"Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" және "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлықтарына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 30 маусымдағы N 140-1 Заңы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар мына Жарлықтарына өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметi туралы" 1995 жылғы 3 қазандағы N 2483 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 19, 118-құжат; N 23, 142-құжат):

      5-баптың бiрiншi азатжолындағы "Республикалық ұланның күштерi мен құралдарын қатыстырып" деген сөздер алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Республикалық ұлан туралы" 1995 жылғы 5 желтоқсандағы N 2671 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 22, 139-құжат):

      10-бапта:
      1) тармақшадағы "Күзет қызметiнiң басшылығымен" деген сөздер "Күзет қызметiмен өзара iс-қимыл жасай отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "Республика Президентiнiң Күзет қызметiмен өзара iс-қимыл жасай отырып" деген сөздер алып тасталсын;
      12-бапта:
      2-тармақтағы "2. Республикалық ұланның Қолбасшысы Республикалық ұланның әскери қызметшiлерi жөнiнде жалпы әскери жарғыларда көзделген тәртiп жөнiндегi билiгiн толық көлемiнде пайдаланады" деген сөздер алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақ енгiзiлсiн:
      "3. Республикалық ұланның Қолбасшысы Қазақстан Республикасының Республикалық ұлан туралы заңдарында және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпы әскери жарғыларында көзделген құқықтарды пайдаланады."

      Қазақстан Республикасының
      Президентi