Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңғырту және Дамыту банкi арасындағы Займ (Суландыру мен құрғату жүйелерiн жетiлдiру жобасы) туралы 1996 жылғы 25 маусымдағы келiсiмдi бекiту туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 27 қыркүйек N 36-I

Қолданыстағы

 


     Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта жаңғырту және

Дамыту банкi арасындағы Займ (Суландыру мен құрғату жүйелерiн

жетiлдiру жобасы) туралы 1996 жылғы 25 маусымда Америка Құрама

Штаттарының Колумбия округiнде қол қойылған келiсiм бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi


                                       Займның нөмiрi 4041 KZ


                         Қазақстан Республикасы


                                 мен


                 Халықаралық қайта құру және даму банкi


                             арасындағы


                         ЗАЙМ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ


          (Жер суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы)



                       1996 жылғы маусымның 25-i



                                       Займның нөмiрi 4041 KZ



                         ЗАЙМ ТУРАЛЫ КЕЛIСIМ


 
       ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ (Займ алушы) мен ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI (Банк) арасындағы 1996 жылғы 25 маусымдағы КЕЛIСIМ.
 
      (А) Займ алушы осы Келiсiмнiң 2-Қосымшасында сипатталған Жобаның

 

орындалатынына және оның басымдығына көз жеткiзе отырып, оның осы

Жобаны қаржыландыруда жәрдемдесуге Банкке сұрау салғанын НАЗАРҒА АЛЫП,


     Банк, атап айтқанда, жоғарыда айтылғанның негiзiнде осы

Келiсiмде, сондай-ақ Жоба туралы Банк пен ҚҰБ арасындағы нақ сол

күнгi Келiсiмде көзделген шарттарда Займ алушыға берiлген Займды

ұзартуға КЕЛIСIМ БЕРГЕНДIКТЕН,


     Осы арқылы Тараптар мыналар туралы уағдаласты:


                              I БАП

                    Жалпы шарттар. Айқындамалар


     1. 01-бөлiм. 1985 жылғы 1 қаңтардағы Банктiң "Займ және кепiлдiк

туралы келiсiмдерге қолданылатын Жалпы шарттары" (Жалпы шарттар)

төменде айтылған өзгертулерiмен бiрге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi

болып табылады:


     (а) 3.02-бөлiмнiң соңғы сөйлемi алынып тасталады;

     (б) 5.01-бөлiмнiң екiншi сөйлемi мынадай редакцияда өзгертiлдi;

     "Банк пен Займ алушы арасында өзгеше уағдаластық болып отырған

     жағдайларды қоспағанда, қаражатты алу (а) Банктiң мүшесi болып

     табылмайтын кез-келген елдiң аумағындағы шығындарға, немесе

     осындай аумақтарда шығарылған тауарлар мен көрсетiлетiн

     қызметтердiң ақысын төлеуге қатысты; немесе (b) егер тұлғалардың

     яки ұйымдардың пайдасына төленетiн төлемдерге немесе Банкке

     мәлiм болып отырған тауарлар импортына Бiрiккен Ұлттар Ұйымы

     Жарғысының ҮII Тарауына сәйкес қабылданған Бiрiккен Ұлттар Ұйымы

     Қауiпсiздiк Кеңесiнiң шешiмiмен тыйым салынған болса, осындай

     төлемдердi төлеу мақсатында немесе осындай импорттың ақысын

     төлеу үшiн жүргiзiлмейдi".


     (b) 6.02-бөлiмдегi (к) тармақшасының атауы (1) тармақшасы болып

     өзгертiлiп, жаңадан мынадай редакцияда (к) тармақшасы қосылған:


     "(к) Займ қаражатының бұдан былайғы кез-келген алынуы Банк

     Келiсiмi Баптарының 3-бөлiмiнiң III бабының ережелерiне сәйкес

     келмейтiн төтенше жағдай пайда болды".


     1.2-бөлiм. Егер контекстен өзгеше мағына тумаса, Жалпы шарттарда

айқындалатын кейбiр терминдер осы айқындамаларда бекiндiрiлген

мағыналарға ие болады, ал қосымша терминдер мынадай мағыналарды

бiлдiредi:

     (а) "Суресурстаркомы" Займ алушының әкiмшiлiк ұйымы - Су

         ресурстары жөнiндегi комитетi, сондай-ақ оның барлық құқық

         иеленушiлерiн бiлдiредi;


     (b) "ЭБ" осы Келiсiмнiң 5-Қосымшасының А бөлiмiнiң 3-тармағында

         айтылған АШМ жанынан Займ алушы алдағы уақытта құратын

         экология бөлiмiн бiлдiредi;


     (с) "ВҮК" осы Келiсiмнiң 5-Қосымшасының А бөлiмiнiң 1-тармағында

         көрсетiлген ведомствоаралық үйлестiру комитетiн бiлдiредi;


     (d) "АШМ" Займ алушының ауыл шаруашылығы министрлiгiн бiлдiредi;


     (e) "ЭБРМ" экология және биоресурстар министрлiгiн бiлдiредi;


     (f) "ОҮК" осы Келiсiмнiң 5-Қосымшасының А бөлiмiнiң 5-тармағында

         көрсетiлген облыстық үйлестiру комитеттерiн бiлдiредi;


     (q) "Қатысушы шаруашылық" немесе "қатысушы шаруашылықтар" осы

         Келiсiмнiң 5-Қосымшасының В 1 (а) тармақтарына сәйкес Жобаға

         қатысу үшiн iрiктелiп алынған шаруашылықты немесе

         шаруашылықтарды бiлдiредi;


     (h) "ЖЖБТТ" осы Келiсiмнiң 5-Қосымшасының А бөлiмiнiң

         7-тармағында көрсетiлген жер суландыру жүйесiн басқарудың

         тәжiрибелiк тобын бiлдiредi;


     (i) "ЖЖТ" 1995 жылғы 24 қарашадағы N 182 Бұйрыққа сәйкес АШМ

         жанынан Займ алушы құрған жобаны жүзеге асыру тобын

         бiлдiредi.


     (j) "Жобаны әзiрлеуге арналған аванс" Займ алушы мен Банк

         арасындағы 1995 жылғы 14 сәуiрдегi және 1995 жылғы 27

         шiлдедегi хаттар алмасу негiзiнде Банк Займ алушыға берген,

         Жобаны әзiрлеуге арналған аванстық қаражатты бiлдiредi.


     (k) "Қарар" Займ алушы осы Келiсiмнiң 5-Қосымшасының В Бөлiмiнiң

         1-тармағына сәйкес қабылдаған, Займ алушы Банктiң

         келiсiмiмен мезгiл-мезгiл толықтырып отыруы мүмкiн қарарды

         немесе қарарларды, кез-келген қосымшалар мен толықтыруларды

         бiлдiредi.


     (l) "Арнаулы шот" осы Келiсiмнiң 2.02 (b) бөлiмiнде сипатталған

         шотты бiлдiредi.


     (m) "Кiшi жоба" осы Келiсiмнiң 5-Қосымшасының В. 1 (a) тармағына

         сәйкес Жобаның А Бөлiмiне қосу үшiн таңдап алынған жобаны

         бiлдiредi.


     (n) "СПА" осы Келiсiмнiң 5-Қосымшасының А бөлiмiнiң 6-тармағында

         сипатталған Суды пайдаланушылар ассоциациясын бiлдiредi.


                              II БАП

                               Займ



 
       2. 01-бөлiм. Банк Займ алушыға займ туралы Келiсiмде баяндалған немесе көрсетiлген шарттарда жиынтық құны сексен миллион АҚШ долларына (80 000 000 АҚШ долларына) баламалы болатын, Займ бойынша алынатын қаражат сомасын көрсететiн әртүрлi валютада займ беруге келiседi, бұл ретте Банк әрбiр қаражат алынымын осындай алыным күнiне бағалайды.
 
      2.02-бөлiм. (а) Займ қаражаты осы Келiсiмнiң 1-Қосымшасының ережелерiне сәйкес Займ шотынан осы Келiсiмнiң 2-Қосымшасында сипатталған және Займ қаражатынан қаржыландырылуға тиiстi Жобаны жүзеге асыру үшiн қажеттi тауарлар мен қызметтердi ұқсас бағалары бойынша сатып алуға жұмсалған (немесе, егер Банк бұған келiсiм берсе, жұмсалуға тиiстi) шығындардың орнын толтыру үшiн алынуы мүмкiн.
 
      (b) Жобаның мақсаттары үшiн Займ алушы коммерциялық банкте
          қаражаттың қарсы шағым жасалудан, тәркiленуден немесе оларды
          тұмшалаудан бара-бар қорғалуын қоса, Банк үшiн қолайлы
          шарттарда долларлық арнаулы депозиттiк шот ашып, жүргiзiп
          отырады. Арнаулы шотқа салымдар салу және осы шоттан төлемдер
          төлеу осы Келiсiмнiң 6-Қосымшасының ережелерiне сәйкес
          жүзеге асырылады.
 
      (c) Займ туралы Келiсiм күшiне енген күннен кейiн iле-шала Банк
          Жобаны әзiрлеуге шоттан алынған және осы күнге дейiн
          қайтарылмаған негiзгi Аванс сомасын қайтару үшiн, сондай-ақ
          осыған байланысты барлық төленбеген есептемелердi төлеу үшiн
          қажеттi соманы Займ алушының атынан Займ шотынан алып, өзiне
          төлейдi. Осыдан кейiн осылайша алынуға тиiстi Аванстың
          алынбай қалған сомасы жойылады.
 
      2.03-бөлiм. 2003 жылдың 31 желтоқсаны немесе Банк белгiлейтiн осындай неғұрлым кейiнiрек күн Займ шотының жабылатын күнi болып табылады, Банк осындай неғұрлым кейiнiрек күн туралы Займ алушыны мезгiлiнде хабардар етедi.
      2.04-бөлiм. Займ алушы шоттан алынбаған негiзгi Займ сомасына жылына бiр проценттiң төрттен үшi ставкасы бойынша (1 %-тiң 3/4) мiндеттеме үшiн дүркiн-дүркiн комиссиялық төлемдер төлеп тұрады.
      2.05-бөлiм. (а) Займ алушы процент есептеудiң әрбiр кезеңiне осының алдындағы жарты жылдыққа қатысты айқындалған бiлiктi қарыз алу құнына тең ставка бойынша, оған бiр проценттiң тең жартысын қосып (1 %-тiң 1/2), алынған және қайтарылмаған негiзгi Займ сомасы бойынша дүркiн-дүркiн процент төлеп тұрады. Осы Келiсiмнiң 2.06-бөлiмiнде көрсетiлген күндердiң әрқайсысында Займ алушы процент есептеудiң

 

осының алдындағы кезеңi iшiнде алынып, қайтарылмаған негiзгi Займ

сомасына есептелген, процент есептеудiң осы кезеңi iшiнде қолданылып

келген ставка бойынша есептеп шығарылған процент төлейдi.


     (b) Әрбiр жарты жылдық аяқталғаннан кейiн Банк осындай жарты

         жылдыққа қатысты айқындалған бiлiктi қарыз алу құны туралы

         Займ алушыны мүмкiн болғанынша қысқа мерзiмде хабардар етедi.


     (c) Осы бөлiмнiң мақсаттары үшiн:


     (i) "Процент есептеу кезеңi" осы Келiсiмге қол қойылған

         уақыттағы процент есептеу кезеңiнен бастап, осы Келiсiмнiң

         2.06-бөлiмiнде көрсетiлген әрбiр күннiң нақ алдындағы күнi

         аяқталатын алты ай кезеңдi бiлдiредi.


    (ii) "Бiлiктi қарыз алу құны" Банк негiздей отырып айқындаған

         және Банк 1982 жылдың 30 маусымынан кейiн берген,

         қайтарылмаған қарыз алу құнының жылдық процентi ретiнде

         көрiнiс тапқан құнды бiлдiредi; оған Банк қаржыландыру үшiн

         бөлген қарыздар: (A) Банк инвестициялары; (B) Банктер осы

         бөлiмнiң (a) тармағында көрсетiлгенге қарағанда өзгеше

         айқындалған проценттiк ставкалармен 1989 жылдың 1 шiлдесiнен

         кейiн беруi мүмкiн займдар немесе олардың бөлiктерi бұған

         қосылмайды.


   (iii) "Жарты жылдық" күнтiзбелiк жылдың алғашқы алты айын немесе

         екiншi алты айын бiлдiредi.


     (d) Банк кемiнде алты ай бұрын Займ алушыға жiберiлген

         хабарламада көрсете алатын күнге осы бөлiмнiң (а), (b) және

         (c) (iii) тармақтарында мынадай редакцияда өзгертулер

         енгiзiледi:


         "(a) Займ алушы осының алдындағы тоқсанға қатысты айқындалған

         бiлiктi қарыз алу құнына тең тоқсан сайынғы ставка бойынша,

         оған бiр проценттiң тең жартысын қосып (1 %-тiң 1/2),

         алынған және қайтарылмаған негiзгi Займ қаражаты сомасы

         бойынша дүркiн-дүркiн процент төлеп тұрады. Осы Келiсiмнiң

         2.06-бөлiмiнде көрсетiлген күндердiң әрқайсысында Займ алушы

         осының алдындағы процент есептеу кезеңi iшiнде алынып,

         қайтарылмаған негiзгi Займ сомасына есептелген, процент

         есептеудiң осы кезеңiне қолданылып келген ставка бойынша

         есептеп шығарылған процент төлейдi".


         "(b) Әрбiр тоқсан аяқталғаннан кейiн Банк осы тоқсанға

         қатысты айқындалған бiлiктi қарыз алу құны туралы Займ

         алушыны мүмкiн болғанынша қысқа мерзiмде хабардар етедi".


         "(c) (iii) "Тоқсан" күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарында,

         1 сәуiрiнде, 1 шiлдесiнде немесе 1 қазанында басталатын үш

         айлық кезеңдi бiлдiредi".


     2.06-бөлiм. Процент және өзге де алымдар жарты жылда бiр рет -

әр жылдың 1 маусымы мен 1 желтоқсанында төленедi.


 
       2.07-бөлiм. Займ алушы негiзгi Займ сомасын осы Келiсiмнiң 3-Қосымшасында келтiрiлген өтеу кестесiне сәйкес қайтарады.
 
                               III БАП
                          Жобаның атқарылуы
 
      3.01-бөлiм. (а) Займ алушы осы Келiсiмнiң 2-Қосымшасында айқындалған Жобаның мақсаттарына өзiнiң қолдай қарайтыны туралы мәлiмдейдi және осы мақсатта Жобаның А және В Бөлiмдерiн АШМ арқылы, ал Жобаның С Бөлiмi АШМ, ЭБРМ және Займ алушының басқа да ұйымдары

 

арқылы, барынша адалдықпен әрi тиiмдiлiкпен әрi тиiстi қаржы,

экономикалық және әкiмшiлiк рәсiмдерiне сәйкес жүзеге асыратын болады

және қажет болғанда мезгiлiнде қаражат, жабдықтар, қызметтер және

Жобаны iске асыру үшiн қажеттi басқа да ресурстар бередi.


     (b) Осы бөлiмнiң (a) тармағында көзделген мiндеттемелерге

         қатысты ескертпелерсiз немесе шектеулерсiз және, егер Банк

         пен Займ алушы өзгеше уағдаласпаса, Займ алушы Жобаны осы

         Келiсiмнiң 5-Қосымшасында сипатталған жүзеге асыру

         Бағдарламасына сәйкес орындайтын болады:


     3.02-бөлiм. Егер Банкпен өзгеше келiсiлмесе, Жобаны орындау үшiн

қажеттi әрi Займ қаражаты есебiнен қаржыландырылуға тиiстi

тауарларды, жұмыстарды және консультанттардың қызметтерiн сатып алу

осы Келiсiмнiң 4-Қосымшасының ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.

     3.03-бөлiм. Жалпы шарттардың 9.07-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн және

оның ережелерiн шектеместен Займ алушы:


     (a) Банк үшiн қолайлы басшылық негiзiнде Жоба бойынша болашақ

         қызметтiң жоспарын әзiрлеп, Қорытынды күннен немесе осы

         мақсаттар үшiн Банк пен Займ алушы арасында келiсiлген

         осындай неғұрлым кейiнiрек күннен кейiн алты айдан

         кешiктiрмей Банкке тапсырады.


     (b) жоғарыда аталған жоспар бойынша Банктiң Займ алушымен пiкiр

         алысуына мүмкiндiк бередi;


     3.04-бөлiм. Займ алушы:


     (a) Жобаның орындалуын және тиiстi жобалық мiндеттердiң

         атқарылуын тұрақты негiзде әрi Банк үшiн қолайлы қызмет

         көрсеткiштерiне сәйкес бақылап отыруға және бағалауға өзiне

         мүмкiндiк беретiн саясатты жүзеге асырып, тиiстi

         рәсiмдердi орындап отырады;


     (b) осы бөлiмнiң (a) тармағына сәйкес атқарылатын бақылау және

         бағалау жөнiндегi қызметтiң нәтижелерiн қамтитын есеп беру

         уақытының алдындағы кезең iшiнде Жобаны iске асырудың қол

         жеткен нәтижелерi бойынша аталған есептi Банк үшiн қолайлы

         техникалық тапсырмаға сәйкес әзiрлейдi және 1999 жылдың 30

         қыркүйегiнде немесе шамамен осы күндерде Банкке тапсырып,

         онда аталған күннен кейiнгi кезең iшiнде Жобаны тиiмдi түрде

         орындауды және тиiстi мiндеттердi атқаруды қамтамасыз ету

         жөнiнде ұсынылатын шараларды баяндайды;


     (c) Банкпен бiрге 1999 жылдың 31 қазанына немесе Банк сұратуы

         мүмкiн осындай неғұрлым кейiнiрек күнге осы бөлiмнiң (b)

         тармағында көрсетiлген есепке шолу жасайды және аталған

         есептiң тұжырымдары мен ұсыныстарын әрi осы мәселе бойынша

         Банктiң пiкiрлерiн негiзге ала отырып, кейiннен Жобаның

         тиiмдi түрде аяқталуын және тиiстi мiндеттердiң атқарылуын

         қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi барлық шараларды қолданады.


     3.05-бөлiм. Займ алушы:


     (a) Банктiң жер суландыру секторындағы ұлттық инвестициялық

         бағдарламасын тұрақты негiзде, Банк үшiн қолайлы

         көрсеткiштерге сәйкес бақылап отыруға және бағалауға өзiне

         мүмкiндiк беретiн саясат жүргiзiп, тиiстi рәсiмдердi жүзеге

         асырады;


     (b) осы бөлiмнiң (a) тармағына сәйкес атқарылатын бақылау және

         бағалау жөнiндегi қызметтiң нәтижелерiн қамтитын жылдық есеп

         беру уақытының алдындағы кезең бойынша аталған есептi Банк

         үшiн қолайлы техникалық тапсырмаға сәйкес әзiрлейдi және

         шамамен 1997 жылдың 30 қыркүйегiнде, 1998 жылдың 30

         қыркүйегiнде, 1999 жылдың 30 қыркүйегiнде, 2000 жылдың 30

         қыркүйегiнде, 2001 жылдың 30 қыркүйегiнде және 2002 жылдың

         30 қыркүйегiнде Банкке тапсырып, онда Займ алушының жер

         суландыру секторына тиiстi, Жобаның мiндеттерiне жауап

         беретiн инвестициялар салуды, осы Келiсiмнiң 3.01 (a)

         бөлiмiне сәйкес жобаның атқарылуы үшiн қажеттi қаражат пен

         басқа да ресурстар беру жайындағы Займ алушының

         мiндеттемелерiн қамтамасыз ету жөнiнде қажет болатын тиiстi

         шараларды баяндайды, сондай-ақ:


     (c) Банкпен бiрге 1997 жылдың 31 қазанына, 1998 жылдың 31

         қазанына, 1999 жылдың 31 қазанына, 2000 жылдың 31 қазанына,

         2001 жылдың 31 қазанына, 2002 жылдың 31 қазанына немесе Банк

         сұратуы мүмкiн осындай неғұрлым кейiнiрек күнге осы бөлiмнiң

         (b) тармағында көрсетiлген есепке шолу жасайды және осы

         мәселе бойынша Банктiң пiкiрiн әрi осы Келiсiмнiң 3.01 (a)

         бөлiмiне сәйкес Жоба үшiн қажеттi қаражат пен өзге де

         ресурстар беру жөнiндегi Займ алушының мiндеттемелерiн

         есепке ала отырып, кейiннен жер суландыру секторында ұлттық

         инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыруды жалғастыра бередi.


                              IV БАП

                          Қаржы шарттары


     4.01-бөлiм. (a) Займ алушы бухгалтерлiк есепке алудың тиiстi

практикасына сәйкес қызмет нәтижелерiн, қолда бар ресурстарды және

Займ алушының Жобаны немесе оның қандай да болсын бiр бөлiгiн жүзеге

асыру үшiн жауапты мекемелерi мен ведомстволарының Жобаны орындауға

байланысты шығындарын көрсететiн бара-бар есептiк құжаттар мен

шоттарды жүргiзедi немесе олардың жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi.


     (b) Займ алушы:


     (i) Банк шарттарын қанағаттандыратын тәуелсiз аудиторлар тиiстi

         дәрежеде қолданатын тиянақты аудит қағидаттарына сәйкес осы

         бөлiмнiң (a) тармағында ескертiлген есептiк құжаттар мен

         шоттарды, соның iшiнде әрбiр қаржы жылының Арнаулы шоты

         бойынша есептiк құжаттар мен шоттарды аудиторлық тексерiстен

         өткiзедi;


    (ii) ескертiлген аудиторлар жүргiзген осындай аудиторлық

         тексерiс туралы есептi Банк негiздей отырып сұратуы мүмкiн

         көлемде және сондай дәрежеде нақтылап, әзiр болуына қарай,

         бiрақ қаржы жылы аяқталғаннан кейiн алты айдан кешiктiрмей

         Банкке берiп отырады; және


   (iii) Банк негiздей отырып дүркiн-дүркiн сұратуы мүмкiн,

         ескертiлген есептiк құжаттарға, шоттарға және аудиторлық

         тексерiстерге байланысты өзге де ақпаратты Банкке берiп

         отырады.


     (c) жүзеге асыру үшiн шығыс ведомостары негiзiнде Займ шотынан

қаражат алу жүргiзiлген барлық шығындар бойынша Займ алушы:


     (i) осындай шығындарды көрсететiн есептiк құжаттар мен шоттарды

         жүргiзуге немесе осы бөлiмнiң (a) тармағына сәйкес олардың

         жүргiзiлуiн қамтамасыз етуге;


    (ii) осындай шығындарды айғақтайтын барлық есептiк құжаттаманы

         (контрактыларды, тапсырыстарды, шот-фактураларды,

         түбiртектердi, шоттарды және өзгелерiн) Банк Займ шотынан

         соңғы рет қаражат алынған немесе Арнаулы шоттан төлемдер

         төленген қаржы жылындағы аудиторлық есептi алғаннан кейiн,

         әрi кеткенде, бiр жыл iшiнде сақтауға;


   (iii) Банктiң уәкiлдерiне осындай құжаттаманы тексеруге мүмкiндiк

         беруге;


    (iv) осындай есептiк құжаттар мен шоттар осы бөлiмнiң (b)

         тармағында көрсетiлген жыл сайынғы тексерiске қосылуын және

         аудит туралы есепте осы қаржы жылы iшiнде ұсынылған шығыс

         ведомостары оларды әзiрлеу кезiнде қолданылған iшкi бақылау

         рәсiмдерi мен әдiстерiн есепке алғанда аталған қаражат алу

         үшiн негiз бола ала ма, жоқ па - сол туралы ескертiлген

         аудиторлардың жеке тұжырымы болуын қамтамасыз етуге мiндеттi.


                              V БАП

                     Банктiң қорғану құралдары


     5.01-бөлiм. Жалпы шарттардың 6.02 (I) бөлiмiне сәйкес мынадай

қосымша, оқиғалар, атап айтқанда, Жарлыққа түзетулер енгiзу, оның

күшiн жою немесе оны орындаудан бас тарту ескертiледi.

     5.02-бөлiм. Жалпы шарттардың 7.01 (h) бөлiмiне сәйкес мынадай

қосымша оқиға, осы Келiсiмнiң 5.01-бөлiмiнде көзделген оқиға болатыны

ескертiледi.


                              VI БАП

            Күшiне ену мерзiмi. Қолданылу күшiн тоқтатуы



 
       6.01-бөлiм. Мынадай оқиға Жалпы шарттардың 12.01 (c) бөлiмiне сәйкес Займ туралы осы Келiсiмнiң күшiне енуiнiң қосымша шарты ретiнде белгiленедi.
      6.02-бөлiм. Мынау, атап айтқанда, Жарлық тиiстi дәрежеде қабылданып алынып, күшiне енгiзiлгенi Жалпы шарттардың 12.02 (c) бөлiмiне сәйкес Банкке тапсырылатын Қорытындыға немесе Қорытындыларға енгiзу қажет болатын қосымша мәселе ретiнде белгiленедi.
      6.03-бөлiм. Осы арқылы Жалпы шарттардың 12.04-бөлiмiнiң

 

мақсаттары үшiн осы Келiсiмге қол қойылған күннен бастап тоқсан (90)

күн мерзiм белгiленедi.


                              VII БАП

                  Займ алушының уәкiлдерi, мекен-жайлар


     7.01-бөлiм. Қаржы министрi немесе қаржы министрiнiң орынбасары

Жалпы шарттардың 11.03-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн Займ алушының уәкiлi

ретiнде айқындалады.

     7.02-бөлiм. Жалпы шарттардың 11.01-бөлiмiнiң мақсаттары үшiн

мынадай мекен-жайлар айқындалады:


     Займ алушы үшiн:

     Қаржы министрлiгi

     480091 Қазақстан Республикасы

     Алматы, Абылай хан даңғылы 97

     Телекс: 251 245 FILIN


     Банк үшiн:

     International Bank for Rekonstruktion and Development

     1818 H Strееt, N. W.

     Wаshinqtоn, D. С. 20433

     United States of Amerika

     Телеграф:                     Телекс:

     INBAFRAD                      248423 (RCA)

     Wаshinqtоn, D. С.             82987 (FTCC)

                                   64145 (WUI) немесе

                                   197688 (TRT)


     ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ РЕТIНДЕ Тараптар өздерiнiң тиiстi дәрежеде

өкiлеттiгi бар уәкiлдерi арқылы әрекет ете отырып, осы Келiсiмге

Америка Құрама Штаттарының Колумбия округiнде, жоғарыда көрсетiлген

күнi және жылы қол қойды.


     ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮШIН

     Өкiлеттi уәкiл


     ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЙТА ҚҰРУ

     ЖӘНЕ ДАМУ БАНКI ҮШIН


     Еуропа және Орта Азия Аумағының

     Вице-президентi


     1-ҚОСЫМША

     Займ қаражатын шоттан алу


     1. Төмендегi кестеде займ қаражатынан қаржыландыруға жататын

шығындар санаты, Займ қаражатының әрбiр санат бойынша бөлiнуi және әр

санат бойынша Займ қаражатынан қаржыландыруға жататын процентпен

көрсетiлген шығындар үлесi айқындалған:


     санаты                Бөлiнген Займ   Қаржыландыруға жататын

                           сомасы          шығындар үлесi (%)


(1) Тауарлар              3 500 000       100 % шетелдiк шығындар,

                                           100 % жергiлiктi шығындар

                                           (бағасы франк-зауыт), сол

                                           жерде сатып алынған басқа

                                           тауарлар үшiн 85 %

                                           жергiлiктi шығындар


(2) Жұмыстар             60 400 000             70 %


(3) Консультанттардың                          100 %

     қызметi


(4) Жобаны әзiрлеуге

     арналған авансты өтеу 1 500 000       Келiсiмнiң 2.02

                                           (с)-тарауына сәйкес тиесiлi

                                           сома

(5) Бөлiнбеген қаражат    3 000 000


     ЖИЫНЫ                80 000 000

---------------------------------------------------------------------


     2. Осы қосымшаның мақсаттары үшiн:


 
       (a) "шетелдiк шығындар" терминi Займ алушының елiнен басқа кез келген елдiң аумағынан жеткiзiлетiн тауарлар мен қызметтердi сатып алуға Займ алушының елiнен басқа кез келген елдiң валютасымен жұмсалған шығындарды бiлдiредi;
 
      (b) "жергiлiктi шығындар" терминi Займ алушының аумағынан жеткiзiлетiн тауарлар мен қызметтердi сатып алуға Займ алушының валютасымен жұмсалған шығындарды бiлдiредi.
 
      3. Жоғарыдағы 1-тармақтың ережелерiне қарамастан:
      (a) егер осы Келiсiмнiң 7-қосымшасына сәйкес Банк қолдаған төлемдер жүргiзiлетiн тиiстi қосымша жобаны Займ алушы бекiтпесе, (2) санатқа енгiзiлген шығындардың орнын толтыруға арналған төлемдерге қатысты қаражат алу жүргiзiлмейдi.
      4. Банк келiсiм-шарт негiзiнде 200 000 АҚШ долларына тауарлар, 50 000 АҚШ долларына баламалы сомаға жұмыс сатып алу жөнiндегi шығындарды төлеу; келiсiм-шарт бойынша консультациялық қызметке (i) консультациялық фирмалар үшiн 100 000 АҚШ долларына дейiн және (ii) жеке тұлғалар үшiн 50 000 АҚШ доллары сомасында ақы төлеу үшiн Займ шотынан қаражат алу Банк Займ алушыны хабардар ететiн шарттарға сәйкес шығыс ведомостары негiзiнде жүзеге асырылуын сұрай алады.
 

     2-ҚОСЫМША

     Жобаның сипаттамасы


 
 
       Жобаның мақсаты (a) жер суландыру және дренаж жүйесiн қайта құру, су шаруашылығы жүйесiн жетiлдiру, оны пайдалану мен жөндеудi жақсарту есебiнен Қазақстан Республикасында тұрақты суарылатын ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң дамуына жағдай жасау; (b) ауыл шаруашылығы практикасының барынша тиiмдi және өнiмдi әдiстерiн енгiзу, фермерлер үшiн ақпарат қызметiн құру; сондай-ақ (c) Займ алушының жер суландыру және дренаж жүйелерi мәселелерiмен шұғылданатын ұйымдары мен ведомстволарының институттық мүмкiндiктерiн нығайту болып табылады.
      Займ алушы мен Банк көрсетiлген мақсаттарға жету үшiн мезгiл-мезгiл уағдаласып отыратын бұдан кейiнгi өзгерiстердi есепке ала отырып, Жобаға төмендегi бөлiктер енгiзiлдi:
 
      А бөлiгi. Жер суландыру және дренаж жүйесiн қайта құру
 
      Қосымша жоба шеңберiнде жер суландыру мен дренаждың шаруашылық және шаруашылық аралық жүйесiн қайта құру есебiнен арық суын пайдаланудың сенiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiн жетiлдiру.
 
      В бөлiгi. Жекешелендiрiлген шаруашылықтардың ауыл шаруашылығының
                дамуы
 
      Ауыл шаруашылығы қызметкерлерiн оқытуды жетiлдiру, сынақтар мен ақпарат қызметiн көрсету практикасын дамыту мақсатында жекешелендiрiлген шаруашылықтардың ауыл шаруашылығының дамуын қажеттi тауарлармен және қызметтермен қамтамасыз ету есебiнен ынталандыру.
 

 

     С бөлiгi. Институттық даму


     1. Тауарлармен, қызметпен, оқытумен қамтамасыз ету арқылы Жобаны

жүзеге асыру мақсатында АШМ, ЭБРМ, ЖЖТ және Займ алушының басқа да

ұйымдарының институттық мүмкiндiктерiн нығайту.

     2. Қызмет көрсету жолымен ЖЖБТ құру жөнiнде зерттеулер жүргiзу

арқылы шаруашылық аралық жер суландыру жүйесiн пайдалану мен

басқаруды жетiлдiру.


     ***

     Жобаны жүзеге асыру 2002 жылғы 31 желтоқсанда аяқталады деп

болжануда.


     3-ҚОСЫМША

     Займды өтеу кестесi


         Төлеу мерзiмi                        Займның негiзгi сомасын

                                              төлеу (доллармен)


     2001 ж. 1 желтоқсан                       1 550 000

     2002 ж. 1 маусым                          1 605 000

     2002 ж. 1 желтоқсан                       1 660 000

     2003 ж. 1 маусым                          1 720 000

     2003 ж. 1 желтоқсан                       1 780 000

     2004 ж. 1 маусым                          1 845 000

     2004 ж. 1 желтоқсан                       1 905 000

     2005 ж. 1 маусым                          1 975 000

     2005 ж. 1 желтоқсан                       2 040 000

     2006 ж. 1 маусым                          2 115 000

     2006 ж. 1 желтоқсан                       2 185 000

     2007 ж. 1 маусым                          2 265 000

     2007 ж. 1 желтоқсан                       2 345 000

     2008 ж. 1 маусым                          2 425 000

     2008 ж. 1 желтоқсан                       2 510 000

     2009 ж. 1 маусым                          2 595 000

     2009 ж. 1 желтоқсан                       2 685 000

     2010 ж. 1 маусым                          2 780 000

     2010 ж. 1 желтоқсан                       2 880 000

     2011 ж. 1 маусым                          2 980 000

     2011 ж. 1 желтоқсан                       3 085 000

     2012 ж. 1 маусым                          3 190 000

     2012 ж. 1 желтоқсан                       3 300 000

     2013 ж. 1 маусым                          3 415 000

     2013 ж. 1 желтоқсан                       3 535 000

     2014 ж. 1 маусым                          3 660 000

     2014 ж. 1 желтоқсан                       3 785 000

     2015 ж. 1 маусым                          3 920 000

     2015 ж. 1 желтоқсан                       4 055 000

     2016 ж. 1 маусым                          4 210 000


     * Бұл бағандағы сандар қаржы алудың тиiстi күнiнде айқындалған

доллар баламасын бiлдiредi. Қараңыз. Жалпы шарттар, 3.04 және

4.03-тараулар.


     Мерзiмiнен бұрын өтегенi үшiн берiлетiн сыйақылар


     Жалпы шарттардың 3.04(b)-тарауына сәйкес кез келген өтеу

мерзiмiндегi Займның негiзгi сомасын мерзiмiнен бұрын өтегенi үшiн

төленген алым дегенiмiз мерзiмiнен бұрын өтеудiң тиiстi сәтiне

айқындалған процент болып табылады.


     Мерзiмiнен бұрын өтеу кезеңi                  Сыйақы

                                        Мерзiмiнен бұрын өтеу күнiнде

                                        Займ сомасына қолданылатын

                                        проценттiк ставка (жылдық

                                        процент) мынаған көбейтiлген


     Өтеу мерзiмiне дейiн үш жылдан

     аспайтын                                      0,15


     Өтеу мерзiмiне дейiн үш жылдан

     астам, бiрақ алты жылдан аспайтын             0,30


     Өтеу мерзiмiне дейiн алты жылдан

     астам, бiрақ 11 жылдан аспайтын               0,55


     Өтеу мерзiмiне дейiн 11 жылдан

     астам, бiрақ 16 жылдан аспайтын               0,80


     Өтеу мерзiмiне дейiн 16 жылдан

     астам, бiрақ 18 жылдан аспайтын               0,90


     Өтеу мерзiмiне дейiн 18 жылдан астам          1,00


     4-ҚОСЫМША

     Сатып алулар және консультанттардың қызметi


     I-бөлiм.    Тауарлар мен жұмыстар сатып алу


     А бөлiгi:   Жалпы ақпарат



 
       Тауарлар мен қызметтер сатып алу Банк 1995 жылғы қаңтарда жариялаған және 1996 жылғы қаңтарда қайта қараған "Басшылық ХКДБ-нiң займдары және МАР кредиттерi бойынша сатып алынған заттар" (басшылық) 1-бөлiмiнiң ережелерiне және осы бөлiмнiң мынадай ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады:
 
      В бөлiгi: Халықаралық конкурстық сауда-саттықтар
 
      1. Осы Қосымшаның С бөлiгiнiң ережелерiнде көрсетiлгеннен басқа кезде тауарлар мен жұмыстар сатып алу "Басшылықтың" II тарауы мен 1-қосымшаның 5-тармағының ережелерiне сәйкес жасалған келiсiм-шарттар бойынша жүзеге асырылады.
      2. Төмендегi ереже В бөлiгiнiң 1-тармағының ережелерiне сәйкес

 

жасалатын келiсiм-шарттар бойынша тауарлар мен жұмыстар сатып алу үшiн

қолданылады.


            Хабарламалар мен хабарландырулар

     Құны 10 000 000 долларлық баламада және одан да жоғары бағаланған

келiсiм-шартқа жарияланған алдын ала маманданған iрiктеуге немесе

тендерлерге қатысуға шақыру Басшылықтың 2.8-тармағында баяндалған

үлкен келiсiм-шарттарға қатысты қолданылатын рәсiмдерге сәйкес

орналастырылады.


     С бөлiгi:   Өзге де сатып алу рәсiмдерi


     1. Ұлттық конкурстық сауда-саттықтар



 
       Бiр келiсiм-шарт үшiн сметалық құны 500 000 АҚШ долларына баламалы сомадан кем, ал жиынтық құны 2 000 000 АҚШ долларының баламасынан аспайтын жұмыстарды Басшылықтың 3.3 және 3.4-тармақтарының ережелерiне сәйкес жасалған келiсiм-шарттар бойынша сатып алуға болады.
 
      2. Халықаралық сатып алулар
 
      Бiр келiсiм-шарт үшiн сметалық құны 200 000 АҚШ долларының баламасынан кем соманы құрайтын, ал жиынтық сомасы 3 000 000 АҚШ долларының баламасынан аспайтын тауарларды Басшылықтың 3.5 және 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес халықаралық сатып алулар рәсiмдерi негiзiнде жасалған келiсiм-шарттар бойынша сатып алуға болады.
 
      3. Ұлттық сатып алулар
 
      Бiр келiсiм-шарт үшiн сметалық құны 50 000 АҚШ долларының баламасынан кем соманы құрайтын, ал жиынтық сомасы 2 000 000 АҚШ долларының баламасынан аспайтын тауарларды Басшылықтың 3.5 және 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес ұлттық сатып алулар рәсiмдерi негiзiнде жасалған келiсiм-шарттар бойынша сатып алуға болады.
 
      4. Кiшi-гiрiм жұмыстарды сатып алу
 
      Бiр келiсiм-шарт үшiн сметалық құны 100 000 АҚШ долларының баламасынан кем, ал жиынтық сомасы 500 000 АҚШ долларының баламасынан аспайтын жұмыстарды белгiлi кәсiпке сәйкес келетiн үш (3) отандық мердiгерден жазбаша шақыруға жауап ретiнде алынған бағалау негiзiнде жасалған, қатаң кесiмдi бағалы қойылған келiсiм-шарт бойынша сатып алуға болады. Шақыруға жұмыстың толық сипаттамасы, оның iшiнде негiзгi ерекшелiктер жұмысты аяқтаудың талап етiлiп отырған күнi, Банк үшiн тиiмдi шарттың негiзгi нысаны және қолайлы жағдайларда тиiстi сызбалар енгiзiледi. Келiсiм-шарт талап етiлiп отырған жұмысты орындау үшiн ең аз баға ұсынған және келiсiм-шартты табысты аяқтауға қажеттi тәжiрибесi мен ресурсы бар мердiгерге берiледi.
 
      Д бөлiгi: Банктiң сатып алулар бойынша шешiмдердi тексеру
 
      1. Сатып алуларды жоспарлау
 
      Басшылыққа қосымшаның 1-тармағының ережелерiне сәйкес сауда-саттыққа қатысу үшiн алдын-ала iрiктеуге шақырулар жiберуге дейiн немесе конкурстық ұсыныстар беруге дейiн Банкке Жоба бойынша сатып алулардың ұсынылатын жоспарын тексеруге және бекiтуге беру керек. Барлық тауарлар мен жұмыстарды сатып алу Банк мақұлдаған сатып алулар жоспарына және аталған 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жүргiзiлуi қажет.
 
      2. Алдын-ала тексеру
 
      Сметалық құны 20 000 АҚШ долларына баламалы немесе одан артық тауарлар сатып алуға арналған келiсiм-шартқа; құны 500 000 АҚШ доллары немесе одан артық жұмыстарды сатып алуға жасалған әрбiр келiсiм-шартқа; ұлттық сауда-саттық рәсiмдерiне сәйкес жұмыстар сатып алуға жасалған бiрiншi келiсiм-шартқа және С.4 бөлiкке сәйкес сатып алынатын үлкен емес жұмыстарды орындауға жасалған бiрiншi келiсiм-шартқа қатысты Басшылықтың 1-қосымшасының 2 және 3-тармағында баяндалған тәртiп қолданылады.
 
      3. Кейiнгi тексеру
 
      Осы бөлiктiң 2-тармағына сәйкес бекiтiлмеген әрбiр келiсiм-шартқа қатысты Басшылықтың 1-қосымшасының 4-тармағында баяндалған рәсiмдер қолданылады.
 
      II БӨЛIМ. Консультанттар жалдау
 
      1. Консультациялық қызмет көрсету туралы келiсiм-шарт 1981 жылғы тамызда Банк жариялаған "Басшылық: Банктiң Займ алушыларының және атқарушы ұйым ретiнде Бүкiл дүние жүзiлiк банктiң консультанттарды пайдалануы" (Консультанттарды пайдалану жөнiнде басшылық) ережелерiне сәйкес жасалады. Ұзақ уақытқа созылатын, күрделi тапсырмаларға мұндай келiсiм-шарттар жасау Банк шығарған консультациялық қызмет көрсетуге арналған келiсiм-шарттың Банктiң келiсiмiмен жасалған өзгерiстер енгiзiлген бiр үлгiдегi нысанына негiзделуi қажет. Банк шығарған бiр үлгiдегi тиiстi келiсiм-шарттық құжаттама болмаған жағдайда Займ алушы Банкке қолайлы басқа бiр үлгiдегi құжатты пайдаланады.
      2. Осы Бөлiмнiң 1-тармағының ережелерiне қарамастан, Банк тарапынан қысқа тiзiмдердi, iрiктеу рәсiмдерiн, шақыру-хаттарын, ұсыныстарды, бағалау есептерiн және келiсiм-шарттарды алдын-ала тексерудi немесе мақұлдауды көздейтiн Консультанттарды пайдалану жөнiндегi басшылықтың ережелерi мыналарға: (a) консультациялық фирмаларды жалдау жөнiндегi, сметалық құны 100 000 АҚШ долларының баламасынан кем болатын келiсiм-шарттарға немесе (b) конкурс болмаған жағдайда консалтингтiк компанияларды таңдауға; (c) Банк негiздi түрде ерекше маңызды деп айқындаған тапсырмаларға; (d) егер өзгерiстердiң нәтижесiнде келiсiм-шарттың құны 50 000 АҚШ долларына баламалы немесе одан жоғары болса, жеке консультанттарды жалдауға жасалған келiсiм-шарттарға енгiзiлген өзгерiстерге қатысты қолданылмайды.
 

     5-ҚОСЫМША

     Жобаны жүзеге асыру бағдарламасы


 
 
       А бөлiгi: Жобаны жүзеге асыруға жалпы жауапкершiлiк
 
      1. МҮК. Займ алушы Жоба аяқталғанға дейiн АШМ-нiң жоғарғы ресми тұлғасы төрағалық ететiн министрлiк аралық үйлестiру комитетiнiң (МҮК) қызметiн жүзеге асырады, Займ алушының мына министрлiктерiнiң: Қаржы министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң, Геология министрлiгiнiң, Құрылыс министрлiгiнiң, ЭБРМ-нiң және Су ресурстары комитетiнiң, ЖЖТ-ның, Шетелдiк капиталды пайдалану жөнiндегi комитеттiң, Жермемкомның, гидрометқызметтiң, Мемлекеттiк эпидемиология станциясының, Денсаулық сақтау министрлiгiнiң, Орман шаруашылығы министрлiгiнiң өкiлдерi оған мүше болып табылады. МҮК Жобаны жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстардың барысына жасалған талдау үшiн және Жоба шеңберiнде ведомствоаралық үйлестiрумен байланысты барлық жалпы мәселелердiң шешiлуi үшiн жауап бередi.
      2. АШМ және ЖЖТ. АШМ Жобаның жалпы жүзеге асуы үшiн жауап бередi және бақылау жүргiзедi. ЖЖТ Жобаны басқару жөнiндегi күнделiктi қызмет, басқару мен үйлестiру, соның iшiнде сатып алуға, бухгалтерлiк есеп жүргiзуге, займ қаражатын төлеу мен жұмсауға, аудитке, есептемеге байланысты қызмет, сондай-ақ мүмкiндiгi мол қосымша жобаларды сәйкестеу, жасау, талдау мен iрiктеу үшiн жауап бередi. ЖЖТ-ға осы Келiсiмнiң 4-қосымшасы II бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес қызметке тағайындалатын маман консультанттар көмек көрсетедi, олар ЖЖТ-ға: (i) Жоба бойынша жалпы жоспарлау мен басқару; (ii) жер суландыру мен дренаж жұмыстарын жобалау және жүргiзу; (iii) шаруашылықты басқару және оқыту; (iv) қоршаған орта; (v) сатып алу; (vi) қаржыны басқару; және (vii) қосымша жобаларды бағалау және жұмыс нәтижелерiн қадағалау жөнiндегi мәселелер бойынша консультациялар бередi, бiрақ мұнымен ғана шектелiп қалмайды.
      3. ҚОҚБ. АШМ 1997 жылғы 31 наурызға қарай АШМ-нiң құрамында Қоршаған ортаны қорғау бөлiмiн (ҚОҚБ) құрады. Құрамына қажетiнше маман-экологтар кiретiн ҚОҚБ-нiң басшылығына АШМ-нiң басшы қызметкерi сайланады. ЭБ басқа да қызметтерiне қоса мыналар: (i) қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi салалық саясатты және жұмыс жоспарын жасау мен iс жүзiне асыру; (ii) Займ алушының экологиялық заңдары бойынша АШМ-нiң жауапкершiлiгiн сақтау мақсатында жоспарлау мен басқару; (iii) салалық, аймақтық және нақтылы жобалық қызметтi жүзеге асыру кезiнде қоршаған ортаның жағдайына бағалау жүргiзу бойынша АШМ-нiң мүмкiндiктерiн дамыту; (iv) салалық экология мәселелерi бойынша; және (v) Займ алушының басқа да экологиялық ұйымдарымен өзара қарым-қатынасы үшiн жауап бередi.
      4. ЭБРМ. Экология және биоресурстар министрлiгi Жоба шеңберiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерiн үйлестiру үшiн жауап бередi.
      5. ОҮК. Займ алушы Банкке қолайлы шарт жағдайларына сәйкес Жобаның жүзеге асуы аяқталғанға дейiн облыстық үйлестiру комитеттерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi, ол облыстық деңгейдегi қосымша жобалармен байланысты ведомствоаралық мәселелердi шешуде ЖЖТ-ға көмек көрсетедi.
      6. СПА. АШМ қажеттi дәрежеде консультанттардың көмегiмен және Банкке қолайлы тәсiлмен бұрынғы кеңшарлар мен ұжымшарлар шекарасында Су пайдаланушылар ассоциациясын құрудың нормативтiк-құқықтық негiздерiн зерттеп, жасайды, осының шеңберiнде СПА дренаж жүйесiн пайдалану мен басқару үшiн жауап бередi.
      7. ЖЖБТТ. АШМ ЖЖБТТ-ның құқықтық, ұйымдық, функциялық және техникалық аспектiлерiне байланысты зерттеулердi Банк үшiн қолайлы техникалық тапсырмаға сәйкес қамтамасыз етедi және 1997 жылғы 30 сәуiрге дейiн аяқтайды.
 
      В бөлiгi: Жобаны жүзеге асыру жөнiндегi нақтылы мiндеттер
 
      1. Займ алушы Банк қанағаттанарлық Жарлық қабылдайды, онда Жобаның А бөлiгi орындалуының құқықтық негiздерi, оның iшiнде осы Келiсiмнiң 7-қосымшасында баяндалған рәсiмдер, құқықтық өлшемдер, сондай-ақ мерзiм мен шарттар белгiленедi.
      2. Займ алушы: (a) жобаға қатысу рәсiмдерi мен өлшемдерiне сәйкес, сондай-ақ Жарлықта баяндалған және Банк үшiн қолайлы шарттар мен ережелерге, соның iшiнде жобаға қатысу рәсiмдерi мен өлшемдерiне, сондай-ақ осы Келiсiмнiң 7-қосымшасында баяндалған шарттар мен ережелерге сәйкес Жобаның А бөлiгi бойынша қосымша жобаларды, сондай-ақ Жобаға енгiзу үшiн шаруашылықтарды таңдап алады; және (b) қосымша жобаларды Жарлықта баяндалған және Банк үшiн қолайлы мерзiмдер мен шарттарға, соның iшiнде осы Келiсiмнiң 7-қосымшасы С бөлiгiндегi мерзiмдер мен шарттарға сәйкес жүзеге асырады.
      3. Займ алушы белгiленген тәртiпке сәйкес, жоба аяқталғанға дейiн АШМ жанындағы Жобаны жүзеге асыру тобының (ЖЖТ) тұрақты қызмет етуiн қамтамасыз етедi, Жобаның табысты жүзеге асуы үшiн қажеттi және Банк үшiн қолайлы өкiлеттiктер шеңберiне сәйкес топтардың - кадрлармен, оның басқармаларының бiлiктi мамандармен тұрақты толықтырылуын қамтамасыз етедi.
      4. Займ алушы бұрынғы кеңшарлар мен ұжымшарлар шекарасынан тыс орналасқан жер суландыру және дренаждық инфрақұрылымдарды пайдалануға, күтiп ұстауға және жөндеуге жұмсалған шығындарды өтеу ставкаларын жалпы мемлекеттiк ауқымда 1997 жылғы 31 желтоқсанға дейiн

 

кем дегенде елу бес процент (55 %), 1998 жылғы 31 желтоқсанға дейiн

жетпiс процент (70 %), 1999 жылғы 31 желтоқсанға дейiн сексен процент

(80 %) және 2000 жылғы 31 желтоқсанға дейiн тоқсан проценттен (90 %)

астам қамтамасыз етедi.


     6-ҚОСЫМША

     Арнаулы шот


     1. Осы қосымшаның мақсаттары үшiн



 
       (a) "өкiлеттi санаттар" терминi осы Келiсiмнiң 1-қосымшасының 1-тармағындағы кестеде көрсетiлген (1), (2) және (3) санаттарды бiлдiредi;
      (b) "өкiлеттi шығындар" терминi Жобаны жүзеге асыруға қажеттi және осы Келiсiмнiң 1-қосымшасының шарттарына сәйкес тиiстi санаттарға мезгiл-мезгiл бөлiнетiн Займ қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызметтердi лайықты бағаға сатып алуға жұмсалған шығындарды бiлдiредi;
      (c) "рұқсат етiлген қаражат" терминi осы қосымшаның 3(а)-тармағына сәйкес Займ шотынан алынып, Арнаулы шотқа есептелетiн, 1 000 000 АҚШ долларына баламалы соманы бiлдiредi, бiрақ мынадай шарт қойылады: егер Банк өзгеше келiспесе, Займ шотынан алынатын қаражат сомасы мен Жалпы шарттардың 5.02-бөлiмiне сәйкес Банк қабылдаған барлық өтелмеген арнаулы мiндеттемелердiң жалпы сомасының жиынтығы 2 млн. АҚШ долларына тең немесе одан жоғары болып тұрған кезде рұқсат етiлген қаражаттың лимиттi сомасы 500 000 долларлық баламаны құрайтын болады.
      2. Арнаулы шоттан қаражат төлеу тек қана осы қосымшаның шарттарына сәйкес тиiстi шығындар үшiн жүргiзiлуi қажет.
      3. Арнаулы шот тиiстi түрде ашылғаны жөнiнде Банк үшiн қолайлы куәлiк оған тапсырылған соң, рұқсат етiлген қаражатты тиiсiнше алу және Арнаулы шотты толықтыру мақсатында бұдан кейiнгi қаражат алу мынадай тәртiпте жүргiзiледi:
      (a) Займ алушы рұқсат етiлген қаражаттан қаржы алу үшiн депозитке немесе рұқсат етiлген ақшаның жиынтық сомасынан аспайтын депозиттерге Банкке тапсырыс бередi. Осындай тапсырыстың немесе тапсырыстардың негiзiнде Банк Займ алушының атынан Займ шотынан қаржы алып, оны Арнаулы шоттағы депозитке Займ алушы сұраған сомада немесе сомаларда есепке енгiзедi.
      (b) (i) Займ алушы Арнаулы шотты толықтыру мақсатында Арнаулы шотқа Банк белгiлеген аралықтарда қаржы аудару үшiн Банкке тапсырыс бередi;
      (ii) аталған әрбiр тапсырысты алғанға дейiн немесе осындай тапсырысты алған бойда Займ алушы Банкке төлем немесе төлемдердi жүргiзу үшiн осы қосымшаның 4-тармағында көрсетiлген құжаттаманы және басқа куәлiктердi тапсырады, осыған сәйкес Арнаулы шоттағы қаржыны толықтыру сұралады. Әрбiр осындай тапсырыстың негiзiнде Банк Займ алушының атынан Займ шотынан қаржы алу жүргiзедi және оны Займ алушы сұраған сомада Арнаулы шоттың есебiне енгiзедi, бұл соманың негiздi екендiгi өкiлеттi шығындарды төлеу үшiн Арнаулы шоттан осы соманың алынғандығын куәландыратын аталған қаржы және басқа құжаттармен расталады.
      Банктiң Шоттан аталған депозиттердi алуы өкiлеттi санаттар шеңберiнде және ұсынылған қаржылық және басқа құжаттармен расталатын тиiстi баламалы сомада жүргiзiледi.
      4. Займ алушы өзiнiң Арнаулы шоттан жүргiзген әрбiр төлемi бойынша Банк тапсырысында көрсетiлген кезең iшiнде Банкке бұл төлемнiң тек қана өкiлеттi шығындар үшiн жүргiзiлгенiн растайтын құжаттаманы және басқа куәлiктердi тапсырады.
      5. Осы қосымшаның 3-тармағының ережелерiне қарамастан, Банк Арнаулы шотқа бұдан кейiнгi депозиттер туралы тапсырысты мынадай жағдайларда:
      (a) егер кез келген сәтте Банк Займ алушы бұдан әрi барлық қаржы алуды Жалпы шарттардың V бабында және осы келiсiмнiң 2.02-бөлiмiнiң (a) тармағында көзделгендей, тiкелей Займ шотынан жүзеге асыратынын айқындаса; немесе
      (b) егер Займ алушы Банкке осы Келiсiмнiң 4.01 (b) (ii) бөлiмiнде ескертiлген мерзiмде бухгалтерлiк жазбалар мен Арнаулы шот бойынша шоттарды аудиторлық тексеруге қатысты, аталған тарауға сәйкес талап етiлген аудиторлық есептi тапсырмаса;
      (c) егер қандайда бiр сәтте Банк Жалпы шарттардың 6.02-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес Займ алушының Займ шотынан қаржы алу құқын толықтай немесе iшiнара тоқтату жөнiндегi өз ниетi туралы Займ алушыны хабардар етсе; немесе
      (d) өкiлеттi санаттарды қаржыландыруға арналған, Жалпы шарттардың 5.02-бөлiмiнiң ережелерiне сәйкес кез келген өтелмеген мақсатты сома шегерiлген, Займ қаржысының алынбаған жиынтық сомасы Жоба шеңберiнде рұқсат етiлген шығындар сомасынан екi есе артық болса қабылдамайды.
      Бұдан кейiн өкiлеттi санаттарды қаржыландыруға арналған алынбаған сомалар қалдығын Займ шотынан алу Банк Займ алушыға берген арнаулы хабарламада көрсетiлген рәсiмдерге сәйкес жүзеге асырылады. Аталған хабарлама күнiнде Арнаулы шоттың депозитiнде қалған барлық сома өкiлеттi шығындар бойынша төлемдердi жүзеге асыру үшiн пайдаланылатындығына Банктiң көзi жеткен соң ғана осындай қаржы алу Банк үшiн қолайлы көлемде жүргiзiледi.
      6. (a) Егер Банк қандай да бiр сәтте Арнаулы шоттың қаржысынан жасалған кез келген төлемдер (i) осы қосымшаның 2-тармағының шарттарына сәйкес келмейтiн шығындардың орны толтыруға немесе сондай сомада жасалғанын, немесе (ii) Банкке берiлген құжаттамамен негiзделмегенiн анықтаса, Займ алушы Банктiң хабарламасын алған бойда кешiктiрмей: (A) Банк сұрауы мүмкiн қосымша айғақтама ұсынады; немесе (B) жеткiлiктi дәрежеде расталмаған немесе өкiлеттi болып табылмайтын төлем сомасына немесе оның бөлiгiне тең соманы Арнаулы шотқа (немесе Банктiң сұрауы бойынша Банкке қайтарады). Банктiң өзгедей келiсiмi болмаса, Займ алушы нақты жағдайға байланысты әлгiндей айғақтама ұсынбаса немесе аталған жарнаны Арнаулы шотқа енгiзбесе яки қаржыны қайтармаса, Банк Арнаулы шотқа ешқандай қаржы салмайды.
      (b) Егер Банк қандайда бiр сәтте Арнаулы шоттағы кез келген өтелмеген сома тиiстi шығындар бойынша бұдан арғы төлемдердiң орнын толтыру үшiн қажет болмайтынын анықтаса, Займ алушы Банктен хабарлама алған бойда Банкке осындай өтелмеген соманы қайтарады.
      (c) Займ алушы Банктiң хабарламасын алған соң Арнаулы шоттың депозитiндегi қаржыны толық немесе iшiнара қайтару мүмкiн.
      (d) Осы қосымшаның 6(а), (b) және (c) тармақтарына сәйкес Банкке қайтарылатын қаржы осы Келiсiмнiң, оның iшiнде Жалпы шарттардың ережелерiне сәйкес кейiн алу немесе жою үшiн Займ шотына есептеледi.
 

     7-ҚОСЫМША

     Қатысушы-шаруашылықтарға және қосымша жобаларға қолданылатын

     рәсiмдер, iрiктеу өлшемдерi, шарттар мен мерзiмдер


 
 
       А бөлiгi: Рәсiмдер
 
      1. Қосымша жобалардың әрқайсысын iрiктегенге дейiн Займ алушы Банкке осындай қосымша жоба жөнiнде ұсыныс бередi.
      2. Осы қосымшаның А бөлiгiнiң 1-тармағында баяндалған жалпы рәсiмдерден басқа қосымша жобаларды iрiктеудiң мынадай рәсiмдерi қолданылады:
      (a) Шаруашылық Жобаға қатысушы болғанға дейiн ЖЖТ-ға өз ниетi жөнiнде хат жiбередi, онда қосымша жобаны жүзеге асыруға мүдделiлiгiн бiлдiредi және қысқаша оның мазмұнын баяндайды;
      (b) ЖЖТ хатта көрсетiлген консультация өткiзу ниетi туралы ақпаратты және Банктiң қарсылығы жоқтығының айғақтамасын есепке ала отырып, ұсынылған қосымша жобаны одан әрi дайындаудың және бағалаудың қажеттiгiн айқындайды;
      (c) Егер, жоғарыда көрсетiлген рәсiмдер сақталған жағдайда, ЖЖТ ұсынылып отырған қосымша жобаны әзiрлеудi жалғастыру жөнiнде шешiм қабылдаса, онда ЖЖТ қолайлы жағдайда қатысушы шаруашылықтармен кеңесiп, ұсынылып отырған қосымша жобаға дайындық жүргiзедi: (i) Банк үшiн қолайлы, Жарлыққа сәйкес талап етiлiп отырған нысандағы техникалық-экономикалық негiздеме; және (ii) Банк үшiн қолайлы қоршаған ортаға әсердi бағалау. Техникалық-экономикалық негiздемеде мыналар болу керек: (i) қатысушы шаруашылық туралы ақпарат, оның iшiнде заңды мәртебесi мен меншiк нысаны; (ii) қатысушы шаруашылықтың жарғысы мен ережелерiнiң көшiрмесi; (iii) қосымша жоба туралы ақпарат; (iv) қосымша жоба бойынша шығындар сметасы; (v) қосымша жобаны экономикалық және қаржылық талдау; (vi) ұсынылып отырған қосымша жобаның iргелес елдерге маңызды әсерi болған жағдайда оны бағалау; және (vii) пайдалану-жөндеу қызметiнiң жоспары және СПА бойынша ұсынылатын ұйымдастыру шаралары;
      (d) Қосымша жоба бекiтiлгенге дейiн ЖЖТ ұсынылып отырған қосымша жобаны Банкке қарап, мақұлдау үшiн ұсынады. ЖЖТ ұсынылып отырған қосымша жобаны Банкке берген кезде оған мыналар қоса тiркеледi: (i) 2(с)-тармақта көрсетiлген есептер; (ii) мемлекеттiк экологиялық сараптама есебi бойынша қорытындылар; (iii) жоғарыда 2(а)-тармақта аталған ниет туралы хат; және (iv) Банк дәлелдi сұрайтын басқа да ақпарат.
 
      В бөлiгi: Қатысу шарттары
 
      1. Қосымша жобаға қатысатын шаруашылықтар және қосымша жобалар Банк үшiн қолайлы қатысу шарттарына, оның iшінде төменде баяндалатын шарттарға сәйкес iрiктеу мен бағалау процесiнде ғана iрiктеледi.
      2. Жоба мен Қосымша жобаға қатысушы шаруашылықтарды iрiктеу кезiнде Займ алушы мына жайларды қамтамасыз етедi:
 
      (а) Қосымша жобалар iс жүзiнде бар жер суландыру жүйелерiн қайта жаңғырту мақсатын көздейдi; (қосымша жоба шеңберiнде бұрын суландырылған учаскелерден басқа ешқандай жаңа аудандарды суландыру көзделмейдi); ұсынылып отырған қосымша жобаның iргелес елдерге маңызды әсер етуiне байланысты, және бұл жағдайда Банк үшiн қолайлы саясат пен рәсiмдерге жауап бередi;
      (b) Қосымша жоба нәтижесiнде басты өзендерден басқа су қорларына су жiберу жүргiзiлмеуi керек;
      (c) Қосымша жоба нәтижесiнде табиғи сулы-сазды ал қаптардың едәуiр алаңының құрғатылуы немесе суландырылуы болмауы керек, бұл жабайы аңдардың табиғи мекен ету ортасына және балық өсiруге елеулi әсер етедi;
      (d) Қосымша жобаларды жүзеге асыру кезiнде жер суландыру үшiн өңделмеген тұрмыстық ағын сулар пайдаланылмауы керек;
      (e) темекi плантацияларын суландыру қосымша жобаға енгiзуге жатпайды;
      (f) қосымша жобалар рентабельдiлiгiнiң экономикалық нормасы мен пайдасының қаржылық нормасы он екi проценттен (12 %) кем болмауы қажет;
      (g) Жобаға қатысуға өтiнiш беретiн шаруашылықтар жеке меншiк болуы керек;
      (h) қосымша жобалар шеңберiнде белгiсiз археологиялық қазбалар немесе тарихи орындар табылып қалған жағдайда Банк үшiн қолайлы тиiстi рәсiмдердi қабылдау және сақтау көзделедi;
      (i) қосымша жобалар өз шекарасынан тыс жерлердегi су сапасының нашарлауын болғызбауы, барлық жергiлiктi және ұлттық экологиялық нормалар мен талаптарға жауап беруi керек, бұл ретте қосымша жобаның сызбасын жасау және жүзеге асыру кезiнде денсаулық сақтаудың, экологияның, еңбек қорғаудың жергiлiктi және ұлттық талаптарына сәйкес, сонымен бiрдей қоршаған ортаны қорғау шаралары көзделедi.
 
      С бөлiгi: Шарттары мен мерзiмдерi
 
      1. Барлық қосымша жобалар тиiсiнше сапалы және тиiмдi, жеткiлiктi мөлшердегi бiлгiр мамандардың көмегiмен жұмыс iстейтiн бiлiктi әрi тәжiрибелi басшылықтың бақылауымен, техникалық, қаржылық, экологиялық, коммерциялық және басқару салаларында белгiленген стандарттар мен нормаларға, соның iшiнде қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi жергiлiктi және ұлттық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Займ алушы Банк өтiнiш жасаған жағдайда банк өкiлдерiнiң Қосымша жобада көзделген тауарлар мен құрылыс алаңдарын, жұмыстарды, құрылыстар мен құрылғыларды, жобалау қызметтерiн, сондай-ақ кез келген тиiстi есептер мен құжаттарды тексеруi үшiн жобаға қатысушы шаруашылықтардың мүмкiндiк жасауын қамтамасыз етедi.
      3. Займ алушы әрбiр қосымша жоба бойынша барлық фермерлiк инвестициялық шығындардың мынадай шарттарға сәйкес орны толтырылатынына кепiлдiк бередi:
      (a) шығындардың орнын толтыру гектар үшiн ақы төлеуге негiзделедi;
      (b) шығындардың орнын толтыру кемiнде 30 жыл мерзiм iшiнде орындалады;
      (c) шығындардың орнын толтыру нормасы сексен проценттен (80 %) аспайтын және жетпiс проценттен (70 %) кем емес мөлшерде болады.