"Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiс енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 4 қараша N 186

Қолданыстағы

      1-бап. "Арал өңiрiндегi экологиялық қасiрет салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" 1992 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 348-құжат; 1994 ж., N 8, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., N 7, 79-құжат; 1997 жылғы 3 шiлдеде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      5-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймаққа Ақтөбе облысының Байғанин, Ырғыз, Мұғалжар (бұрынғы Мұғаджар ауданының елдi мекендерi шекарасының шегiнде), Темiр аудандарының; Оңтүстiк Қазақстан облысының Арыс (оның iшiнде Арыс қаласы), Отырар, Созақ, Шардара аудандарының және Түркiстан қаласының, сондай-ақ Қарағанды облысының Ұлытау ауданының (бұрынғы Жезқазған облысының Жезлi ауданының елдi мекендерi шекарасының шегiнде) аумақтары кiредi.".
      2-бап. Осы Заң 1997 жылғы 17 маусымнан бастап күшiне енгiзiледi.
 

     Қазақстан Республикасының

          Президентi