Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық ұлан туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы N 234 Заңы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық ұлан туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы N 2671 Заң күшi бар Жарлығына  (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 22, 139-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 12, 184, 190-құжаттар) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      5-баптың 1-тармағындағы "Республикалық ұлан Қолбасшысының Басқармасынан" деген сөздер алып тасталсын;
      IV тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "IV тарау. Республикалық ұланның қолбасшылығы";

      12-баптың 2-тармағының 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5) Республикалық ұлан құрамаларының, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң және қамтамасыз ету органдарының штаттарын бекiтедi;";
      13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Республикалық ұланның қолбасшылығы

      1. Республикалық ұланның Қолбасшылығын Республикалық ұланның Қолбасшысы басқарады. Қолбасшылық құрамына Республикалық ұлан Қолбасшысының бiрiншi орынбасары және орынбасары кiредi.
      Республикалық ұлан Қолбасшысының бiрiншi орынбасарын және орынбасарын Республикалық ұлан Қолбасшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      2. Республикалық ұлан қолбасшылығы:
      1) Республикалық ұланды ұдайы әскери әзiрлiкте ұстау жөнiндегi iс-шараларды талдап жасау және оның орындалуын ұйымдастыру;
      2) Республикалық ұланның өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы кезiнде қалыптасқан ахуал туралы мағлұматтар жинау мен талдау;
      3) Республикалық ұландағы жедел және жауынгерлiк даярлыққа, оқу-тәрбие процесiне басшылық жасау;
      4) Республикалық ұланның қызметтiк-жауынгерлiк iсiн қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      5) әлеуметтiк-құқықтық жұмыс iс-шараларының орындалуын қамтамасыз ету;
      6) кадрларды iрiктеу, орналастыру мен тәрбиелеудi жүзеге асыру;
      7) адам құрамын есепке алу мен бақылауды ұйымдастыру;
      8) материалдық құралдар қозғалысының есебiн жүргiзу және оларды заңда белгiленген тәртiппен есептен шығару жөнiндегi жұмысқа басшылық жасау мiндеттерiн атқаруға тиiс.".

      Қазақстан Республикасының
      Президентi