Алматыда 1997 жылғы 2 маусымда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жөнiндегi құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы шарт бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы
арасындағы азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер
жөнiндегi құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы
ШАРТ
(ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 1999 ж., N 5, 94-құжат);
(1998 жылғы 29 қарашада күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,
Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 72 бет)
(Шарт 1998 жылғы 29 қарашада күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
бюллетені, 2004 ж., N 3, 15-құжат)
Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы,
халықаралық құқықтық көпшiлiкке танылған, қалыптарды басшылыққа ала отырып,
уағдаласушы екi Тарап азаматтарының жеке және мүлiктiк құқықтарының тең құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге ұмтылуға сүйене отырып,
азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жөнiндегi құқықтық ынтымақтастықты дамытуға зор маңыз бере отырып,
төмендегiлер туралы уағдаласты:
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бөлiм. Құқықтық қорғау
1-бап
Құқықтық қорғауды ұсыну
1. Уағдаласушы бiр Тараптың азаматтары, сондай-ақ оның аймағында тұрақты тұратын басқа да адамдар басқа уағдаласушы Тараптың аумағында өздерiнiң жеке және мүлiктiк құқықтарына қатысты аталған Уағдаласушы Тарап азаматтары пайдаланатын құқықтық қорғауды пайдаланады.
2. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары, сондай-ақ оның аумағында тұратын басқа да адамдар басқа Уағдаласушы Тараптың соттарына, прокуратурасына, iшкi iстер және құзыретiне азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер жататын /бұдан әрi "әдiлет мекемелерi" деп аталатын/ өзге мекемелерiне кедергiсiз бара алады, онда аталған Уағдаласушы Тарап азаматтарына қолданылатын шарттарда сөз сөйлей, құзаухаттар қозғай, талаптар ұсына және басқа да iс жүргiзу әрекеттерiн жүзеге асырыла алады.
3. Осы Шарт ережелерi осыған сәйкес Уағдаласушы Тараптар аумақтарында олардың заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғаларға, сондай-ақ iс жүргiзу құқық қабiлетi бар басқа ұйымдарға қолданылады.
2-бап
Баждарды төлеуден босату және
шығындардың орнын толтыру
1. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары, оның аумағында тұрақты тұратын өзге адамдар басқа Уағдаласушы Тарап аумағында сот және нотариалдық баждар мен шығындар төлеуден және олардың орнын толтырудан босатылады, сондай-ақ аталған Уағдаласушы Тарап азаматтарына ұсынылатын шарттар мен көлемде ақысыз заңгерлiк көмектi пайдаланады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жеңiлдiктер шешiмнiң орындалуын қосқанда нақты iс бойынша жүзеге асырылатын барлық iс жүргiзу әрекеттерiне қолданылады.
3-бап
Жеке, отбасылық және мүлiктiк жағдай туралы
құжаттар ұсыну
1. Осы шарттың 2-бабында көзделген жеңiлдiктер туралы құжаттарды қозғаған адамның жеке, отбасы және мүлiктiк жағдайы туралы құжаттар негiзiнде ұсынылады. Бұл құжаттарды аумағында аталған адамның тұратын жерi немесе орналасқан жерi бар Уағдаласушы Тараптың құзыреттi мекемелерi бередi.
2. Егер құзаухат қозғаған адамның Уағдаласушы Тарап аумағында тұратын жерi немесе орналасқан жерi болмаса, онда осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттарды ол азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың тиiстi дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекемесi бере алады.
3. Жеңiлдiктер ұсыну туралы шешiм шығаратын әдiлет басқармасы қажет болған жағдайда құжаттарды берген мекемеден қосымша мағлұматтар немесе түсiнiктемелер талап ете алады.
II бөлiм. Құқықтық көмек
4-бап
Құқықтық көмек көрсету
1. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi осы Шарттың ережелерiне сәйкес азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша өзара құқықтық көмек көрсетедi.
2. Әдiлет мекемелерi осы баптың 4-тармағында аталған iстер бойынша басқа мекемелерге де құқықтық көмек көрсетедi.
3. Басқа мекемелер осы баптың 1-тармағында аталған iстер бойынша әдiлет мекемелерi арқылы құқықтық көмек туралы өтiнiштер жолдайды.
5-бап
Құқықтық көмек көлемi
Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарында көзделген iс жүргiзу және басқа әрекеттердi орындау жолымен бiр-бiрiне құқықтық көмек көрсетедi, оның iшiнде:
а/ банк, қаржылық, заң және iскерлiк құжаттарды қосқанда құжаттарды құру және жолдау, тиiстi құжаттар мен материалдардың түпнұсқаларын немесе куәландырылған көшiрмелерiн ұсыну;
б/ заттар мен құжаттарды тiнту, тауып алу және алуды, мүлiкке тыйым салу, заттай айғақтарды жiберу және беру;
в/ қарау және куәландыру жүргiзу;
г/ сарап жүргiзу;
д/ тараптардан, жәбiрленушiлерден, айыпталушылардан, куәлардан, сарапшылардан жауап алу;
е/ құқық бұзушылық жасауда айыпталған адамдарды, сондай-ақ хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздеу құқық бұзушылық жасауда айыпталушы адамдарды, сондай-ақ үкiмдi орындауға келтiру үшiн адамдарды ұстап беру;
е/ қылмыстық қудалауды ұсыну;
ж/ сот құжаттарын ұсыну;
з/ азаматтық және отбасылық iстер бойынша сот шешiмдерiн, азаматтық талап бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдердi атқару жазаларын мойындау және орындау;
и/ құжаттар ұсыну жолымен.
6-бап
Қатынастар тәртiбi
Егер осы Шартта қатынас жасаудың өзге тәртiбi белгiленбесе, құқықтық көмек көрсету кезiнде Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi бiр-бiрiмен өздерiнiң орталық органдары арқылы қатынасады.
7-бап
Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiш мазмұны
1. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiште мыналар болуға тиiс:
а/ сұрау салушы әдiлет мекемесiнiң атауы және сұрау салынған әдiлет мекемесiнiң атауы;
б/ құқықтық көмек сұралып отырған iстiң атауы, өтiнiш мақсатын баяндау және сұралып отырған көмектi сипаттау;
в/ тараптардың, куәлардың аты-жөнi, олардың тұратын жерi немесе орналасқан жерi, заңды тұлғалар үшiн олардың атауы және орналасқан жерi;
г/ "в" тармақшасында аталған адамдардың өкiлдерi болған жағдайда олардың аты-жөнi және мекен-жайлары;
д/ орындалуы талап етiлiп отырған нақты процедураны қолдану себептерi және егжей-тегжейлi сипаттамасы;
е/ қылмыстық iстер бойынша, сондай құқық бұзушылықты құрайтын деректердi суреттеу, тиiстi заңдарды баяндау немесе олардың мәтiнi, сондай-ақ егер ол әрекет нәтижесiнде келтiрiлген болса, материалдық залал мөлшерi туралы мағлұматтар;
ж/ қажет болған жағдайда өтiнiш орындалуға тиiс мерзiмдi көрсету.
2. При необходимости к просьбе прилагаются надлежащим образом заверенные копии документов или выписки из них, облегчающие выполнение просьбы, либо необходимые для процессуальных действий, санкционируемых прокурорами.
(7-баптың 2-тармағының қазақша аудармасы жоқ)
3. Құжаттарды беру туралы өтiнiшке, сондай-ақ алушының нақты мекен-жайы және құжаттар атауы көрсетiлу керек.
4. Өтiнiште тиiстi лауазымды адам қол қоюы керек және сұрау салушы әдiлет мекемесiнiң елтаңбалы мөрiмен бекiтiлуi керек.
8-бап
Орындау тәртiбi
1. Құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi орындау кезiнде сұрау салынған әдiлет мекемесi өз мемлекетiнiң заңдарын қолданады. Өтiнiш берген әдiлет мекемесiнiң өтiнiшi бойынша ол сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың iс жүргiзу қалыптарын да, егер олар сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарына қайшы келмесе, қолдана алады.
2. Егер сұрау салынған әдiлет мекемесi құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi орындауға құзыреттi болмаса, ол өтiнiштi құзыреттi мекемеге жолдайды және бұл туралы сұрау салған әдiлет мекемесiне хабарлайды.
3. Егер бұған сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдары жол берсе, сұрау салған әдiлет мекемесi оның және мүдделi тараптардың өтiнiштiң орындалу уақыты мен орны туралы оған және мүдделi тараптарға хабарлайды.
4. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi құқықтық көмек туралы өтiнiштердiң өз уақытында және толық орындалуы үшiн тиiстi шаралар қабылдайды. Өтiнiш орындалған соң әдiлет мекемесi қажет болған жағдайда құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiшке қоса берiлген құжаттарды сұрау салған әдiлет мекемесiне қайтарады.
5. Осы Шарттың 19-бабына сәйкес құқықтық көмек көрсетiле алмайтын жағдайда сұрау салынған әдiлет мекемесi сұрау салушы мекемеге құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi және қоса берiлген құжаттарды қайтарады.
9-бап
Куәларды, азаматтық талапкерлердi, азаматтық
жауапкерлердi, олардың өкiлдерiн,
сарапшыларды шақырту
1. Алдын ала тергеуге немесе бiр Уағдаласушы Тараптың аумағындағы сотта iс қарауға қатысу қажеттiгi жағдайында басқа Уағдаласушы Тараптың аумағындағы куәлар, жәбiрленушiлер, азаматтық жауапкерлер, олардың өкiлдерi, сарапшылар шақырылады.
2. Сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi берген шақыру бойынша сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiне келген куә, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкiлдерi, сондай-ақ сарапшы өздерiнiң азаматтығына қарамастан, аталған Уағдаласушы Тарап аумағында оның мемлекеттiк шекарасынан өткенге дейiн жасалған қандай да бiр қылмысқа байланысты қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмайды, қамауға алынбайды немесе жазаланбайды. Бұл адамдар тергеу мәнi болып табылатын iс бойынша олардың берген көрсетулерi немесе сарапшы ретiнде берген қорытындыларына байланысты қылмыстық немесе әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылмайды. Қамауға алынбайды немесе жазаланбайды.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдар, егер олардан жауап алушы әдiлет мекемесi олардың қатысуы одан әрi қажет емес деп хабарлаған күннен бастап екi жетi өткен соң олар бұл үшiн мүмкiндiгi бола тұра сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағынан кетпесе, осы тармақта көзделген кепiлдiктерiнен айырылады. Бұл мерзiмге бұл адамдардың басқалардың кiнәсiнен сұрау салушы Уағдаласушы Тарап аумағынан кете алмаған уақыты қосылмайды.
4. Уағдаласушы Тараптың куәсiне, сарапшысына, сондай-ақ жәбiрленушi мен оның заңды өкiлiне жұмыстан қол үзген күндер үшiн төленбеген еңбекақыны қосқанда жол жүруге және сұрау салушы мемлекет аумағында болуға байланысты шығындардың орны толтырылады. Сарапшының, сондай-ақ сарап жүргiзгенi үшiн ақы алуға құқығы бар. Шақыруда шақырылған адамдардың қандай төлемдер алуға құқылы екендігi де көрсетiлуге тиiс. Бұндай адамдардың өтiнiшi бойынша сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi тиiстi шығындардың орнын толтыруға аванс төлейдi.
5. Бiр Уағдаласушы Тарап аумағында тұратын жәбiрленушiнi, азаматтық талапкердi және азаматтық жауапкердi, куәнi немесе сарапшыны басқа Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемесiне шақыруда келмеген жағдайда күштеу шараларын қолдану қаупi болмауға тиiс.
10-бап
Құжаттарды беру тәртiбi
1. Егер берiлiп отырған құжаттар осы мемлекеттiң тiлiнде жасалған болса және тиiстi түрде куәландырылған аудармасы болса, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi құжаттарды берудi өтiнiшке және аталған Уағдаласушы Тарап аумағында қолданылатын ережелерге сәйкес жүзеге асырады. Олай болмаса, егер ол оларды қабылдауға ерiктi түрде келiссе, құжаттарды алушыға бередi.
2. Тапсыруға арналған құжаттардың аудармасының дұрыстығын растауды өтiнiш беретiн әдiлет мекемесi, не Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң дипломатиялық немесе консулдық өкiлi жүргiзедi.
3. Егер құжаттар өтiнiште көрсетiлген мекен-жай бойынша берiле алмайтын болса, сұрау салынған әдiлет мекемесi өз мемлекетiнiң заңдарына сәйкес мекен-жайды анықтау үшiн қажеттi шаралар қабылдайды. Мекен-жайды анықтау мүмкiн болмаған жағдайда сұрау салынған әдiлет мекемесi бұл жөнiнде сұрау салушы әдiлет мекемесiне хабарлайды және берiлуге тиiс құжаттарды оған қайтарады.
11-бап
Құжаттардың берiлуiн растау
Құжаттардың берiлуiн растау сұрау салынған Уағдаласушы Тарап аумағында қолданылатын ережелерге сәйкес ресiмделедi. Растауда беру әдiсi, орны және уақыты, сондай-ақ құжаттар берiлген адам көрсетiлуге тиiс. Құжаттардың берiлгендiгiн растау сұрау салушы әдiлет мекемесiне жолданады.
12-бап
Дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық
мекемелердiң өкiлеттiктерi
Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң дипломатиялық өкiлдiктерi немесе консулдық мекемелерi арқылы құжаттар беруге және басқа Уағдаласушы Тарап аумағында орналасқан өз азаматтарынан жауап алуға құқылы. Бұл жағдайда күштеу сипатындағы шаралар немесе оларды қолдану қаупi қолданыла алмайды.
13-бап
Құжаттардың жарамдылығы
1. Уағдаласушы бiр Тараптың аумағында мекеме немесе осыған арнайы өкiлеттенген адам олардың құзыреттерi шегiнде және белгiленген нысанда дайындаған немесе куәландырған және елтаңбалық мөрмен бекiткен құжаттар басқа Уағдаласушы Тарап аумағында қандай да бiр арнайы куәландырусыз қабылданады.
2. Уағдаласушы Тараптың бiрiнiң аумағында ресми құжаттар ретiнде қаралатын құжаттар басқа Уағдаласушы Тарап аумағында ресми құжаттың дәлелдi күшiн пайдаланады.
14-бап
Азаматтық хал туралы құжаттарды
және басқа құжаттарды жолдау
1. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi өтiнiш бойынша бiр-бiрiне тiкелей аудармасыз және ақысыз азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы куәлiктердi, бiлiмi, еңбек стажы туралы куәлiктердi және өз мемлекеттерi азаматтарының және Уағдаласушы Тараптар аумағында тұрақты тұратын адамдардың жеке немесе мүлiктiк құқықтарына және мүдделерiне қатысты басқа да құжаттарды жолдайды.
2. Осы баптың 1-тармағында аталған құжаттарды Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi басқа Уағдаласушы Тарап аумағында тұратын мүдделi адамдарға олардың өтiнiштерi бойынша аудармасыз және тiкелей жолдай алады.
15-бап
Мекен-жайларды және басқа мағлұматтарды анықтау
1. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi өтiнiш бойынша бiр-бiрiне, егер бұл азаматтардың құқықтарын жүзеге асыру үшiн қажет болса, өз мемлекеттерiнiң заңдарына сәйкес Уағдаласушы Тараптар аумағында тұратын адамдардың мекен-жайларын анықтауда көмек көрсетедi. Бұл жағдайда сұрау салушы әдiлет мекемесi өтiнiште көрсетiлген адамның мекен-жайын анықтауға көмектесе алатын онда бар мағлұматтарды хабарлайды.
2. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi азаматтық, отбасылық және қылмыстық iстер бойынша мүлiктiк талаптар қойған, сұрау салушы Уағдаласушы Тарап аумағында тұратын адамдардың азаматтық халiн, жұмыс орнын немесе кәсiбiн және табысын анықтауда бiр-бiрiне көмек көрсетедi.
3. Осы бапқа сәйкес құқықтық көмек көрсету кезiнде Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi бiр-бiрiмен өздерiнiң орталық органдары арқылы да, тiкелей де қатынас жасайды.
16-бап
Құқықтық мәселелер жөнiндегi ақпарат
Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерiнiң орталық органдары өтiнiш бойынша бiр-бiрiне олардың мемлекеттерiнде қолданылып жүрген немесе қолданылған заңдар туралы және оларды әдiлет мекемелерiнiң қолдану тәжiрибесi туралы, сондай-ақ құқықтық мәселелер жөнiндегi басқа да ақпараттарды ұсынады.
17-бап
Тiлдер
1. Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерi осы Шартты орындау кезiне бiр-бiрiмен қатынас жасауда қазақ, өзбек және орыс тiлдерiн пайдаланады.
2. Егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың тiлiнде жолданатын құжаттарға сұрау салушы Уағдаласушы Тарап тiлiне немесе орыс тiлiне жасалған аударма қоса берiледi. Уағдаласушы Тараптар, сондай-ақ қажет болған жағдайларда қазақ және өзбек тiлдерiндегi жазбаша және ауызша аударманы қамтамасыз етедi.
3. Құжаттардың жазбаша аудармасының дұрыстығын растау Уағдаласушы Тарап заңдарына және осы Шарт ережелерiне сәйкес жасалады.
18-бап
Құқықтық көмек көрсетуге байланысты шығындар
Сұрау салынған Уағдаласушы Тарап құқықтық көмек көрсету жөнiндегi шығындардың орнын толтыруды талап етпейдi. Егер осы Шартта өзгеше көзделмесе, Уағдаласушы Тараптар олардың аумақтарында құқықтық көмек көрсету кезiнде пайда болған барлық шығындарды өздерi көтередi.
19-бап
Құқықтық көмек көрсетуден бас тарту
1. Егер құқықтық жәрдем туралы өтiнiштi орындау адам құқықтарының бұзылуына әкеп соғатын, мемлекеттiң егемендiгiне немесе қауiпсiздiгiне залал келтiретiн, не сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың заңдарына қайшы келетiн болса, оны қанағаттандырудың толық немесе iшiнара бас тартылуы мүмкiн.
2. Өтiнiштi қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiмдi қабылдаған жағдайда сұрау салушы Уағдаласушы Тарап бас тарту себептерiн көрсете отырып, ол жайлы жазбаша түрде хабарлайды.
II тарау. Азаматтық және отбасы iстерi жөнiндегi
құқықтық қатынастар
1-бөлiм. Құзырет
20-бап
Жалпы ережелер
1. Егер осы тараудың II-Ү бөлiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Уағдаласушы Тараптың бiреуiнiң аумағында тұрғылықты жерi бар адамдарға қойылатын талаптар олардың азаматтығына қарамастан, соның аумағында заңды тұлғаны басқару органы, оның өкiлдiгi не филиалы орналасқан осы Уағдаласушы Тараптың соттарына қойылады.
2. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың соттары оның аумағында:
а/ жауапкер кәсiпорынның /филиалының/ сауда-саттық, өнеркәсiптiк немесе өзге шаруашылық қызметi жүзеге асырылған;
б/ даудың мәнiсi болып табылатын шарттан туындайтын міндеттемеге орындалған немесе толық не iшiнара орындалуға тиiс болған;
в/ ар-намысын, абыройы мен iскер атағын қорғау туралы талап бойынша талапкердiң тұрақты орны немесе орналасқан жерi болған жағдайда құзыреттi.
3. Жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы және де өзге заттық құқықтар туралы талаптар бойынша тек мүлiк орналасқан жердегi соттар ғана құзыреттi. Жүктердi, жолаушылар мен багажды тасымалдау шартынан туындайтын тасымалдаушыларға қойылатын талаптар оған белгiленген тәртiпте наразылық қойылған көлiк ұйымы басқармасының орналасқан жерiнде қойылады.
21-бап
Шарттық сотқа жататындық
1. Егер тараптардың дауды осы соттарға беру туралы жазбаша келiсiмi болса, Уағдаласушы Тараптардың соттары iстердi басқа жағдайларда да қарай алады. Мұндай 20-баптың 3-тармағынан және осы тараудың II-Ү бөлiмдерiмен белгiленген басқа қалыптардан, сондай-ақ тиiстi Уағдаласушы Тараптың заңдарынан туындайтын ерекше құзыреттiң Тараптардың келiсiмiмен өзгертiлуi мүмкiн емес.
2. Дауды беру туралы келiсiм болған кезде сот жауапкердiң өтiнiшi бойынша iс бойынша сот iсiн тоқтатады.
22-бап
Сот процестерiнiң өзара байланысы
1. Уағдаласушы екi Тараптың да соттарында сол тараптар арасында сол мән туралы және сол негiздер жөнiндегi iс бойынша iс қозғалған жағдайда iстi кейiнiрек қозғаған сот iс жүргiзудi тоқтатады.
2. Уағдаласушы Тараптардың келiсiмi бойынша бұрын iс қозғаған сот, сондай-ақ, егер бұл iс басқа сотта тезiрек әрi жан-жақты қаралады деп танылса, оның iшiнде дәлелдiң көп бөлiгi орналасқан жер бойынша, iс бойынша iс жүргiзу тоқтатылады.
3. Негiзгi талаптағы құқық қатынасынан туындайтын қарсы талап және есепке алу туралы талаптар негiзгi талапты қарап жатқан сотта қаралуға жатады.
23-бап
Құқық қабiлеттiлiгi және әрекет қабiлеттiлiгi
1. Жеке адамның әрекет қабiлеттiлiгi осы адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен айқындалады.
2. Азаматтығы жоқ адамның әрекет қабiлеттiлiгi оның тұрақты тұратын жерi бар елдiң құқығы бойынша айқындалады.
3. Заңды тұлғаның құқық қабiлеттiлiгi ол аумағында құрылған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен айқындалады.
24-бап
Әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекет қабiлетi
жоқ деп тану.
Әрекет қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру
1. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамды әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тану туралы iстер бойынша осы адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың соты құзыреттi.
2. Егер бiр Уағдаласушы Тараптың сотына оның аумағында тұрақты тұратын басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын адамның әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тану негiздерi мәлiм болса, ол бұл адам соның азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың сотына ол жайлы хабарлайды.
3. Егер әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тануға негiздер туралы хабардар етiлген Уағдаласушы Тараптың соты үш ай аралығында iстi бастамаса немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тану туралы iстi оның аумағында бұл азаматтың тұрақты тұратын жерi бар Уағдаласушы Тараптың соты қарайтын болады. Адамды әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекет қабiлетi жоқ деп тану туралы iстi оның аумағында бұл азаматтың тұрақты тұратын жерi бар Уағдаласушы Тараптың құзыреттi сотына жiберiледi.
4. Осы баптың 1-3-тармақтарының ережелерi әрекет қабiлетiн қалпына келтiруге де қолданылады.
5. Осы баптың 1-3-тармақтарымен көзделген және кiдiртуге болмайтын жағдайларда адамды не оның мүлкiн қорғауға қажеттi шараларды осы адам тұратын Уағдаласушы Тараптың соты өз бетiнше қабылдай алады. Осы шараларға байланысты қабылданған өкiмдер осы адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың сотына жiберiледi. Бұл өкiмдер, егер осы Уағдаласушы Тараппен өзгеше қаулы етiлсе жойылады.
6. Азаматты шектеулi, әрекет қабiлеттi немесе әрекет қабiлетсiз деп тану туралы iстер әрбiр Уағдаласушы Тараптардың соттары арқылы прокурордың мiндеттi қатысуымен қаралады.
25-бап
Хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен деп тану
және қаза болған деп жариялау.
Қайтыс болу фактiсiн анықтау
1. Адамды хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен деп тану немесе қаза болған деп жариялау туралы iстер бойынша және қайтыс болу фактiсiн анықтау туралы iстер жөнiндегi соңғы мағлұматтар бойынша адам тiрi болған кезде азаматы болған Уағдаласушы Тараптың соттары, ал басқа адамдарға қатысты адамның соңғы тұратын жерi бойынша әдiлет мекемелерi құзыреттi.
2. Әрбiр Уағдаласушы Тараптың соттары басқа Уағдаласушы Тараптың азаматын және оның аумағында тұратын өзге адамды, оның аумағында тұратын, құқықтары мен мүдделерi осы Уағдаласушы Тараптың заңдарына негiзделген мүдделi адамдардың өтiнiшi бойынша хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен немесе қаза болған деп тануы, сондай-ақ оның қайтыс болу фактiсiн анықтауы мүмкiн.
3. Хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен деп тану немесе қаза болған деп жариялау туралы iстердi және қайтыс болу фактiсiн анықтау туралы iстердi қарау кезiнде Уағдаласушы Тараптардың соттары өз мемлекетiнiң заңдарын қолданады.
III бөлiм. Отбасы iстерi
26-бап
Неке қию
1. Неке қию шарттары некелесушi адамдардың әрқайсысы үшiн азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен, ал азаматтығы жоқ адамдар үшiн олардың тұрақты тұратын жерi болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi. Осыған қоса неке қиюға кедергiлерге қатысты неке аумағында қиылатын Уағдаласушы Тарап заңдарының талаптары сақталуға тиiс.
2. Неке қию түрi неке қиылатын аумақтағы Уағдаласушы Тараптың заңдарымен айқындалады.
27-бап
Ерлi-зайыптылардың құқықтық қатынастары
1. Ерлi-зайыптылардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары оның аумағында ортақ тұрғылықты жерi бар Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.
2. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында, ал екiншiсi басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын болса және мұнда ерлi-зайыптылардың екеуiнде де бiр азаматтық болса, олардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастарды олар азаматтары болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi.
3. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың азаматы, ал екiншiсi басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылса және олардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында, ал екiншiсi басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын болса, онда олардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары, аумағында олардың ортақ тұрғылықты жерi болған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi.
4. Егер осы баптың 3-тармағында аталған адамдардың Уағдаласушы Тараптардың аумағында ортақ тұрғылықты жерi болмаса, iстi мекемесi қарайтын Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
5. Ерлi-зайыптылардың жылжымайтын мүлiкке қатысты олардың құқықтық қатынастары осы мүлiк аумағында орналасқан Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.
6. Ерлi-зайыптылардың жеке және мүлiктiк құқықтық қатынастары туралы iстер бойынша заңдары осы баптың 1-3, 5-тармақтарына сәйкес қолдануға жататын Уағдаласушы Тараптың мекемелерi құзыреттi.
28-бап
Неке бұзу
1. Неке бұзу туралы iстер бойынша арыз беру сәтiнде ерлi-зайыптылар соның азаматтары болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
2. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың азаматы, ал екiншiсi басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылса, мекемесi неке бұзу туралы iстi қарайтын Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
29-бап
Уағдаласушы Тараптар әдiлет мекемелерiнiң құзыреттiгi
1. 28-баптың 1-тармағымен көзделген жағдайда неке бұзу туралы iстер бойынша ерлi-зайыптылардың екеуi да аумағында тұратын Уағдаласушы Тараптың мекемелерi құзыреттi. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында тұрса, неке бұзу туралы iстер бойынша ерлi-зайыптылар аумақтарында тұратын екi Уағдаласушы Тараптың да мекемелерi құзыреттi.
2. По делам о расторжении брака в случае, предусмотренном пунктом 2 статьи 28, компетентны учреждения юстиции Договаривающейся Стороны, на территории которой проживают оба супруга. Если один из супругов проживает на территории одной Договаривающейся Стороны, а второй - на территории другой Договаривающейся Стороны, по делам о расторжении брака компетентны учреждения юстиции обеих Договаривающихся Сторон, на территориях которых проживают супруги.
(29-баптың 2-тармағының қазақша аудармасы жоқ)
30-бап
Некенi жарамсыз деп тану
1. Некенi жарамсыз деп тану туралы iстер бойынша неке қию кезiнде 26-бапқа сәйкес қолданылған Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
2. Некенi жарамсыз деп тану туралы iстер жөнiндегi мекемелердiң құзыреттiгi 29-бапқа сәйкес белгiленедi.
31-бап
Әкелiктi немесе аналықты анықтау және даулау
Әкелiктi немесе аналықты анықтау және даулау, тууы бойынша бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi.
32-бап
Ата-аналар мен балалар арасындағы
құқықтық қатынастар
1. Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар олар аумағында бiрге тұратын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен айқындалады.
2. Егер ата-аналардың не балалардың бiрiнiң тұратын жерi басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында болса, онда олардың арасындағы құқықтық қатынастар бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен айқындалады.
3. Кәмелетке толған балалардан алимент өндiрiп алу туралы iстер бойынша аумағында алимент алуға талаптанатын адамның тұратын жерi бар Уағдаласушы Тараптың заңдары қолданылады.
4. Ата-аналар мен балалар арасындағы құқықтық қатынастар туралы iстер бойынша заңдары осы баптың 1, 2, 3 және 4 тармақтарына сәйкес қолдануға жататын Уағдаласушы Тараптың соты құзыреттi.
33-бап
Қамқоршылық пен қорғаншылық
1. Қамқоршылық немесе қорғаншылықты белгiлеу немесе жою қамқоршылық немесе қорғаншылық соған қатысты белгiленетiн немесе жойылатын адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша жасалады.
2. Қамқоршы немесе қорғаншы мен қамқорлықтағы немесе қорғаншылықтағы адам арасындағы құқықтық қатынастар мекемесi қамқоршыны немесе қорғаншыны тағайындаған Уағдаласушы Тараптың заңдарымен реттеледi.
3. Қамқорлықты немесе қорғаншылықты қабылдау мiндетi қамқоршы немесе қорғаншы болып тағайындалатын адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленедi.
4. Бiр Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын адамның қамқоршысы немесе қорғаншысы болып, егер ол қамқоршылық немесе қорғаншылық жүзеге асырылатын Тараптың аумағында тұрса, басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы сайлануы мүмкiн.
34-бап
Уағдаласушы Тараптар мекемелерiнiң қамқоршылық
және қорғаншылық мәселелерiндегi құзыреттiгi
Қамқоршылық пен қорғаншылықты белгiлеу немесе жою туралы iстер бойынша, егер осы Шартпен өзгеше белгiленбесе, қамқоршылық немесе қорғаншылық соған қатысты белгiленетiн немесе жойылатын адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың мекемелерi құзыреттi.
35-бап
Қамқоршылық пен қорғаншылық бойынша
шаралар қолдану тәртiбi
1. Бiр Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын, жүретiн немесе мүлкi орналасқан басқа Уағдаласушы Тарап азаматының мүдделерiнде қамқоршылық пен қорғаншылық бойынша шаралар қолдану қажеттiлiгi жағдайында осы Уағдаласушы Тараптың мекемесi 34-бапқа сәйкес құзыреттi мекеменi кiдiртусiз хабардар етедi.
2. Кiдiртуге болмайтын жағдайлардан басқа Уағдаласушы Тараптың мекемесi өз заңдарына сәйкес қажеттi уақытша шараларды өзi қабылдай алады. Мұнда ол 34-бапқа сәйкес құзыреттi мекеменi бұл жайлы кiдiртусiз хабардар етуге мiндеттi. Бұл шаралар 34-бапта аталған өзге шешiм қабылдағанға дейiн күшiн сақтайды.
36-бап
Қамқоршылық пен қорғаншылықты беру тәртiбi
1. 34-бапқа сәйкес құзырлы мекеме басқа Уағдаласушы Тараптың мекемесiне, егер қамқоршылық пен қорғаншылықтағы адамның осы Уағдаласушы Тараптың аумағында тұратын жерi, келген жерi немесе мүлкi болған жағдайда қамқоршылық пен қорғаншылықты бере алады. Қамқоршылықты немесе қорғаншылықты беру сауал қоюшы мекеме өзiне қамқоршылықты немесе қорғаншылықты алған және бұл жөнiнде сауал қойылған мекеменi хабарлаған сәттен күшiне енедi.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қамқоршылықты немесе қорғаншылықты қабылдаған мекеме оларды өз мемлекетiнiң заңдарына сәйкес жүзеге асырады. Оның қамқоршылықтағы немесе қорғаншылықтағы адамның жеке мәртебесiне қатысты мәселелер бойынша шешiмдер шығаруға құқығы жоқ, бiрақ егер бұл адам азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша қажет болса, некеге отыруға рұқсат бередi.
37-бап
Бала асырап алу
1. Бала асырап алу немесе оны жою бала асырап алу немесе оны жою туралы арыз беру кезiнде бала асырап алушы азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдарына бойынша белгiленедi.
2. Егер бала басқа Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылса, бала асырап алу немесе оны жою кезiнде заңды өкiлдiң және құзыреттi мемлекеттiк органның келiсiмiн, сондай-ақ егер бұл бала азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша талап етiлетiн болса, баланың келiсiмiн алу қажет.
3. Егер баланы бiреуi бiр Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылатын ерлi-зайыптылар асырап алса, бала асырап алу немесе оны жою екi Уағдаласушы Тараптың да заңдарымен көзделген шарттарға сәйкес жасалуға тиiс.
4. Бала асырап алу немесе оны жою туралы iстер бойынша, бала асырап алу немесе оны жою туралы арыз беру кезiнде асырап алушы азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың мекемесi құзыреттi, ал осы баптың 3-тармағымен көзделген жағдайда аумағында ерлi-зайыптылардың соңғы тұратын немесе жүретiн жерi болған немесе бар Уағдаласушы Тараптың мекемесi құзыреттi.
IV бөлiм. Мүлiктiк құқықтық қатынастар
38-бап
Меншiк құқығы
1. Жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығы жылжымайтын мүлiк аумағында орналасқан Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi. Қандай мүлiктiң жылжымайтын болып табылатындығы туралы мәселе осы мүлiк аумағында орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес шешiледi.
2. Мемлекеттiк тiзбелерге енгiзуге жататын көлiк құралына меншiк құқығы көлiк құралын тiркеудi жүзеге асырған орган аумағында орналасқан Уағдаласушы Тараптың заңдары бойынша белгiленедi.
3. Меншiк құқығының пайда болуы мен тоқтатылуы немесе басқа мүлiкке заттық құқық мұндай құқықтың пайда болуына немесе тоқтатылуына негiз болған әрекет немесе басқа жағдай туған сәттегi мүлiк тұрған Уағдаласушы Тараптың заңы белгiлейдi.
4. Меншiк құқығының пайда болуы мен тоқтатылуы немесе келiсiм мәнi болып табылатын мүлiкке басқа да заттық құқық, егер тараптар келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, келiсiм жасалған жердiң заңдары бойынша айқындалады.
39-бап
Келiсiм түрi
1. Келiсiм түрi ол жасалған жердiң заңымен айқындалады.
2. Жылжымайтын мүлiк жөнiндегi келiсiм түрiн және оған құқықты мұндай мүлiк аумағында тұрған Уағдаласушы Тараптың заңы айқындайды.
40-бап
Сенiмхат
Сенiмхат түрi мен әрекет мерзiмi сенiмхат берiлген аумақтағы Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша айқындалады.
41-бап
Келiсiм жөнiндегi тараптардың құқықтары
мен мiндеттерi
Келiсiм жөнiндегi тараптардың құқықтары мен мiндеттерi егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше көзделмесе, ол жасалған жердiң заңы бойынша айқындалады.
42-бап
Залалды өтеу
1. Шарттардан және басқа заңды әрекеттерден туындайтын залалды өтеу туралы мiндеттемелер аумағында залалдың орнын толтыру жөнiндегi талап қою үшiн негiз болған әрекет немесе өзге жағдай болған Уағдаласушы Тараптың заңымен айқындалады.
2. Егер зиян келтiрушi мен жәбiрленушi бiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары болса, осы Уағдаласушы Тараптың заңы қолданылады.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған iстер жөнiнде аумағында залалдың орнын толтыру туралы талап қою үшiн негiз болған әрекет немесе өзге жағдай болған Уағдаласушы Тараптың соты құзырлы. Жәбiрленушi, сондай-ақ аумағында жауапкердiң мекен-жайы орналасқан Уағдаласушы Тараптың сотына талап қоя алады.
43-бап
Талап мерзiмi
Талап мерзiмi мәселелерi сәйкес құқықтық қатынастарды реттеу үшiн қолданылатын заң бойынша шешiледi.
V тарау. Мұрагерлiк
44-бап
Теңдiк принципi
Әрбiр Уағдаласушы Тараптың азаматтары осы Уағдаласушы Тараптың азаматтары сияқты бiрдей шарттар мен сол көлемдегi заң бойынша немесе өсиет бойынша мүлiкке немесе құқыққа ие.
45-бап
Мұрагерлiк құқығы
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайдан басқа мүлiкке иелiк ету құқығы мұра берушiнiң соңғы тұрған жерiндегi аумақтағы Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша айқындалады.
2. Жылжымайтын мүлiкке иелiк ету құқығы аумағында осы мүлiк тұрған жердегi Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша айқындалады.
46-бап
Мұраның мемлекетке ауысуы
Егер мұра ету кезiнде қолданылуға жататын Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша мемлекет мұрагер болып табылса, жылжитын мұралық мүлiк мұра берушi қайтыс болған кездегi Уағдаласушы Тарапқа ауысады, ал жылжымайтын мұралық мүлiк ол орналасқан аумақтағы Уағдаласушы Тарапқа ауысады.
47-бап
Өсиет
Өсиеттi жасауға және жоюға адамның қабiлетi, сондай-ақ өсиеттiң түрi мен оны жою өсиет қалдырушының акт жасау кезiнде тұрған жерiндегi сол мемлекеттiң құқығы бойынша айқындалады. Әйтсе де өсиет немесе оны жою, егер соңғысы оны жасау жерiнiң құқық талаптарын қанағаттандырса, түрiн сақтамау салдарынан жарамсыз деп танылмайды.
48-бап
Мұрагерлiк туралы iстер жөнiндегi құзырет
1. Жылжитын мүлiкке мұралық туралы iстер жөнiндегi iс жүргiзуге мұра қалдырушының қайтыс болу сәтiнде тұрған жерiндегi аумақтағы Уағдаласушы Тараптың мекемелерi жүргiзуге құзырлы.
2. Жылжымайтын мүлiкке мұралық iстер iс жүргiзуге мүлiк орналасқан аумақтағы Уағдаласушы Тараптың мекемелерi жүргiзуге құзырлы.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарындағы ережелер, сондай-ақ мұралық туралы iстер жөнiндегi iс жүргiзуге байланысты туындайтын дауларды қарау кезiнде қолданылады.
49-бап
Мұралық туралы iстер жөнiндегi дипломатиялық
өкiлдiктiң немесе консулдық мекеменiң құзыретi
Мұралық туралы iстер, оның iшiнде мұралық даулар бойынша әрбiр Уағдаласушы Тараптың өкiлдерi немесе консулдық мекемелер, егер олар болмаса немесе өкiл тағайындамаса, өз мемлекетiнiң азаматтарының басқа Уағдаласушы Тарап мекемелерiнде арнаулы сенiмхатсыз мұралықтан бас тарту құқығын басқа, ұсынуға құзырлы.
50-бап
Мұраны қорғау жөнiндегi шаралар
1. Уағдаласушы Тараптардың мекемелерi өз заңына сәйкес басқа Уағдаласушы Тараптың азаматтарымен олардың аумағында қалдырылған мұраны қорғауды қамтамасыз ету үшiн немесе оларды басқару үшiн қажеттi шараларды қабылдайды.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған шаралар туралы мұра қалдырушы азаматы болып табылатын Уағдаласушы Тараптың дипломатиялық өкiлдiгi немесе консулдық мекеме осы шараларды жүзеге асыруға қатыса алады.
3. Мұралық туралы iс бойынша iс жүргiзуге құзырлы әдiлет мекемесiнiң, сондай-ақ дипломатиялық өкiлдiктiң немесе консулдық мекеменiң өтiнiшi бойынша осы баптың 1-тармағына сәйкес қабылданған шаралар өзгертiлуi, жойылуы немесе кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
51-бап
Мұраны беру
1. Егер жылжитын немесе жылжымайтын мүлiктi сатудан түскен жылжитын мұралық мүлiк немесе ақша сомасы тұратын немесе келген жерi басқа Уағдаласушы Тараптың аумағындағы мұрагерлерге тиiстi болса, онда мұралық мүлiк немесе түскен ақша сомасы осы Уағдаласушы Тараптың дипломатиялық өкiлдiгiне немесе консулдық мекемесiне берiледi.
2. Мұралық туралы iстер жөнiндегi құзырлы мекеме дипломатиялық өкiлдiкке немесе консулдық мекемеге мұралық мүлiктi беру туралы өкiм бередi.
3. Бұл мүлiк, егер:
а/ мұралық мүлiк орналасқан жердегi Уағдаласушы Тараптың заңымен белгiленген мерзiмде мәлiмделген мерзiмде мұра қалдырушының кредиторларының барлық талаптары төленсе немесе қамтамасыз етiлсе;
б/ мұра етуге байланысты барлық алымдар төленсе немесе қамтамасыз етiлсе;
в/ егер бұл қажет болса, құзырлы мекемелер мұралық мүлiктi шығаруға рұқсат берсе, мұрагерлерге берiледi.
4. Ақша сомаларын аудару Уағдаласушы Тараптың аумағында қолданылып жүрген заңға сәйкес жүргiзiледi.
III тарау. Шешiмдердi тану және орындау
52-бап
Шешiмдердi тану және орындау
Уағдаласушы Тараптардың әрбiрi осы Шартпен көзделген шарттар да басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында шығарылған заңды күшiне енген мына шешiмдердi таниды және орындайды:
а/ ақша мiндеттерiне /әрi қарай шешiмдер/ қатысты осындай iстер мен нотариалдық актiлер бойынша сотпен бекiтiлген әлемдiк келiсiмдi қоса;
б/ қылмыспен келтiрiлген залалды өтеу бөлiгiндегi қылмыстық iстер жөнiндегi сот үкiмдерi.
53-бап
Орындауды талап етпейтiн шешiмдердi тану
1. Өзiнiң сипаты бойынша орындауды талап етпейтiн әрбiр Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерiмен шығарылған және заңды күшiне енген шешiмдерi, егер мына шартта:
а/ сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi осы iс бойынша бұрын заңды күшiне енген шешiм шығармаса;
б/ осы шартқа сәйкес, ал олармен көзделмеген жағдайда аумағында шешiм танылуға тиiс Уағдаласушы Тараптың заңына сәйкес iс осы Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесiнiң ерекше құзыретiне жатпаса, басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында танылады.
2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi қамқоршылық пен қорғаншылық жөнiндегi ережелерге, сондай-ақ азаматтық хал актiлерi жазу органдарымен шығарылған шешiмдерге де қатысты.
54-бап
Шешiмдердi ықтиярсыз орындауды шешу туралы қолдау хат
1. Шешiмдердi ықтиярсыз орындауды шешу туралы қолдау хат шешiм орындалуға жататын Уағдаласушы Тараптың құзырлы сотына берiледi. Ол бiрiншi инстанция iсi бойынша шешiм шығарған сотқа да берiлуi мүмкiн. Бұл сот қолдау хат бойынша шешiм шығаруға құзырлы сотқа қолдау хат жiбередi.
2. Қолдау хатқа мыналар қоса берiледi:
а/ шешiм немесе оның куәландырылған көшiрмесi, сондай-ақ шешiмнiң заңды күшiне енгендiгi және орындалуға жататындығы туралы немесе, егер бұл шешiмнiң өзiн қолданбаса, оның заңды күшiне енгенiнше орындалуға жататындығы туралы ресми құжат;
б/ процеске қатыспаған қарсы шешiм шығарылған тараптың тиiстi тәртiп пен уақытылы сотқа шақырылғандығы жөнiндегi, ал оның iс жүргiзу қабiлетсiздiгi жағдайында оның тиiстi түрде ұсынылғандығы туралы құжат;
в/ оны жөнелту сәтiнде шешiмнiң жартылай орындалуын растайтын құжат;
г/ шарттық қылмыстылық iстер жөнiндегi тараптардың келiсiмiн растайтын құжат.
3. Шешiмдердi ықтиярсыз орындауды шешу туралы қолдау хат пен оған қоса берiлген құжаттар сұрау салынған Уағдаласушы Тараптың немесе орыс тiлiне куәландырылған аудармамен қоса берiледi.
55-бап
Шешiмдердi тану және ықтиярсыз орындау тәртiбi
1. 54-бапта көзделген шешiмдердi тану және ықтиярсыз орындауда шешу туралы қолдау хат аумағында ықтиярсыз орындау жүзеге асырылуға тиiс Уағдаласушы Тараптың соттарымен қаралады.
2. Шешiмдердi тану және ықтиярсыз орындау туралы қолдау хатты қараушы сот осы Шартпен көзделген шарттардың сақталғандығын белгiлеумен шектеледi.
3. Ықтиярсыз орындау тәртiбi аумағында орындау жүзеге асырылуға тиiс Уағдаласушы Тараптың заңы бойынша айқындалады.
56-бап
Шешiмдердi танудан және орындаудан бас тарту
52-бапта көзделген шешiмдердi танудан және ықтиярсыз орындауға шешiм беруден, егер:
а/ шешiм заңды күшiне енгенше орындалуға жататын жағдайлардан басқа ол заңды күшiне енбесе немесе орындалуға жатпаса, аумағында шешiм шығарылған Уағдаласушы Тараптың заңына сәйкес;
б/ жауапкер оған немесе оның өкiлiне уақытында және тиiстi түрде сотқа шақыру тапсырмау салдарынан процеске қатыспаса;
в/ осы Шарттың ережелерiне сәйкес, ал олармен көзделмеген жағдайларда аумағында шешiм танылуға және орындалуға тиiс Уағдаласушы Тараптың заңына сәйкес iс оның мекемесiнiң ерекше құзыретiне жатады;
г/ шарттық қылмыстық туралы тараптардың келiсiмiн растайтын құжат болмаса;
д/ соты шешiмдi тану және орындау туралы қолдау хатты қарайтын Уағдаласушы Тараптың заңымен көзделген ықтиярсыз орындаудың талап мерзiмi өтiп кетсе, бас тартылуы мүмкiн.
IV тарау. Қылмыстық iстер жөнiндегi құқықтық көмек
I бөлiм. Ұстап беру
57-бап
Ұстап беру мiндетi
Уағдаласушы Тараптар осы Шартта көзделген шарттарға сәйкес өтiнiш бойынша сауал қойылған мемлекет олардың аумағындағы ұстап беруге тартылатын құқық бұзушылықтар жауапкершiлiгi үшiн қылмыстық жазаға тарту мақсатында iздестiрiлетiн адамдарды не осындай құқық бұзушылыққа байланысты үкiмдi орындау үшiн ұстап беруге мiндеттенедi.
58-бап
Ұстап беруге соқтыратын құқық бұзушылықтар
1. Осы Шарттың мақсаты үшiн ұстап беруге соқтыратын құқық бұзушылықтар сауал қойылған және сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптардың заңдарына сәйкес бiр жылдан жоғары мерзiмге бас бостандығынан айыруға немесе одан да ауыр жазамен жазаланатын құқық бұзушылықтар болып табылады.
2. Осы баптың 1-тармағымен көзделген құқық бұзушылықтарға қатысты шығарылған үкiмдi орындау үшiн ұстап беру, егер жазаның аяқталу мерзiмiне кемiнде алты ай қалса, жүргiзiледi.
3. Қандай да бiр құқық бұзушылық сауал қойылған және сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптардың заңдарына сәйкес жазалануға жататын құқық бұзушылық болып табылатынын анықтаған жағдайда:
а/ осы құқық бұзушылықты құрайтын әрекет пен әрекетсiздiк Уағдаласушы Тараптардың заңдарына сәйкес ұқсас құқық бұзушылық санатына жататындығы немесе осы құқық бұзушылық ұқсас терминмен белгiленбейтiндiгi;
б/ сауал қойылған Уағдаласушы Тараппен келтiрiлетiн бүкiл әрекет пен әрекетсiздiктiң жиынтығына назар аударылатындықтан, осы құқық бұзушылықты құрайтын элементтерi анықталатындығы ескерiлмейдi.
4. Егер ұстап беру туралы өтiнiш осы баптың 1-тармағымен көзделген шарттарға сәйкес келмейтiн кейбiр жекелеген құқық бұзушылықтың бәрiне қатысты болмаса, онда талап етiлетiн адамды ұстап беру ең болмағанда осы құқық бұзушылықтың бiрi өзiне ұстап берудi әкеп соқтыратын шартта ғана шешiлуi мүмкiн.
59-бап
Ұстап беруден бас тартуға негiздер
Егер:
а/ ұстап беру талап етiлетiн адам сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың азаматы немесе осы мемлекетте оған баспана берiлген адам болса. Осы негiзде ұстап беруден бас тартқан жағдайда сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап бұл жөнiнде басқа Уағдаласушы Тарап өтiнсе, ұстап беру туралы өтiнiш түскен адамға қатысты тиiстi шаралар қабылдайды;
б/ сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың заңына сәйкес өтiнiш алған сәтте қылмыстық қудалау қозғалмайды немесе талап немесе кешiрiм мерзiмiнiң өтуiн қоса кез-келген заңды негiз бойынша үкiм орындауға келтiрiлмейдi;
в/ сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап аумағында ұстап беру талап етiлетiн адамға қатысты сол құқық бұзушылық үшiн заңды күшiне енген iс бойынша iс жүргiзудi тоқтату туралы үкiм немесе қаулы шығарылса;
г/ ұстап беру туралы өтiнiш түскен құқық бұзушылық оның жалауы мен кеменi немесе құқық бұзушылық жасалған сәттегi оның заңына сәйкес тiркелген әуе кемесiн қоса сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың аумағында бүтiндей немесе жартылай жасалған құқық бұзушылық;
д/ ұстап беру туралы түскен өтiнiшке байланысты құқық бұзушылықты қылмыстық қудалау сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың ерекше құзыретiне енедi;
е/ ұстап беру туралы түскен өтiнiшке байланысты құқық бұзушылықты қылмыстық қудалау сауал қойылған және сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптардың заңдарына сәйкес жәбiрленушiнiң шағымы бойынша ғана қозғалуы мүмкiн.
60-бап
Ұстап беру туралы өтiнiш және қажеттi құжаттар
1. Ұстап беру туралы өтiнiш жазбаша түрде жiберiледi және ұстап беру талап етiлетiн адам туралы азаматтығы және тұратын жерi және келген жерi туралы мағлұматтарды қоса қажеттi ақпаратты қамту керек.
2. Ұстап беру туралы өтiнiште барлық жағдайларда:
а/ осы адамның жеке басын анықтауға көмектесетiн кез-келген басқа ақпаратқа суретi немесе өзге бейнелерiн, сондай-ақ егер мұндай болса, қолының саусақтарының таңбасын қоса кез-келген басқа да ақпаратпен талап етiлетiн адамның дәл суреттемесi;
б/ осы құқық бұзушылық анықтаушы тиiстi ереженiң мәтiнi, немесе бұл қажет болса, әрекетiне осы құқық бұзушылық тиетiн сәйкес заңнан үзiндi, және осы құқық бұзушылыққа соқтыратын жазаны суреттеу болу керек.
3. Егер талап етiлетiн адам құқық бұзушылықта айыпталатын болса, ұстап беру туралы өтiнiшке осы адамды қамауға алу /тұтқындауға рұқсат құжат/ қорытындысы туралы қаулының куәландырылған көшiрмесiне жасалу уақыты мен орны, егер мұндай келтiрiлсе, материалдық залал туралы мағлұматтары қоса берiледi.
4. Егер талап етiлетiн адам құқық бұзушылықпен айыпталса, ұстап беру туралы өтiнiшке заңды күшiне енген үкiмнiң куәландырылған көшiрмесi, немесе айыптау бөлiгiн және шығарылған үкiмдi және, егер айыпталған адам жазаның бөлiгiн өтесе, өтелмеген бөлiктiң мағлұматтарын баяндаумен оның куәландырылған көшiрмесi қоса берiледi.
5. Ұстап беру туралы өтiнiш және оған қоса берiлетiн құжатттар осы Шарттың 17-бап ережелерiне сәйкес жасалады.
6. Ұстап беру туралы өтiнiш талап етiлетiн адамның сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың аумағында орналасқан жерi белгiлi болған жағдайларда жiберiледi.
61-бап
Ұстап беру туралы өтiнiшке қатысты шешiм
1. Сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап ұстап беру туралы өтiнiштi онымен көзделген заң процедураларына сәйкес қарайды және өз шешiмi туралы сауал қойылған Уағдаласушы Тарапқа кiдiрмей хабарлайды.
2. Өтiнiштi қанағаттандыру туралы шешiм қабылданған жағдайда сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап ұстап беру талап етiлетiн адамды қамауға алу шараларын дереу қабылдайды. Бұл адамды кiдiрмей қамауға алу жөнiндегi факт туралы сауал қойылған Уағдаласушы Тарап хабарланады.
3. Ұстап беру туралы өтiнiштi қанағаттандырудан кез-келген толық немесе жартылай бас тарту сәйкес себептермен негiзделедi.
62-бап
Қосымша ақпарат
1. Егер сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап ұстап беру туралы өтiнiштiң негiзiне ұсынылған ақпаратты жеткiлiксiз деп есептесе, ол оны белгiлейтiн осындай ақылға сыйымды мерзiмде қосымша ақпарат ұсынуды талап етедi. Сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап бiруақытта оның өз шектерiнен кетiп қалу мүмкiндiгiнiң алдын алу үшiн талап етiлетiн адамды бақылауды қамтамасыз етудiң қажеттi шараларын қабылдайды.
2. Осы баптың 1-тармағымен көзделген жағдайда сауал қойылған Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тарапқа ең төменгi мерзiмде қосымша ақпаратты ұсыну үшiн қажеттi шаралар қабылдайды.
63-бап
Ұстап беру туралы өтiнiштi алғанша ұстай тұру
1. Ұстап беру талап етiлетiн адамның жасырынбақ ойы болған немесе жасырынуға тырысу негiздерi болған жағдайда сауал қойылған Уағдаласушы Тарап сауал қоюшы Тарапқа талап етiлетiн адамды ұстап беру туралы өтiнiш алғанша ұстай тұру туралы өтiнiшпен келе алады. Мұндай өтiнiш қылмыстық полицияның Халықаралық ұйымы арқылы немесе телеграфты, телекстi, телефакстi, электрондық почтаны қоса мәтiнде берудiң техникалық құралдарын тiкелей пайдаланумен берiлуi мүмкiн.
2. Мұндай өтiнiште талап етiлетiн адамды суреттеу, ұстап беру туралы өтiнiш жiберiлетiндiгi туралы арыз, тұтқынға алу /тұтқындауға рұқсат қағаз/ қорытындысы туралы қаулы немесе заңды күшiне енген үкiм, әлi қанша мерзiмдегi бөлiктi атқару керектiгi туралы мағлұматты қоса, осы құқық бұзушылық үшiн тағайындалуы мүмкiн немесе тағайындалған жаза туралы хабарлама, осы iс бойынша фактiлердi қысқаша баяндау және талап етiлетiн адамның тұрған жерi туралы хабарлама болу керек.
3. Сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап осындай өтiнiш бойынша өз заңдарына сәйкес шешiм қабылдайды және бұл жөнiнде сауал қойылған Уағдаласушы Тарапқа дереу хабарлайды.
4. Осындай өтiнiш негiзiнде ұсталған адам егер ұстап беру туралы өтiнiш түспесе, сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың заңдарымен көзделген мерзiм өткенше босатылады.
5. Осы баптың 4-тармағына сәйкес адамды босату ұстап беру туралы және растайтын құжаттар туралы келесi өтiнiш алған жағдайда талап етiлетiн адамды ұстап беру мақсатымен қамауға алуға кедергi болмайды.
64-бап
Ұстап беру туралы өтiнiш алғанша қамауға алу
1. Осы Шарттың 63-бабымен көзделген өтiнiш негiзiнде қамауға алынған адам ерекше жағдайда сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап заңына сәйкес факсимильдi байланыспен берiлген қамауға алу қорытындысы туралы қаулы көшiрмесi немесе заңды күшiне енген үкiм, не одан айыптау бөлiгiн баяндаудың куәландырылған көшiрмесiн жаңа шығарылған үкiмдi сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың тiлiне немесе орыс тiлiне аудармасы жасалу керек.
2. Осы баптың 1-тармағымен көзделген жағдайда Уағдаласушы Тараптар сауал қойылған Уағдаласушы Тараптың тиiстi ұстап беру туралы және растайтын құжаттарды ұсынуға тиiстi уақыт кезеңiне келiседi. Сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап, егер ұстап беру туралы өтiнiш Уағдаласушы Тараптармен келiсiлген уақыт кезеңiне түспесе, қамауға алынған адамды босатады.
65-бап
Ұстап беру талап етiлетiн адамды iздеудi жүзеге асыру
1. Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың 58-бабына сәйкес ұстап беруге тартылатын құқық бұзушылықтар жасауда айыпталатын адамдарды iздеу өтiнiшi бойынша мұндай адамдар сауал қоюшы Уағдаласушы Тараптың аумағында болуы мүмкiн негiздерi болған жағдайда ұстап беру туралы өтiнiш алғанша жүзеге асырады.
2. Iздеудi жүзеге асыру туралы өтiнiш осы Шарттың 7 және 17-баптарының ережелерiне сәйкес жасалады және барлық жағдайларда:
а/ оның жеке басы мен тұрған жерiн анықтауға көмек беретiн кез-келген басқа да ақпаратпен бiрге iздейтiн адамды мүмкiндiгiнше толық суреттеудi;
б/ жасалған құқық бұзушылық үшiн iзделiп жатқан адамның құқық бұзушылығын анықтайтын сәйкес ережелердiң мәтiнiн, әрекетiне осы құқық бұзушылық түсетiн тиiстi заңнан үзiндiнi және осы құқық бұзушылыққа соқтыратын жазаны суреттеудi;
в/ қамауға алу қорытындысы туралы /қамауға рұқсат қағаз/ қаулы немесе заңды күшiне енген үкiм туралы ақпаратқа, егер адам жазаның бөлiгiн өтесе, жазаның әлi қанша бөлiгiн өтеу керектiгi туралы мағлұматтарды;
г/ оны тапқан жағдайда адамды ұстау туралы өтiнiш пен ұстап беру туралы өтiнiшi жiберiлгендiгi туралы арызды қамту керек.
3. Iздеудi жүзеге асыру туралы өтiнiшке, iзделетiн адамның, егер мұндайлар болса, қолының саусақтарының iздерi, сондай-ақ талап етiлуi мүмкiн өзге де құжаттар немесе олардың көшiрмелерi қоса берiледi.
4. Сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап iздеу туралы өтiнiш алу бойынша өз аумағында iзделетiн адамның орналасқан жерiн анықтауға және оны ұстауға шаралар қабылдайды. Мұндай адамды ұстау фактiсi туралы сауал қойылған Уағдаласушы Тарапқа дереу хабарланады.
5. Осы баптың 3-тармағына сәйкес ұсталған адам, егер оны ұстау туралы өтiнiш ұстаған сәттен отыз сөтке iшiнде түспесе, босатылу керек.
6. Осы баптың 4-тармағына сәйкес адамды ұстап беру және растаушы құжаттар туралы кейiн өтiнiш алған жағдайда ұстап беру мақсатымен қайтадан ұстауға және қамауға алуға кедергi келтiрмейдi.
66-бап
Негiзсiз ұстау және/немесе қамауға алу жауапкершiлiгi
1. Ұстап беру талап етiлетiн адамды негiзсiз ұстау және/немесе қамауға алуды, егер:
а/ осы Уағдаласушы Тараппен ұстап беру туралы өтiнiш және осы Шарттың 63, 64 және 65-баптарымен көзделген мерзiмде тиiстi құжаттар ұсынылмаса;
б/ егер осы Уағдаласушы Тарап ұстап беру талап етiлетiн адам сауал қоюшы Уағдаласушы Тараппен ұсталса немесе қамауға алынса ұстап беру туралы өтiнiштен бас тартса, сауал қойылған Уағдаласушы Тарап жауапты болады.
2. Осы баптың 1-тармағымен көзделген жағдайларда негiзсiз ұстаумен және/немесе қамауға алумен келтiрiлген залалды өтеу Уағдаласушы Тараптардың заңдарына және осы Шартпен көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
67-бап
Адамды беру
1. Ұстап беру туралы өтiнiштi қанағаттандыру туралы хабар алу бойынша Уағдаласушы Тараптар қысқа мерзiмде талап етiлетiн адамды берудiң уақытын, орнын және жөн-жосығын айқындайды.
2. Талап етiлетiн адамды ұстап беру жөн-жосығы сауал қоюшы және сауал қойылған Уағдаласушы Тараптардың әдiлет мекемелерiнiң өкiлдерiмен қол қойылатын екi данада беру туралы хаттама жасауды енгiзуi керек. Қажет жағдайда сауал қойылған Уағдаласушы Тараптардың өкiлдерiнiң өкiлеттiгi қажет жағдайда талап етiлетiн адамды беру Уағдаласушы Тараптар арасындағы алдын-ала келiсiмге сәйкес тиiстi құжаттармен расталады.
3. Адам сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап аумағынан осы Тараппен белгiленген ақылға сыйымды уақыт кезеңi iшiнде қабылданады. Егер адам белгiленген уақыт кезеңiнде қабылданбаса, сауал қоюшы Уағдаласушы Тарап бұл адамды босатады және осы құқық бұзушылыққа байланысты осы адамды беруден бас тартады.
4. Егер оған байланысты емес жағдайлардан қандай да бiр Уағдаласушы Тарап ұстап беруге жататын адамды бере немесе қабылдай алмаса, онда ол бұл жөнiнде басқа Уағдаласушы Тарапқа кiдiртпей хабарлайды. Сауал қоюшы және сауал қойылған Уағдаласушы Тараптар берудiң жаңа мерзiмiн бiрiгiп айқындайды, және бұл жағдайда осы баптың үшiншi тармақ ережелерi қолданылады.
68-бап
Ұстап берудi кейiнге қалдыру немесе уақытша беру
1. Егер ұстап берiлуi талап етiлетiн адам сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың аумағында басқа қылмыс үшiн қылмыстық жауапкершiлiкке тартылса немесе сотталған болса, оны ұстап беру қылмыстық қудалауды тоқтатқанға, үкiмдi орындағанға дейiн немесе жазалаудан босатқанға дейiн кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
2. Егер осы баптың 1-тармағымен көзделген берудi кейiнге қалдыру немесе уақытша беру ескiлiк мерзiмiнiң өтiп кетуiне әкелуi немесе ұстап берiлуi талап етiлетiн адамға қатысты тергеуге айтарлықтай зиян тигiзуi мүмкiн болса, онда сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап кейiнге қалдырудың орнына талап етiлетiн адамды сұрау салынатын және сұрау салушы Уағдаласушы Тараптар бiрiге белгiлейтiн жағдайларға сәйкес сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа уақытша бере алады.
3. Уақытша ұстап берiлген адам ол ұстап берiлген қылмыстық iс бойынша әрекеттер жасағаннан кейiн, бiрақ үш айдан кешiктiрiлмей қайтарылуға тиiстi.
69-бап
Ұстап беру туралы үйлесетiн өтiнiштер
Егер Уағдаласушы Тараптардың бiреуi басқа Уағдаласушы Тараптан және қандай да бiр үшiншi мемлекеттен бiр адамды бiр мезгiлде ұстап беру туралы өтiнiш алса, ол ұстап беру туралы қандай өтiнiш қанағаттандыруға тиiс екендiгiн өз қалауы бойынша белгiлейдi.
70-бап
Арнайы ереже
1. Осы Шартқа сәйкес ұстап берiлетiн адамға қатысты, егер сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың келiсiмi болмаса, соған байланысты ұстап берiлген құқық бұзушылықтан басқа, оның берiлгенге дейiн жасаған кез келген құқық бұзушылығы үшiн қылмыстық қудалау, үкiм шығару жүзеге асырылмайды және сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағында оның қандай да бiр жеке еркiндiгiне шек қойылмайды.
2. Егер ұстап берiлген адамның сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағынан кетуге мүмкiндiгi болмаса және бұл адам осыған байланысты ұстап берiлген құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiктен толық босатылғаннан кейiн бiр ай iшiнде кетiп қалмаса, немесе егер бұл адам бұрын кетiп қалып сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағына өз еркiмен қайтып келсе, осы баптың 1-тармағының ережесi қолданылмайды.
71-бап
Қайталанған беру
Егер ұстап берiлген адам ол соған байланысты ұстап берiлген құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiктен оны сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағында толық босатқанға дейiн сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың аумағына қайтып келсе, онда осы адамды қайтадан ұстап беру осы Шарттың 60, 62-баптарымен көзделген құжаттарды бермей-ақ өтiнiш бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн.
72-бап
Меншiктi беру
1. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңдары мүмкiндiк беретiн көлемде, және үшiншi тараптардың тиiстi түрде сақталатын құқықтарын ескере отырып, адамды ұстап беруге әкелетiн құқық бұзушылық нәтижесiнде сатып алынуы мүмкiн, немесе қылмыстық iс бойынша дәлел ретiнде талап етiлуi мүмкiн, сұрау салынатын мемлекетте табылған түгел меншiк, егер ұстап беру рұқсат етiлген болса, сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi болған кезде берiледi.
2. Егер сұрау салушы Уағдаласушы Тарап өтiнсе, жоғарыда аталған меншiк шарт жасалған адамды ұстап беру бiр себептермен жүзеге асырыла алмайтын болса да, осы Тарапқа берiлуi мүмкiн.
3. Егер аталған меншiк сұрау салынатын Уағдаласушы Тарапқа қылмыстық iс бойынша дәлел ретiнде қажет болса, онда оны беру iс бойынша өндiрiс тоқтатылғанға дейiн кейiнге қалдырылуы мүмкiн.
4. Егер аталған меншiк сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың аумағында қолдануға тыйым салынуға немесе тәркiленуге жататын болса, онда бұл Тараптың оны бермеуi немесе уақытша беруi мүмкiн.
5. Егер сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңдары немесе үшiншi тараптардың құқықтарын қорғау мүдделерi саны талап ететiн болса кез келген осындай тәртiпте берiлген меншiк, егер осы Тарап талап ететiн болса, сот талқылауы аяқталғаннан кейiн сұрау салынатын Уағдаласушы Тарапқа қайтарылады.
73-бап
Транзиттiк тасымалдау
1. Егер адам бiр Уағдаласушы Тарапқа үшiншi мемлекеттен басқа Уағдаласушы Тараптың аумағы арқылы ұстап берiлуге тиiс болса, онда осы адамды алатын Тарап басқа Тараптан бұл адамды соның аумағы арқылы транзиттiк тасымалдауға рұқсат сұрайды. Бұл ереже басқа Уағдаласушы Тараптың аумағында самолеттiң қонуы жоспарланбайтын кезде әуе көлiгiн пайдалану ретiнде қолданылмайды.
2. Тиiстi ақпараты бар осындай өтiнiш алған соң сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап өз заңдарымен көзделген шараларға сәйкес осы өтiнiштi қарайды да, егер ол оның негiзiн қалайтын мүдделерiне зиян тигiзбесе ғана, осы өтiнiштi тез арада қанағаттандырады. Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi мекемелерi әрбiр жеке ретте транзиттiң тәсiлi, жолы және өзге жағдайлары туралы келiседi.
3. Транзиттiк тасымалдау кезiнде транзит мемлекетi тасымалданатын адамды қамауға ұстаудың заңды мүмкiндiгiн қамсыздандырады және басқа Уағдаласушы Тараптың тасымалданатын адамдарды ертiп жүрген өкiлдерiне қажеттi көмек көрсетедi.
4. Әуе мекемесiнiң жоспарланбаған қонуы жағдайында соның аумағының үстiнен ұшу жүзеге асырылатын Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тараптың тасымалданатын адамды ертiп жүретiн өкiлдерiнiң өтiнiшiмен осы баптың 1-тармағына сәйкес ұсынылатын транзиттiк тасымалдау туралы өтiнiш алғанға дейiн 48 сағаттың iшiнде бұл адамды тұтқында ұстай алады. Мұндай өтiнiш телеграф, телекс, телефакс, электронды почтаны қоса отырып, мәтiндi берудiң техникалық құралдары арқылы берiлуi мүмкiн.
5. Транзиттiк тасымалдауға байланысты шығындарды сұрау салушы Уағдаласушы Тарап көтередi.
74-бап
Қылмыстық iс бойынша өндiрiс нәтижелерi
туралы хабарландыру
Уағдаласушы Тараптар өздерiне ұстап берiлген адамдарға қарсы қылмысты iс бойынша өндiрiс нәтижелерi туралы бiр-бiрiне хабарлайды. Өтiнiш бойынша соңғы шешiмнiң де көшiрмесi жiберiледi.
II бөлiм. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру
75-бап
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру мүмкiндiгi
1. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы құқық бұзушылық жасауда күдiктенетiн адамды ұстап беруге мүмкiндiк туғызатын жағдайлар болмаған кезде, немесе егер әдiл сотты жүргiзу мүдделерi талап етсе, сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес осы адамға қарсы қылмыстық қудалауды жүзеге асыруды басқа Уағдаласушы Тараптан өтiнуi мүмкiн.
2. Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы басқа Уағдаласушы Тараптың өтiнiшiмен, егер адамды ұстап беруге мүмкiндiк туғызатын жағдайлар болмаса, сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес адам құқық бұзушылықта күдiктенген кезде, өз азаматына немесе оның аумағында тұрақты тұратын өзге адамдарға қарсы қылмыстық қудалауды жүзеге асыра алады.
76-бап
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтiнiш
және қажеттi құжаттар
1. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтiнiш жазбаша түрде жiберiледi және онда:
а) тергеу немесе соттық талқылау жүргiзуге құзырлы сұрау салушы әдiлет мекемесiнiң және сұрау салынатын әдiлет мекемесiнiң атауы;
ә) жасалған құқық бұзушылықтың орны мен уақытын нақты көрсете отырып, қылмыстық сот iсiн жүргiзудi өткiзу туралы өтiнiш осыған байланысты жiберiлетiн iс-әрекеттiң сипаттамасы;
б) қылмыс жасауда күдiктердi дәлелдейтiн, тергеу нәтижелерiн баяндау;
в) күдiктiнiң жеке басы, азаматтығы және тұратын жерi туралы мейлiнше анық ақпарат;
г) қылмыспен келтiрiлген зиянның көлемi туралы мәлiметтер болуға тиiс.
2. Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтiнiш:
а) осы iс-әрекет соның негiзiнде қылмыс болып табылатын сұрау салушы Уағдаласушы Тарап заңы ережелерiнiң мәтiнiмен, сондай-ақ қажет болса тергеу жүргiзуде маңызы бар болса заң шығару нормаларының мәтiндерiмен;
ә) жәбiрленушiнiң шағымы бойынша қозғалатын қылмыстық iстер бойынша жәбiрленушiлердiң арызымен, және зиянды өтеу туралы арыздармен;
б) күдiктiнiң сыртқы келбетiнiң сипатын, фото суретiн және өзге бейнелердi қоса отырып, оның жеке басын анықтауға мүмкiндiк туғызатын кез келген ақпаратпен бiрге жiберiледi.
3. Iстегi құжаттардың әрқайсысы сұрау салушы Уағдаласушы Тарап құзыреттi әдiлет мекемесiнiң елтаңба мөрiмен куәландыруға тиiс.
4. Өтiнiш пен соған қоса берiлетiн құжаттар осы шарттың 17-бабының ережелерiне сәйкес ресiмделедi.
77-бап
Түпнұсқалықты растау және куәландыру
Ұлттық заңдармен және осы Шартпен көзделген жағдайлардан басқа, егер Уағдаласушы Тараптар өзге туралы келiспеген болса, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтiнiшке жауап қайтара отыра берiлген құжаттар мен өзге материалдар түпнұсқалығын анықтауды немесе куәландыруды талап етпейдi.
78-бап
Өтiнiш туралы хабарландыру
Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа соңғы шешiм туралы хабарлайды. Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың өтiнiшiмен соңғы шешiмнiң көшiрмесi жiберiледi.
79-бап
Өтiнiштi қанағаттандыруға негiздер
Қылмыстық қудалау туралы өтiнiштiң, егер өтiнiш соған байланысты жiберiлетiн iс-әрекет сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың аумағында жасалған болса ғана ол құқық бұзушылық болып есептелетiн болған жағдайда қанағаттандырыла алады.
80-бап
Бас тартуға негiздер
1. Егер сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтiнiштi қабылдаудан бас тартса, ол сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа бас тарту себептерi туралы хабарлайды.
2. Егер:
а) күдiктi адам сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың азаматы болып табылмаса немесе бұл Уағдаласушы Тарап осы адам аумағында тұрақты тұратын мемлекет болып табылмаса;
ә) өтiнiш соған байланысты жiберiлетiн қылмыс ұстап беруге әкелетiн қылмыс болып табылмаса,
қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтiнiштi қабылдаудан бас тартылуы мүмкiн.
81-бап
Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың
мүмкiн еместiгi
Егер қудалау талап етiлетiн адамға қатысты сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың аумағында заңды күшiне енген үкiм немесе iс бойынша өзге соңғы шешiм шығарылса, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтiнiш орындалмайды, бұл жайлы сұрау салушы Уағдаласушы Тарап хабарланады. Мұндай жағдайда сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi қылмыстық iстi қозғай алмайды, ал олар қозғаған iс тоқтатуға жатады.
82-бап
Күдiктi адамның жағдайы
Күдiктi адам, күдiктiнiң заңды өкiлi немесе жақын туыстары бұл күдiктi адам әдiл соттан жасырынып жүрген немесе қандай да бiр өзге түрде оны жүргiзуге кедергi жасаған реттерден басқа, кез келген Уағдаласушы Тарапқа қылмыстық сот iсiн жүргiзудi өткiзудегi өз мүдделiгiн мәлiмдей алады.
83-бап
Жәбiрленушiнiң құқықтары
Сот iсiн жүргiзудi өткiзу кезiнде сұрау салушы және сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптар қылмыстан жәбiрленушi болып табылатын адам құқықтарының, атап айтқанда оның зиянды өтетуге құқығының өткiзу нәтижесiнде бұзылмауын қамтамасыз етедi. Егер азаматтық талап сот iсiн жүргiзудi өткiзгенге дейiн қанағаттандырылмаған болса, сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап өткiзiлген сот iсiн жүргiзуде талап қоюға рұқсат бередi. Жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда бұл ереже оның асырауындағы адамдарға қолданылады.
84-бап
Сот iсiн жүргiзудi өткiзудiң сұрау салушы
Тарап үшiн салдары
Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап күдiктi адамға қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтiнiш алғаннан кейiн, сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап iс бойынша соңғы шешiм шығарылғаны туралы сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа хабарламайынша, сұрау салынатын Уағдаласушы Тарапқа заң көмегiн көрсетудi қоса отырып, қажеттi тергеуден басқа, сұрау салушы Уағдаласушы Тарап қылмыстық қудалауды уақытша тоқтатады. Хабарлау сәтiнен бастап сұрау салушы Уағдаласушы Тарап тура осы қылмысқа байланысты қылмыстық қудалауды тоқтатады.
85-бап
Сот iсiн жүргiзудi өткiзудiң сұрау салынатын
Уағдаласушы Тарап үшiн салдары
1. Келiсiм бойынша өткiзiлген сот iсiн жүргiзу сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен реттеледi. Өз заңдарына сәйкес күдiктi адамға жаза қою кезiнде сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемесi қылмыс құрамының нақты элементтерiне қатысты қажеттi толықтырулар енгiзедi. Осы мемлекетке жарияланған жазалау шарасы сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың заңдарымен көзделген шарадан қатал болмауға тиiс.
2. Сот тергеуiне немесе процедуралық талаптарға байланысты сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес оның аумағында жасалатын кез келген әрекет, мұндай әрекет сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңдарына қаншалықты сай келетiндiгiне қарай егер ол осы мемлекетте немесе осы мемлекеттiң әдiлет мекемесiмен жасалған кезде қандай заңды күшке ие болса, сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың аумағында тура сондай заңды күшке ие.
3. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтiнiш бойынша сот тергеуi нәтижесiнде қабылданған шешiм туралы сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа хабарлайды. Осы мақсатпен оның өтiнiшi бойынша кез келген соңғы шешiмнiң көшiрмесi берiледi.
86-бап
Жауапкершiлiктi жеңiлдететiн және ауырлататын
жағдайлар
Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы сот тергеуiн қоса отырып, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кезiнде олар Уағдаласушы Тараптардың қайсысында пайда болғанына қарамастан, Уағдаласушы Тараптардың заңдарымен көзделген жауапкершiлiктi жеңiлдететiн және ауырлататын жағдайларды ескередi.
87-бап
Уақытша шаралар
Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап қылмыстық қудалауды жүзеге асыру жөнiндегi өтiнiштi жiберу ниетi туралы жариялаған кезде сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап сұрау салушы осы мақсат үшiн жiберген арнайы өтiнiштi алған соң алдын ала ұстау мен тұтқынға алуды қоса отырып, егер қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы өтiнiш осыған байланысты жiберілген құқық бұзушылық оның аумағында жасалған болса, сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес қолданылуы мүмкiн барлық уақытша шараларды қолдана алады.
III бөлiм. Қылмыстық iстер жөнiндегi құқықтық көмек
және құқықтық қатынастар туралы арнайы ережелер
88-бап
Жауап беру немесе тергеу жүргiзуде көмек көрсету
үшiн тұтқындағы адамдарды өткiзу
1. Уағдаласушы Тараптар өз заңдарына сәйкес және тұтқындағы адамдардың келiсiмiмен, тиiстi өтiнiш болған кезде, жауап беру немесе тергеу жүргiзуде көмек көрсету үшiн оларды бiр-бiрiне уақытша бере алады.
2. Осы баптың 1-тармағымен көзделген түрде адамдарды беру Уағдаласушы Тараптар бiрге келiсетiн, бiрақ бiр айдан аспайтын, ал ерекше жағдайларда екi айдан аспайтын мерзiмге жүзеге асырылуы мүмкiн.
3. Егер сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес қоса берiлетiн адам тұтқында ұсталуға тиiс болса, сұрау салушы Уағдаласушы Тарап бұл адамды тұтқынға ұстайды да осы баптың 2-тармағымен көзделген мерзiмдердi ескере отырып, немесе, егер оның сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағында кейiн де болуы қажет етiлмеген кезде, одан да ерте оны беру туралы өтiнiш соған байланысты берiлген сот тергеуi аяқталғаннан кейiн оны сұрау салынатын Уағдаласушы Тарапқа қайтарады.
89-бап
Ұстап берiлуi талап етiлетiн адамды уақытша
беру мерзiмдерi
1. Осы Шарттың 68-бабына сәйкес ұстап берiлуi талап етiлетiн адамды уақытша беру мерзiмдерi, әдiл сотты жүзеге асыру мүдделерiне қарай және Уағдаласушы Тараптардың заңдарымен рұқсат етiлген тұтқында ұстаудың шектi мерзiмдерiн ескере отырып, Уағдаласушы Тараптармен бiрiге белгiленедi.
2. Осы шарттың 68-бабымен және осы баптың 1-тармағымен көзделген жағдайларда уақытша ұстап берiлетiн адамды тұтқында ұстау мерзiмдерi сұрау салушы және сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптардың заңдарына сәйкес әрбiр қылмыстық iс бойынша жеке ескерiлуге тиiс.
90-бап
Тiнту және тартып алу
Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен рұқсат етiлетiн шектерде ол осы Шарттың 72-бабымен көзделген жағдайларды сақтау кезiнде қылмыстық iс бойынша дәлелдер ретiнде пайдалану үшiн заттар мен құжаттарды тiнту, тартып алу және сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа беру туралы өтiнiштi орындайды.
91-бап
Құқық бұзушылықтан түскен табыстар
Уағдаласушы Тараптар құқық бұзушылықтан түскен табыстарды табу, тартып алу және тәркiлеуде көмек көрсетедi. Осы Шарттың мақсаттары үшiн "қылмыстан түскен табыстар" тiкелей немесе жанама түрде құқық бұзушылық жасау салдарынан түскен немесе сатылған кез келген күдiктi немесе сотпен белгiленген меншiктi, не құқық бұзушылық жасау нәтижесiнде алынған басқа пайдаларды бiлдiредi.
92-бап
Құқық бұзушылықтардан түскен табыстарға қатысты
көмек көрсету
1. Қылмыстан түскен табыстарға қатысты көмек туралы өтiнiштi сұрау салынатын Уағдаласушы Тарапқа жiбере отырып, сұрау салушы Уағдаласушы Тарап мұндай табыстар сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың юрисдикциясы шектерiнде болуы мүмкiн деп есептейтiн себептер туралы хабарлайды.
2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес жiберiлген өтiнiштi алып сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап қылмыстан түскен қандай да бiр табыстар оның юрисдикциясы шектерiнде болып-болмауын анықтауға қажеттi шаралар қолданады және тергеу нәтижелерi туралы сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа хабарлайды.
3. Егер қылмыстан түскен қандай да бiр табыстар сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап юрисдикциясының шектерiнде болса, ол активтердi анықтауға, қаржы операцияларын тергеуге және құқық бұзушылықтан түскен табыстарды тартып алуды қамтамасыз етуге көмектесе алатын басқа ақпаратты немесе куәлiктердi алуға қажеттi шаралар қолданады.
4. Болжалынып отырған қылмыстан түскен табыстар анықталған жағдайда тиiстi өтiнiш болған кезде сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап қандай да бiр операцияларға, сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың соты осы табыстарға қатысты соңғы шешiм қабылданғанға дейiн болжаланып отырған қылмыстан түскен осы табыстарды беруге немесе пайдалануға жол бермеу мақсатымен оның заңдарымен рұқсат етiлген шаралар қолданады.
5. Сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың заңдарымен белгiленген шектерде ол қылмыстан түскен табыстарды тартып алу немесе тәркiлеу туралы сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың соңғы шешiмiн орындауға келтiредi немесе орындалуына рұқсат етедi, немесе сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың өтiнiшiне сәйкес осы табыстарды алуға басқа тиiстi шаралар қолданады.
6. Осы бапта қолдану кезiнде Уағдаласушы Тараптар адал ниеттi үшiншi тараптар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етедi, ал қылмыстан түскен табыстарды беру осы Шарттың 72-бабымен көзделген жағдайларды сақтай отырып жүзеге асырылады.
93-бап
Бақыланатын қамсыздандырушылық
1. Уағдаласушы Тараптар өз заңдарының және өз мүмкiндiктерiнiң шеңберiнде айналымына тыйым салынған заттар, құралдар немесе бұйымдардың заңсыз айналуына қатысушы адамдарды анықтау және оларды қылмыстық қудалау мақсатында кез келген үшiншi тараппен келiсiмдердi және шарттарды қоса отырып, өзара тиiмдi шарттар негiзiнде айналымға тыйым салынған заттарды, құралдарды немесе бұйымдарды бақыланатын қамсыздандырушылық әдiсiн тиiстi пайдалануды көздейтiн қажеттi шаралар қолданады.
2. Бақыланатын қамсыздандырушылықтың әдiсiн пайдалану туралы шешiмдер адамдардың өмiрi мен денсаулығына, қоршаған ортаға, құқықтар мен заңмен қорғалатын мүдделерге туғызуы мүмкiн қауiптiң деңгейiн тиiстi түрде ескере отырып, әрбiр жеке жағдайда Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi органдарымен қабылданады, және қажет жағдайда тараптар жасаған қаржылық шарттар мен юрисдикцияға қатысты өзара түсiнiсудi ескеруi мүмкiн.
3. Бақыланатын қамсыздандырушылықтары жасалған шарттарға сәйкес, оның iшiнде кез келген үшiншi тараптың қатысуымен жүзеге асырылатын, айналымына тыйым салынған заттардың, құралдар немесе бұйымдардың заңсыз партиялары адамдардың өмiрi мен денсаулығына және қоршаған ортаға туғызуы мүмкiн қауiптiң деңгейiн ескере отырып мұндай заттарды, құралдар немесе бұйымдарды сақтаумен немесе тартып алумен, не толық немесе жартылай ауыстырумен кейiннен тасымалдау үшiн пайдаланылуы мүмкiн.
94-бап
Сұрау салынатын және сұрау салушы Уағдаласушы
Тараптардың соттарына жататын iстердi қарау тәртiбi
Адамдарды немесе адамдар тобын, iстерi сұрау салынатын және сұрау салушы Уағдаласушы Тараптардың соттарында қаралуға тиiс бiрнеше қылмыстар жасауда айыптау кезiнде оларды аумағында алдын ала тергеу аяқталған Уағдаласушы Тараптың соты қарауға құзыреттi. Бұл жағдайда iстер осы Уағдаласушы Тараптың сот iсiн жүргiзу ережелерi бойынша қаралады.
95-бап
Айыптау үкiмдерi туралы хабарлар және
сотталушылық туралы мәлiметтер
1. Уағдаласушы Тараптар айыпталушылардың фотосуреттерi мен қол саусақтарының таңбасын бiрге жiбере отырып, басқа Уағдаласушы Тараптың азаматтарына қатысты өз соттары шығарған заңды күшiне енген айыптау үкiмдерi туралы бiр-бiрiне хабарлап тұруға мiндеттенедi.
2. Уағдаласушы Тараптар, егер адамдар сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың аумағында қылмыстық жауапкершiлiкке тартылатын болса, өз соттарымен бұдан бұрын айыпталған адамдардың сотталушылығы туралы өтiнiш бойынша бiр-бiрiне мәлiметтер хабарлайтын болады.
96-бап
Құпиялылықты сақтау
Тиiстi өтiнiш болған кезде:
а) сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап көмек көрсету, өтiнiштiң және растайтын құжатттардың мазмұны туралы өтiнiштi, сондай-ақ мұндай көмек көрсету фактiсiн құпияда сақтауға қажеттi шаралар қабылдайды. Егер бұл өтiнiш құпиялылықты бұзусыз қанағаттандырылмайтын болса, сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап бұл жайлы сұрау салушы Уағдаласушы Тарапқа хабарлайды, ал ол осыған қарамастан бұл өтiнiштi қанағаттандыру туралы сұраудың керектiгi немесе керек еместiгiн кейiннен белгiлейдi;
ә) сұрау салушы Уағдаласушы Тарап осы куәлiктер және ақпарат өтiнiште көрсетiлген тергеу және сот талқылауын өткiзу үшiн талап етiлетiн жағдайлардан басқа, сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап берген куәлiктер мен ақпаратты құпияда сақтайды.
97-бап
Пайдалануға шек қою
Сұрау салушы Уағдаласушы Тарап сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың келiсiмiнсiз көмек көрсету туралы өтiнiште аталған тергеулер немесе талқылаулардан басқа, қандай да бiр тергеулер немесе толықтырулар үшiн сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап беретiн ақпаратты немесе дәлелдердi пайдаланбайды немесе бермейдi. Алайда айыптау өзгерген жағдайда берiлген материал қойылған айыпқа сәйкес құқық бұзушылық осы Шартқа сәйкес өзара көмек көрсетiлуi мүмкiн құқық бұзушылық болып табылатын деңгейде пайдаланылуы мүмкiн.
98-бап
Куәларды, жәбiрленушiлердi және қылмыстық
процестiң басқа қатысушыларын қорғау
Уағдаласушы Тараптар қажет болған жағдайда, сондай-ақ әдiл сотты жүзеге асыру мүдделерi талап ететiн кезде мұндай iстердi соттарда қарау кезде бiрлескен тергеу жүргiзетiн құқық бұзушылық туралы iстер бойынша куәларды, жәбiрленушiлердi және қылмыстық процеске басқа қатысушыларды қорғауға өз заңдарымен көзделген шаралар қолданады.
99-бап
Тасымалдауға байланысты шығындар
Жауап беруге немесе тергеу өткiзуге көмек көрсету үшiн тұтқындағы адамды уақытша беру кезiнде, осы Шарттың 88-бабымен көзделген тасымалдауға байланысты, осы адамдарды үшiншi мемлекеттердiң аумағы арқылы транзиттiк тасымалдауға шыққан шығындарды сұрау салушы Уағдаласушы Тарап көтередi.
100-бап
Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздестiру
1. Уағдаласушы Тараптар мұндай адамдар сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың аумағында болуы мүмкiн деп ойлауға негiздер болған кезде өтiнiш бойынша хабар-ошарсыз жоқ болып кеткен адамдарды iздестiрудi жүзеге асырады.
2. Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды iздестiру туралы өтiнiш осы Шарттың 7 және 17-баптарының ережелерiне сәйкес жазылады және iзделетiн адамдардың орналасқан жерiн анықтауда көмектесуi мүмкiн кез келген өзге ақпаратпен қатар онда ол адамның жеке басының мүмкiндiгiнше толық сипаттамасы болуға тиiс.
3. Хабар-ошарсыз кеткен адамды iздестiру туралы өтiнiшке, олар болған кезде iздестiрiлетiн адамның фотосуреттерi немесе өзге графикалық бейнелерi, тiс картасы, қол саусақтарының белгiсi, сондай-ақ талап етiлiп қалуы мүмкiн өзге құжаттары немесе олардың көшiрмелерi қоса берiледi.
101-бап
Қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету
кезiнде Уағдаласушы Тараптар өкiлдерiнiң қатысуы
Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң әдiлет мекемелерiнiң өкiлдерi басқа Уағдаласушы Тараптың келiсiмiмен қылмыстық iстер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы өтiнiштi осы Уағдаласушы Тараптың әдiлет мекемелерi орындаған кезде қатыса алады.
102-бап
Ұстап берiлген адамдарды қаруланған түрде алып бару
1. Уағдаласушы Тараптар ұстап берiлуiне немесе тапсырылуына рұқсат етiлген адамдарды және тергеу жүргiзуде көмек көрсетуге берiлетiн адамдарды олардың аумағынан шығару кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсаттарында мұндай адамдарды сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемелерiнiң қарулы өкiлдерi алып баруы мүмкiн деп келiстi. Бұл жайлы сұрау салынатын Уағдаласушы Тарап алдын ала басқа Уағдаласушы Тараппен хабарланады.
2. Сұрау салушы Уағдаласушы Тараптың құзыреттi әдiлет мекемелерiнiң өкiлдерi өз қызмет мiндеттерiн орындаған кезде осы баптың 1-тармағымен көзделген жағдайларда оларға сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың құқық қорғау органдары жұмыскерлерiнiң құқықтық мәртебесi қолданылады. Осыған сәйкес олар мекендеген мемлекеттiң және өз мемлекетiнiң құқықтық қорғауымен пайдаланады, жеке қол сұқпаушылыққа, табельдi атылатын қаруды сақтау, ұстау және пайдалану құқығына ие, және қызметтерiн мекендеу мемлекетiнiң нормативтiк актiлерiне сәйкес орындайды.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған құзыреттi әдiлет мекемелерiнiң өкiлдерi жасаған құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау кезiнде, олар азаматтары болып табылатын Уағдаласушы Тарап басқа Уағдаласушы Тарапқа қажеттi көмек пен жәрдем көрсетедi. Мұндай жағдайларда құқық бұзушыларды қылмыстық қудалау Уағдаласушы Тараптардың заңдарына және осы Шарттың ережелерiне сәйкес, олар азаматтары болып табылатын Тарапқа өтiнiш бойынша берiлуi мүмкiн.
4. Құзыреттi әдiлет мекемелерi өкiлдерiнiң табельдi атылатын қарулары, оның оқ-дәрiлерi, арнайы құралдары және жеке қорғану құралдары осы баптың 1-тармағымен көзделген жағдайларда сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың аумағына, нысаны мен мазмұны Уағдаласушы Тараптардың екеуiмен де келiсiлiнуге тиiс арнайы тiзiмдер (рұқсат қағазы) бойынша өткiзiледi және мiндеттi түрде қайта алып шығуға жатады. Қаруды, оқ-дәрiлердi, арнайы құралдарды және жеке қорғану құралдарын алып шығу құзыреттi әдiлет мекемелерi өкiлдерiнiң сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың аумағына кiруi кезiнде кеден органдары куәландырған, аталған тiзiмдердiң (рұқсат қағаздарының) негiзiнде жүзеге асырылады.
5. Осы баптың ережелерi Уағдаласушы Тараптардың аумағы арқылы Тараптарға үшiншi мемлекеттер ұстап берген адамдарды транзиттiк тасымалдау жағдайларына қолданылады. Осы Шарттың 73-бабының 4-тармағымен көзделген жағдайда тасымалданатын адамды ертiп бара жатқан Уағдаласушы Тараптың өкiлдерiнде атылатын қару, оқ-дәрiлер, арнайы құралдар және жеке қорғану құралдары бар екендiгi туралы осы Шарттың 73-бабының 1 және 44-тармақтарына сәйкес берiлетiн транзиттiк тасымалдау туралы өтiнiште хабарланады. Мұндай өтiнiштi алғанға дейiн қару, оқ-дәрiлер, арнайы құралдар және жеке қорғану құралдары сұрау салынатын Уағдаласушы Тараптың құзыреттi мекемелерiне сақтауға өткiзiлуге тиiс.
103-бап
Қылмыстық iстер бойынша көмек көрсету мәселелерi
жөнiндегi қатынастар тәртiбi
Ұстап беру және қылмыстық қудалау мәселелерi жөнiндегi қатынастар Уағдаласушы Тараптардың бас прокурорларымен (прокурорларымен) жүзеге асырылады.
Прокурордың (соттың) санкциясын талап ететiн iс жүргiзу және өзге әрекеттердi орындау мәселелерi жөнiндегi қатынастар Уағдаласушы Тараптардың бас прокурорларымен (прокурорларымен) белгiленген тәртiпте прокуратура органдарымен жүзеге асырылады.
V тарау. Қорытынды ережелер
104-бап
Осы Шартты қолдану мәселелерi
1. Осы Шартты қолдану кезiнде пайда болатын мәселелердi құзыреттi әдiлет мекемелерi өзара келiсiм бойынша шешедi. Қажет болғанда пайда болған келiспеушiлiктi реттеу мақсаттарында Уағдаласушы Тараптардың тиiстi мемлекеттiк органдарының өкiлдерiмен Бiрлескен комиссия құрылуы мүмкiн.
2. Уағдаласушы Тараптар әдiлет мекемелерiнiң орталық органдары осы Шарттың ережелерiн практикада қолдану мәселелерi бойынша ведомство аралық шарттар (келiсiмдер) жасай алады.
105-бап
Басқа халықаралық шарттарға көзқарас
Осы Шарт Уағдаласушы Тараптар қатысушылары болып табылатын басқа халықаралық шарттардың ережелерiн қозғамайды.
106-бап
Толықтырулар мен өзгертулер енгiзу
Осы Шартқа Уағдаласушы Тараптардың екеуiнiң де өзара келiсiмi бойынша, осы Шарттың 107-бабымен көзделген жағдайларға сәйкес күшiне енетiн толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлуi мүмкiн.
107-бап
Күшiне ену
Осы Шарт бекiтуге жатады және бекiту грамоталарымен алысу күнiнен бастап он үшiншi күнi күшiне енедi.
108-бап
Қолданылу мерзiмi
Осы шарт күшiне енген күннен бастап бес жыл iшiнде қолданылатын болады және оның қолданылу мерзiмi, егер Уағдаласушы Тараптардың бiрде бiреуi оның қолданылуын тоқтатқысы келетiндiгi туралы басқа Уағдаласушы Тарапқа жазбаша хабарландыру жiбермесе, келесi бес жылдық мерзiмдерге бiрден ұзартылады. Шарт басқа Уағдаласушы Тарап мұндай ескерту алған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн күшiн жояды.
109-бап
Уақытта қолданылуы
Осы Шарттың күшi бұл күшiне енгенге дейiн пайда болған құқықтық қатынастарға да қолданылады.
Алматы қаласында 1997 жылғы 2 маусымда, екi түпнұсқада, әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде жасалған және барлық мәтiндер бiрдей күшке ие.
Осы Шарттың ережелерiн талқылау мақсаттары үшiн орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылады.
Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасы
үшiн үшiн