I тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Жарлықтың мақсаты және оның қолданылу аясы
1. Осы Жарлық Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлiк есепке алу жүйесiн анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуына әзiрлiк процесiнде сақталуға тиiс есепке алудың негiзгi принциптерi мен жалпы тәртiбiн, iшкi бақылау мен сыртқы аудит жөнiндегi талаптарды, Қазақстан Республикасының резиденттерi болып табылатын заңды тұлғалар құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тiркелген резидент еместердiң филиалдары мен өкiлдiктерiнiң (бұдан былай - субъектiлер) құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс iстейтiн барлық субъектiлер бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп берудi осы Жарлыққа сәйкес жүргiзуге мiндеттi. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп берудiң банк және сақтандыру жүйесiндегi банк туралы және сақтандыру туралы тиісті заңдармен реттеледі. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-баптың 2-тармағы өзгерді - Қазақстан Республикасының
1999.07.16. N 436 Заңымен. Z990436_
2-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп
берудiң мiндеттерi
Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп берудiң мiндеттерi:
1) субъектiнi, сондай-ақ басқа да мүдделi адамдарды олардың шаруашылық қызметi туралы толық әрi сенiмдi ақпаратпен қамтамасыз ету;
2) субъект шаруашылық қызметтi жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауына бақылау жасау үшiн мемлекеттiк органдарды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.
3-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп
берудi реттеушi органдар
1. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру жүйесiн реттейтiн, есепке алудың негiзгi принциптерi мен жалпы тәртiбiн, субъектiлер үшiн iшкi бақылау мен сыртқы аудит жөнiндегi талаптарды белгiлейтiн мемлекеттiк органның (бұдан былай - уәкiлдi орган) өкiлеттiгі Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталады.
2. Уәкiлдi орган өз құзыретiнiң шегiнде бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер шығарады.
4-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп
беру туралы заңдар
Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру туралы заңдар бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру саласындағы қатынастарды реттейтiн осы Жарлықтан және Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзге актiлерiнен, заң актiлерi мен Үкiметтiң қаулыларынан тұрады.
5-бап. Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп берудiң принциптерi Бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп беру есептеу, үздiксiздiк, түсiнiктiлiк, мәндiлiк, елеулiлiк, сенiмдiлiк, ақиқат әрi әдiл ұсынушылық, бейтараптық, сақтық, тиянақтылық, салыстырмалылық, дәйектiлiк принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады. II тарау. Бухгалтерлiк есепке алу жүйесi және бақылау 6-бап. Бухгалтерлiк есепке алу жүйесi
1. Бухгалтерлiк есепке алу жүйесi дегенiмiз - бухгалтерлiк есепке алу стандарттарымен және осы Жарлыққа сәйкес шығарылатын басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен реттелетiн субъектiнiң активтерi, меншiктi күрделi қаржысы, мiндеттемелерi, кiрiстерi мен шығыстары туралы ақпаратты жинау, тiркеу және қорыту жүйесi.
2. Бухгалтерлiк жазбалар мен құжаттарға қолмен не компьютерлендiрiлген жүйенiң көмегiмен әзiрленген бастапқы құжаттар, кiтаптар, журналдар, жазбалар және субъектiнiң шаруашылық қызметi туралы ақпараттан тұратын өзге де материалдар кiредi.
3. Бухгалтерлiк жазбалар шаруашылық операцияларының жасалу фактiлерiн тiркейтiн бастапқы құжаттар негiзiнде жүргiзiледi. Бастапқы құжаттың электрондық үлгiсiнiң қағаз жүзiнде ресiмделген бастапқы құжаттың бiрдей күшi болады.
4. Субъектiнiң активтерiне, меншiктi күрделi қаржысына, мiндеттемесiне, кiрiсi мен шығысына әсер ететiн шаруашылық қызметiнiң барлық шаруашылық операциялары мен басқа да жағдайлары бухгалтерлiк есепке алу жүйесiнде көрiнiс табады және:
1) бухгалтерлiк жазбаларды бастапқы құжаттардың түпнұсқаларымен бiрдей етіп бекемдеудi және бухгалтерлiк жазбаларда барлық операцияларын көрсетiлуiн;
2) шаруашылық операцияларының хронологиялық және уақтылы тiркелуiн;
3) әр айдың бiрiншi күнiндегi жағдай бойынша бас кiтаптағы синтетикалық (жиынтық) есептердiң қосалқы талдау (егжей тегжейлi) есептерiмен ай сайын сәйкестендiрiлуiн қамтамасыз етедi.
5. Қолмен жазылған, сол сияқты компьютерлендiрiлген жүйенiң көмегiмен жүргiзiлген бухгалтерлiк жазбалар;
1) бухгалтерлiк есепке алу ақпаратын қорытындылау және қаржылық есеп берудi бухгалтерлiк есепке алу стандарттарына сәйкес уақтылы жасау;
2) оларды растайтын бастапқы құжаттарға дейiн қадағалау және бухгалтерлiк тiркелiм мен қаржылық есеп беруге қосу мақсатында жүргiзiледi.
6. Негiзгi жазбалар форматын уәкiлдi орган бекiтетiн бухгалтерлiк есепке алу тiркелiмдерiнде жүргiзiледi.
7. Бухгалтерлiк есепке алу жүйесiндегi барлық жазбалар уәкiлдi орган бекiтетiн қаржы-шаруашылық қызметтiң бухгалтерлiк есебi шоттарының жоспарында белгiленген шоттарды жiктеуге сәйкес келуге тиiс.
7-бап. Бухгалтерлiк есепке алуды ұйымдастыру
1. Субъектiнiң басшысы осы Жарлықтың талаптарына және осы субъектiнiң қажеттерiне сай келетiн есепке алу жүйесiн құруды әрi бухгалтерлiк есеп берудiң ұйымдастырылуын қамтамасыз етедi.
2. Басшы есепке алу жұмысының көлемiне қарай:
1) бас бухгалтер басқаратын құрылымдық бөлiмше ретiнде бухгалтерлiк қызметтi құрады;
2) штатқа бас бухгалтер лауазымын енгiзедi;
3) бухгалтерлiк есепке алу iсiн жүргiзудi шарттық негiзде мамандандырылған бухгалтерлiк фирмаға немесе маман бухгалтерге бередi;
4) бухгалтерлiк есепке алуды тiкелей өзi жүргiзе алады.
3. Бас бухгалтер (штатта бас бухгалтер лауазымы болмаған жағдайда бухгалтер) субъектiнiң бухгалтерлiк есепке алуын жалпы жүргiзудi жүзеге асырады, осы Жарлықтың ережелерiн, бухгалтерлiк есепке алу стандарттарын, қаржы-шаруашылық қызметтiң бухгалтерлiк есепке алу шоттарының жоспарын және қаржылық есеп берудiң форматын сақтайды.
8-бап. Iшкi және сыртқы бақылау
1. Iшкi бақылау шаруашылық операцияларын жүргiзудiң белгiленген тәртiбiнiң және бухгалтерлiк есепке алу стандарттарының сақталуын тексеруге арналған.
2. Iшкi бақылауды ұйымдастыру мен оның органдарының жұмыс iстеуiн субъектiнiң басшысы қамтамасыз етедi.
3. Субъект iшкi бақылауды тәуелсiз аудитор тарту арқылы жүзеге асыруға хақылы.
4. Сыртқы аудит жүргiзген кезде аудитор бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудiң дұрыстығын және оның заңдар мен бухгалтерлiк есепке алу стандарттарының талаптарына сәйкестiгiн тексередi.
5. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдардағы бухгалтерлiк есепке алу мен қаржылық есеп берудiң жай-күйiн тексерудi бақылаушы органдар жыл сайын жүргiзедi.
9-бап. Бухгалтерлiк құжаттарға қол қою құқығы
1. Субъект басшысы бухгалтерлiк құжаттарға қол қою құқығы бар адамды айқындайды. Бұл орайда сол адамның атқаратын лауазымына, ақша сомасының мөлшерiне, iс-қимыл саласы мен операцияның мәнiне қарай қол қою құқығының бағыныңқылық тәртiбi белгiленуi мүмкiн.
2. Электронды қол қоюды пайдаланушы субъект пайдалану құқығы мен электронды қол қоюға пұрсатқа қатысты сақтық пен бақылаудың тиiстi шараларын белгiлеуге тиiс.
10-бап. Бухгалтерлiк ақпараттың құпиясы
1. Бухгалтерлiк есепке алу мен iшкi бухгалтерлiк есеп берудiң тiркелiмiн сақтау коммерциялық құпия болып табылады. Есептiк-бухгалтерлiк ақпаратқа пұрсат субъектiнiң басшысы рұқсат берген адамдарға немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген құзыретiне сәйкес мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарына ғана берiледi.
2. Есептiк-бухгалтерлiк ақпаратқа пұрсаты бар аудиторлар және басқа адамдар иесiнiң келiсiмiнсiз аталған ақпаратты жария етпеуге мiндеттi әрi оны жеке мүддесiне пайдалануға құқығы жоқ. Өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне орай коммерциялық құпияға жататын ақпаратқа пұрсаты бар адамдар оны жария еткенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
11-бап. Есептiк-бухгалтерлiк ақпаратты сақтау
1. Субъект бухгалтерлiк жазбаларды, есепке алу саясаты мен
рәсiмдер жөнiндегi құжаттарды, есепке алу деректерiн машинамен өңдеу бағдарламалары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген кезең бойы сақталады. 2. Бастапқы құжаттар мен қорытынды бухгалтерлiк жазбалар қағазға басылады немесе электронды құралдарда сақталады. Субъект құжаттардың басылған көшiрмелерiн мемлекеттiк бақылаушы органдардың талап етуi бойынша бередi. III тарау. Активтердiң, өз капиталының, мiндеттемелердiң, кiрiстер мен шығыстардың есебi 12-бап. Бухгалтерлiк есепке алу объектiлерi
1. Субъектiнiң активтерi, өз капиталы, мiндеттемелерi және ол жүзеге асыратын шаруашылық операциялар бухгалтерлiк есепке алу объектiлерi болып табылады. Шаруашылық операциялар олар жүргiзiлген есептi кезеңдегi шоттарда көрсетiледi.
2. Бухгалтерлiк есепке алу объектiлерi мiндеттi түрде синтетикалық шоттарда көрсетiледi. Басшы тауар-материалдық құндылықтар мен шаруашылық операцияларды талдау есебiне алуды жүргiзу тәртiбiн субъект қызметiн бақылау мiндеттерiне және оның қажеттiлiктерiне сәйкес белгiлейдi.
13-бап. Қаржылық есеп берудiң элементтерi
1. Субъектiнiң қаржылық жағдайын бағалауға байланысты қаржылық есеп беру элементтерi субъектiнiң активтерi, өз капиталы және мiндеттемелерi болып табылады.
2. Активтер дегенiмiз - субъектiнiң құндық бағасы бар мүлкi, мүлiктiк және жеке өзiнiң мүлiктiк емес игiлiгi мен құқықтары.
3. Мiндеттеме дегенiмiз - тұлғаның (борышқордың) басқа бiр тұлғаның (кредит берушiнiң) пайдасына белгiлi бiр iс-әрекет жасау, мәселен, мүлкiн беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және басқа не белгiлi бiр iс-әрекеттен бас тартуы, ал кредит берушiнiң борышқордан оның мiндеттерiн атқаруын талап етуге құқығы бар.
4. Өз капиталы дегенiмiз - субъектiнiң мiндеттемелерiн ұстап
қалғаннан кейiнгi оның активтерi. 5. Қаржылық көрсеткiштердi өлшеумен тiкелей байланысты элементтер мыналар: 1) кiрiстер дегенiмiз - есептi кезеңде активтердiң көбеюi не мiндеттемелердiң азаюы; 2) шығыстар дегенiмiз - есептi кезеңде активтердiң азаюы не мiндеттемелердiң көбеюi. 14-бап. Активтер мен мiндеттемелердi бағалау
Активтер мен мiндеттемелердi бағалау дегенiмiз - ақша сомасын анықтау әдiсi, ол бойынша осы активтер мен мiндеттемелер мойындалады және қаржылық есеп беруде көрсетiледi. Бағалауды қолдану әдiстерi мен тәртiбi уәкiлдi орган бекiткен бухгалтерлiк есепке алу стандарттарымен белгiленедi.
15-бап. Бухгалтерлiк ақпаратты есепке алу әдiстерi 1. Активтердi, өз капиталын, мiндеттемелердi, кiрiстер мен шығыстарды мойындау әдiстерi уәкiлдi орган бекiткен бухгалтерлiк есепке алу стандарттарымен белгiленедi. 2. Бухгалтерлiк ақпаратты есепке алу есептеу принциптерiне негiзделедi, оған сәйкес табыстар алынған кезде, шығыстар мен зияндар шеккен кезде мойындалады (көрсетiледi). IV тарау. Қаржылық есеп беру 16-бап. Қаржылық есеп беру 1. Қаржылық есеп беруге мыналар кiредi: 1) бухгалтерлiк баланс; 2) қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есеп; 3) ақша қозғалысы туралы есеп. <*>
Қаржылық есеп беру уәкiлдi орган бекiткен бухгалтерлiк есепке алу стандарттарының талаптарына сәйкес басқа да материалдармен толықтырылуы мүмкiн.
2. Қаржылық есеп берудi субъектiлер төмендегi шарттардың (соңғы екi қаржы жылындағы) кез келген екi шарты қанағаттандырылған;
1) жылдық табыс зейнетақы, жәрдемақы мен өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының айыппұл санкцияларын, салық және басқа төлемдерiн (бұдан былай - есептiк көрсеткiш) қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген 10000 мәрте есептiк көрсеткiштен аспаған;
2) активтердiң жалпы құны 60000 мәрте есептiк көрсеткiштен аспаған;
3) қызметкерлердiң орташа саны қаржылық жыл iшiнде 50-ден аспаған жағдайда оңайлатылған нысан бойынша жасайды.
Бухгалтерлiк есепке алуды жүргiзудiң оңайлатылған нысаны уәкiлдi орган бекiткен бухгалтерлiк есепке алу стандарттарымен анықталады.
3. Шаруашылық операциялар мен олар жөнiндегi есептер ұлттық валютамен - Қазақстан теңгесiмен бағаланады және жүргiзiледi.
4. Шетел валютасымен жасалған операциялар Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi операция жасалған күнге белгiлеген Қазақстан теңгесiнiң бағамы қолданыла отырып ескерiледi. ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Z970154_ Заңымен. 17-бап. Есептi кезең 1. Жылдық қаржылық есеп беру үшiн есептiк кезең 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсан аралығындағы күнтiзбелiк жыл болып табылады. 2. Жаңадан құрылған субъект үшiн бiрiншi есептi жыл оның мемлекеттiк тiркеуден өткен сәтiнен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанымен аяқталады. 18-бап. Қаржылық есеп берудi табыс ету 1. Субъектiлер жылдық қаржылық есептi: меншiк иелерiне - құрылтай құжаттарына сәйкес; мемлекеттiк статистика органдарына - тiркелген жерiнде; мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарына - олардың құзыретiне сәйкес табыс етедi. 2. Субъектiлер жылдық қаржылық есеп берудi есептi жылдан кейiнгi жылдың 30 сәуiрiнен кешiктiрмей табыс етедi. 3. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мерзiм шегiнде меншiк иесi қаржылық есеп беру мерзiмiн анықтауға, бiрақ жылына бiр реттен асырмай басқа мерзiм белгiлеуге хақылы. V тарау. Қорытынды ережелер 19-бап. Бухгалтерлiк есепке алу туралы заңдарды бұзғандығы үшiн жауапкершiлiк Субъектiлердiң басшылары және бухгалтерлiк есепке алуды ұйымдастыру мен жүргiзуге жауапты басқа адамдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есепке алу туралы заңдарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады. 20-бап. Осы Жарлықты жүзеге асыру жөнiндегi шаралар 1. Қазақстан Республикасының Үкiметi бiр ай мерзiмде: 1) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн; 2) министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, өзге де орталық атқарушы органдардың осы Жарлыққа қайшы келетiн нормативтiк құқықтық актiлерiн қайта қарауын және күшiн жоюын қамтамасыз етсiн. 21-бап. Осы жарлықты күшiне енгiзу тәртiбi Осы Жарлық 1996 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Оқығандар: Омарбекова А.Т. Нарбаев Е.Ә.