Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жол қоры туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 8 маусымдағы N 231

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жол қоры туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2701 U952701_ Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 151-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

     1-бапта:
     3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
     "3. Жол қорының қаражаты республикалық, облыстық жол қорларына
және Алматы қаласының жол қорына есептеледi.";
     4-тармақтағы "облыстық жол қорларының қаражатын пайдалану
тәртiбiн - облыс әкiмдерi" деген сөздер "облыстық жол қорлары мен
Алматы қаласы жол қорының қаражатын пайдалану тәртiбiн облыстардың және
Алматы қаласының әкiмдерi" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2-бапта:
     төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
     "бензиннен және дизель отынынан алынатын алым;";
     мынадай мазмұндағы алтыншы және жетiншi бөлiктермен
толықтырылсын:
     "мыналарды қамтитын басқа да түсiмдер:


      сервис және жарнама объектiлерiн автомобиль жолдарының бұрылыс жиегiне орналастыру үшiн төленетiн ақы; рұқсат етiлген салмақ пен көлемнен асатын ауыр салмақты және iрi көлемдi көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүрiп өткенi үшiн төленетiн ақы; Қазақстан Республикасы аумағынан шетелдiк жүк тасымалдаушылардың жүктер тасымалдағаны үшiн төленетiн ақы; автомобиль жолдары мен жол құрылыстарын пайдалану ережелерiн бұзғаны үшiн жол шаруашылығына келтiрiлген залалды өтеу есебiне өндiрiп алынған қаражат. Басқа түсiмдер құрамына енгiзiлген ақы Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген ставкалар бойынша өндiрiп алынады.";
      3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Заңды тұлғалар Жол қорына автомобиль жолдарын пайдаланушылардың қаржысын ай сайын аударып отыратын төлеушiлер болып табылады.
      2.Төлемдердi есептеу негiзi жылдық жиынтық табыс болып табылады.
      3. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударатын қаржысы қызмет түрiне қарамастан заңды тұлғалардың жылдық жиынтық табысының (мемлекеттiк бағалы қағаздардан алынатын кiрiстi қоспағанда) 0,1 процент ставкасы бойынша төленуге тиiс.
      4. Осы баптың мақсаты үшiн "жиынтық жылдық табыс" терминi салық заңдарында белгiленген ұғымда қолданылады.
      5. Автомобиль жолдарын пайдаланушылар аударатын қаржы төлеуден мынадай заңды тұлғалар босатылады:
      Қазақстан Республикасының мүгедектер ерiктi қоғамы, Қазақ зағиптар қоғамы, Қазақ мылқаулар қоғамы, Ақыл-ойы мен дене дамуында кемiстiгi бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және еңбекпен оңалту орталығы, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты ай және Қызыл Крест қоғамы, сондай-ақ осы қоғамдардың меншiгi болып табылатын және толығымен олардың қаражаты есебiнен құрылған өндiрiстiк ұйымдар, Ауғанстандағы соғыс ардагерлерiнiң Қазақ Республикалық ұйымы (өндiрiстiк ұйымдарсыз), сауда-делдалдық қызметтен, акциздеуге жататын тауарларды өндiру мен сатудан алынған табыстардан басқалары, асырауында балалары бар мүгедек әйелдердiң "Бибi-Ана" Республикалық қоғамы;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi;
      коммерциялық емес ұйымдар - кәсiпкерлiк қызметтi қоспағанда, жарғылық қызметтен;
      тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн халықаралық ұйымдар;
      қызметкерлерiнiң жалпы санының кемiнде 50 процентiн мүгедектер құрайтын, тауарлар өндiрумен (жұмыс орындаумен, қызмет көрсетумен) айналысатын өндiрiстiк ұйымдар.";
      5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-бап. Бензиннен және дизель отынынан алынатын алым
      1. Бензиннен және дизель отынынан алынатын алымды төлеушiлер:
      Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген бензин мен дизель отынын оларды өндiрушiлерден сатып алуды жүзеге асыратын;
      бензин мен дизель отынын Қазақстан Республикасының аумағында өндiру үшiн алыс-берiс шикiзатын беретiн;
      бензин мен дизель отынын Қазақстан Республикасының аумағында

импорттайтын заңды және жеке тұлғалар болып табылады.
     2. Бензин мен дизель отынынан алынатын алымдарды:
     оларды сатып алушыларға босатқан кезде - өндiрушi;
     оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелген кезде кеден
қызметiнiң органдары ұстап қалады.
     3. Бензин мен дизель отыны алыс-берiс шикiзатынан өндiрiлген
кезде алым олардың берiлу сәтiнде ұсталады.
     4. Бензин мен дизель отынынан алынатын алым теңгемен төленедi.
     5. Алым ставкалары 1999 жылғы 1 қаңтардан бастап тиiстi жылға
арналған республикалық бюджет туралы Заңмен белгiленедi.
     6. Республикада өндiрiлетiн және Республикаға әкелiнетiн бензин
мен дизель отынынан алынатын алымның 1998 жылға арналған ставкаларын,
оларды есептеудiң және Жол қорына төлеудiң тәртiбi мен шарттарын
Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.";
     7-бапта:
     баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
     "7-бап. Жол қорының қаражатын бөлу";
     1-тармақта:
     "65" деген сан "50" деген санмен ауыстырылсын;


      "бөлшек саудада бензин мен дизель отынын сатқаны үшiн алымның 50 процентi" деген сөздер "бензин мен дизель отынынан алынатын алымның 100 процентi. Бензин мен дизель отынынан алынатын алымның 30 процентi республикалық Жол қорынан облыстық жол қорлары мен Алматы қаласының жол қорына мiндеттi түрде аударылуға тиiс." деген сөздермен ауыстырылсын.
      2-тармақта:
      "35" деген сан "50" деген санмен ауыстырылсын;
      "бөлшек саудада бензин мен дизель отынын сатқаны үшiн алымның 50 процентi" деген сөздер алып тасталсын.
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн төленетiн ақы мен осы Жарлықтың 2-бабында аталған басқа да түсiмдер автомобиль жолдарының маңыздылығына қарай республикалық немесе облыстық жол қорларына есептеледi.";
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Республикалық және облыстық жол қорларының қаражаттары Қазынашылық органдарының ағымдағы шоттарында жинақталады";
      мынадай мазмұндағы жаңа 6-тармақпен толықтырылсын:
      "Алматы қаласының жол қорына бензин мен дизель отынынан алынатын алымдарды қоспағанда, Алматы қаласында заңда белгiленген тәртiппен тiркелген төлеушiлерден республикалық Жол қорына түсетiн төлемдердiң 50 процентi есептеледi.";
      6-тармақ 7-тармақ болып есептелсiн;
      8-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Жол қорына бензин мен дизель отынынан алынатын алымдардың ұсталуы, толықтығы және уақтылы аударылуы үшiн жауапкершiлiк өндiрушiлерге жүктеледi.";
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жол қорына мерзiмiнде төленбеген төлемдердiң сомалары, соның iшiнде ағымдағы төлемдер төлеушiлерден әрбiр өткiзiлiп алынған күн үшiн (төлеу күнiн қоса) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi сол сомаларды төлейтiн күнге белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасының 1,2 еселенген мөлшерiнде өсiм есептеле отырып өндiрiлiп алынады.";
      3-тармақта:
      бiрiншi бөлiк мынадай сөздермен толықтырылсын: "сондай-ақ Жол қорына қаражат енгiзiлуiн бақылауды жүзеге асыратын органдарға Жол қорына төленетiн төлемдерге байланысты мәселелер бойынша заңды тұлғалардың шоттарындағы ақша қаражатының қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтама беруге мiндеттi.";

     екiншi бөлiктегi "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң" деген
сөздер алып тасталсын;
     4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Үкiметi өкiлеттiк берген
органдар" деген сөздер "салық қызметi органдары" деген сөздермен
ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi
     
     
     
     
     оқығандар:
     
     Багарова Ж.
     Икебаева А.