Бюджет жүйесi туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 24 желтоқсан N 52-I. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасының 1999.04.01. N 358 заңымен. ~Z990358

Күшін жойған

      Осы Заң республиканың түрлi деңгейдегi бюджеттерiн қалыптастыру процесiнде орын алатын қаржы қатынастарын реттейдi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жасалу, қаралу, бекiтiлу, атқарылу және бақылану процесiн белгiлейдi.
 
                    I тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
 
      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
 
      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      бюджет - мемлекеттiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруына арналған және тиiстi заңдарға сәйкес белгiленген салықтар мен өзге де кiрiс көздерiнiң және түсiмдердiң есебiнен құрылатын орталықтандырылған ақша қоры;
      бюджет жiктелуi - функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттама бойынша бюджетке түсетiн түсiмдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топталуы;
      бюджет құрылысы - бюджет жүйесiнiң, оның құрылу принциптерiнiң ұйымдастырылуы;
      бюджет процесi - мемлекеттiң өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы барлық деңгейдегi бюджеттердi жасау, қарау, бекiту, атқару, атқарылуын бақылау және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту жөнiндегi заң арқылы регламенттелген қызметi;
      мемлекеттiк бюджет - республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң бiрiнiң-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операциялары есепке алынбайтын жиынтығы;
      мемлекеттiк кепiлдiктер - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алушы өзiнен алынатын соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда несие берушi алдындағы берешектi iшiнара немесе толық өтеу жөнiндегi мiндеттемесi;
      мемлекеттiк заемдар - Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Ұлттық Банкi арқылы Қазақстан Республикасы заем алушы болатын заем қатынастары;
      мемлекеттiк қарыз алу - шарт немесе мемлекеттiк бағалы қағаздар түрiнде көрсетiлген мемлекеттiк заемды тарту, игеру және өтеу процесi;
      мемлекеттiк борыш - белгiленген мерзiмде игерiлмеген және өтелмеген мемлекеттiк заемдар сомасы;
      мемлекеттiк кепiлдiк берiлген борыш - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк кепiлдiгi бар, белгiлi бiр мерзiмде игерiлген және өтелмеген заемдар сомасы;
      мемлекеттiк шот - мемлекеттiң барлық деңгейдегi бюджеттердiң және бюджеттен тыс барлық қорлардың шоттарындағы қаржы ресурстарын есепке алу тәртiбi;
      бюджет тапшылығы - үкiметтiң қарызға алған сомаларын қоспағанда, шығыстар көлемiнiң және бюджеттен қайтарымды негiзде бөлiнген несиелердiң бюджетке түсетiн түсiмдердiң жалпы сомасынан асып түсуi. Республикалық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн тапшылық мөлшерi ұлттық валютамен және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы проценттермен көрсетiледi;
      бюджет кiрiстерi - салық және салық емес түсiмдер мен алымдардың, сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негiзде келiп түсетiн капиталмен жасалатын операциялардан түсетiн кiрiстердiң көлемi;
      мемлекеттiң бiрiктiрiлген қаржы балансы - дербес жұмыс iстейтiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң (соның iшiнде арнаулы экономикалық аймақтар бюджеттерiн қоса алғанда), бюджеттен тыс қорлардың бiрiнiң-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операциялары есепке алынбайтын ақшаның жиынтығы;
      жергiлiктi бюджеттер - облыстық, қалалық (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандардың бюджеттерi және арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерi;
      мемлекеттiк борышқа қызмет көрсету - мемлекеттiк борыш бойынша сыйақыны (мүдденi), сақтандырушылық, комиссиялық алымдар мен айыппұлдарды төлеумен байланысты жиынтық төлемдер;
      ресми трансферттер - бюджетке тегiн және қайтарылмайтын болып түсетiн түсiмдер мен бюджеттен жасалатын шығыстар;
      бағдарламалар мен кiшi бағдарламалар - белгiлi бiр мiндеттер атқару үшiн ұйымдар жүзеге асыратын шаралар кешенiн бiлдiретiн шығыстардың жұмыс iстеу сипаттамасының ұғымы. Бағдарлама шаралар кешенiнiң құрамдас бөлiктерi немесе нақты шаралар болып табылатын кiшi бағдарламаларға бөлiнуi мүмкiн.
      бюджет профицитi - бюджетке келiп түсетiн кiрiстер мен ресми трансферттер түсiмдерi жалпы сомасының жалпы шығыстар көлемiнен және қайтарымды негiзде бөлiнетiн несиелерден асып түсуi. Республикалық бюджет профицитiнiң мөлшерi ұлттық валютамен және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы проценттермен есептеледi;
      бюджет шығыстары - бекiтiлген бюджет шегiнде бюджеттен қайтарылмайтын негiзде бөлiнетiн қаражат;
      резервтiк қор - бiр жолғы сипаттағы тосын шығындарды қаржыландыру үшiн бюджет қаражаты есебiнен құрылатын қор, соның iшiнде республикалық бюджеттегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арнап орталықтандырылған қаражат;
      секвестр - заңдармен белгiленген тәртiп бойынша бюджет шығыстарының бекiтiлген шектi лимиттерiн пропорциялы түрде, белгiлi бiр проценттерге шағып қысқарту;
      ерекшелiк - бюджет қаражатын жұмсаудың экономикалық сипаттамасын айқындайтын көрсеткiш;
      субвенциялар - нысаналы шығындарды немесе нысаналы бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн төменгi бюджеттердiң жоғары тұрған бюджеттерден бекiтiлген сомалар шегiнде алатын ресми трансферттерi;
      субсидиялар - бюджеттен нысаналы шығыстарды (бағдарламаларды) қаржыландыру үшiн ұйымдарға бекiтiлген сомалар шегiнде бөлiнетiн трансферттiк төлемдер;
      есептi кезең - жаңа қаржы жылына енбейтiн кезең, бұл кезең iшiнде өткен қаржы жылында бекiтiлген қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген бюджеттiк шығыстар бойынша қорытынды операциялар жүргiзiледi. Есептi кезеңнiң ұзақтығын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi;
      қаржы жылы - күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын тұрақты бюджеттiк-есепке алу кезеңi. Қаржы жылына есептi кезең енбейдi;
      функционалдық топ - жалпы мемлекеттiк мiндеттердi орындау мақсатымен бюджеттен жұмсалатын төлемдер тобы;
      нысаналы қорлар - бюджеттiң кiрiс және шығыс бөліктерiне енгiзiлетiн және арнайы белгiленген кiрiстер көздерiнiң есебiнен қалыптастырылатын қорлар, олар нысаналы мақсат бойынша жұмсалады;
      таза несие беру - берiлген және өтелген несиелердiң жалпы сомасы арасындағы айырма.
      ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11.
               N 154 Заңымен. Z970154_
 
      2-бап. Бюджеттi қалыптастыру негiзi
 
      Бюджет Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының тиiстi жылға арнап Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдаған индикативтiк жоспарының параметрлерiн ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы негiзiнде қалыптастырылады.
 
      3-бап. Мемлекеттiң қаржы ресурстарын басқарудағы негiзгi ережелер
 
      1. Мемлекеттiк бюджетке мыналар көрiнiс табады:
      мемлекеттiң экономикалық және қаржы тұрғысындағы мақсаттарының өзара iс-қимылы;
      түрлi деңгейдегi бюджеттердiң өзара iс-қимылы және экономиканың әртүрлi секторларымен бюджеттердiң өзара iс-қимылы;
      салық-фискальдық құралдарды жетiлдiру;
      бюджеттен тыс қорларға бөлiнетiн қаржының көздерi мен мөлшерi;
      бюджетке келiп түсетiн кiрiстердiң және бюджеттен жұмсалатын шығыстардың құрылымы мен мөлшерi, республикалық бюджет тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерi;
      жергiлiктi бюджеттердiң теңдестiрiлуi;
      мемлекеттiк борыштың өтелуiн және мемлекеттiң қаржы операцияларына жасайтын ықпалын ескере отырып, оның жай-күйi мен серпiндiлiгiн бағалау.
      2. Бюджеттi қалыптастыру кезiнде барлық кiрiстер мен шығыстар, соның iшiнде бюджет құрамына қосылатын нысаналы қаржыландыру қорлары бойынша барлық кiрiстер мен шығыстар ескерiледi. Бюджеттен тыс қорларды қалыптастыру мен пайдалану процесi заң тәртiбiмен реттеледi.
 
                    II тарау. БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСI
 
      4-бап. Бюджет жүйесi
 
      1. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi түрлi деңгейдегi бюджеттердiң экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негiзделген жиынтығы, сондай-ақ оларды әзiрлеу, қарай, бекiту, атқару және бақылау процесi болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасында жинақтап алғанда мемлекеттiң бiрiктiрiлген қаржы балансын құрайтын республикалық бюджет жергiлiктi бюджеттер (арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерiн қоса алғанда) және бюджеттен тыс қорлар дербес жұмыс iстейдi.
      3. Қаржы жылына арналған республикалық бюджет - Қазақстан Республикасының заңымен, жергiлiктi бюджеттер тиiстi жергiлiктi өкiлдi органдардың шешiмдерiмен бекiтiледi. Қаржы жылына арналған бюджеттен тыс қорлар мен арнайы экономикалық аймақтардың экономикалық және әлеуметтiк даму қорларының бюджеттерi осы қорлар туралы заңдарға сәйкес бекiтiледi.
      4. Барлық деңгейдегi бюджеттердi қалыптастыру, бекiту және олардың атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
 
      5-бап. Бюджет құрылысының принциптерi
 
      Қазақстан Республикасы бюджетiнiң құрылысы республиканың бюджет жүйесiне кiретiн барлық бюджеттердiң бiрлiгi, толықтығы, нақтылығы, жариялылығы және дербестігi принциптерiне негiзделедi.
      Бюджет жүйесiнiң бiрлiгi бiрыңғай құқықтық негiз, бiрыңғай бюджеттiк жүктеудi пайдалану, бюджеттiң бiр деңгейiнен екiншiсiне берiлiп отыратын мемлекеттiк қаржы статистикасының бiрлiгi, бюджет процесiнiң принциптерi, ақша жүйесiнiң бiрлiгi арқылы қамтамасыз етiледi. Ол барлық деңгейдегi бюджеттердiң кiрiстердi қайта бөлу, нысаналы бюджеттiк қорлар құру, оларды iшiнара қайта бөлу арқылы өзара iс-қимыл жасауына негiзделген.
 
      6-бап. Бюджеттiң құрылымы
 
      Бюджеттiң құрылымы мынадай бөлiмдерден тұрады:
      "Кiрiстер" - Үкiмет қарыздарынан түсетiн түсiмдердi және алынған ресми трансферттердi (гранттарды) қоспағанда, бюджетке түсетiн барлық түсiмдердi қамтиды;
      "Алынған ресми трансферттер (гранттар)" - "Кiрiстер" бөлiмiне енетiн түсiмдердi қоспағанда, бюджетке түсетiн барлық түсiмдердi қамтиды.
      "Шығыстар" - мемлекеттiк борышқа қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, бюджеттен жұмсалатын барлық шығыстарды қамтиды, бұған несие беру және мемлекеттiк борыштың негiзгi сомасын өтеу бойынша бюджеттен төленетiн төлемдер кiрмейдi;
      "Несие беру, оның өтелуiн шегерiп тастау" - несие беру бойынша бюджеттен төленетiн төлемдер мен бұрын бюджеттен берiлген несиелердi өтеуден түскен түсiмдердi қамтиды және таза несие берудi көрсетедi;
      "Бюджет тапшылығы (профицитi)" - "Кiрiстер" және "Алынған ресми трансферттер (гранттар)" бөлiмдерiнiң жалпы жиыны мен "Шығыстар" және "Несие беру, оның өтелуiн шегерiп тастау" бөлiмдерiнiң жалпы жиыны арасындағы айырманы құрайды;
      "Қаржыландыру" - борыштың негiзгi сомасын өтеудi шегерiп тастағанда бюджетке түсетiн қарыз алу жөнiндегi түсiмдердi немесе қарыз алу жөнiндегi түсiмдердi шегерiп тастағанда бюджет профицитiн борыштың негiзгi сомасын өтеуге бөлудi қамтиды.
 
      ЕСКЕРТУ. 6-баптың жетiншi абзацы жаңа редакцияда - Қазақстан
               Республикасының 1997.06.16. N 125-1 Заңымен. Z970125_
 
      7-бап. Республикалық бюджет
 
      Республикалық бюджет негiзiнен жалпымемлекеттiк салықтар есебiнен қалыптастырылатын және Қазақстан Республикасының Үкiметi өзiне Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн белгiлейтiн жалпымемлекеттiк бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақшаның қоры болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгертiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.07.11. N 154
               Заңымен. Z970154_
 
      8-бап. Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер
 
      Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдер мыналарды қамтиды:
      1) республикалық бюджеттiң мыналардан тұратын кiрiстерi:
      жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiне есептелуге тиiстi сомаларды шегерiп тастағаннан кейiнгi, жалпымемлекеттiк салықтар мен алымдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының салық және кеден заңдарымен белгiленген салық және кеден түсiмдерi, бұл орайда жалпымемлекеттiк салықтар бойынша түсiмдердiң нормативтерi мен олардың облыстар және республикалық маңызы бар қалалар бойынша алғандағы жоғарғы шегi республикалық бюджет туралы заңмен белгiленедi;
      заңдар және өзiне берiлген өкiлеттiк шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн салықтық емес түсiмдер;
      мемлекеттiң капиталымен жасалатын операциялардан түсетiн кiрiстер;
      Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де түсiмдер;
      2) ресми алынған трансферттер (гранттар), олар мыналардан тұрады;
      iшкi ресми трансферттер, соның iшiнде атқарушы органдардан алынатын трансферттер;
      халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден алынатын сыртқы ресми трансферттер;
      3) республикалық бюджеттiң тапшылығын жабуға қажеттi iшкi және сыртқы көздерден бюджетке түсетiн түсiмдерден тұратын Үкiмет қарыздары;
      4) бұрын республикалық бюджеттен берiлген несиелердi (қарыздарды) өтеуден түскен түсiмдер, сондай-ақ мiндеттемелердi өтеу үшiн мемлекеттiк меншiк акцияларының мемлекеттiк бумасын сатудан түскен түсiмдердiң бөлiктерi.
 
      9-бап. Республикалық бюджеттен қаражаттың жұмсалуы
 
      Республикалық бюджеттен мыналарды қамтитын мемлекеттiк бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру қамтамасыз етiледi:
      1) халықты әлеуметтiк қорғауға арналған жалпымемлекеттiк шығыстар, мемлекеттiк, мемлекетаралық және өкiлдi органдарды ұстауға жұмсалатын шығыстар, жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызмет және бағдарламалар мен кiшi бағдарламаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жөнiндегi басқа да шығыстар:
      бiлiм беру және денсаулық сақтау саласындағы;
      iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы;
      қорғаныс, қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiк, сот және қылмыстық-түзеу жүйесi саласындағы, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласындағы;
      туризмдi, спортты ұйымдастыру жөнiндегi орталық атқарушы органдар жүзеге асыратын шаралар бойынша және мәдениет саласындағы;
      мемлекеттiк радио мен теледидар және басқа да мемлекеттiк бұқаралық ақпарат құралдарының қызметi жөнiндегi;
      ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн қолдау, ауыл шаруашылық өндiрiсiн кеңейту, ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң аса қауiптi зиянкестерi мен мал ауруларына қарсы күресу жөнiндегi және басқа да басым мақсаттар жөнiндегi;
      орман шаруашылығын молықтыру және қорғау, экология, жануарлар дүниесiн молайту, қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау мен дамыту жөнiндегi;
      жаңа тұрғын үй саясатын iске асыру және тұрғын үй құрылысын дамыту, құрылыстың, геологиялық-барлау, геодезиялық және сейсмологиялық жұмыстардың, жер қойнауын қорғаудың, жерге орналастырудың нормативтiк негiзiн орнықтыру, сумен жабдықтау мен канализацияның iрi объектiлерiн салу шаралары жөнiндегi;
      мемлекеттiк борыштар бойынша проценттер төлеуге және оларды орналастыруға байланысты мемлекеттiк мiндеттемелердi орындау жөнiндегi;
      мемлекеттiк инвестициялық саясат, сондай-ақ субвенция ретiнде бюджетке берiлетiн және Зейнетақылар төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталықтан зейнетақы төлемдерiн жасау үшiн трансферттiк шығыстар жөнiндегi;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бағдарламаларына сәйкес басқа да жалпымемлекеттiк басым шаралар, соның iшiнде мемлекеттiк борышқа қызмет көрсету шығындары жөнiндегi шығыстар;
      2) қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк бағдарламаларды орындау үшiн әдетте мемлекеттiк банктер арқылы қайтарымды негiзде бюджеттен бөлiнетiн бюджет қаражаты;
      3) мемлекеттiк борыштың негiзгi сомасын өтеу.
 
      ЕСКЕРТУ. 9-баптың 1-тармақшасына өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан
               Республикасының 1997.06.16. N 125-1 Заңымен. Z970125_
 
      10-бап. Жергiлiктi бюджеттер
 
      1. Жергiлiктi бюджеттен жергiлiктi бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру қамтамасыз етiледi. Жергiлiктi бюджет арқылы жалпы мемлекеттiк бағдарламалар мен шаралардың бiр бөлiгiн iске асыруға жол берiледi.
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер аумағында арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс iстейтiнiн ескере отырып. өз аумағының бюджетiн дербес жасайды және атқарады. Жергiлiктi өкiлдi органдар алдағы қаржы жылына арналған бюджеттi және өткен қаржы жылының тиiстi жергiлiктi бюджетiнiң атқарылуы туралы есептi қарап, бекiтедi.
      3. Арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерiн арнайы экономикалық аймақтардың әкiмшiлiк кеңестерi қалыптастырады, олар Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы заңдарда және Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетiн арнайы экономикалық аймақтар туралы ережелерде белгiленген тәртiп пен ережелер бойынша қаралады, бекiтiледi және атқарылады.
      4. Облыстық бюджеттiң және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерiнiң арасындағы жалпы мемлекеттiк салықтардың, алымдар мен төлемдердiң ара-жiгiн анықтауды жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеп, тиiстi өкiлдi органдар қарайды және бекiтедi.
 
      11-бап. Жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдер
 
      Жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдер мыналарды қамтиды:
      1) жергiлiктi бюджеттiң мыналардан тұратын кiрiстерi:
      Қазақстан Республикасының салық заңдарымен белгiленген жергiлiктi салықтар мен алымдар;
      аймақтың әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiн ескере отырып,

 

төменгi бюджеттердi реттеу тәртiбiмен жалпы мемлекеттiк салықтардан

бөлiнетiн қаржы сомалары;

     жергiлiктi бюджеттерге республиканың заң актiлерiмен белгiленген

салықтық емес түсiмдер;

     2) алынған ресми трансферттер, олар мыналардан тұрады;

     жергiлiктi атқарушы органдар өз бюджеттерiнiң теңдестiрiлуiн

қамтамасыз ету мақсатымен жоғары тұрған бюджеттен алатын iшкi ресми

трансферттер;

     халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден алынатын сыртқы ресми

трансферттер;

     3) тоқсан сайынғы кассалық үзiлiстi жабу үшiн төменгi

бюджеттердiң жоғары тұрған бюджеттерден қарызға алған қаражатының

түсiмдерi;

     4) бұрын берiлген несиелердi өтеуден түсетiн түсiмдер.


     12-бап. Жергiлiктi бюджеттерден қаражаттың жұмсалуы


     Жергiлiктi бюджеттерден қаражаттың жұмсалуы мыналарды қамтиды:

     1) жергiлiктi мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға жұмсалатын

шығындар және жергiлiктi атқарушы органдардың;

     жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзетiн қоғамдық құқық тәртiбi

мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

     бiлiм беру мен денсаулық сақтау;

     әлеуметтiк сақтандыру және халықтың жекелеген санаттары үшiн

заңмен белгiленген жеңiлдiктердi iске асыру;

     тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көркейту, сумен жабдықтау және

инженерлiк инфрақұрылым;

     мәдениет, туризм, спорт, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарын

ұстау және демалысты ұйымдастыру;


 
       аграрлық реформа, жер реформасын жүзеге асыру, ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн қолдау, өсiмдiктердiң аса қауiптi зиянкестерi мен мал ауруларына қарсы күрес және басқа мақсаттар;
      экология және табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру;
      шағын және орташа бизнестi дамыту;
      несиелерге қызмет көрсету жөнiндегi шығыстарды қоса алғанда, кезектi қаржы жылына арнап бекiтiлген бюджетте көзделген басқа да бағдарламаларды қамтамасыз ету;
      табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған шығыстар;
      2) қысқа мерзiмдi, орташа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк және аймақтық бағдарламаларды орындау үшiн мемлекеттiк банктер арқылы әдетте қайтарылатын негiзде бөлiнетiн бюджет қаражаты;
      3) алынған несиелердiң негiзгi сомасын өтеу.
 
      13-бап. Жергiлiктi бюджеттердiң теңдестiрiлуiн қамтамасыз ету
 
      Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстарының теңдестiрiлуiн қамтамасыз ету мақсатында кезектi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда жалпы мемлекеттiк салықтар мен алымдардан облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттерiне қаржы аудару, сондай-ақ республикалық бюджеттен субвенциялар бөлу көзделедi.
 
      14-бап. Резервтiк қорлар
 
      1. Резервтiк қорлар көлденең шығыстарды қаржыландыру үшiн республикалық және жергiлiктi бюджеттер құрамында құрылады.
      Тиiстi жылға арналған бюджеттер шығыстарының құрамында бекiтiлген мөлшер шегiнде резервтiк қордан қаражат бөлу және қаржыландыруды ашу бюджет деңгейiне қарай тиiсiнше Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi бойынша жүргiзiледi, олар ағымдағы қаржы жылының соңында күшiн жояды.
      2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң резервтiк қорларының қаражатын пайдалану тәртiбiн тиiсiнше Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi.
      3. Резервтiк қордың мөлшерi тиiстi бюджет көлемiнiң екi процентiнен аспауға тиiс.
 
      15-бап. Мемлекеттiң бiрiктiрiлген қаржы балансы
 
      1. Мемлекеттiң бiрiктiрiлген қаржы балансы бюджеттен тыс қорларды, арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерiн ескере отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн мемлекеттiк бюджеттi қамтиды.
      2. Мемлекеттiк бiрiктiрiлген қаржы балансы мемлекеттiң қаржы

 

ресурстарын басқару, бюджет саясатының негiзгi бағыттарын, бюджет

жүйесi көрсеткiштерiнiң экономиканың басқа секторлары және

мемлекеттiк шотты жүргiзу көрсеткiштерiмен өзара байланысын көрсету

мақсатымен жасалады.


     16-бап. Мемлекеттiк шот


     Мемлекеттiк шоттың жүргiзiлуiн Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкi немесе ол уәкiлдiк берген басқа банк Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып қамтамасыз етедi.


           III тарау. БЮДЖЕТТI ЖАСАУ, ҚАРАУ ЖӘНЕ БЕКIТУ

                                 ТӘРТIБI


     17-бап. Бюджеттi әзiрлеу



 
       1. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауының, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының, бюджеттiң ағымдағы атқарылуын бағалаудың, макроэкономикалық көрсеткiштердiң серпiндiлiгiнiң, ақша-несие саясатының негiзiнде алдағы қаржы жылына арнап жасалған бюджет саясатының негiзгi бағыттарын және мемлекеттiң бiрiктiрiлген қаржы балансының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi.
      2. Алдағы жылға арналған бюджет саясатының негiзгi бағыттары және мемлекеттiң бiрiктiрiлген қаржы балансының жобасы мақұлданғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы қабылдап, онда бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын орталық мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың бюджет жобасын қалыптастыру және оны Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне табыс ету тәртiбiн, мерзiмiн белгiлейдi.
      3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердi жасау, қарау және бекiту тәртiбi қолданылып жүрген заңдар негiзiнде белгiленедi.
      4. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жасалу және атқарылу ережелерiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
      5. Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен бағдарламалар бойынша жұмыстар атқару мен қызмет көрсетуге тапсырыстарды орналастыру, әдетте, конкурстық негiзде жүргiзiледi.
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi және жергiлiктi атқарушы органдар тиiсiнше республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есептер жариялайды.
 
      18-бап. Республикалық бюджеттi жасау
 
      1. Мемлекеттiң бiрiктiрiлген қаржы балансының Қазақстан Республикасының Үкiметi мақұлдаған жобасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң республикалық бюджеттiң жобасын әзiрлеу және алдағы қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттiң жалпымемлекеттiк салықтар мен алымдардан жергiлiктi бюджеттерге қаржы аудару нормативтерiнiң және республикалық бюджетпен жорамалданып отырған басқа да өзара қатынастардың шамасын айқындау кезiнде негiзге алынатын iрiлендiрiлген параметрлерiн айқындау үшiн негiз болып табылады.
      2. Республикалық бюджеттiң жобасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiтетiн бюджеттiк жiктеуге сәйкес әзiрленедi.
      3. Республикалық бюджет туралы заңның жобасында түсiмдердiң барлық түрiнiң жиынтығы, ретке келтiрушi жалпымемлекеттiк салықтарды бөлу нормативтерi, сондай-ақ бюджеттiк жiктеуге сәйкес, бюджет тапшылығының бюджет (профицитiнiң) мөлшерi атала отырып, функционалдық топтар, қызметтер, кiшi қызметтер мен мекемелер бойынша шығыстардың шектi мөлшерi, сондай-ақ ресми трансферттердiң жобаланып отырған мөлшерi көрсетiледi.
 
      ЕСКЕРТУ. 18-баптың 3-тармағына өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан
               Республикасының 1997.06.16. N 125-1 Заңымен. Z970125_
 
      19-бап. Республикалық бюджеттi қарау және бекiту
 
      1. Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi әзiрлеген заң жобасы барлық қосымшаларымен бiрге жоспарланған жылдың алдындағы жылдың 15 қыркүйегiнен кешiктiрiлмей Қазақстан Республикасы Парламентiнiң талқылауына табыс етiледi.
      2. Республикалық бюджеттi бекiту және бюджетке өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу олар әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта мұқият талқыланғаннан кейiн, Палаталардың бiрлескен отырысында жасалады.
      Талқылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң баяндамасынан және Қазақстан Республикасының Экономика министрi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Төрағасының, сондай-ақ қаралып отырған мәселе бойынша Палаталардың қорытынды жасаған қосымша баяндамаларынан басталады.
      3. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында есептi жылдың 15 желтоқсанынан кешiктiрiлмей бекiтiледi.
      Егер Қазақстан Республикасының Парламентi кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды 15 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде бекiтпесе, Қазақстан Республикасының Президентi "Алдағы қаржы жылының 1 тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы" Жарлық шығарады да, ол Жарлық Қазақстан Республикасының Парламентi республикалық бюджеттi бекiткенге дейiн қолданылады.
      Қаржылық жоспардың атқарылуы республикалық бюджет үшiн белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
 
      20-бап. Республикалық бюджеттi нақтылау тәртiбi
 
      Республикалық бюджеттi оның атқарылуы барысында нақтылай түсу Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсыныстары немесе қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқа да заңдық бастамалар негiзiнде осы заңның тәртiбi мен ережелерi бойынша жүзеге асырылады.
 
      21-бап. Жергiлiктi бюджеттердiң жасалу, қаралу, бекiтiлу және
              атқарылу тәртiбi
 
      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң болжанып отырған жобасы мен оның құрамындағы келесi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң жобаланып отырған iрiлендiрiлген шотын Қазақстан Республикасының Үкiметi мақұлдағаннан кейiн бiр апта мерзiмде, бiрақ 15 тамыздан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсыруымен облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкiмдерiне олардың бюджеттерiнiң кiрiсiне жалпымемлекеттiк салықтар мен алымдардан бөлiнетiн қаржының жобаланып отырған мөлшерiн, жалпымемлекеттiк бағдарламаларды (нақ қандай екенiн көрсетiп) қаржыландыруға республикалық бюджеттен бөлiнбекшi болып отырған қаражаттың сомасын және, қажет болған жағдайда, жергiлiктi атқарушы органдар үмiт ете алатын несиенiң (қарыздың) шамамен алынған сомасын, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың басқару аппаратын ұстауға арналған шығыстардың шектi лимиттерiн хабарлайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталып, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi хабарлаған көрсеткiштер мен облыстар және республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерiнiң негiзгi параметрлерi бойынша өздерiнiң болжамды деректерi негiзiнде жергiлiктi атқарушы органдар өз бюджеттерiнiң болжамды көлемiн дербес белгiлейдi.
      3. Жергiлiктi бюджеттердiң жасалуы, бекiтiлуi және атқарылуы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен бюджеттiк жiктеуге сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Жалпымемлекеттiк салықтар мен кiрiстердiң облыстық маңызы бар қалалар бюджеттерi мен аудандар бюджеттерi арасында бөлiнуiн жергiлiктi өкiлдi органдар өздерiнiң қаржы жылына арналған облыстық (қалалық) бюджет туралы шешiмдерiне сәйкес жүзеге асырады.
      5. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстарының теңдестiрiлуi үшiн жауап бередi.
      6. Жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi атқарушы органдардың төменгi бюджеттердi жасау, бекiту және атқару процесiне араласуына жол берiлмейдi.
      7. Төменгi бюджеттерге функционалдық топтар бойынша нақты бағдарламаларды iске асыру үшiн республикалық бюджеттен субвенция түрiнде ерекше жағдайда берiлетiн ресми трансферттердiң көлемi республикалық бюджет туралы заңмен белгiленедi.
      8. Жергiлiктi бюджеттерде жоспарланып отырған қаржы жылының басындағы жергiлiктi бюджеттер қаражатының қалдығы есебiнен қолма-қол ақшаның айналым резервi құрылады, оны жергiлiктi атқарушы органдар қаржы жылы iшiнде өтiмдiлiктi басқару үшiн пайдаланады. Қолма-қол ақшаның айналым резервiнiң мөлшерi тиiстi жергiлiктi бюджеттердi бекiту кезiнде айқындалады.
      9. Облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкiмдерi кезектi жылына арналған республикалық бюджет туралы заң күшiне енгеннен кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрмей бюджеттiң бұрын болжанып жасалған көлемiн нақтылап, облыстық және қалалық (республикалық маңызы бар қалалар) бюджет жобасының пысықталған нұсқасын тиiстi мәслихаттың қарауына енгiзедi, ол екi апта iшiнде оны бекiту жөнiнде шешiм қабылдайды.
      10. Аудандар мен қалалардың (облыстық маңызы бар) әкiмдерi өз кезегiнде облыстық бюджеттiң жобасы бекiтiлгеннен кейiн бюджеттердiң жобасын екi апта мерзiмде тиiстi мәслихаттың қарауына енгiзедi, ол осындай мерзiмнен кешiктiрмей бюджеттi бекiту туралы шешiм қабылдайды. Арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерi де нақ осындай мерзiмдерде бекiтiледi.
      11. Тиiстi мәслихаттар алдағы қаржылық жылға арналған жергiлiктi бюджеттi бекiткенге дейiн 1 тоқсанның бюджетiн атқару алдағы қаржылық жылға арналған жылдық бюджет жобасының 1/4 бөлiгi мөлшерiнде жүзеге асырылады.
 
               IV тарау. ҮКIМЕТТIК НЕСИЕ БЕРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТIК
                               ҚАРЫЗ
 
      22-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн несие
 
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан, әдетте, мемлекеттiк банктер арқылы республикалық бюджетте көзделген сомалар шегiнде және ондағы мақсаттарға арнап мемлекеттiк несие бере алады.
      Несие беру тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi уақытша кассалық үзiлiстi жабу үшiн облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар әкiмдерiнiң өтiнiшi бойынша жергiлiктi бюджеттерге республикалық бюджеттен бюджеттiк несие (қарыз) бере алады.
      Нақ осы мақсатта жоғары тұрған жергiлiктi бюджеттер төменгi бюджеттерге бюджеттiк несие (қарыз) бере алады. Аталған несие (қарыз) тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң кепiлдiгiмен берiледi.
      Оларды берудiң тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiтетiн Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жасалу және атқарылу ережелерiмен белгiленедi.
 
      23-бап. Мемлекеттiк қарыз алу
 
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң заңды және жеке тұлғалардан, шет мемлекеттерден және халықаралық ұйымдардан республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру үшiн қарызға қаражат алуға құқығы бар.
      2. Мемлекеттiк қарызға қаржы алу заем шарттары немесе мемлекеттiк бағалы қағаздар шығару түрiнде жүзеге асырылады. Заем шарттарын жасаудың немесе мемлекеттiк бағалы қағаздар шығарудың тәртiбi мен ережелерi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген ережелерiмен белгiленедi.
      3. Республикалық бюджет туралы заңда Қазақстан Республикасы

 

Үкiметiнiң қарыз алуы нәтижесiнде пайда болған Қазақстан

Республикасының мемлекеттiк борышының лимитi, Қазақстан Республикасы

мемлекеттiк кепiлдiктерiнiң лимитi бекiтiледi, сондай-ақ аталған

мемлекеттiк борышқа қызмет көрсетуге арналған қаражат көзделедi.



     4.



     4. Республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

кепiлдiктерiнен туындайтын төлемдер бойынша тәуекелдi жабуға арналған

қаражат көзделедi.


     ЕСКЕРТУ. 23-бапта 3-тармақ жаңа редакцияда, 4-тармақ алынып

              тасталды 5-тармақ 4-тармақ болып есептелiндi - Қазақстан

              Республикасының 1997.06.16. N 125-1 Заңымен. 


Z970125_




     24-бап. Мемлекеттiк борыш


     1. Мемлекеттiк борыш:

     Қазақстан Республикасының резиденттер еместерi, шет мемлекеттер

мен халықаралық ұйымдар қарыз берушi болып табылатын сыртқы

мемлекеттiк борыштан;

     Қазақстан Республикасының резиденттерi қарыз берушi болып

табылатын iшкi мемлекеттiк борыштан тұрады.

     2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мемлекеттiк борышты басқару

мен қамтуды қамтамасыз етедi және ұйымдастырады.


                   V тарау. БЮДЖЕТТIҢ АТҚАРЫЛУЫ


     25-бап. Республикалық бюджеттiң атқарылу тәртiбi


     1. Республикалық бюджеттiң атқарылуын Қазақстан Республикасының

Үкiметi ұйымдастырады.


 
       2. Ұйымдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы қазынашылық беретiн рұқсаттар негiзiнде бюджеттiк мақсаттарға сәйкес шығыстар жұмсайды. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тиiстi қаржы жылына арналған шығыстар сметасын тапсырмаған және бөлiнген қаржыларды мақсатқа сай емес немесе тиiмсiз пайдаланған жағдайда бюджет қаржыларын бөлмеуге, қайтарып алуға және оларды жұмсауға тыйым салуға құқылы.
      3. Барлық мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есеп әзiрлеуге қажеттi ақпаратты оларға белгiленген мерзiмде табыс етуге мiндеттi.
      4. Бюджеттiң атқарылуы барысында бюджеттiк ұйымдардың құрылымы мен қызметтерiн жетiлдiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бөлiнген қаржыға мекемелер бойынша (бюджеттiк жiктеуге сәйкес) өзгерiстер енгiзуге және республикалық бюджеттiң тапшылығын жабу көздерiн өзгертуге құқығы бар.
      5. Республикалық бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдар Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмiмен бiр бағдарламадан, кiшi бағдарламадан, айрықша саладан екiншiлерiне қаржы аударуы мүмкiн.
      6. Жергiлiктi бюджеттердiң және бюджеттен тыс мақсатты қорлардың есебiнен ұсталатын ұйымдарға (республикалық бюджет туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда), қоғамдық және шығармашылық бiрлестiктер мен ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттiк қатысу үлесiнсiз шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге республикалық бюджеттен қаржы бөлуге жол берiлмейдi.
      7. Егер бюджеттiң атқарылу барысында Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттiк органдары нормативтiк құқықтық актiлер қабылдаса, соларға сәйкес облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар бюджеттерiнiң шығыстары ұлғайса не кiрiстерi азайса, олардың шығындары республикалық бюджет қаражаты есебiнен өтеледi және, керiсiнше, олардың шығыстары азайған немесе кiрiстерi ұлғайған жағдайда субвенциялар азайтылады, ал субвенциялық емес салалар бойынша олар өзара есеп айырысуға жатқызылады.
      8. Өткен жылғы кiрiстердi артығымен орындау нәтижесiнде қаржы жылының басында алынған бюджет қаржыларының бос қалдықтарын, сондай-ақ ағымдағы жылдың бюджетiн атқару барысында өткен кезең iшiндегi кiрiстердi артығымен орындау сомаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi бюджеттi атқару үстiнде пайда болатын қосымша шығындарды қаржыландыруға жұмсауы мүмкiн.
      9. Республикалық бюджетте алдағы қаржы жылының басындағы республикалық бюджет бойынша қаражат қалдығының есебiнен қолма-қол ақшаның айналым резервi құрылады, оны Қазақстан Республикасының Үкiметi қаржы жылы iшiнде өтiмдiлiктi басқару үшiн пайдаланады.
 
      ЕСКЕРТУ. 25-баптың 4-тармағына өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан
               Республикасының 1997.06.16. N 125-1 Заңымен. Z970125_
 
      26-бап. Жергiлiктi бюджеттердiң атқарылу тәртiбi
 
      1. Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi әкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiстер бюджеттерiнiң атқарылуын, бюджет қаржыларының тиiмдi әрi мақсатты жұмсалуын ұйымдастырады.
      2. Жергiлiктi бюджеттердi атқару бекiтiлген бюджеттердiң сомалары шегiнде құралатын облыстық бюджеттердiң, республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың бюджеттерiнiң, аудан бюджеттерiнiң тоқсанға бөлiнген кiрiстерi мен шығыстарының жазбасы бойынша жүзеге асырылады.
      Жергiлiктi қаржы органдарының бөлiнген бюджеттiк қаржылар мақсатқа сай емес немесе тиiмсiз пайдаланылған жағдайда қаржыландыруды тоқтата тұруға немесе қайтарып алуға құқығы бар.
      3. Жергiлiктi бюджеттiң есебiнен ұсталатын ұйымдар жергiлiктi қаржы органдарының келiсiмiмен қаржыларды, бекiтiлген бюджетте арнайы бөлiнгендерiнен басқа, бiр бағдарламадан, кiшi бағдарламадан және айрықша саладан екiншiсiне аударуы мүмкiн.
      4. Облыстық және қалалық (республикалық маңызы бар қалалар) бюджеттердi бекiткен кезде төменгi бюджеттермен қатар тиiстi облыстың аумағында және республикалық маңызы бар қалалар шегiнде орналасқан арнайы экономикалық аймақтар бюджеттерiмен өзара қатынастар да қаралады.
      Арнайы экономикалық аймақтың жергiлiктi бюджетпен өзара қатынастары арнайы экономикалық аймақтар туралы ережелерде белгiленген және кезектi жылдың тиiстi жергiлiктi бюджетiнде есепке алынған арнайы экономикалық аймақтардың бюджетiне түсетiн кiрiстердiң жалпы сомасының ұзақ мерзiмде тұрақты аударым нормативтi арқылы айқындалады. Арнайы экономикалық аймақтың қарауында қалатын түсiмдер республикалық бюджет пен арнайы экономикалық аймақтар орналасқан тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiске сәйкес жергiлiктi бюджеттерге қаржы аудару нормативiн анықтау үшiн қабылданатын жалпымемлекеттiк және жергiлiктi салықтар, алымдар және басқа түсiмдер қатарынан алып тасталады.
      5. Егер жергiлiктi атқарушы органдар бюджеттiң атқарылуы барысында нормативтiк актiлер қабылдап, осыған сәйкес төменгi бюджеттердiң шығыстары артса немесе кiрiстерi азайса, бұл бюджеттердiң қаржылары жоғары тұрған бюджеттен өтеледi: төменгi бюджеттердiң шығыстары азайған немесе кiрiстерi артқан кезде тиiстi сомалар жоғары тұрған бюджетке толық көлемiнде берiледi, ал субвенциялар бөлiну көзделген төменгi бюджеттер бойынша оның мөлшерi азайтылады.
      6. Жергiлiктi бюджеттерден республикалық бюджет және бюджеттен тыс қорлар есебiнен ұсталатын ұйымдарға (республикалық бюджет туралы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда), қоғамдық және шығармашылық бiрлестiктер мен ұйымдарға, сондай-ақ мемлекеттiң үлес қосып қатысуынсыз шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге қаржы бөлуге жол берiлмейдi.
      7. Кiрiстердi артығымен орындау нәтижесiнде қаржы жылының басында алынған бюджеттiк қаржылардың бос қалдықтарын, сондай-ақ ағымдағы жылдың бюджетiн атқару барысында өткен тоқсанда кiрiстердi артығымен орындау сомалары әкiмдердiң шешiмiмен тиiстi бюджеттi атқару үстiнде пайда болатын қосымша шығындарды қаржыландыруға жұмсалуы мүмкiн және ол жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жатпайды.
 
      27-бап. Бюджет шығыстарын секвестрлеу
 
      Егер бюджеттiң атқарылуы барысында тапшылықтың бекiтiлген деңгейiнiң артуы немесе бюджетке түсетiн кiрiстердiң айтарлықтай азаюы қалыптасса, онда Қазақстан Республикасының Үкiметi мен жергiлiктi атқарушы органдар Бюджеттiң құрастырылу және атқарылу ережелерiне сәйкес шығыстарды секвестрлеудi енгiзуге құқылы.
      Секвестрлеуге жатпайтын шығыстар түрлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының Парламентi мен жергiлiктi өкiлдi органдар тиiстi жылға арналған бюджеттер туралы заң шешiмдерде белгiлейдi.
 
 
            ЕСКЕРТУ. 27-бапта бiрiншi бөлiкке толықтыру енгiзiлдi, екiншi
               бөлiк жаңа редакцияда жазылды, үшiншi бөлiк алынып
               тасталды - Қазақстан Республикасының 1997.06.16.
               N 125-1 заңмен. Z970125_
 
      28-бап. Төтенше мемлекеттiк бюджет
 
      Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен мемлекеттiң барлық қаржы ресурстарын қамтитын Қазақстан Республикасының төтенше мемлекеттiк бюджеттi енгiзiлуi мүмкiн. Төтенше мемлекеттiк бюджет қолданылған кезде республикалық бюджет туралы заңның және барлық деңгейдегi бюджеттер туралы шешiмдердiң қолданылуы тоқтатылады.
      Төтенше бюджеттiң қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламентiне дереу хабарланады.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгiзу немесе таралуы ауқымды сипат алған табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан экономикаға экономикалық және қаржылық жағынан келтiрiлген едәуiр залал төтенше бюджеттi енгiзуге негiз болып табылады.
 
      29-бап. Қаржы рәсiмдерi және бюджеттердiң атқарылуын есепке алу
 
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдар үшiн және бюджеттен тыс қорлардың қаржыларын жұмсайтын барлық ұйымдар үшiн де мiндеттi әрi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткеннен кейiн күшiне енетiн Қаржы рәсiмдерi мен есеп беру нысандарын (мерзiмдiк және жылдық) жүргiзу ережелерiн әзiрлейдi.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес орталық атқарушы органдардың, жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдардың, мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдардың, сондай-ақ нысаналы қаржыландыру қорлары мен мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлардың бюджеттiк шоттарын ашу және жабу тәртiбiн айқындайды.
      3. Есептi кезеңiнiң iшiнде есеп берiлiп отырған қаржы жылы бюджетiнiң атқарылуы аясындағы операциялар аяқталады.
 
      30-бап. Бюджеттiң атқарылуы туралы есеп беру
 
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметi не оның тапсыруымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Парламентiне республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы түсiндiрме жазбасымен және қосымшаларымен жылдық есеп, сондай-ақ республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы айлық және тоқсандық хабарлама табыс етiп отырады.
      2. Жергiлiктi атқарушы органдар ай сайын алдағы жылға арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiнiң жобасын ұсыну үшiн белгiленген мерзiмде бекiтуге жоғары тұрған атқарушы органға және тиiстi мәслихатқа бюджеттiң атқарылуы туралы есептi табыс етедi.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ай сайын есеп берiлiп отырған кезең үшiн қорытындысы еселене түскен республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы жиынтық есеп жасап, оны Қазақстан Республикасы Үкiметiне табыс етедi.
      4. Барлық министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер мен өзге де орталық және жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар мен басқа да ұйымдар осы Заңға сәйкес бюджеттiң жасалуы және атқарылуы жөнiнде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi әзiрлеген нормативтiк актiлердi басшылыққа алуға мiндеттi.
 
              VI тарау. БЮДЖЕТТЕРДIҢ АТҚАРЫЛУЫН БАҚЫЛАУ
 
      31-бап. Бюджеттердiң атқарылуын бақылау
 
      1. Бюджеттен бөлiнетiн қаржы шығыстарының сметаларын жасаудың, оларды бекiтудiң дұрыстығы үшiн және бюджет қаражатын министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, ведомстволардың және меншiк нысандарына қарамастан, ұйымдардың тиiмдi әрi нысаналы пайдалануына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен оның аумақтық бөлiмшелерi жүзеге асырады.
      Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылауды Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi жүзеге асырады.
      2. Жергiлiктi бюджеттердiң қалыптастырылуы мен атқарылуына

 

бақылау жасауды тиiстi жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдарды

мiндеттi түрде хабардар ете отырып, тиiстi деңгейдегi өкiлдi

органдардың тексеру комиссиялары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлiгi мен оның аумақтық органдары жүзеге асырады.

     3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттарын

жоспарлау мен пайдалануға тексеру мен тексерiстер жүргiзудiң тәртiбi

мен дүркiндiлiгiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi

белгiлейдi.


               VII тарау. БЮДЖЕТ ЗАҢДАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШIН

                                ЖАУАПКЕРШIЛIК


     32-бап. Бюджет заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк


     Бюджет заңдарын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында

көзделген тәртiп бойынша жауапқа тартуға әкеп соғады.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi