Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 3 шiлдедегi N 18-I

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы N 2155 Z952155_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 23-құжат, N 12, 88-құжат, N 15-16, 100-құжат, N 23, 141-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж, N 2, 184-құжат):
      56-баптың н) тармақшасында "құндылықтар" деген сөзден кейiн "бағалы металдардан өзге" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бағалы металдар мен асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеу туралы" 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2372 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж, N 14, 90-құжат):
      1) 1-бапта:
      бiрiншi абзацта "деңгейiнен" деген сөз "кезеңiнен" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "асыл тастар" - табиғи алмас, зүбәржат, лағыл, сапфир және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша шикiзат және ұқсатылған күйiнде басқа да асыл тастар";
      алтыншы, жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы, он үшiншi абзацтар алынып тасталсын;
      он төртiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкiлдiк берiлген банктер" - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi берген лицензияға сәйкес тазартылған бағалы металдармен бастапқы саудаластыққа қатысуға және операция жүргiзуге құқығы бар банктер";
      он бесiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "уәкiлдiк берiлген орган" - бағалы металдармен, асыл тастармен және зергерлiк бұйымдармен қызметтi жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттеу саласындағы өкiлеттiктi Қазақстан Республикасының заңдары негiзiнде жүзеге асыратын мемлекеттiк орган";
      2) 2-бапта:

 

     1-тармақта "1" деген цифр алынып тасталсын және "операцияларды"

деген сөз "қызмет түрлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын;

     2-тармақ алынып тасталсын;

     3) 3-бап және атауы мынадай редакцияда жазылсын:

     "3-бап. Бағалы металдармен, асыл тастармен және зергерлiк

бұйымдармен қызмет түрлерiн лицензиялау

     Қазақстан Республикасының аумағында мынадай қызмет түрлерi

лицензиялауға жатады:

     1) бағалы металдар мен асыл тастарға байланысты:

     барлау;

     өндiру;

     ұқсату;

     құрамында бағалы металдар мен асыл тастар бар қайталама

ресурстарды және қалдықтарды дайындау мен ұқсату;

     2) тазартылған бағалы металдарға байланысты:

     сақтау;

     меншiк құқығының ауысуы жөнiндегi операциялар:

     а) сатып алу-сату;

     б) банк операциялары;

     3) зергерлiк бұйымдарға байланысты:

     әзiрлеу";

     4) 4-бап және атауы мынадай редакцияда жазылсын:

     "4-бап. Бағалы металдармен, асыл тастармен және зергерлiк

бұйымдармен қызметтi бақылау


 
       Қазақстан Республикасының аумағында осы Жарлықтың 3-бабында көрсетiлген бағалы металдармен, асыл тастармен және зергерлiк бұйымдармен қызмет түрлерiн жүзеге асыратын мемлекеттiк бақылау жүйесi жұмыс iстейдi, оны уәкiлдiк берiлген органдар жүргiзедi";
      5) 5-бапта:
      1-тармақта "1" деген цифр алынып тасталсын және "операцияларды" деген сөз "қызмет түрлерiн" деген сөздермен ауыстырылсын, сондай-ақ "статистикалық есеп" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген есеп" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақ алынып тасталсын;
      6) 6-бапта:
      1-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын:
      "Бастапқы саудаластыққа шығарылған, бiрақ сатылмай қалған тазартылған бағалы металдар уәкiлдiк берiлген орган растаған көлемде iшкi және сыртқы рыноктарда сатылады";
      2-тармақта "Қазақстан Республикасының резидентi еместер" деген сөздерден кейiн "Ұлттық және уәкiлдiк берiлген банктер арқылы" деген сөздермен толықтырылсын.
      7) 7-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      1. "Бастапқы саудаластықта өткiзiлген тазартылған бағалы металдармен, сондай-ақ шет мемлекеттердiң аумағында шығарылған шикiзаттан өндiрiлiп тазартылған бағалы металдармен жасалатын мәмiлелердi заңды және жеке тұлғалар мұндай мәмiлелердiң нәтижелерiн уәкiлдiк берiлген банктердiң металл есеп шоттарында көрсету арқылы iшкi және сыртқы рыноктарда жүзеге асырады";
      8) 8-бапта:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының аумағында сатып алынған тазартылған бағалы металдарды сақтауды:
      заңды тұлғалар - Мемқоймада не Ұлттық және уәкiлдiк берiлген банктер қоймаларында;
      жеке тұлғалар уәкiлдiк берiлген банктерде жүзеге асырады";
      3-тармақта "лицензиялық" деген сөз "лицензияланатын" деген сөзбен ауыстырылсын;
      9) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi тазартылған бағалы металдармен операцияларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылығы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы iшкi және сыртқы рыноктарда жүзеге асырады".
      10) 10-бап және атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Асыл тастармен жасалатын қызмет түрлерi мен операцияларды реттеу
      Асыл тастармен жасалатын қызмет түрлерi мен операцияларды реттеу қолданылып жүрген заңдарға және Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн Ережелерге сәйкес жүргiзiледi";
      11) 11-баптың 1-тармағында "металдар" деген сөзден кейiн "соның iшiнде көтерме алтын" деген сөздермен толықтырылсын;
      12) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлiп, шикiзаттан шығарылған тазартылған бағалы металдарды әкетуге мынадай жағдайларда рұқсат берiледi:
      1) уәкiлдiк берiлген органмен Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен тазартылған бағалы металдарды өндiру көзделген келiсiм-шарт жасасқан шетелдiк инвесторға не шетел қатысқан заңды тұлғаға;
      2) бастапқы саудаластықтан өткен тазартылған бағалы металдарды сатып алған заңды тұлғаға не жеке-дара кәсiпкерге;
      3) тазартылған бағалы металдарды сату үшiн бастапқы саудаластыққа шығарған және оларды уәкiлдiк берiлген орган растаған көлемде өткiзе алмаған заңды тұлғаға.
      2. Шетел мемлекеттерiнiң аумағында өндiрiлiп, шикiзаттан шығарылған тазартылған бағалы металды Қазақстан Республикасы аумағынан әкету Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.
      3. Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген және құрамында бағалы металдар бар шикiзатты оның аумағынан тыс жерде тазарту үшiн әкетуге болады. Тазартылып алынған бағалы металдар бастапқы саудаластықта өткiзуге жатады";
      13) 15-бапта "кеден заңдарында белгiленген тәртiппен бағалы металдармен және асыл тастармен операциялар жүргiзуге лицензиясы бар" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 16-бапта "бағалы металдармен, асыл тастармен және зергерлiк бұйымдармен операцияларды" деген сөздер "осы Жарлықтың 3-бабында аталған қызмет түрлерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

        Президентi