Қазақстан Республикасының Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына қосылуы туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 қазандағы N 176-I Заңы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы 1987 жылғы қыркүйекте қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль Хаттамасына қосылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                  Н. Назарбаев

ОЗОН ҚАБАТЫН БҰЗАТЫН ЗАТТАР ЖӨНІНДЕГІ МОНРЕАЛЬ ХАТТАМАСЫ

КIРIСПЕ

      1. 1985 жылы озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясына, одан кейін 1987 жылы озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына қол қою стратосферадағы озон қабатын қорғау ісіндегі әлемдік ынтымақтастықтың негізгі нүктесі болды. Вена конвенциясы Жақтары /Хельсинки, 1989 жылғы 26-28 сәуір мен Найроби, 1991 жылғы 17-19-маусым/ мен Монреаль хаттамасы Жақтары /Хельсинки, 1989 жылғы 2-5 мамыр, Лондон, 1990 жылғы 27-29 маусым және Найроби, 1991 жылғы 19-21 маусым/ өткізген Кеңес Конвенция мен Хаттаманың мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесуге шақырған маңызды шешімдерді қабылдаумен аяқталды. Монреаль хаттамасының 2-бабының 9-тармағында айтылған процедураға сай Лондондағы Монреаль хаттамасы Жақтарының екінші Кеңесі Хаттаманың А қосымшасында аталған реттелетін заттарды тұтыну мен өндіруді қысқартуды, сондай-ақ Вена конвенциясының 9-бабының 4-тармағында айтылған процедураға сәйкес хаттамаға едәуір түзетулер қабылдады.
      2. Жақтар екінші Кеңесте қабылдаған өздерінің 11/7 шешімінде ЮНЕП-тің Орындаушы-директорына Монреаль хаттамасы бойынша Басқарушы дайындауға ұсынды, онда оған енгізілген түзетулер хаттамасы мен Жақтардың түсіндіру жөніндегі шешімі болып, Жақтар Кеңесінің әрқайсысынан соң Басқарушы жаңартылып отырылады. Нұсқау-басшылықтың бірінші басылымы осы шешімге сәйкес дайындалып, 1991 жылдың 19-21 маусымында Найробиде өткен Монреаль хаттамасы Жақтарының үшінші Кеңесіне тапсырылды. Жақтардың үшінші Кеңесі Монреаль хаттамасы бойынша Басқарушылық жасауды аяқтау жөніндегі хатшылықтың күш-жігерін қуаттап, хатшылықтан оның келесі басылуын Монреаль хаттамасы Жақтарының үшінші Кеңесіне (UNEP/OZ. Рzо. 3/Рzер 2/.Дайындаушы кеңес жасаған түсініктерді ескере отырып, редакциялық өңдеуден соң шығаруды өтінді және Конвенция мен Хаттама Жақтарының бәрінің арасында мүмкіндігінше тез, Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілінде таратуды сұрады. Осы екінші басылым көрсетілген шешімге сәйкес дайындалды.
      3. Монреаль хаттамасының 2-бабының 9-тармағына сай барлық Жақтар үшін түзетулер міндетті болып есептеледі және 1991 жылғы 7 наурызда күшіне енді. Басқарушыны олар курсивпен оларға назар аудару үшін бөле көрсетті және 1987 жылғы Хаттама тексінің орнына басылды. Түзетулермен алмастырылған 1987 жылғы Хаттаманың тексі берілген жоқ.
      4. Хаттаманың түрлі баптарына түзетулер өзара байланысты болғандықтан кешенді Түзетулер ретінде Лондон кеңесінде қабылданған болатын. Бұл түзетулер хаттаманың Жақтары болып табылатын мемлекеттер немесе экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары бекітіп, қабылдаған немесе қолдаған кемінде 20 құжатты сақтауға тапсырған жағдайда 1992 жылғы 1 қаңтарында күшіне енеді. Егер бұл шарт көрсетілген датаға орындалмаса, Түзетулер осы шарт орындалғаннан кейінгі тоқсаныншы күнде күшіне енеді. Басқарушының түзетілген бөліктері 1987 жылғы Монреаль хаттамасымен қатар майлы қара әріптермен басылды. Оны бекіткен мемлекеттер үшін түзетулердің күшке ену сәті күшін жоғалтқан 1987 жылғы хаттаманың сол бөліктері шаршы жақшалардың ішінде жазылған.
      5. Хельсинки, Лондон мен Найробиде қабылданған Монреаль хаттамасы Жақтарының шешімдері тиісті баптарына сілтеме ретінде текске қосылды. Бұл шешімдер құқықтық нормалардың маңызды қосымша құралы болып табылады. Тек қана хаттама тиісті ережеге және жұмыс істеп тұрған процедура емлесіне сай қабылданған жағдайда Жақтар үшін бұл шешімдер міндетті болып есептеліп, Жақтардан бекітуін, қолдауын, қабылдауын немесе қосылуын талап ететін Хаттамаға енгізілген түзетулерден басқалары. Монреаль хаттамасы мен Вена Конвенциясының өзара байланысы тығыз болғандықтан Хельсинки мен Найробиде қабылданған Вена конвенциясының Жақтары Конференциясының шешімдері Басқарушыға қосымша ретінде қосылды.
      6. Осы Басқарушылық пайдалы болды деуге негіз бар. Ол Жақтардың әрбір Кеңесі өткен сон қажетінше жаңартылып отырады. Басқарушылықтың мазмұны мен түрін жақсарту жөніндегі кез-келген ұсыныстар қошаметпен қарсы алынады.

1990 ЖЫЛЫ 27-29 МАУСЫМДА ЛОНДОНДА ӨТКЕН ЖАҚТАРДЫҢ ЕКІНШІ КЕҢЕСІНДЕ ЕНГІЗІЛГЕН ТҮЗЕТУЛЕРДІ ҚОСА ОЗОН ҚАБАТЫН БҰЗАТЫН ЗАТТАР ЖӨНІНДЕГІ МОНРЕАЛЬ ХАТТАМАСЫ ЖӘНЕ 1991 ЖЫЛҒЫ 19-21 МАУСЫМДА НАЙРОБИДЕ ӨТКЕН ЖАҚТАРДЫҢ ҮШІНШІ КЕҢЕСІНДЕ ЕНГІЗІЛГЕН ҚОСЫМША ӨЗГЕРІСТЕР

      Осы Хаттама Жақтары
      Вена конвенциясының озон қабатын қорғау жөніндегі Жақтары бола тұра,
      озон қабатын өзгертетін немесе өзгертуге мүмкін адамның іс әрекетінің нәтижесінде пайда болатын немесе пайда болуы мүмкін жағымсыз салдардан айналадағы қоршаған орта мен адам денсаулығын қорғау үшін өзінің Конвенцияға сай тиісті шараларды қабылдау жөніндегі міндеттемесін есте ұстай отырып,
      айналадағы қоршаған орта мен адамның денсаулығы үшін жағымсыз зардабы қауіпті кейбір озон бұзатын заттардың дүние жүзі көлеміндегі шығуы озон қабатын едәуір дәрежеде әлсіретіп немесе басқа түрде әлсірететінін мойындай отырып,
      осы заттарды шығарудың климатқа жасайтын әлеуметті есеп туралы есте ұстап,
      озон қабатының бұзылуын қорғау мақсатында қабылдап жатқан шаралардың негізі техникалық және экономикалық үйлесімдерді қоса қолданатын ғылыми білімдер екенін есте ұстап,
      дамушы елдердің дамуына байланысты мұқтаждарын ескере отырып, техникалық және экономикалық ерекшелігін ескере отырып, және ғылыми білімдердің негізінде олардың жойылуына қол жеткізу мақсатында
оның заттарын бұзатын барлық әлемдік шығарылуын тиісінше реттеу жөніндегі ұластыру шараларын қабылдау жолымен озон қабатын қорғауды қамтамасыз етуге өздерінің бел шешіп, дайын екендіктерін білдіріп,
      дамушы елдердің /осы заттарға/ мұқтаждығын қанағаттандыруда, қосымша қаржы ресурстарын берумен тиісті технологияны пайдалануға рұқсат берілуін қоса және қажетті құралдардың көлемін айта алатын және осы құралдар дүние жүзі қауымының озонның ғылыми негізде бұзылу проблемасы мен ондай бұзылудың зиянды салдарын шешу үшін едәуір өзгерістер беретін құралдарды пайдалануда ерекше орын алатын қажеттігін мойындай отырып,
      ұлттық және аймақтық деңгейде қабылданған және қабылданып жатқан хлорфторкөміртегінің кейбір шығуларын реттеу шараларын ескере отырып,
      Халықаралық ынтымақтастық үшін озон қабатын бұзатын заттарды  шығаруды қысқартып, реттеуге қатысты балама технологияны беру және зерттеулер /ғылыми-техникалық зерттеулер мен талдаулар/ мен талдаулардың жәрдемдік маңызын ескере отырып,
      МЫНА КЕЛІСІМГЕ КЕЛДІ:

1-БАП: АЙҚЫНДАУ

      Осы хаттаманың мақсаттары үшін:
      1. "Конвенция" 1985 жылғы 22 наурызда қабылданған озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясын білдіреді.
      2. "Жақтар", егер контекст басқаны қарастырмаса, ол осы Хаттаманың Жақтарын білдіреді.
      3. "Хатшылық" Конвенцияның хатшылығын білдіреді.
      4. "Реттелуші зат" осы Хаттаманың А қосымшасындағы немесе В қосымшасындағы /көрсетілген/ өз алдына немесе аралас тұратын әрбір затты білдіреді. Бұл түсінікке тиісті қосымшаларда көрсетілген, бірақ әрбір /ондай/ заттар мен қоспаларға қатысты емес, дайын өнімінің негізгі бөлігі болып табылатын, аталған заттарды тасымалдау немесе сақтау үшін қолданылатын ыдыстан басқа түрі бар заттардың изомерлері қосылады. 1/
___________________
      1/ Жақтардың бірінші Кеңесі Монреаль хаттамасы 1/12 А шешімінде 1-бабының 4-тармағындағы реттелетін заттарды /заттар қоспасы бойынша/ анықтаудың мына түсініктерімен келісуге қаулы алды:
      а) Монреаль хаттамасының 1-бабы "Реттелуші заттар" қатарында өз алдына немесе қоспа ретінде қолданылатын және оның тасымалдануы мен сақталуында пайдаланылатын ыдысы дайын өнімнен басқа түрі бар кез келген аталған заттың қаралуын есептемейді.
      б) Хаттаманың мақсаттары үшін реттелуші заттың немесе реттелуші заттар қоспасының кез келген саны, осы затты пайдалану жүйесінің бөлігі болып табылмақ, реттелуші зат /яғни химиялық шикізат/ болып есептеледі.
      с) Егер де қандай болмасын зат немесе қоспа ең алдымен жүк контейнерінен басқа контейнерге, ыдысқа немесе одан әрі мақсатты түрде пайдалану үшін жабдыққа тиеледі; ал бірінші контейнер, іс жүзінде, сақтаумен немесе тасымалдауға қолданылады, оның ішіндегі зат немесе қоспа Хаттаманың 1-бабындағы 4-тармақтың ықпалына жатады.
      д) Егер де, басқа жағынан, контейнерден өнімді өз алдына босату осы затты мақсатты түрде пайдалануды көздесе.
      е) 1-баптағы 4-тармақтың мақсаттары үшін өнім ретінде қаралатын пайдалану жүйелеріне, соның ішінде, мыналар жатады:
      I/ аэрозоль балоны;
      II/ тоңазытқыш немесе тоңазытқыш қондырғысы, желдеткіш немесе желдеткіш қондырғы, жылусорғыш және т.б.
      III/ Полиуретандық форполимер немесе пенопласт, оның реттелуші заты бар немесе оның негізінде жасалған;
      IV/ Өртсөндіргіш /деңгелекті немесе қолдағы/ немесе /автоматты немесе қолдағы/ шашқыш жүйесі бар тұрақты контейнер;
      V/ Реттелетін заттар бар тұтынушыларға реттелуші заттар мен қоспаларды жөнелту үшін қажет жүк контейнерлері, оның ішінде /сыйымдылығы мысал үшін көрсетілді/ мыналар енеді:
      I/ Кемелердегі цистерналар;
      II/ Темір жол цистерналары /10-40 метрлік тонна/;
      III/ Автомобиль цистерналары /20 метрлік тоннаға дейін/;
      IV/ Сыйымдылығы 0,4 кг-дан бір метрлік тоннаға дейінгі канистрлер;
      V/ Бөшкелер /5-300 кг/.
      О) Барлық өлшемдегі контейнерлер шикізатпен дайын өнімді тасуда пайдаланылғандықтан олардың өлшем принциптерін айыру-шектеу Хаттамада анықтауға жатпайды. Онымен қатар шикізат немесе дайын өнім үшін контейнерлер көп рет немесе бір-ақ рет пайдаланылатын мүмкіндігі болса, олардың көп рет қолданылған мүмкіндік нышаны айқындалған қоным үшін жеткілікті емес.
      Һ) Егер де Хаттамада көрсетілгендей контейнерді қолдану мақсаты айқындау негізі есебіне алынса, оның ішінде ХФУ немесе галондары бар, ол алып жүретін немесе қолдағы бар болсын бәрі бір, аэрозоль балондары мен өртсөндіргіштер айқындауға енбейді, өйткені мұндай контейнерлерден заттың өз алдына шығуы пайдаланудың мақсатты түрде екенін көрсетеді.
       Жақтардың екініші Кеңесі II/4 шешімінде Хаттаманың 1-бабындағы 4-тармағының "реттелуші зат" деген түсінікке тиісті қосымшаларды көрсетілгендерден басқа осындай заттардың изомерлерін екі айтпай тиянақты түсіндіруге қаулы алды.
       Жақтардың үшінші Кеңесі III/8 шешімінде қаулы етеді:
      а) технологиялық және экономикалық бағалар жөніндегі тан/Монреаль хаттамасы Жақтарының екінші Кеңесінің 11/13 шешіміне сәйкес жұмыс істейтін /Монреаль хаттамасымен реттелетін заттардың кез келген цифрлық белгілерін сауда атауларының толық және ақырғы тізбесін жасауды сұрайды, оған Монреаль хаттамасы енгізген реттелетін заттар бар қоспалардың түзетулері қосылады, және 1991 жылғы қараша айының аяғына дейін осы тізбе хатшылыққа тапсырылады;
      в) 1992 жылғы наурыз айының аяғына дейін жоғарыдағы а/ тармақшасында көрсетілген Түзбені Монреаль хаттамасы Жақтарының бәріне таратуды сұрайды.

      5. "Өндіріс" Жақтардың бекіткен технологияны қолданумен жасалған заттардың санын қоспай реттелген заттардың өндірілген саны болып белгіленеді, сол секілді басқа химиялық заттарды өндіру үшін тек шикізат ретінде қолданылатын заттардың санын білдіреді. Қалпына келтірілген және қайтадан пайдаланылған заттар саны "өндіріс" ретінде қаралмайды. 2/
____________________________________________
      2/ Жақтардың бірінші Кеңесі 1/12 шешімінде қаулы етеді:
      а/ 1-баптың 5-тармағының "өндірілген реттелуші заттар" терминінің мағынасына мына түсінікті беру келісілді:
      1-баптың 5-тармағында пайдаланылған "өндірілген реттелуші заттар" деген ұғым осы Жақ өндірген басқа химиялық заттарды өндіру кезінде негізгі материал ретінде толық пайдаланылған реттелген заттардың есеп деңгейін қоспаған реттелуші заттардың есепті деңгейі деген ұғымды білдіреді.
      в/ Әрбір Жақ осы түсінікті байыптау үшін есеп беру процедурасын жасауы тиіс.
      Жақтардың бірінші Кеңесі 1/12 F шешімінде, сол сияқты "бұзу" түсінігін анықтау жөнінде қаулы етті:
       а/ Хаттаманың 1-бабының 5-тармағындағы бұл ұғымды былай түсіндіру келісілді:
      "Бұзылу процесі деп оны реттелуші заттарға қолданғанда сол заттардың түгел немесе едәуір бөлегінің ыдырауына, немесе тұрақты өзгеруіне әкелетін процесті айтады";
      в/ Техникалық баға беру жөніндегі Топтан Жақтар ыдырау мен күйреу әдістерін бекіту үшін оларды қайтадан және ұсынатын тұрақты техникалық комитетті құру қажеттігін білу мақсатында Жақтар өзінің екінші және одан кейінгі Кеңестерінде осы мәселелерге қайта оралып, қарауға кірісуі сұралсын. Сондай-ақ әрбір әдісті қолданудан ыдыраумен кірісуге ұшыраған реттелуші заттардың санын анықтап білсін.
      Жақтардың екінші Кеңесі 11/11 шешімінде жою технологиясына қатысты қаулы етеді:
      Жою технологиясы жөнінде арнайы техникалық ақыл беретін консультанттық комитет құрылсын және оның төрағасы тағайындалсын. Ол Хатшылықпен ақылдаса отырып, Жақтар ұсынған кандидатуралардың негізінде өзінен басқа тоғыз мүше тағайындайды.
      Ол мүшелер күйреу технологиясында сарапшы болулары тиіс және олар әділетті түрде географиялық өкілдігі ескеріліп таңдап алынады. Комитет күйреу технологиясын талдайды және олардың тиімділігі мен экологиялық қолданылуының бағасын береді және оларды қолдау мен өлшеу тәсілдері үшін критерий жасайды. Комитет өз баяндамаларын жүйелі түрде Жақтар кеңесіне беріп тұрады.
      Жақтардың үшінші Кеңесі өзінің 111/10 шешімінде Жақтардың екінші Кеңесі құрған Жою технологиясы жөніндегі арнайы техникалық Кеңес беретін Консультанттық комитеттің құрылған фактісін атап өтті және жоспарланып басталуына кемінде төрт ай қалған мерзім ішінде 1992 жылы өтетін Жақтардың төртінші Кеңесіне тапсыру үшін Комитеттен баяндаманы хатшылыққа беруін сұрайды.
      6. "Тұтыну" ұғымы реттелуші заттардың өндірісі плюс импорт минус экспортты білдіреді.
      7. "Есепті деңгей" 3-бапқа сәйкес айқындалған өндіру, импорт, экспорт және тұтыну деңгейлерін білдіреді.
      8. "Өндірісті рационизациялау" деген ұғым кәсіпорынның жабылу нәтижесінде қанағаттандырылмаған алдағы сұранымды жабу және бірінші Жақтың басқа Жаққа экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында өндірістің есепті деңгейінің бір бөлігін немесе түгел беруді білдіреді. 4/
      9. "Ауыспалы зат" деген ұғым осы хаттаманың С қосышасында көрсетілген өз алдына жеке немесе қоспа ретіндегі затты білдіреді. Бұл С қосымшасында аталған заттардан басқа кез-келген осындай заттың изомерлеріне жатады, бірақ аталып кеткен заттарды тасымалдау мен сақтау үшін пайдаланатын ыдыстан басқа нысаны бар дайын өнімнің құрама бөлігі болып табылатын кез-келген осындай заттарға немесе қоспаларға жатпайды. 5/
____________________________________________
      3/ Реттелуші заттардың экспорты мен импорты жайында Жақтардың бірінші Кеңесі 1/12 шешімінде былай қаулы етеді:
      Реттелуші заттарға қолданылатын шикізаттың импорты мен экспортына осындай тәртіп тарауы тиіс және олар осындай таза реттелуші заттар секілді есептеліп, Жақтардың тұтыну деңгейінің есептеріне қосылады.
      4/ Жақтардың бірінші Кеңесі 1/12 Д шешімінде Хаттаманың 2-бабының 1-5 тармақтары мен 1-баптың 8-тармағындағы "Өндірісті рационализациялау" ұғымын былай деп түсіндіруге келісті:
      "Өндірісті рационализациялау" ұғымын түсіндіру кезінде осы ел өзінің өндірісін басқа елде тиісті қысқарту болмайынша өз өндірісін ұлғайта алмайды.
      5/ Жақтардың үшінші Кеңесі 111/12 шешімінде қаулы етеді:
      в/ Ауыспалы заттар туралы Лондон қарарын назарға ала отырып /Монреаль Хаттамасы Жақтарының екінші Кеңесінің баяндамасына ҮІІ қосымша/ /осы Басқарушылықтың ІІІ қосымшасына қара/ экономикалық тұрғыдан басқа қолданатын балама болмаса реттелуші заттардың экологиялық технологиялық және экономикалық факторларын ескере отырып, ауыспалы заттарды өндіруді тез қысқартуға ықпал жасау үшін кезекті бір жақты салалар айқындалады. Осындай салалармен қатар ауыспалы заттар қазір қолданылатын салалар үшін де қажетті қанша мол көлемін бағалау керек.
      с/ Баға беру жөніндегі Топтан осындай салаларға қажет озон бұзушылық мүмкіндігі өте төмен ауыспалы заттарды анықтауды сұрайды және мүмкіндігінше тиісті шығыны көрсетілген ауыспалы заттарды құртатын техникалық және экономикалық жағынан жүзеге асыра алатын кесте ұсынылады.
      а/ Баға беру жөніндегі Топтан Жақтардың төртінші Кеңесі - не қарауға беру үшін өз баяндамаларын ашық құрамының жұмысшы топтары қарау үшін дер кезінде беру сұралады:
      е/ Вена Конвенциясы Жақтарының Конференциясы екінші Кеңесінің 11/2 шешімінің 2-тармағы мақұлдансын.

2-БАП: РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫ

      1. /1990 жылы Лондонда болған Жақтардың екінші Кеңесінде жасалған түзетулерге сәйкес 2 А топқа қосылады/.
      2. В 2 бабымен алмастырылады.
      3. пен 4 А 2 бабымен алмастырылады.
      5. /1986 жылы А қосымшасында 1 топтағы реттелуші заттар өндірудің есепті деңгейі жылына кем дегенде жиырма бес килотонн болған кез келген Жақ осы баппен бекітілген өндірісті шектеу шеңберінен тыс шықпайтын осы жақтардың өндірісінің жалпы суммарлық есеп деңгейі 1, 3 пен 4 6/ тармақтарында, көрсетілген шектен асса, ол кез келген жаққа сол өндірістің рационализациялау мақсатында береді және алады. Осындай кез келген өндірісті бергендігі туралы хабар Хатшылыққа берілген мерзімінен кешіктірілмей беріледі.
      5. Кез келген Жақ реттеудің кез келген дара немесе бірнеше кезеңі шеңберінде 2А - 2Б баптарында көрсетілген өз өндірісінің есепті деңгейіндегі үлестің кез келген бөлігін кез келген басқа Жаққа бере алады, бірақ ол осы жақтар үшін осы баптар бойынша осы заттардың кез келген тобы бойынша өндірісті шектеу шеңберінен шықпайтын жағдайда болады. Осы процеске қатысушы әрбір Жақ осы туралы Хатшылыққа хабарлап, оның қай кезде жұмыс істейтінін және жағдайын білдіреді.
      6. Жоғарыдағы 5-баптың шеңберінде жұмыс істемейтін, бірақ А қосымшасы немесе В қосымшасындағы реттелетін заттарды өндіру үшін қуаты бар, олардың құрылысы жүріп жатса, немесе 1987 жылдың 16 қыркүйегіне дейін олар бойынша контракт міндеттемелері қабылданса  және олар 1987 жылдың 1 қаңтарына дейін Ұлттық Заңмен қарастырылса, онда өзінің 1986 жылғы өндірістік есептеулі деңгейін анықтау мақсатында өзінің 1986 жылғы негізгі өндіріс деңгейіне осындай қуаттар өнімін қоса алады, бірақ ол мұндай қуаттардың құрылысы 1990 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталған кезде және осы өндіріс осы Жақтардың реттелуші заттардың жыл сайынғы тұтынуын жан басына шыққанда 0.5 килограмнан асырмай көбейтуге әкеп соқпаған жағдайда болады.
      7. 5-тармаққа сәйкес өндірістің кез келген беру жайында немесе 6-тармаққа сәйкес өндірісті барынша ұлғайту хабар осындай берілген кезеңнен кешіктірілмей хатшылыққа хабар жолданады.
      8. а/ Конвенциясының 1-бабының 6-тармағындағы айқындауға сәйкес экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйымның мүше мемлекеттері болып табылатын кез келген Жақтар осы баппен және 3А - 2Б баптарында көрсетілгендей олардың жалпы суммарлық тұтыну деңгейінен аспаған жағдайда олар осы баптың 8/ және 2А - 2Б баптарының шеңберінде тұтыну жөніндегі өздерінің міндеттемелерін бірігіп орындап жатқандықтарын атай алады.
      в/ Осы келісімді жақтаған кез келген Жақтар осы келісімнің шарттары туралы келісім тақырыбы жайында тұтынуды қысқарту датасына дейін хатшылыққа хабарлайды.
      с/ Мұндай келісім барлық мемлекеттер осы экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйымның мүшелері болса және аймақтық ұйымның өзі Хаттаманың Жақтары болса және олар оның қалай орындалатынын хатшылыққа хабарлаған кезде ғана күшіне енеді.
____________________________________________
      7/ Жақтардың бірінші Кеңесі 1/12 С шешімінде Хаттаманың 2-бабындағы 6-тармағы туралы былай деп түсінік беруге қаулы етеді:
      а/ Хаттаманың 2-бабындағы 1-4-тармақтары тұрақтандырылып, кейіннен өндірісті жыл сайын жақсартуды көздейді, сөйтіп, 2-баптың 6-тармағының шеңберінде осындай өндірістің қалайда кеңітілуіне жол бермейді.
      в/ Хаттаманың мақсаты мен міндеті ХФУ мен галондардың өндіру мен пайдаланылуын едәуір қысқарту болып табылатындықтан 2-баптың 6-тармағы немесе Хаттаманың мақсаттарына сәйкес Жақтарға жатпайтын елдер мен ұйымдарға экспортқа жіберу үшін әлемдік тұтынуды азайтуға қарсы тұра алатын өндірістің ұлғайтылу мүмкіндігін көздемейтін әлде бір басқа жағдайды қарастырмайды.
      с/ 1987 жылдың 16 қыркүйегіне дейін олардың кәсіпорындары салынып жатса немесе олар бойынша контракты міндеттемелер қабылданған болса және олардың құрылыс ұлттық заң бойынша 1987 жылдың 1 қаңтарына дейін және 1990 жылдың 31 желтоқсанына дейін оның құрылысы бітетін болса, сол елдерге ғана 2-баптың 6-тармағының шеңберінде ғана жұмыс істеуге рұқсат беріліп, олар ол жайында хатшылыққа хабар береді.
      8/ 1990 жылғы 29 маусымда Лондонда өткен Жақтардың екінші Кезеңінде қабылданған 11/1 шешімінің 2, 2А мен 2Б баптарының түзетулеріне сәйкес жүргізіледі:
      9. а/ Жақтар 6-бапқа сәйкес жүргізіліп отырған бағалардың негізінде мынадай шешімдер қабылдай алады:
      I/ А қосымшасында немесе Б қосымшасында көрсетілген озон бұзылатындай қабілеті бар коэффициент есептерін түзетуді қамтамасыз етеді және егерде қолдаса, онда қандайын және
      II/ Одан әрі түзету жүргізу мен өндірісті қысқарту немесе реттеуші заттарды тұтыну /1986 жылғы деңгеймен салыстырғанда/ қажет пе, егер де қолдамаса, онда оның қандай келісімде және қай мерзімде екені көрсетіледі; 9/
      в/ Мұндай түзетулер туралы ұсыныстар Хатшылық Жақтарға Жақтардың кеңесі басталғанға дейін кемінде 6 ай қалғанда хабарлайды, олар бекітулерге тапсырылады;
      с/ Мұндай шешімдерді қабылдай отырып, Жақтар консенсус жолымен келісімге жету үшін барлық жігерлерін жұмылдырады. Егер де консенсуске жету мақсатында қолданған барлық жігерге қарамай келісімге қол жетпесе, мұндай шешімдер Жақтардың ең соңғы шарасы ретінде келгендер мен дауыс беруге қатысушылардың үштен екісінің көпшілігімен /реттеуші заттардың тұтынушы жақтардың кем дегенде елу проценті/ 5-баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істеуші Жақтардың келушілері мен дауысқа қатысушыларының көпшілігі және осы тармақтың шеңберінде жұмыс істемейтін дауыс беруге келгендер мен қатысушылардың көпшілігі қабылдайды.
      д/ Барлық Жақтарға міндетті болып табылатын шешімдер туралы Депозитарий Жақтарға дереу хабарлайды. Егер де шешімдерде басқа нәрселер қарастырылмаса, Депозитарий таратқан күннен бастап алты ай өткен сон шешімдер күшіне енеді.
      10. /а/ I Осы Хаттаманың 6-бабына сәйкес жүргізілген баға беру негізінде және Конвенцияның 9-бабында айтылған процедураға сәйкес Жақтар шешімдер қабылдай алады:
      I/ Осы Хаттаманың кез келген қосымшасында кез келген заттарды енгізуге бола ма, егер де болса, олар қандай заттар және қандайларды алып тастайды, және
      II/ Көрсетілген заттарға бейімделген шараларды қабылдаудың мерзімі мен көлемі, механизмі туралы;
      9. Жақтардың үшінші Кеңесі III/I /а/ шешімінде Монреаль Хаттамасы Жақтарының көңілін Жақтардың екінші Кеңесінде қабылдаған хаттамаға түзету енгізу 1991 жылғы 7 наурыз күні күшіне енгеніне аударады және реттеулерді түзету шараларының сәйкес болуын қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдануын өте сұрайды.
      в/ Жақтардың дауыс беруге келген және қатысулардың үштен екі бөлігінен астамы қабылданған жағдайда кез келген осындай шешім күшіне енеді.
      II. Осы 10/ баптың және 2А - 2Е баптарының мазмұнды жағдайларына қарамай, Жақтар осы бап пен 2А - 2Е баптары талап ететін шаралармен салыстырғанда одан қатаң шаралар қабылдай алады; 11/
___________________
      10/ 1990 жылдың 29 маусымында Лондонда өткен жақтардың екінші кезеңінің ІІ/І шешімінде қабылданған түзетулерге сәйкес 2, 2А мен 2В баптары;
      II/ Вена Конвенциясы мен Монреаль хаттамасы Жақтарының бірінші Кеңесінде ұсынылған Европа қоғамдастығының үкіметтері қабылдаған озон қабатын қорғау туралы Хельсинки Декларациясының осы Басқарушылық жайлы I қосымшадағы толықтыруды қараңыз.
      Сол сияқты Австралияның; Австрияның, Бельгияның, Данияның, Канаданың, Лихтенштейннің, Нидерландының, Жаңа Зеландияның, Норвегияның, Германия Федеративті Республикасының, Финляндияның, Швейцарияның және Швецияның Монреаль хаттамасы Жақтарының екінші Кеңесінде жасалған Лондон Мәлімдемесінің осы Басқарушылық туралы қосымшасындағы толықтыруға қараңыз.
      Бұдан әрі Монреаль хаттамасының Жақтарының екінші Кеңесінде ұсынылған Европалық қауымдастық пен үкіметтердің осы басқарушылықтың ІІІ қосымшасындағы толықтыруды қара, сол секілді Швеция, Финляндия, Норвегия, Швейцария, Австрия, Германия мен Дания үкіметтерінің өкілдері болған делегация басшылары Мәлімдемесінің IV қосымшасына қараңыз.

ТҮЗЕТУЛЕРГЕ КІРІСПЕ

      Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасы Жақтарының екінші Кеңесі Хаттама мен 6-бапты орындауда жүргізілген бағалар негізінде Хаттаманың А қосымшасында көрсетілген реттелуші заттарды өндіру мен тұтынуын қысқарту және түзеу туралы қаулы етеді және мына жайларды ескеріп түсінеді:
      а/ 2-баптағы "осы бапқа" және Хаттаманың барлық тексі бойынша "2-бапқа" сілтемелер 2, 2А және 2В баптарына сілтемелер ретінде түсінеді.
      в/ Хаттаманың барлық тексі бойынша "2-баптың 1-4 тармақтарына" Сілтемелер 2А мен 2В баптарына Сілтеме ретінде түсінеді және
      с/ 2-баптың 5-тармағындағы "1, 3 пен 4-тармақтарына" сілтеме 2А бапқа сілтеме ретінде түсіндіріледі.

2А-БАП: ХФУ

      1. Осы Хаттама күшіне енгеннен кейінгі жетінші айдың алғашқы басталған күні, он екі ай мерзім ішінде және одан кейінгі он екі айдың әрбір мерзімінде А қосымшасындағы І-топтың реттелуші заттардың тұтыну деңгейі оның 1986 жылғы тұтынудың есепті деңгейінен аспауын әрбір Жақ қамтамасыз етеді. Осы заттың бір немесе бірнешеуін өндіретін әрбір Жақ осы мерзімнің аяғына дейін, ол жатқан осы заттардың есепті деңгейі оның 1986 жылы өндірілген деңгейінен аспауын қамтамасыз етеді, бірақта бұл деңгей 1986 жылғы деңгеймен салыстырғандағыдан он проценттен аспай өсе алады. Мұндай өсім 5-баптың шеңберінде жұмыс істейтін Жақтардың 12/ негізгі ішкі тұтынуын қанағаттандыру үшін және Жақтардың арасында өнеркәсіптік өндірісті тиімді болу мақсаты үшін қажет болған жағдайда ғана бола алады.
      2. 1991 жылғы 1 шілдеден 1992 жылдың желтоқсанына дейінгі мерзімде әрбір Жақ А қосымшасының І-тобына қосылған өзінің реттелуші заттарының өндіру мен тұтынудың есепті деңгейі 1986 жылы осы заттарды және тұтынудың есепті деңгейінен 150 процент аспауын қамтамасыз етеді. 1993 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл реттелуші заттар үшін 12 айлық реттелу мерзімі әрбір жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсан аралығын болып белгіленеді.
      3. Әрбір Жақ 1995 жылдың 1 қаңтарында басталатын 12 айлық мерзім ішінде және одан кейінгі 12 айлық мерзім үшін А қосымшасының I тобында көрсетілген реттеуші заттарды тұтынудың жыл сайынғы есепті деңгейі оларды тұтынудың /1986 жылғы есепті деңгейінен елу процент аспауы тиіс. Осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін шығаратын әрбір Жақ осы мерзімдердің ішінде осы заттарды өндірудің жыл сайынғы есепті деңгейі оны өндірудің 1986 жылғы деңгейінен аспауы керек. 5-баптың 1-тармағының деңгейінде жұмыс істейтін Жақтардың негізгі ішкі тұтынуын қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі, бұл шектен аспауы мүмкін, бірақ оның өндірісті 1986 жылғы есепті деңгейден 10 проценттен артық аспауы керек.
____________________________________________
      12/ Жақтардың бірінші Кеңесі І/12 С шешімінде хаттаманың 2 және 5-баптарындағы "негізгі ішкі қажеттік" терминін былайша түсіндіруге келісіп, қаулы етеді:
      Хаттаманың 2 және 5-баптарындағы қолданылған "Негізгі ішкі қажеттік" / термині басқа елдерді жабдықтау мақсатында реттелуші заттар бар өнімдер өндіруді ұлғайтуға болмайды, тоқтату ретінде ұғылады.

      4. Әрбір Жақ 1997 жылғы 1 қаңтарда басталатын он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі әрбір он екі айлық мерзім үшін А қосымшасының I тобына қосылған реттеуші заттарды тұтынудың есепті деңгейі оны тұтынудың 1986 жылғы есепті деңгейінен бір жылда 15 процент аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін шығаратын әрбір Жақ осы мерзімдердің ішінде осы заттарды өндірудің есепті деңгейін 1986 жылғы өндірістің есепті деңгейінен бір жылда он бес процент аспауын қамтамасыз етеді. Бірақ та 5-баптың 1 тармағының шеңберінде жұмыс істейтін Жақтардың негізгі ішкі тұтынуларын қанағаттандыру үшін оның есепті деңгейі бұл есептен аса алады, бірақ онда 1986 жылғы оның өндірісінің есепті деңгейінен, бұл шектен он проценттен артық аспауы мүмкін.
      5. Әрбір Жақтардың 2000 жылдың 1 қаңтарында басталатын он екі айлық мерзімі ішінде және одан кейінгі әрбір он екі айлық мерзімде А қосымшасының І тобына қосылған оның реттеуші заттарын тұтынатын есепті деңгейі нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін өндіретін әрбір Жақ осы мерзімдердің ішінде осы заттарды өндірудің есепті деңгейі нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Бірақ та 5-баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істеп жатқан Жақтардың негізгі ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі, бұл шектен асуы мүмкін, бірақ 1986 жылғы оны өндірудің есепті деңгейінен он бес проценттен артық емес.
      6. 1992 жылы Жақтар қысқарту кестесін тездету мүмкіндігін қарайды.

2В-БАП: ГОЛОНДАР 13/

      1. Әрбір Жақ 1992 жылдың 1 қаңтарында басталған он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі он екі айлық мерзімнің әрқайсысы үшін А қосымшасының II тобына қосылған реттелген заттардың жыл сайынғы оның тұтынудың есепті деңгейі 1986 жылғы оны тұтынудың есепті деңгейінен аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін өндіретін әрбір Жақ осы мерзімдердің ішінде осы заттарды өндірудің есепті деңгейі нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істеп жатқан Жақтардың негізгі ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі бұл шектен асуы мүмкін, бірақ 1986 жылғы оны өндірудің есепті деңгейінен он проценттен аспауы керек.
      2. 1995 жылдың 1 қаңтарында басталатын он екі ай мерзімнің ішінде және одан кейінгі он екі айлық мерзімнің әр қайсысы үшін А қосымшасының II тобына қосылған реттелуші заттардың жыл сайынғы оны тұтынудың есепті деңгейі 1986 жылғы оны тұтынған есепті деңгейден елу проценттен артық болмауын қамтамасыз етеді. Осы заттардан біреуін немесе бірнешеуін әрбір Жақ осы мерзімнің ішінде осы заттарды өндірудің жыл сайынғы есепті деңгейі 1986 жылғы оны өндірудің жыл сайынғы есепті деңгейінен елу проценттен аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі бұл шектен аспауы мүмкін, бірақ ол 1986 жылғы өндірілген оның есепті деңгейінен он проценттен артық болмауы тиіс. Бұл тармақ өздеріне біртекті балама болмайтын қолданудың маңызды түрлерін қамтуға қажетті өндіру немесе тұтыну деңгейіне рұқсат берген шешімді Жақтар қабылдаған негіздегіден басқа кезде қолданылмайтын болады.
      3. Әрбір Жақ 2000 жылдың 1-қаңтарында басталатын он екі ай мерзім ішінде және одан кейінгі он екі айдың әрбір мерзімі үшін А қосымшасының ІІ-тобына қосылған реттелуші заттарды тұтынудың есепті деңгейі нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Әрбір Жақ осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін шығарса, осы мерзімнің ішінде осы заттарды өндірудің есепті деңгейі нольдік шектен аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың І-тармағында жұмыс істейтін жақтардың негізгі ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін оның есепті деңгейі бұл шектен аса алады, бірақ 1986 жылғы өндірудің есепті деңгейінен 185 проценттен аспауы керек. Бұл тармақ өздерінің біртекті баламасы жоқ қолданудың маңызды түрлерін қамтуға қажетті өндіру немесе тұтыну деңгейіне рұқсат беру жөнінде Жақтар шешім қабылдаған кезде ғана қолданылады.
____________________________________________
      13/ Жақтардың екінші Кеңесі 11/3 шешімінде галондар жөнінде 1992 жылы өтетін Жақтардың төртінші Кеңесінде галондарды айырбастау мүмкіндігіне қатысты, галондарды пайдаланудың маңызды түрлерінің барлығын айқындау керек, кезінде осы түрлерді анықтап, зерттейтін сарапшылардың арнайы жұмыс тобын құруға қаулы етті:

      4. 1993 жылдың 1-қаңтарына дейін "Қолданудың маңызды түрлері" ұғымын айқындау жөнінде, егер де осы баптың 2 және 3-тармақтарының мақсаттары үшін мұндайлар болса тиісті шешім қабылдайды.

2С-БАБЫ: БАСҚАЛАРЫ ТҮГЕЛ ГАЛОГДИРЛЕНГЕН ХФУ

      1. Әрбір Жақ 1993 жылы басталған он екі айдың мерзім ішінде онан кейінгі он екі айлық мерзімнің ішінде В қосымшасының І-тобына қосылған реттелуші заттардың жыл сайынғы есепті деңгейі оны тұтынудың 1989 жылғы есепті деңгейінен сексен проценттен аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін өндіретін әрбір Жақ осы заттарды өндірудің жыл сайынғы есепті деңгейі оны өндірудің 1989 жылғы есепті деңгейінен 80 проценттен аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажеттілігін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі 1986 жылғы өндірілген есепті деңгейден 10 проценттен аспауы керек.
      2. Әрбір Жақ 1997 жылы 1-қаңтарда басталатын он екі ай мерзімнің ішінде және одан кейінгі әрбір он екі айлық мерзімнің ішінде В қосымшасының 1-тобына қосылған реттелуші заттардың жыл сайынғы тұтынудың есепті деңгейі 1989 жылғы тұтынудың есепті деңгейіне 15 проценттен аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін өндіретін әрбір Жақ осы заттардың өндірудің жыл сайынғы есепті деңгейі 1989 жылғы өндірудің жыл сайынғы есепті деңгейінен он бес проценттен аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-інші баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі 1989 жылы өндірілген есепті деңгейден он процент болып, бұл шектен асып кетуі ықтимал.
      3. Әрбір Жақ 2000 жылдың 1 қаңтарынан басталатын он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі он екі айлық мерзім ішінде В қосымшасының 1-тобына қосылған реттелуші заттарды тұтынудың есепті деңгейі нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Әрбір Жақ осы заттардың біреуін немесе бірнешеуін шығаратын болса, осы мерзімнің ішінде нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі 1989 жылғы өндірілген есепті деңгейдегі бұл шектен он бес проценттен артық аспауы мүмкін.

2-БАП: І/ТЕТРАХЛОРМЕТАН

      1. Әрбір Жақ 1995 жылдың 1-қаңтарында басталатын он екі айдың ішінде және содан кейінгі әрбір он екі айдың ішінде В қосымшасының ІІ-тобына қосылған реттелуші заттардың жыл сайынғы өндірудің есепті деңгейі 1989 жылғы өндірілген тұтынудың есепті деңгейінен он бес процент аспауын қамтамасыз етеді. Осы затты шығаратын әрбір Жақ сол мерзімдердің ішінде осы заттарды өндірудің жыл сайынғы өндіруінің есепті деңгейі оны өндірудің 1989 жылғы есепті деңгейінен 15 процент аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың І-тармағының шеңберінде істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру үшін оның есепті деңгейі бұл шекті оның 1989 жылғы өндірілген есепті деңгейінен он процент артуы ықтимал.
      2. Әрбір Жақ 2000 жылдың 1-қаңтарында басталатын он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі әрбір он екі ай мерзім ішінде В қосымшасының І-тобына қосылған реттелуші заттардың тұтынылуының есепті деңгейі нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттарды өндіретін әрбір Жақ осы мерзімдердің ішінде осы заттарды шығарудың есепті деңгейінің нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың I-тармағында істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі 1989 жылғы өндірістің есепті деңгейінен он бес проценттен артпай, бұл шекті асуы мүмкін.

2Е-БАП: І,І,І-ТРИЛОРЭТАН /МЕТИЛХЛОРОФОРМ /

      1. Әрбір Жақ 1993 жылдың 1-қаңтарында басталатын он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі әрбір он екі ай мерзім ішінде В қосымшасының III-тобына қосылған реттелуші заттардың жыл сайынғы тұтынуының есепті деңгейі 1989 жылғы оны тұтынудың есепті деңгейінен аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттарды шығаратын әрбір Жақтар осы мерзімдердің ішінде осы заттарды өндірудің жыл сайынғы есепті деңгейі оны өндірудің 1989 жылғы есепті деңгейінен аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың 1-тармағы шеңберінде істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру үшін осы өндірістің есепті деңгейі 1989 жылғы оны өндірудің есепті деңгейінен он проценттен аспай, бұл шектен асуы мүмкін.
      2. Әрбір Жақ 1995 жылдың 1-қаңтарында басталатын он екі ай мерзім ішінде және одан кейінгі әрбір он екі айлық мерзім ішінде В қосымшасының ІІІ-тобына қосылған реттелуші заттардың жыл сайынғы тұтынылуының есепті деңгейі 1989 жылғы оны тұтынудың есепті деңгейінен 70 проценттен аспауын қамтамасыз етеді. Осы затты шығаратын әрбір Жақ осы мерзімдердің ішінде оны өндіретін жыл сайынғы есепті деңгейі 1989 жылғы оны шығаратын есепті деңгейінен 70 проценттен аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта, 5-баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру мақсатында оны өндірудің есепті деңгейі 1989 жылғы оны өндірудің есепті деңгейінен он проценттен аспай асып кетуі мүмкін.
      3. Әрбір Жақ 2000 жылдың 1-қаңтарынан басталатын он екі айлық мерзім ішінде және одан кейінгі әрбір он екі айлық мерзім ішінде В қосымшасының ІІІ-тобына қосылған реттелуші заттардың жыл сайынғы тұтынуының есепті деңгейі оны тұтынудың 1989 жылғы есепті деңгейінен отыз процент аспауын қамтамасыз етеді. Әрбір Жақ осы заттарды шығара отырып, осы мерзімдердің ішінде осы заттың 1989 жылғы өндіруінің есепті деңгейінен отыз процент аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта 5-баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтардың негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі 1989 жылдың оның өндірілген есепті деңгейінен он проценттен аспай, бұл шектен артық болуы мүмкін.
      4. Әрбір Жақ 2005 жылдың 1-қаңтарында басталатын он екі ай мерзім ішінде және одан кейінгі әрбір он екі ай мерзім ішінде В қосымшасының ІІІ-тобына қосылған реттелуші заттардың жыл сайынғы есепті деңгейі нольдік деңгейінен аспауын қамтамасыз етеді. Осы заттарды шығаратын әрбір Жақ осы мерзімдердің ішінде осы затты өндірудің есепті деңгейі нольдік деңгейден аспауын қамтамасыз етеді. Бірақта, 5-баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтарының негізгі ішкі қажеттерін қанағаттандыру үшін оны өндірудің есепті деңгейі 1989 жылғы оны өндірудің есепті деңгейінен он бес проценттен артпай, 6ұл шектен асуы мүмкін.
      5. 1992 жылы Жақтар осы бапта көрсетілгендермен салыстырғанда қысқарту кестесін тездету мүмкіндігін қарайды.

3-БАП: РЕТТЕЛУШІ ДЕҢГЕЙЛЕРДІҢ ЕСЕБІ

      Әрбір Жақ 2 14 2А - 2Б және 5-баптарының мақсаттары үшін қосымшасының немесе В қосымшасындағы заттардың әрбір тобы үшін өзінің есепті деңгейлерін анықтайды:
      а/ Өндіріс жолымен:
      I/ Әрбір реттелуші заттың өзінің жылдық өндіріс көрсеткіші А қосымшасының немесе В қосымшасында озон бұзатын қабілетін көбейту;
      II/ Әрбір топ бойынша алынған көрсеткіштерін соммалап жинақтау;
      в/ импорт пен экспортқа сәйкес а/ тармақшасында көрсетілген mutalis mutandis процедурасын қолдана отырып және
      с/ Реттелуші заттарды өндіріс пен импорттың өзіндік есепті деңгейлерін сомдау жолдарымен тұтыну және а/ мен в/ тармақшаларына сәйкес айқындалған экспорттың өзіндік есеп деңгейінен шығарып тастау. Бірақта 1993 жылдың 1-қаңтарынан бастап Жақтарға жатпайтын елдерге реттелуші заттардың экспортынан экспортқа жіберетін Жақтың тұтыну деңгейін шығарып тастауға болмайды.

4-БАП: ЖАҚТАРҒА ЖАТПАЙТЫН МЕМЛЕКЕТТЕРМЕН САУДАНЫ РЕТТЕУ

      1. Осы Хаттама күшіне енгеннен кейінгі бір жылдық ішінде әрбір Жақ осы Хаттаманы Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекеттен реттелуші заттардың импортына тыйым салады.
      2. 1993 жылдың 1-қаңтарынан бастап 5-баптың 1-тармақшасының шеңберінде істейтін Жақтардың бірде-бірі осы Хаттаманы жақтамайтын кез келген мемлекетке бірде реттелуші затты экспортқа жібере алмайды.
      3. Осы Хаттама күшіне енген күннен кейінгі үш жылдың ішінде Жақтар конвенцияның 10-бабында көрсетілген ережеге сәйкес реттелуші заттар бар өнімінің тізімін қосымша ретінде дайындайды. Қосымшаға қарсы пікір айтпаған Жақтар көрсетілген процедураларға сәйкес қосымша күшіне енген бір жылдың ішінде осы Хаттаманың Жақтаушысы болмаған кез келген мемлекетпен мұндай өнімдердің импортына тыйым салады.
      4. Осы Хаттама күшке енгеннен кейінгі бес жылдың ішінде Жақтар осы Хаттаманы негізінде жүргізілген өнімдердің импортына тыйым салу немесе шектеудің практикалық мүмкіндігін анықтайды. Жақтар егер де бұл мүмкін деп санаса, конвенцияның 10-бабында көрсетілген процедураларға сәйкес осындай өнімдердің тізімін қосымша ретінде дайындайды. Ол жөнінде қарсы пікір білдірмеген Жақтар айтылған процедураларға сәйкес осы Хаттаманың Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекетпен осындай заттардың импортына қосымша күшіне енген бір жылдың ішінде тыйым салады немесе шектейді.
___________________
      14/ 2, 2А және 2В-баптары 1990 жылғы 29 маусымда Лондонда өткен Жақтардың екінші Кеңесі қабылдаған ІІ/І шешімінің түзетулеріне сай

      5. Әрбір Жақ осы Хаттаманы Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекетке реттелуші заттарды өндіруге немесе пайдалануға қажетті технологияны беру экспортын қостамайды.
      1. 1990 жылдың 1-қаңтарынан бастап әрбір Жақ осы Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекеттен А қосымшасында көрсетілген реттелуші заттардың импортына тыйым салады.
      1-бис. Осы тармақша күшіне енгеннен кейінгі бір жылдың ішінде әрбір Жақ Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекеттің Б қосымшасында көрсетілген реттелуші заттардың импортына тыйым салады.
      2. 1993 жылдың 1-қаңтарынан бастап әрбір Жақ Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекетке А қосымшасында аталған кез келген реттелуші заттардың экспортына тыйым салады.
      2-бис. Осы тармақша күшіне енген күннен бір жыл өткен соң әрбір Жақ Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекетке Б қосымшасында көрсетілген кез келген реттелуші заттың экспортына тыйым салады.
      3. 1992 жылдың 1-қаңтарына дейін Жақтар конвенцияның 10-бабындағы процедураларға сәйкес А қосымшасында көрсетілген реттелуші заттары бар өнімдердің тізімі қосымша ретінде дайындайды. Бұл қосымшаға қарсы келмеген Жақтар көрсетілген процедураларға сәйкес осы қосымшаның күшіне енген бір жылдың ішінде Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекетке осындай заттардың импортына тыйым салады.
      3-бис. Осы тармақша күшіне енгеннен кейінгі үш жылдың ішінде Жақтар конвенцияның 10-бабында айтылған процедураларға сәйкес В қосымшасына қосылған реттелуші заттары бар өнімдердің тізімі қосымша ретінде жасайды. Бұл қосымшаға қарсылық білдірмеген Жақтар осы процедураларға сәйкес осы қосымша күшіне енген Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекетке осы өнімдердің импортына тыйым салады.
      4. 1994 жылдың 1-қаңтарына Жақтар А қосымшасында көрсетілген реттелуші заттардың негізінде шығарылатын, бірақ Жақтарға жатпайтын мемлекеттерден басқалардың өнімдерінің импортын шектеу немесе тыйым салудың практикалық мүмкіндігін айқындайды. Жақтар егер де мұны мүмкін деп санаса, конвенцияның 10-бабында қарастырылған процедураларға сәйкес осындай өнімдердің тізімін қосымша ретінде дайындайды. Жақтар бұл ұсыныстарға қарсы болмаса, аталған процедураларға сәйкес қосымша күшіне енген бір жылдың ішінде осы Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекеттерден осындай өнімдердің импортына тыйым салады.
      4-бис. Осы тармақтың күшіне енген күннен кейінгі бес жылдың ішінде Жақтар Жақтарға жатпайтын мемлекеттерден В қосымшасында көрсетілген реттелуші заттардың негізінде өндірілетін өнімдердің импортын шектеу немесе тыйым салудың практикалық мүмкіндігін анықтайды. Жақтар егер де мұны мүмкін деп санаса, конвенцияның 10-бабында көрсетілген оларға сәйкес осындай өнімдердің тізімін қосымша ретінде дайындайды. Бұл қосымшаға қарсы пікір білдірмеген Жақтар көрсетілген процедураларға сәйкес Жақтарға жатпайтын кез келген мемлекеттен осындай өнімдердің импортын қосымша күшіне енгеннен кейінгі бір жылдың ішінде шектейді немесе тыйым салады.
____________________________________________
       1 5/ Жақтардың үшінші Кеңесі Хаттаманың 4-бабын жүзеге асыру жөніндегі ақпарды хатшылыққа беру туралы Жақтардың ұсынысын мақұлдап, қаулы етті.

      5. Әрбір Жақ осы хаттаманы жақтамаған кез келген мемлекетке реттелуші заттарды өндіру мен пайдаланудың технологиясын экспортқа жіберуді мүмкіндігіне қарап қостамайды.
      6. Әрбір Жақ Жақтарға жатпайтын мемлекеттерге реттелуші заттарды өндіруге көмек беретін технология немесе қондырғы, жабдықтар мен өнімдерді экспортқа жіберу үшін жаңа жәрдемақша, көмек, несие, кепілдеме немесе қауіпсіздендіру бағдарламасын беруге өзін өзі тоқтатады.
____________________________________________
      16/ 2, 2А және 2В-баптары 1996 жылдың 29 маусымында Лондонда өткен Жақтардың екінші Кеңесінде қабылданған ІІ/І шешімдерінің түзетулеріне сай.
      17/ Жақтардың екінші Кеңесі ІІ/15 шешімінде Жақтардың ашық құрамының жұмыстары тобының жұмысын одан әрі жалғастыруға, қажет болғанда және бірінші кезекте мына мәселелерді қарау үшін оның мандаты ұзартылсын:
      с/ Жақтармен катар Жақтарға жатпайтын мемлекеттермен және ұйымдармен сауда жасау туралы осы Хаттаманың ережелеріне байланысты, оның ішінде еркін сауда жасаған қатысты және Жақтардың үшінші Кеңесі жасалған ұсыныстар проблемаларын шешу.

      7. 5 және 6 тармақтар реттелуші заттарды қауіпсіз сақтауға, пайдаға асыруға, рециркуляцияға немесе жоюға көмек беретін өнімдерге, жабдықтарға қондырғыларға немесе технологияға қолданылмайды.
      8. Осы баптың жағдайына қарамай, 1, 1-бис, 3, 3-бис, /және/ 4 және 4-бис тармақтарында айтылған импорт және 2, 2-бис тармақтарында айтылған экспорт Жақтарға жатпайтын кез-келген мемлекетпен немесе егер де Жақтар Кеңесі бұл мемлекет және 2, 16 2А - 2Е баптарының ерекшеліктерін толық орындап келеді және ол 7-17 бабында көрсетілгендей, ол туралы тиісті мәліметтер берілген кезде рұқсат беріледі.
      9. Осы баптың мақсаттары үшін "осы Хаттаманы жақтамайтын Жақтың мемлекеті" деген ұғымға кез-келген нақты реттелуші затқа қатысты жұмыс істейтін осы затқа байланысты реттеу шараларымен келіспеген мемлекет немесе экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйым жатады.

5-БАП: ДАМУШЫ ЕЛДЕРДІҢ ЕРЕКШЕ ЖАҒДАЙЫ 18/

      1. Кез келген дамушы ел болып табылатын Жақ оның А қосымшасында көрсетілген реттелуші заттарды тұтынудың жыл сайынғы есепті деңгейі Хаттаманың күшіне енген күнінен жан басына шаққанда 0.3 килограммнан кем болмаса, немесе кез келген онан кейінгі мерзімге /Хаттаманың күшіне енген он жылдың ішінде/ 1999 жылдың 1-қаңтарына дейін болса, онда өзінің негізгі ішкі қажетін қанағаттандыру мақсатында 2А - 2Е баптарында /2 19 / бабының 1-, 4-тармақшалары бойынша осы тармақтарда айтылған мерзімінен кейін он жылға/ көрсетілген реттеу шараларының бұзылуын он жылға кейінге қалдырады. /Бірақта мұндай Жақ тұтынудың жыл сайынғы есепті деңгейін жан басына шаққанда 0.3 килограмм мөлшерінен асырмайды. Осындай әрбір Жаққа 1995 және 1997 жылдардағы мерзім ішінде оны тұтынудың есепті орта жылдық деңгейін немесе жан басына шаққанда 0.3 килограмм көлемінде тұтынудың есепті деңгейінің ол реттеуші шараларын сақтау үшін база ретінде қолданудан төмен емес жағдайда пайдалану құқы беріледі/.

      18 "Дамушы елдер" ұғымын түсіндіру жөнінде Жақтардың бірінші Кеңесі 1/12 шешімінде Хаттаманың мақсаттары үшін мына елдерді дамушылар ретінде қарауға қаулы етеді: Албания, Аджир, Ангола, Антигуа мен Барбуда, Аргентина, Ауғанстан, Багамараладры, Бангладеш, Барбадос, Бахрейн, Белиз, Бенин, Бирма, Боливия, Ботсвена, Бразилия, Бруни-Даруссалам, Буркина-Фасо, Бурунди, Вануату, Венесуэла, Вьетнам, Габон, Гаифи, Гайана, Гамбия, Гана, Гватемала, Гвинея, Гвинея-Бисау, Гондурас, Гренада, Демократиялық Кампучия, Демократиялық Йемен, Джибути, Доминика Республикасы, Египет, Заир, Гамбия, Зимбабве, Индия, Индонезия, Иордания, Ирак, Иран, /Ислам Республикасы/, Иемен, Кабо-Берде, Камерун, Катар, Кения, Кипр, Қытай, Колумбия, Комор аралдары, Конго, Корей Халық Демократиялық Республикасы, Коста Рика, Кот-д, Ивуар, Куба, Кувейт, Лаос Халық-Демократиялық Республикасы, Лесото, Либерия, Ливан, Ливия Араб Жамахириясы, Маврикий, Мавритания, Мадагаскар, Малави, Малайзия, Мали , Мальдив аралдары, Мальта, Марокко, Мексика, Мозамбик, Монголия, Намибия, Непал, Нигер, Нигерия, Никарагуа, Біріккен Танзания Республикасы, Біріккен Араб Эмираты, Оман, Пакистан, Панама, Папуа-Жаңа Гвинея, Парагвай, Перу, Корей Республикасы, Руанда, Румыния, Сальвадор, Самоа, Сан-Томе мен Принсипи, Сауд Аравиясы, Свазиленд; Сейшель аралы, Сенегал, Сент-Винсент пен Гренадина, Сент-Кристофер және Невис, Сент-Люсия, Сингапур, Сирия Араб Республикасы, Соломонов аралдары, Сомали, Судан, Суринам, Сьерра-Леоне, Тайланд, Того, Тонга, Тринидад және Тобаго, Тунис, Уганда, Уругвай, Фиджи, Филиппин, Орталық Африка Республикасы, Чад, Чили, Шри-Ланка, Эквадор, Экваторлық Гвинея, Эфиопия, Югославия және Ямайка.
      Осы аталған дамушы елдер жайында жақтардың екінші Кеңесі 11/10 шешімінде қаулы етеді:
      5-баптың бірінші тармағының шеңберінде істейтін Дамушы елдерге қажетті реттелуші заттардың дәл санын өздерінде бар деректердің негізінде анықтау және Хаттаманың 2А - 2Е баптары мен 2-бабы бойынша рұқсат етілген проценттер көлемінде дамушы елдерге өздерінің компанияларына қосымша қажетті сандарында өндіруге көмек көрсету үшін жеткізу көздерін анықтау Хатшылықтан сұралсын.
      Хатшылықтан өзінің жыл сайынғы деректер туралы баяндамасында 5-баптың 1-тармағының шеңберінде істейді деп есептелетін толық мәліметтердің негізінде дамушы елдердің жаңартылған тізімін жариялау сұралсын. Хаттаманың санымен бірге 5-бабының 1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтар болып есептелуге тиіс толық емес немесе бағалай алатын дамушы елдердің тізімін жариялайды. Хаттаманың 5-бабындағы Ережелерге сәйкес 5-баптың 1-тармағында көрсетілген тәртіп ол хатшылыққа мұның жыл сайынғы тұтынудың есепті деңгейі жан басына шаққанда 0.3 килограмнан төмен екенін растайтын толық мәліметті бермейінше ешбір Жаққа таратылмайды. Жақтардың үшінші Кеңесі III/3 с/ шешімінде 5-баптың 1-тармағына сәйкес дамушы елдердің мамандықтары туралы ұсынысты мақұлдауға қаулы етеді:
      "Мәліметтер туралы баяндамада бар" (UNEP/OZ. (Pzo) Vl 3/113 gty Add 1) деректерге сай және мәліметтер беру мәселелері жөніндегі арнайы сарапшылар тобының баяндамасының / (UNEP/OZ (Pzo/WC Z/114) /с/ 14 тармағындағы ұсыныстарға орай Комитет мына Дамушы елдер 5-баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істейтін уақытша мамандықта деп қаулы етті: Бахрейн, Мальта, Біріккен Араб Эмираттары мен Сингапур. Басқа дамушы елдердің бәрі 5-баптың 1-тармағының шеңберінде қимыл жасайтындар болып қаралады.
      Жақтардың Үшінші Кеңесі бойынша сонымен қатар III/5 шешімінде қаулы етеді:
      а/ Дамушы елдің статусын беру туралы мемлекеттердің өтініштері жеке негізде және түсуіне қарай қаралсын;
      в/ Монреал Хаттамасының мақсаттары үшін Түркияға дамушы елдің статусын беру мойындалсын, онда Дүниежүзілі банк пен ОЭСР және ПРООН Түркияны дамушы ел ретінде танитыны атап өтілсін;
      с/ Жақтардың ашық құрамының жұмысшы тобынан Монреаль Хаттамасының мақсаттары үшін дамушы елдердің статусын беруді сұраған кезде қолданылатын критерийді анықтап, зерттеу сұралсын және Жақтардың төртінші немесе бесінші Кеңесінде қарауға баяндама берілсін. Жақтардың үшінші Кеңесі осымен бірге III/6 шешімінде Дамушы елдер өкілдерінің Баға жөніндегі топ, жою технологиясы жөніндегі Комитет, Бюро және Жұмысшы топтарының, сондай-ақ Монреаль Хаттамасы шеңберінде шақырылатын кез-келген басқа Кеңестердің жұмысына қатысулары мақұлдансын және осындай қатысушыларды мүмкіндігіне қарай қаржымен қолдау қамтамасыз етілсін. Монреаль Хаттамасына қосымша түзетулер енгізу жөнінде Жақтардың үшінші Кеңесі одан әрі III/13 шешімінде қаулы етеді:
      в/ Хаттаманың 5-бабының 1-тармағының шеңберінде жұмыс істеп, осы бапта көрсетілген жан басына шаққанда тұтыну 0.3 килограмм көлемінен асқанда ел үшін оның салдарының мүмкінділігі қандай болатынын талқылау үшін Монреаль Хаттамасының барлық тиісті баптарын қарау керек.
      с/ осындай Жақтың екінші бапта қарастырылған реттеу шараларына орай жағдайына айқындап білу үшін Хаттамаға енгізілуі мүмкін түзетулерді қосу шараларын талқылау қажет, оның ішінде анықталатыны
      осындай Жаққа өндіруді қысқарту кестесі үшін қолданатын негізгі жыл;
      өндіруді қысқарту кестесінде кезең, ол оған сай болуы керек;
      реттеу жөніндегі шараларды неғұрлым толық жүзеге асыру үшін Жаққа қандай мерзімді /егер ондай болса/ беру қажет.
      /5/1/ бап бойынша өзінің статусын Жақтар үшін жоятын салдардың мүмкіндігін қарайды, егер де ол осы уақытта Уақытша көп жақты қордың атқару Комитетінің мүшесі болып табылса.
 
      2. Жақтардың дамушы елдер болып саналатын Жақтарға экологиялық қауіпсіз балама химиялық заттар мен технологияларға қол жеткізуге көмектеседі және соларға осындай балама заттар мен технологияны пайдалануға тез көшу мақсатында көмек көрсетеді.
      3. Жақтар екі жақты немесе көп жақты каналдар бойынша дамушы елдер болып табылатын жақтарға балама технологиямен айырбасталатын өнімдерді пайдалану мақсатында ақшалай жәрдем, көмек несие кепілдеме немесе қауіпсіздендіру бағдардамаларын беруді жеңілдетуге міндеттенеді.
      2. Бірақ та кез-келген Жақ осы баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істеп, А қосымшасында көрсетілген реттелуші Жақтардан жыл сайынғы тұтынуының есепті деңгейінен, жан басына шаққанда 0.3 килограмнан аспауы, В қосымшасында аталған реттеуші заттардың жыл сайынғы есепті деңгейінен, жан басына шаққанда 0.2 килограмнан аспауы керек.
      3. Осы баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін әрбір кез-келген Жақ 2А - 2Е баптарына сәйкес реттеу шараларын қолданған кезде мыналарды пайдалануға құқы бар:
_____________________
      19/ 2А және 2В баптары 1990 жылы 29 маусымда Лондонда өткен Жақтардың екінші Кеңесінің ІІ/І шешімінде қабылданған зерттеулерге сәйкес.

      а/ А қосымшасында көрсетілген реттелуші заттар үшін 1995 жылдан 1997 жылға дейінгі мерзім ішіндегі өзінің тұтынуының есепті орта жылдық деңгейі немесе реттеу шараларын сақтаудың критерийін анықтауға негіз ретінде қандай деңгейдің күші /аз/ екенін жан басына шаққанда 0.3 килограмм көлемінде тұтынудың есепті деңгейіне байланысты;
      в/ В қосымшасында көрсетілген реттелуші заттар үшін 1998 жылдан 2000 жылға дейінгі мерзім ішінде өзінің тұтынуының есепті орта жылдық деңгейі немесе реттеу шараларын сақтаудың критерийін анықтауға негіз ретінде қандай деңгейдің аз екенін жан басына шаққанда 0.2 килограмм көлемінде тұтынудың есепті деңгейіне байланысты.
      4. Егер де осы баптың 1-тармағы шеңберінде жұмыс істейтін Жақ 2А және 2Е баптарында көрсетілген реттеу шаралары жөніндегі міндеттемелер күшіне енген кезіне дейінгі кез-келген сәтте реттелуші заттардың жеткілікті санын алуға мүмкіндік жоғын білсе онда ол туралы ол Хатшылыққа хабар береді. Хатшылық мұндай хабардың бір данасын осы мәселені келесі Кеңесте қарайтын Жақтарға жібереді және олар тиісті шаралар қабылдайды.
      5. 2А - 2Е баптарында айтылған зеттеу шараларын сақтау жөніндегі осы баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін Жақтардың міндеттемелерді орындауға мүмкіндігін қамтамасыз ету және оларды осы Жақтар бойынша жүзеге асыру 10-бапта көрсетілген қаржылық ынтымақтастықты тиімді түрде жүзеге асыруға және 10А бабында айтылғандай технологияны беруге тәуелді.
      6. Осы баптың 1-тармағы шеңберінде істейтін кез келген Жақ кез-келген сәтте іс жүзінде барлық мүмкіндікті қолдағанына қарамай 10 және 10 А баптарын қатаң түрде орындауы себебінен 2А - 2Е баптарында көрсетілген зерттеу шаралары жөніндегі кез-келген немесе барлық міндеттемелерді орындауға өзінің күші жоқ екені жайында Хатшылыққа жазбаша түрде хабарлайды. Хатшылық бұл мәселені осы баптың 5-тармағын ескере отырып, алдағы Кеңесте қарайтын Жақтарға осы хабардың бір данасын дереу жібереді, олар қажетті шаралар қабылдайды.
      7. Жоғарыдағы 6-тармақта айтылған қажетті шараларды қабылдауға тиісті хабарды алған және Жақтардың Кеңесін өткізу аралығындағы мерзімде немесе кез келген онан кейінгі кезеңде Жақтар Кеңесінің шешімі бойынша хабар берген Жаққа 8-бапта айтылған ережені сақтамауға байланысты процедуралар қолданылмайды.
      8. Жақтардың Кеңесі 1995 жылдан кешікпей осы баптың 1-тармағының шеңберінде істейтін, оның ішінде технологияны беру мен қаржылық ынтымақтастықты тиімді түрде жүзеге асырып отырған Жақтардың жағдайына шолу жасайды және осы Жақтарға қолдануға жарайтын реттеу шаралары кестесіне қатысты қажет деген кез келген қайта қарауды өткізеді.
      9. Осы баптың 4, 6 және 7-тармақтарында айтылған Жақтардың шешімі 10-баптың шеңберінде қолданған шешімдерге қарайтын сол процедураға сәйкес қабылданады.

6-БАП: РЕТТЕУ ШАРАЛАРЫН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ШОЛУ

      1990 жылдан бастап және төрт жылда кем дегенде бір рет Жақтар 2, 20/ мен 2А - 2Е-баптарында көрсетілген реттеу шараларын, сол сияқты ғылыми, экологиялық, техникалық және экономикалық ақпараттардың негізінде С қосымшасындағы 1-топтың ауыспалы заттарын өндіру, импорт пен экспорт саласындағы жағдайды бағалайды. 21/
___________________________
      20/ 2, 2А және 2В баптары Лондондағы 1990 жылдың 29 маусымында ІІ/І шешімінде қабылданған түзетушілерге сай.
      21/ Жақтардың бірінші Кеңесі Монреаль Хаттамасының 6-бабына сай мына төрт топтың құрылуын бекітуге қаулы етті:
      а/ ғылыми баға беру жөніндегі топ
      в/ экологиялық баға беру жөніндегі топ
      с/ техникалық баға беру жөніндегі топ
      с1/ экономикалық баға беру жөніндегі топ
      Жақтардың бірінші Кеңесі, сондай-ақ 1/10 шешімінде ғылыми баға беру жөніндегі топтан булыжай тиімділігінің ықпалына жылудың қабілеті, ОРС көрсеткіштері туралы және реттелуші және реттелмеуші түрлі атмосфералық құрылымдардың өмір сүру мерзімдері туралы мәселені жан-жақты қарап, Жақтарға барлық тиісті атмосфералық құралдардың қазіргі жайы мен болашақ өндіру мен шығарудың болжамдарының экологиялық сипаттамасы жайында өзінің пікірін білдіруді сұрайды. Бұл орайда қазіргі кезде реттелетін заттардың айырбастау қабілетіне, әсіресе ГХФУ - 22-ге ерекше көңіл бөлу қажет. Сонымен бірге атмосфералық озонды реттеудегі метилхлорформ және тетрахлорметанның маңызы жайында сандық бағасын беру қажет.
      Жақтардың бірінші Кеңесі одан әрі 1,5 шешімінде ашық құрамының жұмысшы тобын құруға қаулы етті, ол:
      а/ Жоғарғыдағы 3 шешімде айтылған төрт жұмысшы тобының баяндамаларын қарап, ол баяндамаларды бір құрама баяндамаға біріктіреді;
      в/ Жоғарыдағы а/ тармақшасының негізінде Монреаль Хаттамасы Жақтардың бірінші Кеңесінде айтылған пікірлерді ескере отырып сұраған кезде қажет Хаттамаға деген кез келген түзетулердің ұсыныстарының жобаларын дайындайды. Мұндай ұсыныстар-озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясының 9-бабына сәйкес Жақтарға жіберіледі;
      Жақтардың екінші Кеңесі ІІ/5 шешімінде Жақтардың ашық құрама жұмысшы тобының қайраткерлігін одан әрі жалғастыруға және оның мандатын қажет кезінде және бірінші кезекте мына мәселелерді қарау үшін ұзартуға қаулы етті:
      а/ Қаржыландыру механизмінің шешілмеген түрлі құрастыру тетіктерін одан әрі жасау;
      в/ Озон қабатын қорғауға арналған технологияны тапсырудың ең ыңғайлы түрлерін анықтау;
      с/ Дамушы елдер болып табылатын Жақтар мен Хаттаманы жүзеге асыруда ынтымақтасу; және
      с1/ Еркін сауда аймағына қатысты мәселелерді қосып, Хаттаманың Жақтаушысы немесе жақтамаушысы емес Жақтармен және мемлекеттермен және ұйымдармен саудаға қатысты пайда болған проблемаларды шешу;
      Жақтардың екінші Кеңесі, сондай-ақ ІІ/13 шешімінде баға беру тобы жөнінде қаулы етті:
      Техникалық шолу жөніндегі Топтан 6-бапқа сәйкес I,I,I-трихлорэтанды /метилхлорформды/ өндіру мен тұтынуды кезеңмен қысқартудың немесе толық тоқтатудың ең қысқа техникалық жүзеге асыру мерзімі мен осыған байланысты шағымдарды анықтау және өзінің қорытындысы туралы Жақтардың төртінші Кеңесін дайындаушы Кеңесте қарау мақсатында уақытында ұсыну және оны сол Кеңесте қарау сұралсын;
      Жақтардың бірінші Кеңесі құрған баға беру жөніндегі төрт топтың әрбір мүшесін жаңа ақпаратты қарау үшін және Жақтардың үшінші Кеңесінің 2-бабының 1-тармағындағы мағынаға сай оның мандатын қараған жағдайда бұл мәселені талқылау үшін Жақтардың төртінші Кеңесінің уақытында қарау үшін қосымша баяндамаларға қосу Хатшылықтан сұралсын;
      Технологияны бағалау жөніндегі Топтан өз жұмысына мыналарды қосу сұралсын:
      а/ ауыспалы заттарды арнайы қолдану түрлеріне қажеттілікті қабылдау;
      в/ 5-баптың 1-тармағының шеңберінде жұмыс істеп жатқан Жақтар үшін олардың қазіргі және болашақтағы ішкі қажеттері үшін реттелуші заттардың санын есептеп талдау және осындай заттарды жөнелту мүмкіндігі; мен
      с/ химиялық заттардың токсикалық, жалындап жану ауыстырушылардың энергиялық қабілетінің, сонымен қатар оларға байланысты қоршаған ортаға қарасты басқа да пайымдаудың сипаттамасын салыстыру және қауіпсіздігі, сонымен бірге медициналық мақсаттарда ауыстырушыларды алу мүмкіндігін талдау;
      Ғылыми баға беру жөніндегі Топтың өз жұмысына мыналарды қосу сұралсын:
      а/ реттелуші заттардың /мысалы ГХФУ мен ХФУ/ ауыстырушылардың әлемдік жылу қабілеті мен озон бұзушылық күшіне, басқа да озон қабатын жасайтын мүмкіндігін бағалау;
      в/ едәуір мөлшерде өндіре алатын "басқа галондардың" озон бұзарлық қабілетінің мүмкіндігін бағалау;
      с/ Хаттамаға қазіргі әлемдік қатысудың деңгейін ескере отырып, Жақтардың екінші Кеңесінде қабылданған өзгерістерді білдіретін қайта қаралған реттеу шараларын жүзеге асыруға байланысты озон қабаты үшін болатын салдардың талдауы;
      ғылыми баға беру жөніндегі Топқа жоғарыда ұшатын ұшақтар, ауыр зымырандар мен көп рет пайдаланатын ғарыш кемелерін қозғалтқыштары шығаратын газдардың ықпалы туралы баға беру мәліметтерін дайындау тапсырылсын;
      Барлық баға беру Топтарына дамушы елдерден сарапшыларды кеңінен қатыстыруға барлық күш жұмылдырылсын.
      Жақтардың үшінші Кеңесі II/II шешімінде қаулы етеді:
      а/ Жақтардың екінші Кеңесінде II/2 шешімінде қабылданған Монреаль хаттамасының түзетулеріндегі 5-баптың 5 және 6-тармақтағыларын еске түсіріп, II/15 шешімге сәйкес Жақтардың ашық құрамы жұмысшы тобының өкілеттілігі мақұлдансын және бұл жұмыстарды белсенді түрде жүргізу сұралсын;
      в/ егер де баға беру жөніндегі Топтардың жұмыс нәтижелерінде хаттаманы Үйлестіру қажеттілігі пайда болса, немесе оған түзетулер енгізу керек болса, Жақтардың келесі Кеңесінде қарау үшін Жұмысшы тобы ұсыныстарды дер кезінде беруі керек.
      с/ ашық құрама Жұмысшы тобының қосалқы төрағалары ретінде Мексика мен Бірлескен Корольдіктердің сайлануы мақұлдансын.

7-бап: Мәліметтер беру

      1. Әрбір Жақ болған соңғы үш айдың ішінде Хатшылыққа 1986 жылғы А қосымшасындағы реттелуші заттардың әрқайсысының өзінің өндіруі импорт пен экспорт туралы немесе егер де фактілі деректер жоқ болса, онда ең сенімді бағалау мәліметтерінің сипаттамасын береді.
      1.2 Әрбір Жақ Хатшылыққа өзінің жыл сайынғы өндірісі, Жақтар бекітуге жататын технологияны қолдану мен жыл сайын жойылатын заттардың саны туралы деректерді арнайы көрсетіп, импорты мен экспорты, Жақтар болып табылатын елдердің немесе олай саналмайтын елдердің, немесе ол Жақтаушы болған бір жылдың ішінде және одан кейінгі әрбір жыл үшін осындай мәліметтер беруі тиіс. Ол мұндай мәліметтерді деректер қарайтын жыл өткен соң тоғыз айдан қалдырмай береді.
      2. Әрбір Жақ Хатшылыққа В қосымшасындағы әрбір реттелуші заттан өзінің өндіруі мен экспорты, сондай-ақ С қосымшасындағы бірінші Топтың ауыспалы заттарының 1989 жылы немесе егер де фактілі деректер болмаса В қосымшасындағы заттарға қатысты Хаттама ережесі осы Жақ үшін күшіне енгеннен кейін үш айдан кеш қалмай ең сенімді баға берудің сипаттамасы туралы санақ мәліметін тапсырады.
     3. Әрбір Жақ Хатшылыққа өзінің жыл сайынғы өндірісі (бұл 1-баптың 1-тармағында айтылғандай) және жеке мына санақ мәліметтерін береді.
      Жақтар бекіткен технологияны қолданумен жойылған заттардың саны туралы;
      Жақтардың және Жақтарға жатпайтын елдер мен Ұйымдардың импорты мен экспорты туралы, тиісінше А мен В қосымшаларында аталған әрбір реттелуші заттың, сол сияқты осы Жақ үшін күшіне енген қосымшасындағы заттарға қатысты ережелер бар С қосымшасының 1-тобының ауыспалы заттары және одан кейінгі мәліметтер береді. Осындай мәліметтер жататын жыл аяқталған соң айдан кешікпей мәліметтер беріледі.
      4. 2-баптың 8 а/ тармағындағы ереженің шеңберінде жұмыс істейтін Жақтар 1, 2 және 3 тармақтарындағы импорт пен экспорт туралы санақ мәліметтерін беру жөніндегі талаптар егер де тиісті экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйым осы ұйымның мүшелері болып табылмайтын ұйымдар мен мемлекеттер аралығындағы импорт пен экспорт туралы мәлімет бергенде ғана орындалады.
      22) Жақтардың бірінші Кеңес: мәліметтерді беру мен құпиялылығын сақтау жөнінде I/II шешімінде қаулы етті, онда:
      а) әрбір Жақ өзінің жыл сайынғы реттелуші заттың әрқайсының жеке өндірісі, импорты мен экспорты туралы мәлімет беруі тиіс.
      в) реттелуші заттар туралы мәлімет беруші Жақтар, оларды құпия деп санаушылар мұндай деректерді Хатшылыққа бергенде бұл мәліметтер кәсіптік құпия ретінде пайдаланып, олар құпия, сыр болып сақталғандығы туралы кепілдемені талап етеді.
      с) реттелуші бойынша мәліметтер туралы баяндамалар дайындағанда Хатшылық Жақтардан келіп түскен құпия деп саналатын мәліметтердің жарияланбауын қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды. Хатшылық, сонымен қатар барлық Жақтың реттелуші заттардың әрқайсысының жеке қасиеті туралы жалпы деректерді жариялайды.
      д) Хаттаманың 12-бабының в/ тармақшасына сәйкес өзінің құқығын жүзеге асырғысы келген Жақтар мәліметтерді кәсіптік құпия ретінде сақтап, оларды ешбір жағдайда жарияламайтын және баспайтын жағдайда оған жазбаша кепілдеме берген кезде ғана Хатшылықтан басқа Жақтардың құпия мәліметтеріне рұқсат алады.
      с) 7-бапқа сәйкес берілетін мәліметтер конвенциясын 11-бабына сәйкес дауларды құпиялық негізде реттеуге қажет болған кезде беріледі.
      Жақтардың екінші Кеңесі 11/9 шешімінде қаулы етті:
      Хаттаманың 7-бабында айтылған мәліметтерді беруге байланысты кейбір елде пайда болған қиыншылықтардың себептерін қарау үшін мүдделі Жақтардың мүмкін болған шешімдерін ұсыну үшін Сарапшылардың арнайы тобы тағайындалсын және оның жұмысының барысы туралы Жақтардың үшінші Кеңесіне хабарлансын; және Хаттаманың 7 бабына сәйкес Хатшылыққа берілетін реттелуші заттарды тұтыну туралы кез келген деректердің құпиялық маңызы жоқ екені қуатталсын. Жақтардың екінші Кеңесі сол сиякты 11/12 шешімінде Кедендік ынтымақтастық Кеңесі қабылдаған барлық мүшелердің үкіметаралық өздерінің ұлттық санаттық тізімінде бекітілген тақырыпшаларды неғұрлым тез жариялауға бағытталған шаралары бойынша ұсыныстармен келісуі туралы қаулы қабылдап, Хатшылыққа Монреаль хаттамасы реттейтін жеке химиялық заттар үшін қосымша тақырыпшалар пайдалы деген пікірге келген, озон қабатын қорғау жөніндегі олардың жігерлерін көрсеткен Жақтар туралы Кеңеске хабарлап, бұл жөнінде Кеңестен көмек сұрайды.
      Жақтардың үшінші Кеңесі III/3 шешімінде қаулы етеді:
      а) Орындау жөніндегі Комитеттің жұмысында прогреске қол жеткенін атап, бұл істі істемеген Жақтар Монреаль хаттамасына сәйкес талап етілген мәліметтерді дереу берулерін қатты сұрайды;
      в) Экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйымға кірмеген және бұрын деректерді берген мемлекеттер келешекте мәліметтерін жеке бөліп берсін деп ұсынылады және қажетіне қарай III/7 а) шешіміне сай жасайды;
      с) мәліметтерді беру мерізімі 1 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі (7 бап 2 тармақша) уақыт мөлшерін қамтиды және бақылау мерізімі 1 шілдеден 30 маусымға дейінгі /2 бап 1 тармақша/ уақытты қамтиды және Жақтардан екі мерзім үшін мәлімет беру сұралады;
      е) Орындау жөніндегі комитет мүшелері ретінде Венгрияның, Норвегияның, Триндад пен Тобагоның, Уганды мен Жапонияны ұстаған бағыты тағы да бір жылдың ішінде мақұлдансын және Камерун, Тайланд, АҚШ, КСРО мен Чили екі жылдық мерзімге сайлансын.
      Одан әрі Жақтардың үшінші Кеңесі III/7 шешімінде ескертеді:
      а) арнайы сарапшылар Тобының мәліметтерді беру мәселелері жөнінде баяндамасы және ондағы ұсыныстар әсіресе дамушы елдер мәліметтерді беру кезінде кездескен кез-келген қиындықтар туралы Хатшылыққа ақпарат беру жөніндегі ұсыныстар және мұндай қиындықты бастарынан өткізіп отырып Жақтар жағдайды түзетуге қажетті тиісті шаралар қабылдау үшін Хатшылыққа хабар беру ұсынылады;
      в) Хатшылықты бағалау бойынша тұтыну деңгей: жан басына шаққанда 0,3 килограмнан аспаған дамушы елдерде елдерінің 1986 жылы мәлімет беру жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін мүмкіндіктер болып, өздерінің оның бағалауымен келісетіндіктері туралы (Unep/02/P20/Wс2/144.14 тармақшасы) Хатшылыққа хабар берулері тиіс.
      Хатшылықтың өзгеруіне сәйкес мәліметтерді беруге қажет үлгілер туралы Жақтардың үшінші Кеңесі III/9 шешімінде Жақтардың үшінші Кеңесінің баяндамасына Ү қосымшада бар мәліметтерді беру үшін қайта қараған үлгілерді қабылдауға қаулы етті.
      Монреаль хаттамасына қатысты қосымша үйлестіру мен түзетулер туралы Жақтардың үшінші Кеңесі, сондай-ақ өзінің III/13 шешімінде Жақтардың ашық құрама тобынан Монреаль хаттамасына енгізуге мүмкін түзетулері бар ұсыныстарды қарауын сұрады және ұсыныстар бойынша Жақтардың Төртінші Кеңесіне баяндама жасайды:
      а) 7 баптың 5 тармағы (Хаттаманың оған енгізілген түзетулермен): реттелуші заттарды үшінші ел арқылы тікелей тасығанда (импорттан және одан кейінгі реэкспорттан бөлек) реттелуші заттарды шығарған ел экспортшы ретінде, ал соңғы тоқтайтын ел - импортшы ретінде қаралады. Мұндай жағдайларда мәліметтерді беру үшін жауапкершілік заттар шыққан елге экспортшы ретінде және алған елге импортшы ретінде жүктеледі. Импорт пен реэкспорт жағдайы екі бөлек жасалған келісім қаралады, оны шығарушы ел орта аралық елге одан кейін ол шығарған елден алған импорт туралы және соңғы тоқтайтын елдің экспорты туралы, соңғы алған ел "импорт жөнінде мәлімет бергенде мәлімет береді".
      Жақтардың үшінші Кеңесі, сондай-ақ III/12 шешімінде қаулы етті:
      а) баға беретін Тораптардан, оның ішінде технология мен экономикалық баға беретін топтан Монреаль хаттамасының 5 бабы үшін зардабын тигізбей реттелуші заттарды өндіруді ерте тоқтатудың бірінші кезекте дамушы елдер үшін, оның ішінде !??Ю жылға дейін тоқтатудың салдарын бағалау сұралсын.
      Өздерінің бірінші кезекті Кеңесінде Жақтар осы хаттаманың ережелерін сақтау фактілерін анықтаудың процедураларымен ұйымдастыру механизмін және хаттаманы сақтамайтын Жақтарға қалай қарау керек мәселесін қарап бекітеді.
      23 Жақтардың бірінші Кеңесі 1/8 шешімінде қаулы етті:
      а) Жақтардың екінші Кеңесінде қаралып, бекітілетін тиісті ұсыныстарды және Монреаль хаттамасының ережелерін сақтамау фактілерін анықтайтын процедуралар мен ұйымдастыру механизмін қатысты және Хаттаманың ережесін сақтамайтын Жақтарға қалай қарау керек тиісті ұсыныстарды 1989 жылдың 1 қарашасына дейін жасап, Хатшылыққа ұсынатын ашық құрамның құқылық мәселелері жөніндегі арнайы жұмысшы тобы құрылсын;
      в) Хаттаманы жақтаушылар мен Хаттамаға қол қойғандар 1989 жылдың 22 мамырынан кешіктірмей арнайы жұмысшы тобының құжаттарына өздерінің кез келген ескертпелері мен ұсыныстарын енгізулері жайында Хатшылыққа хабарласын;
      с) Хаттама Жақтарын келесі үш айдың ішінде және ерікті негізде осы арнайы жұмысшы тобының Кеңесін өткізуге қажетті құралдарды тауып берулері қатаң сұралсын.
      Жақтардың екінші Кеңесі II/5 шешімінде қаулы етеді:
      Хаттама ережелерін сақтамау фактілерін анықтау мен маны сақтамайтын Жаққа қалай қарау керек мәселесін шешу үшін Уақытша негізде процедуралар мен ұйымдастыру механизмдері қабылдансын.

ХАТТАМАНЫ САҚТАМАУҒА ҚАТЫСТЫ ПРОЦЕДУРА

      1. Егер де Жақтардың біреуі немесе бірнешеуі басқа Жақтың Хаттама бойынша өз міндеттемелерін сақтауына қатысты ескертуі, бұл ескертпелер Хатшылыққа жазба түрде жеткізіледі. Мұндай хабар осы ақпаратты растайтын құжатпен бірге жіберіледі.
      2. Хабарлама сол сияқты жауап үшін парасатты мүмкіндік өзінің міндеттемесін орындауға күдіктенген Жаққа тапсырылады. Мұндай жауап және оны растайтын ақпарат Хатшылықпен оған мүдделі Жақтарға беріледі. Бұдан кейін Хатшылық осы хабарлама мен жауапты және Жақтардың ақпаратын 3 тармақта айтылған Хаттаманы орындау жөніндегі Комитетке жіберді, ол бұл мәселені мүмкіндігінше ең қысқа мерзімнің ішінде қарайды.
      3. Осымен Хаттаманы орындау жөніндегі комитет тағайындалады. Комитет әділетті жағрапиялық орналасуының негізінде Жақтар Кеңесі екі  жылға сайлаған бес Жақтан тұрады. Өкілеттігі біткен Жақтар онан кейінгі тек бір мерзімге қайта сайланады. Алғашқы сайлау кезінде екі Жақ бір жылдық мерзімге сайлануы керек.
      4. Комитет өзінің орындауға сәйкес Кеңеске жиналады.
      5. Комитеттің міндеті мыналарға қатысты баяндамаларды, қарау және жеткізу:
      а) 1 және 2 тармақтарға сәйкес бір немесе бірнеше Жақтардың кез келген хабарламасы;
      в) Хаттаманың 12 бабының с) тармақшасында айтылған баяндаманы дайындауға орай жіберген кез келген ақпарат немесе ескертпелер;
      6. Комитет Хаттаманың ережелерін сақтау негізінде мәселені өзара келісім жолымен реттеу мақсатында 5 тармақта айтылған ақпараттан ескертпелер мен хабарламаны қарайды.
      7. Комитет баяндаманы Жақтардың Кеңесіне дайындайды. Комитеттің баяндамасын алған соң Жақтар істің жағдайын ескере отырып, Хаттаманы Жақтардың сақтауын көмектесу жөніндегі және оның мақсаттарына жету туралы шараларды қосып, Хаттаманың толық сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар мен шешімдер қабылдай алады.
      8. 5 баптағы айтылған талқылауға қатысушы Жақтар Хатшылық арқылы Конвенцияның II бабына сәйкес Хаттаманы сақтамаудың мүмкіндігіне қатысты 7 тармақты орындауға Жақтардың қабылдаған кез келген шешімін орындау мен нәтижесінің нақты жағдайы туралы талқылау қорытындысы жайында Жақтар Кеңесіне хабарлайды.
      9. Жақтар Кеңесі Конвенцияның II бабына сәйкес өткізіліп жатқан талқылау аяқталғанша алдын-ала талап және/немесе ұсыныс қабылдай алады.
      10. Жақтар Кеңесі Хаттаманы сақтамау мүмкіндігі болған жағдайды қарауға Кеңеске көмектесуге кепілдеме сұрап Комитетке барады.
      11. Комитет мүшелері және Комитетте талқылауға қатысушы кез келген Жақ құпия жолмен алынған ақпараттардың құпиялық сипаттамасын қамтамасыз етеді.
      Жақтардың екінші Кеңесі, сол сияқты II/5 шешімінде ашық құрамының құқылық мәселелері жөніндегі Арнайы жұмысшы тобының Мандатын Хаттаманы орындау жөніндегі Комитеттің айналымдағы және сақтамау процедураларын одан әрі жасауға және дайындау Кеңесі жұмысының нәтижелерін оларды қарау үшін Жақтардың төртінші Кеңесіне бергенше ұзартуға қаулы етті.
      Жақтардың үшінші Кеңесі III/2 шешімінде қаулы етеді:
      а) құқық мәселелері жөніндегі арнайы Сарапшылар тобынан Монреаль хаттамасын сақтамау процедурасына қатысты, одан әрі сақтамауға қатысты процедураларды әзірлеуді сұрайды:
      I) хаттаманы сақтамауға орай тууы мүмкін жағдайларды білу;
      II) толық сақтауға көмектесу жөніндегі консультативті және келісімді шаралардың үлгі тізбесін жасау;
      III) Орындау жөніндегі комитеттің консультативтік және келісімдік органы ретінде рөлін белгілеп сақталмау процедураларына қатысты ұсыныстарын ескере отырып, олар ақырғы шешім қабылдау үшін әрдайым Жақтар Кенесіне берілуі тиіс;
      ІV) Хаттама Ерержелерін Заң жүзінде түсіндіру қажеттігінің мүмкіндігін білу;
      V) Жақтар Кеңесінде Хатаманы сақтамайтын Жақтарға қатысты, әсіресе дамушы елдерге Хаттаманы сақтауы үшін көмектің барлық түрінің көрсетілуін қамтитын мүмкіндікті ескеріп, Жақтар Кеңесі қабылдай алатындай шаралардың үлгілік тізбесін жасау;
      VІ) құқылық мәселер жөніндегі Сарапшылардың Арнайы жұмыс тобының Вена Конвенциясының II бабына сәйкес дауды Заң жүзінде және арбитаждық реттеу және Монреаль хаттамасының 8 бабына сәйкес сақтамау процедураларын екі жеке және бір-бірінен айырмашылығы бар процедуралар болып табылады деген қорытындысы мақұлдансын.
      в) Хаттаманың төртінші Кеңесінде қарау үшін сақтамауға қатысты процедуралардың жұмысын аяқтаудың мына күнтізбелік кестесі қабылдасын:
      1996 жылдың       Жақтардың мақұлдауына берілетін процедуралар
      қазан айлары      жобасын аяқтау үшін құқылық мәселелер
                        жөніндегі Сарапшылардың Арнайы жұмысшы
                        тобының Кеңесі;
      1991 жылдың       Сақтамауға қатысты озон жөніндегі процедура
      қараша айы        жобасын Хатшылыққа тапсыру;
      1991 жылдың       Сақтамауға қатысты процедуралар жобасын
      желтоқсан айы     Жақтарға жіберу;
      Вена конвенциясы процедурасының ережесіндегі түзетулерге орай Жақтардың үшінші Кеңесі III/7 шешімінде сол секілді Монреаль хаттамасын сақтамаудың құқылық мәселелері жөніндегі Сарапшылардың Арнайы жұмысшы тобынан Вена конвенциясының 9 бабына сәйкес түзетулер енгізу процесін жеделдету үшін процедураларды қарауды сұрауға қаулы етті.

9-БАП: ЖҰРТШЫЛЫҚҚА ХАБАРЛАУ, ЖЕТКІЗУ, ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ АҚПАРАТТАРМЕН АЛМАСУ

      1. Жақтар өзінің ұлттық Заңдарына, ережелеріне және практикасына сәйкес дамушы елдердің қажетін, оның ішінде оларға зерттеулерді дамыту, ақпараттарды жетілдіру мен алмасуды тікелей немесе жетік білетін халықаралық органдар арқылы көмектесу мақсатында ынтымақтастық жасайды. Ондағы хабарлар:
      а) реттелуші және ауыспалы заттарды қауіпсіз сақтау, өтеу, айналымын жақсарту немесе жою үшін немесе басқа жолмен газдардың шығуын қысқартудың ең жетілген технологиясы туралы;
      в) реттеудің тиісті стратегиясын қолдануға байланысты шығындар мен пайда туралы;
      2. Жақтар реттелуші заттардың немесе басқа озон қабатын бұзатын заттардың шығуларының экологиялық зардаптарын жұртшылықтың терең түсінуіне қамтамасыз ету ісінде жеке, бірігіп немесе жетік білетін халықаралық органдар арқылы ынтымақтастық жасайды.
      3. Осы Хаттама күшіне енгеннен кейін екі жылдың ішінде және екі жылда бір рет екі Жақ Хатшылыққа осы бапқа сәйкес өзінің өткізген шаралары туралы қысқаша есеп береді.

10-БАП: ТЕХНИКАЛЫҚ КӨМЕК

      1. Дамушы елдердің қажетін ерекше ескере отырып және Конвенцияның 4 бабының ережесі туралы есте сақтап Жақтар Хаттамаға қатысуды және оны орындауды жеңілдету үшін техникалық көмекті кеңейтуде ынтымақтастық жасайды.
      2. Кез келген Жақ немесе осы Хаттамаға қол қойған Жақ техникалық көмек көрсетуді сұрап Хатшылыққа сауал жасайды.
      3. Жақтар өздерінің бірінші Кеңесінде осы баптың 1 және 2 тармақтарында және 9 бапта айқындалған міндеттемелерді, оның ішінде жұмыс жоспарын дайындау жөнінде орындаудың жолдары туралы келіссөздерді бастайды. Мұндай жұмыс жоспарларында дамушы елдердің қажеті мен міндеттемелерін ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Хаттаманың Жақтарға жатпайтын мемлекеттер мен экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйымдардың осындай жұмыс жоспарларында көрсетілген шараларға қатысуын ынталандыру көзделсін.

10-БАП: ҚАРЖЫЛАҢДЫРУ МЕХАНИЗМІ

      1. Монреаль Хаттамасының Жақтары осы Хаттаманың 5 бабының 1 тармақшасының шеңберінде істейтін Жақтардың Хаттаманың 2А - 2Е баптарында көрсетілген реттеу шараларын олардың сақтауын көмектесу мақсатында Жақтарға технологияларды беруді қоса қаржы және техникалық қамтамасыз ету үшін механизм дайындайды. Осы тармаққа сәйкес істейтін Жақтар берген басқа қаржы құралдарына төленген механизм осы Жақтардың барлық келісілген қосымша шығынын Хаттамада көрсетілген шараларды орындауға мүмкіндік беру үшін жабады. Қосымша шығынның үлгі тізбесін Жақтардың Кеңесі белгілейді. 24/
 
      24/ Жақтардың бірінші Кеңесі 1/4 шешімінде Хаттаманың 9 және 10 баптарында көрсетілген жұмыс жоспарына қосу үшін мына элементтерді бірінші компоненттері ретінде қарауға қаулы етті:
      а) ғылыми, экологиялық, техникалық және экономикалық баға беру жөніндегі топтардың баяндамаларын, сол сияқты құрама баяндаманы тарату және одан кейін шаралар қабылдау;
      в) Сарапшылардың баяндамасын жүйелі түрде жаңартып отыру, оның ішінде экологиялық сенімді айырбастаушыларды өндіру саласындағы өзгерістер немесе ХФУ немесе галондарды пайдалануға балама технологиялық шешімдерді анықтау;
      с) Коллоквиумдарды, көрсеткіш жобаларды, оқу курстарын сарапшылар мен айырбасты және Жақтардың өздерінің екінші Кенесінде қарау үшін дамушы елдердің ерекше қажетін ескеріп, реттеудің түрлі шаралары бойынша консультанттар жіберуді қамтитын бағдарламалар жасау;
      д) Реттеуші заттарды өндіруде жұмыс істейтін кәсіп орындарының пайдаланылуы мүмкін модифицирленген технологиялар бойынша зерттеулер дайындау немесе дайындау кезінде осындай заттар пайдаланған өнімдер немесе оларда осындай заттар бар өнімдер тізімдерін Жақтардың екінші Кеңесінде қарауға беру үшін;
      с) Жұртшылыққа хабарлау үшін материалдарды дайындау мен оларды кеңінен таратуға көмектесу;
      і) Экологиялық сенімді ауыстырғыштар мен балама технологияларды беру мен айырбастауға көмектесудің нақтылы жолдарын іздеу;
      о) Хаттаманың ережелерін жүзеге асыруға көмектесетін қаржыландыру мекемелері мен халықаралық ұйымдар бағдарламасының шеңберіндегі шараларды қолдау және Хатшылық олардың көмегімен осы мақсат үшін қаржы тауып беретін тиісті халықаралық, бағдарламалар мен қаржыландырушы мекемелермен нақтылы байланыс жасай алатын қолдау жөніндегі бастамалар;
      Дамушы елдерге көмекке қатысты Жақтардың бірінші Кеңесі, сондай-ақ I/13 шешімінде қаулы етті:
      а) Монреаль Хаттамасының 9 және 10 баптарымен қатар 5 баптың 2 және 3 тармақшаларын жүзеге асыру үшін қажеттілікті және дамушы елдерге озонды бұзу проблемалары және онымен байланысты мәселелерді шешуге көмектесетін қазіргі және келешек күшейтілген Хаттаманың талаптарын орындауға мүмкіндік беретін халықаралық қаржы және басқа механизмді белгілеудің қажеттілігі мойындалсын;
      в) Ашық құрама Жақтардың Халықаралық қор құру мүмкіндігін есептейтін халықаралық қаржыландыру механизмдерінің түрлерін анықтау үшін және олардың жұмыстары мен нәтижелері туралы баяндаманы 1990 жылғы Жақтар Конференциясының екінші Кеңесіне дайындау үшін Келісушілердің жұмыс тобы тағайындалсын.
      Жақтардың екінші Кеңесі ІІ/8 шешімінде 1991 жылдың 1 қаңтарынан 1993 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі үш жылдық мерзімде қаржыландыру механизмі құрылғанға дейінгі уақыт ішінде ережелерге қаржыландырудың уақытша механизмін тағайындауға қаулы етті:
      1. Каржыландырудың Уақытша механиамі Монреаль Хаттамасының 5 бабының 1 тармағындағы жұмыс істейтін Жақтарға олардың Хаттаманың 2А - 2Е баптарында көрсетілген реттеу шараларын сақтау үшін технологияларын қоса қаржы және техникалық ынтымақтастарын қамтамасыз ету үшін тағайындалды. Осы тармақшаның шеңберінде істейтін Жақтардың басқа қаржы тасқындарына қосымша жарна төленетін қаржыландыру механизмі осындай Жақтардың Хаттамада бар реттеу шараларын сақтауға мүмкіндік беретін келісілген қосымша шығындарының бәрін жабады.
      2. I-тармақшаға сәйкес құрылған механизм көпжақты қорды қосады. Ол сол сияқты басқа көпжақты ынтымақтастықты да қосады.
      3. Көпжақты қор:
      а) Жақтар белгіленген критерийге сәйкес және тиісті жәрдемақша немесе жеңілдіктер беру негізінде келісілген қосымша шығындарды жабады;
      в) делдалдық механизм қызметін мына мақсаттарда қаржыландырады:
      I) 5 баптың 1 тармағының шеңберінде істейтін жақтарға олардың елдер бойынша зерттеулер жүргізуінің есебінен ынтымақтастық саласындағы қажетін анықтау үшін және басқа техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін көмектесу;
      II) осы белгілі болған қажеттілікті қанағаттандыру үшін техникалық ынтымақтастыққа көмектесу; да көрсетілгендей хабарламаларды және тиісті материалдарды тарату және семинарлар мен оқу сабақтарын өткізу, сондай-ақ басқа тиімді шараларды өткізуге көмектесу; және
      IV) дамушы елдер болып табылатын Жақтарға басқа көпжақты, аймақтық және екінші жақты ынтымақтастықта көмектесу және бақылау; және
      с) Көпжақты қорға Хатшылық қызмет көрсету жөніндегі шығындарды және басқа онымен байланысты қосалқы шығындарды қаржыландыруды жүзеге асырады.
      4. Көпжақты Қор оның саясатының жалпы бағытын анықтайтын Жақтардың басшылығымен жұмыс істейді.
      5. Жақтардың екінші Кеңесінің төрағасы Атқару Комитеті 1991 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Монреаль хаттамасын жүзеге асыру үшін Уақытша Көпжақты қор" тағайындап, қордың ережесі мен қаржы нормаларын жасауды қамтамасыз етеді.
      6. Сөйтіп, Жақтар Көпжақты қордан мақсаттарына жету үшін бөлінген ресурстарды қоса нақтылы функционалдық саясатты жүзеге асыруды бақылау және жасау үшін атқару комитетін тағайындайды. Ол үш жылғы мерзімге тағайындалады. Осы үш жылғы мерзімінің аяғына дейін Атқару комитетінің қызметін жүргізуі Жақтар Кеңесінде қайта қаралады. Атқару Комитеті өзінің міндеттері мен қызметін Жақтар бекіткен қызмет төңірегіндегі Халықаралық қайта құру мен даму банкінің (Бүкілдүниежүзілік банк), Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының, Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының және басқа олардың жетік саладағы мекемелерінің көмегімен және ынтымақтастығымен орындайды.
      5 баптың 1 тармағының шеңберінде жұмыс істейтін Жақтардың тең өкілдігі негізінде және олардың шеңберінде істейтін Жақтар іріктеген Атқару Комитетінің мүшелерін Жақтар бекітеді. Атқару Комитетінің қызмет жүргізуі осы шешімнің II қосымшасы ретінде беріліп отыр.
      7. Көпжақты қор 5 баптың 1 тармағының шеңберінде жұмыс істейтін Жақтардың жарна есебінен конверттелген валютамен немесе Біріккен Ұлттар Ұйымы жарналарының деңгейшесі негізінде белгіленген ұлттық валюта немесе басқа қызметтерден қаржыландырады. Екіжақты, ал нақтылы жағдайда Жақтардың шешімі негізінде 20 процентке дейінгі көлемдегі келісілген және Жақтардың ынтымақтастық Көпжақты қордың жарнасы ретінде қаралады; ондай ынтымақтастық ең кемінде мың жағдайды көздейді:
      а) Хаттаманың ережелерінің қатаң сақталуына байланысты;
      в) келісілген қосымша шығындарды жабады.
      8. Жақтар Көпжақты қорды әрбір қаржы мерзімі және жеке Жақтардың осы мақсаттар үшін қосатын жарна үлесі бағдарламаларын орындау жөніндегі шығындар сметасын анықтайды.
      9. Көпжақты қордың шеңберіндегі қаржылар бенефициары болып табылатын Жақтық ризашылығымен бөлінеді.
      10. Жақтардың шешімі осы шешімнің шеңберінде консенсус мүмкін болғанда қабылданады. Егер де барлық жігер жұмсалып, барлық келісімге қол жетпесе, Жақтардың дауысы дауыс беруге қатынасқандар мен келгендердің үштен екі бөлігі 5 баптың 1 тармағының шеңберінде жұмыс істейтін Жақтардың өкілдік еткен көпшілік даусымен шешім қабылданады және оның шеңберінде жұмыс істейтін Жақтардың дауыс беруге келген және қатысқан адамдардың көпшілігі болған жағдайда шешім қабылданды.
      11. Осы шешімде тағайындалған қаржыландыру механизмі қоршаған ортаның басқа проблемаларына орай жасалатын кез келген келесі шараларға ешқандай зиян келтірмейді.
      12. Осы шешімдегі долларға сілтеу Америка Құрама Штаттарының долларларын білдіреді.
      Жақтардың екінші Кеңесі ІІ/8а шешімінде, сондай-ақ Хатшылық қоры үшін Уақытша бюджетті Жақтардың екінші Кеңесінің жұмысы тұрады баяндаманың Ү қосымшасында көрсетілген түріне қаулы етті және Жақтардың Атқару Комитетінде Жақтардың үшінші Кеңесіне бюджеттің оны орындауда жинақталған тәжірибені ескере отырып, қайта қаралған түрін ұсыну тапсырылады.
      Жақтардың екінші Кеңесі одан әрі II/8в шешімінде Канаданың мына ұсыныстарын қабылдауға қаулы етті:
      а) егер де аралық мерзімде қажет болса осы елде Атқару Комитетінің Кеңесі өткізіліп тұрады;
      в) дамушы елдердің осы Кеңеске қатысуын қолдау;
      с) осы бастамаларға орай әкімшілік шығындарды өзіне алады.
      Қаржыландыру механизмі жайында Жақтардың үшінші Кеңесі III/9 шешімінде Жақтардың II/8 шешімінде қабылданған қосымша шығындар санаттарының үлгі тізбесін қарау және Атқару Комитеті жинақтаған тәжірбиені ескеріп, Монреаль Хаттамасының 10 бабының 1 тармағына сәйкес оған Жақтардың екінші Кеңесінде енгізілген түзетулермен бірге қосымша шығындар санаттарының үлгі тізбесін жасау сұралсын. Сөйтіп осылай жасалған Тізбе Жақтардың төртінші Кеңесінде қарауға ұсынылуы тиіс.

      2. 1 тармаққа сәйкес құрылған Көпжақты қорды қосады. Ол сонымен қатар Көпжақты, аймақтық және екіжақты ынтымақтастықтың да түрлерін қамтиды.
      3. Көпжақты қор:
      а) Жақтар белгіленген критерийге сәйкес және берілген тиісті жәрдемақша немесе жеңілдіктердің негізінде келісілген қосымша шығындарды жабады;
      в) делдалдық механизмінің мына мақсаттарындағы қызметтік қаржыландырады:
      I) 5 баптың 1 тармағы шеңберінде жұмыс істейтін елдерге олардың елдер бойынша зерттеулер өткізіп, және басқа техникалық ынтымақтастық есебінен ынтымақтастық саласындағы мұқтажын анықтауға көмектеседі;
      II) осы белгілі болған қажеттілікті қанағаттандыру үшін техникалық ынтымақтастыққа көмектесу;
      III) 9 бапта көрсетілгендей ақпараттар мен тиісті материалдарды тарату және семинарлар, оқу сабақтарын, сол сияқты дамушы елдер болып табылады Жақтарға көмек көрсету үшін басқа тиісті шараларды өткізу; және
      IV) Дамушы елдер болып табылатын Жақтар мен басқа Көпжақты, аймақтық және екіжақты ынтымақтастыққа көмектесу және бақылау;
      с) Көпжақты қорға хатшылық қызмет көрсету жөніндегі шығындарды және оған байланысты басқа қосалқы шығындарды қаржыландыруды жүргізеді.
      4. Көпжақты қор оның саясатының жалпы бағытын белгілейтін басшылығымен жұмыс істейді.
      5. Жақтар Көпжақты қордың мақсаттарына жету үшін нақтылы оперативті саясатты, басшылық принциптері мен әкімшілік шараларды, ресурстарды бөлуді қоса, жасап, жүзеге асыру үшін Атқару Комитетін тағайындайды. Атқару Комитеті өзінің міндеттері мен қызметін Жақтар келіскен қызмет төңірегіне сәйкес Халықаралық қайта құру мен даму банкінің (Бүкілдүниежүзілік банк) Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламасының, Біріккен Ұлттар Ұйымының даму бағдарламасының және басқа олардың жетік білетін саласына сай мекемелер мен ынтымақтастық көмегімен сұрайды. Атқару Комитетінің мүшелер: 5 баптың 1 тармағының шеңберінде істейтін немесе істемейтін Жақтардың тек өкілдігі негізінде сайланады және Жақтармен мақұлданады.
      6. Көпжақты қор 5 баптың 1 тармағының шеңберінде жұмыс істейтін Жақтардың жарнасы есебінен конверттелген валюта немесе белгілі жағдайларда Біріккен арнайы Ұлттар Ұйымының жарна деңгейшесінің негізіндегі қызметтер немесе ұлттық валюта есебінен қаржыландырады. Басқа Жақтар жарналары да мақұлданады. Екіжақты және ерекше жағдайда  Жақтар шешімдерінің негізінде келісілген аймақтық ынтымақтастық Жақтар белгілейтін кез келген критерийлерге сәйкес және белгілі проценттік үлеске дейін Көпжақты қорға қосқан жарна ретінде қаралуы мүмкін, тек мұндай ынтымақтастық кем дегенде:
      а) осы Хаттаманың қатаң сақталуына байланысты;
      в) қосымша ресурстарының түсуін қамтиды; және
      с) келісілген қосымша шығындарды жабады;
      7. Жақтар Көпжақты қордың әрбір қаржы мерзіміне бағдарлама бюджетін бекітеді және жеке Жақтардың жарнамасының проценттік көлемін анықтайды.
      8. Көпжақты қордың шеңберіндегі қаржылар бенефициары болып табылатын Жақтың келісімімен бөлінеді.
      9. Осы бапқа Жақтар шешімі мүмкіндігінше консенсус бойынша бөлінеді. Егер де барлық жігер жұмылып, бірақ келісімге қол жетпесе, дауыс беруге келгендер мен қатысушылардың 5 баптың 1 тармағының шеңберінде істейтін Жақтардың үштен екі көпшілігі және осы тармақтың шеңберінде істемейтін Жақтардың дауыс беруге келген және қатысқан көпшілігімен шешім қабылданады.
      10. Осы бапта белгіленген қаржыландыру механизмі басқа экологиялық проблемаларды шешу үшін жасалуға мүмкін басқа бір келісімдерге зиян келтірмейді.

      25. Көпжақты қордың Атқару Комитетіне қатысты Жақтардың Кеңесі III/22 шешімінде қаулы етті:
      а) Қор хатшылығының қайта құрылған 1991 жылғы бюджеті бекітілсін;
      в) Жақтардың үшінші Кеңесінің баяндамасына деген қосымшадағы процедуралар Ережесі мақұлдансын. (осы нұсқау Басшылықтың XII қосымшасына қара);
      с) қор хатшылығының үш жылдық бюджетіне қосылған 1992 жылдың бюджетін қабылдансын;
      д) Уақытша Көпжақты қордың үш жылдық 1991-1993 жылдар мерзімі ішіндегі жалпы көлемін АҚШ-тың 40 млн. долларынан 200 млн. долларға дейін көбейту жөніндегі ұсыныс мақұлдансын;
      е) Жақтардың үшінші Кеңесінің баяндамасына X қосымшада айтылған жарналардың қайта қаралған деңгейшесі қабылдансын;
      І) Атқару Комитетінің екінші жыл жұмысына Мексиканың төраға ретінде, ал Америка Құрама Штаттарының төраға орынбасары ретінде сайлануы мақұлдансын.

10А-БАП: ТЕХНОЛОГИЯНЫ БЕРУ

      Әрбір Жақ қаржыландыру механизімінен қостайтын бағдарламаларға сиятын кез келген, мыналарды қамтамасыз ететін шараларды қабылдайды:
      3. Жақтардың өзінің бірінші Кеңесінде:
      а) өздерінің Кеңестерінің процедуралары ережесін консенсуспен бекітеді;
      в) 13 баптың 2 тармағында көрсетілген қаржы ережесін консенсуспен бекітеді;
      с) 6 бапқа сәйкес топтар құрып, олардың атқаратын қызмет төңірегін айқындайды;
      д) 8 бапта айтылған процедуралар мен ұйымдастыру механизімін қарайды және бекітеді; және
      е) 10 баптың 3 тармағына сәйкес жұмыс жоспарларын дайындай бастайды.
      4. Жақтар Кеңесінің қызметі мынадан тұрады:
      а) осы Хаттаманы орындауға шолу;
      в) 2 баптың 9 тармағында көрсетілген кез келген түзетулер мен қысқартулар жөнінде шешім қабылдау;
      с) Қосымшаларға заттардың санын қосу, кеңейту немесе қысқарту, сол сияқты 2 баптың 10 тармағына сәйкес тиісті реттеу шараларын қабылдау жөнінде шешімдер қабылдау.
      26) сілтеменің жалғасы. Жақтардың үшінші Кеңесі ІІІ/18 шешімінде Монреаль Хаттамасын Жақтардың төртінші Кеңесін Данияда 1992 жылдың қыркүйек немесе қазан айында өткізу туралы қаулы етті:
      27) Жақтардың бірінші Кеңесі 1/1 шешімінде Монреаль Хаттамасын Жақтар Кеңестерінің процедуралар ережесін қабылдауға қаулы етті (осы  нұсқау - Басшылықтың XII қосымшасына қараңыз)
      д) қажет болған кезде Басшылық немесе 7 бап пен 9 баптың 3 тармағында көрсетілген ақпараттарды беру процедураларын қабылдау;
      е) 10 баптың 2 тармағына сәйкес көрсетілген техникалық көмекке қатысты сұратуларды қарау;
      I) 12 баптың с) тармақшасына сәйкес Хатшылық дайындаған баяндамаларды қарау;
      г) 6 бапқа сәйкес (2 бапта көрсетілгендей) ауыспалы заттардың жағдайы мен реттеу шараларын қарау.
      28. 2, 2А және 2В баптары 1990 жылы 29 маусымда Лонданда өткен Жақтардың екінші Кеңесінде ІІ/Ң шешімінде қабылданған түзетулерге сай.
      29. 2, 2А және 2В баптары 1990 жылы 29 маусымда Лонданда өткен Жақтардың екінші Кеңесінде ІІ/І шешімінде қабылданған түзетулерге сай.
      Жақтардың екінші Кеңесі ІІ/І шешімінде Монреаль Хаттамасының 2 бабының 4 және 9 тармақтарында айтылған процедураларға сәйкес Хаттаманың А қосымшасында көрсетілген реттелуші заттарды өндіру мен қолдануды қысқарту мен түзетулерді Жақтардың екінші Кеңесінің жұмысы туралы баяндаманың I қосымшасында көрсетілген түрінде қабылдауға қаулы етті.
      * Хатшылық ескертпесі: 10 бап сол түрінде 1987 жылы қабылданған Монреаль Хаттамасының алғашқы түрінде сақталады (жоғарыда 30 бетті қараңыз)
      Һ) осы Хаттамаға түзетулер енгізу туралы ұсыныстарды немесе кез келген қазіргі бар немесе жаңа ұсыныстарды белгілі тәртіппен қарау және қабылдау; 30
      і) осы Хаттаманы жүзеге асыру үшін бюджетті қарайды және бекітеді; 31 және
      і) осы Хаттаманың мақсаттарына жету үшін қажетті болған кез келген қосымша шаралары қарайды және қабылдайды.
      5. Біріккен Арнайы Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелерімен атом қуаты жөніндегі Халықаралық агенттік. Сол сияқты осы Хаттаманың Жақтары болып табылмайтын кез келген мемлекеттер Жақтардың Кеңесіне бақылаушы ретінде қатыса алады: Кез келген ұлттық және Халықаралық, үкіметтік немесе үкіметтік емес органдар мен мекемелер озон қабатын қорғауға қатысты салаларды жетік біліп, Жақтардың Кеңесіне бақылаушы ретінде келетіні жайында хатшылыққа хабарласа, егер бұған қатысуы Жақтардың кемінде үштен бірінің қарсылығы, онда Кеңеске жіберіледі.
      30. Жақтардың бірінші Кеңесі 1/5 шешімінде Монреаль Хаттамасы Жақтардың құрамының қажет болғанда кез келген түзетулер туралы ұсыныстар жобасын дайындау үшін жұмыс тобын құруға қаулы етті. Мұндай ұсыныстар Вена Конвенциясының озон қабатын қорғау жөніндегі Вена Конвенциясының 9 бабының 4 тармағында көрсетілген процедураларға сәйкес қабылдауға қаулы етті.

12-БАП: ХАТШЫЛЫҚ

      Осы Хаттаманың мақсаттары үшін Хатшылық:
      а) II бапта көрсетілген Жақтар Кеңесін ұйымдастырады және оған қызмет етеді;
      в) Жақтардың сұраулары бойынша 7 бапқа сәйкес берілетін мәліметтерді алып, таратады;
      с) 7 және 9 бапқа сәйкес осы алынған ақпараттар негізінде баяндамалар дайындап, жүйелі түрде оларды жіберіп отырады;
      д) 10 бапқа сәйкес алынған техникалық көмекке қатысты сол көмектің берілуіне көмектесу мақсатында кез келген сұраныс жөнінде Жақтарға хабарлайды.
      і) Жақтарға жатпайтын мемлекеттер мен ұйымдардың Жақтар Кеңесіне бақылаушылар ретінде қатысуын және олардың Хаттама ережелеріне сәйкес іс қимылдарын қостайды;
      I) с) пен с1) тармақшаларында айтылған сұраныстар мен ақпараттарды Жақтарға жатпайтын мемлекеттер мен ұйымдардың бақылаушыларына жібереді; және
      о) Жақтар оған жүктеген Хаттаманың мақсаттарына жету үшін кез келген басқа қызметті орындайды.

13-БАП: ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫ

      1. Осы Хаттаманы жүзеге асыру үшін қажетті, осы Хаттамаға байланысты Хатшылық жұмысына қажеттігіне де қосқан қаржы тек Жақтар жарналарының есебінен құралады.
      Жақтардың үшінші Кеңесі III/9 шешімінде Жақтардың үшінші Кеңесінің баяндамасының XI қосымшасындағы Монреаль Хаттамасының өзгеруіне сай мәліметтерді беру үшін қайта қаралған үлгілерді қабылдауға қаулы етті. (осы нұсқау - Басшылықтың д қосымшасында) 31/13 бап бойынша қабылданған шешімдерді қараңыз.
      2. Жақтар өздерінің бірінші Кеңесінде осы Хаттаманы орындау үшін қаржы ережесін консенсуспен бекітеді.32
___________________________
      32. Қаржы шараларына қатысты Жақтардың бірінші Кеңесі І/14 шешімінде былай деп қаулы етті:
      А. а) Біріккен Ұлттар Ұйымының Мақсатты қоры және Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі бағдарламалар қорының жұмысын реттейтін жалпы процедуралар қоры тағайындалсын;
      в) Хаттаманың Мақсатты қоры Жақтар бекіткен шығындарды жабады, Хаттаманың осы Жақтарының жарнасын алады және оны ЮНЕП-тің Орындаушы директоры басқарады;
      с) осы мақсатта Кеңес Орындаушы-директордан Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы мен ЮНЕП басқарушылары Кеңесінің қажетті ризашылығын сұрап алады;
      д) Жақтардың бірінші Кеңесінің баяндамасындағы II қосымшада келтірілген Мақсатты қордың атқаратын қызмет төңірегі бекітілсін;
      с) Жақтар жарнасының түрі ерікті және Жақтардың бірінші Кеңесінің баяндамасындағы III қосымшада келтірілген түріне сәйкес есептеседі;
      I) Кеңес барлық Жақтарды оларды өз жарнасын олар жататын мерзім басталғанша Мақсатты қорға төлеуге шақырады;
      г) жалпы бюджет екі жылдық 1990-1991 жылдар мерзіміне 1 580 000 АҚШ доллары көлемінде бекітілсін.
      В. Жақтарға жатпайтын мемлекеттер және Мақсатты қорға жарна төлемеуші Жақтарға Мақсатты қорға ерікті түрде жарна төлеуі ұсынылады.
      Бюджетке қатысты Жақтардың екінші Кеңесі ІІ/17 шешіміндегі екі жылдық қайталанатын бюджеттер жүйесін қабылдауға және 1990 жылғы жалпы қайта қаралған бюджетті 3.400.000 АҚШ доллары көлемінде, 1991 жылға қайта қаралған бюджетті 2.423.000 АҚШ доллары көлемінде және 1992 жылғы жалпы бюджетті 2.225.000 АҚШ доллары көлемінде бекітуге қаулы етті.
      Бюджеттік және қаржылық сұраныстар жөнінде Жақтардың үшінші Кеңесі III/21 шешімінде қаулы етеді:
      а) барлық Жақтарға қордың 1990 қаржы жылғы шеңберінде жұмсалған шығындар жайында Монреаль Хаттамасы Мақсатты қорының тексерілген және бекітілген есептерін мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде тапсыру хатшылықтан сұралсын;
      в) Уақытша хатшылықтың озон жөніндегі 1989 жылғы тексерілген және бекітілген есептерін Жақтарға тапсыру хатшылықтан сұралсын;
      с) Жақтардың келесі Кеңесі басталғанға дейін өткен жылдардың тексерілген және бекітілген есептерін Жақтарға беру хатшылықтан сұралсын;
      д) Бюроның ұсыныстарын орындауға орай жұмсалған шығындарды Жақтардың осы жылға бекіткен бюджетінің шеңберінде немесе осы шығындарды жабуға төлеу үшін бөлінген басқа қосымша жарна есебінен жабылуы тиіс екені атап өтілсін;
      с) бекітілген бюджеттердің белгіленген мерзімге жататын мөлшерден артық есептеуінің маңызы атап көрсетілген;
      I) Жақтардың үшінші Кеңесінің баяндамасындағы баяндаманың II қосымшасы ретінде келтірілген жарна формуласы мен қызмет төңірегіне сәйкес барлық Жақтардың өздерінің төленбеген және барлық жарналарды толық көлемде тоқтаусыз төлеуі талапты түрде сұралсын.

14-БАП: ОСЫ ХАТТАМАНЫҢ КОНВЕНЦИЯМЕН БАЙЛАНЫСЫ

      Осы Хаттамада, осы хаттама жайында басқа ереже болмағанда, Конвенцияның хаттамаларына қатысты ережелері қолданылады.

15-БАП: ҚОЛ ҚОЮ

      Осы Хаттама мемлекеттер мен экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйымдардың қол қоюы үшін Монреальды 1987 жылдың қыркүйегінен, Оттовада 1987 жылдың 17 қыркүйегінен, 1988 жылдың 16 қаңтарына дейін және Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық мекемелерінде Нью-Йоркте 1988 жылдың 17 қаңтарынан 1988 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ашық. 33

16-БАП: КҮШІНЕ ЕНУІ

      1. Осы Хаттама 1986 жылы реттелуші заттардың жалпы әлемдік тұтынуының бағасы үштен екі бөліктен кем болмаған мемлекеттер немесе экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйымдар Хаттаманы бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылуы жөнінде кем дегенде он бір құжат тапсырылуға берілген кезде және Конвенцияның 17-бабының 1-тармағының ережелерін орындағанда 1989 жылдың 1-қаңтарында күшіне енеді.
_______________________________
      32-сілтеменің аяғы:
      о) 1992 жылғы ақырға бюджет 2.278.645 АҚШ доллары және 1993 жылғы 2.398.990 АҚШ доллары көлемінде бекітілсін.

      33) Хаттамаға қол қойып, бекіткен немесе оған 1991 жылдың қыркүйегіне дейін қосылған (осы нұсқау - басшылықтың Ү қосымшасын қараңыз) мемлекеттердің және экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйымдардың тізімі бекітілсін.
      Егер де осы күнге көрсетілген шарттар сақталмаса, онда бұл Хаттама шарттар орындалған күннен кейінгі тоқсаныншы күні күшіне енеді. 34
      2. I-тармақтың мақсаттар үшін кез келген экономикалық интеграция жөніндегі ұйым сақтауға тапсырған кез келген құжат осы ұйымның мүшелері - мемлекеттер сақтауға тапсырған құжаттарға қосымша болып есептелмейді.
      3. Осы Хаттама күшіне енгеннен соң кез келген мемлекет немесе экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйым оның бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу жөніндегі құжаттарды сақтауға тапсырған сәттен бастап тоқсан күннен соң осы Хаттаманың Жақтары болып табылады.

17-БАП: ХАТТАМА КҮШІНЕ ЕНГЕННЕН КЕЙІН ОҒАН ҚОСЫЛҒАН ЖАҚТАР

      5 баптың ережесі ескіріп, кез келген мемлекет немесе экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйым осы Хаттама күшіне енген күннен бастап оның Жақтары болып табылатын 2 бап бойынша 35/ міндеттемелердің барлық кешенін дереу сақтайды, сол сияқты 2А - 2Е баптарымен 4 бап бойынша осы күнге сай хаттаманың күшіне енген күнге дейін Жақтарға қатысты жұмыс істейтін мемлекеттер мен экономикалық интеграция жөніндегі аймақтық ұйымдарды міндеттемелерін бұлжытпай сақтайды.
______________________
      34/ Жақтардың ішінде Кеңесі III/I в) шешімінде қазіргі кезде Хаттама Жақтарының екінші Кеңесінде қабылданған Түзетулерді тек екі мемлекет бекіткенін атап өтіп, Түзетулердің 1992 жылғы 1-қаңтарда күшіне ену үшін оны бекіткен, мақұлдаған және қабылдаған жиырма құжат керек екенін ескертіп осы Түзетулерді бекітуге шақырып, барлық мемлекеттерге үндеу салғанын атап өтті.
      35/ 2, 2А және 2В баптары 1990 жылдың 29 маусымында Лонданда өткен Жақтардың екінші Кеңесінде қабылданған II/I шешіміндегі түзетулерге сай.

18-БАП: ЖАҢЫЛЫС АЙТУ

      Осы Хаттамаға жаңылыс айту мен түсініктер енгізуге тыйым салынады, рұқсат етілмейді.

19-БАП: ШЫҒУ

      Осы Хаттаманың мақсаттары үшін Конвенцияның 19 бабының шығуға қатысты ережесі 5-баптың 1-тармағында көрсетілгендерден басқа Жақтарға қатысты қолданылады. Кез келген осындай Жақ осы Хаттамадан 2 баптың 1-4 тармақтарында көрсетілген міндеттемелер қабылданған төрт жыл өткеннен соң кез келген уақытта Депозитарийге жазбаша хабар беріп шыға алады. 36 Мұндай кез келген шығу депозитарий туралы хабар алған күннен кейін бір жыл өткен соң немесе шығу туралы хабарда керсетілген осындай мерзімнен соң күшіне енеді.

19-БАП: ШЫҒУ

      Кез келген Жақ 2А баптың I-тармағында көрсетілген міндеттемелер қабылдаған соң төрт жыл өткеннен кейін кез келген уақытта Депозитарийге жазбаша хабар беріп шыға алады: Мұндай кез келген Шығу Депозитарий шығу туралы хабар алған күннен кейінгі бір жылдық ішінде немесе шығу туралы хабарда көрсетілген сондай өткен мерзім ішінде күшіне енеді.

20-БАП: ТҮП НҰСҚАЛЫҚ ТЕКСТЕР

      Осы хаттаманың түп нұсқасы ағылшын, араб, испан, қытай және орыс, француз тілдеріндегі текст нұсқаларымен бірдей болып табылады, ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысына сақтауға өткізіледі.

ОСЫЛАРДЫ КУӘЛАНДЫРЫП, ОЛ ҮШІН ТИІСТІ ӨКІЛДІГІ БАР ҚОЛ ҚОЮШЫЛАР, ОСЫ ХАТТАМАҒА ТӨМЕНДЕ ҚОЛ ҚОЯДЫ.

МОНРЕАЛЬДА БІР МЫҢ ТОҒЫЗ ЖҮЗ СЕКСЕН ЖЕТІНШІ ЖЫЛЫ ҚЫРКҮЙЕКТІҢ ОН АЛТЫНШЫ КҮНІ ЖАСАЛДЫ

______________________
      37 Жақтардың екінші Кеңесі II/6 шешімінде 19 баптағы "міндеттемелер қабылданған соң төрт жыл өткеннен кейінгі кез келген уақытта" деген сөзді Жақтардың сақтауға қатысты міндеттемесі төрт жыл өткеннен соң кез келген уақытта күшіне енеді деп түсіну керек.

А Қосымшасы РЕТТЕЛУШІ ЗАТТАР

___________________________________________________________________
Топтар                      Зат                    Озон бұзушылық
                                                   қабілеті
___________________________________________________________________
I-топ
                          /ХФУ-11/                   1,0
                          /ХФУ-12/                   1,0
                          /ХФУ-113/                  1,8
                          /ХФУ-114/                  1,0
                          /ХФУ-115/                  1,6
II-топ
                        /галон-1211/                 3,0
                        /галон-1301/                 10,0
                                                       38/
                        /галон-2402/                 6,0
___________________________________________________________________

      * Озон бұзушылық қабілетін көрсететін бұл өлшемдер бағалы сипаттамада алынған, бүгінгі күнгі қолда бар ғылыми ақпараттармен негізделген және мерзім сайын қайта қаралып, шолу жасалып отырылады.
________________________
      38/ Жақтардың бірінші Кеңес І/9 шешімінде галон-2402 үшін озон бұзу қабілетін (ОБК) 6,0 көлеміндегі көрсеткішті қабылдауға, хатшылықтан Жақтар өздерінің бірінші Кеңесінде Консенсус негізінде осы көрсеткішті қабылдауға Депозитарийге хабар беріп, тиісінше Депозитарийден осы көрсеткішті Монреаль Хаттамасынынң А қосымшасындағы "әлі анықталмады" деген сөзді айырбастап ұсыныс сұрауға келісті.

В Қосымшасы РЕТТЕЛУШІ ЗАТТАР

___________________________________________________________________
Топтар                      Зат                        Озон бұзу *
                                                        қабілеті
___________________________________________________________________
І-топ
                         /ХФУ-13/                       1,0
                         /ХФУ-111/                      1,0
                         /ХФУ-211/                      1,0
                         /ХФУ-212/                      1,0
                         /ХФУ-213/                      1,0
                         /ХФУ-215/                      1,0
                         /ХФУ-214/                      1,0
                         /ХФУ-216/                      1,0
                         /ХФУ-217/                      1,0
ІІ-топ
              тетрахлорметан                            1,1
ІІІ-топ
              1,1,1-трихлорэтан
              митилхлорофорум                           0,1
___________________________________________________________________

      * Бұл формула 1,1,2-трихлорэтанға қатысты емес.

С Қосымшасы Ауыспалы заттар

Топтар                                                  Зат

I-топ                                                 /ГХФУ-21/
                                                      /ГХФУ-22/
                                                      /ГХФУ-31/
                                                      /ГХФУ-121/
                                                      /ГХФУ-122/
                                                      /ГХФУ-123/
                                                      /ГХФУ-124/
                                                      /ГХФУ-131/
                                                      /ГХФУ-132/
                                                      /ГХФУ-133/
                                                      /ГХФУ-141/
                                                      /ГХФУ-142/
                                                      /ГХФУ-151/
                                                      /ГХФУ-221/
                                                      /ГХФУ-222/
                                                      /ГХФУ-223/
                                                      /ГХФУ-224/
                                                      /ГХФУ-225/
                                                      /ГХФУ-226/
                                                      /ГХФУ-231/
                                                      /ГХФУ-232/
                                                      /ГХФУ-233/
                                                      /ГХФУ-234/
                                                      /ГХФУ-235/
                                                      /ГХФУ-241/
                                                      /ГХФУ-242/
                                                      /ГХФУ-243/
                                                      /ГХФУ-244/
                                                      /ГХФУ-251/
                                                      /ГХФУ-252/
                                                      /ГХФУ-253/
                                                      /ГХФУ-261/
                                                      /ГХФУ-262/
                                                      /ГХФУ-271/

Д ҚОСЫМШАСЫ* А ҚОСЫМШАСЫНДА КӨРСЕТІЛГЕН РЕТТЕЛУШІ ЗАТТАР БАР
ӨНІМДЕРДІҢ ТІЗІМІ**

/4-БАПТЫҢ 3-ТАРМАҒЫНА СӘЙКЕС ДАЙЫНДАЛДЫ/

         АЗЫҚТАР                                КЕДЕН ИНДЕКСІ
                                                 ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР

      1. Жеңіл және жүк автомашиналарындағы
         кондиционерлер (олар автомобильде
         монтаждалған ба, әлде жоқ па, оған
         қарамастан)                        , ___________________
      2. Тұрмыстық және коммерциялық тоңазтқыш қондырғылары мен
         кондиционерлер (жылу сорғыштары). *** __________________
         мысалы, тоңазтқыштар ___________________________________
         аяздатқыш камералар ____________________________________
         ауа кептіргіштер _______________________________________
         су салқындатқыш жабдықтар ______________________________
         мұзгенераторлар ________________________________________
         конденцаторлар және жылу сорғыштар _____________________
      3. Аэрозоль өнімдері, медициналық
         аэрозольдардан басқа ___________________________________
      4. Қолымен көтеретін өрт сөндіргңштер _____________________
      5. Изоляциялық қалқандар, панельдер
         және құбырларды сырлап жабу ____________________________
      6. Форполимерлер __________________________________________

      * Бұл қосымша 1991 жылы 21 маусымда Найробиде өткен Жақтардың үшінші Кеңесінде Хаттаманың 4-бабының 3-тармағына сәйкес қабылданды.
      ** Олар жеке мүліктен немесе тұрмыстық аспаптармен немесе кеден қызметінің назарына түспейтін сондай біркелкі коммерциялық жағдайда емес контейнерлерде тасылған кезден басқа жағдайда.
      *** Олар А қосымшасында аталған реттелуші заттар салқындатқыш немесе изоляциялық материалдар есебінде болған жағдайда ғана.

I-Толықтыру ОЗОН ҚАБАТЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ХЕЛЬСИНКИ ДЕКЛАРАЦИЯСЫ
1989 жылғы 2 мамыр

      Вена конвенциясы мен Монреаль хаттамасын Жақтардың бірінші Кеңестеріне қатысқан Үкіметтер мен Европалық қоғамдастықтар ғалымдар арасындағы қатаң реттеу шаралары қабылданбаса озон қабатының бұзылуы қазіргі және болашақ ұрпақтарға қауіп төндіреді деген кең келісімді пікірлерін еске ала отырып,
      кейбір озон бұзатын заттар әлемдік жылуға әкеп соғатын қуатты болу жай газдар екенін түсіне отырып,
      озон қабатын бұзатын заттардың айырбастауға экологиялық қолайлы заттарды, сондай-ақ технологияның тез және кеңінен өркендеуін еске алып және мұнда айырбастау технологияларды беруді, әсіресе дамытушы елдерге жеңілдету қажеттілігінің терең назар ала отырып,
      бұған дейін әрекет жасамаған барлық мемлекеттерді озон қабатын қорғау жөніндегі Вена конвенциясына және оның Монреаль Хаттамасына қосылуға шақырылады.
      Монреаль хаттамасы реттейтін ХФУ өндірісімен тұтынуды неғұрлым тез 2000-жылдан кешіктірмей кезек бойынша қысқартуға және осы мақсатта Монреаль хаттамасында келісілген кестені дамушы елдердің ерекше жағдайларын ескере отырып қатайтуға келісті.
      Озонның бұзылуына едауір әсер ететін галондарды, тағы басқа озон бұзатын заттардың өндірісі мен қысқартылуы мүмкін болғанда оны кезеңмен жүргізуді қамтамасыз етуге келісті. Химиялық заттар мен өнімдердің жеке технологиялардың экологиялық қолайлы айырбастағыштарын жасауды тездетуге, өздерінің қаржылары мен ресурстарына сай өнімдердің жеке технологиялардың экологиялық қолайлы айырбастағыштарын жасауды тездетуге, өздерінің қаржыларын мен ресурстарына сай жүргізуге өздеріне міндеттеме алуға келісті.
      Дамушы елдер үшін тиісті ғылыми ақпараттарға, зерттеулердің нәтижелеріне және кадрлар даярлауға қол жеткізулерін жеңілдетуге және дамушы елдер үшін ең аз шығынмен технологияларды беру және жабдықтарды айырбастауды жеңілдету үшін тиісті қаржыландыру механизмін жасауға ұмтылуға келісті.

       Агенттік директоры                     А. Шәмен