Ескерту. Бүкiл мәтiнi бойынша "әкiмият" деген сөз тиiстi жалғаулары ескерiле отырып "әкiмдiк" деген сөзбен ауыстырылды - Қазақстан Республикасының 2004.06.16. N 566 Заңымен.
I-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) нормативтiк құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкiлеттi орган немесе мемлекеттiң лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгiлейтiн, олардың қолданылуын өзгертетiн, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
2) заңдар - белгiленген тәртiппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң жиынтығы;
3) құқық нормасы (құқықтық норма) - нормативтiк құқықтық актiде тұжырымдалған, көп мәрте қолдануға арналған және нормативтiк реттелген ахуал шеңберiнде барлық тұлғаларға қолданылатын жалпыға мiндеттi мiнез-құлық ережесi;
4) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi - нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысындағы өзiнiң заң күшiне қарай алатын орны;
5) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заң - Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
6) Конституциялық заң - Қазақстан Республикасы Конституциясында конституциялық деп аталған, Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
7) заң - қоғамдық қатынастарды реттейтiн, Қазақстан Республикасы Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көзделген түбегейлi принциптер мен нормаларды белгiлейтiн, Қазақстан Республикасының Парламентi, ал Қазақстан Республикасы Конституциясы 53-бабының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайтын нормативтiк құқықтық акт;
8) заң актiсi - Конституциялық заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығы, Кодекс, Заң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары;
9) кодекс - осы Заңның 3-1-бабында көзделген бiртектес қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар бiрiктiрiлiп, жүйеге келтiрiлген заң; <*>
10) заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлер - заң актiлерi болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының
Конституциясы
мен заң актілерінің негізінде және соларды орындау үшін шығарылған, өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;
11) уәкiлеттi орган - Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ сол органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын заңдарда белгiленген өз құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға хақылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, өзге де мемлекеттiк органдар);
12) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi - олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлердiң (өзгерiстерi мен толықтыруларын қоса) қағазға басылған мәтiндерiнiң жиынтығы;
13) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi - нормативтiк құқықтық актiлердiң реквизиттерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi мемлекеттiк есебiнiң бiрыңғай жүйесi;
14) нормативтiк құқықтық актiнi ресми жариялау - нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтiнiн ресми және мерзiмдiк баспа басылымдарында жалпы жұрттың назарына салу үшiн жариялау;
15) нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау - Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткен нормативтік құқықтық актілерді баспа басылымында жариялау.
Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.06.16. N
566
, 2005.10.21.
N 81
Заңдарымен.
2-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
1. Заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен табыс ету, қабылдау, тіркеу, күшiне енгiзу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру, оларды жариялау ерекшелiктерi олардың деңгейiне сәйкес, нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайтын мемлекеттiк органдардың қызметiн реттейтiн заң актiлерiмен, осы органдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын актiлермен, соның iшiнде олар туралы ережелермен және олардың регламенттерiмен, басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен айқындалады.
2. Осы Заң Қазақстан Республикасы Конституциясын қабылдау, өзгерту және оның қолданылуын тоқтату тәртiбiн реттемейдi.
3. Осы Заңмен халықаралық шарттарды, оның iшiнде құқықтық нормаларды қамтитын шарттарды дайындау, жасасу, орындау және күшiн жою тәртiбi реттелмейдi.
4. Осы Заңда заңдарға сәйкес қабылданған, бiрақ осы Заңның 1-бабының 1) тармақшасында келтiрiлген талаптарға сай келмейтiн және құқықты iске асыру және құқық қолданушылық мәнi бар нормативтiк құқықтық актiлердi, атап айтқанда:
1) мемлекеттiк емес ұйымдардың, оның iшiнде қоғамдық бiрлестiктер мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының нормативтiк актiлерiн;
2) уәкiлеттi орган болып табылмайтын мемлекеттiк ұйымдардың нормативтiк актiлерiн;
3) техникалық және технологиялық нормалар мен стандарттар қамтылған нормативтiк актiлердi әзiрлеу, табыс ету, қабылдау, күшiне енгiзу, қолдану, жариялау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртiбi белгiленбейдi.
Ескерту. 2-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.06.16. N
566
Заңдарымен.
3-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және
туынды түрлерi
1. Нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi және туынды актiлер болып бөлiнедi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi түрлерiне мыналар жатады:
1) Конституция, конституциялық заңдар, кодекстер, заңдар;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге де нормативтiк құқықтық Жарлықтары;
3) Қазақстан Республикасы Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасының министрлерi мен өзге де орталық мемлекеттiк органдар басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары;<*>
7) орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары; <*>
7-1) орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары; <*>
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
3. Нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерiне мыналар жатады:
1) регламент - қандай да бiр мемлекеттiк орган мен оның құрылымдық бөлiмшелерi қызметiнiң iшкi тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық акт;
2) ереже - қандай да бiр мемлекеттiк органның немесе оның құрылымдық бөлiмшесiнiң мәртебесi мен өкiлеттiгiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
3) қағида - қандай да бiр қызмет түрiн ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртiбiн белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
4) нұсқаулық - заңдардың қоғамдық қатынастардың қандай да бiр саласында қолданылуын егжей-тегжейлi көрсететiн нормативтiк құқықтық акт.
4. Туынды түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер негiзгi түрлердегi нормативтiк құқықтық актiлер арқылы қабылданады немесе бекiтiледi және олармен бiр тұтастық құрайды. Туынды түрдегi нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысында алатын орны негiзгi түрдегi актiнiң деңгейiмен анықталады.
5. Орталық атқарушы органдар мен Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың аумақтық органдарының, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген жергілікті атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілер шығаруға құқығы жоқ.
6. Мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қабылдайтын жеке қолданылатын құқықтық актілер нормативтік құқықтық актілер болып табылмайды.
Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.06.16. N
566
Заңдарымен.
3-1-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерiмен
реттелетiн қоғамдық қатынастар
Қазақстан Республикасының кодекстерi:
1) бюджеттiк;
2) азаматтық;
3) азаматтық iс жүргізу;
4) неке-отбасы;
5) экологиялық;
6) су;
7) жер;
8) орман;
9) салық;
10) кеден;
11) көлiк;
12) еңбек;
13) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;
14) әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартуға байланысты;
15) қылмыстық жауапкершiлiкке тартуға байланысты;
16) қылмыстық iс жүргiзу сияқты бiртектес қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.
Ескерту. 3-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.06.16. N
566
Заңымен
.
4-бап. Нормативтiк құқықтық актiлер сатысы
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күшi бар.
2. Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшiнiң арақатынасы мынадай төмендей беретiн деңгейлерге сәйкес болады:
1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн Заңдар:
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлықтары;
2-1) Қазақстан Республикасының Кодекстерi;
3) Қазақстан Республикасының Заңдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтары;
4) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының нормативтiк қаулылары; <*>
5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк жарлықтары; <*>
6) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулылары;
7) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары; <*>
7-1) орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары; <*>
8) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
3. Төменгi деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлердiң әрқайсысы жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келмеуге тиiс.
4. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары аталған сатыдан тыс тұрады. <*>
5. Әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкiмдерiнiң нормативтiк құқықтық шешiмдерiнiң сатысы Қазақстан Республикасының Конституциясымен және жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы заң актiлерiмен белгiленедi. <*>
6. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары тек Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана негiзделедi және барлық өзге нормативтiк құқықтық актiлер оларға қайшы келуге тиiс емес.
Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2001.10.17. N
248
, 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.06.16. N
566
Заңдарымен.
5-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiкелей
қолданылуы
1. Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзгеше айтылмаса, барлық нормативтiк құқықтық актiлер тiкелей қолданылады.
2. Күшiне енген нормативтiк құқықтық актiлердi қолдану үшiн қандай да болсын қосымша нұсқаулар талап етiлмейдi.
3. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде оның қандай да бiр құқық нормасы қосымша нормативтiк құқықтық акт негiзiнде қолданылатындығы көрсетiлсе, онда бұл норма негiзгi және қосымша нормативтiк құқықтық актiге сәйкес қолданылады. Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды бұрын реттеп келген нормативтiк құқықтық актiлер қолданылады.
6-бап. Әр түрлi нормативтiк құқықтық актiлердiң құқық
нормаларының қайшылықтары
1. Әр түрлі деңгейдегі нормативтік актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде неғұрлым жоғары деңгейдегі актінің нормалары қолданылады.
2. Заңдар нормаларының Қазақстан Республикасы кодекстерінің нормаларымен алшақтығы болған жағдайларда олар кодекстерге тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана қолданылуы мүмкін.
3. Бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар болған кезде қолданысқа кейінірек енгізілген актінің нормалары қолданылады.
Ескерту. 6-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
7-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын
дайындау жоспарлары
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындау жоспарлары бiр жылға жасалатын ағымдағы және неғұрлым ұзақ мерзiмге жасалатын перспективалық жоспарлар болып бөлiнедi.
Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ дайындау уақыты бiр жылдан астам мерзiмге жоспарланатын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу көзделедi.
2. Дайындау жоспарларында:
1) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейiн, нысаны мен реттеу мәнiн бейнелейтiн атауы;
2) дайындау мерзiмдерi;
3) жобаны әзiрлеуге жауапты мемлекеттiк органдар мен ұйымдар көрсетiледi.
3. Егер осы Заңда және басқа заңдарда өзгеше көзделмесе, нормативтiк құқықтық актiлердi дайындау жоспарларын тиiстi актiлердi қабылдауға құзыреттi мемлекеттiк органдар жасайды және бекiтедi.
4. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындау жоспарларын жасаған кезде мемлекеттiк және өзге де органдар мен ұйымдардың, оның iшiнде ғылыми ұйымдардың ұсыныстары, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалардың ұсыныстары ескерiледi.
5. Нормативтiк құқықтық актiлер жобасын дайындау жоспарларын жасайтын және бекiтетiн мемлекеттiк органдар жоспарларға осы актiлердiң дайындалуын бейнелейтiн басқа да көрсеткiштер енгiзуi мүмкiн.
8-бап. Қазақстан Республикасының Президентi шығаратын
нормативтiк құқықтық актiлердi дайындауды
жоспарлау
Қазақстан Республикасының Президентi шығаратын нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртiбi мен нысандарын Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi.
9-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң заң
актiлерiн дайындауды жоспарлау
Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдайтын заң актiлерiнiң жобаларын дайындауды жоспарлаудың тәртiбi мен нысандарын Парламент пен оның палаталары Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 3-тармағында белгiленген өз құзыретiне сәйкес айқындайды.
10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заң жобасы
жұмыстарын жоспарлау
1. Қазақстан Республикасы Үкiметi заң жобасы жұмыстарының перспективалық және жыл сайынғы жоспарларын жасайды.
2. Жоспарлардың жобаларын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi әзiрлейдi.
3. Үкiметтiң заң жобалаушылық жұмыстарының жоспары Қазақстан Республикасының Президентiмен келiсiледi.
11-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
нормативтiк құқықтық актiлер дайындау
жөнiндегi тапсырмалары
Қазақстан Республикасының Үкiметi заң жобалаушылық жұмыстары жоспарына сәйкес жоспарда аталған мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға жоспарда көзделген мерзiмде нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға тапсырма бередi.
12-бап. Орталық атқарушы органдардың Қазақстан
Республикасы Үкiметi мен Қазақстан
Республикасының өзге орталық органдары
құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң
де, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының
нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын
дайындауды жоспарлау ерекшелiктерi
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, сондай-ақ жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауды жобалаудың ерекшелiктерiн осы органдардың әрқайсысы айқындайды.
13-бап. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларын
әзiрлейтiн мемлекеттiк органдар
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, уәкiлеттi органдар өз бастамашылығымен немесе жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың тапсырмалары бойынша әзiрлейдi.
2. Өзге де барлық мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдар мен адамдар нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу жөнiнде ұсыныс жасауға немесе мұндай актiлердiң бастамашылық жобаларын уәкiлеттi органдардың қарауына беруге хақылы. Уәкiлеттi органдар оларды өздерi әзiрлейтiн жобалар үшiн негiз ретiнде қабылдауы немесе олардың одан әрi әзiрленуiн және жобалардың қабылдануын жөнсiз деп тануы мүмкiн.
14-бап. Нормативтiк құқықтық акт жобасын әзiрлеу
тәртiбi
1. Нормативтiк құқықтық акт жобасын әзiрлеушi уәкiлеттi орган жобаны дайындау жөнiндегi жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының мiндетiн атқаратын өз бөлiмшелерiнiң бiрiне тапсырады. Жобаны дайындауға жобаны дайындайтын органның заң бөлiмшесiнiң қызметкерлерiнiң қатысуы мiндеттi.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң жобасын дайындау жөнiндегi жұмыс тобының жұмысына кез келген сатыда қатысуға құқылы.
2. Заңдарды, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулыларын, ал қажет болған жағдайда - басқа да уәкiлеттi органдардың нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын дайындауға әр түрлi бiлiм салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен ғылыми қызметкерлер, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi тартылуы мүмкiн.
3. Бiр деңгейдегi уәкiлеттi органдардың заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерiн бiрнеше уәкiлеттi орган әзiрлеп, ал қажет болған жағдайда - қабылдауы мүмкiн.
Бiрнеше уәкiлеттi органның заңға тәуелдi нормативтiк актiлерiн осы Заңда көзделген тәртiппен олар бiрлесiп әзiрлейдi, олар уәкiлеттi органдардың басшылары қол қоятын бiрлескен бұйрықтар немесе қаулылар түрiнде қабылданады.
Бiрлескен нормативтiк құқықтық актiлердiң туынды түрлерi (осы Заңның 3-бабының 3-тармағы) туында нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаған уәкiлеттi органдардың негiзгi нормативтiк құқықтық актiлерi арқылы бекiтiлiп, онда туынды актiнi қабылдауға арқау болған негiзгi нормативтiк актiлер көрсетiледi.
4. Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен дайындалатын заңдар жобаларының әзiрлеушiлерi Парламент депутаттары болып табылады.
Егер нормативтiк құқықтық актiлердiң жалпыға мiндеттi маңызы болса, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болса немесе кәсiпкерлiк қызметтi реттесе, Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi олардың жобалары бойынша заң сараптамасын жүргiзедi.
5. Егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, уәкiлеттi орган нормативтiк құқықтық акт жобасын дайындауды өзiне бағынысты мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыра алады немесе бөлiнген бюджеттiк және бюджеттен тыс қаражатты осы мақсаттарға пайдалана отырып, оны дайындаушы шарттық негiзде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына, соның iшiнде шетелдiктерге тапсырыс бере алады.
6. Уәкiлеттi орган балама жобалар дайындауды бiрнеше мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсыруға немесе оларды әзiрлеудi шарттық негiзде, оның iшiнде конкурс бойынша бiрнеше ғылыми ұйымдарға немесе ғалымдарға тапсыруға хақылы.
7. Егер Қазақстан Республикасы заң актiсiнiң, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық Жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулысының әзiрленiп жатқан жобасы нормаларының қолданылуын қамтамасыз ету үшiн басқа нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет болса, негiзгi актiнiң жобасымен бiр мезгiлде актiлердiң өзгерiстерi мен толықтырулары көрсетiлген жобалары дайындалуға немесе тиiстi органдарға осындай актiлер дайындау туралы тапсырма берiлуге тиiс.
Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.10.21.
N 81
Заңдарымен.
15-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын мүдделi
мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен келiсу
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң дайындалған жобасы, ал қажет болған жағдайда - оны дамыту үшiн қабылданатын басқа да нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы мүдделi мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға келiсуге жiберiледi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары мiндеттi түрде келiсiлуге тиiстi мемлекеттiк органдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi, бұған Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң жобалары және Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен енгiзетiн заң актiлерiнiң жобалары қосылмайды.
3. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы келiсуге жiберiлген мемлекеттiк органдар мен ұйымдар, егер уәкiлеттi орган өзге бiр, неғұрлым қысқа мерзiм белгiлемесе, оны алған күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жоба бойынша өз ескертпелерi мен ұсыныстарын дайындауға немесе олардың жоқтығы туралы жобаны әзiрлеген органға хабарлауға тиiс.
4. Алынған ескертпелер бойынша жобаны қажет болған жағдайда оны әзiрлеген орган пысықтайды, ал жұмыс тобы қабылданған және қабылданбаған ескертпелер, ескертпелердiң қабылданбау себептерi туралы анықтама жазады. Бұл анықтама нормативтiк құқықтық акт жобасымен бiрге жұмыс тобын құрған мемлекеттiк органға берiледi.
5. Жұмыс тобын құрған мемлекеттiк орган жобаға жұмыс тобымен бiрлесiп талқылануға тиiс өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуi немесе жобаны жұмыс тобына пысықтау үшiн қайтарып беруi мүмкiн.
16-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң реквизиттерi
Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай реквизиттерi болуға тиiс:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Елтаңбасы;
2) актiнiң нысанына нұсқау; Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Конституциялық заң күшi бар Жарлығы; Кодекс; Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Сенаттың қаулысы; Мәжiлiстiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; Министрдiң бұйрығы; орталық мемлекеттiк орган басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттiк органның қаулысы; орталық мемлекеттiк орган ведомствосы басшысының бұйрығы; мәслихаттың шешiмi; әкiмдiктiң қаулысы; әкiмнiң шешiмi; осы Заңда көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң өзге де нысаны;
3) осы нормативтiк құқықтық акт реттейтiн iстi бiлдiретiн тақырып;
4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен күнi;
5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;
6) тиiстi нормативтiк құқықтық актiге қол қоюға уәкiлдiк берiлген адамның қолы;
7) нормативтiк құқықтық актiнiң Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткен күнi мен нөмiрiн осылай тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерде көрсету;
8) елтаңбалы мөр.
Ескерту. 16-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.06.16. N
566
, 2005.10.21.
N 81
Заңдарымен.
17-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымы
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң негiзгi құрылымдық элементi құқық нормаларын қамтитын бап немесе тармақ болып табылады. Құқық нормалары баптар түрiнде "бап" атауымен заң актiлерiне енгiзiледi. Қайсыбiр нормативтiк құқықтық актiлер тармақтардан тұрады, олардың атауы "тармақ" деген сөзбен жазылмайды.
2. Көлемi едәуiр нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны жағынан жақын баптары (тармақтары) тарауларға бiрiктiрiлуi мүмкiн. Мазмұны жағынан жақын бiрнеше тарау бөлiмдерге, ал бөлiмдер өз кезегiнде нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiктерiне бiрiктiрiлуi мүмкiн.
3. Көлемi үлкен тарауларда нормативтiк құқықтық актiнiң параграфтары және параграфтарының бөлiктерi бөлiп көрсетiлуi мүмкiн, ал үлкен бөлiмдерде осылайша бөлiмшелер бөлiнуi мүмкiн.
4. Нормативтік құқықтық актінің баптары жекелеген құқық нормаларын қамтитын тармақтарға, ал тармақтар - тармақшаларға бөлінуі мүмкін. Баптардың, тармақтар мен тармақшалардың ішінде бөліктер-құқықтың қисынды аяқталған, абзацтармен бөлінген жекелеген нормалары болуы мүмкін.
Мәтіннің мағыналық жағынан тұтастығы бар, бірінші жолда азат жолмен бөлініп көрсетілетін және кіші әріппен басталатын бөлігі, бөліктің бас әріппен басталатын бірінші абзацын қоспағанда, абзац деп саналады. Абзацтар (бөліктің бірінші және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелі үтірмен аяқталады.
Нормативтiк құқықтық актiнiң баптары - жекелеген құқық нормалары бар тармақтарға, ал тармақтар тармақшаларға бөлiнуi мүмкiн. Баптардың, тармақтардың және тармақшалардың iшiнде абзацтар арқылы бөлiнетiн бөлiктер болуы мүмкiн.
Кодекстерде iшкi құрылымның басқа белгiлерi пайдаланылуы мүмкiн.
5. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр бабы (тармағы), сондай-ақ тараулары, бөлiмдерi мен бөлiктерi араб цифрларымен нөмiрленедi. Баптардың (тармақтардың) нөмiрленуi бүкiл нормативтiк құқықтық актiнiң басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады. Нормативтiк құқықтық актiнiң бөлiмдерi мен бөлiктерiнiң нөмiрленуi де дербес және басынан аяғына дейiн реттелiп жасалады.
6. Баптың тармақтары мен тармақшаларының нөмiрлерi әрбiр бап үшiн дербес болады. ал негiзгi құрылымдық элементi бап емес, тармақ болып табылатын нормативтiк құқықтық актiлерде әрбiр тармақтың тармақшалары дербес нөмiрленедi. Нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауындағы параграфтардың нөмiрлерi мен әрбiр бөлiмiндегi бөлiмшелердiң нөмiрлерi де аяғына дейiн емес, дербес нөмiрленедi.
7. Тармақтарда тармақшалардың нөмiрлерi жақшамен жабылған араб цифрларымен көрсетiледi.
8. Нормативтiк құқықтық актiнi қабылдаудың мақсаты мен себептерiн, оның алдында тұрған негiзгi мiндеттердi түсiндiру қажет болған жағдайларда құқық нормаларын баяндаудың алдынан кiрiспе бөлiм (преамбула) берiледi.
9. Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамаларды нақтылау қажет болған жағдайда оған олардың мәнi түсiндiрiлетiн бап берiледi. Мемлекеттiк тiлдегi нормативтiк құқықтық актiде терминдер мен анықтамалар әлiпбилiк ретпен орналастырылады.
Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар жоғары деңгейде тұрған нормативтiк құқықтық актiде немесе қолданысқа бұрын енгiзiлген бiр деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс.
10. Пайдалануға ыңғайлы ету мақсатында нормативтiк құқықтық актiнiң әрбiр тарауының, оның бөлiмiнiң, бөлiгiнiң, сондай-ақ тараулардың параграфтары мен бөлiмдерi бөлiмшелерiнiң тақырыптары болуға тиiс. Заң актiлерi баптарының да тақырыптары болуға тиiс.
Тараулары жоқ шағын заң актiлерi баптарының тақырыптары болмауы мүмкiн.
11. Кодекстердiң, ал уәкiлеттi орган мұны қажет деп тапқан жағдайларда басқа да iрi нормативтiк құқықтық актiлердiң қажеттi құрылымдық элементi мазмұны болып табылады.
12. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымына қосымшалар енгiзiлуi мүмкiн.
Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.10.21.
N 81
Заңдарымен.
18-бап. Нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң мазмұны
мен жазылу стиліне қойылатын талаптар
1. Мемлекеттiк органдардың қоғамдық қатынастарды мемлекеттiк реттеу саласындағы мiндеттерi, функциялары мен құзыретi заңдарда мемлекеттiк басқару деңгейлерi бойынша айқын ажыратылып белгiленуге тиiс.
2. Нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тіл нормалары мен заң терминологиясы сақтала отырып жазылады. Көнерген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды қолдануға, сөздердi қысқартуға жол берiлмейдi. Баптың (тармақтың) мәтiнi басқа баптарда (тармақтарда) қайталап жазылмайды.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.03.12. N
536
Заңымен.
19-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерде басқа актiлердiң
баптарына сiлтеме жасау және актiлерде басқа
актiлердiң баптарын келтiру
Қажет болған жағдайда нормативтiк құқықтық актiде өзге актiлердiң баптарына (тармақтарына) сiлтемелер жасауға жол берiледi, сондай-ақ жоғары тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерден сол актiлерге сiлтеме жасала отырып, олардың жекелеген ережелерi келтiрiледi.
20-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң баптарында
басқа баптарға сiлтеме жасау
Нормативтiк құқықтық актiнiң баптарында (тармақтары мен тармақшаларында) оның басқа баптарына (тармақтарына, тармақшаларына) сiлтеме жасау құқықтық нормалардың өзара байланысын көрсету не қайталауға жол бермеу қажет болған жағдайларда қолданылады.
21-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын Қазақстан
Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзу
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару бастамашылығы құқығы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiнде ғана iске асырылады. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы Мәжiлiске мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде, қағазға түсiрiлiп және электронды жеткiзушiлер арқылы енгiзiледi. <*>
2. Жоба бойынша табыс етiлетiн материалдарда мынадай қосымшалар болуға тиiс:
1) жобаны дайындаған мемлекеттiк органның немесе ұйымның атауы;
2) жобаны қабылдаудың қажеттiгi негiзделiп, мақсаттары, мiндеттерi, негiзгi ережелерi кеңiнен сипатталған түсiндiрме жазба;
3) жұмыс тобының құрамы;
4) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсу парағы;
5) егер жобаға сараптама жүргiзiлсе, ол жөнiндегi сараптама қорытындылары;
6) жобаның қабылдануына байланысты өзгертiлуге немесе күшi жойылды деп танылуға тиiс заң актiлерiнiң тiзбесi және жобаны iске асыру үшiн қажеттi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу туралы ұсыныстар;
7) әдетте, жобаға қаржы-экономикалық есептеулер, статистикалық мәлiметтер қабылданатын нормативтiк құқықтық актiнi қолданудың ықтимал экономикалық, әлеуметтiк, заңдық, экологиялық салдарларының болжамдары қоса тiркеледi.
Қолданылып жүрген заңдарға өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы енгiзiлген жағдайда, енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тиiстi негiздемесiмен баптардың бұрынғы және жаңа редакцияларының салыстырма кестесi табыс етiледi.
Ескерту. 21-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.06.16. N
566
, 2005.10.21.
N 81
Заңдарымен.
22-бап. Ғылыми сараптаманың мiндеттерi
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң реттейтiн құқық қатынастарына қарай осы актiлердiң жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргiзiлуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қарауына енгiзiлетiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргiзiлуi міндетті. <*>
1-1. Қабылдау салдары экологиялық, оның ішінде радиациялық қауіпсіздікке, қоршаған ортаны қорғауға қатер төндіретін заң актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларына міндетті экологиялық сараптама жүргізілуге тиіс.
2. Сараптама:
1) жобаның сапасын, негiздiлiгiн, уақтылылығын, дұрыстығын жобада Қазақстан Республикасының Конституциясында баянды етiлген адам және азамат құқықтарының сақталуын бағалау;
2) нормативтiк құқықтық актiнiң ықтимал тиiмдiлiгiн айқындау;
3) жобаның нормативтiк құқықтық акт ретiнде қабылдануының ықтимал терiс салдарларын анықтау үшiн жүргiзiледi.
Ескерту. 22-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.06.16. N
566
Заңдарымен.
23-бап. Сараптаманы жүзеге асыратын адамдар мен ұйымдар
1. Нормативтiк құқықтық актiлер жобаларының ғылыми сараптамасын тиiстi бейiмдi ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары, қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғалымдар мен мамандар арасынан тартылатын сарапшылар жүргiзедi. Сараптама жүргiзу бiр немесе бiрнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкiн.
2. Жоба бойынша мамандықтары әр түрлi сарапшылардың кешендi сараптамасы немесе әр түрлi сараптаманың дербес түрлерi, ал қажет болған жағдайда - қайталама сараптама жүргiзiлуi мүмкiн.
3. Сарапшылар ретiнде жобаны дайындауға тiкелей қатыспаған ұйымдар мен адамдар тартылады.
4. Сарапшылар ретiнде басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкiн.
Жоба ғылыми сараптамадан өткiзу үшiн шетелдiк және халықаралық ұйымдарға жiберiлуi мүмкiн.
24-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын
сараптамаға жiберу кезiндегi бастамашылық
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасына сараптама жүргiзу туралы шешiмдi:
1) уәкiлеттi орган;
2) заң шығару бастамашылығы тәртiбiмен жобаны Мәжiлiске енгiзушi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары мен Қазақстан Республикасының Үкiметi;
3) уәкiлеттi органның лауазымды адамдары немесе құрылымдық бөлiмшелер, егер уәкiлеттi органның регламентiмен немесе басқа заңдармен осы адамдарға және құрылымдық бөлiмшелерге мұндай құқық берiлген болса, қабылдауы мүмкiн.
2. Нормативтiк құқықтық актiнiң жобасы шарттық негiзде дайындалатын жағдайларда (осы Заңның 14-бабының 5-тармағы) жоба сараптамасы жобаға тапсырыс берушiнiң шешiмi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн.
25-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау
тәртiбiн белгiлеу
1. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасының Конституциясымен және осы Заңмен белгiленедi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердiң әр алуан түрлерiн қабылдау тәртiбiнiң ерекшелiктерi сонымен қатар:
1) кодекстер үшін - осы Заңмен.
Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бөлек отырыстарында өз кезегімен қарау арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады;
2) заңдар үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы, Қазақстан Республикасының Президентi туралы, референдум туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен, оның iшiнде Парламент пен оның палаталарының регламенттерiмен;
2-1) Парламенттiң және оның палаталарының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы заң актiлерiмен; <*>
3) Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Қазақстан Республикасының Президентi туралы заң актiсiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң осы тәртiптi реттейтiн актiлерiмен;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциясымен, Үкiмет туралы заң актiсiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен;
5) орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасы Үкiметi құрамына кiретiндерiнiң де, кiрмейтiндерiнiң де, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерi үшiн - Үкiмет пен осы органдар туралы заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарымен, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң осы органдардың қызметiн реттейтiн қаулыларымен;
6) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы заң актiлерiмен;
7) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары үшiн - Қазақстан Республикасының соттары туралы заңдармен;
8) Орталық сайлау комиссиясының (Референдум өткiзу жөнiндегi комиссияның) нормативтiк қаулылары үшiн - сайлау және референдум туралы заң актiлерiмен;
8-1) орталық мемлекеттiк органдар ведомстволарының нормативтiк құқықтық актiлерi үшiн - осы органдардың қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен; <*>
9) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың нормативтiк шешiмдерi үшiн - осы органдар туралы заң актiлерiмен, өзге де заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiмен айқындалады.
3. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiнi қабылдау жөнiндегi құзыретi Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделген жағдайларда ғана уәкiлеттi органның осы актiнi қабылдауына жол берiледi. <*>
Ескерту. 25-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.06.16. N
566
Заңдарымен.
26-бап. Нормативтiк құқықтық актiнi күшiне енгiзу
тәртiбi
1. Нормативтiк құқықтық актiнi күшiне енгiзу тәртiбi нормативтiк құқықтық актiнiң өзiнде белгiленуi мүмкiн.
2. Заңдарды, оның iшiнде кодекстердi күшiне енгiзу тәртiбi заңдардың (кодекстердiң) өзiне немесе жеке заңдармен белгiленедi.
27-бап. Жаңа нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына
байланысты нормативтiк құқықтық актiлердiң
және олардың бөлiктерiнiң күшi жойылды деп
тану, оларды өзгерту мен толықтыру
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты бұрын қабылданған барлық нормативтiк құқықтық актiлердiң немесе олардың құрылымдық бөлiктерi, егер олар жаңа актiге енгiзiлген құқық нормаларына қайшы келсе немесе оларда қамтылса, күшi жойылды деп танылуға, өзгертiлуге немесе толықтырылуға тиiс.
2. Нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты күшi жойылды деп танылуға тиiстi актiлер мен олардың бөлiктерiнiң тiзбесi не актiнiң өзiнде, не оны күшiне енгiзу тәртiбi туралы актiде болуға тиiс.
3. Жаңа нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты күшi жойылды деп танылуға, өзгертiлуге немесе толықтырылуға тиiстi және жаңа актiмен бiр деңгейдегi актiлердiң немесе олардың бөлiктерiнiң (тарауларының, баптарының, тармақтары мен тармақшаларының) саны едәуiр болған жағдайда олардың тiзбесi жеке актiмен ресiмделедi. Мұндай актiнiң жобасын негiзгi актiнiң жобасын әзiрлеушiлер дайындап, сонымен бiр мезгiлде табыс етедi.
4. Жаңа нормативтiк құқықтық актiнiң қабылдануына байланысты күшi жойылды деп танылуға, өзгертiлуге немесе толықтырылуға тиiстi және жаңа актiден деңгейi неғұрлым төмен актiлердiң немесе олардың бөлiктерiнiң (тарауларының, баптарының, тармақтары мен тармақшаларының) саны едәуiр болған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мемлекеттiк органға олардың актiлерiнiң күшi жойылды деп тану, оларды өзгерту мен толықтыру туралы актiлер қабылдауды (шығаруды) олардың қабылдану (шығарылу) мерзiмiн көрсете отырып тапсырады.
Мұндай тапсырманың жобасын уәкiлеттi органға жаңа нормативтiк құқықтық актiнiң жобасын енгiзетiн орган дайындайды.
5. Нормативтiк құқықтық актiнiң күшi жойылды деп танылған кезде, сонымен бiр мезгiлде осы актiге өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлген барлық нормативтiк құқықтық актiлердiң не олардың бөлiктерiнiң күшi жойылды деп танылады. <*>
6. Күшiне енгiзiлмеген нормативтiк құқықтық актiлердi күшi жойылды деп тануға болмайды. Қажет болған кезде мұндай нормативтiк құқықтық актiлер жойылуы мүмкiн. <*>
Ескерту. 27-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.06.16. N
566
Заңымен.
28-бап. Қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық
актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
1. Қолданылып жүрген нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық бөлiктерiнiң (бөлiктерiнiң, бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерiнiң, тарауларының, параграфтарының, баптарының, тармақтарының, тармақшаларының) күшi жойылды деп танылған жағдайда мұндай бөлiктерi қолданылып жүрген актiден алып тасталады, бiрақ олардың нөмiрлерi сақталады. Сақталған нөмiрлерге актiнiң (немесе оның бөлiгiнiң) күшi жойылды деп тану туралы нормативтiк актiге сiлтеме қосып жазылады. Сақталып қалған құрылымдық бөлiктердiң нөмiрлерi өзгермейдi.
1-1. Нормативтік құқықтық актіге дәл сол түрдегі соңғы құрылымдық бөліктен кейін енгізілетін жаңа құрылымдық бөліктерге кейінгі рет сандары беріледі.
2. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөліктерінің арасына дәл сол түрдегі қосымша құрылымдық бөліктер енгiзiлген жағдайда олар актiнiң қай құрылымдық бөлiгiнен кейiн келсе, сол құрылымдық бөлiгiнiң нөмiрiне қосарласатын: 2-1-бөлiм, 8-1-параграф, 26-1-бап, 4-1-тармақ және сол сияқты қосымша нөмiрлермен енгiзiледi.
Енгiзiлген құрылымдық бөлiктiң мәтiнiнен кейiн оны енгiзу туралы актiге жақша iшiнде сiлтеме жасалады. Басқа құрылымдық бөлiктердiң нөмiрлерi сақталады.
3. Қолданылып жүрген актiнiң құрылымдық бөлiгiнiң мәтiнi өзгерген жағдайда мұндай бөлiк өзгертiлген редакциясында қолданыла бередi. Өзгертiлген құрылымдық бөлiктiң мәтiнiнен кейiн бұл бөлiктiң оны өзгерткен актiнiң редакциясында қолданылатынына сiлтеме жасалады.
4. Нормативтік құқықтық актінің құрылымдық бөлігіне осы құрылымдық бөлік мәтіні мазмұнының жартысынан асатын көлемде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде, оның жаңа редакциясы қабылданады.
5. Нормативтiк құқықтық aктi мәтiнiнiң мазмұнына нормативтiк құқықтық актi мәтiнi мазмұнының жартысынан асатын көлемде өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген кезде, оның жаңа редакциясы қабылданады.
Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.10.21.
N 81
Заңдарымен.
29-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға
уәкiлдiк берiлген адамдар
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiне мынадай лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, конституциялық заңдарына, кодекстерiне, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарына, оның iшiнде Конституциялық заң немесе Заң күшi бар Жарлықтарына - Қазақстан Республикасының Президентi;
2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулыларына - Мәжiлiстiң төрағасы;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi;
4) мәслихаттың шешiмдерiне - мәслихат сессиясының төрағасы;
5) әкімдіктің қаулыларына, әкімнің шешімдеріне - әкім;
6) өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге - оны қабылдаған (шығарған) органның басшысы қол қояды.
2. Негiзгi түрдегi нормативтiк құқықтық акт арқылы нормативтiк құқықтық актiнiң туынды түрiн ерекше нысанда қабылдаған жағдайда (осы Заңның 3-бабының 4-тармағы) уәкiлдiк берiлген адам негiзгi түрдегi нормативтiк құқықтық актiге ғана қол қояды.
Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
30-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми
жариялаудың міндеттілігі
1. Барлық заңдар, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің ресми жариялануы оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы және Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы ресми басылымдар болып табылады.
2. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялауды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен конкурстық негізде мұндай құқық алған мерзімді баспа басылымдары да жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілердің мәтiндерiн кейiннен ресми жариялауды баспа басылымдары Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен және олар жариялайтын мәтіндер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестік сараптамасынан өткізілген жағдайда жүзеге асырады.
Нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды жүзеге асыру құқығын беру тәртібі осы баптың 1-тармағының екінші бөлігінде аталған, нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау қажеттілігі туралы өз бетінше шешім қабылдайтын ресми басылымдарға қолданылмайды.
3. Құқық қолдану тәжірибесінде нормативтік құқықтық актілердің ресми жарияланымдары пайдаланылуы тиіс.
4. Нормативтік құқықтық актілердің бейресми жариялануына олар ресми жарияланғаннан кейін ғана жол беріледі.
Ескерту. 30-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2005.10.21.
N 81
Заңдарымен.
31-бап. Заң актілерін ресми жариялау
1. Қазақстан Республикасының заң актілері Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Заң актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
32-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары
мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын
ресми жариялау
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағында, сондай-ақ осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен басқа да баспа басылымдарында ресми жарияланады.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
33-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және
өзге де орталық мемлекеттік органдарының
нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау
1. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері осы Заңның 30-бабында белгіленген тәртіппен мерзімді баспа басылымдарында жарияланады.
2. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялау Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ғана жүзеге асырылады.
Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
34-бап. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін,
әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары
мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін
ресми жариялау
1. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау осы Заңның 30-бабында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жүзеге асырылады.
Ескерту. 34-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
35-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны толық
жарияламауға жол бермеу
Мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпиялар бар нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұнын ресми түрде толық жарияламауға жол бермейдi.
35-1-бап. Орталық және жергілікті мемлекеттік
органдардың нормативтік құқықтық
актілерінің жариялануын бақылау
1. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.
2. Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің жариялануын бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ескерту. 35-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) Заңымен.
7-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердiң уақыт, кеңiстiк жағынан және тұлғалар бойынша қолданылуы
36-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi күшiне енгiзу
және қолданысқа енгізу уақыты
1. Осы тармақтың екiншi бөлiгiнде көрсетiлген нормативтiк құқықтық актiлердi қоспағанда, нормативтiк құқықтық актiлер оларға қол қойылғаннан кейiн күшiне енедi.
Осы Заңның 38-бабына сәйкес әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
2. Нормативтiк құқықтық актiлер мынадай мерзiмдерде:
1) Қазақстан Республикасының заң актiлерi, Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары, егер актiнiң өзiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң;
2) Қазақстан Республикасының Парламентi мен оның палаталарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - алғашқы ресми жарияланған күннен бастап;
3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулылары - оларды қабылдаған күннен бастап;
4) Қазақстан Республикасының министрлерi мен орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары, орталық мемлекеттiк органдар ведомстволары басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, сондай-ақ әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары мен әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар қабылданған күннен бастап, ал әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiстiлерi - мемлекеттiк тiркеуден кейiн;
5) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген нормативтiк құқықтық актiлер, егер актiлердiң өзiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе - олар алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
3. Нормативтiк құқықтық актiлерде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде нормативтiк құқықтық актiлердiң жекелеген бөлiмдерiн, тарауларын, баптарын, бөлiктерiн, тармақтарын, тармақшаларын және баптарының абзацтарын қолданысқа енгiзудiң тұтас алғанда бүкiл акт үшiн белгiленгеннен өзге мерзiмдерi көрсетiлуi мүмкiн.
4. Бұрын жауапкершiлiкке әкеп соқпаған iс-әрекеттер үшiн заңдық жауапкершiлiк көзделетiн не бұрынғымен салыстырғанда неғұрлым қатаң жауапкершiлiк белгіленетiн нормативтiк құқықтық актiнi, бұл акт ресми жарияланғаннан кейiн он күн мерзiм өткенге дейiн қолданысқа енгiзуге болмайды.
5. Егер нормативтiк құқықтық актiнiң едәуiр көлемдi болуына байланысты оның мәтiнi мерзiмдi баспасөз басылымының бiрнеше нөмiрiнде жарияланса, онда нормативтiк құқықтық актi мәтiнiнiң қорытынды бөлiгi жарияланған күн ресми жарияланған күн болып есептеледi.
Нормативтiк құқықтық актiлер мерзiмдi баспасөз басылымдарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде бiр мезгiлде жариялануға тиiс.
6. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлердi ресми жариялау оларды қолданысқа енгiзудiң мiндеттi шарты болып табылады.
7. Республиканың мемлекеттiк құпияларын немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияларды қамтитын нормативтiк құқықтық актiлер олардың қабылданған күнiнен бастап немесе актiнiң өзiнде көрсетiлген мерзiмдерде қолданысқа енгiзiледi.
Ескерту. 36-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.06.16. N
566
Заңдарымен.
37-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң керi күшi
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң күшi оны күшiне енгiзгенге дейiн пайда болған қатынастарға қолданылмайды.
2. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның бiр бөлiгiнiң керi күшi оның өзiнде немесе нормативтiк құқықтық актiнi күшiне енгiзу туралы актiде көзделген, сондай-ақ кейiнгiсi бұрын көзделген құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiктi жоятын немесе жұмсартатын жағдайлар осы баптың 1-тармағының ережелерiне кiрмейдi.
3. Жауапкершiлiктi белгiлейтiн немесе күшейтетiн, азаматтарға жаңа мiндеттер жүктейтiн немесе олардың жағдайын нашарлататын нормативтiк құқықтық актiлердiң керi күшi болмайды.
38-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық
мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық
актiлерiн олардың күшiне енгiзiлу шарты
ретiнде мемлекеттiк тiркеу
1. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулыларын қоспағанда, мемлекеттiк органдардың осы Заңның 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында аталған, жалпыға мiндеттi маңызы бар, ведомстволық сипаттағы немесе азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен мiндеттерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерi Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге тиiс. Мұндай тiркеу оларды күшiне енгiзудiң қажеттi шарты болып табылады. <*>
Тiркелмеген нормативтiк құқықтық актiлердiң заң күшi болмайды.
2. Егер мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық акт:
1) азаматтардың заңда белгiленген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасаса;
2) жоғары тұрған деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiлерге қайшы келсе;
3) нормативтiк құқықтық актiнi шығарған органның құзыретiне шегiнен шығып кетсе;
4) егер келiсу қажет болып, келiсiлмесе;
5) мемлекеттік тіркеу ережелерінде белгіленген тәртіпті бұза отырып қабылданса, мұндай актіні тіркеуден бас тартылуы мүмкін.
3. Мүдделi мемлекеттiк орган мемлекеттiк тiркелуге тиiстi нормативтiк құқықтық актiнi тiркеуден бас тартылуына сот тәртiбiмен шағымдануы мүмкiн.
4. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу ережесін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Ескерту. 38-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.06.16. N
566
Заңдарымен.
39-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылу мерзiмi
1. Егер актiнiң өзiнде немесе оны күшiне енгiзу туралы актiде өзгеше көзделмесе, нормативтiк құқықтық акт мерзiмсiз қолданылады.
2. Бүкiл нормативтiк құқықтық акт немесе оның жекелеген бөлiгi (жекелеген бөлiктерi) үшiн уақытша қолданылу мерзiмi белгiленуi мүмкiн. Бұл жағдайда нормативтiк құқықтық акт немесе оның бөлiгi қандай мерзiмде күшiн сақтайтыны көрсетiлуге тиiс. Актiнi шығарған орган бұл мерзiм өткенге дейiн актiнiң қолданылуын жаңа мерзiмге ұзарта алады немесе оған мерзiмсiз сипат бере алады.
40-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын
тоқтата тұру және тоқтату
1. Нормативтiк құқықтық актiнiң немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуы белгiлi бiр мерзiмге тоқтатыла тұруы мүмкiн. Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру жеке нормативтік құқықтық актімен жүзеге асырылады.
2. Нормативтiк құқықтық акт (оның бөлiгi немесе бөлiктерi) мынадай жағдайларда:
1) акт немесе оның бөлiгi (бөлiктерi) қабылданған мерзiм бiткенде;
2) бұрын шығарылған нормативтiк құқықтық актiнiң, оның бөлiктерiнiң (бөлiгiнiң) ережелерi қайшы келетiн немесе бұрын шығарылған актiнi немесе оның бөлiгiн (бөлiктерiн) қамтитын жаңа нормативтiк құқықтық акт қабылдағанда; <*>
3) қабылданған акт Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген тәртiппен конституциялық емес деп танылғанда;
4) сол актiнi қабылдаған орган немесе оны қабылдауға уәкiлдiк берiлген өзге де орган актiнiң немесе оның бөлiгiнiң (бөлiктерiнiң) күшi жойылды деп танығанда өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
3. Басқа нормативтік құқықтық актінің қолданылуын тоқтату немесе тоқтата тұру туралы нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеу және (немесе) жариялау осы Заңда көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 40-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.03.06. N
298
(2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді), 2004.06.16. N
566
Заңдарымен.
41-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң кеңiстiк
жағынан қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Қазақстан Республикасының Үкiметi, орталық атқарушы және өзге де орталық уәкiлеттi органдар қабылдаған Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң қолданылу күшi, егер нормативтiк құқықтық актiлердiң өздерiнде немесе оларды күшiне енгiзу туралы актiлерде өзгеше белгiленбесе, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағына таралады.
2. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер тиiстi аумақтарда қолданылады.
42-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тұлғалар
бойынша қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң күшi Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына, сондай-ақ оның аумағындағы шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады, бұған заң актiлерiнде және Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайлар қосылмайды.
2. Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың дипломатиялық өкiлдерi мен мемлекеттiк органдарының басқа да кейбiр қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерi халықаралық шарттарда және халықаралық құқықтың жалпы танылған принциптерi мен нормаларында көзделген шектерде қолданылады (дипломатиялық иммунитет).
43-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын
қамтамасыз ету шаралары
1. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығы мынадай шаралар арқылы:
1) нормативтiк құқықтық актiнi Конституция мен заңға сәйкес келтiру;
2) нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын белгiленген тәртiппен тоқтата тұру;
3) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде заңдарға сәйкестiгiн тексеру арқылы қамтамасыз етiледi.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясында және басқа да заң актiлерiнде белгiленген құзыретiне сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi;
2) соттар;
3) Қазақстан Республикасының Бас прокуроры және оған бағынысты прокурорлар;
4) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары;
5) төмен тұрған органдар қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлер жөнiнен - мемлекеттiк органдар.
8-тарау. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру
44-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру
реттерi мен жағдайлары
1. Нормативтiк құқықтық актiлерде көмескiлiктер мен әркелкi түсiнушiлiк оларды қолдану тәжiрибесiнде қайшылықтар анықталған реттерде нормативтiк актiде қамтылған құқықтар нормаларға ресми түсiндiру берiлуi мүмкiн.
2. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiру процесiнде оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге жол берiлмейдi.
3. Заң актiлерiнiң нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының қағидаларына толық сәйкестiкте түсiндiрiлуге тиiс.
4. Заңға тәуелдi нормативтiк актiлердiң мағынасы оларды түсiндiрген кезде заң актiлерiне толық сәйкестiкте ашылуға тиiс.
5. Нормативтiк құқтық актiлердегi құқықтық нормалар iске асырылғанда, соның iшiнде оларды қолданғанда, оларды ресми түсiндiрудiң мiндеттi сипаты болады.
45-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi ресми түсiндiрудi
жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар
1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi Конституция нормаларына ресми түсiндiрме бередi.
2. Заңға тәуелдi актiлердiң ресми түсiндiрмесiн оларды қабылдаған (шығарған) органдар немесе лауазымды адамдар бередi.
46-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйеге келтiру
1. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайтын мемлекеттiк органдар осы актiлердiң есебiн жүргiзедi және оларды жүйеге келтiредi, өздерi қабылдаған актiлердiң бақылау даналарына жүргiзiп, оларға ағымдағы өзгерiстер мен толықтырулардың бәрiн уақтылы енгiзiп отырады.
2. Мемлекеттiк органдар өздерi қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлердiң жинағын мезгiл-мезгiл шығарып отырады не мұндай жинақтарды шығару туралы өзге мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға тапсырма бередi.
47-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк
есебi
1. Орталық мемлекеттiк органдар қабылдайтын нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк есебiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады. Мемлекеттiк есеп мұндай актiлердi орталықтандыра жинақтауды, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзудi қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi құқықтық ақпараттық бiрыңғай жүйесiн жасайды, министрлiктерге және басқа да орталық мемлекеттiк органдарға анықтамалық-ақпараттық жұмыста көмек көрсетедi. <*>
Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.10.21.
N 81
Заңымен.