Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 30 маусым N 138-1

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 6, 43-құжат; N 12, 88-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 180-181-құжаттар; N 11-12, 257-құжат; N 15, 281-құжат; N 23-24, 416-құжат; 1997 жылғы 1 наурызда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылды деп тану туралы" 1997 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 15 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 11 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 28 мамырда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Заң күшi бар Жарлығына толықтыру енгiзу туралы" 1997 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы; 1997 жылғы 12 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар кейбiр Жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 9 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      179-бапта:
      мынадай мазмұндағы 2 және 3-тармақтармен толықтырылсын:
      "2. Заңды және жеке тұлғалар 1995 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша салық және кеден органдары деректерiнiң негiзiнде 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн пайда болған құқық қатынастары бойынша есептелген айыппұлдар мен өсiмдер жөнiндегi берешек сомаларын төлеуден босатылады.
      3. Заңды және жеке тұлғалар 1995 жылғы 9 тамыздағы жағдай бойынша салық органдары деректерiнiң негiзiнде 1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн пайда болған құқық қатынастары бойынша есептелген Экономиканы жаңғырту қоры мен Кәсiпкерлiктi қолдау және бәсекелестiктi дамыту қорына төлемдер бойынша, қоғамдық қалалық көлiктi дамытуға заңды тұлғалардан алынатын алымдар бойынша және тұтынуға жұмсалатын қаражаттың олардың нормативтiк шамасынан асып түскен сомасынан алынатын пайдаға салынатын салық бойынша (тұтыну қоры), сондай-ақ 1997 жылғы 1 шiлдедегi жағдай бойынша аталған берешектер жөнiнде айыппұлдар мен өсiмнiң есептелген сомаларын төлеу бойынша берешек сомаларын төлеуден босатылады.";
      2, 3, 4, 5-тармақтар 4, 5, 6, 7-тармақтар болып есептелсiн;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "7. 1998 жылғы 1 қаңтарға дейiн 1997 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша пайда болған мерзiмi өткен және мерзiмi ұзартылған салық төлемдерi бойынша өсiм есептеу тоқтатыла тұрады.
      1997 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша есептелген айыппұлдар мен өсiмдер салық қызметi органдарының 1997 жылғы 1 сәуiрдегi жағдай бойынша пайда болған, төленген мерзiмi өткен және мерзiмi ұзартылған салық төлемдерiнiң сомасына барабар кемiтiлуге тиiс.".
     Қазақстан Республикасының
          Президентi