1-бап.
1. Мыналар өзiнiң өкiлеттiгiн сақтайды және:
1) Талдықорған облыстық мәслихатының депутаттары - Алматы облыстық мәслихатының;
2) Жезқазған облыстық мәслихатының депутаттары - Қарағанды облыстық мәслихатының;
3) Семей облыстық мәслихатының депутаттары - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының;
4) Көкшетау облыстық мәслихатының депутаттары - Солтүстiк Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттары болып табылады деп белгiленсiн.
2. Торғай облыстық мәслихатының депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтайды және:
1) егер олар таратылған Торғай облысының Державин, Жақсы, Жаңадала, Есiл және Қима аудандарынан сайланса, Ақмола облыстық мәслихатының;
2) егер олар таратылған Торғай облысының Арқалық қаласынан, Арқалық, Амантоғай, Амангелдi, Жангелдин және Октябрь аудандарынан сайланса, Қостанай облыстық мәслихатының депутаттары болып табылады деп белгiленсiн.
2-бап.
1. Облыстар таратылған, олар қайта ұйымдастырылған жағдайда облыстық, аудандық (қалалық) мәслихаттардың депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтап қалады және таратылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс қосылған әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс мәслихатының депутаттары болып табылады.
2. Облыстардың әкiмшiлiк-аймақтық құрылысы өзгерген жағдайда аудандық (қалалық) мәслихаттардың депутаттары өз өкiлеттiгiн сақтап қалады және:
1) таратылған ауданның аумағы қосылатын ауданның (қаланың);
2) аудандық маңызы бар деген мәртебе алған осы қала қарамағына жатқызылған аудан мәслихатының депутаттары болып табылады.
3. Облыстың, ауданның (қаланың) аты өзгертiлген жағдайда аты өзгертiлген облыс, аудан (қала) мәслихаттарының депутаттары қайта сайланбайды және аты өзгертiлген әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер мәслихаттарының депутаттары ретiнде өз өкiлеттiгiн сақтап қалады.
3-бап.
1. Осы Заң 1994 жылғы 7 наурызда сайланған жергiлiктi өкiлдi органдардың, сондай-ақ кейiнiрек, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заң күшi бар Жарлығына сәйкес сайланған жергiлiктi өкiлдi органдардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiн күшiнде болады.
2. <*>
ЕСКЕРТУ.2-тармақ алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.07.20. N 442 Заңымен.
Қазақстан Республикасының |