Бағалы металдар мен асыл тастарға байланысты қатынастарды реттеу мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 9 шiлдедегi N 276-I

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақ КСР Мемлекеттiк сынамалы қадағалау туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақ КСР Жоғары Кеңесi Төралқасының 1991 жылғы 8 қазандағы N 887-XII қаулысы (Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 39-41, 498-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттiк банкiсiнiң Мемлекеттiк қоймасындағы қымбат металдар мен асыл тастарды бөлу және пайдалану тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1992 жылғы 13 сәуiрдегi қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 8, 200-құжат);
      3) "Қазақстан Республикасында бағалы металдар, асыл тастар мен олардан жасалатын бұйымдар өндiруге, өңдеуге және сатуға байланысты қызметтi реттеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1992 жылғы 7 мамырдағы қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 8, 213-құжат);
      4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бағалы металдар мен асыл

тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеу туралы" 1995 жылғы
20 шiлдедегi N 2372 Заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасы
Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 14, 90-құжат; Қазақстан
Республикасының Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 262-құжат).

     Қазақстан Республикасының
         Президентi
     
     
     
     оқығандар:
     
     Багарова Ж.
     Икебаева А.