Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 Заңы.

Жаңартылған

      МАЗМҰНЫ

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "жылжымайтын мүлік орталықтарының", "жылжымайтын мүлік орталығының", "жылжымайтын мүлік орталықтары", "жылжымайтын мүлік орталығына", "жылжымайтын мүлік орталығын", "Жылжымайтын мүлік орталықтары" деген сөздер тиісінше "жылжымайтын мүлік орталықтарының және олардың филиалдарының", "жылжымайтын мүлік орталығының және оның филиалының", "жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары", "жылжымайтын мүлік орталығына және олардың филиалына", "жылжымайтын мүлік орталығын және оның филиалын", "Жылжымайтын мүлік орталықтары және олардың филиалдары" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Осы Заң жылжымалы мүлiкке заңды құқықтары бар жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын жүзеге асыру және қорғау мақсатында осындай мүлiк кепiлiн тiркеу ережелерiн белгiлейдi.

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      1-1) жылжымалы мүлiк – көлiк құралдарын, айналымдағы тауарларды, бағалы қағаздарды, ақшаны, мүлiктiк құқықтарды, оның iшiнде болашақтағы өнiмге және өзге де мүлiкке құқықты қоса алғанда, жылжымайтын мүлiкке жатпайтын мүлік;

      2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу – жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде туындайтын қатынастарға қатысушылардың кепіл туралы шарттағы немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттағы мәлiметтердi жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне енгiзу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беру, кепіл шартына өзгерістер, толықтырулар енгізу, сондай-ақ тіркелген кепілді тоқтату жөнiндегі iс-қимылдарының жиынтығын және тiркеушi органдардың және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерінде белгiленген тәртiппен жасалатын өзге де iс-қимылдарын бiлдiретiн, тiркеушi органның және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының жылжымалы мүлiк кепiлiн есепке алу рәсiмi;

      3) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдары (тiркеушi органдар) – мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы мүліктің жекелеген түрлерін және осы мүліктің кепілдерін тіркеуге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілермен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар;

      4) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк – тiркеушi орган және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өтiнiш иесiне беретiн және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу фактiсiн растайтын құжат;

      4-1) жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі – жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратқа қол жеткізудің, жылжымалы мүлік кепілін тіркеуге электрондық нысанда өтініш жіберудің және тіркеуші органдардың және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен жасалатын өзге де әрекеттерінің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      5) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi (кепiл тiзiлiмi) – тiркеушi органдар және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жүзеге асыратын ақпаратты есепке алу және сақтау жүйесi;

      5-1) кепілді электрондық тіркеу – жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш негізінде жүзеге асырылатын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу;

      6) өтiнiш берушi – тiркеушi органға және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш беретiн адам; кепiл мiндеттемесi тараптарының келiсуi бойынша кепiл берушi де, кепiл ұстаушы да өтiнiш берушi бола алады;

      7) тiркелген кепiл - осы Заңда белгiленген тәртiппен тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлi;

      8) уәкілетті орган – жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыратын уәкілетті орган;

      9) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
      Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 50-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-бап. Қазақстан Республикасының жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы заңдары

      Қазақстан Республикасының жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

3-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде пайда болатын қатынастарға қатысушылар

      1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кезiнде пайда болатын қатынастарға қатысушылар:

      1) кепiл берушi, кепiл ұстаушы;

      2) тiркеушi органдар;

      2-1) Мемлекеттік корпорация;

      3) үшiншi тұлғалар.

      2. Тiркеушi органдардың қызметiне жалпы басшылықты және бақылауды – тиісті мемлекеттiк органдар, ал жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiмен кепiлдi тiркеудi жүзеге асыратын заңды тұлғалардың қызметiне жалпы басшылықты және бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасымен уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк орган жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-1-бап. Уәкілетті органның құзыреті

      Уәкілетті орган:

      1) құзыреті шегінде Мемлекеттік корпорацияның қызметін тексеруді жүзеге асырады;

      2) жылжымалы мүлік кепілін тіркеу саласында ақпараттық жүйелерді қолдауға қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      3) жылжымалы мүлік кепілі саласында ақпараттық жүйелер мен дерекқорларға қол жеткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      4) Мемлекеттік корпорацияның жылжымалы мүлік кепілінің статистикалық және өзге де есептік ақпаратын ұсыну қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      5) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Ескерту. 1-тарау 3-1-баппен толықтырылды - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

4-бап. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу

      1. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi заңдарға сәйкес осы мүлiктi тiркеудi жүзеге асыруға уәкiлеттiк берiлген орган жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тәртiбiн уәкілетті орган белгiлейдi.

      3. Кепiлдерi мiндеттi түрде тiркелуге жататын мүлiк түрлерi, меншiк құқығы мен басқа да құқықтар, сондай-ақ оны тiркеудi жүзеге асыратын органдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.

      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

5-бап. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінан жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Мемлекеттік корпорация жүзеге асырады.

      1-1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі:

      1) кепіл туралы шарт немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шарт тараптарының бірінің талап етуі бойынша;

      2) егер кепіл туралы шартта немесе кепіл туралы шарт қамтылған өзге де шартта кепілдегі мүлікті кейіннен кепілге салуға (қайталама кепілге) тыйым салынған болса, тіркелуге тиіс.

      2. Мiндеттi тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу жеке және заңды тұлғалардың өтініш жасау жері бойынша жүзеге асырылады.

      3. Мемлекеттік корпорация міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын тіркелген жылжымалы мүлік кепілінің тізілімін жүргізуге міндетті.

      4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, сондай-ақ Заңда берiлген өкiлеттiк шегiнде жылжымалы мүлiк кепiлiнiң жекелеген түрлерiн тiркеуге уәкiлеттi мемлекеттiк органдар жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудi жүргiзу ережелерi мен рәсiмдерiн белгiлейтiн ведомстволық актiлер шығаруға құқылы.

      5. Мемлекеттік корпорация өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен және уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті орган белгілейді.

      Ескерту. 5-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 № 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Жылжымалы мүлiктiң жекелеген түрлерiнiң кепiлiн тiркеудiң ерекшелiктерi

      1. Эмиссиялық бағалы қағаздар кепiлiн тiркеу, оның ішінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы тіркеу бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелердi тiркеу туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылған бағалы қағаздар кепiлiн тiркеуге осы Заңның 8-бабының ережелерi қолданылады.

      1-1. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлiн тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.

      2. Қоғам үшiн елеулi тарихи (оның iшiнде археологиялық), көркемдiк немесе өзге де мәдени құндылығы бар мүлiк кепiлiн тiркеу заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатады.

      4. Ипотекалық облигацияларды қамтамасыз ету болып табылатын мүлiк кепiлiн тiркеудi тiркеушi орган алғашқы өтiнiш жасаған кезде бiр рет қана жүргiзедi. Бұл ретте, тiркеушi орган кепiл тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03 № 427, 2004.12.13 № 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

7-бап. Жеке кәсiпкерлердiң, жеке және заңды тұлғалардың жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу құқықтары

      Жылжымалы мүлiктiң кепiлi кезiнде жеке кәсiпкер, жеке немесе заңды тұлға кепiлдi кепiл берушi ретiнде де, кепiл ұстаушысы ретiнде де тiркей алады.

8-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң құқықтық маңызы

      1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу кепiл берушiнiң аталған мүлкiне үмiткер кепiл ұстаушылардың талаптарына қатысты кепiл ұстаушының талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгiн (күнiн) Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң және басқа да заң актiлерiнiң ережелерiне сәйкес белгiлейдi.

      Әрбiр алдыңғы тiркелген кепiл ұстаушы барлық өзiнен кейiн тiркелген кепiл ұстаушылардың алдында, сондай-ақ осы мүлiктiң тiркелмеген барлық кепiл ұстаушыларының алдында мiндеттеменiң орындалуын қамтамасыз ету кезiнде басымдыққа ие болады.

      2. Мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жататын жылжымалы мүлiк кепiлi құқығы, егер кепiл туралы шартта (кепiл талаптары бар өзге шартта) немесе заң актiлерiнде неғұрлым кеш мерзiм көзделмесе, аталған мүлiктi тiркеудi жүзеге асыратын органда жылжымалы мүлiк кепiлi тiркелген сәттен бастап пайда болады.

2-тарау. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тәртiбi

9-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы өтiнiш

      1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу үшiн өтiнiш беруші не оның өкiлi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiштiң толтырылған бланкiсiн бередi немесе өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жібереді.

      2. Өтініште:

      1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;

      2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған жағдайда), тұрғылықты жерi (жеке тұлға үшiн);

      3) кепiл туралы шарттың немесе кепiл туралы талаптар қамтылған өзге шарттың жасалған күнi мен орны;

      4) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;

      5) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;

      6) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң қолданылу мерзiмi;

      7) өтiнiш берушiнiң немесе оның өкiлiнiң қолтаңбасы және заңды тұлға үшiн мөрi (ол болған кезде);

      8) кепiлге салынған мүлiк қай тарапта екенi туралы нұсқау, оны пайдалануға болатыны және қайталама кепiл туралы мәліметтер;

      9) өтініш берушінің электрондық почта мекенжайы (бар болған жағдайда) қамтылуы тиіс.

      Өтінішті жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық түрде жіберген жағдайда "электронды үкіметтің" төлем шлюзі арқылы төлеуді қоспағанда, өтiнiшке жылжымалы мүлiк кепiлiн мемлекеттiк тiркеу үшiн алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат қоса берiлуге тиiс.

      Өтінішті тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берген кезде өтініш беруші – жеке басын куәландыратын құжатты, ал тұлғаның өкілі өзінің өкілеттіліктерін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға міндетті.

      3. Өтінішті тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берген кезде және өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жіберген кезде, мәміле тараптары қол қойған өтініш кепіл шарты туралы мәліметтер, сондай-ақ осы баптың 2-тармағына сәйкес мәліметтер көрсетіле отырып, кепіл туралы шарт немесе кепіл шарты қамтылатын өзге де құжат ұсынылмастан, хабарлама нысанында беріледі.

      3-1. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      4. Осы Заңда көзделгеннен басқа қандай да бір өзге құжаттар мен мәлiметтерді талап етуге жол берiлмейдi.

      5. Өтініште қамтылған мәліметтерді тексеруді және жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш келіп түскен кезден бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-1-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алым

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009 жылғы 1 қаңтардаң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Жылжымалы мүлiк кепiлiн, тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын және тоқтатылуын мемлекеттiк тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде айқындалған тәртiппен алым алынады.

      Ескерту. 2-тарау 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2004.12.13 № 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.12.30 № 234-IV (2009 жылғы 1 қаңтардаң бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-2-бап. Ақпараттық көрсетілетін қызметтер және өтiнiш берушiнiң кiнәсiнан жіберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзету үшiн төлемақы

      Ақпараттық көрсетілетін қызметтерді ұсынғаны үшiн, сондай-ақ өтiнiш берушiнiң кiнәсiнан жіберілген тiркеу құжаттарындағы қателердi түзеткенi үшiн тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемақы алады.

      Ескерту. 2-тарау 9-2-баппен толықтырылды - ҚР 2004.12.13 № 11 (күшіне ену тәртібін 2-баптан қараңыз), жаңа редакцияда көзделген - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

9-3-бап. Тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тәртібі

      Ескерту. 9-3-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Толтырылған өтініш бланкісі тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға берілген жағдайда, өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініштің негізінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне кепіл туралы мәліметтерді енгізеді, оның нәтижелері бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауап беріледі.

      2. Жүргізілген тіркеу туралы ақпарат екінші деңгейдегі банктің және тіркеуші органның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.

      Ескерту. 2-тарау 9-3-баппен толықтырылды - ҚР 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

9-4-бап. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу тәртібі

      Ескерту. 9-4-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеуге жіберілген жағдайда, жылжымалы мүлік кепілін тіркегені үшін алымның төленгенін немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растама жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініштің негізінде жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне кепіл туралы мәліметтерді енгізеді, оның нәтижелері бойынша тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы куәлік не туралы тіркеуден бас тарту уәжді жауап электрондық нысанда беріледі.

      2. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтінішті алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде кепіл ұстаушының ақпараттық жүйесіне және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған жылжымалы мүлік кепілін электрондық құжат нысанында тіркеу туралы куәлікті не электрондық құжат нысанында тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауапты жібереді.

      3. Жүргізілген электрондық тіркеу туралы ақпарат кепіл ұстаушының, тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйелерінде сақталады және құжаттамалық растауды талап етпейді.

      Ескерту. 2-тарау 9-4-баппен толықтырылды - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10-бап. Тiркеушi органның, Мемлекеттік корпорацияның және кепіл ұстаушылардың мiндеттерi

      Ескерту. 10-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қажеттi құжаттарды алған кезден бастап тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация:

      1) өтiнiш берушiге табыс етiлген құжаттарды алғандығын растайтын, күнi, уақыты (сағаты, минуты) көрсетiлген қолхат беруге;

      2) жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне (оның iшiнде деректердiң компьютерлiк базасына) кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштегi деректердi енгiзуге;

      3) өтiнiш берген адамға жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк беруге;

      4) қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәліметтерді хабарлауға міндетті.

      2. Осы Заңның 6, 9-3 және 9-4-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күні iшiнде жүргiзiлуге тиiс.

      2-1. Жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы келіп түскен өтініш негізінде жылжымалы мүлік кепілін электрондық тіркеу жылжымалы мүлік кепілін тіркегені үшін алымның төленгені немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растама жылжымайтын мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміне келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.

      3. Тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізіліміндегі кепіл туралы мәліметтердің өтініштегі толтырылу толықтығын тексередi.

      4. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация, үшінші тұлғаларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабында көрсетілген, жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастардың барлық қатысушыларына тиісті қолжетімділік болған кезде жазбаша нысанда немесе жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысанда жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етуге міндетті. Үшінші тұлғалар жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімінен ақпаратты кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы осындай сұрау салуды растаған жағдайда алуы мүмкін.

      Бұл ретте жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпаратта жылжымалы мүлік кепілі туралы және кепіл туралы шарттың тараптары немесе кепіл шарттарын қамтитын өзге де құжаттар туралы мынадай деректер:

      1) кепіл беруші мен кепіл ұстаушы туралы деректер, олардың деректемелері, оның ішінде мекенжайлары, банктік деректемелері, телефон нөмірлері, сондай-ақ электрондық мекенжайы (бар болған кезде);

      2) негізінде кепiлдiк құқық қатынастары туындағын құжат туралы мәлiметтер;

      3) кепiл туралы шарттың немесе кепiл талаптары қамтылған өзге де құжаттың жасалған күнi мен орны;

      4) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және (немесе) жалпы сипаттамасы;

      5) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi қамтылуға тиіс.

      5. Егер кепіл міндеттемесі тараптарының келісімі бойынша жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығару бойынша өтініш иесі кепіл ұстаушы болып табылса, онда соңғысы кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені кепіл беруші орындағаннан кейін жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығаруға арналған өтінішті тіркеуші органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға міндеттеме орындалғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Өтініш жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы жіберілуі мүмкін.

      6. Тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация кепіл ұстаушы өтініш берген күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде кепілді тіркеуден шығаруды жүргізеді және жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы кепіл ұстаушыға және кепіл берушіге тіркеуші органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат түрінде жылжымалы мүлік кепілін тіркеуден шығарғаны туралы хабарлама не электрондық құжат түрінде тіркеуден бас тарту туралы уәжді жауап жібереді.

      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден бас тарту

      1. Тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация:

      1) кепілді тіркеу туралы өтінішті толтыру толық болмаған;

      2) егер кепiлдi тiркеу туралы өтiнiш осы Заңның 9-бабының талаптарына сәйкес келмеген;

      3) егер кепiлдi тiркеу туралы өтiнiштi тиiстi тұлға жасамаған;

      4) егер жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжат болмаған жағдайларда, кепiлдi тiркеуден бас тартады.

      2. Осы Заңның 9-3 және 9-4-баптарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тiркеуден бас тартылған жағдайда тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтініш қабылданған кезден бастап екі жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғанына сiлтеме жасай отырып, өтiнiш берушіге жазбаша уәжді бас тартуды жібереді.

      3. Мүдделi тұлға жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуден бас тартуға не тiркеуден жалтаруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

      4. Алып тасталды.

      Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.13 № 11, 2006.12.11 № 201 (2007.01.01 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмi

      1. Тiркелген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне жылжымалы мүлiк кепiлi және кепiл туралы шарттың тараптары туралы мынадай деректер кiредi:

      1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу күнi, уақыты (сағаты мен минуты);

      2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушы туралы деректер, олардың мекен-жайлары (деректемелерi);

      3) құжаттардың тiркеу нөмiрлерi;

      4) негiзiнде кепiлдiк құқық қатынастары пайда болған құжат туралы мәлiметтер;

      5) кепiл туралы шарт немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күнi мен орны;

      6) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;

      7) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;

      8) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң орындалу мерзiмi.

      2. Жылжымалы мүлiк кепiлi тiзбесiне осы кепiл туралы өзге де мәлiметтер енгiзiлуi мүмкiн.

      3. Ипотекалық облигациялар бойынша қамтамасыз ету болып табылатын кепiлдi тiркеу кезiнде кепiл тiзiлiмiне кепiл берушi мен аталған облигацияларды ұстаушылардың өкiлi туралы деректер енгiзiледi. Кепiл ұстаушылар туралы деректер бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімінде көрсетiледi.

      Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2003.06.03 № 427; 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы куәлiк

      1. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу оны тiркеу жөнiндегi куәлiкпен куәландырылады, онда мыналар болады:

      1) тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның атауы;

      2) кепiл берушi мен кепiл ұстаушының атауы, орналасқан жерi (заңды тұлға үшiн) немесе тегi, аты, әкесiнiң аты, тұрғылықты жерi (жеке адам үшiн);

      3) кепiл туралы шартты немесе кепiл талаптары бар өзге де шарттың жасалған күнi мен орны және оның нөмiрi;

      4) кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменiң ақшалай баламасы;

      5) кепiл нысанасы болып табылатын мүлiктiң тiзбесi және сипаттамасы немесе кепіл туралы шартта тараптардың келісімімен көзделген кепілмен қамтамасыз етудің нақты сипаттамасы талап етілместен, кепіл нысанасының жалпы сипаттамасы;

      6) тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркеу нөмiрi;

      7) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу күнi.

      2. Кепілді тiркеу туралы куәлiкке уәкiлетті лауазымды адам қол қояды және ол тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.

      3. Кепiл берушiнiң немесе кепiл ұстаушының өтiнiшi бойынша тіркеуші орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өздері берген куәліктерге қатысты өтініш келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жылжымалы мүлiк кепiлiн тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына оның телнұсқасын беруді жүргізеді.

      4. Тiркеу туралы куәлiк Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптары бұзылған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жарамсыз деп танылуы мүмкiн.

      Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.03.2016 № 479-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеудiң күшiнде болу мерзiмi

      1. Жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiркелуi кепiл тоқтатылғанға дейiн қолданылады.

      2. Кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған кепiл берушi жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiндегi кепiл туралы жазбаны жоюды талап етуге құқылы. Кепiл берушiнiң талабы бойынша кепiл ұстаушы тіркеуші органға немесе Мемлекеттік корпорацияға жазбаша өтiнiш пен кепiл берушiнiң кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттемелердi орындағанын растайтын қажеттi құжаттарды ұсынуға мiндеттi. Кепiл ұстаушы осы мiндеттердi орындамаған немесе уақтылы орындамаған жағдайда, кепiл берушi өзiне келтiрiлген залалдың өтелуiн талап етуге құқылы.

      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

15-бап. Тiркеу кезiнде жiберiлген қателердi түзеу

      1. Тiркеу кезiнде жiберiлген техникалық қателердi түзеу жылжымалы мүлiк кепiлi тiзiлiмiне, сондай-ақ кепiлдi тiркеу туралы куәлiкке қосымша жазба енгiзу арқылы мүдделi тараптың өтiнiшi бойынша жасалады.

      2. Алынып тасталды.

      Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.13 № 11 Заңымен.

16-бап. Өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу және тiркелген кепiлдiң тоқтатылу тәртiбi

      Өтiнiш берушi тiркеушi органға және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беру немесе жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы электрондық нысандағы өтініш жіберу арқылы тiркелген кепiлдiң өзгерiстер мен толықтыруларын (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуын, талап ету құқығын басқаға беруді) және қолданысын тоқтатуды тiркейдi.

      Өзгерiстер мен толықтыруларды тiркеу тәртiбi заңдармен белгiленедi.

      Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

17-бап. Тiркелген кепiлге өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiш

      1. Жылжымалы мүлiктiң тiркелген кепiлiне өзгерiстердi, толықтыруларды тiркеу туралы және оны тоқтату туралы өтiнiште бастапқы тiркелген кепiлге сiлтеме, кепiл туралы шартқа жасалған өзгерiстер мен толықтырулардың сипаттамасы (меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру және т.б.), тiркелген кепiлдi тоқтатудың негiздерi болуға тиiс.

      1-1. Кепіл беруші тіркелген кепілді тоқтату туралы өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы берген кезде кепілдің тоқтатылуын тіркеу кепіл берушінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындағанын растайтын кепіл ұстаушының өтініші негізінде жүзеге асырылады. Бұл ретте кепіл ұстаушы тіркелген кепілді тоқтату туралы өтінішті кепіл беруші берген кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей, осы өтінішті жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі арқылы жіберуге міндетті.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген мәліметтерге қоса, өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді тіркеу туралы өтініште:

      1) кепіл талаптарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартқа не кепіл бойынша құқықтарды (талаптарды) басқаға беру туралы шартқа (оның ішінде активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шартқа) қол қойылған күн;

      2) активтер мен міндеттемелерді бір мезгілде беру туралы шарттың негізінде өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу жағдайларын қоспағанда, тіркеуші орган немесе Мемлекеттік корпорация берген жылжымалы мүлік кепілінің тіркеу нөмірі;

      3) енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың сипаттамасы;

      4) кепіл беруші мен кепіл ұстаушының (олардың өкілдерінің) қолтаңбасы, ал кепіл шарттары бойынша құқықтар (талаптар) басқаға берілген кезде – жаңа кепіл ұстаушының ғана қолтаңбасы, сондай-ақ құқықтарын (талаптарын) басқаға берген кепіл ұстаушы қол қойған келісім қамтылуға тиіс.

      3. Өтініште осы баптың 2-тармағына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

      Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 27.04.2015 № 311-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

18-бап. Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы деректердiң ашықтығы

      1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу туралы мәлiметтер барлық заңды және жеке тұлғалар үшiн ашық болып табылады.

      Ақпарат беру "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген нормалар сақтала отырып жүзеге асырылады.

      2. Осы Заңның 3-бабында көрсетілген жылжымалы мүлік кепілін тіркеу кезінде туындайтын қатынастарға кез келген қатысушының өтiнiшi бойынша тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация осы Заңның 10-бабының 4-тармағын ескере отырып, жылжымалы мүлiк кепiлiнің бірыңғай тiзiлiмiнен үзінді көшiрме нысанында ақпарат беруге мiндеттi, ол:

      1) кепiл туралы мәлiметтер үзінді көшiрме берiлген күннiң алдындағы жұмыс күнiнiң соңында берiлгенiне нұсқауды қамтуға;

      2) тiркеушi органның уәкілетті лауазымды адамының қолы қойылуға және тiркеушi органның және (немесе) Мемлекеттік корпорацияның мөрiмен куәландырылуға тиiс.

      3. Белгiлi бiр жылжымалы мүлiкке қатысты кепiл туралы қандай да бiр жазбалар болмаған жағдайда көшiрмеде осыған тиiстi сiлтеме болуға тиiс.

      4. Алып тасталды.

      5. Алып тасталды.

      Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.13 № 11, 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.04.2019 № 241-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

19-бап. Сот шешiмi негiзiнде кепiлдiң тiркелуiн тоқтату

      Мүдделi тұлғаның кепiлдi немесе оның тiркелуiн жарамсыз деп тану туралы сот шешiмiнiң негiзiнде кепiлдiң тiркелуiнің күшін жою туралы тiркеушi органға немесе Мемлекеттік корпорацияға өтiнiш беруге құқығы бар.

      Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда - ҚР 17.11.2015 № 408-V Заңымен (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

3-тарау. Дауларды шешу және тiркеу тәртiбiнiң бұзылуы үшiн жауапкершiлiк

20-бап. Дауларды шешу тәртiбi

      Жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеуге және оны тiркеу туралы ақпаратты беруге байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шешіледi.

      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

21-бап. Тiркеу тәртiбiн бұзғаны және тiркеу туралы ақпарат бергенi үшiн жауапкершiлiк

      1. Тiркеушi орган немесе Мемлекеттік корпорация:

      1) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу ережелерiн сақтамағаны;

      2) жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу және тiзiлiмге енгiзу үшiн өзiне берiлген жылжымалы мүлiк кепiлiн ақпараттың дәл болмауы, олардың толық енгiзiлмегенi және ақпараттың бұрмаланғаны;

      3) мүдделi тұлғалардың сұратуы бойынша жылжымалы мүлiк кепiлi тiзiлiмiнен көшiрме беруден бас тартқаны;

      4) тiркеу үшiн берiлген құжаттар мен ақпаратты, сондай-ақ жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiне енгiзiлген ақпаратты сақтау тәртiбiн бұзғаны;

      5) коммерциялық құпия болып табылатын ақпаратты жария еткенi;

      6) жылжымалы мүлiк кепiлiн және кеменiң немесе жасалып жатқан кеменiң ипотекасын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алынатын алымның толықтығы үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

      2. Тiркеу, ақпарат беру тәртiбiн бұзу, ақпараттың мазмұнын бұрмалау арқылы келтiрiлген залалдарды тiркеушi орган және (немесе) Мемлекеттік корпорация өтеуге тиiс. Мәлiметтердi қасақана бұрмалау және заң бойынша беруге болатын және берiлуге тиiс ақпаратты жасыруға ықпал жасайтын өзге де әрекеттер заңда белгiленген тәртiппен қудаланады.

      Ескерту. 21-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.13 № 11, 2006.12.11 № 201 (01.01.2007 бастап қолданысқа енгiзiледi), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 17.11.2015 № 408-V (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-тарау. Қорытынды және өтпелi ережелер

22-бап. Заңның күшiне енгiзiлуi

      Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енгiзiледi және ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн туындаған құқық қатынастарына осы Заңның 23-бабының ережелерi ескерiле отырып қолданылады.

23-бап. Өтпелi ережелер

      1. Осы Заң күшiне енгiзiлгеннен кейiн 60 күн iшiнде мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлiнiң белгiлi бiр мәнi жөнiндегi басымдыққа оны тiркеу кезiнде осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн кепiл туралы шарт жасасқан кепiл ұстаушылар ғана ие болады.

      Мұндай кепiлдердi тiркеу осы Заңның ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

      2. Осы бапқа сәйкес тiркелген кепiлдердiң басымдығы кепiл туралы шарт жасалған күнмен айқындалады.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi