа туындылар сияқты қорғалады.

      Кинематографиялық туындылардың авторлық құқық иелері алдыңғы бапта көзделген құқықтармен қоса түпнұсқа туындылардың авторлары пайдаланатын құқықтардай құқықтарды пайдаланады.

      (2) (а) Кинематографиялық туындылардың авторлық құқығына ие болатын тұлғалар, қорғау талап етілетін елдің заңымен айқындалады.

      (b) Бірақ Одаққа мүше мемлекеттердің Заңдары авторлық құқық иелерінің қатарына қосатын кинематографиялық туындыларды жасауға үлес қосқан авторлардың, егер осы авторлар осындай үлес қосуға міндеттеме алған болса, онда кез-келген қарама-қарсы немесе ерекше шарт болмаған жағдайда туындыны қайта шығаруға, таратуға, көпшілікке қоюға және орындауға, жалпы жұрт назарына сымдар арқылы хабарлауға, эфирге беруге немесе кез-келген басқа нысандарда көпшілікке арнап хабарлауға, сондай-ақ туындының мәтіндерін қайта шығаруға және кинокадр, экран жазбалары ретінде қолдануға қарсы болуға қақысы жоқ.

      (c) Алдыңғы (b)-тармағын қолдану үшін жоғарыда көрсетілген міндеттемелерді жазбаша келісім болмаса маңызы бірдей жазбаша акт түрінде белгілеу кинематографиялық туындыларды жасаушының штаб-пәтері немесе тұрақты мекен-жайы бар мемлекеттің заңымен анықталады. Бірақ, қорғау талап етілетін Одаққа мүше мемлекеттердің заңдарында мұндай міндеттемелердің жазбаша келісіммен яки онымен маңызы бірдей жазбаша актімен белгіленуін алдын ала қарастыру құқығы сақталады. Осы құқықтарды пайдаланушы елдер бұл жөнінде жазбаша мәлімдеме арқылы Бас Директорды хабардар етеді. Бас директор бұл мәлімдемені дереу Одақтың басқа мемлекеттеріне хабарлайды.

      (d) "Қарама-қарсы немесе ерекше шарт" деп жоғарыда айтылған міндеттемелерге қатысы бар кез-келген шектеу шаралары ұғынылады.

      (3) Егер ұлттық Заңмен басқа ережелер бекітілмесе, онда жоғарыда көрсетілген (2) (ь) тармағының ережелері кинематографиялық туындылардың қойылымына арнайы жасалған сценарийдің, диалогтардың және музыкалық туындылардың авторларына немесе қойылымның қоюшы-режиссеріне қолданылмайды. Алайда заңдарында аталған (2)(ь) тармақтың қоюшы-режиссерге қолданылуын көздейтін ережелер жоқ Одақ елдері бұл жөнінде Бас Директорды жазбаша мәлімдеме арқылы хабардар етеді, мұны ол дереу Одақтың басқа мемлекеттеріне хабарлайды.

14ter-бап

      (1) Жазушылар мен композиторлардың түпнұсқа қолжазбаларына және түпнұсқа өнер туындыларына қатысты автор, ол қайтыс болғаннан кейін ұлттық заңмен өкіметтік берілетін жеке тұлға немесе мекеме, туындының авторы жасаған алғашқы бас тартуынан кейін берілетін, туынды ар сатылғанда түсетін түсімге үлестес болудың ажыратылмайтын құқығын пайдаланады.

      (2) Автор азаматы болып табылатын мемлекеттің заңы осы қорғау талап етілетін елдің заңымен көзделген көлемде рұқсат етсе ғана алдыңғы тармақта қарастырылған қорғау Одақтың кез-келген мемлекетінде талап етіле алады.

      (3) Жинау тәртібі және соманың мөлшері ,ұлттық заңмен анықталады.

15-бап

      (1) Осы Конвенция бойынша құқығы қаралатын әдеби және көркем туындылардың авторы тап осындай қарама-қарсы дәлелдер болмаған жағдайда автор ретінде танылуы үшін, осыған сәйкес Одақ елдерінде контракт оларға қарсы тергеу ісін қозғау үшін туындыларда автордың есімі әдеттегідей белгіленуі жеткілікті болып саналатын. Осы тармақ бұл есім бүркеншік есім болғанның өзінде де. егер автор таңдап алған есімі оның өзі екендігін ендігі жерде күмән туғызбаған жағдайда қолданылады.

      (2) Қарама-қарсы дәлелдер болмаған жағдайда кинематографиялық туындылардың авторы болып осы туындыда есімі немесе аты әдеттегідей белгіленген жеке немесе заңды тұлғалар саналады.

      (3) Жоғарыда (1) тармақта көрсетілгендерден өзге жасырын немесе бүркеншік атпен шығарылған туындыларға қатысты, есімі туындыда көрсетілген шығарушы қарама-қарсы дәләлдер болмаған жағдайда өзін автордың өкілі ретінде мойындатып, оның авторлық құқығын қорғауды және қорғаудың жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді. Бүркеншік атпен шығарылған туындының авторы өзінің шын есімін ашқаннан кейін осы тармақтағы ережелер өз күшін тоқтатады.

      (4) (а) Авторлары белгісіз жарияланбаған туындылар үшін, авторы Одақтың елінің азаматы екендігіне барлық негіз бар болған жағдайда, осы елдің заңында осы автордың өкілі болып табылатын және Одаққа мүше мемлекеттерде оның авторлық құқықтарын қорғайтын және қорғауды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін өкілетті органды тағайындау құқығы сақталады.

      (ь) Осы ережеге сәйкес өкілетті органдарды тағайындауды жүзеге асыратын Одақтың елдері бұл жөнінде осындай тәртіппенен тағайындалған орган жайында толық мәліметі бар жазбаша мәлімдеме арқылы Бас Директорды хабардар етеді. Бас Директор бұл мәлімдемені дереу Одақтың басқа мемлекеттеріне жолдайды.

16-бап

      (1) Кезкелген Одаққа мүше мемлекеттерде заңды қорғауды пайдаланатын туындылардың контракт тік даналарына тыйым салынады.

      (2) Алдыңғы тармақтың ережелері ешқашан қорғалмаған немесе қорғалуы тоқтатылған мемлекеттерден қайта шығарылған туындыларға да қолданылады.

      (3) Тыйым салу өр елдің заңына сәйкес жасалады.

17-бап

      Осы Конвенцияның ережелері Одаққа мүше әрбір мемлекеттердің өкіметтерінің рұқсат ету, бақылау немесе тыйым салу құқықтарына заңды түрде немесе әкімшілік тәртіппен кез-келген туындының немесе қойылымның таралуына,орындалуына немесе көрсетілуіне қатысты өкілетті орган жүзеге асырылуы қажет деп санайтын құқықтарына ешқандай да тиісе алмайды.

18-бап

      (1) Осы Конвенция өзінің күшіне ену сәтіне дейін, жасалған елінде мерзімі өткендіктен қорғалуы тоқтатылғандықтан, әлі көпшіліктің игілігіне айналмаған барлық туындыларға қолданылады.

      (2) Егер қорғау талап етілетін мемлекетте, туындыға ең әуелі берілген қорғау мерзімінің тоқтатылуына байланысты, туынды әлдеқашан көпшіліктің игілігіне айналған болса, онда бұл туынды осы мемлекетте қайтадан қорғауға жатқызылмайды.

      (3) Көрсетілген принцип Одаққа мүше мемлекеттердің арасында көзделген мақсатқа сай бекітілген немесе бекітілетін арнайы Конвенциялардың ережелеріне сәйкес қолданылады. Мұндай ережелер болмаған жағдайда әрбір тиісті мемлекеттер өздері үшін осы принциптердің қолдану шараларын белгілейді.

      (4) Алдыңғы ережелер 7-баптың қолдану ретіне қарай немесе ескертулерден бас тартуға байланысты қорғау ұлғайтылған кезде, сондай-ақ Одаққа жаңа мемлекеттер қосылған жағдайда қолданылады.

19-бап

      Осы Конвенцияның ережелері Одаққа мүше қандайда бір мемлекеттердің заңдарымен берілетін қорғауында кең, ауқымды қорғауды талап етуге кедергі бола алмайды.

20-бап

      Одаққа мүше мемлекеттердің үкіметтері өзара авторға осы Конвенцияда белгіленген құқықтардан ауқымы кең құқықтар беретін немесе осы Конвенцияға қайшы келмейтін басқа ережелері бар арнайы келісімдер жасау құқығын сақтап қалады. Осы талаптарды қанағаттандыратын, қазіргі кезде күші бар келісімдердің ережелері қолдануға қалдырылады.

21-бап

      (1) Дамушы елдерге қатысты, арнаулы ережелер, қосымша тарауға енгізілген.

      (2) Қосымша тарау 28 (1) (b) бабымен қосылып осы Актінің бөлінбес бір бөлігін құрайды.

22-бап

      (1) (а) Одақта Ассамблея бар. Ассамблея құрамына 22-26 баптармен байланысқан Одақ елдері кіреді.

      (b) Өрбір мемлекеттің үкіметінен орынбасарлары, кеңесшілері және сарапшылары бола алатын бір ғана уәкіл болады.

      (c) Өр делегацияның, шығындарын, оны тағайындаған үкімет өтейді.

      (2) (а) Ассамблея:

      (і) осы Конвенцияны қолданылуына және Одақтың сақталуы мен өркендеуіне қатысты барлық мәселелерді қарастырады;

      (іі) Конвенцияда көзделген Санаткерлік меншіктің бюросына (әрі қарай "Халықаралық бюро" деп аталатын), ұйымдастырушы Дүниежүзілік санаткерлік меншіктің ұйымына (әрі қарай "ұйым" деп аталатын) Одақтың 22-26 баптарға тәуелсіз мемлекеттерінің ескертулеріне тиісті мән бере отырып қайта қарау конференциясын әзірлеу жөнінде нұсқау береді.

      (ііі).ұйымның Бас Директорының Одаққа қатысты қызметін, есептерін қарайды және бекітеді, оған Одақтың құзіретіндегі барлық мәселелер жөнінде қажетті нұсқаулар береді;

      (іv) Ассамблеяның Атқару комитетінің мүшелерін сайлайды.

      (v) өзінің Атқару комитетінің есебін қарайды, бекітеді және қызметін мақұлдайды, сондай-ақ оған нұсқаулар береді;

      (vi) программаны анықтайды, Одақтың екіжылдық бюджетін қабылдайды және оның қаражат есебін бекітеді;

      (vii) Одақтың қаражатты жұмсау тәртібін бекітеді;

      (viii) Одақтың мақсаттарын жүзеге асыруға қажет деп санайтын сарапшылар комитеті мен жұмысшылар тобын құрады;

      (іх) мәжілістеріне Одаққа мүше емес қандай мемлекеттерді, және қандай үкіметаралық сондай-ақ мемлекеттік емес халықаралық ұйымдарды байқаушылар ретінде жіберуге болатынын анықтайды;

      (х) 22-26 баптарға түзетулер енгізеді;

      (хі) Одақтың мақсаттарына жеткізуге бағытталған кез-келген өзге әрекеттерді жүзеге асырады;

      (хіі) осы Конвенциядан туындайтын барлық әзге функцияларды орындайды;

      (хііі) өз келісімі болған жағдайда ұйымды құрушы Конвенция берген құқықтарды жүзеге асырады.

      (b) Әкімшіліктерін тағайындауды ұйым жүзеге асыратын басқа да Одақтардың мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша, Ассамблея Ұйымның Үйлестіру (Координациялық) комитетінің пікірін тыңдап барып шешім қабылдайды.

      (3) (а) Ассамблеяға мүше әрбір мемлекет бір ғана дауысқа ие болады.

      (b) Ассамблеяға мүше елдердің жартысы кворум құрайды.

      (c) (b)-тармақшасының ережесіне қарамастан, егер қандайда бір сессияда қатысушы елдердің саны қатысуға тиіс елдердің жарымынан кем болса, бірақ Ассамблеяға мүше елдердің үштен бірінен артық немесе тең болса, онда сессия шешім қабылдай алады. Бірақ, Ассамблеяның барлық шешімдері өзінің рәсімдерінің ережелеріне қатысты шешімдерді қоспағанда төмендегі шарттарды бұзбай сақтағанда ғана күшіне енеді. Халықаралық бюро аталған шешімдерді сессияға келмей қалған Ассамблеяға мүше елдерге жолдайды және ішінде осы шешімге дауыс беретіні, қарсы болатыны немесе қалыс қалатыны жөнінде жазбаша түрде хабарлауға шақырады. Осы мерзім аяқталған соң тап осылай жақтап дауыс бергендері немесе қалыс қалғандары жөнінде хабарлаған елдердің саны сессияның өзінде кворумға жетуге жетіспеген елдердің санына жетсе, мұндай шешімдер бір мезгілде қажетті көпшілік дауыс берген жағдайда күшіне енеді.

      (d) 26-баптың (2) тармағының ережелері сақталған жағдайда Ассамблея өзінің шешімін дауыс берушілердің жалпы санының кемінде үштен екі көпшілік даусымен қабылдайды.

      (е) Қалыс қалушылардың дауысы есепке алынбайды.

      (f) Делегат тек қана бір елдің мүддесін білдіре алады және сол елдің ғана атынан дауыс бере алады.

      (g) Ассамблеяның мүшелері болып табылмайтын Одақтың елдері оның отырыстарына (мәжілістеріне) тек байқаушылар ретінде ғана жіберіледі.

      (4) (а) Ассамблея Бас директорының шақыруымен кезекті сессияға Ұйымның Бас Ассамблеясы жиналатын жерге жиналатын уақытта ерекше жағдайларды қоспағанда екі жылда бір рет жиналады.

      (b) Ассамблея Бас директор шақыратын кезектен тыс төтенше сессияға Атқару комитетінің талабыменен немесе Ассамблеяға мүше елдердің төрттен бірінің талаптарыменен жиналады.

      (5) Ассамблея өзінің рәсімдерінің ережелерін қабылдайды.

23-бап

      (1) Ассамблеяның Атқару комитеті болады.

      (2) (а) Атқару комитеті Ассамблеяға мүше елдердің ішінен Ассамблея сайлаған елдерден құралады. Бұдан басқа, аумағында ұйымның штаб-пәтері бар мемлекет 25 (7) (b) бабының ережелерін бұзбаған жағдайда, ресми түрде комитетте ex officio бір орынға ие болады.

      (b) Атқару комитетіне мүше әрбір мемлекеттің үкіметінің мүддесін орынбасарлары, кеңесшілері және сарапшылары бар тек бір ғана делегат жақтайды.

      (c) Әр делегацияның шығарған шығындарын оны тағайындаған үкімет өтейді.

      (3) Атқару комитетіне мүше елдердің саны, Ассамблеяға мүше елдердің жалпы санының төрттен бірін құрайды. Толтырылуға тиісті орындар санын анықтау кезінде - төртке бөлгеннен кейін қалған қалдық есепке алынбайды.

      (4) Атқару комитетінің мүшелерін сайлау кезінде Ассамблея географиялық таралудың дұрыс болуына, сондай-ақ Одақпен бекітілуі мүмкін арнайы келісімдерге қатысушы-елдердің Атқару комитетін құрайтын елдердің ішінде болуының қажеттілігіне баса назар аударады.

      (5) (а) Атқару комитетінің мүшелері өздерінің міндеттерін өздері сайланған Ассамблея сессиясы жабылған кезден Ассамблеяның келесі кезекті сессиясы жабылғанға дейін жүзеге асырады.

      (b) Атқару комитетінің мүшелері құрамының үштен екі бөлігінен аспайтын мөлшерде қайта сайлануы мүмкін.

      (c) Ассамблея Атқару комитетінің мүшелерін сайлаудың нақты ережелерін бекітеді.

      (6) (а) Атқару комитеті:

      (і) Ассамблеяның күн тәртібінің жобасын әзірлейді;

      (іі) Ассамблеяға Бас директордың әзірлеген жоспарының жобасына және Одақтың екіжылдық бюджетіне қатысты ұсыныстарды ұсынады;

      (ііі) жойылған;

      (іv) Ассамблеяға тиісті ескертпелермен Бас директордың мерзімді есептерін және қаражат ревизиясының жылдық актілерін ұсынады;

      (v) Ассамблеяның шешімдеріне сәйкес, Ассамблеяның екі сессияларының арасында туған жағдайларды ескере отырып, Бас директордың Одақтың программасын орындауын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолданады;

      (vi) Осы Конвенцияға сәйкес өзіне жүктелген басқа да барлық міндеттерді орындайды.

      (b) Өкімшілігін Ұйым жүзеге асыратын басқа да Одақтардың мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша, Атқару комитеті Ұйымның Үйлестіру комитетінің пікірін тыңдап барып шешім қабылдайды.

      (7) (а) Атқару комитеті кезекті сессияға Бас директордың шақыруы бойынша жылына бір рет мүмкіндігінше Ұйымның Үйлестіру комитеті жиналатын жерге, сол уақытта жиналады.

      (ь) Атқару комитеті Бас директор шақыратын кезектен тыс төтенше сессияға не жеке өзінің ынтасымен немесе сұрауымен болмаса Атқару комитетінің мүшелерінің төрттен бірінің талабыменен жиналады.

      (8) (а) Атқару комитетіне мүше әрбір мемлекет бір ғана дауысқа ие болады.

      (b) Атқару комитетіне мүше елдердің жартысы кворум құрайды.

      (c) Шешім дауыс берушілердің жәй көпшілік даусымен қабылданады.

      (d) Қалыс қалушылардың дауысы есепке алынбайды.

      (e) Делегат тек қана бір елге уәкіл бола алады және сол елдің ғана атынан дауыс береді.

      (9) Атқару комитетінің мүшелері болып табылмайтын Одақтың елдері оның отырыстарына тек байқаушылар ретінде жіберіледі.

      (10) Атқару комитеті өзінің рәсімдерінің ережелерін қабылдайды.

24-бап

      (1) (а) Одақтың әкімшілік міндеттері Одақ Бюросының орнын басушы, өнеркәсіп меншіктерді қорғау жөніндегі Халықаралық Конвенция құрған Одақ Бюросымен біріктірілген Халықаралық бюро арқылы жүзеге асырылады.

      (b) Халықаралық бюро негізінен Одақтың әртүрлі органдарының секретариаттарының міндеттерін орындайды.

      (c) Ұйымның Бас директоры Одақтың лауазымды адамы болып табылады және сол Одақтың мүддесін қорғайды.

      (2) Халықаралық бюро авторлық құқықты қорғауға қатысты мәліметтерді жинап жарыққа шығарады. Одаққа мүше әрбір жаңа заңның мәтіндерін және авторлық құқықты қорғауға қатысты барлық ресми мәтіндерді кідіртпей Халықаралық бюроға жібереді.

      (3) Халықаралық бюро айлық журнал шығарады.

      (4) Халықаралық бюро Одақтың кезкелген елінің сұратуы бойынша авторлық құқықты қорғау мәселелері жөніндегі мәліметтерді хабарлайды.

      (5) Халықаралық бюро авторлық қорғауды жеңілдетуге арналған зерттеулер жүргізеді және қызмет көрсетеді.

      (6) Бас директор және ол бекіткен кез-келген персонал мүшесі Ассамблеяның, Атқару комитетінің және кез-келген сарапшылар комитетінің немесе жүмысшылар тобының барлық мәжілістеріне дауыс беру құқығынсыз қатысады. Бас директор немесе ол тағайындаған персоналдық мүшесі өздерінің лауазымдарына сай осы органдардың хатшысы болып табылады.

      (7) (а) Халықаралық бюро Атқару комитетімен бірлесе отырып және Ассамблеяның нұсқауларына сәйкес 22-26 баптарда көзделмеген Конвенцияның ережелерін қайта қарау жөніндегі конференцияны даярлайды.

      (ь) Халықаралық бюро қайта қарау конференциясын даярлау жөнінде Үкіметаралық жөне Үкіметтік емес Халықаралық ұйымдармен кеңесе алады.

      (с) Бас директор және ол тағайындаған тұлғалар бұл конференциялардың жұмыстарына дауыс беру құқығынсыз қатысады.

      (8) Халықаралық бюро өзіне жүктелген кезкелген басқа да тапсырмаларды орындайды.

25-бап

      (1) (а) Одақтың бюджеті болады.

      (b) Одақтың бюджеті кірістерден және Одақтың өзінің шығындарынан, одақтарға ортақ бюджет шығындарына арналған оның мүшелік жарналарынан, сондай-ақ тиісті жағдайларда Ұйымның конференциясы бюджетіне аударылатын қаржылардан тұрады.

      (c) Одақтарға ортақ шығын болып тек қана осы Одаққа ғана емес, әкімшіліктерін Ұйым жүзеге асыратын бір немесе бірнеше басқа Одақтарға да бір мезгілде қатысы бар шығындар саналады. Бұл ортақ шығындардағы Одақтың үлесі, оның осы шығындарға ынталылығына сәйкес болады.

      (2) Одақтың бюджеті әкімшіліктерін Ұйым жүзеге асыратын басқа да Одақтардың бюджеттерімен үйлестіру талаптарын лайықты түрде ескере отырып қабылданады.

      (3) Одақтың бюджеті келесі кіріс көздерімен қаржыланады:

      (і) Одақ елдерінің мүшелік жарналарымен;

      (іі) Одаққа тиісті Халықаралық бюро ұсынатын қызметтерге берілетін төлемдер мен алымдар;

      (ііі) Одаққа тиісті Халықаралық бюро басылымдарын сатудан және осындай басылымдардың құқығын беруден түскен кірістер;

      (іv) тартылған сыйлар, мұра етіп қалдырылған қаражаттар және жәрдем ақшалар;

      (v) проценттердің жөне басқа да әртүрлі кірістердің өсімі.

      (4) (а) Одақтың әрбір елі өзінің бюджетке қосатын мүшелік жарнасын анықтау үшін өзін белгілі бір класқа жатқызады және өзінің жылдық жарнасын келесі түрде белгіленген сандар бірлігінің, негізінде төлейді.

I-класс

25

II-класс

20

III-класс

15

IV-класс

10

V-класс

5

VI-класс

3

VII-класс

1

      (b) Әрбір ел, егерде бұрын мұны жасамаса, онда бекіту грамотасын немесе қосылу жөніндегі актіні сақтауға тапсырар кезде өзін жатқызуды қалайтын класты көрсетеді. Кезкелген ел класын өзгерте алады. Егер мемлекет неғұрлым төмен класты таңдаса, онда ол осы жөнінде Ассамблеяның кезекті сессиясында жариялауға тиіс. Мұндай өзгерту көрсетілген сессиядан кейінгі жылдың басынан бастап күшіне енеді.

      (c) Әр елдің жылдық жарнасы Одақ бюджетіне барлық өл төлеуге тиіс жарналардың жалпы сомасына шаққанда, күллі жарна төлеуші елдердің единицаларының жалпы санына әр ел единицалары санының қатысына ұқсас дәрежедегі сомаға тең.

      (d) Жарналар әр жылдың бірінші қаңтарынан төленуге тиісті.

      (с) Жарналарды төлеу бойынша қарызы бар ел, егер оның қарызының сомасы одан алдыңғы толық екі жылда алынуға тиісті жарнаның сомасына тең немесе артық болса, онда өзі мүше болып табылатын Одақтың барлық органдарында дауыс беру құқығынан айырылады. Бірақ, осы елдердің кез келгені бұл елдерге төлеу мерзімін айрықша және сөзсіз болатын жағдайлардың нәтижесінде өткізіп алғанына сенімді болып, сол сенімі ақталғанға дейін осы елдерге дауыс беру құқығын пайдалануға рұқсат ете алады.

      (г) Бюджет жаңа қаражат кезеңі басталғанға дейін қабылданбаған жағдайда, қаражат регламентінде көзделген тәртіпке сәйкес, бюджет алдыңғы жылдың деңгейінде жұмыс істейді.

      (5) Халықаралық бюроның Одақтың атынан ұсынатын қызметтеріне тиісті алымдар мен төлемдердің көлемін Бас Директор белгілейді. Ол бұл жөнінде Ассамблеяға және Атқару комитетіне баяндайды.

      (6) (а) Одақтың Одаққа мүше әрбір ел төлейтін, бір жолғы төлемдерден тұратын айналым қаржыларының қоры болады. Егер айналым қаржыларының қоры жетімсіз болса, онда Ассамблея оны көбейту жөніндегі мәселені шешеді.

      (b) Әрбір елдің айтылған қорға арналған алғашқы төлемінің көлемі немесе осы қорды көбейтудегі үлесі осы елдің осы қор құрылған немесе оны көбейту жөнінде шешім қабылданған жылғы мүшелік жарнасына сәйкес пропорционал болады.

      (c) Бұл пропорцияны және төлеу шарттарын Бас директордың ұсынуы бойынша, Ассамблея Ұйымның Үйлестіру комитетінің пікірін тыңдаған соң белгілейді.

      (7) (а) Ұйымның аумағында өзінің штаб-пәтері бар елмен, штаб-пәтер жөнінде бекітілетін келісімінде, айналым қаражатының жетіспей қалған кездерінде, осы елдің аванс беруі көзделген. Бұл аванстардың сомасы мен берілу шарты әр жағдайда осындай елдермен Ұйымның арасында әр қилы ерекше келісімдермен белгіленеді. Мұндай ел аванс беру міндетімен байланысты болып тұрған уақытта өзінің алар орнына қарай Атқару комитетінде бір орынға ие болады.

      (b) (а) тармақшасында аталған ел секілді Ұйымның да жазбаша хабарлау арқылы аванс беру жөніндегі міндеттерінің күшін жою құқығы бар. Бекерге шығару (денонсация) хабарлама жасалған жыл өткен соң үш жылдан кейін күшіне енеді.

      (8) Қаражат ревизиясы қаражат регламентінің ережелеріне сәйкес Одақтың бір немесе бірнеше елдерімен, немесе Ассамблея солардың келісімімен тағайындаған сырттан келген ревизорлар арқылы жүзеге асырылады.

26-бап

      (1) Ассамблеяға мүше кезкелген ел, Атқару комитеті немесе Бас директор 22, 23, 24, 25 баптарға және осы бапқа түзетулер енгізу жөнінде ұсыныс жасай алады. Мұндай ұсыныстар Бас директор арқылы Ассамблеяға мүше елдерге оларды Ассамблея қарағанға дейін кемінде алты ай бұрын жолданады.

      (2) (і)-тармақта көзделген баптарға енгізілетін өзгертулер Ассамблея арқылы қабылданады. Өзгерту дауыс берушілердің төрттен үш бөлігінің көпшілік даусымен енгізіледі. Бірақ 22-бапқа және осы тармаққа енгізілетін кез-келген өзгерту дауыс берушілердің бестен төрт бөлігінің көпшілік даусымен енгізіледі.

      (3) (i)-тармақта көзделген кез-келген баптарға енгізілетін өзгертулер, әрбір елдің конституциялық рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылып, қабылданғаны жөнінде жазбаша хабарлар Бас директорға, Ассамблея осы өзгертулерді қабылдаған кезде, оған мүше болған елдердің төрттен үш бөлігінен келіп түскеннен соң, бір айдан кейін күшіне енеді. Осындай жағдайда қабылданған, көрсетілген баптарға енгізілетін өзгертулер, осы өзгертулердің күшіне ену сәтінде Ассамблеяға мүше болған немесе осы күннен кейін оның мүшесі болатын елдерге міндетті. Бірақ Одақтың елдерінің қаражат міндеттемелерін ұлғайтатын кез-келген өзгертулер осындай өзгертулерді қабылдағаны жөнінде хабарлаған елдер үшін ғана міндетті.

27-бап

      (1) Осы Конвенция Одақтың жүйесін жетілдіруге арналған өзгертулерді енгізу мақсатында қайта қаралуы мүмкін.

      (2) Осы мақсатта Одақтың елдерінде кезекпен көрсетілген елдердің өкілдерінің конференциялары өтеді.

      (3) 22 баптан 26 бапқа шейін өзгертулер енгізгенде қолданылатын 26-баптың ережелерін ескере отырып осы Актіні қосымша бөліммен қоса кез-келген қайта қарау берілген дауыстардың бірауыздылығын талап етеді.

28-бап

      (1) (а) Осы Актіге қол қойған әрбір Одақтың елі оны бекіте алады немесе егер осы Актіге қол қоймаса да оған қосыла алады. Бекіту грамоталары және қосылу жөніндегі актілер Бас директорға сақтауға өткізіледі.

      (b) Одақтың әрбір елі өзінің бекіту грамотасында немесе қосылу жөніндегі Актілерінде бекітудің немесе қосылудың 1-21 баптарға және қосымша бөлімге таралмайтынын жариялай алады.

      Бірақ, егер осындай ел қосымша бөлімнің VI(1) бабына сәйкес әлдеқашан мәлімдеме жасаған болса, ол мұндай жағдайда осы грамотада немесе актіде оның бекітуі немесе қосылуы тек 1-20 баптарға қолданылмайтынын жариялай алады.

      (с) Өзінің бекітуі мен қосылуының қолданылу аясынан (b) тармақшасына сәйкес аталған тиісті ережелерді шығарып тастаған Одақтың әрбір елі кейіннен кез-келген уақытта езінің бекітуінің немесе қосылуының күші осы ережелерге де таралатынын жариялай алады. Мұндай мәлімдеме Бас директорға сақтауға тапсырылады.

      (2) (а) 1-21 баптар және Қосымша бөлім келесі екі шарт орындалғаннан кейін үш ай өткен соң күшіне енеді:

      (і) Кем дегенде Одақтың бес елі осы Актіні бекітеді немесе (1) (b)-тармағында көзделген мәлімдемені жасамай Актіге қосылады;

      (іі) Испания, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Америка Құрама Штаттары және Франция 1971 жылы 24 шілдеде Парижде қайта қаралған Дүниежүзілік авторлық құқықты қорғау Конвенциясымен байланысты болған кезде.

      (b) (а)-тармақшасында көрсетілген күшіне ену аталған баптардың күшіне ену сәтіне дейін кем дегенде үш айдың ішінде бекіту грамоталарын немесе қосылу жөніндегі Актілерін (1) (b)-тармағында көзделген мәлімдемені жасамай сақтауға тапсырған Одақтың елдеріне қатысты.

      (c) (b)-тармақшасы қолданылмайтын және осы Актіні (1) (b)-тармағында көзделген мәлімдемені жасамай бекіткен немесе оған қосылған Одақтың кезкелген еліне қатысты, 1-21 баптар және Қосымша бөлім Бас директор тиісті бекіту грамоталары мен қосылу жөніндегі актілердің сақтауға өткізілгені жөнінде хабарлама жасағаннан кейін, егерде берілген грамотада немесе актіде неғұрлым кешірек күн көрсетілмесе, үш ай өткен соң күшіне енеді. Соңғы жағдайда 1-21 баптар мен Қосымша бөлім осы елге қатысты, осындай ретте көрсетілген күннен бастап күшіне енеді.

      (d) (а) және (с) тармақшаларының ережелері Қосымша бөлімнің VI-бабын қолдануға әсерін тигізбейді.

      (3) (1) (b) тармағында көзделген мәлімдемені жасай отырып немесе жасамай осы Актіні бекіткен немесе қосылған Одақтың кез-келген еліне қатысты 22-38 баптар Бас директор тиісті бекіту грамоталарымен қосылу жөніндегі актілердің сақтауға өткізілгені жөнінде хабарлама жасағаннан кейін, егерде берілген грамотада немесе актіде неғұрлым кешірек күн көрсетілмесе, үш айдан соң күшіне енеді. Соңғы жағдайда 22-38 баптар бұл елге қатысты осылай көрсетілген күннен бастап күшіне екеді.

29-бап

      (1) Одаққа мүше болып табылмайтын кез-келген ел, осы Актіге қосыла алады және сол арқылы осы Конвенцияның жақтаушысы. Одақтың мүшесі бола алады. Қосылу жөніндегі актілер Сақтауға Бас директорға өткізіледі.

      (2) (а) Одаққа мүше болып табылмайтын кез-келген елге қатысты Бас директор қосылу жөніндегі актінің сақтауға өткізілгені жөнінде хабарлама жасағаннан кейін, егер осы қосылу жөніндегі актіде неғұрлым кешірек күн көрсетілмесе, осы Конвенция (b) тармақшасын ескере отырып үш айдан соң күшіне енеді. Егер актіде неғұрлым кешірек күн белгіленсе онда осы Конвенция мұндай елге қатысты, актіде көрсетілген күннен бастап күшіне енеді.

      (b) Егер (а) тармақшасына сәйкес Актінің күшіне енуі 28 (2) (а) бабына сәйкес 1-21 баптарының және Қосымша бөлімнің күшіне енуіне жол салса, онда аталған ел дәл осы кезде 1-21 баптарымен және Қосымша бөліммен қоса осы Конвенцияның Брюссельдік актісінің 1-20 баптарымен байланысты болады.

29bis-бап

      Осы Конвенцияның Стокгольмдік актісінің 22-38 баптарымен байланыспаған кез-келген елдің осы Актіні бекітуі немесе оған қосылуы аталған Стокгольмдік актіні бекіту мен оған осы актінің 28 (1) (b) (i) бабында көзделген шектеулермен қосылумен маңызы бірдей. Ұйымды құрушы Конвенцияның тек қана 14 (2) бабының мақсатында жасалады.

30-бап

      (1) Актіні бекіту мен оған қосылу осы баптың (2)-тармағыменен, 28 (1) (b)-бабымен, 33 (2)-бабымен және Қосымша бөліммен рұқсат етілетін алып тастауларды қоспағанда өзінен-өзі осы Конвенцияда бекітілген барлық ережелерді мойындауға және барлық артықшылықтарға ие болуға әкеліп соқтырады.

      (2) (а) Осы Актіні бекітетін немесе оған қосылатын Одақтың кезкелген елі Қосымша бөлімнің V(2)-бабын ескере отырып, өзі алдын-ала тұжырымдаған артықшылықтар жөніндегі ескертпелерін, егер ол бұл жөнінде бекіту грамотасын немесе қосылу жайындағы актіні сақтауға тапсыру кезінде мәлімдеме жасаған болса сақтай алады.

      (b) Одақтың мүшесі болып табылмайтын кез-келген ел осы Конвенцияға қосылар кезінде Қосымша бөлімнің V (2)-бабын ескере отырып, өзінің қалай болғанда да осы Актінің аудару құқығына қатысты 8-бабын, 1896 жылы Парижде толықтырылған Одақтың 1886 жылғы Конвенциясының 5-бабының ережелерімен, бүл ережелердің тек қана осы елде жалпы қолданылатын тілге аударуға қолданылатынын айқын түсіне отырып ауыстырмақшы ниетін жариялай алады. Одақтың кез-келген елі Қосымша бөлімнің 1(6) (b)-бабын ескере отырып туындыны аудару құқығына қатысты, жасаушы мемлекет болып табылатын осындай ескертпені пайдаланған елдің ұсынатын қорғауына бара-бар қорғауды қолдану құқығына ие болады.

      (c) Кез-келген ел, кез-келген уақытта мұндай ескертпелерді, Бас директорға жолданған хабарлама арқылы алып тастай алады.

31-бап

      (1) Кез-келген ел өзінің бекіту грамотасын немесе қосылу жөніндегі актісін, немесе кез-келген кейінгі уақытта осы Конвенцияның халықаралық қатынастарына өзі жауап беретін барлық аумақтарда немесе мәлімдемеде яки хабарламада көрсетілген кейбір аумақтарда қолданылатынын Бас директорға жазбаша хабарлама жолдау арқылы жариялай алады.

      (2) Осындай мәлімдеме жасаған немесе хабарлама жолдаған кез-келген ел, кез-келген уақытта осы Конвенцияны қолдану барлық немесе кейбір осындай аумақтарда тоқтатылғаны жөнінде хабарлама жасай алады.

      (3) (а) (1)-тармаққа сәйкес жасалған түрлі мәлімдемелер құжаттарда осы мәлімдеме бар болған бекіту немесе қосылу күшіне енген күні күшіне енеді, ал аталған тармаққа сәйкес жолданған түрлі хабарламалар ол жөнінде Бас директор жасаған хабарлардан кейін үш ай өткен соң күшіне енеді.

      (ь) (2)-тармаққа сәйкес жолданған түрлі хабарламалар, осы Бас директор алғаннан кейін он екі ай өткен соң күшіне енеді.

      (4) Осы бап еш уақытта да осы Конвенция (1) банка сәйкес жасалған мәлімдемеге қарай қолданылатын Одақтың басқа елінің аумағына қатысты нақты жағдайды Одақтың кез-келген елінің үнсіз мойындағаны немесе қабылдағаны болып ұғынылмайды.

32-бап

      (1) Осы Акт Одаққа мүше елдерге қатысты 1986 жылы 9 қыркүйекте қабылданған Берн Конвенциясын және оны қайта қарау жөніндегі актілерін олардың қолданылу шамасына сай көлемде алмастырады. Ілгеріде күшіне енген Актілерді осы Актіні бекітпейтін немесе оран қосылмайтын Одақтың елдеріне қатысты бүтіндей немесе осы Акт оларды алдыңғы сөйлемге қарай алмастыра алмайтын көлемде қолдану жалғастырылады.

      (2) Осы Актінің жақтасы болып табылатын Одаққа мүше елдер (3)-тармақты ескере отырып осы Актіні онымен байланыспаған немесе осы Актімен байланысса да 28 (1) (b) бабында көзделген мәлімдемені жасаған Одақтың кезкелген еліне қатысты қолданылады. Мұндай елдер Одақтың аталған елінің өздерімен жасайтын қатынастарында мына жағдайларды:

      (і) өзі байланысқан соңғы болып өткен актінің ережелерін қолдана алады, және

      (іі) Қосымша бөлімнің 1(6)-бабын ескере отырып, қорғауды осы Актіде көзделген деңгейге сәйкестендіруге құқықты.

      (3) Қосымша бөлімде көзделген мүмкіндіктердің кез-келгенін пайдаланған әрбір мемлекет, өзі пайдаланған Қосымша бөлімнің құқыққа немесе мүмкіндіктерге қатысты ережелерін өзінің осы Актімен байланыспаған Одақтың кез-келген елімен қатынастарына, осы соңғы ел аталған ережелерді қолдануға рұқсат ететін жағдайда қолдана алады.

33-бап

      (1) Осы Конвенцияны қолдануға немесе ұғындыруға қатысты, Одақтың екі немесе бірнеше елдерінің арасындағы келіссөз арқылы шешілмеген кез-келген дау, көрсетілген елдердің кез-келгенімен, егер осы елдер дауды реттеудің басқа жолдары жөнінде келісе алмаса, халықаралық сотқа Соттың Мәртебесіне сай арыз беру арқылы беріледі. Арыз беруші ел, соттың қарауына берілген дау жөнінде Халықаралық бюроға хабарлауы керек; Халықаралық бюро бұл жөнінде Одақтың басқа елдеріне хабардар қылуға міндетті.

      (2) Кезкелген ел осы Актіге қол қою кезінде, болмаса бекіту грамотасын немесе қосылу жөніндегі актіні сақтауға өткізу кезінде өзін (1)-тармақтың ережелерімен байланысты деп есептемейтінін жариялай алады. Мұндай елдер мен Одақтың кезкелген елдерінің арасындағы дауларға (1)-тармақтың ережелері таралмайды.

      (3) (2)-тармақтың ережелеріне сәйкес мәлімдеме жасаған кезкелген ел осы мәлімдемесін кезкелген уақытта Бас директорға жіберілген хабарлама арқылы қайтарып ала алады.

34-бап

      (1) l-21-баптар және Қосымша бөлім күшіне енгеннен кейін 29bis-бапқа сай ешбір ел осы Конвенцияның болып өткен актілерін бекіте алмайды немесе оларға қосыла алмайды.

      (2) l-21-баптар және Қосымша бөлім күшіне енгеннен кейін ешбір ел Стокгольм актісіне қоса тіркелген мәжіліс хатының 5-бабында көзделген дамушы елдерге қатысты мәлімдемені жасай алмайды.

35-бап

      (1) Осы Конвенцияның жұмыс істеу мерзімі шектелмейді.

      (2) Кезкелген ел Бас директорға жіберілген хабарлама арқылы осы Актінің күшін жоя алады. Мұндай күшін жою барлық алдыңғы өткен актілердің де күшін жою болып табылады және саны жасаған елге ғана таралады. Бұл уақытта Одақтың басқа елдеріне қатысты Конвенция күшінде қалады және орындалуға тиісті.

      (3) Күшін жою Бас директор хабарламаны алған күннен бастап есептегенде бір жыл өткен соң күшіне енеді.

      (4) Осы бапта көзделген шартты бұзу құқығын ешбір ел Одаққа өзі мүше болған күннен бастап есептегенде бес жыл өтпейінше пайдалана алмайды.

36-бап

      (1) Осы Конвенцияның қатысушысы болып табылатын, әрбір ел, өз Конституциясына сәйкес, осы Конвенцияның қолданылуын қамтамасыз ететін қажетті шараларды қолдануға міндеттенеді.

      (2) Әрбір елдің осы Конвенциямен байланысты болған кезінде өзінің ішкі заңдарына сәйкес осы Конвенцияның ережелерін жүзеге асыруға мүмкіншілігі бар болады деп ұғынылады.

37-бап

      (1) (а) Осы Акт бір дана етіліп ағылшын және француз тілдерінде жазылады және (2)-тармақты ескере отырып Бас директорға сақтауға өткізіледі.

      (ь) Ресми мәтіндер Бас директор мүдделі үкіметтермен кеңескеннен кейін араб, испан, итальян, неміс және португал тілдерінде, сондай-ақ Ассамблея анықтайтын басқа да тілдерде жасалады.

      (с) Әртүрлі мәтіндерді түсіндіруде келіспеушілік болған жағдайда французша мәтін таңдалады.

      (2) Осы Акт қол қоюға 1972 жылдың 31 қаңтарына дейін ашық. Бұл күнге дейін (1) (а)-тармақта көрсетілген дана Франция Peспyбликасының Үкіметіне сақтауға өткізіледі.

      (3) Бас директор осы Актінің қол қойылған мәтінінің екі көшірмесін куәландырып Одақтың барлық елдерінің үкіметтеріне және кезкелген басқа елдің үкіметінің сұрауы бойынша жібереді.

      (4) Бас директор осы Актіні Біріккен Ұлттар Ұйымының Секретариатында тіркеуден өткізеді.

      (5) Бас директор Одақтың барлық елдерінің үкіметтерін қол қоюлар жөнінде, бекіту грамоталарымен қосылу жөніндегі актілердің сақтауға өткізілгені және осы құжаттарда тіркелген немесе 28 (1) (с), 30 (2) (а) және 33(2)-баптарына сәйкес жасалған мәлімдемелер жайында, осы Актінің кезкелген ережелерінің күшіне енгені жөнінде, күшін жою жөніндегі хабарламалар және 30 (2) (с), 31 (1) және (2), 33(3) және 38 (1) баптарына сәйкес жіберілген хабарламалар, сондай-ақ қосымша бөлім мен көзделген хабарламалар жөнінде хабардар етеді.

38-бап

      (1) Осы Актіні бекітпеген немесе оған қосылмаған, болмаса осы Конвенцияның Стокгольмдік актісінің 22-26 баптарымен байланыспаған Одақтың елдері, өздерінің қалауыменен 1975 жылдың 26-сәуіріне дейін өздері осы баптармен байланысты болғандай пайдалана алады. Осындай құқықтарды пайдаланғысы келетін кезкелген ел, Бас директорға осы мақсатпенен алынған күннен бастап күшіне енетін жазбаша хабарлама жібереді. Мұндай елдер көрсетілген мерзімге дейін Ассамблеяның мүшелері болып саналады.

      (2) Одақтың барлық елдері Ұйымға мүше болғанға дейін Ұйымның Халықаралық бюросы сонымен қатар Одақтың Бюросы ретінде жұмыс істейді, ал Бас директор осы Бюроның директоры ретінде қызмет істейді.

      (3) Одақтың барлық елдері Ұйымға мүше болысыменен мүліктері Ұйымның Халықаралық Бюросына көшеді.

ҚОСЫМША БӨЛIМ

І-бап

      (1) Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қалыптасқан іс-дағдысына сәйкес Дамушы ел болып саналатын, осы Қосымша бөлім ажырамас бөлігін құрайтын осы Актіні бекітетін немесе оған қосылатын, өзінің экономикалық жағдайы мен өзінің әлеуметтік және мәдени қажеттіліктерін назарға ала отырып, осы Актіде көзделген барлық құқықтарды қорғау жөніндегі ережелерді дереу күшіне енгізуге мүмкіншілігім жоқ деп санайтын кезкелген ел. Бас директорға сақтауға енгізілетін депозитке берілген бекіту грамотасын немесе қосылу жөніндегі актіні хабарлау арқылы, немесе V(1) (с)-бапты ескере отырып, кейінгі кезкелген уақытта, өзінің ІІ-бапта көзделген немесе ІІІ-бапта көзделген жеңілдіктерді яки жеңілдіктердің екеуін де пайдаланатынын жариялай алады. Дамушы ел ІІ-бапта көзделген жеңілдіктерді пайдаланбаса V (1) (а)-бапқа сәйкес мәлімдеме жасай алады.

      (2) (а) 1-21 баптар және осы Қосымша бөлім күшіне енгеннен кейін он жыл мерзім ішінде (1) тармаққа сәйкес жасалған кезкелген мәлімдеме 28 (2) бап бойынша аталған мерзім өткенше күшінде болады. Кезкелген осындай мәлімдеме түгелдей немесе бөлшектей әрбір он жыл сайын Бас директорға сақтауға өткізілетін хабарлама арқылы осы ағымдағы он жылдық мерзім өткенге дейін он бес айдан аспайтын және үш айдан кешіктірілмейтін уақыт ішінде жаңартыла алады.

      (b) 1-21-баптар және осы Қосымша бөлім күшіне енгеннен кейін он жыл мерзім ішінде (1) тармаққа сәйкес жасалған кезкелген мәлімдеме 28(2) бап бойынша аталған мерзім өткенше күшінде болады. Мұндай кезкелген мәлімдеме (а)-тармағының екінші сөйлемінде көзделгендей жаңартыла алады.

      (3) Дамушы елдермен (1)-тармаққа сәйкес санасуды тоқтатқан Одақтың кезкелген елі өзінің мәлімдемесін (2)-тармақта көзделгендей жаңарта алмайды және ол өзінің мәлімдемесін ресми түрде қайтарып ала ма жоқ па, оған қарамастан, (1)-тармақта аталған жеңілдіктерді ағымдағы он жылдық мерзім өткен соң немесе өзі дамушы елдермен санасуды тоқтатқаннан кейін үш жыл мерзім өткен соң пайдалана алмайды: бұл кезде соңырақ өтетін мерзім қолданылады.

      (4) (1) және (2) тармақтарға сай жасалған мәлімдеме өзінің күшін тоқтатқан кезде, осы Қосымша бөлімге қарай ұсынылған лицензия бойынша жасалған басы артық даналарының қоры бар жерде, осы даналар түгелдей таралып біткенше таратыла береді.

      (5) Осы Актінің ережелерімен байланысқан, осы Актінің қандайда бір аумақта қолданылуына қатысты 31(1) бабына сай жасалған мәлімдемесін немесе хабарламасын сақтауға өткізген, жағдайлары (1)-тармақта көрсетілген елдердің жағдайларына үйлес болып қарастырылатын кезкелген ел, осындай аумаққа қатысты (1)-тармақта аталған мәлімдемені және (2)-тармақта аталған жаңарту жөніндегі хабарламаны жасай алады. Осындай мәлімдеме немесе хабарлама күшінде болатын мерзім ішінде осы Қосымша бөлімнің ережелері осындай аумақтарға қатысты қолданылады.

      (6) (а) Қандай да бір елдің (1)-тармақта көзделген жеңілдіктерді пайдалану жағдайы басқа бір елдің, бірінші ел шығарушы ел болып табылатын туындыларға, 1-20 баптарға сай ұсынуға тиісті қорғауының көлемінен аз қорғау ұсынуына мүмкіндік туғызбайды.

      (ь) 30(2)(b)-бапта (екінші сөйлем) көзделген қорғауға барабар қорғауды қолдану құқығы. VI(1)(а) бабына caй мәлімдеме жасаған ел жасаушы елі болып табылатын туындыларға қатысты. 1(3)-бапқа сай қолданылатын кезең өтетін күннен бұрын пайдаланылмайды.

IІ-бап

      (1) Осы бапта көзделген жеңілдіктерді пайдаланамын деп мәлімдеме жасаған кезкелген ел, жарыққа баспа түрінде шыққан немесе басқа үйлес нысанда қайта шығарылған туындыларға қатысты, 8-бапта көзделген аударудың айрықша құқығын, құзіреті бар органдар арқылы IV бапта ескере отырып, төменде көрсетілген шарттарға сай берілетін айрықша емес қолдан-қолға берілмейтін лицензиялар жүйесіне ауыстыра алады.

      (2) (а) (3)-тармақты ескере отырып, егер туынды алғаш рет жарыққа шыққан күннен бастап есептегенде. аталған елдің ұлттық заңында белгіленген үш жыл немесе оданда ұзағырақ мерзім еткеннен кейін де мұндай туындының аудармасы осы елде жалпы қолданылатын тіл болып табылатын тілде, аударуға құқығы бар тұлғамен немесе оның келісімімен жарық көрмесе, онда, осы елдің кезкелген азаматы осы туындының аталған тілде аудармасын жасауға лицензия алып, осындай аударманы баспа түрінде жарыққа шығара алады, немесе осыған үйлес нысанда қайта шығара алады.

      (b) Осы бапта көзделген шарттарға қарай, лицензия осы тілде жарыққа шыққан аударманың басылымы түгелдей таралып кеткен жағдайларда беріле алады.

      (3) (а) Одаққа мүше бір немесе бірнеше өркениетті елдерде жалпы қолданылатын тіл болып табылмайтын тілге аударған жағдайда бір жылға тең мерзім, (2)(а)-тармақта көзделген үш жылдық мерзімді алмастырады.

      (b) (1)-тармақта аталған ел өзінде жалпы қолданылатын тілді қолданатын Одаққа мүше өркениетті елдермен бірауыздан келісу арқылы, аударма осы тілге аударылған жағдайда,

      (2) (а)-тармақта көзделген үш жылдық мерзімді, осы келісімде келісілген неғұрлым қысқа мерзімге алмастыра алады, және де мұндай мерзім бір жылдан кем болмауы керек. Бірақ алдыңғы сөйлемнің ережелері ағылшын, француз және испан тілдеріне таралмайды. Бас директорға үкіметтер қол жеткізген мұндай кезкелген келісімдер жөнінде хабарланады.

      (4) (а) Осы баптың ережелеріне сәйкес үш жылдан кейін алынатын лицензиялар, қосымша берілетін алты айлық мерзім өткенше беріле алмайды, ал бір жылдан кейін алынатын лицензиялар, қосымша берілетін тоғыз айлық мерзім өткенше:

      (і) лицензия алуға өтініш берген тұлға IV(1)-бапта аталған талаптарды орындаған күннен, немесе

      (іі) егер аудару құқығын иеленуші тұлғаның кім екендігі немесе мекен-жайы белгісіз болса, ІV(2)-бапта көзделгендей лицензия беруге құзіреті бар органға лицензия алуға өтініш берген тұлға өзінің өтінішінің көшірмесін жіберген күннен бастап.

      (ь) Осы бапта көзделген лицензия - аударма өтініш берген тілде аудару құқығын иеленуші арқылы немесе оның келісіміменен көрсетілген алты немесе тоғыз айлық мерзім ішінде жарыққа шықса - берілмейді.

      (5) Осы баптың ережелеріне сәйкес кезкелген лицензия тек қана мектептерде, университеттерде немесе зерттеу мақсаттарында пайдалануға беріледі.

      (6) Егер туындының аудармасы аудару құқығын иеленуші тұлғамен немесе оның келісіміменен, елде осыған ұқсас туындыларға әдетте белгіленетін бағаға сай бағамен жарыққа шығарылса, егер мұндай аударма лицензия арқылы шыққан аударманың тілінде және негізінен мазмұны өзгермесе, осы бапқа сәйкес берілетін лицензия күшін тоқтатады. Лицензия күшін тоқтатқанға дейін шыққан барлық даналар түгелдей таратылып бітпейінше таратыла береді.

      (7) Негізінен безендіргіштерден тұратын туындылар үшін, мәтінді аудару және жарыққа шығару және безендіргіштерді қайта шығару және жарыққа шығару лицензиялары тек егер ІІІ-баптың шарттары орындалған жағдайда ғана беріледі.

      (8) Осы бапқа сәйкес, егер автор айналымнан өзінің туындысының барлық даналарын шығарып алса, лицензия берілмейді.

      (9)(а) Баспа түрінде жарыққа шыққан немесе осыған ұқсас нысанда қайта шығарылған туындыны аударуға, лицензия сондай-ақ (1) тармақта аталған елде өзінің штаб-патері бар кезкелген радиохабарларды таратушы мекемелерге осы аталған мекемелердің осы елдің лицензия беруге құзіреті бар органдарға берген өтініші арқылы, мына төмендегі шарттар орындалған жағдайда беріледі:

      (і) аударма осы елдің заңына сәйкес даярланған және сатып алынған данасынан жасалады;

      (іі) аударма тек қана оқыту мақсатына немесе арнаулы техника саласындағы немесе ғылыми зерттеулердің қорытындыларын белгілі-бір мамандық иелерінің арасында таратуға арналған радиохабарларға пайдалануға ғана арналады;

      (ііі) аударма тек қана (іі) тармақта аталған шарттардың мақсаттарында, осы елдің аумағында туратын тыңдаушыларға арналған заңды түрде жүзеге асырылған хабарларда және дыбыс және бейне жазбалар арқылы заңды түрде жасалған хабарларды қоса алғанда, тек қана осы хабарлардың мақсаттарына пайдаланылады;

      (іv) аударманы әр түрлі жолмен пайдалану коммерциялық мақсаттарды көздемейді.

      (b) Осы тармаққа қарай берілген лицензияның негізінде радиохабар таратушы мекеме жасаған аударманың дыбыс немесе бейне жазбаларын, (а) тармақшасында аталған шараларды ескере отырып, және осы мекеменің келісіміменен, кезкелген, осы елде штаб-пәтері бар, құзіретті орган лицензия берген басқа радио хабар таратушы мекеме пайдалана алады.

      (c) (а)-тармақшасында баяндалған барлық өлшемдер мен шарттар орындалған жағдайда, лицензия радио хабарларын тарататын мекемелерге дыбыс-бейне жазбаларға қосылған тек қана жүйелі түрде оқыту мақсатында даярланып, жарыққа шығарылған кезкелген мәтінді аударуға беріле алады.

      (d) Осы тармаққа сәйкес берілген лицензияларды беру және жүзеге асыру кезінде алдыңғы тармақтың ережелері (а)-(с)-тармақшаларын ескере отырып қолданылады.

ІІІ-бап

      (1) Осы бапта көзделген жеңілдіктерді пайдаланамын деп мәлімдеген кезкелген ел, 9-бапта көзделген қайта шығарудың айрықша құқығын, құзіретті орган IV-бапты ескере отырып ұсынатын айрықша емес және қолдан-қолға берілмейтін лицензиялар жүйесімен алмастыру құқығын иеленуі және мына жағдайларда:

      (2) (а.) Осы бап (7) тармаққа қарап қолданылатын туындыларға қатысты

      (і) (3)-тармақта айқындалған мерзімге сай мерзім өткеннен кейін, туындының басылымы алғаш жарыққа шыққан күннен бастап немесе

      (іі) (І)-тармақта аталған, елдің ұлттық заңымен айқындалған кезкелген неғұрлым ұзақ мерзім өткеннен кейін аталған күннен бастап,

      мұндай басылымдардың даналары осы елде көпшіліктің арасында яки жүйелі оқыту мақсатында қайта шығару құқығын иеленуші тұлғамен немесе оның келісіміменен әдетте осы мемлекетте осыған ұқсас туындыларға белгіленетін бағаға тең бағамен таратылмаса, мұндай елдің кезкелген азаматы мұндай басылымдарды жүйелі оқыту мақсатында пайдалану үшін осындай яки бұданда төмен бағамен қайта шығаруға және мұндай басылымды жарыққа шығаруға лицензия ала алады.

      (b) (a)-тармақшасында баяндалғандай, таратылған даналарды қайта шығаруға және басылымдарды жарыққа шығаруға лицензия, осы бапта көзделген шарттарға сай, егер қолданылатын кезең өткен соң осы басылымның рұқсат етілген бірде бір данасы осы елде көпшілікке арналған бұйым ретінде немесе жүйелі оқыту мақсатында алты ай мерзім ішінде, осыған ұқсас туындыларға әдетте осы елде белгіленетін бағаға сай бағамен сатылмаса, беріле алады.

      (3) (2)(а)(і)-тармағында белгіленген кезең төмендегілерді қоспағанда бес жылдан тұрады:

      (і) математика және техниканы қоса алғанда жаратылыс және дәл ғылымдарға арналған туындылар үшін бұл кезең үш жылдан тұрады;

      (іі) көркем, поэзиялық, драмалық және музыкалық туындылар, сондай-ақ өнер жөніндегі кітаптар үшін бұл кезең жеті жылдан тұрады.

      (4) (а) Үш жылдан кейін қол жеткізуге болатын ешқандайда лицензия осы бапқа сәйкес алты ай мерзім өткенше берілмейді:

      (і) өтінуші IV(1)-бапта көрсетілген талаптарды орындаған күннен бастап, немесе

      (іі) егер қайта шығару құқығын иеленуші тұлғаның кім екендігі яки мекен-жайы белгісіз болса, ІV (2)-бапта көзделгендей лицензия беруге құзіреті бар органға лицензия алуға өтініш берген тұлға езінің өтінішінің көшірмесін жіберген күннен бастап.

      (b) Егер басқа кезеңдерден кейін лицензияға қол жеткізуге болатын және IV(2)-бап қолданылатын болса, ешқандайда лицензия өтініштің көшірмесін жіберген күннен бастап үш ай мерзім өтпейінше берілмейді.

      (c) Егер (а) және (ь) тармақшаларында көрсетілген алты айлық немесе үш айлық мерзім ішінде, (2)(а)-тармақта жазылғандай таралу орын алған болса, осы бапқа сәйкес ешқандай лицензия берілмейді.

      (d) Егер автор, қайта шығаруға және жарыққа шығаруға лицензия сұратылған басылымның барлық даналарын айналымнан шығарып алса, ешқандайда лицензия берілмейді.

      (5) Осы бапқа сәйкес туындының аудармасын қайта шығаруға және жарыққа шығаруға лицензия мына жағдайларда берілмейді:

      (і) аударма аудару құқығын иеленуші тұлғамен немесе оның келісіміменен шығарылмаса, немесе

      (іі) аударма лицензия сұратылған елде жалпы қолданылатын тілде жасалмаса.

      (6) Қайта шығару құқығын иеленуші тұлға немесе соның келісіміменен басқа біреу (i)-тармақта аталған елде мұндай басылымның даналарын көпшіліктің арасында немесе жүйелі оқыту мақсатында, осыған ұқсас туындыларға әдетте осы елде белгіленетін бағаға сай бағамен таратса, егер мұндай басылым лицензия арқылы жарыққа шыққан басылымның тілінде және негізінен мазмұны өзгермесе, осы бапқа сәйкес берілетін лицензия күшін тоқтатады. Лицензия күшін тоқтатқанға дейін шыққан барлық даналар түгелдей таратылып бітпейінше таратыла береді.

      (7) (а) Осы бап таралатын туындылар (b)-тармақшасын ескере отырып баспа түрінде жарыққа шыққан немесе ұқсас нысанда қайта шығарылған туындылармен шектеледі.

      (b) Осы бап, сондай-ақ дыбыс-бейне нысанында қайта шығарылған авторлық құқықпен қорғалатын туындылардан тұратын заңды түрде жүзеге асырылған дыбыс-бейне жазбаларына сондай-ақ оларға қосылған кезкелген мәтіннің лицензия сұратылған елде жалпы қолданылатын тілдегі аудармасына, барлық жағдайларда осы аталған дыбыс-бейнежазбалары, тек қана жүйелі түрде оқыту мақсатында пайдалануға даярланып жарыққа шыққан жағдайда қолданылады.

      (1) II немесе III баптарға сәйкес лицензиялар, лицензияға өтініш беруші осы елде бекітілген ережелерге сай, аударманы дайындау әрі жарыққа шығару яки басылымды жаңғырту және жарыққа шығару құқығын иеленуші тұлғаға рұқсат алуға барып, өтінішінің қабыл болмағанын немесе бар ыждағатын салса да өзінің осы құқықтарды иеленуші тұлғаны анықтай алмағанын дәлелдеген жағдайларда ғана беріле алады. Өтінуші лицензия алуға өтініш жасағаны жөнінде (2)-тармақта аталған кезкелген ұлттық немесе халықаралық ақпараттың орталықтарды хабарландырады.

      (2) Егер құқық иеленуші тұлғаны анықтау мүмкін болмаса, онда лицензияға өтініш беруші тұлға, лицензия беруге құзіреті бар органға берілген өтінішінің көшірмесін, туындыда тегі белгіленген баспагерге, сондай-ақ елдің үкіметімен Бас директордың арасындағы тиісті нота алмасуда белгіленген, баспагер өзінің кәсіби қызметінің негізгі бөлігін жүзеге асырады деп жорамалданған кезкелген ұлттық немесе халықаралық орталыққа заказды әуе почтасы арқылы жібереді.

      (3) II немесе III баптарға сәйкес берілген лицензиялар арқылы жарыққа шыққан аудармалардың немесе қайта шығарылған туындылардың барлық даналарында автордың тегі көрсетіледі. Барлық мұндай даналарда туындының атауы басылады. Аударылған жағдайда, туындының түпнұсқа атауы қандай жағдайда болмасын аталған барлық даналарда басылады.

      (4) (а) II немесе ІІІ-баптарға сәйкес берілген ешқандайда лицензия туындылардың даналарын экспортқа шығаруға қолданылмайды және лицензия сұратылған елдің аумағында аударманы немесе қайта шығарылған туындыларды жарыққа шығаруға ғана жарамды болып табылады.

      (b) (а)-тармақшасының мақсатында экспорт түсінігі болып, 1(5)-бапқа сай осы аумаққа қатысты мәлімдеме жасаған елге кезкелген аумақтан даналарды жіберу ұғынылады.

      (c) ІІ-бапқа сәйкес ағылшын, испан немесе француз тілдерінен өзге тілге аударманы даярлауға лицензия берген елдің үкіметтік немесе өзге мекемесі осы лицензия арқылы жарыққа шыққан аударманың даналарын басқа елге жіберген кезде,

      (а)-тармақшасының мақсатында даналарды осылай жіберу, барлық төмендегі шаралар орындалған жағдайда экспорт болып саналады:

      (і) алушы лицензия берген елдің азаматы болса, болмаса осындай азаматтарды біріктіруші ұйым болса;

      (іі) даналар тек мектептерде, университеттерде немесе зерттеу мақсаттарында пайдаланылуы қажет;

      (ііі) даналарды жөнелту және оларды соңынан алушылардың арасында тарату коммерциялық мақсатты көздемейді; және

      (іv) даналар жіберілетін ел, құзіретті орган алуға, таратуға немесе екеуінде қатар жүзеге асыруға рұқсат ететін лицензия берген елмен келісімге келсе, және Бас директорға мұндай келісім жөнінде лицензия берген елдің үкіметімен хабарланса.

      (5) II немесе ІІІ-баптарға қарай берілген лицензиялар арқылы жарыққа шыққан барлық даналардың осы лицензия қолданылатын елде немесе аумақта ғана таратылуға жататынын көрсететін, тиісті тілдегі хабарламасы болады.

      (6) (а) Төмендегілерді қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар ұлттық деңгейде қабылданады.

      (і) лицензияның аудару құқығын иеленуші тұлғаның пайдасына әділ өтемақы төлеуін немесе тиісті екі елдің тұлғаларының арасында болған лицензияға қатысты ашық келіссөзде қолданылатын әдеттегі қаламақы мөлшеріне сай көлемде төлем жасалуын қарастыруын; және

      (іі) төлеу жөне өтемақыны аудару: егер ерекше ұлттық валюталық ережелер орын алса құзіретті билік басындағылар халықаралық механизмнің көмегіменен өтемақыны халықаралық ауқымда айналымда жүретін валютаға немесе соның баламасына аудартуды жүзеге асыруға бар күш-жігерін салады.

      (b) Ұлттық заңменен дұрыс аударма жасау немесе белгілі бір басылымның дәл қайта шығарылуын қамтамасыз ететін қажетті шаралар қабылданады.

      (1) (а) ІІ-бапта көзделген жеңілдіктерді пайдаланамын деп мәлімдеме жасау құқығын иеленуші кезкелген ел, мұның орнына осы Актіні бекіту немесе оған қосылу кезінде:

      (і) егер 30(2)(а)-бабы қолданылатын ел болып табылса, осы ережеге сай аудару құқығына қатысты мәлімдеме жасауға;

      (іі) егер ол ел 30(2) (а)-бап қолданылмайтын ел болатын болса, тіпті ол ел Одаққа кірмейтін ел болса да, 30 (2) (b)-бапта (бірінші сөйлем) көзделгендей мәлімдеме жасай алады.

      (b) Егер ел І(1)-бапта көзделгендей дамушы елдермен санасуды тоқтатқан болса, осы тармаққа сәйкес жасалған мәлімдеме І(3)-бапқа сәйкес қолданылатын мерзім өткен күнге дейін күшінде болады.

      (c) Осы тармаққа сай мәлімдеме жасаған кезкелген ел, ІІ-бапта көзделген жеңілдіктерді, әрі қарай көрсетілген мәлімдемені қайтарып алса да пайдалана алмайды.

      (2) ІІ-бапта көзделген жеңілдіктерді (3)-тармақты ескере отырып пайдаланған кезкелген ел, әрі қарай (І)-тармаққа сәйкес мәлімдеме жасай алмайды.

      (3) І(1)-бапта көзделгендей дамушы елдермен санасуды тоқтатқан кезкелген ел, І(3)-бапқа сай қолданылатын мерзім өткенше екі жылдан кешіктірмей, Одаққа кіретін елдердің қатарына жатпайтындығына қарамастан 30(2)(b)-бапта бірінші сөйлемде көзделген мақсатта мәлімдеме жасай алады. Мұндай мәлімдеме І (3)-бапқа сай қолданылатын мерзім өткен күннен бастап күшіне енеді.

Vl-бап

      (1) Одақтың кезкелген елі, осы Акті басталған күннен бастап және өзі 1-ден 21-ші бапқа дейінгі баптармен сондай-ақ осы Қосымша бөліммен байланысты болғанға дейінгі кезкелген уақытта жариялай алады:

      (1) егер ел 1-21 баптармен және осы Қосымша бөліммен байланысқан ел болатын болса, онда ол І(1)-бапта көрсетілгендей, II немесе ІІІ-баптың немесе осы екеуіндегі ережелерді, төменде көрсетілген (іі)-тармақшасына сәйкес, осы баптарды осындай туындыларға қолданылуына рұқсат ететін, немесе 1-шіден 21-ші баптарға және осы Қосымша бөліммен байланысы бар елдерде шығарылған туындыларға қатысты жеңілдіктерді пайдалану құқына ие болар еді. Мұндай мәлімдемеде ІІ-баптың орнына, V-бапқа сүйенуге болады;

      (іі) І-бапқа сай хабарлама жасаған немесе жоғарыда аталған (і)-тармақшасына сәйкес мәлімдеме жасаған елдердің, өзі шығарушы елі болып табылатын туындыларға осы Қосымша бөлімнің қолданылуына рұқсат ететінін.

      (2) (і)-тармаққа сәйкес жасалған кезкелген мәлімдеме жазбаша нысанда болуы керек және Бас директорға депозитке беріледі. Мәлімдеме депозитке алынған күннен бастап күшіне енеді.