Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi 1993 жылғы
31 наурызда қабылдаған Қазақстан Республикасының Су кодексiне
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж.,
N 7, 149-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 4-бапта:
1-тармақтағы "тек қана" деген сөздер алынып тасталсын;
3-тармақ алынып тасталсын;
4 және 5-тармақтар тиiсiнше 3 және 4-тармақтар болып есептелсiн.
2. II тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"II тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының су
қатынастарын реттеу саласындағы құзыретi".
3. 7-бапта:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"7-бап. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң құзыретi":
бiрiншi азат жолындағы "Жоғарғы Кеңесiнiң" деген сөздер
"Парламентiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын;
екiншi, үшiншi, бесiншi азат жолдар алынып тасталсын.
4. 8-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"8-бап. Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттардың құзыретi".
Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiндегi жергiлiктi өкiлдi
органдар - мәслихаттардың қарауына мыналар жатады:
суды ортақ пайдаланудың шарттарын белгiлеу;
судың пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау жасау" .
5. 9 және 10-баптар алынып тасталсын.
6. 12-баптың он екiншi азат жолы мынадай редакцияда жазылсын:
"жердiң үстiңгi қабаты мен жер астындағы көздерден алынған су
ресурстары үшiн төлем ставкаларын белгiлеу".
7. Мынадай мазмұндағы 14-1 бабымен толықтырылсын:
"14-1 бап. Поселке, ауыл (село) әкiмiнiң құзыретi.
Тиiстi елдi мекендердiң аумағындағы поселке, ауыл (село) әкiмiнiң
қарауына мыналар жатады:
суды ортақ пайдаланудың шарттарын белгiлеу;
судың пайдаланылуы мен қорғалуына бақылау жасау".
8. 47-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Су ресурстарын пайдаланғаны үшiн ақы өндiрiп алудың тәртiбi мен шартын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi".
9. 52-баптың 2-тармағындағы "халық депутаттары Кеңестерi" деген сөздер "атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. 54-баптың 2-тармағының үшiншi азат жолындағы "халық депутаттарының облыстық Кеңестерi" деген сөздер "жергiлiктi атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.
11. 55-баптың 2-тармағындағы "халық депутаттары Кеңестерi" деген сөздер "атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. 56-баптың 2-тармағындағы "халық депутаттары Кеңестерi" деген сөздер "атқарушы органдар" деген сөздермен ауыстырылсын.
13. 123-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"123-бап. Су қатынастарын реттеу саласындағы халықаралық шарттар.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта, суды пайдалану мен қорғаудың осы Кодексте жазылғандардан өзгеше тәртiбi белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады".
Қазақстан Республикасының
Президентi