Қазақстан Республикасының банк қызметi мәселелерi жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 154 Заңы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. "Шаруа шаруашылығы туралы" 1990 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж., N 22, 257-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 309-құжат; N 16, 411-құжат; 1993 ж., N 8, 183-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 21, 130-құжат):

      1) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Шаруа шаруашылығының банктiк шоттары

      Шаруа шаруашылығының банктiк шоттар ашуға және банктегi өз ақшасына билiк етуге құқығы бар.";

      2) 17-баптың:
      1-тармағындағы:
      "Банк мекемелерi" деген сөздер "банктер" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екiншi сөйлем алынып тасталсын;

      4-тармағындағы "Банк мекемесi" деген сөз "банк" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармағы алынып тасталсын;

      7-тармағы 6-тармақ деп есептелсiн.

      2. "Қазақ КСР-iндегi шаруашылық қызметтiң еркiндiгi және кәсiпкерлiктi дамыту туралы" 1990 жылғы 11 желтоқсандағы Қазақ КСР Заңына (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1990 ж., N 51, 483-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 96-құжат; N 24, 597-құжат; 1993 ж., N 8, 176-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; N 21, 130-құжат):

      21-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi азатжолындағы "проценттерiн" деген сөз "сыйақыны (мүдденi)" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Қазақ КСР-iнде айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы" 1991 жылғы 18 маусымдағы Қазақ КСР Заңына (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 26, 332-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 14, 96-құжат; N 20, 120-құжат):

      77-баптың 3-тармағындағы "ақшалай қаражатының" деген сөздер "ақшаның" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. "Қазақ КСР-iндегi мемлекеттiк жастар саясаты туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы Қазақ КСР Заңына (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 28, 377-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 9-10, 158-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат): 

      6-баптың: 
      4-тармағының екiншi азатжолындағы "кредиттiң проценттерiн" деген сөздер "кредиттi пайдаланғаны үшiн сыйақыны (мүдденi)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6-тармақ "төлем өтейтiн" деген сөздерден кейiн "сыйақы (мүдде) мөлшерiнде" деген сөздермен толықтырылсын. 

      5. "Дiни сенiм бостандығы және дiни бiрлестiктерi туралы" 1992 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 4, 84-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар): 

      16-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "ақшалай қаражат" деген сөздер "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын. 

      6. "Қазақстан Республикасы төрелiк соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртiбi туралы" 1992 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 5, 102-құжат; 1993 ж., N 17, 417-құжат): 

      1) 67-баптың екiншi бөлiгiндегi 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2) тараптардың атауы, олардың орналасқан жерi, қызмет көрсететiн банк көрсетiлген банктiк шоты;"; 
      2) 68-баптың 1) тармақшасындағы "ақша сомалары" деген сөздер "ақшасын" деген сөзбен және 101-баптың екiншi бөлiгiнiң екiншi азатжолындағы "ақша сомасы" және "ақша сомасын" деген сөздер тиiсiнше "ақшасы" және "ақшасын" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) 82-баптың 1) тармақшасындағы "ақша сомаларына" деген сөздер "ақшасына" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      4) 86-баптың үшiншi бөлiгiндегi "Ақша сомасын" деген сөздер "Ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      5) 101-баптың екiншi бөлiгiнiң төртiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "банктiк шот ашқан кезде банк берген, одан ақша алуға болатын жеке сәйкестендiру коды;"; 
      6) 126-баптың екiншi бөлiгiндегi және 133-баптың екiншi бөлiгiндегi "ақша сомасын" деген сөздер "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      7) 132-баптың үшiншi бөлiгiндегi "ақша қаражатының" деген сөздер "ақшасының" деген сөзбен ауыстырылсын. 

      7. "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлерi туралы" 1992 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 290-құжат; N 24, 592-құжат; 1993 ж., N 8, 179-құжат; 1995 ж., N 1-2, 17-құжат; N 23, 155-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы): 

      33-баптың бесiншi бөлiгiндегi "процентсiз несие" деген сөздер "сыйақы (мүдде) ставкасы белгiленбеген несие" деген сөздермен ауыстырылсын. 

      8. "Көшiп келу туралы" 1992 жылғы 26 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14, 314-құжат): 

      13-баптың а), г) тармақшаларындағы "ақшалай қаражаттардан" деген сөздер "ақшадан" деген сөзбен ауыстырылсын. 

      9. "Жеке кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау туралы" 1992 жылғы 4 шiлдедегi Қазақстан Республикасының  Z922500_ Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 424-құжат; 1995 ж., N 20, 120, 121-құжаттар; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат): 

      1) 14-баптың оныншы азатжолындағы "ақшалай қаражатын" деген сөздер "банкiлiк, соның iшiнде ақша" деген сөздермен ауыстырылсын, "банкiлерден" деген сөз алынып тасталсын.

      2) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "19-бап. Жеке кәсiпкерлердiң сыртқы экономикалық қызметi

      Жеке кәсiпкерлердiң сыртқы экономикалық қызметi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен реттеледi.". 

      10. "Инвестицияларды қаржыландырудың қайтарым жүйесi туралы" 1993 жылғы 12 сәуiрдегi  Z932400_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 9, 210-құжат; 1994 ж., N 9-10, 158-құжат; N 21-22, 268-құжат): 

      6-баптың 1-тармағындағы "проценттердi" деген сөз "сыйақыны (мүдденi)" деген сөздермен ауыстырылсын. 

      11. "Аграрлық-өнеркәсiптiк кешен салаларына кредит беру және мемлекеттiк шараларды қаржыландыру туралы" 1993 жылғы 12 сәуiрдегi  Z931700_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 9, 212-құжат): 

      1) 2-баптың: 
      1-тармағындағы "осы заңмен, "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Заң күшi бар Жарлығымен, банкiлердiң қызметiн және проценттiк саясат мәселелерiн реттейтiн басқа да қалыптық құжаттармен" деген сөздер "қолданылып жүрген заңдармен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтың екiншi азатжолындағы "белгiлейтiн нарық" деген сөздер "белгiлейтiн қайта қаржыландырудың ресми нарқы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-баптың: 
      бiрiншi бөлiгiндегi "тауар өндiрушiлерге процентсiз негiзде" деген сөздер "тауар өндiрушiлерге сыйақысыз (мүддесiз)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екiншi бөлiгiндегi "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын. 

      12. "Шетелдiк инвестициялар туралы" 1994 жылғы 27 желтоқсандағы  Z949000_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24, 280-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 жылғы 3 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 

      15-баптың 5-тармағындағы "ақшалай қаражаты" деген сөздер "ақшасы" деген сөзбен ауыстырылсын. 

      13. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1994 жылғы 27 желтоқсанда  K941000_ қабылдаған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 23-24, (қосымша); 1995 ж., N 15-16, 109-құжат; N 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 187-құжат; N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 жылғы 25 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Банкроттық туралы" заң күшi бар Жарлығының күшi жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 11 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне (жалпы бөлiм) толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 25 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 

      1) 2-баптың 3-тармағындағы: 
      "ақшалай қаражат" деген сөздер "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      "орын ауыстырып" деген сөздерден кейiн "және айналысқа түсiп" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 10-баптың 1-тармағындағы "пайда немесе жеке" деген сөздер "таза" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 34-баптың 1-тармағындағы "пайда", "алынған пайдасын" деген сөздер тиiсiнше "табысын", "алынған таза табыс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 41-баптың 4-тармағындағы "пайда мен шығынды" деген сөздер "таза табысты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 42-баптың 6-тармағының 1) тармақшасындағы "жарғылық қорының" деген сөздер "жарғылық капиталының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 44-баптың 1-тармағының екiншi азатжолындағы "ақшалай қаражатпен" деген сөздер "ақшасымен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 50-баптың:
      5-тармағындағы:
      "бар" деген сөз алынып тасталсын;
      "ақшалай қаражаты" деген сөздер "ақшасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      6-тармағындағы "ақшалай сома" деген сөздер "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9-тармағындағы "ақшалай қаражаты" деген сөздер "ақшасы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 55-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "өсiм мен процент" деген сөздер "айыпақы мен сыйақыны (мүдденi)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 58-баптың мәтiнiндегi "жарғылық қоры", "жарғылық қорына" деген сөздер тиiсiнше "жарғылық капиталы", "жарғылық капиталына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 59-баптың атауы мен мәтiнiндегi "жарғылық қорына", "жарғылық қорындағы", "жарғылық қорға", "жарғылық қорды" деген сөздер тиiсiнше "жарғылық капиталына", "жарғылық капиталындағы", "жарғылық капиталға", "жарғылық капиталды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 61-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "пайданы" деген сөз "таза табысты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 64-баптың атауы мен мәтiнiндегi "жарғылық қоры", "жарғылық қорының", "жарғылық қорын", "жарғылық қорды" деген сөздер тиiсiнше "жарғылық капиталы", "жарғылық капиталының", "жарғылық капиталын", "жарғылық капиталды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 65-баптың 1-тармағындағы "жарғылық қордағы" деген сөздер "жарғылық капиталдағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 67-баптың 2-тармағындағы "пайдасының" деген сөз "таза табысының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 69-баптың 1-тармағындағы "жарғылық қордағы" деген сөздер "жарғылық капиталдағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 71-баптың 2-тармағындағы "жарғылық қордағы" және 3-тармағындағы "жарғылық қорындағы" деген сөздер тиiсiнше "жарғылық капиталдағы", "жарғылық капиталындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 73-баптың мәтiнiндегi "жарғылық қордағы" деген сөздер "жарғылық капиталдағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармағының 1) тармақшасындағы "пайдасының" деген сөз "таза табысының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 74-баптың атауы мен мәтiнiндегi "жарғылық қоры", "жарғылық қор", "жарғылық қордың", "жарғылық қорын", "жарғылық қорды" деген сөздер тиiсiнше "жарғылық капиталы", "жарғылық капиталын", "жарғылық капиталды", "жарғылық капиталдың", "жарғылық капиталының", "жарғылық капитал" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 77-баптың: 
      1-тармағының бiрiншi азатжолындағы "жарғылық қоры" деген сөздер "жарғылық капиталы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      5-тармағындағы "жарғылық қорындағы" деген сөздер "жарғылық капиталындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20) 78-баптың атауы мен мәтiнiндегi "жарғылық қоры", "жарғылық қордың", "жарғылық қорын", "жарғылық қорды" деген сөздер тиiсiнше "жарғылық капиталы", "жарғылық капиталдың", "жарғылық капиталын", "жарғылық капиталды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      21) 79-баптың 2-тармағының: 
      1) тармақшасындағы "жарғылық қоры" деген сөздер "жарғылық капиталы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) тармақшасындағы "пайдасы мен залалдарын" деген сөздер "таза табысын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 80-баптың атауы мен мәтiнiндегi "жарғылық қордағы", "жарғылық қорындағы", "жарғылық қорын", деген сөздер тиiсiнше "жарғылық капиталдағы", "жарғылық капиталындағы", "жарғылық капиталын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5-тармағындағы "пайданы" деген сөз "таза табысты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      23) 84-баптың 1-тармағындағы "жарғылық қорға" деген сөздер "жарғылық капиталға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24) 85-баптың мәтiнiндегi "жарғылық қоры", "жарғылық қорына" деген сөздер тиiсiнше "жарғылық капиталы", "жарғылық капиталына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) 86-баптың 6-тармағындағы "банктiк емес қаржы мекемелерiнде" деген сөздер "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      26) 87-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) таза табысты пайдалану мен залалды өтеу тәртiбi;";

      27) 88-баптың атауы мен мәтiнiндегi "жарғылық қоры", "жарғылық қорды" деген сөздер тиiсiнше "жарғылық капиталы", "жарғылық капиталды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28) 89-баптың атауы мен мәтiнiндегi "Жарғылық қорды", "жарғылық қорын", "жарғылық қорды" деген сөздер тиiсiнше "Жарғылық капиталды", "жарғылық капиталын", "жарғылық капиталды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29) 90-баптың атауы мен мәтiнiндегi "Жарғылық қорды", "жарғылық қорды", "жарғылық қорын" деген сөздер тиiсiнше "Жарғылық капиталды", "жарғылық капиталды", "жарғылық капиталын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 91-баптың мәтiнiндегi "жарғылық қордың", "жарғылық қорды" деген сөздер тиiсiнше "жарғылық капиталдың", "жарғылық капиталдағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      31) 92-баптың мәтiнiндегi "жарғылық қоры", "жарғылық қордағы" деген сөздер тиiсiнше "жарғылық капиталы", "жарғылық капиталдағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармағының 6) тармақшасындағы "пайданы" деген сөз "таза табысты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      32) 94-баптың 1-тармағындағы "жарғылық қордағы" деген сөздер "жарғылық капиталдағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33) 95-баптың мәтiндегi "жарғылық қорларына", "жарғылық қордың", "жарғылық қорына" деген сөздер тиiсiнше "жарғылық капиталдарына", "жарғылық капиталдың", "жарғылық капиталына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34) 97-баптағы "пайдасы мен залалдарын" деген сөздер "таза табысын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35) 98-баптың 2-тармағындағы "пайдасы" деген сөз "таза табысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36) 99-баптың 3-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) кооперативтiк қаржы есебiн бекiту және оның таза табысын бөлу;";

      37) 106-баптың 5-тармағындағы "ақша қаражаты" деген сөздер "ақшасы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      38) 107-баптың 4-тармағындағы "ақшалай қаражаты" деген сөздер "ақшасы, сондай-ақ басқа мүлкi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      39) 130-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Бағалы қағаздарға: облигация, коноссамент, акция және заң актiлерiнде немесе соларда белгiленген тәртiппен бағалы қағаздар қатарына жатқызылған басқа да құжаттар жатады.";

      40) 136-баптағы "белгiленген процентпен" деген сөздер "көрсетiлген сыйақысын (мүддесiн)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41) 137, 138-баптар алынып тасталсын;

      42) 139-баптың: 
      1-тармағындағы "пайдасының" деген сөз "таза табысының" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      3) тармағындағы "жарғылық қорды" деген сөздер "жарғылық капиталды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      43) 140-бап алынып тасталсын;

      44) 144-баптың 1-тармағындағы "салымдар құпиясын" деген сөздер "банктiк салымдар құпиясын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45) 187-баптың 2) тармақшасындағы "банкiге" деген сөзден кейiн "банктiк" деген сөзбен толықтырылсын;

      46) 199-баптың екiншi бөлiгiндегi "пайданың" деген сөз "таза табыстың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      47) 200-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы: 
      "процентпен" деген сөз "сыйақымен (мүддемен)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекiткен процент ставкасынан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      48) 207-баптың 3-тармағындағы "ақшалай қаражатпен", "ақшалай қаражаты" деген сөздер тиiсiнше "ақшамен", "ақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      49) 282-баптың: 
      1-тармағы мынадай мазмұндағы жаңа үшiншi азатжолмен толықтырылсын: 
      "Төлемдер мен есеп айырысуларды жүзеге асырудың тәртiбi мен жолдары Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi және оларды тараптар тиiстi шартта айқындайды."; 
      2-тармағындағы "проценттердi" деген сөз "айыпақы мен сыйақыны (мүдденi)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      50) 291-баптың: 
      1-тармағының бiрiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "1. Өзiнен алынатын ақшаны немесе бағалы қағаздарды - нотариат кеңесiнiң депозитiне, ал заң құжаттарында белгiленген реттерде соттың депозитiне салуға" деген сөздер "мiндеттемелерiн орындау үшiн өзiнен алынатын ақшаны депозит шарттарында, ал бағалы қағаздарды - нотариат кеңсесiнiң атына сақтау шарттарында, ал заң құжаттарымен белгiленген жағдайларда соттың атына орналастыруға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Ақшаны немесе бағалы қағаздарды депозит шарттарында салу немесе нотариат кеңсесiнiң немесе соттың атына сақтау мiндеттеменiң орындалғаны болып есептеледi.
      Ақша немесе бағалы қағаздар атына салынған нотариат кеңсесi немесе сот бұл туралы несие берушiлерге хабарлайды.";

      51) 301-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Кепiл мәнi болып табылатын ақша банкке орналастырылады.";

      52) 302-баптың 1-тармағындағы "проценттерiн" деген сөз "сыйақыны (мүдденi)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      53) 303-баптың:
      4-тармағындағы "ұстаушыға, не банктiң немесе нотариат кеңсесiнiң депозитiне берiледi" деген сөздер "ұстаушыға берiледi, не банкке орналастырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Егер кепiл туралы шартпен өзгеше белгiленбеген болса, кепiл мәнi болып табылатын ақша банкке орналастырылады.
      Осы ақша үшiн есептелетiн сыйақы (мүдде) кепiл берушiге тиесiлi болады.";

      54) 18-тараудың 4-параграфы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. КЕПIЛДIК ЖӘНЕ КЕПIЛ БОЛУШЫЛЫҚ

      329-бап. Кепiлдiк

      1. Кепiлдiк бойынша кепiлдiк берушi, заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып iшiнара жауап беруге мiндеттенедi. 
      2. Бiрлесiп кепiлдiк берген адамдар, егер кепiлдiк шартында өзгеше белгiленбесе, несие берушi алдында ортақтасып жауап бередi. 
      3. Кепiлдiк шарты болашақта туындайтын мiндеттеменi қамтамасыз ету үшiн де жасалуы мүмкiн. 

      330-бап. Кепiл болушылық 

      Кепiл болушылық бойынша кепiл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе iшiнара қосалқы жауап беруге мiндеттенедi. 

      331-бап. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың негiзi
               мен нысаны

      1. Кепiл болушылық немесе кепiлдiк шарттарының негiзiнде кепiлдiк және кепiл болушылық пайда болады. Кепiлдiктi қолдану заңмен белгiленуi мүмкiн. 
      2. Кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуға тиiс. Жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепiлдік немесе кепiл болушылық шартының жарамсыз болуына әкелiп соқтырады. 
      3. Егер кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы борышқордың мiндеттеменi орындауын өз жауапкершiлiгiне алатынын несие берушiге жазбаша түрде хабарласа, ал несие берушi кепiлдiк берушiнiң немесе кепiл болушының ұсыныстарынан бұл үшiн жеткiлiктi болатын қажеттi уақыт iшiнде бас тартпаса, кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарттарының жазбаша нысаны сақталған деп есептеледi. 

      332-бап. Кепiлдiк берушiнiң және кепiл болушының
               жауапкершiлiгi

      1. Кепiлдiк және кепiл болушылық, егер шартта өзгеше белгiленбесе, тек заңды талапты ғана қамтамасыз етедi. Кепiлдiк берушi мен кепiл болушы, егер олар әрекет қабiлетсiздiгi туралы өздерiне күнi бұрын белгiлi болған борышқорға кепiл болса, ал несие берушi бұл мән-жайды бiлмесе, жауапкершiлiктен босатылмайды. 
      2. Кепiлдiк берушi несие берушi алдында, егер кепiлдiк шартында өзгеше белгiленбесе, борышқор сияқты айыпақы, сыйақы (мүдде) төлеудi қоса алғанда, борышты өндiрiп алу жөнiндегi сот шығындарын және борышқордың мiндеттеменi орындамауы немесе тиiсiнше орындамауы салдарынан туындаған несие берушiнiң басқа да зияндарын төлеуде тап сондай көлемде жауап бередi. 
      3. Кепiл болушы несие берушi алдында, егер кепiл болушылық шарттарында өзгеше көзделмесе, кепiл болушылықта көрсетiлген сома шегiнде жауапты болады. Қосалқы жауапкершiлiктi мойнына алған кепiл болушыға талаптар қойылғанға дейiн несие берушi бұл талапты борышқор қанағаттандыратындай, атап айтқанда, қарсы талапты есепке алу және белгiленген тәртiп бойынша борышқордың мүлкiнен ақы өндiрiп алу арқылы ақылға қонымды шаралар қолдануға тиiс. 

      333-бап. Кепiлдiк берушiнiң өзiне несие берушi талаптар 
               қойған жағдайдағы құқықтары мен мiндеттерi

      1. Кепiлдiк берушi, несие берушiнiң талаптарын қанағаттандырғанға дейiн бұл туралы борышқорға ескертуге, ал егер кепiлдiк берушiге қуыным жасалса, борышқорды iске қатыстыруға мiндеттi. Олай болмаған жағдайда борышқор өзiнiң несие берушiге қоймақшы болған қарсылықтарын кепiлдiк берушiнiң қайтарып қойған талабына қарсы қоюға құқылы. 
      2. Кепiлдiк берушi, егер кепiлдiк шартынан өзгеше туындамаса, несие берушiнiң талабына қарсы борышқор қоя алатын қарсылықтарды қоюға қақылы. Кепiлдiк берушi бұл қарсылықтарға құқығын тiптi егер борышқор олардан бас тартқан немесе өзiнiң қарызын мойындаған жағдайда да жоғалтпайды. 

      334-бап. Мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушi мен 
               кепiл болушының құқықтары 

      1. Мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушiге несие берушiнiң осы мiндеттеме жөнiндегi барлық құқықтары және кепiл ұстаушы ретiнде несие берушiге тиесiлi құқықтар кепiлдiк берушi несие берушiнiң талабын қанағаттандырған көлемде көшедi. Кепiлдiк берушi, сондай-ақ, борышқордан несие берушiге төленген соманың айыпақысын және сыйақысын (мүддесiн) төлеудi және борышқор үшiн жауапкершiлiкке байланысты шеккен өзге де залалдардың орнын толтыруды талап етуге қақылы. 
      2. Кепiлдiк берушi мiндеттеменi орындағаннан кейiн несие берушi борышқорға қойылған талапты куәландыратын құжаттарды кепiлдiк берушiге тапсыруға және осы талапты қамтамасыз ететiн құқықтарды беруге мiндеттi. 
      3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгiленген ережелер, егер заңдарда немесе кепiлдiк берушiнiң борышқорымен шартында өзгеше көзделмесе және олардың арасындағы қатынастарда өзгеше туындамайтын болса, қолданылады. 
      4. Кепiл болушы дәл осындай құқықтарға борышқордың несие берушi алдындағы мiндеттемесiн өзi орындаған бөлiгiнде ие болады. 

      335-бап. Борышқордың мiндеттеменi орындамағаны
               туралы кепiлдiк берушi мен кепiл болушыға
               хабарлауы

      Кепiлдiкпен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындаған борышқор кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға бұл туралы дереу хабарлауға мiндеттi. Олай болмаған жағдайда өз кезегiнде мiндеттеменi орындаған кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы несие берушiден негiзсiз алынғанды өндiрiп алуға, не борышқорға керi талап қоюға қақылы. Соңғы жағдайда борышқор несие берушiден тек негiзсiз алынғанды ғана өндiрiп алуға қақылы. 

      336-бап. Кепiлдiктiң және кепiл болушылықтың тоқтатылуы 

      1. Кепiлдiк және кепiл болушылық өздерi қамтамасыз еткен мiндеттеменiң тоқтатылуымен бiрге, сондай-ақ осы мiндеттеме кепiлдiк берушi мен кепiл болушының жауапкершiлiгiн соңғылардың келiсiмiнсiз арттыруға немесе өзге де қолайсыз салдарға әкелiп соқтыратындай өзгерген жағдайда, тоқтатылады. 
      2. Кепiлдiк және кепiл болушылық, егер кепiлдiк берушi немесе кепiл болушы несие берушiге жаңа борышқор үшiн жауап беруге келiсiм бермесе, кепiлдiкпен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеме жөнiндегi борышты басқа жаққа ауыстырумен тоқтатылады. 
      3. Кепiлдiк және кепiл болушылық, егер олар өздерi қамтамасыз еткен мiндеттеменi орындау мерзiмiнiң басталуына қарай борышқор немесе кепiлдiк берушi мен кепiл болушы ұсынған тиiстi дәрежедегi орындауды қабылдаудан несие берушi бас тартса тоқтатылады. 
      4. Кепiлдiк және кепiл болушылық оларға кепiлдiк немесе кепiл болушылық шартында көрсетiлген мерзiм бiткен кезде тоқтатылады. Егер мұндай мерзiм белгiленбесе, егер несие берушi кепiлдiкпен немесе кепiл болушылықпен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындау мерзiмi басталған күннен бастап бiр жылдың iшiнде кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға қуыным жасамаса, ол тоқталады. Негiзгi мiндеттеменiң орындалу мерзiмi көрсетiлмеген және белгiлеуге болмайтын немесе талап етуiмен белгiленген кезде, кепiлдiк және кепiл болушылық егер несие берушi кепiлдiк берушiге немесе кепiл болушыға кепiлдiк немесе кепiл болушылық шарты жасалған күннен бастап, екi жылдың iшiнде қуыным жасамаса, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, кепiлдiк пен кепiл болушылық тоқтатылады.";

      55) 341-баптағы "төленбеген проценттерге" деген сөздер "алынбаған сыйақыға (мүддеге)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      56) 353-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "353-бап. Басқаның ақшасын заңсыз пайдаланғаны 
                үшiн жауапкершiлiк

      1. Ақша мiндеттемесiн орындамау салдарынан бiреудiң ақшасын заңсыз пайдаланғаны не оларды төлеу мерзiмiн өткiзiп жiбергенi, не оларды негiзсiз алғаны немесе басқа адамның есебiне сақтағаны үшiн тұрақсыздық айыпақы төленуге тиiс. Айыпақының мөлшерi ақша мiндеттемесiн немесе оның тиiстi бөлiгiн орындаған күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы негiзiнде есептеледi. Борышты сот тәртiбiмен өндiрiп алу кезiнде сот Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң қуыным жасалған немесе шешiм шығарылған немесе iс жүзiнде төленген күнгi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын негiзге ала отырып, несие берушiнiң талабын қанағаттандыра алады. Егер заң құжаттарында немесе шартта айыпақының өзге мөлшерi белгiленбесе, осы ережелер қолданылады. 
      2. Басқаның ақшасын пайдаланғаны үшiн айыпақы, егер заңдарда немесе шартта айыпақы сомаларын есептеудiң өзге тәртiбi белгiленбесе, бұл ақшаның сомасы несие берушiге төленген күнге дейiн өндiрiлiп алынады. 
      3. Егер несие берушiнiң ақшасын заңсыз пайдаланудан оған келтiрiлген залал осы баптың 1-тармағының негiзiнде оған тиесiлi айыпақының сомасынан асып кетсе, ол борышқордан осы сомадан асатын бөлiкте залалды өтеудi талап етуге құқылы.";

      57) 366-баптың 3-тармағындағы "процент" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      58) 387-баптың 1-тармағының бiрiншi азатжолындағы "банк" деген сөз алынып тасталсын.

      14. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" заң күшi бар 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155  Z952155_ Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат; N 12, 88-құжат; N 15-16, 100-құжат; N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 11-12, 262-құжат; N 19, 370-құжат):

      1) 1-баптың бесiншi бөлiгiндегi "және басқа заңдарда" деген сөздер алынып тасталсын;

      2) 4-баптың: 
      атауындағы және мәтiндегi "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын; 
      бiрiншi бөлiктегi "клиенттерiнiң" деген сөзден кейiнгi "сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардың және" деген сөздер алынып тасталсын;

      3) 5-бап алынып тасталсын;

      4) 6-баптың: 
      бiрiншi бөлiгiндегi "өз қарамағындағы бөлiмшелермен бiрге" деген сөздер "өзiнiң филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      екiншi бөлiгiндегi "басқармалары мен басқа да бөлiмшелерiн" деген сөздер "филиалдары мен өкiлдiктерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 7-баптың екiншi бөлiгiнiң төртiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "- банк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру жолымен банктер кредиторлары мен клиенттерiнiң мүдделерiн қорғау жүктеледi.";

      6) 8-баптың: 
      б), в), г), д) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: 
      "б) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi; 
      в) банктер ашуға және олардың ерiктi түрде қайта ұйымдастырылуы мен таратылуына рұқсат бередi, банктерге Қазақстан Республикасы аумағында, ал резидент-банктер үшiн республика аумағынан тыс жерлерде филиалдарын (оларды бiрiктiруге) және өкiлдiктерiн ашуға, бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына банктердiң қатысуына, бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асыру үшiн банктерге лицензия беруге келiсiм бередi, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялар бередi; 
      г) белгiленген тәртiппен банктердiң бағалы қағаздар эмиссиясының проспектiлерiне мемлекеттiк тiркеуге дейiн мiндеттi түрде сараптау жүргiзедi, оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi келiседi және банктердiң бағалы қағаздар шығару мен оларды орналастыру жиынтығы туралы есебiне, құрылтай құжаттарына қорытынды бередi, сондай-ақ банктiң құрылтай құжаттарына өзгерiстер енгiзуге, оны қайта тiркеуге, банктiң басшы қызметкерлерiн тағайындауға (сайлауға) келiсiм бередi; 
      д) банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға кредит беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;";
      е) тармақшасындағы "сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операциясын жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер алынып тасталсын; 
      ж) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "ж) Қазақстан Республикасында кредиттер бойынша сыйақының (мүдденiң) ставкаларын реттеудi жүзеге асырады. 
      Қазақстан Республикасында инфляциялық процестерге ақша-кредит әдiстерiмен реттеу арқылы бақылау жасау мүмкiн болмаған жағдайларда Қазақстан Ұлттық Банкi олар бойынша кредиттер көлемiн және сыйақының (мүдденiң) банктiк ставкаларын шектеуге құқылы;"; 
      к) тармақшасындағы: 
      "сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздер алынып тасталсын; 
      "нормативтi" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын; 
      л) тармақшасындағы "сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операциясын жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер алынып тасталсын; 
      м) тармақшасындағы "есеп айырысу, ағымдағы, бюджеттiк және басқа шоттарын" деген сөздер "банк шоттары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      н) тармақшасы "жәрдемдесетiн" деген сөзден кейiн "және (немесе) қаржы рыногының инфрақұрылымының бiр бөлiгi болып табылатын" деген сөздермен толықтырылсын;
      р) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "р) елдiң төлем балансын жасап, жүргiзедi;";

      с) тармақшасындағы:
      "ақша қаражатын есептен шығаруға" деген сөздер "ақшаны алып қоюға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "есептен шығаруға" деген сөздер "алып қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "есептелген проценттердiң" деген сөздер "есептелген сыйақының (мүдденiң)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      у) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "у) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бiрыңғай қазынашылық шотына қызмет көрсетедi;";

      7) III тараудың атауындағы "пайдасын" деген сөз "табысын" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 9-баптың:
      бап атауындағы "жарғылық қоры" деген сөз "жарғылық капиталы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң жарғылық капиталы мемлекетке тиесiлi және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң билiгiне негiзгi қорларды беру жолымен және оның табысынан алынған аударылымдардан, сондай-ақ республикалық бюджеттен бөлiнетiн қаржыдан 10 миллиард Қазақстан теңгесi мөлшерiнде құралады";
      екiншi бөлiгi алынып тасталсын;
      үшiншi бөлiк екiншi бөлiк болып саналсын;

      9) 10-бапта:
      бап атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң резерв қоры,
               қайта бағалау шоттары және арнайы
               провизиялары (резервтерi)"

      бiрiншi бөлiгiнде:
      "жарғылық қоры" деген сөз "жарғылық капиталы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "өз пайдасы" деген сөздер "өз табысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "оның iшiнде күмәндi және үмiтсiз қарыздардың" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын:
      "Алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шоты, оларды қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бағалы қағаздарды қайта бағалау шоты оның iшiнде шетел валютасындағы шот та, олардың құнын қайта бағалаудан түскен iске асырылмаған табысты есепке алуға арналады.";
      екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң шығыстары есебiнен күмәндi және шығынды банк активтерiнен, оған қоса кредиттерден, депозиттерден, бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезiндегi шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан (резервтерден) арнайы провизиялар (резервтер) құралады";
      үшiншi бөлiгi алынып тасталсын;

      10) 11-баптың:
      баптың атауындағы "пайдасы" деген сөз "табысы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiгiндегi:
      "Пайдасы" деген сөз "Таза табысы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Үмiтсiз және күмәндi қарыздарды есептен шығару мен" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң таза табысы Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн абсолюттiк сомада жарғылық капитал мен резерв қорын қарауға бағытталады."; 
      үшiншi бөлiгiндегi: 
      "алынған пайданың", "алынған пайда" деген сөздер "алынған таза табыстың", "алынған таза табыс" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "қорларын" деген сөз "жарғылық капитал мен резерв қорын" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      төртiншi бөлiгiндегi "пайдасының" деген сөз "табысының" деген сөзбен ауыстырылсын;

      11) 12-баптың үшiншi бөлiгiндегi "департаменттер мен дербес қызметтерден тұратын орталық аппарат, облыстық (аумақтық) басқармалар, аудандық бөлiмдер және басқа бөлiмшелер" деген сөздер "департаменттерден тұратын орталық аппарат пен басқа бөлiмшелер филиалдар, өкiлдiктер және ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 13-баптың екiншi бөлiгiндегi "кредит" деген сөз "қаржы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 15-баптың бiрiншi бөлiгiндегi:
      б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "б) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң банк қызметiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;";
      г) тармақшасындағы:
      "орталықтандырылған" деген сөз "ресми" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "және Қазақстан Республикасының бюджетiмен" деген сөздер алынып тасталсын;
      з) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "з) алтын-валюта активтерiн басқарудың негiзгi принциптерiн белгiлеу;";
      л), м), н) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "л) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң табыстары мен шығындары туралы жылдық балансы мен есебiн қарау және бекiту;
      м) Қазақстан Ұлттық Банкi туралы ереженi, оның жарғылық капиталы мен резерв қорын құрау тәртiбi туралы нормативтiк құқықтық актiлердi, негiзгi қаражат пен басқа да мүлiктердi пайдалануды, ақылы қызмет көрсетудi, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң құрылымы мен бюджетiн (шығыстар сметасын) бекiту, Қазақстан Ұлттық Банкiнiң департаменттерi директорларын, филиалдарының, өкiлдiктерi мен ұйымдарының басшыларын тағайындау; 
      н) қолданылып жүрген банк заңдарының талаптарына сәйкес банктер мен басқа да ұйымдар үшiн пруденциялық нормативтер мен сақтауға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi бекiту;"; 
      о) тармақшасындағы "мен оның бөлiмшелерi" деген сөздер "оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      п) тармақшасындағы "ұйымдарға" деген сөз "және осы жарлыққа сәйкес өзге де ұйымдарға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы жаңа с) тармақшасымен толықтырылсын: 
      "с) бухгалтерлiк есептiң қазақстандық стандарттарын ескере отырып, Қазақстан Ұлттық Банкi үшiн бухгалтерлiк есептiң саясаты мен әдiстерiн белгiлеу.";

      14) 16-баптың екiншi бөлiгiндегi "Төрағасы, оның төрт орынбасары және Қазақстан Ұлттық Банкi бухгалтерлiк қызметiнiң басшысы" деген сөздер "Төрағасы және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң бес лауазымды адамы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 17-баптың төртiншi бөлiгiндегi "бiрiншi орынбасары" деген сөздер "мiндетiн атқарушы адам" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 19-баптың: 
      үшiншi бөлiгiндегi "бiрiншi" деген сөз алынып тасталсын; 
      алтыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Осы Жарлықпен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" заң күшi бар Жарлығында белгiлеген тәртiппен Директорлар кеңесi басқарманың өкiлеттiгiне жатқызылмаған кейбiр шаралар түрлерiн банктерге қолдану туралы шешiмдi, сондай-ақ банк заңдарымен көзделген өзге де ықпал ету шараларын қолдануға құқылы.";

      17) 20-бапта: 
      бап атауы мынадай редакцияда жазылсын: 

      "20-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң филиалдары, 
               өкiлдiктерi мен ұйымдары";

      бiрiншi бөлiктегi "облыстық (аумақтық) басқармалары" деген сөздер "филиалдары мен өкiлдiктерi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      екiншi және үшiншi бөлiктер мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ұйымдары заңды тұлға болып табылады, осы Жарлықпен белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, заң актiлерiне сәйкес құрылады және өз қызметiн тоқтатады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi өз ұйымдарын құру және олардың қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдайды, олардың құрылтайшысы және аталған ұйымдардың құқықтық мәртебесiн өзгерту туралы шешiм қабылдау жөнiндегi өкiлеттiктi қоса алғанда оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң қызметiн жүзеге асырушы мемлекеттiк орган болып табылады.";

      18) 21-баптағы "мен оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң" деген сөздер "оның филиалдары, өкiлдiктерi мен ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 23, 24, 25, 26, 27, 28-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - банк,
               қаржы кеңесшiсi және агент

      Қазақстан Ұлттық Банкi - банк, қаржы кеңесшiсi және мемлекеттiк органдармен келiсiм бойынша олардың агентi ретiнде iс-әрекет жасай алады.

      24-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi -
              Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Банкi

      Қазақстан Ұлттық Банкiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржысы орналастырылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiмет шоттары бойынша төлем жүргiзедi, өзге де операцияларды жүзеге асырады, сондай-ақ оларға басқа да қызметтер көрсетедi. 

      25-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - 
              Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаржы
              кеңесшiсi

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыз алу саясатын жасау және iске асыру, мемлекеттiң ақша-кредит саясатымен байланысты мәселелер жөнiнде бюджет саясатын қалыптастыру кезiнде қаржы кеңесшiсi ретiнде қызмет етедi. 

      26-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi - 
              Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi

      Қазақстан Ұлттық Банкi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi арасында келiсiлген шарттарда Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi ретiнде iс-қимыл жасайды. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi Үкiметпен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң агентi ретiнде оған мемлекеттiк заемына қызмет көрсетедi. 

      27-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
              шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк
              бағалы қағаздармен операциялар жүргiзу

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздармен операциялар жүргiзуге құқылы. 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мемлекеттiк бағалы қағаздар шығарудың және Үкiметтiң мемлекеттiк қарызын олардың банк жүйесiндегi өтiмдiлiгiне ықпал етуiн ескере отырып, өтеудiң ай сайынғы көлемiн және ақша-кредит саясатының басымдығын, Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздарды бастапқы орналастыруға қаржы ұйымдарына рұқсат ету шарттарын келiседi. 

      28-бап. Бағалы қағаздар айналысын реттеуге қатысу

      Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша Үкiметтiң шешiмi бойынша шығарылған мемлекеттiк бағалы қағаздар айналысын реттеуге қатысуға құқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар айналысын реттеуге қатысуға құқылы.";

      20) 30-баптың:
      екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      " - Қазақстан Ұлттық Банкiнiң кредиттер бойынша банктерге беретiн сыйақы (мүдде) ставкаларының деңгейi;";
      бесiншi азатжолдағы "және Үкiметке" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жаңа азатжолмен толықтырылсын:
      "- ресми есептеу (дисконттiк) ставкасы.";

      21) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "31-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi беретiн
               кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкалары

      Қазақстан Ұлттық Банкi қайта қаржыландырудың ресми ставкасын, сондай-ақ олар жүргiзетiн операциялар бойынша басқа да сыйақы (мүдде) ставкаларын белгiлейдi. Ақша рыногының жалпы жай-күйiне, кредит бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция мен инфляциялық күтулер деңгейiне қарай қайта қаржыландырудың ресми ставкасы белгiленедi. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi сыйақы (мүдде) ставкасының саясатын мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүзеге асыру шеңберiндегi сыйақының (мүдденiң) рыноктық ставкаларына ықпал ету үшiн пайдаланады."; 

      22) 32-баптың: 
      бесiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Ұлттық Банкi белгiлеген" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      алтыншы бөлiгiндегi "банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияларды керi қайтарып алған" деген сөздер "банк қызметiн тоқтатқан" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      жетiншi бөлiк алынып тасталсын;

      23) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын: 

      "34-бап. Ресми есептеу (дисконттiк) ставкасы 

      Қазақстан Ұлттық Банкi ресми есептеу (дисконттiк) ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдердi қайта есепке алуды жүзеге асырады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi ресми есептеу (дисконттiк) ставкасын ақша рыногының жалпы жай-күйiне, кредиттер бойынша сұраныс және ұсынысқа қарай анықтайды. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi мемлекеттiк ақша-кредит саясаты шеңберiнде банктердiң есептеу (дисконттiк) ставкаларына ықпал ету үшiн есептеу (дисконттiк) саясатын жүзеге асырады. 
      Қазақстан Ұлттық Банкi вексельдердi қайта есепке алу тәртiбiн және Қазақстан Ұлттық Банкi вексельдердi қайта есепке алуға қабылдауы үшiн ұсынылатын шарттарды белгiлейдi.";

      24) 35-баптың: 
      екiншi бөлiгiндегi "мен Үкiметке" деген сөздер алынып тасталсын; 
      үшiншi бөлiгiндегi "екiншi дәрежедегi" деген сөздер алынып тасталсын;

      25) 37-баптағы: 
      баптың атауы "Банк операциялары бойынша сандық шектеулер" деп толықтырылып жазылсын."; 
      бiрiншi бөлiгiндегi "проценттiк ставкалары" деген сөздер "сыйақы (мүдде) ставкаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi бөлiктегi "процестердi" деген сөзден кейiн "жанама" деген сөзбен толықтырылсын;

      26) 39-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "39-бап. Төлем құралы

      Қазақстан Ұлттық Банкiнiң заң актiлерiнде, нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiрден-бiр заңды төлем құралы Қазақстан теңгесi болып табылады".

      27) 40-баптағы, 42-баптың бiрiншi бөлiгiндегi және 47-баптағы "ақша қаражатын" деген сөздер "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын;

      28) 41-баптың екiншi бөлiгiндегi "резервiнiң" деген сөз "активтерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;

      29) 47-баптағы "қолданылып жүрген заңдарға" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заң актiлерiне" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 48-баптың екiншi бөлiгi алынып тасталсын;

      31) 49-баптағы "құқықтық тәртiбiн" деген сөзден кейiн "банктiк" деген сөзбен толықтырылсын;

      32) 51-бап алынып тасталсын;

      33) 52-баптың:
      екiншi азатжолындағы "жоғары сыныпты (өтiмдiлiгi жоғары тәуекелсiз)" деген сөздер "өтiмдiлiгi жоғары, тәуекелсiз" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi азатжолындағы "чектерiн, жай және аударым вексельдерiн сатып алады және сатады" деген сөздер "қайта есепке алады" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi азатжолындағы:
      "облигациялар" деген сөз алынып тасталсын;
      "дисконтты және проценттiк" деген сөз "борыштық" деген сөзбен ауыстырылсын;
      сегiзiншi азатжолындағы "мекемелерiнде" деген сөз "ұйымдарында" деген сөзбен ауыстырылсын;
      тоғызыншы азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "- чектер жазады және вексельдер бередi;";

      34) 53-баптың:
      бiрiншi бөлiгiнiң:
      екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      " - аффинирленген алтын;";
      төртiншi және бесiншi азатжолдарындағы "жоғары сыныпты" деген сөздер алынып тасталсын;
      үшiншi бөлiгiндегi "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде) төленбеу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35) 54-баптың бiрiншi бөлiгiнiң:
      екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      " - осы Жарлықта көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдарға қызмет көрсету, сондай-ақ заңды тұлғалардың акцияларын сатып алуға;"; 
      үшiншi азатжолындағы "мен оның бөлiмшелерiнiң" деген сөздер "мен оның филиалдарының, өкiлеттiктерi мен ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36) Х тараудың атауындағы "және арнайы резервтер" деген сөздер алынып тасталсын;

      37) 56-баптың бiрiншi бөлiгiнiң: 
      а) тармақшасындағы "процент ставкаларының" деген сөздер "сыйақы (мүдде) ставкаларының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      в) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi банктерде Қазақстан Республикасының резиденттерiне шет ел валютасымен шоттар ашудың тиiмдiлiгiн, тәртiбi мен шарттарын анықтайды және шоттар ашуға рұқсат бередi" деген сөздер шет ел банктерiнде Қазақстан Республикасының резиденттерiне "шет ел валютасымен банк шоттарын ашу шарттарын анықтайды" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      г) және д) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: 
      "г) беру, тiркеу ережелерiн белгiлейдi және валюта заңдарында көзделгендей, валюталық операциялар жүргiзуге лицензиялар бередi; 
      д) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шет ел валютасына шаққандағы бағамын, оның iшiнде бухгалтерлiк есеп жүргiзу, кедендiк және салық төлемдерi, сондай-ақ шет ел валюталарымен және бағалы металдармен жасалатын операциялар бойынша Қазақстан теңгесiне рыноктық баға белгiлеу мақсаты үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ресми бағамын белгiлеу жолымен реттейдi"; 
      е) тармақшасындағы "резервтерiн" деген сөздер "активтерiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      ж) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "ж) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк статистикалық органдармен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасындағы барлық заңды және жеке тұлғалардың орындаулары үшiн мiндеттi валюталық операциялар бойынша есеп жүргiзу мен есеп беру тәртiбi мен нысандарын белгiлейдi;"; 
      и) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "и) банктер мен өзге тұлғалардың Қазақстан Республикасының банктiк және валюталық заңдарын бұзу фактiлерi анықталған жағдайда, банктiк және валюталық заңдарда көзделген санкцияларды қолдануға құқылы;"; 
      л) тармақшасындағы "шет ел валютасындағы ақша қаражатын" деген сөздер "шет ел валютасын" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      м) тармақшасы алынып тасталсын; 
      н), о), п) тармақшалары тиiсiнше м), н), о) тармақшалары деп есептелсiн; 
      м) және н) тармақшаларындағы "шет елден" деген сөздер "Қазақстан Республикасының резидент еместерiнен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      о) тармақшасындағы "режимдi енгiзу және өзгерту" деген сөздер "режимдi енгiзедi және өзгертедi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38) 57-бапта: 
      баптың атауындағы "валютамен" деген сөздiң алдынан "шетелдiк" деген сөзбен толықтырылсын; 
      бiрiншi азатжолы "құндылықтарымен" деген сөзден кейiн "және бағалы металдармен" деген сөздермен толықтырылсын; 
      үшiншi азатжолындағы "қазынашылық вексельдерi мен басқа да" деген сөздер алынып тасталсын; 
      төртiншi және бесiншi, алтыншы азатжолдары мынадай редакцияда жазылсын: 
      - өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар банктерде, шет елдердiң орталық банктерi мен банктерiнде, қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдарында шот ашуға; 
      - өздерi тiркелген мемлекеттердiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар шетелдiк орталық банк, банктер мен басқа да қаржы институттары, шет елдер үкiметi мен олардың агенттерi, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары үшiн шот ашып, оны жүргiзуге, өкiл немесе корреспондент ретiнде iс-әрекет жасауға; 
      " - аффинирленген алтынды, бағалы металдарды, асыл тастарды және одан жасалған бұйымдарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асыруға;"; 
      сегiзiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын: 
      " - Қазақстан Республикасының аумағында және сыртқы рынокта аффинирленген алтын мен басқа да бағалы металдарды сатып алу мен сату жөнiнде операциялар жүргiзуге;"; 
      бап мынадай мазмұндағы тоғызыншы жаңа азатжолмен толықтырылсын: 
      " - қолданылып жүрген заңдарына белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасына валюталық құндылықтар мен бағалы металдарды әкелуге, сондай-ақ оларды шет ел банктерiндегi және мамандандырылған қаржы ұйымдарындағы өз шоттарына орналастыру үшiн шет елдерге шығаруға құқылы";

      39) 58-баптың: 
      баптың атауы мен мәтiнiндегi "резервтерi", "резервтердiң", "резервтерiн" деген сөздер тиiсiнше "активтерi", "активтердiң", "активтерiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      бiрiншi бөлiктiң: 
      екiншi азатжолындағы "алтыннан" деген сөз "аффинирленген алтыннан" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      үшiншi азатжолдағы "сақтаулы банк қаражатынан" деген сөздер "және Қазақстан Республикасындағы Қазақстан Ұлттық Банкiнiң шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      бесiншi, алтыншы және жетiншi азатжолдар мынадай редакцияда жазылсын: 
      " - шет ел валютасындағы жай және аударым вексельдерiнен; 
      - шет елдер үкiметтерi немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарып, кепiлдiк берген бағалы қағаздардан; 
      - мұндай активтердiң өтiмдiлiгi мен сақталуы қамтамасыз етiлген жағдайда шет ел валютасында деноминирленген басқа да сыртқы активтерден құралады."; 
      бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын: 
      "Қазақстан Ұлттық Банкi алтын-валюта активтерiнiң құрылымын және олардың орналастырылуын анықтайды."; 
      екiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктер тиiсiнше үшiншi, төртiншi және бесiншi бөлiктер деп есептелсiн; 
      үшiншi бөлiктегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен" деген сөздер "осы Жарлықпен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      төртiншi бөлiктiң: 
      бiрiншi азатжолындағы "алтын-валюта резервтерiн толықтыру" деген сөздер "алтын-валюта активтерiнiң құрылымын ұлғайту және өзгерту" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      төртiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң шет ел валютасымен жүзеге асыратын депозит, салым, дилинг операцияларынан және шет ел валютасында деноминирленген бағалы қағаздар операцияларынан, сондай-ақ шет ел валютасымен беретiн кредиттерiнен түсетiн комиссиялық және басқа сыйақылар (мүдде);";
      бесiншi азатжолдағы "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде" деген сөздер алынып тасталсын;
      алтыншы азатжолдағы "Қазақстан Республикасы Президентiнiң келiсiмi бойынша" деген сөздер алынып тасталсын;
      бесiншi бөлiктегi:
      бiрiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Алтын-валюта активтерiн азайтуды Қазақстан Ұлттық Банкi мынадай жолмен жүргiзедi:";
      екiншi азатжолдағы "сатуға" деген сөз "сату" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi азатжолдағы:
      "жүзеге асыруға" деген сөздер "жүзеге асыру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "шығындарын" деген сөзден кейiн "сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк сыртқы қарызына қызмет көрсетудi" деген сөздермен толықтырылсын;
      төртiншi азатжолдағы:
      "сатуға" деген сөз "сату" деген сөзбен ауыстырылсын;
      ("валюталық своп" сияқты операция) деген сөздер алынып тасталсын;
      бесiншi азатжол мынадай мазмұнда жазылсын:
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң алған кредитi бойынша негiзгi соманы және сыйақыны (мүдденi), сондай-ақ комиссиялық және басқа iлеспе шығындарын қайтару.";
      мынадай мазмұндағы жаңа азатжолмен толықтырылсын:
      "шығынды алтын-валюта активтерiн қалыптастырылған провизиялар (резервтер) есебiнен есептеп шығару.";

      40) 59-баптағы:
      баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "59-бап. Сыртқы активтердiң өтiмдiлiгi және сақталуы";

      мәтiндегi "валюта резервтерiнiң" және "валюта резервтерiн" деген сөздер тиiсiнше "активтердiң", "активтерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бiрiншi бөлiктегi "өтiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн" деген сөздер "өтiмдiлiгi мен сақталуын қамтамасыз етуге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41) 60-бапта: 
      баптың атауындағы "Валюта резервiн" деген сөздер "Алтын-валюта активiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "табысы" деген сөз "жұмсалмаған табысы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "резерв" деген сөз "актив" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      "және валютамен" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ шет мемлекеттердiң немесе халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына байланысты операциялар бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      42) 61-баптың: 
      бiрiншi және төртiншi бөлiктерiндегi "сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер алынып тасталсын; 
      екiншi бөлiгiндегi "сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер алдындағы үтiрмен қоса алынып тасталсын; 
      бесiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Ұлттық Банкi берген лицензиялар негiзiнде банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздер алынып тасталсын;

      43) 62-баптың: 
      бiрiншi бөлiгiндегi: "сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдарды" деген сөздер алынып тасталсын; 
      екiншi бөлiгiндегi: 
      екiншi азатжолындағы: 
      "ережелердi белгiлеп, директивалар, нұсқаулықтар шығаруға" деген сөздер "нормативтiк құқықтық актiлер қабылдауға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздер алынып тасталсын; 
      үшiншi азатжолындағы "сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздер алынып тасталсын; 
      төртiншi азатжолындағы: 
      "сондай-ақ шет ел валютасын сатып алу, сату және айырбастау жөнiндегi операцияларды жүзеге асыратын ұйымдар мен мекемелер" деген сөздер алынып тасталсын;
      "әрi тиiмдi" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы алтыншы және жетiншi азатжолдармен толықтырылсын:
      "- банк заңдарында белгiленген жағдайларда банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкiмiн) тағайындауға;
      - депозиттер мен оны iске асыру тетiгiнiң мiндеттi түрде ұжымдық сақтандыру жағдайларын белгiлеуге өкiлеттi".

      44) 63-баптағы:
      баптың атауы "және өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттер" деген сөздермен толықтырылсын;
      бiрiншi бөлiгiндегi "екiншi деңгейдегi" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Пруденциалдық нормативтердi Қазақстан Ұлттық Банкi, сондай-ақ аффинирленген тұлғалар болып табылатын, яғни заңды мәнi бар iс-әрекет арқылы ұйымның қызметiне ықпал етуге қабiлеттi тұлғалармен, не қызметiне ұйым аталған жолмен ықпал ететiн тұлға болып табылатын бiрнеше банктер үшiн бiрiктiрiлген негiзде белгiлейдi."; 
      үшiншi бөлiгi алынып тасталсын; 
      төртiншi бөлiгi үшiншi бөлiк деп есептелсiн; 
      үшiншi бөлiгiнiң: 
      екiншi азатжолындағы "нормативтердiң" деген сөзден кейiн "және немесе өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердiң" деген сөздермен толықтырылсын; 
      төртiншi азатжолындағы "проценттiк тәуекелдердi" деген сөздер "тәуекелдер мен сыйақы (мүдде) ставкалары бойынша тәуекелдер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      45) 64-баптың: 
      екiншi бөлiгiнiң: 
      үшiншi азатжолындағы "өтелмеген" деген сөзден кейiн "немесе белгiленген заң тәртiбiмен алынбаған" деген сөздермен толықтырылсын; 
      төртiншi азатжолындағы: 
      "банкротқа ұшыраған фирманы басқаруға қатысса немесе" деген сөздер "басқару органдарының құрамына енсе" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "және/немесе банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензия жойылса" деген сөздермен толықтырылсын;
      бесiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      " - табыс туралы салық қызметi органдарына мәлiмет беруден бас тартса немесе қасақана жалған мәлiмет берсе;";
      алтыншы азатжолындағы "жақын туысы болса, онда ол" деген сөздер "жақын туыстық қатынастағы адам болса, онда ол" сөздерiмен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiгi алынып тасталсын;

      46) 67-баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi азатжолындағы "валюта жағдайының" деген сөздер "валюта саясатының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      47) ХIII тарау мынадай мазмұндағы 70-1-баппен толықтырылсын:

      "70-1-бап. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн
                 қызметтердiң өтемдiлiгi

      Қазақстан Ұлттық Банкi, Қазақстан Республикасының Үкiметiне және Қаржы министрлiгiне банктiк және басқа қызмет көрсету жағдайларын қоспағанда, төлемдiк негiзде банктiк операциялар және басқа қызметтер көрсетуге құқылы. Қазақстан Ұлттық Банкi көрсететiн қызметтерi үшiн төлем түрлерi мен мөлшерiн өз бетiнше белгiлейдi.";

      48) 72-баптың екiншi бөлiгi "заңдарына және" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      49) 73-баптың: 
      бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қызметшi болып табылатын қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңында белгiленген мемлекеттiк қызметте болуына байланысты барлық шектеулер қолданылады."; 
      мынадай мазмұндағы жаңа екiншi бөлiкпен толықтырылсын: 
      "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қызметкерлерi банктерден Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының жазбаша рұқсатымен ғана кредит алуға құқылы"; 
      екiншi бөлiк үшiншi бөлiк деп есептелсiн;

      50) 74-баптың атауындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентi Жарлығының" деген сөздер "осы Жарлықтың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      15. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200  Z952200_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 жылғы 25 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Банкроттық туралы" заң күшi бар Жарлығының және кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылды деп тану туралы 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 9 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 7 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 12 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 14 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" 1997 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 9-баптың 1-тармағының 35) тармақшасы: "сондай-ақ гербтi, қағаздар, чек кiтапшаларының бланкiлерi және депозиттiк сертификаттар" деген сөздермен толықтырылсын; 
      2) 24-баптың 2-тармағының бiрiншi азатжолындағы "табыс" деген сөзден кейiн "осы тармақтың екiншi азатжолында көзделген жағдайлардан басқа кезде" деген сөздермен толықтырылсын; 

      16. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235  Z952235_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180, 181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1995 жылғы 15 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 11 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 12 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 12 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 5-баптың: 
      3) тармақшасындағы "ақшалай қаражаттың" деген сөздер "ақшаның" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      4) тармақшасындағы "қорға" деген сөздер "капиталға" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      6) тармақшаның д) тармақшасындағы "проценттер" деген сөздер "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "20) "сыйақы (мүдде)" - алынған кредиттер үшiн және алынған депозиттер бойынша төлемдер"; 
      29) тармақшаның: 
      б) тармақшасындағы "осындай жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банктiк емес қаржы мекемелерiмен" деген сөздер "банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдармен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      в) тармақшасындағы "депозиттерiн жүргiзуге және" деген сөздер "депозит қабылдаумен және банктiк операциялар жүргiзумен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      г) тармақшасындағы "валютаның, ақшаның, банкноттың" деген сөздер "ақшаның, оның iшiнде шет ел валютасындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 7-баптың 2-тармағындағы "теңгемен" деген сөз алдынан "ресми" деген сөзбен толықтырылсын;

      3) 11-баптың: 
      3) тармақшасының: 
      екiншi азатжолындағы "проценттер бойынша" деген сөздер "сыйақы (мүдде) нысанындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      бесiншi азатжолдағы "ақша қаражаты" деген сөздер "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4) 13-баптың:
      2-тармақшасы алынып тасталсын;
      3), 4), 5), 6) тармақшалары тиiсiнше 2), 3), 4), 5) тармақшалары деп есептелсiн;
      4-тармақшадағы "сондай-ақ мемлекеттiк (ұлттық лотереялар бойынша ұтыстар)" деген сөздер алынып тасталсын;

      5) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "16-бап. Алынған кредит (займ) үшiн сыйақы (мүдде)
               бойынша шегерiм жасау

      Алынған кредит үшiн сыйақы (мүдде) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң қайта қаржыландыру ресми ставкасы бойынша есептелген, осы ставканың теңгемен кредит (займ) бойынша 50 процентiне көбейтiлген сомасы және шет ел валютасымен кредит (займ) бойынша 50 процентiне көбейтiлген Лондон банкаралық рыногының ставкасы бойынша сома шегiнде шегерiлуге тиiс.";

      6) 32-баптың: 
      баптың атауындағы "проценттер бойынша" деген сөздер "сыйақыға (мүддеге) және" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      1 және 2-тармақтарындағы "төленетiн проценттерге" деген сөздер "төленетiн сыйақыға (мүддеге)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3-тармағындағы: 
      "бұрын салық салынған проценттер" деген сөздер "бұрын салынған сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "проценттерге" деген сөз "сыйақыға (мүддеге)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 33-баптың 1) тармақшасындағы "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 34-баптың: 
      1-тармағының 8) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң лицензиясы бар банктiк емес қаржы мекемелерi алынған проценттер бойынша" деген сөздер "алынған сыйақы (мүдде) бойынша банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3-тармағындағы "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      5-тармақтың 7-тармақшасындағы "банктердегi және банктiк емес қаржы мекемелерiндегi салымдары бойынша проценттер" деген сөздер "банктер мен жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдардағы салымдар бойынша сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 49-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "ақшалай қаражаты" деген сөздер "ақшасы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 50-баптың: 
      1 тармағының 4) тармақшасындағы "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3 тармағының 1) тармақшасындағы "орындайтын" деген сөз "жүзеге асыратын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 61-баптың 1-тармағының: 
      10) тармақшасындағы "және оның бөлiмшелерiмен" деген сөздер "оның филиалдарымен және өкiлдiктерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      16) тармақшасындағы "және оның бөлiмшелерiмен" деген сөздер "оның филиалдарымен, өкiлдiктерiмен және ұйымдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 123-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы, 129-баптың 
7) тармақшасындағы және 134-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "және оның бөлiмшелерi" деген сөздер "оның филиалдары, өкiлдiктерi және ұйымдары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 138-баптың 1-тармағының бiрiншi азатжолындағы "ақша қаражатымен" деген сөздер "ақшамен" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14) 147-баптың:
      бiрiншi бөлiгiндегi "орындаушы" деген сөз "жүзеге асырушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшасындағы "есеп айырысу шоттары мен өзге де" деген сөздер "банктiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақшасының:
      бiрiншi азатжолындағы "есеп айырысу немесе басқа" деген сөздер "банктiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екiншi азатжолындағы:
      "белгiлеген" деген сөзден кейiн "теңгенiң банктiк" деген сөздермен толықтырылсын;
      "валюталық шоттарынан" деген сөздер "банк шоттарындағы шет ел валютасындағы қаржыдан" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "белгiлеген" деген сөз "белгiленген" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      үшiншi азатжолындағы: 
      "ақша қаражатын" және "ақша қаражатына" деген сөздер "ақшасы" және "ақшасына" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "банктердегi есеп айырысу (ағымдағы) шоттарындағы" деген сөздер "банк шоттарындағы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) тармақшасындағы "есеп айырысу немесе өзге" деген сөздер "банктiк" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      4) тармақшасындағы "есеп айырысу немесе өзге", "ақша қаражаты" деген сөздер тиiсiнше "банктiк", "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      5) тармақшасындағы "есеп айырысу және басқа да" деген сөздер "банктiк" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      6) тармақшасындағы: 
      "белгiлi бiр уақыт iшiнде есеп айырысу шоттарынан немесе өзге шоттардан ақша қаражатының бар-жоғы туралы" деген сөздер "белгiлi бiр уақыт iшiнде банк шоттарынан банк шоттарында ақша қаражатының бар-жоғы туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "есептелген проценттер туралы" деген сөздер "есептелген сыйақы (мүдде) туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      15) 161-баптың:
      мәтiнiндегi "1,5 есе" деген сөздерден кейiн "ресми" деген сөзбен толықтырылсын;
      2-тармағындағы "1,5 есе мөлшерiнде процент" деген сөздер "1,5 есе мөлшерiндегi ресми айыппұл" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 164-баптың:
      1-тармағының:
      1) тармақшасындағы "есеп айырысу шоттары және өзге" деген сөздер "банктiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) тармақшасындағы:
      "есеп айырысу шоттары және басқа да" деген сөздер "банктiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "шоттарынан" деген сөз "банк шоттарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармағындағы "1,5 есе" деген сөздердiң алдынан "ресми" деген сөзбен толықтырылсын;

      17) 172-баптың:
      1) тармақшасындағы "ақшалай қаражатын" деген сөздер "ақшасы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) тармақшасындағы "есеп айырысу және басқа" деген сөздер "банктiк" деген сөзбен ауыстырылсын;
      8) тармақшасындағы "ақша-валюта қаражатының" деген сөздер "ақшаның" деген сөзбен ауыстырылсын;
      11) тармақшасындағы "ақшалай қаражатының" деген сөздер "банктегi ақшаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) тармақшасындағы "және оның бөлiмшелерi" деген сөздер "оның филиалдарында, өкiлдiктерi және ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      17. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" 1995 жылғы 2 мамырдағы N 2255  U952255_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 7, 49-құжат; N 15-16, 109-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; N 19, 370-құжат; 1997 жылғы 25 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 

      1) 1-баптың 3-тармағындағы "ақшалай қаражаты" деген сөздер "ақшасы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 6-баптың: 
      2-тармағындағы "ақшалай қаражат" деген сөздер "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      4-тармағындағы "ақшалай қаражаттан" деген сөздер "ақшадан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 57-баптың 2-тармағындағы "төленбеген бөлiктiң сомасы үшiн процент төлеуге мiндеттi. Процент мөлшерi өтем жасау күнiне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген банктiк проценттiң орташа есептеу ставкасына қарай есептеледi" деген сөздер "төленбеген бөлiктiң сомасына айыпақы төлеуге мiндеттi. Айыпақының мөлшерi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасына қарай есептеледi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 57-баптың 5-тармағындағы "банктiк емес қаржы мекемелерi", "банктiк емес қаржы мекемелерiнде", "банктiк емес қаржы мекемелерi" деген сөздер "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар", "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарда", "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      18. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 9-10, 66-құжат; N 24, 164-құжат; 1997 жылғы 25 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 4 және 5-тармақтармен толықтырылсын: 
      "4. Мемлекеттiк банктердiң құқықтық ережелерiнiң, құрылуының, лицензиялануының, қызметiнiң реттелуiнiң, жауапкершiлiгiнiң, қайта ұйымдастырылуы мен таратылу шарттарының ерекшелiктерi қолданылып жүрген банк заңдарымен белгiленедi. 
      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi құратын кәсiпорындар Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындар болып табылады. 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi кәсiпорындарының қызметiн құру, реттеу және тоқтату тәртiбi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленген ерекшелiктерiн ескере отырып, осы Жарлықпен белгiленедi.";

      2) 3-баптың 1-тармағындағы "органдары" деген сөзден кейiн "сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 4-баптың 1-тармағындағы "Үкiметiнiң" деген сөздер "немесе Ұлттық Банктiң" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 16-баптың 2-тармағының екiншi азатжолындағы "ақша қаражаты" деген сөздер "ақшасы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 21-баптың 2-тармағының екiншi азатжолындағы "проценттiк" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6) 25-баптың: 
      1-тармағының 3) тармақшасының бiрiншi азатжолындағы "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi кредиттер бойынша белгiлеген процент ставкасынан төмен процентпен төлеумен" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасынан төмен сыйақы (мүдде) есептеумен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы "ақшалай қаражатты" деген сөздер "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7) 44-баптың:
      1-тармағындағы "ақшалай қаражатпен" деген сөздер "ақшамен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармағындағы "ақшалай қаражаты" деген сөздер "ақшасы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 45-баптың:
      2-тармағының 1) тармақшасындағы "ақшалай қаражат" деген сөздер "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын;
      4-тармағындағы "ақшалай қаражаты" деген сөздер "ақшасы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      19. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы N 2444  Z952444_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 15-16, 106-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 2, 184-құжат; N 15, 281-құжат; N 19, 370-құжат; "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде 1997 жылғы 12 наурызда жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы): 

      1) 1-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "2. Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде (бұдан әрi - Әдiлет министрлiгi) банк ретiнде мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) лицензиясы болуымен белгiленедi."; 

      2) 2-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-бап. Депозит 

      Депозит - бiр тұлға (депозитордың) басқа тұлғаға - банкке (оның iшiнде Ұлттық Банкке) аталған күйiнде қайтарылуға тиiс деген шартпен алғашқы талап ету бойынша немесе белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн толық немесе бөлiп-бөлiп, алдын-ала келiсiлген үстемесiмен немесе ондай үстемесiз, депозиторға тiкелей қайтарылуға не оның тапсыруымен үшiншi бiр тұлғаға берiлуге тиiстiлiгiне қарамастан беретiн ақша.";

      3) 3-баптың:
      4-тармағындағы:
      бiрiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Мемлекеттiк банк - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi негiзiнде құрылған екiншi деңгейдегi банк.";
      екiншi азатжолындағы "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;
      5 және 6-тармақтар алынып тасталсын;
      7 және 8 тармақтар тиiсiнше 5 және 6-тармақтар болып есептелсiн;
      5-тармақтағы "елу процентiнен" деген сөздер "үштен бiрiнен" сөздерiмен ауыстырылсын;
      6-тармағындағы:
      "жарғылық қорының иелерi" деген сөздер "құрылтайшылары" деген сөзбен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi" деген сөздерден кейiн "(немесе уәкiлеттiк берген мемлекеттiк орган)" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 4-баптың: 
      "заң актiлерiмен, осы Жарлықпен, Қазақстан Республикасы Президентiнiң басқа да актiлерiмен" деген сөздер "заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;

      5) 5-бапта: 
      баптың атауында және мәтiнiнде "Банктiк емес қаржы мекемесi" деген сөздер "Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "жекелеген банк операцияларын" деген сөздер "осы Жарлықта көзделген жекелеген банк операцияларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 6-баптың:
      1-тармағында:
      бiрiншi азатжолындағы "Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда" деген сөздер алынып тасталсын;
      а) тармақшасындағы:
      "Депозиттер қабылдауға, сондай-ақ" деген сөздер алынып тасталсын;
      "өзге де" деген сөздер алынып тасталсын;
      в) тармақшасындағы:
      "депозиттер қабылдайтындай" деген сөздер алынып тасталсын;
      "басқа да" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      3-тармақ 2-тармақ болып есептелсiн;

      7) 7-баптың 2-тармағында:
      бiрiншi азатжолындағы "жарғылық қорлар" деген сөздер "жарғылық капитал" деген сөздермен ауыстырылсын;
      екiншi азатжолындағы "жарғылық қорларындағы" деген сөздер "(немесе олар уәкiлеттiк берген мемлекеттiк органның) жарғылық капиталындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-бап. Банктер үшiн тыйым салынған
              және шектелген қызмет

      1. Банктерге банк қызметiне жатпайтын не осы Жарлықтың 30-бабының 4-тармағында көзделмеген кәсiпкерлiк қызмет ретiндегi операциялар мен мәмiлелердi жүзеге асыруға, сондай-ақ осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгiленген реттердi қоспағанда, заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысуға тыйым салынады. 
      2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тыйым салу мына жағдайларда: 
      а) банктердiң, мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компанияларының, инвестициялық қорлардың, сақтандыру ұйымдарының, лизинг берушi ұйымдардың, сондай-ақ акциялары қор биржасында листингтен өткен заңды тұлғалардың (бiр эмитенттiң акциялары олардың жалпы санының он бес процентiнен аспайтын мөлшерде) жарғылық капиталына банктердiң қатысуына; 
      б) қаржы рыногының инфрақұрылымдық бөлiгi болып табылатын және (немесе) банк қызметiн автоматтандыруды жүзеге асыратын заңды тұлғалардың және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталына банктердiң қатысуына; 
      в) бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтi жүзеге асырушы ұйымдардың жарғылық капиталына банктердiң қатысуына; 
      г) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына осы ұйымдардың кепiл ретiнде қабылданған акциялары банктердiң оларды iске жаратуына дейiн кепiл туралы келiсiм шарттарына сәйкес банктердiң меншiгiне көшкен реттерде банктердiң қатысуына; 
      д) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы акциялар пакетiн және қатысу үлесiн (қатысушылар салымдарын) банктердiң сенiм бiлдiрiлген бақылауына; 
      е) банкроттық рәсiмдерiнде төлем қабiлетi жоқ борышкерлер мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметке қолданылмайды. 
      3. Осы баптың 2-тармағында көзделгендей заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысудан басқа банктерге мынадай қызметтер түрiмен шұғылдануға рұқсат етiледi: 
      а) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың қызметiн автоматтандыру үшiн пайдаланылатын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етудi жүзеге асыруға; 
      б) кез келген ақпарат тарату түрлерiнде банк қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi арнаулы әдебиеттердi сатуға; 
      в) өз мүлiктерiн сатуға; 
      г) заем алушының кепiлге берген мүлiктерiн осы Жарлықта және қолданылып жүрген өзге де заңдарда белгiленген тәртiппен сатуға;
      д) қаржы қызметiне байланысты мәселелер жөнiнде кеңес беру қызметiн көрсетуге;
      е) банк қызметiне байланысты мәселелер жөнiнде басқа да тұлғалардың мүддесiн бiлдiруге;
      ж) банк-қаржы қызметi саласындағы мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру жөнiндегi оқуды ұйымдастыруға";

      9) 10-баптың 3-тармағындағы "проценттiк ставкаларды" деген сөздер "сыйақы (мүдде) ставкаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 11-баптың:
      2-тармағындағы:
      "жарғылық қорының" деген сөздер "жарғылық капиталының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Еншiлес банктiң басқа еншiлес банк құруға құқығы жоқ";
      3-тармағындағы "құрылады" деген сөзден кейiн "жабылады" деген сөзбен толықтырылсын;

      11) 12-баптың:
      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Банктер жабық акционерлiк қоғамдар нысанында ұсынушыға арналған акциялар шығару құқығынсыз құрылады.
      Мемлекеттiк банктер мемлекеттiк кәсiпорындар нысанында құрылуы да мүмкiн;
      2-тармағындағы:
      "Банктi ашық үлгiдегi" деген сөздерден кейiн "ашық" деген сөзбен толықтырылсын;
      "ашық үлгiдегi" деген сөздер алынып тасталсын;
      "депозиттер қабылдауға және ақшалай нысанда кредиттер беруге" деген сөздер "банк операцияларын жүргiзуге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "лимиттердi сақтаған жағдайда" деген сөздерден кейiн "Ұлттық Банк рұқсат еткен жағдайларды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын;
      3-тармағындағы:
      "акционерлiк қоғам болып қайта құрылғаннан кейiн" деген сөздердiң алдынан "ашық" деген сөзбен толықтырылсын;
      "ашық үлгiдегi" деген сөздер алынып тасталсын;
      4-тармақ алынып тасталсын;

      12) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Ұлттық Банктiң банк ашуға рұқсат беруi

      1. Банк ашуға рұқсат беру тәртiбi мен оған рұқсат беруден бас тарту негiздерi банк заңдарында белгiленедi.
      2. Банк ашуға берiлген рұқсаттың банк операцияларын жүргiзуге банкке лицензия беру туралы Ұлттық Банк шешiм қабылдағанға дейiн заңды күшi болады. 
      Банк ашуға берiлген рұқсатты Ұлттық Банк керi қайтарып ала алады. 
      3. Банк операцияларын жүргiзуге лицензия берiлген жағдайда немесе банктiң қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған жағдайда банк ашуға берiлген рұқсатты банк Ұлттық Банкке қайтаруға тиiс. 
      4. Банк өзiне банк ашуға берiлген рұқсатты ерiктi түрде қайтаруға және заңда белгiленген тәртiппен қайта тiркелуге құқықты";

      13) 14-баптың:
      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Банк Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында заңды тұлғалар үшiн белгiленген тәртiппен, банк заңдарында белгiленген ерекшелiктер ескерiле отырып құрылады.";
      2-тармағындағы:
      бiрiншi азатжолындағы "шаруашылық серiктестiктер туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi азатжолдағы "фирмалық" деген сөз алынып тасталсын;
      3-тармағының:
      бiрiншi азатжолындағы "шаруашылық серiктестiктер туралы" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi азатжолындағы "фирмалық" деген сөз алынып тасталсын;
      үшiншi азатжол алынып тасталсын;
      төртiншi азатжолындағы "және пайдалану принциптерi" деген сөздер "түрлерi мен тәртiбi туралы мәлiметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 15-баптың 1-тармағындағы:
      бiрiншi азатжолдағы "фирмалық" деген сөз алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жаңа екiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Банктiң атауында мiндеттi түрде "банк" деген сөз немесе одан туындайтын сөз болуы тиiс";

      15) 16-баптың:
      атауындағы "жарғылық қоры" деген сөздер "жарғылық және меншiк" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Банктiң жарғылық капиталы (мемлекеттiк банктен басқа) акцияларды сату не құрылтайшылардың жарналары есебiнен құралады"; 
      2-тармағындағы "ақшалай қаражаттармен" деген сөздер "ақшамен" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Банктiң жарғылық капиталына құрылтайшылардың меншiк капиталының шегiнде олардың басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталының акцияларына орналастырылған активтерi мен қатысу үлесiн есептен шығарып тастағаннан кейiн, ақша енгiзiлуi мүмкiн."; 
      5-тармағындағы "жарғылық қорына" деген сөз "жарғылық капиталына" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "6. Банктiң өз акцияларын банкке бақылау жасау құқығы бар акционерлерден сатып алуға құқығы жоқ."; 
      7-тармағындағы "Банк капиталы" деген сөздер "Банктiң өз меншiгiндегi капиталы (бұдан әрi - Банк капиталы)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      8-тармағының: 
      бiрiншi азатжолындағы "жарғылық қорындағы" деген сөздер "жарғылық капиталындағы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы жаңа үшiншi азатжолмен толықтырылсын: 
      "Банкке талаптар қойылуы мүмкiн мiндеттемелердi орындау мерзiмi басталған жағдайда, бiрақ ол талаптар банктiң акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм қабылдағанға дейiн қойылмаса, жеке және заңды тұлғалардың депозиттерi бойынша талаптарды қоспағанда, мұндай талаптар өтелген болып есептеледi."; 

      16) 17-баптың: 

      2-тармағында:
      "жарғылық қорының" деген сөздер "жарғылық капиталының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармағының бiрiншi азатжолындағы "оның бiрде-бiр құрылтайшысы (акционерi)" деген сөздер "бiрде-бiр адам, оның құрылтайшыларын (акционерлерiн) қоса," деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 18-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi азатжолмен толықтырылсын:
      "Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының резидентi емес банктерi Қазақстан Республикасының резидент банктерi акцияларының елу проценттен астамын сатып алу жағдайларына қолданылмайды";

      18) 19-баптың:
      3-тармағында:
      б) тармақшасындағы "фирманың" деген сөз "ұйымның" деген сөзбен ауыстырылсын;
      в) тармақшасындағы "жарғылық қорына" деген сөздер "жарғылық капиталына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      г) тармақшасының бiрiншi азатжолындағы "банк емес қаржы мекемесi және үшiншi азатжолындағы", "банк емес қаржы мекемесiнiң" деген сөздер тиiсiнше "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар", "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      үшiншi азатжолындағы "фирманың" деген сөз "ұйымның" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      д) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "д) осы Жарлықта белгiленген талаптарға сәйкес банктiң басшы қызметкерлерi лауазымына тағайындау (сайлау) үшiн ұсынылатын адамдар туралы мәлiметтер"; 
      е) және ж) тармақшалары алынып тасталсын; 
      з), и), к), л), м), н) тармақшалары тиiсiнше е), ж), з), и), к), л) тармақшалары болып есептелсiн; 
      мынадай мазмұндағы жаңа азатжолмен толықтырылсын: 
      "Осы тармақтың ж), з), и) тармақшаларында көзделген құжаттарды банктiң уәкiлеттiк берiлген органдары бекiтуi тиiс"; 
      4-тармағындағы "фирманың" деген сөз "ұйымның" деген сөзбен ауыстырылсын; 

      19) 20-баптың: 
      1-тармағындағы "және олардың орынбасарлары" деген сөздер алынып тасталсын; 
      2-тармағындағы "осы баптың 3-5-тармақтарында" деген сөздер "осы бапта" деген сөзбен ауыстырылсын. "Олардың" деген сөздiң алдынан "Банктiң басшы қызметкерлерi қызметке Ұлттық Банктiң келiсiмiмен тағайындалады, сайланады" деген сөздермен толықтырылсын; 
      3 және 4-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Атқаратын қызметiне сай келмейтiн немесе банктiң басшы қызметкерi лауазымына тағайындауға болмайды деп: 
      а) заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; 
      б) банк заңдары жөнiндегi бiлiмдi жеткiлiктi игермеген; 
      в) белгiленген тәртiппен банкрот деп танылған банктi немесе басқа заңды тұлғаны ерiксiз тарату туралы шешiм қабылданғанға дейiн бiр жылдан аспайтын мерзiм iшiнде бұрын банктiң немесе басқа заңды тұлғаның бiрiншi басшысы (Басқарма төрағасы), басшысының орынбасары, бас бухгалтерi болған адамдар танылады. Осы аталған талап заңдарда белгiленген тәртiппен банктi мәжбүрлеп тарату немесе заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешiм қабылданған күнге дейiн бес жыл бойы қолданылады. 
      4. Байқаушы кеңестiң төрағасы, банк Басқармасының төрағасы және оның орынбасары лауазымына тағайындау үшiн мiндеттi түрде жоғары бiлiмi болуы тиiс. Банктiң бас бухгалтерiнiң, филиалдың бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерiнiң жұмыстың кәсiби бағдарына сай жоғары немесе арнаулы орта бiлiмi болуы тиiс."; 
      5-тармақтың: 
      бiрiншi азатжолындағы: 
      "қызметке Ұлттық Банктiң келiсiмiмен тағайындалады (сайланады) және" деген сөздер алынып тасталсын; 
      бiрiншi азатжолы "банк филиалы бiрiншi басшысының және бас бухгалтерiнiң жұмыс стажы бiр жылдан" деген сөздермен толықтырылсын; 
      екiншi азатжолдағы "Аталған" деген сөз "Басшы" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi азатжолдармен толықтырылсын: 
      "Кандидатурасы банктiң басшы қызметкерi лауазымына алыну үшiн келiсуге ұсынылған адамның қызмет мiндеттерiн нақты орындап жүргенiне қарамастан, Ұлттық Банк оның тағайындалуына, сайлануына келiсiм беруден бас тартқан жағдайда, банк Ұлттық Банктiң шешiмiн алған сәттен бастап аталған қызметкер атқарып жүрген қызметiнен 30 күннен аспайтын мерзiмде босатылуы тиiс. Осы баптың талаптарына сәйкес банк қызметкерiнiң кандидатурасын келiсу кезеңiнде қызметке жаңадан қабылданатын адамдар мiндеттерiн мерзiмдi еңбек шарты бойынша атқарады."; 

      20) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын: 

      "21-бап. Қазақстан Республикасының резидентi еместердiң
               қатысуымен банк құру үшiн қажеттi қосымша құжаттама

      1. Банктiң құрылтайшысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидентi емес - заңды немесе жеке тұлға, осы Жарлықтың 19-бабында көрсетiлген құжаттардан басқа, банк ашуға рұқсат беру туралы өтiнiшiне, тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының (резидент емес банктер үшiн - банктiк қадағалау органының) осы тұлғаға Қазақстан Республикасының резидентi - банктiң жарғылық капиталына қатысуға рұқсат берiлгенi туралы жазбаша хабарламасын не тиiстi мемлекеттiң уәкiлеттi органының (резидент емес банктер үшiн - банктiк қадағалау органының) мемлекеттiң заңдары бойынша аталған құрылтайшыдан мұндай рұқсат талап етiлмейтiндiгi туралы мәлiмдемесiн қоса тiркеуге мiндеттi. 
      2. Банктiң құрылтайшысы не қатысушысы болып табылатын, банкке бақылау жасау құқығын берудi өтiнушi резидент емес-заңды тұлға 19-бапта және осы баптың 1-тармағында көрсетiлген құжаттардан басқа мына құжаттарды табыс етуге мiндеттi: 
      а) құрылтайшы-заңды тұлғаның тиiстi органының Қазақстан Республикасының резидент-банкiне өзiнiң қатысуы туралы шешiмi; 
      б) Осы Жарлықтың 19-бабының 4-тармағының талаптарына сәйкес заңды тұлғаның аудиторлық ұйым (аудитор) куәландырған соңғы үш қаржылық (операциялық) жылындағы тиiстi дәрежеде ресiмделген (жинақталған баланс пен пайда және шығын туралы есептi қоса) жылдық есебi. 
      3. Банк құрылтайшысы не қатысушысы болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент емес банкi 19-бапта және осы баптың 1-2-тармақтарында көрсетiлген құжаттардан басқа мынадай құжаттар беруге мiндеттi: 
      а) тиiстi мемлекеттiң банктiк қадағалау органының банктiк банк қызметiн жүзеге асыруға арналған күшiндегi лицензиясы бар екенiн жазбаша растауы; 
      б) тиiстi мемлекеттiң банктiк қадағалау органының банктiң бiрiккен негiзiнде қадағалауға жататындығын жазбаша растауы"; 

      21) 22-баптың: 
      1-тармағында: 
      а) тармақшасындағы "қоры" және "қорының" деген сөздер тиiсiнше "капиталы" және "капиталының" сөздерiмен ауыстырылсын; 
      в) тармақшасының екiншi, үшiншi, төртiншi, бесiншi және алтыншы азатжолдары осы тармақшаның екiншi азатжолы болып есептелiп, мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Iшкi активтердiң тiзбесiн Ұлттық Банк белгiлейдi"; 
      2-тармағындағы "пруденциалдық нормативтер" деген сөздердiң алдынан "сақталуға мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердiң" деген сөздермен толықтырылсын;

      22) 23-баптың 1-тармағындағы: 
      "алты" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      "тоғыз" деген сөз "алты" сөзiмен ауыстырылсын;

      23) 24-баптың 1-тармағының "в" тармақшасындағы "жарғылық қоры" деген сөздер "жарғылық капиталы" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      24) 25-баптың бiрiншi бөлiгi "және оның құрылтай құжаттары Ұлттық Банкпен келiсiлгендiгiн растайтын деректер" деген сөздермен толықтырылсын;

      25) 26-баптың: 
      1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi азатжолмен толықтырылсын: 
      "Лицензия берiлгенi үшiн алым алынады, оның мөлшерi мен төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi"; 
      2-тармақтың "б" тармақшасындағы "жарғылық қорға" деген сөздер "жарғылық капиталға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      8-тармағындағы "Ұлттық Банк республикалық екi газетте" деген сөздер "Ұлттық Банктiң ресми басылымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: 
      "9. Банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияның тиiстi дәрежеде куәландырылған көшiрмесi банк клиенттерi көруiне оңтайлы жерге орналастырылуы тиiс";

      26) 28-баптың: 
      1-тармағындағы "Банктiң құрылтай құжаттарына енгiзiлетiн" деген сөздерден кейiн "оның iшiнде" деген сөздермен толықтырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын: 
      "3. Банктi банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйым ретiнде ерiктi түрде қайта құру шарты, негiзi және тәртiбi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi";

      27) 29-бапта: 
      баптың атауындағы "құру" деген сөзден кейiн "жабу" деген сөзбен толықтырылсын; 
      1-тармақтың екiншi азатжолындағы "жарғылық қоры" деген сөздер алынып тасталсын; 
      3-тармақтың б) тармақшасындағы "19-бабы 3-тармағының 
ж) тармақшасының" деген сөздер "19-бабы 3-тармағының және 20-бабы 3-5-тармақтарының" сөздерiмен ауыстырылсын; 
      5-тармағының: 
      а) тармақшасындағы "осы Жарлықтың" деген сөзден кейiн "19-бабының 3-тармағында және" сөздерiмен толықтырылсын; 
      в) тармақшасы "нормативтердi" деген сөзден кейiн "және (немесе) өзге де сақталуға мiндеттi нормалар мен лимиттердiң" сөздерiмен толықтырылсын; 
      г) тармақшасы "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын; 
      7-тармақтың г) тармақшасындағы "фирма" деген сөз "ұйым" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын: 
      "8. Банктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн жабу қолданылып жүрген заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 
      Банк филиалын жатқан кездегi есептiк тiркеу деректерiне өзгертулер Ұлттық Банкпен алдын ала келiсiлгеннен кейiн әдiлет органдарына табыс етiледi";

      28) 30-бапта: 
      2-тармағының: 
      в) тармақшасындағы "банк емес қаржы мекемелерiнiң" деген сөздер "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      г) тармақшасындағы: 
      "айырбастау" деген сөзден кейiн "сұрыптау" деген сөзбен толықтырылсын; 
      д) тармақшасындағы "ақшалай қаражатын" деген сөздер "ақшасын" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      з) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "з) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсырмасымен олардың банктiк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру;";
      и) тармақшасындағы "ақшалай қаражатты" деген сөздер "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын;
      к) тармақшасы "клиринг" деген сөзден кейiн "(есеп айырысу)" деген сөзбен толықтырылсын;
      н), о) тармақшалары алынып тасталсын;
      п), р), с) тармақшалары тиiсiнше н), о), п) тармақшалары болып есептелсiн;
      соңғы азатжолы алынып тасталсын;
      3-тармақтың:
      а) тармақшасындағы:
      "бағалы металдарды" деген сөздердiң алдынан "тазартылған" деген сөзбен толықтырылсын;
      "ұсақталған, ұнтақ, кристалл" деген сөздер алынып тасталсын;
      б) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "б) депозиттiк сертификаттар шығару";
      д) тармақшасындағы "(акциялар, облигациялар, вексельдер мен депозиттiк сертификаттар)" деген сөздер "(акцияларды қоспағанда)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4. Банктер бағалы қағаздар рыногында кәсiби қызметтiң мынадай:
      а) мемлекеттiк бағалы қағаздармен делдалдық;
      б) мемлекеттiк бағалы қағаздармен-дилерлiк;
      в) кастодиалдық;
      г) клирингтiк түрлерiн жүзеге асыруға құқылы.

      Банктердiң бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтiң жоғарыда аталған бiр немесе бiрнеше бiрлескен түрлерiн жүзеге асыруына лицензияларды Ұлттық Банктiң келiсiмiмен уәкiлеттi орган бередi."; 
      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын: 
      "5. Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнде банктiк болып табылмайтын қызметтiң жекелеген түрлерiне банктердiң лицензия алуымен байланысты олар үшiн, сондай-ақ осы Жарлыққа сәйкес ұйымдардың жарғылық капиталына қатысушы банктер үшiн қосымша талаптар белгiленуi мүмкiн."; 

      29) 31-баптың 2-тармағында: 
      бiрiншi азатжолдағы "жалпы шарттарын" деген сөздер "жалпы шарттары туралы ережелерiн" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "б" тармақшасындағы "проценттiк ставканың" деген сөздер "сыйақы (мүдде) ставкасының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "в" тармақшасындағы "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      30) 32-баптың 2-тармағындағы "жалпы шарттары" деген сөздер "жалпы шарттар туралы ережесi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31) 33-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Банк клиенттерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кредитор-банктi хабардар ете отырып, басқа банктерде банктiк шоттар ашуға құқылы";

      32) 34-бапта:
      баптың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "34-бап. Несие операциясы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Несие операциясы дегенiмiз банктiң басқа тұлғаларға қайтарымдылық және ақы төлеу шартымен ақша беруi болып табылады.";
      2-тармақтағы "бекiтетiн iшкi кредит саясатына" деген сөздер "бекiтетiн iшкi кредит саясаты туралы ережеге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      33) 36-баптың үшiншi азатжолындағы "ақшалай қаражатынан" деген сөздер "ақшасынан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34) 37-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "37-бап. Талап қою және қуынымның ескiру мерзiмi

      Банктердiң кредит шарттарын тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн  қарыз алушыларға қойған талаптарына талап қою мен қуынымның ескiру мерзiмi қолданылмайды".

      35) 38-бапта:
      "ақшалай қаражаттар", "ақшалай қаражаттардың" деген сөздер "ақша", "ақшаның" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "шығарып тастауға" деген сөздер "алып қоюға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      36) 39-баптағы "проценттер" деген сөз "сыйақылар (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      37) 40-бапта:

      2-тармақтың үшiншi азатжолындағы "проценттер" деген сөз "сыйақылар (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақтың "б" тармақшасындағы "жеке" деген сөзден кейiн "немесе заңды" деген сөздермен толықтырылсын;

      38) 41-баптың үшiншi азатжолындағы "нұсқаулықтар мен басқа да нормативтiк" деген сөздер "нормативтiк құқықтық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      39) 42-бапта: 
      1-тармақтың: 
      екiншi азатжолындағы "жарғылық қорының" деген сөз "жарғылық капиталының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      үшiншi азатжолындағы "өз қаражаты" деген сөздер "өз капиталы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      жетiншi азатжолындағы "нормативтер" деген сөзден кейiн "және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттер" деген сөздермен толықтырылсын; 
      сегiзiншi азатжолындағы "нормативтердi" деген сөзден кейiн "және (немесе) өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi" деген сөздермен толықтырылсын; 
      3-тармақтағы "нормативтердi" деген сөзден кейiн "және өзге де орындалуы мiндеттi нормалар мен лимиттердi" деген сөздермен толықтырылсын;

      40) 45-баптың үшiншi азатжолындағы "провизия" деген сөзден кейiн "(резервтер)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      41) 45-баптың үшiншi азатжолындағы "жарғылық қорды" деген сөздер "жарғылық капиталды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      42) 46-баптың: 
      1-тармағындағы: 
      "нұсқаулықтар мен басқа да нормативтiк" деген сөздер "нормативтiк құқықтық" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      "мынадай" деген сөзден кейiн "шектеулi" деген сөзбен толықтырылсын; 
      7-тармақтағы "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;

      43) 47-бапта: 
      2-тармағының: 
      а) тармақшасындағы "заңдарында" деген сөз "заң актiлерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы е) тармақшасымен толықтырылсын: 
      "е) төраға мен Байқаушы кеңестiң мүшелерiнен басқа, осы Жарлықтың 20-бабында көрсетiлген адамдарды осы мәселенi банктiң тиiстi органы қарағанға дейiн, банктiң аталған басшы қызметкерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекетiнiң қолданылып жүрген заң талаптарына сай келмейтiнiн тануға жеткiлiктi мәлiметтер негiзiнде лауазымды мiндеттерiн атқарудан шеттету"; 
      мынадай мазмұндағы 4-8-тармақтармен толықтырылсын: 
      "4. Банк операцияларын жүргiзуге арналған барлық лицензиялардың күшiн жою, қызметтiң басқа түрлерi бойынша лицензияларға берген келiсiмiн Ұлттық Банктiң қайтып алуына және олардың орындалуын лицензияны берген орган (органдар) тиiстi шешiм қабылдағанға дейiн тоқтата тұруға әкелiп соқтырады. 
      5. Ұлттық Банктiң банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясының (лицензияларының) күшiн жою туралы шешiмi оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi. 
      6. Ұттық Банк банк операцияларын жүргiзуге арналған банк лицензиясының (лицензияларының) күшiн жойғаннан кейiн банктiң уақытша әкiмшiлiгiн (уақытша әкiмiн) тағайындайды, оған барлық басқару органының өкiлеттiгi көшедi. 
      Банктiң бұрынғы iс-әрекет етушi органдарының өкiлеттiгi тоқтатылады. 
      7. Ұттық Банк банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияның күшi жойылғаннан кейiн 10 күн мерзiм iшiнде белгiленген заң тәртiбiмен сотқа банк қызметiн мәжбүрлеп тоқтату (тарату) туралы өтiнiш бередi. 
      Ұлттық Банктiң қабылдаған шешiмi туралы ақпаратты Ұлттық Банк республикалық екi газетте жариялайды. 
      8. Банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензияның күшiн жою туралы Ұлттық Банктiң шешiмiне банктiң атынан тек оның акционерлерi ғана шағымдануға құқылы. Аталған шешiмге сот тәртiбiмен 10 күн мерзiм iшiнде шағымдануға болады.";

      44) 48-бапта: 
      1-тармағының: 
      г) тармақшасындағы "және" деген сөз "және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      з) тармақшасындағы "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын; 
      мынадай мазмұндағы и), к), л) тармақшаларымен толықтырылсын: 
      "и) осы Жарлықтың 8-бабындағы шарттарға сәйкес банктер үшiн тыйым салынған және шектелген қызметтердi жүзеге асыру; 
      к) осы Жарлықпен, банк жарғысымен және банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиямен (лармен) белгiленген өзiнiң құқықтық қабiлетi шегiнен шығып кететiн банк операцияларын жүзеге асыру; 
      л) банк қызметiн тоқтату туралы соттың шешiм қабылдауы";

      45) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын: 

      "48-1-бап. Банктiң құжаттары мен мүлкiн беру 

      1. Банк операцияларын жүргiзуге арналған лицензиясының күшi жойылған банктiң банктiк немесе өзге де қызметтi жүзеге асыруына құқығы жоқ, банктi ұстап тұруға арналған ағымдағы шығындарға және банкке келiп түсетiн ақшаны қабылдауға байланысты жағдайларды қоспағанда, өзiнде бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатуға мiндеттi. 
      2. Банктiң жұмыс тәртiбi, оған уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) тағайындалуы, сондай-ақ уақытша әкiмшiлiктiң (уақытша әкiмнiң) өкiлеттiгi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 
      3. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) банк қызметiн тоқтату туралы Ұлттық Банктiң өтiнiшiмен сот iс қозғағанға дейiнгi кезеңде өз қызметiн жүзеге асырады. 
      4. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) есебi Ұлттық Банкке және банктiң қызметiн тоқтату туралы Ұлттық Банктiң мәлiмдемесi жолданған сотқа берiледi. 
      5. Сот Ұлттық Банктiң өтiнiшiмен iс қозғаған күннен бастап банкке банктiң iсiн және мүлкiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк берiлетiн арнайы басқарушыны (басқару жөнiндегi уәкiлдiк берiлген адамдарды) тағайындайды. 
      Лицензиясының күшi жойылған Ұлттық банк қызметкерлерi, сондай-ақ банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиясының күшi жойылған банк қызметкерлерi және олардың жақын туысқандары банктiң арнайы басқарушылары (басқару жөнiндегi уәкiлдерi болып тағайындала алмайды). 
      6. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) өз өкiлеттiгiн доғарады және банктiң құжаттары мен мүлкiн банктi арнайы басқарушыға (басқару жөнiндегi уәкiлдiк берiлген адамдарға) 10 күн мерзiмнен кешiктiрмей өткiзiп бередi. 
      7. Банктiң уақытша әкiмшiлігiнен (уақытша әкiмiнен) банктiң құжаттары мен мүлкiн арнайы басқарушының (басқару жөнiндегi уәкiлдiк берiлген адамдардың) қабылдау-өткiзуi актiмен ресiмделедi, ол 4 дана етiп жасалады және оны сот бекiтедi. Сот бекiткен актiнiң бiр данасы Ұлттық Банкке жiберiледi. 
      8. Банктiң уақытша әкiмшiлiгi (уақытша әкiмi) мен арнайы басқарушысының (басқару жөнiндегi уәкiлдiк берiлген адамдардың) өз қызметi кезеңi iшiнде осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, шығыс операцияларын жүзеге асыруға және бұрын банк жасасқан келiсiм шарттарды өзгертуге құқығы жоқ. 
      9. Банктiң уақытша әкiмшiлiгiнiң (уақытша әкiмiнiң) құрамына қосылған Ұлттық Банк қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жағдайларын қоспағанда, Ұлттық Банктiң банктердiң мәжбүрлеп қайта ұйымдастырылуы мен таратылуы бойынша шығындарды қаржыландыруына жол берiлмейдi.

      46) 49-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "49-бап. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алудың
               негiздерi мен тәртiбi

      1. Банк ашуға берiлген рұқсатты Ұлттық Банк:
      а) банк қайта құру немесе тарату арқылы өз қызметiн ерiктi түрде тоқтататыны туралы шешiм қабылдаған;
      б) банк қызметiн тоқтату туралы сот шешiм қабылдаған;
      в) банк ретiнде тiркелген заңды тұлғаның қызметiнде осы баптың 2-тармағында көзделген жолсыздықтар анықталған жағдайда қайтарып алуға құқылы. 
      2. Заңды тұлғаға банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алуды Ұлттық Банк мынадай негiздердiң кез келгенi бойынша жүргiзедi: 
      а) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде рұқсат беруге негiз болған мәлiметтердiң дұрыс еместiгiн анықтау; 
      б) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап бiр жыл iшiнде банк операцияларын жүргiзуге лицензия алмауы; 
      в) заңды тұлғаның банк ретiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бiр жыл iшiнде жарияланған жарғылық капиталын төлемеуi;
      г) банк ретiнде тiркелген заңды тұлға үшiн банк заңдарында көзделген қызмет шарттарын бұзуы.
      3. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы шешiмдi Ұлттық Банктiң Басқармасы қабылдайды.
      4. Банк ашуға берiлген рұқсатты қайтарып алу туралы Ұлттық Банк Басқармасының шешiмi заңды тұлғаның қызметiн қайта тiркеуге немесе тоқтатуға негiз болып табылады.";

      47) 50-баптың:
      1 тармағындағы "ақшалай қаражаттың" деген сөздер "ақшаның" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтағы "4-8" сандары "4-9" сандарымен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "5-8" сандары "5-9" сандарымен ауыстырылсын;
      6-тармақта:
      бiрiншi азатжолдағы "шоттарындағы ақшалай қаражаттың" деген сөздер "банк шоттарындағы ақшаларының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      а) тармақшасындағы "iстер" деген сөздiң алдынан "қылмыстық" деген сөзбен толықтырылсын; 
      в) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "в) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;"; 
      г) тармақшасындағы "сыртқы экономикалық қызметтi жүргiзу кезiнде" деген сөздер "клиенттердiң экспорттық және (немесе) импорттық операциялары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      7-тармақтың: 
      бiрiншi азатжолындағы "ақшалай қаражаттың" деген сөздер "ақшаның" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      б), в) тармақшаларындағы "ақшалай қаражаты" деген сөздер "ақшасы" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      г) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "г) прокурорға: тексеру жүргiзу туралы қаулының негiзiнде, өз құзыретi шегiнде, өз қарауындағы материалдар бойынша;"; 
      д) тармақшасындағы "сыртқы экономикалық қызметтi жүргiзу кезiнде" деген сөздер "клиенттердiң экспорттық және (немесе) импорттық операциялары бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      8-тармақтың бiрiншi азатжолындағы "ақшалай қаражаттың" деген сөздер "ақшаның" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын: 
      "9. Салық салуға байланысты мәселелер бойынша банк құпиясы бар ақпарат салық органдарына Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес берiледi."; 

      48) 51-бапта: 
      баптың атауындағы "ақшалай қаражат пен", және мәтiнiндегi "ақшалай қаражаты" деген сөздер тиiсінше "ақша мен", "ақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      1-тармағында "есеп айырысу және басқа" деген сөздер "банктiк" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      2-тармақ: "банкте жатқан" деген сөздерден кейiн "жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерiнен басқа" деген сөздермен толықтырылсын; 

      49) 52-баптағы: 
      "құқылы" деген сөзден кейiн "ал қолданылып жүрген заңдарда тiкелей қарастырылған жағдайда - мiндеттi" деген сөздермен толықтырылсын; 
      "банкрот болған немесе" деген сөздер алынып тасталсын; 
      мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi бөлiктермен толықтырылсын: 
      "Ұлттық Банк депозиттердi мiндеттi түрде ұжымдық сақтандыру жағдайлары мен оны iске асыру тетiгiн белгiлеуге құқылы.
      Ұлттық Банк депозиттердi ұжымдық сақтандыруды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметiне қосымша талаптар белгiлеуге құқылы";

      50) 54-баптың 1-тармағындағы:
      "Банктердегi бухгалтерлiк есепке алудың әдiстемесi мен ережесiн... тiзбесiн" деген сөздер "тiзбесiн" деген сөзбен ауыстырылсын;
      тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi азатжолдармен толықтырылсын:
      "Банктер өздерi жүргiзетiн операцияларды есепке алуды бекiтiлген бухгалтерлiк есеп стандарттарында белгiленген тәртiпке сәйкес жүзеге асырады.
      Банктiң бухгалтерлiк есеп саясатын оның Байқаушы кеңесi айқындайды.";

      51) 55-баптағы:
      "фирма" деген сөз "ұйым" деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      "Банктер тоқсан сайын Ұлттық Банк белгiлеген нысан бойынша және мерзiмде балансын, пайдасы мен шығыны туралы есебiн, олардың аудиторлық мақұлдауынсыз-ақ жариялап отырады.";

      52) 57-баптың:
      1, 4 және 5-тармақтарындағы "фирма" деген сөздер "ұйым" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3-тармақтың:
      бiрiншi азатжолындағы "мына тұрғыда" деген сөздер "мыналарды анықтау мақсатында" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi азатжолы "нормативтiк" деген сөзден кейiн "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;

      53) 58-баптағы:
      "Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      "3. Банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзуге құқық беретiн лицензияны Ұлттық Банк өзiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес бередi.";

      54) 59-баптағы:
      баптың атауы "жою" деген сөзден кейiн "тоқтату" деген сөзбен толықтырылсын;
      мәтiндегi "фирманың", "фирма" және "фирмада" деген сөздер тиiсiнше "ұйымның", "ұйым" және "ұйымға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      1-тармақтың б) тармақшасындағы "өзiнiң, жұбайы (зайыбы)" деген сөздер алынып тасталсын; 
      2-тармақтың: 
      бiрiншi азатжолындағы "жояды" деген сөзден кейiн "тоқтатады" деген сөзбен толықтырылсын; 
      в) тармақшасындағы "табыс етпесе" деген сөздiң алдынан "аудиторлық тексеру туралы есеп пен ақпаратты" деген сөздер жазылсын;
      г) тармақшасындағы "1-тармақтың г)" деген сөздер "2-тармақтың б)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы е) және ж) тармақшаларымен толықтырылсын:
      "е) аудиторлық ұйымның (аудитордың) аудиторлық қызметпен айналысу құқығын жою туралы уәкiлдi органның шешiмi бар болса;
      ж) банк қызметiне аудиторлық тексеру жүргiзуге құқық беретiн лицензия берiлген күннен бастап бiр жыл iшiнде оның негiзiнде берiлген мәлiметтердiң күмәндi екенi анықталса.";

      55) II бөлiмнiң атауы "тоқтату" деген сөзден кейiн "ерекшелiктерiнiң" деген сөзбен толықтырылсын;

      56) 7-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Банктердi ерiктi түрде қайта құру";

      57) 60-бапта:
      баптың атауындағы "қайта құрудың жалпы шарттары" деген сөздердiң алдына "ерiктi түрде" деген сөздер жазылсын;
      1-тармақтағы "қайта құру" деген сөздер "ерiктi түрде қайта құру" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2, 3 және 4-тармақтардағы "қайта құрудың", "қайта құру" деген сөздер "ерiктi түрде қайта құруды", "ерiктi қайта құру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      58) 61-баптың атауындағы және мәтiнiндегi "қайта құруға" деген сөздер "ерiктi түрде қайта құруға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      59) 62-баптың 2-тармағындағы а), б) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      "а) өз капиталының жеткiлiктiлiгi коэффициентiнiң ұдайы (қатарынан 3 ай орындалмауы)";
      б) осы Жарлықтың 48-бабында көзделген негiздер бойынша.";

      60) 63-баптың 3-тармағындағы "нормативтiң" деген сөз "құқық" деген сөзбен толықтырылсын;

      61) 64-баптың 1-тармағының а) тармақшасындағы "мекен-жайы" деген сөздер "орналасқан жерi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      62) 66-баптың 2-тармағындағы "нормативтiк" деген сөз "құқықтық" деген сөзбен толықтырылсын;

      63) 67-баптың 3-тармағындағы "банктi ерiксiз таратуды жүзеге асыруға" деген сөздер "банк заңдарында көзделген негiзде банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияны жоюға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      64) 9-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. Банктердi тарату және ерiксiз қайта құру

      68-бап. Банктердi тарату түрлерi мен негiздерi

      1. Банк:
      а) Ұлттық Банктiң рұқсаты болған жағдайда (ерiктi тарату), оның акционерлерiнiң шешiмi бойынша;
      б) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген реттерде (ерiксiз тарату) соттың шешiмi бойынша;
      в) мемлекеттiк банктерге қатысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша таратылуы мүмкiн.
      2. Банктердiң қызметiн тоқтату банкроттық туралы заңдардың және осы Жарлықтың талаптарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады. 

      69-бап. Ерiктi тарату 

      1. Банк акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi негiзiнде өзiн ерiктi түрде таратуға рұқсат беру туралы Ұлттық Банкке өтiнiш жасауға құқылы. 
      Өтiнiшке банктiң қызметiн тоқтату мерзiмi және оған әзiрлiк кезеңдерi туралы акционерлердiң жалпы жиналысы бекiткен шаралар тiзбесi, банк мiндеттемелерi бойынша оның есеп айырысуларының жүзеге асырылуы үшiн банк қаражатының жеткiлiктiлiгiн дәлелдейтiн баланстың есеп және басқа қажеттi мәлiметтер қоса тiркелуi тиiс. Қажеттi мәлiметтер тiзбесi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 
      2. Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат алу туралы өтiнiшiн Ұлттық Банк тиiстi түрде ресiмделген құжаттарды қабылдаған күннен бастап екi ай iшiнде қарауға тиiс. 
      Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат беруден бас тартқан жағдайда Ұлттық Банк бұл туралы дәлелдi шешiм қабылдап, банкке хабарлайды. 
      3. Банктiң ерiктi түрде тарауына рұқсат беру туралы шешiмдi Ұлттық Банк басқармасы қабылдайды. 
      4. Ерiктi түрде тарауға Ұлттық Банктен рұқсат алған жағдайда банк тарату комиссиясын құрады, оған банктiң мүлкi мен iсiн басқару жөнiндегi өкiлеттiк ауысады. 
      Ерiктi түрде таратылатын банктердiң тарату комиссиялары қызметiнiң ерекшелiктерi Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi. 
      5. Ерiктi түрде тарауға рұқсат алғаннан кейiн банк бұл туралы ақпаратты әдiлет орталық органының ресми басылымдарында жариялауға тиiс.
      6. Тарату комиссиясы банктi тарату туралы баланс пен есептi бекiткеннен кейiн жетi күн мерзiмде оны Әдiлет министрлiгi мен Ұлттық Банкке табыс етуге мiндеттi.
      7. Барлық кредиторлардың талаптарын қанағаттандыруға қаржысы жеткiлiксiз болған жағдайда, банк банкроттық туралы заңдарда көзделген тәртiппен ерiксiз түрде таратылуы тиiс.

      70-бап. Банктердi ерiксiз тарату түрлерi

      1. Банктердi ерiксiз таратуды сот:
      а) банк банкроттығына;
      б) банк заңдарында көзделген негiздер бойынша банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензияларды жоюға;
      в) банк заңдарында көздеген басқа негiздер бойынша банк қызметiн тоқтату туралы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың, заңды немесе жеке тұлғалардың өтiнiшiне (қуынымына) байланысты жүргiзедi. 

      71-бап. Банктi банкрот деп тану 

      1. Банктiң төлем төлеуге қабiлетсiздiгi мен дәрменсiздiгi Ұлттық Банктiң сотқа берген банк капиталының мөлшерiн, пруденциалдық нормативтердiң (және мiндеттi сақталуға тиiстi өзге нормалар мен лимиттердiң) есеп айырысу әдiстемелерiн ескере отырып жасаған қорытындысына анықталады. 
      2. Банктiң белгiленген тәртiп бойынша сот шешiмiмен ғана банкрот деп танылуы мүмкiн. Дәрменсiз банктi оның кредиторлары мен банктiң өз шешiмi бойынша таратудың соттан тыс рәсiмiне жол берiлмейдi. 
      3. Тараптардың банктiң банкроттығы туралы iс бойынша тату келiсiм жасауларына мүмкiндiк берiлмейдi. 

      72-бап. Өзге негiздер бойынша банктi тарату 

      1. Банктердi ерiксiз тарату уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органның, заңды немесе жеке тұлғаның өтiнiшi (қуынымы) бойынша (банк операцияларын жүргiзуге берiлген банк лицензияларын жою туралы Ұлттық Банктiң шешiмi жоқ болған жағдайда) сот iс қозғаған жағдайларда осы Жарлыққа сәйкес жүргiзiледi. 
      2. Банктi ерiксiз тарату туралы шешiмдi сот Ұлттық банкке жiбередi. 
      Осы Жарлықтың 70 бабының в) тармақшасында көзделген негiзде қозғалған iс бойынша банктi ерiксiз тарату туралы сот шешiм қабылдаған күннен бастап банктiң банк операцияларын жүргiзуге берiлген лицензиялардың Ұлттық Банк жояды. 

      73-бап. Ерiксiз таратуды жүргiзудiң шарттары мен тәртiбi 

      1. Банктi арнайы басқарушы (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдарды) ретiнде сот тағайындаған адамды(дарды) банктi тарату комиссиясының құрамына соттың енгiзуi мүмкiн. 
      Банктi арнайы басқарушысының (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдардың) орындаған жұмысы туралы есептi сот бекiтедi. 
      Банктi тарату комиссиясының банктi арнайы басқарушыдан (басқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардан) банк құжаттары мен мүлкiн қабылдап алу-өткiзу актiсiн сот бекiтедi. 
      2. Банктi таратумен байланысты барлық шығыстар сол банктiң қаражаты есебiнен ғана жүргiзiледi. 
      3. Банк мүлкiн бағалауды тарату комиссиясы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзедi. 
      4. Таратылған банктiң кредиторларының тiзiлiмiн сот бекiтедi. 
      5. Таратылған банктiң мүлкiн сатуды банктi тарату комиссиясы сот бекiткен тәртiппен жүргiзедi. 
      6. Банктi тарату комиссиясының қызметiне бақылау жасауды оны тағайындаған сот жүзеге асырады. 
      7. Тарату комиссиясы жасаған банктi тарату және тарату балансы туралы есептi сот бекiтедi және оны Әдiлет министрлiгi мен Ұлттық Банкке жiбередi. 

      74-бап. Ерiксiз таратылатын банктiң тарату комиссиясы 

      1. Банктi тарату туралы, оның iшiнде оның банкроттығын негiздеу жөнiнде шешiм қабылданғаннан кейiн сот құрамында төраға мен комиссия мүшелерi бар тарату комиссиясын тағайындайды. 
      Банктi тарату комиссиясы банк iстерiн аяқтау және оның кредиторларымен есеп айырысуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданады. 
      2. Банктi банкрот деп таныған жағдайда оны тарату осы Жарлықта қарастырылған ерекшелiктердi ескере отырып, банкроттық туралы заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. 
      Заң актiлерiнде көзделген басқа негiздер бойынша таратылатын банктiң тарату комиссиясы өз қызметiнде таратылатын банктер үшiн осы Жарлықта, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарда белгiленген жалпы ережелердi басшылыққа алады. 
      3. Ұлттық банк қызметкерлерiнiң банктi тарату комиссиясының құрамында болуына құқығы жоқ. 

      74-1-бап. Банктердi тарату кезiндегi тарату, конкурстық 
                массасын қалыптастыру ерекшелiктерi 

      1. Банктiң тарату, конкурстық массасы осы Жарлықта белгiленген ерекшелiктердi ескере отырып, қолданылып жүрген заңдарда айқындалған тәртiппен қалыптасады. 
      2. Кастодиан-банктi таратқанда тарату, конкурстық массасына мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының меншiк капиталының қаржыларын қоспағанда, мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерi қосылмайды және мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының өтiнiшi бойынша басқа банкке аударылады. 

      74-2-бап. Ерiксiз түрде таратылатын банк кредиторларының 
                талаптарын қанағаттандырудың кезектiлiгi 

      1. Ерiксiз таратылатын банк кредиторларының, оның iшiнде оның банкроттығымен байланысты талаптары осы бапта белгiленген тәртiппен қанағаттандырылады. 
      2. Тарату өндiрiсiмен байланысты шығыстар, оның iшiнде банктiң тарату комиссиясының қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ таратылатын банктiң негiзгi қызметтерiн қамтамасыз ету қажеттiгiнен туындайтын шығыстар кезектен тыс және тұрақты төленiп отырады. 
      3. Белгiленген тәртiппен танылған кредиторлардың талаптары мынадай кезектiлiкпен қанағаттандырылуға тиіс: 
      а) бiрiншi кезекте азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн жауап бере отырып, таратылатын банк олардың талаптарын тиiстi мерзiмдiк төлемдердi капитализациялау жолымен қанағаттандырады; 
      б) екiншi кезекте еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдардың еңбекақысын төлеу жөнiнде және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөнiнде есеп айырысулар жүргiзiледi; 
      в) үшiншi кезекте депозиттер және ақша аудару жөнiнде жеке тұлғалардың талаптары қанағаттандырылады; 
      г) төртiншi кезекте тек қана қайырымдылық қызметiмен айналысатын коммерциялық емес ұйымдармен, Ұлы Отан соғысы ардагерлерi ұйымдарымен және оған теңестiрiлген адамдардың ұйымдарымен, Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң ерiктi қоғамымен, Қазақ зағиптар қоғамымен, Қазақ саңыраулар қоғамымен, осы заңды тұлғалардың меншiгi болып табылатын және олардың қаржысының есебiнен құрылған өндiрiстiк ұйымдармен, олардың банктiк шоттарында бар және депозитке орналастырылған қаржысы бойынша басқа да мүгедектердiң ұйымдарымен есеп айырысулар жүзеге асырылады; 
      д) бесiншi кезекте таратылатын банктiң мүлкiн кепiлге алумен қамтамасыз етiлген мiндеттемелер бойынша кредиторлардың талаптары қанағаттандырылады;
      е) алтыншы кезекте бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдер бойынша қарыздар өтеледi;
      ж) жетiншi кезекте заңды тұлғалардың банк шоттарында бар өз қаржылары бойынша талаптары қанағаттандырылады;
      з) сегiзiншi кезекте банкаралық кредиттер бойынша банктермен және таратылатын банктiң мүлкiн кепiлге алумен қамтамасыз етiлмеген депозит салымдары бойынша заңды тұлғалармен есеп айырысу жүзеге асырылады;
      и) тоғызыншы кезекте басқа кредиторлармен есеп айырысулар заң актiлерiне сәйкес жүргiзiледi.

      74-3-бап. Банктi ерiксiз қайта құру.
                Оңалту рәсiмдерi

      1. Банктi ерiксiз қайта құру қолданылып жүрген заңдарға сәйкес соттың шешiмiмен, осы Жарлықта көзделген ерекшелiктердi ескере отырып жүргiзiледi. 
      2. Сот банктi ерiксiз қайта құру не банкке қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу туралы мәселенi Ұлттық Банктiң тиiстi қорытындысы негiзiнде ғана шешуге құқылы. 
      Банктi ерiксiз қайта құруды жүргiзудiң, оңалту рәсiмдерiнiң мiндеттi шарты банктiң өзiнде бар барлық депозиттердi мүдделi адамдарға ерiксiз қайта құру туралы шешiм қабылдаған күннен бастап бiр жылдың iшiнде қайтаруы болып табылады. 
      Осы шартты орындамау банктi ерiксiз таратуға әкеп соғады.
      3. Сот банктi ерiксiз тарату туралы шешiм қабылдаған жағдайда (iс қозғау негiзiне қарамастан), оны жүргiзу банктiң сот бекiткен арнайы басқарушысына (басқару жөнiнде уәкiлеттiк берiлген адамдарға) тапсырылады. 
      Банктiң арнайы басқарушысы (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдар) сот пен банк кредиторларына өз қызметi туралы ай сайын хабарлап тұруға мiндеттi. 
      4. Банктi қайта құруға қатысушы үшiншi адам банктiң басқа коммерциялық ұйымға қосылуына немесе бiрiгуiне байланысты арнайы басқарушыға (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдарға) оның (олардың) қаржылық әлеуетiн және банктi қайта құрудың мақсатқа сай екенiн негiздейтiн қажеттi құжаттарды (деректердi) беруге мiндеттi. 
      5. Банктi ерiксiз қайта құру сот белгiлеген тәртiппен және ол бекiткен кесте мен шаралар жоспарларына сәйкес жүргiзiледi. 
      6. Банктiң арнайы басқарушысының (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдардың) банктi ерiксiз қайта құрудың аяқталғаны туралы есебiн сот бекiтедi. 
      7. Аталған сот рәсiмдерi шеңберiнде банктi қайта құру жүргiзiлгенiн растайтын ресми құжат күшiне енгеннен кейiн 5 күн мерзiм iшiнде банктiң құқықтық мұрагерi болып табылатын ұйым екi республикалық газетте қажеттi ақпараттың жариялануын қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      8. Банктi ерiксiз таратуды жүзеге асырумен байланысты шығыстар оның қаржысы есебiнен жүргiзiледi. 

      74-4-бап. Ұлттық Банктiң банктерден ақпарат алу құқығы 

      1. Ерiктi таратылатын банктiң тарату комиссиясы Ұлттық Банкке оның сұрау салуы бойынша банктiң қызметi туралы кез келген мәлiметтi табыс етуге мiндеттi.
      2. Ұлттық Банк қызметiн ерiксiз тоқтату туралы iсi сотта қаралып жатқан банктен қажеттi ақпарат алуға құқылы.
      Банктiң арнайы басқарушысы (басқару жөнiндегi уәкiлеттiк берiлген адамдар) сотпен келiсе отырып, банкке қатысты мәлiметтер мен құжаттарды ұсынады.
      3. Банктi ерiксiз тарату кезiнде оның тарату комиссиясы Ұлттық банкке жалпы тәртiппен банк қызметi туралы мәлiметтердi жiбередi.";

      65) 75-баптың:
      2-тармағы алынып тасталсын;
      3 және 4-тармақтар тиiсiнше 2 және 3-тармақтар болып саналсын;
      2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Олардың әрқайсысы үшiн рұқсат етiлген банк операциялары түрлерiнiң тiзбелерiн, оларға банк операцияларын жүргiзуге лицензия берудiң негiздерi мен олардың қызметiн ықтимал шектеулердi қоса алғанда, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық мәртебесi, құрылу тәртiбi, лицензиялануы, қызметiнiң реттелуi мен тоқтатылуы Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленедi";

      66) 76-баптың 2-тармағындағы "фирма" деген сөз "ұйым (аудитор)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      67) 78-баптың 2-тармағындағы "жарғылық қорларын" деген сөздер "жарғылық капиталын" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      20. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сақтандыру туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы N 2475  U952475_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 115-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 15, 279-құжат; 1997 жылғы 3 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 

      1) 11-баптың 1-тармағының екiншi азатжолындағы және 22-баптың 1-тармағындағы "ақша қаражатының" деген сөздер "ақшаның" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      2) 23-баптағы "проценттер" деген сөз "айыпақының" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) 37-баптың: 
      3-тармағының д) тармақшасындағы "банктегi есеп айырысу шотында" деген сөздер "банктегi шотында" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      4-тармақтағы "коммерциялық" деген сөз алынып тасталсын; 
      4) 38-баптың 2-тармағындағы "ақшалай қаражат" деген сөздер "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын; 

      21. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Өндiрiстiк кооператив туралы" 1995 жылғы 5 қазандағы заң күшi бар N 2486  Z952486_ Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 20, 119-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 14, 274-құжат; 1997 жылғы 25 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      7-баптың 6-тармағының екiншi азатжолындағы "ақша қаражатына" деген сөздер "ақшадан" деген сөзбен ауыстырылсын.

      22. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы" 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2723   U952723_   заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 165-құжат):

      3-баптың:
      1-тармағының екiншi азатжолындағы "өзiне тиесiлi проценттiң" деген сөздер "өзiне тиесiлi сыйақының (мүдденiң)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармағының 3) тармақшасындағы:
      "проценттердi" деген сөз "айыпақыны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "ақша қаражатын" деген сөздер "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын.

      23. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бухгалтерлiк есеп туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы N 2732  Z952732_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 171-құжат):

     16-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "ақша қаражатының" деген сөздер "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын.

      24. "Саяси партиялар туралы" 1996 жылғы 2 шiлдедегi  Z960016_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 11-12, 260-құжат): 

      16-бапта: 
      1-тармақтағы "ақша қаражаты" деген сөздер "қаражат" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      4-тармақтағы "ақша қаражаты және" деген сөздер "ақша және өзге" деген сөздермен ауыстырылсын. 

      25. "Валюталық реттеу туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы  Z960054_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 20-21, 404-құжат): 

      1) 1-баптың екiншi бөлiгiнiң алтыншы азатжолындағы "проценттер" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын. 
      2) 1-баптың екiншi бөлiгiнiң он бесiншi азатжолындағы, 6-баптың 3-тармағындағы, 7-баптың 3 және 4-тармақтарындағы, 10-баптың 3-тармағындағы "банктiк емес қаржы мекемелерi" деген сөздер "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын; 

      26. "Бюджет жүйесi туралы" 1996 жылғы 24 желтоқсандағы  Z960052_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 20-21, 402-құжат; 1997 жылғы 17 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы): 
      1) 1-баптың: 
      он бесiншi азатжолындағы "ақша қаражатының" деген сөздер "ақшаның" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      он жетiншi азатжолындағы "проценттер" деген сөздер "сыйақыны (мүдденi)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) 7-баптағы "ақша қаражатының" деген сөздер "ақшаның" деген сөздермен ауыстырылсын. 

      27. 1997 жылғы 25 қаңтарда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Банкроттық туралы" 1996 жылғы 21 қаңтардағы  Z970067_ Қазақстан Республикасының Заңына: 
      1) 1-баптың төртiншi азатжолындағы "процентiн төлей отырып" деген сөздер "сыйақы (мүдде) төлей отырып" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) 18-баптың 2-тармағының 8) тармақшасындағы "банктердегi шоттарда жатқан ақшалай қаражат" деген сөздер "банктiк шоттарда жатқан ақша" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      3) 22-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы "ескерiле отырып осы сомаға есептелген проценттер"" деген сөздер "осы сомаға есептелген сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      4) 27-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "банктердегi шоттарда жатқан ақша қаражаттары" деген сөздер "банктiк шоттарда жатқан ақшалар" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      5) 29-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы "борышкер шотынан ақшалай қаражаты" деген сөздер "борышкердiң банктiк шотынан ақша" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      6) 30-баптың 1) тармақшасындағы "ақша қаражаттарына" деген сөздер "ақшаға" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      7) 32-баптың 1-тармағының 1) тармақшасындағы "ақша сомаларын" деген сөздер "ақшаны" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      8) 55-баптың 1 тармағындағы "ақша қаражатын" деген сөздер "ақша" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      9) 67-баптың б) тармақшасындағы "басқа несие берушi мекемелерге" деген сөздер "қаржы ұйымдарына" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      10) 68-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "өсiмдер мен проценттер" деген сөздер "айып ақылар мен сыйақылар (мүдделер)" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      11) 71-баптың: 
      1-тармағының екiншi азатжолындағы және 4-тармағындағы "проценттердiң" деген сөз "сыйақылардың /мүдденiң/" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3 тармақтағы "проценттердi" деген сөз "сыйақыны /мүдденi/" деген сөздермен ауыстырылсын;

      12) 81-баптың:
      1-тармағындағы "несие берушiлерге тиесiлi проценттер" деген сөздер "несие берушiлерге тиесiлi сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармағындағы "есептелетiн проценттер" деген сөздер "есептелетiн сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 85-баптың 1-тармағындағы "ақшалай қаражатты" деген сөздер "ақша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 99-баптың 8-тармағындағы "ақша қаражатын" деген сөздер "ақшаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      28. 1997 жылғы 11 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы  Z970077_ Қазақстан Республикасының Заңына: 

      1) 2-баптың:
      он екiншi азатжолындағы "ақша қаражатын" деген сөздер "ақшаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он үшiншi азатжолындағы "ақша қаражатын" деген сөздер "ақшаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      жиырма алтыншы азатжолындағы "ақша қаражатын" деген сөздер "ақшаны" деген сөздермен ауыстырылсын;
      отыз  бесiншi азатжолындағы "ақша қаражатын" деген сөздер "ақшаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 6-баптың 2-тармағындағы үшiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын:
      "банктер Қазақстан Республикасы заң актiлерiнде көзделген жағдайларда";

      3) 18-баптың 6 және 8-тармақтарындағы "банктiк емес қаржы мекемелерi", "банктiк емес қаржы мекемесi" деген сөздер тиiсiнше "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар", "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 22-баптың 5-тармағының сегiзiншi азатжолындағы "ақша қаражаты" деген сөздер "ақшасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 24-баптың 2-тармағындағы "банктiк емес қаржы мекемелерi" деген сөздер "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      6) 28-баптың 4-тармағындағы "банктiк емес қаржы мекемелерiнiң" деген сөздер "банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 35-баптың 1-тармағындағы:
      "және банктiк емес қаржы мекемелерiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
      "ақша қаражатын" деген сөздер "ақшаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      29. 1997 жылғы 11 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздармен жасалған мәмiлелердi тiркеу туралы" 1997 жылғы 5 наурыздағы  Z970078_ Қазақстан Республикасының  Заңына:

      14-баптың 3-тармағындағы, 4-тармағының б) және 3) тармақшаларындағы, 17-баптың 1-тармағының е) тармақшасындағы, 21-баптың 2-тармағындағы "ақша қаражатын" деген сөздер "ақшаны" деген сөзбен ауыстырылсын. 

      30. 1997 жылғы 12 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" 1997 жылғы 6 наурыздағы  Z970082_ Қазақстан Республикасының Заңына: 

      1) кiрiспенiң екiншi бөлiгiндегi, 1-баптың 1-тармағындағы, 11-баптың 3-тармағындағы, 15-баптың 2-тармағындағы, 16-баптың 1-тармағының "а" тармақшасындағы "ақша қаражатын" деген сөздер "ақшаны" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 10-баптың 1-тармағындағы және 25-баптың 1-тармағындағы "ақша қаражатын" деген сөздер "ақша" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) 14-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "3. Банктердiң инвестициялық қор басқарушысының қызметiн жүзеге асыруға құқы жоқ.". 

      31. 1997 жылғы 12 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Сыртқы қарыз алу және сыртқы борышты басқару туралы" 1997 жылғы 10 сәуiрдегi  Z970090_ Қазақстан Республикасының Заңына: 

      1) 1-баптың:
      оныншы азатжолындағы "процент" деген сөз "сыйақы (мүдде)" деген сөздермен ауыстырылсын;
      он сегiзiншi және он тоғызыншы азатжолдарындағы "проценттердi" деген сөз "сыйақыларды (мүдделердi)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 9-баптың 1-тармағындағы "резервiнiң" деген сөз "активтерiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын.

      Қазақстан Республикасының
     Президентi