Қазақстан Республикасы мен Корей Халық-Демократиялық Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек туралы шартты бекіту жөнінде

Қазақстан Республикасы Заңы 1998 жылғы 9 қараша N 291-I

Қолданыстағы

     Пхеньянда 1997 жылғы 7 сәуірде қол қойылған Қазақстан Республикасы 
мен Корей Халық-Демократиялық Республикасы арасындағы Азаматтық және 
қылмыстық істер жөніндегі өзара құқықтық көмек туралы шарт бекітілсін. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     
          Қазақстан Республикасы мен Корей Халық-Демократиялық 
         Республикасы арасындағы Азаматтық және қылмыстық iстер 
                жөнiндегi өзара құқықтық көмек туралы 
                                ШАРТ* 
     
       2001 жылғы 28 шілдеден бастап күшіне енді - ҚР халықаралық 
              шарттары бюллетені, 2002 ж., N 2, 27-құжат 
     
     Бұдан былай "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан 
Республикасы мен Корей Халық-Демократиялық Республикасы 
     егемендiктi Құрметтеу мен өзаралық негiзiнде құқықтық қатынастар 
саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру мақсатымен бiр-бiрiне азаматтық 
және қылмыстық iстер жөнiнде құқықтық көмек көрсетудi ұйғарды және осы 
мақсатпен мына төмендегiлер туралы уағдаласты. 
     
                               I ТАРАУ 
                           Жалпы ережелер 
     
                                1-бап 
                           Құқықтық қорғау 
     


      1. Бiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары, сондай-ақ оның аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында өздерiнiң жеке және мүлiктiк құқықтарын сол екiншi Уағдаласушы Тараптың азаматтары сияқты құқықтық қорғаумен пайдаланады.
      2. I-тармақтың ережелерi, сондай-ақ заңды тұлғаларға да және оларға теңестiрiлген Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының аумағында олардың ұлттық заңдарына сәйкес құрылған құрылымдарға да қолданылады.
      3. Осы Шартта қолданылатын "азаматтық iстер" терминiне неке-отбасылық, еңбек, мұрагерлiк, шаруашылық iстер енедi.

                                2-бап
                            Құқықтық көмек

      1. Уағдаласушы Тараптардың органдары мен мекемелерi өз елiнiң заңымен және осы Шарттың ережелерiмен айқындалатын өзiнiң құзыретiне сәйкес азаматтық және қылмыстық iстер жөнiнде өзара құқықтық көмек көрсетедi.
      2. Азаматтық және құқықтық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштермен келген кезде Уағдаласушы Тараптардың соттары мен басқа да құзырлы мекемелерi (әрi қарай - "құзырлы мекемелер") егер осы Шартпен өзгеше белгiленбесе, бiр-бiрiнен өздерiнiң орталық органдары арқылы

хабарласады. 
     3. Осы баптың 2-тармағында аталған орталық органдарға мыналар жатады:
     Қазақстан Республикасы жағынан - Қазақстан Республикасының Әдiлет 
министрлiгi, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы; 
     Корей Халық-Демократиялық Республикасы жағынан - Корей 
Халық-Демократиялық Республикасының Орталық Соты және Корей 
Халық-Демократиялық Республикасының Жоғарғы Прокуратурасы. 
     
                               3-бап 
                     Құқықтық көмектің көлемі 
     
     Уағдаласушы Тараптар өз заңдарының талаптарын сақтай отырып, 
бiр-бiрiне мынадай жолдар арқылы құқықтық көмек көрсетедi: 
     - процессуалдық iс-әрекеттердi орындау; 
     - құжаттарды жөнелту және тапсыру; 
     - мүлiктiк айғақтарды жiберу; 
     - iс материалдарын жiберу; 
     - сот шешiмдерiн тану және орындау; 
     - талапты қамтамасыз ету; 
     - сұрау салушы Тарапқа сотталғандығы туралы мәлiметтер беру; 
     - адамдарды iздеу; 
     - шұғыл-iздестiру шараларын өткiзу; 
     - қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту үшiн немесе үкiмдi 
орындау үшiн оларды ұстап беру; 
     - өзге әрекеттер. 
     
                               4-бап 
                Өтiнiш (тапсырма) түрi мен мазмұны 
     


      1. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiш (тапсырма) жазбаша түрде жасалу керек және тапсырма мазмұнын ескере отырып, мынадай деректемелерi болуға тиiс:
      1) сұрау салушы мекеменiң атауы;
      2) сұрау салынған мекеменiң атауы;
      3) құқықтық көмек сұралатын iстiң атауы және өтiнiш (тапсырма) мазмұны;
      4) iске қатысы бар адамдардың аттары мен тектерi, олардың азаматтығы, жынысы, кәсiбi, тұратын жерi немесе мекенi, туған жылы мен жерi; заңды тұлғалар үшiн - атауы мен тұрған жерi;
      5) осы баптың 4-тармақшасында аталған адамдардың өкiлдерi болған жағдайда олардың аттары, тектерi және мекен-жайлары;
      6) берiлiп отырған құжаттың атауы;
      7) анықтауға жататын жағдайларды баяндау, сондай-ақ талап етiлген құжаттар мен өзге дәлелдемелердiң тiзбесi; ал қылмыстық iстер бойынша жасалған қылмыстың нақты жағдайларын сипаттау, оның заңдық сапалық ережесiн анықтау және мүмкiндiгiнше, тұлғаның бет-әлпетiн сипаттау, оның суретi, саусақтарының таңбасы.
      2. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiшке (тапсырмаға) құзырлы лауазымды адамның қолы қойылуы және оның мөрмен бекiтiлуi тиiс.

                                5-бап
                      Тапсырманы орындау тәртiбi

      1. Құқықтық көмек көрсету туралы тапсырманы орындау кезiнде сұрау салынған құзырлы мекеме өз мемлекетiнiң заңдарына сәйкес әрекет етедi.
      Алайда, сұрау салушы құзырлы мекеменiң өтiнiшi бойынша ол сұрау салушы Тараптың процессуалдық қалыптарын, егер олар өз мемлекетiнiң заңдарына қайшы келмейтiн болса, қолдана алады.
      2. Тапсырманы орындау мүмкiн болмаған жағдайда сұрау салынған құзырлы мекеме сұрау салушы құзырлы мекемеге жағдай туралы хабарлайды.
      3. Тапсырманы орындағаннан кейiн сұрау салынған құзырлы мекеме бұл жөнiнде немесе тапсырманы орындауға кедергi болған жағдайлар туралы хабарлайды.

                                6-бап
                           Құжаттарды беру

      1. Сұрау салынған мекеме, егер берiлетiн құжаттар осы Шарттың ережелерiне сәйкес жасалған болса, құжаттарды берудi оның мемлекетiнде қолданылып жүрген тәртiпке сәйкес жүзеге асырады.
      2. Егер құжаттар тапсырмада көрсетiлген адресатқа берiле алмаса, онда сұрау салынған мекеме оның құжаттарды жiберуге болатын мекен-жайын анықтауға қажеттi шараларды қолданады. Егер мекен-жайды анықтау мүмкiн болмаса, онда ол бұл туралы сұрау салушы мекемеге хабарлайды және оған құжаттарды қайтарады.

                                7-бап
                  Құжаттардың берiлгендiгiн растау

      Құжаттардың берiлгендiгiн растау сұрау салынған мемлекетте қолданылып жүрген ережелерге сәйкес дайындалады және бұл растауда құжаттардың тапсырылу мерзiмi мен орны, құжаттар тапсырылатын адамның тегi мен аты, онда тапсырудың әдiсi, орны және уақыты көрсетiлуге тиiс құжатты немесе осы мекеме арқылы берiлген өзге құжатты берушi мекеме қызметкерiнiң қолы көрсетiлуi керек. Растау сұрау салынған мекеменiң елтаңбалы мөрiмен бекiтiлуi тиiс.

                                8-бап
                       Құжаттарды куәландыру

      1. Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң аумағында белгiленген тәртiпте және тиiстi түрде жасалған немесе куәландырылған құжаттар, сондай-ақ, ресми куәландырылған көшiрме мен аударма, егер олар қол қойылған және құзырлы органның мөрiмен бекiтiлген болса, екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында ресмилендiрусiз-ақ танылады. Бұл, сондай-ақ қолы Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң аумағындағы заңға сәйкес куәландырылған азамат дайындаған қуаттарға да қатысты.
      2. Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң аумағында дайындалған ресми құжаттар екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында да ресми құжаттардың дәлелдеушi күшiмен пайдаланады.

                                9-бап
              Куәларға, жәбiрленушiлерге және сарапшыларға
                         қатысты кепiлдiктер

      1. Куә, жәбiрленушi немесе сарапшы - сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың құзырлы мекемесi берген шақыру қағаз бойынша сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың құзырлы органына келген Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң азаматы соттық iс қараудың тақырыбы болып табылатын немесе сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың мемлекеттік шекарасын кесiп өткенге дейiн жасалған қылмыс үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартылмайды немесе абақтыда ұсталмайды немесе жазаланбайды.
      2. Куә, жәбiрленушi немесе сарапшы, егер өзiнен жауап алған заң

органы ендi оның бұған қатысуының қажеттiлiгi жоқ деп хабарлаған сәттен 
бастап ол екi аптаның iшiнде Уағдаласушы Тараптың аумағынан кетпесе, 
жоғарыда көрсетiлген артықшылықтарынан айырылады. 
     Бұл адамның өз кiнәсiне байланысты болмай, сұрау салушы Уағдаласушы 
Тараптың аумағын тастап кете алмаса, берiлген мерзiм iшiндегi уақыт 
есептелмейдi. 
     
                               10-бап 
             Құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығындар 
     
     1. Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап өз аумағында құқықтық көмек 
көрсету кезiнде пайда болған шығындарды көтередi. 
     2. Куәнiң, жәбiрленушiнiң немесе сарапшының жол шығындарын, болуы 
кезiндегi шығындарын, алынбаған еңбекақысы үшiн ақшалай өтемдi оларды 
шақырған Уағдаласушы Тарап көтередi. 
     
                               11-бап 
                     Құқықтық ақпаратпен алмасу 
     
     Уағдаласушы Тараптар осы Шартта көрсетiлген орталық органдар арқылы 
Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң өтiнiшi бойынша iшкi заңдар және оларды 
қолдану практикасы туралы ақпаратпен алмасады. 
     
                               12-бап 
                                Тiлi 
     
     Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың мемлекеттiк тiлiнде дайындалған, 
осы Шарттың орындалуына байланысты екiншi Уағдаласушы Тарапқа ұсынылатын 
құжаттар орыс тiлiне аударылуы керек. 
     
                               13-бап 
                Құқықтық көмек көрсетуден бас тарту 
     
     Егер сұрау салушы Уағдаласушы Тарап құқықтық көмек көрсету оның 
егемендiгiне, қауiпсiздiгiне, қоғамдық тәртiбiне зиян келтiредi немесе оның
ұлттық заңдарына қайшы келедi деп есептесе, ол сұрау салушы Уағдаласушы 
Тарапқа бас тартудың себептерiн хабарлай отырып, құқылық көмек ұсынудан 
бас тарта алады. 
     
                              II ТАРАУ 
              Азаматтық iстер жөнiндегi құқықтық көмек 
     
                               14-бап 
                     Сот шығындарынан босату 
     


      1. Бiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары, сондай-ақ оның аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар сот шығындарынан босатылады және сол Уағдаласушы Тараптың азаматтары секiлдi тең шарттар мен сондай көлемде ақысыз адвокаттық қорғауға құқылы.
      2. Сот шығындарынан босату күштеп орындатуға және басқа да

процессуалдық iс-әрекеттерiнiң барлығына қатысты. 
     
                               15-бап 
           Құқықтық қабiлеттiлiк және әрекет қабiлеттiлiгi 
     
     1. Жеке адамның әрекет қабiлеттiлiгi ол азаматы болып табылатын 
Уағдаласушы Тараптың заңдарымен айқындалады. 
     2. Азаматтығы жоқ адамның әрекет қабiлеттілiгі оның аумағында тұрақты 
мекен-жайы бар Уағдаласушы Тараптың заңдарымен айқындалады. 
     3. Заңды тұлғаның құқықтық қабiлеттiлiгi өзi оның заңдары бойынша 
бекiтiлген Уағдаласушы Тараптардың заңнамаларымен анықталады. 
     
                               16-бап 
            Адамдарды хабар-ошарсыз кеттi деп тану немесе 
        қайтыс болды деп хабарлау. Қайтыс болу дерегiн анықтау 
     


      1. Адамды хабар-ошарсыз кеттi деп немесе қайтыс болды деп хабарлауды тану туралы iстер жөнiнде және қайтыс болу дерегiн анықтау туралы iстер бойынша ол соңғы мәлiметтер бойынша тiрi кезiнде азаматы болған Уағдаласушы Тараптың мекемелерi құзыреттi, ал басқа адамдарға қатысты - олардың соңғы тұрған жерiндегi құзырлы мекемелер құзыреттi.
      2. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының құзырлы мекемелерi екiншi Уағдаласушы Тараптың азаматын және оның аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдарды хабар-ошарсыз кеттi деп немесе қайтыс болды деп тани алады, сондай-ақ құқықтары мен мүдделерi осы Уағдаласушы Тараптың заңына негізделген оның аумағында тұратын мүдделi адамдардың құзаухаты бойынша оның қайтыс болғандығы дерегiн анықтай алады.
      3. Хабар-ошарсыз кеттi деп тану туралы немесе қайтыс болды деп хабарлау туралы және қайтыс болғандығы дерегiн анықтау туралы iстердi қарау кезiнде Уағдаласушы Тараптардың құзырлы мекемелерi өз мемлекетiнiң заңдарын қолданады.

                                17-бап
             Некеге отыру, некенi бұзу, некенiң жарамсыздығы

      1. Некеге отырудың шарттары болашақ ерлi-зайыптылардың әрбiрi үшiн - ол азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен, ал азаматтығы жоқ адамдар үшiн - аумағында олардың тұрақты мекен-жайлары бар Уағдаласушы Тараптың заңдарымен айқындалады. Мұнан басқа да некеге отыру кедергiлерiне қатысты аумағында некеге отырғызылу жүргiзiлетiн Уағдаласушы Тарап заңдарының талаптары сақталуы керек.
      2. Некенi бұзу туралы iстер бойынша арыз берiлген сәттен бастап ерлi-зайыптылар азаматтары болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
      3. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi - бiр Уағдаласушы Тараптың, ал екiншiсi - басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болса, онда құзырлы мекемесi некенi бұзу туралы iстi қарайтын Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
      4. Некенi жарамсыз деп тану туралы iстер бойынша некеге отыру кезiнде осы баптың 1-тармағына сәйкес қолданылған Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.

                                18-бап
            Ерлi-зайыптылардың мүлiктiк және жеке қатынастары

      1. Ерлi-зайыптылардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары аумағында олардың ортақ тұрағы бар Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша айқындалады.
      2. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi - Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң аумағында, ал екiншiсi - басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында тұрса және бұл жағдайда ерлi-зайыптылардың екеуiнде де бiр Уағдаласушы Тараптың азаматтығы болса, олардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары өздерi азаматтары болып табылатын сол Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша айқындалады.
      3. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi - Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң, екiншiсi - басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылса және олардың бiреуi Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң аумағында, ал екiншiсi - басқасының аумағында тұрса, онда олардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары аумағында олардың соңғы ортақ тұрағы болған Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша айқындалады.
      4. Егер осы баптың 3-тармағында көрсетiлген адамдардың Уағдаласушы Тараптар аумағында ортақ тұрағы болмаса, құзырлы мекемесi талапты бiрiншi болып қабылдаған Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
      5. Ерлi-зайыптылардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары туралы және некенi жарамсыз деп тану туралы iстер бойынша заңдары осы баптың 1-4 тармақтарына сәйкес қолданылуға жататын Уағдаласушы Тараптың мекемелерi құзырлы.

                                19-бап
                   Ата-аналар нен балалар арасындағы
                          құқықтық қатынастар

      1. Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар аумағында балалары тұрақты тұратын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен айқындалады.
      2. Кәмелетке толған балалардан алименттер төлету туралы iстер бойынша аумағында алимент алуға талапкер адамның тұратын мекен-жайы бар Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
      3. Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар туралы iстер бойынша заңдары осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес қолданылуға жататын Уағдаласушы Тараптың мекемесi құзырлы.

                                20-бап
                      Қамқоршылық және қорғаншылық

      1. Қамқоршылықты немесе қорғаншылықты белгiлеу немесе жою оған қатысты қамқоршылық немесе қорғаншылық белгіленетiн немесе жойылатын адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша жүргiзiледi.
      2. Қамқоршы немесе қорғаншы және қамқоршылықтағы немесе қорғаншылықтағы адам арасындағы құқықтық қатынастар оның мекемесi қамқоршыны немесе қорғаншыны тағайындаған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен реттеледi.
      3. Қамқоршылықты немесе қорғаншылықты қабылдау мiндетi оның мекемесi қамқоршылықты немесе қорғаншылықты тағайындаған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi.
      4. Бiр Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын адамның қамқоршысы немесе қорғаншысы болып, егер ол қамқоршылық немесе қорғаншылық жүзеге асырылатын Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын болса, басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы тағайындалуы мүмкiн.
      5. Қамқоршылықты немесе қорғаншылықты белгiлеу немесе жою туралы iстер бойынша, егер осы Шартпен өзгеше белгiленбесе, оған қатысты қамқоршылық немесе қорғаншылық белгiленетiн немесе жойылатын адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың мекемелерi құзырлы.

                                21-бап
                           Мұрагерлiк құқық

      1. Мүлiк мұрагерлiгiне құқық осы баптың 2-тармағында көзделгеннен басқа жағдайда аумағында мұра қалдырушының соңғы тұрақты мекен-жайы болған Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша айқындалады.
      2. Жылжымайтын мүлiкке мұрагерлiк құқығы аумағында осы мүлiк орналасқан Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша айқындалады.
      3. Егер Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша мұрагерлiк мүлiк мирас ретiнде (заң бойынша мемлекет мирасқор болатын) мемлекет меншiгiне ауысатын болса, онда жылжымалы мұрагерлiк мүлiк мұра қалдырушының қайтыс болар сәтiнде азаматы болған Уағдаласушы Тарапқа ауысады, ал жылжымайтын мұрагерлiк мүлiк аумағында орналасқан Уағдаласушы Тарапқа ауысады.

                                22-бап
                                 Өсиет

      1. Өсиеттiң жасалуына және оны бұзуға адамның қабiлеттiлiгi, сондай-ақ өсиеттiң түрi мен оны жою актiсi мұра қалдырушының акт жасау сәтiнде тұрақты мекен-жайы болған Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша айқындалады.
      2. Жасалған өсиеттер немесе олардың жойылуы, сондай-ақ егер аумағында олар жасалған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен көзделген нысаны сақталған болса, жарамды болып табылады.

                                23-бап
                  Шешiмдердi мойындау және орындау

      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап осы Шартқа сәйкес өз аумағында екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында шығарылған және заңды күшiне енген азаматтық iстер жөнiндегi сот шешiмдерiн және қылмыстық iстердегi зиянды өтеу туралы талапқа қатысты бөлiмдегi үкiмдердi мойындайды және орындайды.
      2. Осы Шарттың мәтiнiнде қолданылатын "сот шешiмдерi" терминi мынаны бiлдiредi:
      - соттың (судьяның) шешiмдерi, соның iшiнде азаматтық және төрелiк

(шаруашылық) iстер бойынша бiтiм келiсiмi, сондай-ақ қылмыстық iс бойынша 
зиянды өтеу жөнiндегi үкiм. 
     
                               24-бап 
                 Сот шешiмдерiн мойындау шарттары 
     
     Осы Шарттың 23-бабында аталып өткен сот шешiмдерi мына шарттар 
бойынша мойындалады және орындалады: 
     1. Егер шешiмнiң заңды күшi болса және ол аумағында шығарылған 
Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша орындалуға жатады. 
     2. Егер дәл сол іс бойынша заңды күшi бар шешiм Уағдаласушы 
Тараптардың бiреуiнiң аумағында шығарылса, ал оның мойындалуы және 
орындалуы талап етiлетiн екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында шешiм 
шығарылмаған болса. 
     
                               25-бап 
              Сот шешiмдерiн орындау туралы құзаухат 
     


      1. Сот шешiмдерiн орындау туралы құзаухатты аумағында шешiм орындалуға тиiстi Уағдаласушы Тараптың құзырлы сотына немесе осы шешiмдi шығарған сотқа тiкелей беруге болады, мұндай жағдайда өтiнiш осы Шарттың 2-бабында көзделген тәртiпте екiншi Уағдаласушы Тараптың құзырлы сотына жолданады.
      2. Сот шешiмiн мойындау және орындау туралы құзаухат мынадай құжаттармен бiрге жолдануға тиiс:
      1) сот куәландырған сот шешiмiнiң көшiрмесi; егер көшiрмеде шешiмнiң

күшiне енгенi және оны орындауға болатыны нақты көрсетiлмесе, бұл туралы 
сот шешiмiнiң заңды күшiне енгендiгi туралы сот құжатының бiр данасы да 
қоса берiлуге тиiс; 
     2) шешiмнiң сұрау салушы Уағдаласушы Тарап аумағында орындалған 
бөлiгi туралы соттың құжаты; 
     3) процеске қатыспаған Тарапқа, ал оның әрекет қабiлеттiлiгi жоқ 
болған жағдайда - оның тиiстi өкiлiн заңмен белгiленген тәртiпте сотқа 
шақыру туралы хабарлама қағаз берiлгендiгiн куәландыратын құжат. 
     
                               26-бап 
                    Шешiмдердi күштеп орындату 
     
     Аумағында шешiмдердi күштеп орындату жүргiзiлiп жатқан Уағдаласушы 
Тараптың соты оның орындалуы үшiн өз мемлекетiнiң заңдарын қолданады. 
     
                               27-бап 
                   Шешiмдердi күштеп орындатуға 
                       байланысты шығындар 
     
     Шешiмдердi күштеп орындатуға байланысты шығындарға қатысты оның 
аумағында сот шешiмдер орындалуға тиiстi Уағдаласушы Тараптың заңдары 
қолданылады. 
     
                               28-бап 
           Заттарды шетке шығару және ақша сомаларын аудару 
     
     Осы Шарттың шешiмдердi күштеп орындату туралы ережелерi Уағдаласушы 
Тараптардың ақша сомаларын аудару немесе сот шешiмдердi орындау негiзiнде 
сатып алынған заттарды шетке шығару туралы заңдарына қатысты емес. 
                              III ТАРАУ 
              Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек 
     
                               29-бап 
                         Ұстап беру мiндетi 
     


      1. Уағдаласушы Тараптар өтiнiш бойынша, оларды қылмыстық жауапқа тарту немесе үкiмдi орындау үшiн олардың аумағында жүрген адамдарды осы Шартта көрсетiлген шарттарға сәйкес бiр-бірiне ұстап беруге мiндеттенедi.
      2. Қылмыстық жауапқа тарту үшiн ұстап беру Уағдаласушы Тараптардың

заңдарына сәйкес қылмыстық iс болып табылатын iс-әрекеттерi үшiн және 
жасаған қылмысы үшiн тек бiр жылдан кем емес мерзiмге бас бостандығынан 
айыру түрiндегi немесе одан да ауыр басқа жаза тағайындалуы көзделген 
қылмыстар үшiн жүргiзiледi. 
     3. Жазаны орындау үшiн ұстап беру бiр жылдан артық мерзiмге бас 
бостандығынан айыру түрiндегi немесе одан да ауыр жаза берiлгендiгi туралы 
үкiм шығарылған, осы баптың 2-тармағында көзделген қылмыстар үшiн ғана 
жүзеге асырылады. 
     
                               30-бап 
                      Ұстап беруден бас тарту 
     
     1. Егер: 
     1) сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың ұстап берудi сұраған адамы сұрау 
салынған Уағдаласушы Тараптың азаматы болса; 


      2) ұстап беру туралы өтiнiш алған сәтке сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңына сәйкес қылмыстық қудалауды қозғамау мүмкiн болса, немесе талап мерзiмi аяқталуына байланысты яки өзгеше заң негiзi бойынша үкiмдi орындамау мүмкiн болса;
      3) сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың ұстап беру туралы сұраған

адамына қатысты сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың аумағында тап сол 
қылмыс үшiн үкiм немесе іс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы заңды 
күшiне енген қаулы шығарылса, ұстап беру жүргiзiлмейдi. 
     2. Ұстап беруден бас тартушы Уағдаласушы Тарап бас тартуын негiздей 
отырып, сұрау салушы Уағдаласушы Тарапты ұстап бермейтiні туралы хабардар 
етуi керек. 
     
                               31-бап 
                      Ұстап беру туралы өтiнiш 
     
     1. Ұстап беру туралы өтiнiш (және оған қоса берiлген құжаттар) 
12-баптың ережелерiне сәйкес жасалады және онда: 
     а) сұрау салынған мекеменiң атауы; 


      б) iс-әрекеттiң нақты жағдайларын сипаттауы және сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың негiзiнде осы iс-әрекет қылмыс деп танылатын заңының мәтiнi;
      в) ұсталып берiлуге тиiстi адамның тегi, аты, әкесiнiң аты, оның азаматтығы, тұратын немесе келген жерi, мүмкiндiгінше, оның сыртқы сипаты, суретi, саусақ таңбалары және жеке басы туралы басқа да мәлiметтер;
      г) қылмыспен келтiрiлген залал көлемi көрсетiлуi керек.
      2. Қылмыстық қудалау үшiн ұстап беру туралы өтiнiшке құзырлы мекеменiң елтаңбалы мөрiмен куәландырылған тұтқынға алу қорытындысы туралы қаулының көшiрмесi қоса берiлуi керек.
      3. Yкiмдi орындау үшiн ұстап беру туралы өтiнiшке құзырлы мекеменiң елтаңбалы мөрiмен куәландырылған, оның заңды күшiне енуi туралы белгiсi бар үкiм көшiрмесi және оның негiзiнде адам айыпталған қылмыстық заң ережесiнiң мәтiнi қоса берiлуi керек.
      4. Егер ұстап беру туралы өтiнiш барлық қажеттi мәлiметтердi қамтымаса, онда сұрау салынған Уағдаласушы Тарап қосымша мағлұматтарды талап ете алады және бiр жарым айға дейiн мерзiм белгiлейдi. Бұл мерзiм дәлелдi себептер бойынша сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың құзаухаты арқылы тағы да бiр айға ұзартылуы мүмкiн.
      5. Егер сұрау салушы Уағдаласушы Тарап белгiленген мерзiмде қосымша мағлұматтар ұсынбаса, онда сұрау салынған Уағдаласушы Тарап тұтқынға алынған адамды босатуы тиiс.

                                32-бап
         Ұстап берiлуi талап етiлген адамды ұстап беру мүмкiн емес
                   жағдайлардан басқа оны тұтқынға алу

      1. Осы Шартқа сәйкес Уағдаласушы Тараптар ұстап беру туралы өтiнiштi алғаннан кейiн мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде ұстап берiлуi талап етiлген адамды ұстап беру мүмкiн емес жағдайларды қоспағанда, оны тұтқындауға және ұстап беруге қажеттi шаралар қолданады.
      2. Ұстап беру талап етiлетiн адам ұстап беру туралы өтiнiш алынғанға дейiн-ақ құзаухат бойынша тұтқынға алынуы мүмкiн. Құзаухатта тұтқынға алу туралы қаулыға немесе заңды күшiне енген үкiмге сiлтеме және ұстап беру туралы өтiнiштiң қосымша ұсынылатыны көрсетiлуi керек. Тұтқынға алу туралы құзаухат ұстап беру туралы өтiнiш алынғанша почта, телеграф, телекс немесе телефакс бойынша берiлуi мүмкiн.
      Ұстап беру туралы өтiнiш алынғанша ұсталуы немесе тұтқынға алынуы

туралы екiншi Уағдаласушы Тарапқа тез арада хабарлануы керек. 
     
                               33-бап 
                         Ұстап беру тәртiбi 
     
     Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа 
ұстап беру орны мен уақыты туралы хабарлайды. 
     Уағдаласушы Тараптар әрбiр жеке жағдайда ұстап берумен байланысты 
күзетпен жеткiзудi (конвой) шарттарын келiсiп шешедi. 
     Егер сұрау салушы Уағдаласушы Тарап ұстап берiлуге тиiс адамды 
белгiленген күннен кейiнгi 30 күн iшiнде қабылдамаса, онда ол босатылуы 
мүмкiн. 
     
                               34-бап 
          Ұстап берiлген адамды қылмыстық қудалаудың шектерi 
     


      1. Ұстап берiлген адам сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартылмайды немесе ұстап беруге дейiн жасалған өзге қылмысы үшiн жазаға тартылмайды, ол сондай-ақ үшiншi бiр мемлекетке де ұсталып берілмейдi.
      2. Мына жағдайларда келiсiм талап етiлмейдi:
      1) егер ұстап берiлген адам iс бойынша iстердi жүргiзу аяқталған немесе жазаны өтеген немесе жазадан босатылған күннен бастап бiр ай iшiнде сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағынан өз кiнәсi бойынша кетпесе;
      2) егер ұстап берiлген адам сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағынан кетсе, бiрақ одан соң өз еркiмен онда қайта оралса.

                                35-бап
                    Ұстап берудi кейiнге қалдыру

      Егер ұстап беру талап етiлетiн адам қылмыстық жауапқа тартылса немесе сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағында басқа қылмысы үшiн сотталса, оны ұстап беру мерзiмi қылмыстық қудалау тоқтатылғанша, үкiмдi орындағанша немесе жазадан босатылғанша ұзартылады.

                                36-бап

                          Уақытша ұстап беру 
     
     1. Егер осы Шарттың 35-бабымен көзделген ұстап берудi кейiнге 
қалдыру қылмыстық қудалаудың талап мерзiмiнiң өтуiне әкеп соқтырса немесе 
қылмысты iздестiруге залал келтiрсе, ұстап беру талап етiлетiн адам 
уақытша ұстап берiледi. 
     2. Уақытша ұстап берiлген адам олар үшiн берiлген іс-әрекеттердi 
жүргiзгеннен кейiн адамды берген күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей 
қайтарылуы керек. 
                               37-бап 
                            Заттарды беру 
     


      Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы қылмыскердi ұстап берумен қатар, екiншi Уағдаласушы Тарапқа оның өтiнiшi бойынша қылмыс жасау кезiнде қолданылған немесе қылмыстық жолмен алынған бұйымдарды және басқа да заттай айғақтарды өз елiнiң заңдарына сәйкес беруге мiндеттенедi.
      Бұл бұйымдарды және басқа да заттай айғақтарды iс бойынша iс жүргiзу

анықталғаннан кейiн екiншi Уағдаласушы Тарапқа қайтарып беру қажет. 
     
                               38-бап 
                         Транзиттi алып өту 
     
     1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi бiр Уағдаласушы Тараптың 
өтiнiшi бойынша екiншi Уағдаласушы Тарапқа үшiншi бiр мемлекет ұстап 
берген адамдарды өзiнiң аумағы арқылы алып өтуге рұқсат етедi. 
     2. Алып өтуге рұқсат ету туралы өтiнiш ұстап беру туралы өтiнiш 
ресiмделетiн және жiберiлетiн тәртiпте ресiмделедi және жiберiледi. 
     3. Уағдаласушы Тараптардың құзырлы мекемелерi әрбiр жеке жағдайда 
транзиттi алып өтудiң тәсiлiн, маршрутын және өзге де шарттарын келiсiп 
шешедi. 
     
                               39-бап 
          Ұстап беруге байланысты және алып өту үшiн жұмсалатын 
                              шығындар 
     
     Ұстап беруге байланысты және алып өту үшiн жұмсалатын шығындарды олар 
аумағында пайда болған Уағдаласушы Тарап, ал транзиттi алып өтуге 
байланысты шығындарды - сұрау салушы Уағдаласушы Тарап көтередi. 
     
                               40-бап 
                  Қылмыстық сот iстерiн жүргiзудiң 
                     нәтижелерi туралы хабарлау 
     


      Уағдаласушы Тараптар оларға ұстап берiлген адамға қарсы қылмыстық сот iстерiн жүргiзудiң нәтижелерi туралы бiр-бiрiне хабарлайды.
      Егер бұл адамға қатысты үкiм шығарылған болса, онда ол күшiне енгеннен соң оның көшiрмесi жiберiледi.

                                41-бап
               Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру мiндетi

      1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы өтiнiш бойынша екiншi Уағдаласушы Тараптың аумағында қылмыс жасады деп күмән туғызған өз азаматтарына қарсы өздерiнiң заңдарына сәйкес қылмыстық қудалауды жүзеге асыруға мiндеттеме алады.
      2. Айыпкерлердiң кiнәсiнен туған зиянның орнын толтыру жөнiндегi

ұсынылған талаптар аталған қылмыстық iспен бiр уақытта қаралады. 
     3. Уағдаласушы Тарап екiншi Уағдаласушы Тарапқа қылмыстық қудалаудың 
нәтижелерi туралы хабарлайды және өтiнiш бойынша оған заңды күшiне енген 
үкiмнiң көшiрмесiн жiбередi. 
     
                               42-бап 
             Қылмыстық қудалауды қозғау туралы өтiнiш 
     
     1. Қылмыстық қудалауды қозғау туралы өтiнiште мынадай реквизиттер 
болуға тиiс: 
     1) қылмыс жасаған адамның жеке басы туралы мәлiметтер; 
     2) оның тұратын жерi және мекенi; 
     3) қылмыстық құрам және заңдардың тиiстi баптары; 
     4) тергеу үшiн айғақтық материалдар, ал қажет болған жағдайда - 
дәлелдердiң жазбаша көшiрмелерi; 
     5) қылмыскердiң сыртқы сипаттамасы және егер бар болса, фотосуретi. 
     2. Қылмыстық қудалауды қозғау туралы тапсырма сұрау салушы органның 
мөрiмен және оның бастығының қолымен куәландырылуға тиiс. 
     
                               43-бап 
         Ұстап беру және қылмыстық қудалау мәселелерi жөнiндегi 
                          қатынастар тәртiбi 
     
     Ұстап беру мен қылмыстық қудалау мәселелерi жөнiндегi қатынастарды, 
сондай-ақ қылмыстық iстер бойынша тапсырмаларды орындауды Уағдаласушы 
Тараптардың Бас және Жоғарғы прокуратуралары жүзеге асырады. 
     
                              IV ТАРАУ 
                         Қорытынды ережелер 
     
                               44-бап 
                  Ведомстволық байланыстар орнату 
     
     Осы Шартта аталған Уағдаласушы Тараптардың орталық органдары осы 
Шарттың негiзiнде және оны дамыту үшiн ведомстволық келiсiмдер жасасу 
жолымен өз құзыретi шектерiнде өзара тiкелей байланыстар орнатады. 
                               45-бап 
                           Дауларды шешу 
     
     Уағдаласушы Тараптар осы Шартты түсiндiру және орындау кезiнде 
туындайтын барлық дауларды дипломатиялық арналар арқылы және тиiстi 
орталық органдар арасындағы консультациялар жолымен шешедi. 
     
                               46-бап 
                   Шартты өзгерту және толықтыру 
     
     Осы Шартқа өзгертулер мен толықтырулар Уағдаласушы Тараптар 
арасындағы өзара келiсiм бойынша енгiзiледi және әрбiр Уағдаласушы 
Тараптың ұлттық заңдарына сәйкес заңдық процедуралар орындалған соң күшiне 
енедi. 
     
                               47-бап 
                        Шарттың күшіне енуі 
     
     Осы Шарт бекiтуге жатады және бекiту грамоталарымен алмасқаннан кейiн 
30 күн өткен соң күшiне енедi. 
     
                               48-бап 
                     Шарттың қолданылу мерзiмi 
     
     Бұл Шарт мерзiмсiз және кез келген Уағдаласушы Тарап дипломатиялық 
арналар арқылы оның қолданылуын тоқтату туралы жазбаша хабарлама 
жiбергеннен кейiн алты ай өткен соң өзiнiң қолданылуын тоқтатады. 
     
     1997 жылғы 7 сәуiрде Пхеньян қаласында екi данада, әрқайсысы қазақ, 
корей және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiндердiң де күшi 
бiрдей. 
     Осы Шарттың мәтiнiн түсiндiруде келiспеушiлiк туған жағдайда орыс 
тiлiндегi мәтiн негiзге алынады. 
     
                                                                (Қолдары) 
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Багарова Ж.А.