"Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" және "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Конституциялық заң күшi бар Жарлықтарына толықтырулар енгiзу жөнiнде

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 11 сәуiрдегi N 91.

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы N 2529 Z952529_ Конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 21, 124-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      30-баптың 2-тармағы:

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтер үшiн (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр энергиясы, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту), ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде тұратындарға сондай-ақ отын үшiн алдын ала ақшалай төлем түрiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен жеңiлдiктер беруге жол берiледi".

      2-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 U952694_ Конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 147-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      1. 67-баптың 5-тармағы:

      "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтер үшiн (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр энергиясы, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту), ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде тұратындарға сондай-ақ отын үшiн алдын ала ақшалай төлем түрiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен жеңiлдiктер беруге жол берiледi.".

      2. 69-баптың 6-тармағы:

      "төлеу жөнiндегi" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және нормалар шегiнде" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:

      "Тұрғын жайды ұстау мен коммуналдық қызметтер үшiн (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электр энергиясы, газ, қоқыстан адалау, лифтiлердi қамту), ал орталықтандырылған жылуы жоқ үйлерде тұратындарға сондай-ақ отын үшiн алдын ала ақшалай төлем түрiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нормалар шегiнде және тәртiппен жеңiлдiктер беруге жол берiледi".

      Қазақстан Республикасының

      Президентi