Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы N 2688 конституциялық заңы

Жаңартылған

      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi.
       ЕСКЕРТУ. Тақырып пен кіріспе жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

  I ТАРАУ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

       1-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мәртебесi

      Үкiмет Қазақстан Республикасының атқарушы билiгiн жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесiн басқарады және олардың қызметiне басшылық жасайды.

       2-бап. Республика Үкiметi қызметiнiң құқықтық негiзi

      Үкiмет Республика Конституциясының, осы Конституциялық заңның, Республиканың заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң негiзiнде және оларды орындау үшiн iс-қимыл жасайды.
       ЕСКЕРТУ. 2-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

       3-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң құрылуы,
             құрылымы және құрамы

      1. Үкiметтi Республика Президентi Қазақстан Республикасының  Конституциясында  көзделген тәртiппен құрады.
      2. Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ұсыныстарды Премьер-Министр тағайындалғаннан кейiн он күн мерзiмде Республика Премьер-Министрi Республика Президентiне енгiзедi.
      3. Үкiметтiң құрылымын министрлiктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды.
      4. Үкiметтiң құрамына Үкiмет мүшелерi - Республиканың Премьер-Министрi, оның орынбасарлары, министрлер және Республиканың өзге де лауазымды адамдары кiредi.
       ЕСКЕРТУ. 3-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

       3-1-бап. Қазақстан Республикасының Үкiметi
               мүшесiнiң ант беруi

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшесi Қазақстан халқына және Президентiне мынадай мазмұнда ант бередi:
      "Қазақстан Республикасының халқы мен Президентi алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму iсiне барлық күш-жiгерiм мен бiлiмiмдi жұмсауға, мемлекеттiң Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiк, азаматтық және ұлтаралық татулық принциптерiн ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елiмнiң мемлекеттiлiгi мен дүниежүзiлiк қоғамдастықтағы беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн.".
      2. Үкiмет мүшелерiнiң антын Республика Президентi өзi белгiлейтiн тәртiппен қабылдайды.
       ЕСКЕРТУ. Жаңа 3-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

       4-бап. Республика Үкiметiнiң өкiлеттiк мерзiмi

      1. Республика Үкiметi Президенттiң өкiлеттiк мерзiмi бiткенше iс-қимыл жасайды және жаңадан сайланған Республика Президентi алдында өзiнiң өкiлеттiгiн доғарады. Республика Үкiметiнiң жаңа құрамы бекiтiлгенге дейiн Республика Үкiметi өз мiндеттерiн атқара бередi.
      2. Республиканың жаңадан сайланған Президентiнiң алдында өкiлеттiгiн доғару Үкiметтiң жаңадан сайланған Мемлекет басшысының атына жолданған және Үкiмет мүшелерi қол қойған жазбаша өтiнiш беру арқылы жүзеге асырылады.
      Өкiлеттiктi доғару туралы өтiнiш жаңадан сайланған Мемлекет басшысы қызметке ресми кiрiскеннен кейiн берiледi.
      Үкiметтiң өкiлеттiгiн доғаруы оның мүшелерiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
       ЕСКЕРТУ. 4-бап 2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

       5-бап. Республика Үкiметiнiң орнынан түсуi

      1. Егер өздерiне жүктелген функцияларды одан әрi жүзеге асыру мүмкiн емес деп санайтын болса, Үкiмет және оның кез-келген мүшесi Республика Президентiне өзiнiң орнынан түсуi туралы мәлiмдеуге хақылы. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi де орнынан түседi.
      2. Конституцияның 53-бабының 7)-тармақшасында және 61-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiретiн болса, Үкiмет өзiнiң орнынан түсуi туралы Республика Президентiне мәлiмдейдi. Республика Президентi орнынан түсудi қабылдау немесе қабылдамау туралы мәселенi он күн мерзiмде қарайды.
      3. Орнынан түсудi қабылдау Үкiметтiң немесе оның тиiстi мүшесiнiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi. Премьер-Министрдiң орнынан түсуiн қабылдау бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
      4. Үкiметтiң немесе оның мүшесiнiң орнынан түсуi қабылданбаған ретте, Президент оған өз мiндеттерiн одан әрi жүзеге асыра берудi тапсырады.
       ЕСКЕРТУ. 5-баптың 1-тармағы сөйлеммен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

       6-бап. Республика Президентiнiң бастамасымен Республика
             Үкiметiнiң өкiлеттiгiн тоқтату

      1. Республика Президентi өз бастамасымен Үкiметтiң өкiлеттiгiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға және оның кез-келген мүшесiн қызметiнен босатуға хақылы.
      2. Премьер-Министрдiң қызметiнен босатылуы бүкiл Үкiметтiң өкiлеттiгi тоқтатылғанын бiлдiредi.
      2-1. Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған Үкiмет мүшелерi атқарып келген қызметiнен босатылуға тиiс.
       ЕСКЕРТУ. 6-бап 2-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

       7-бап. Республика үкiметi қызметiнiң бағдарламасы

      1. Республика Премьер-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн бiр ай iшiнде Парламентке Үкiмет Бағдарламасы туралы баяндама табыс етедi.
      2. Үкiмет Бағдарламасы қабылданбаған жағдайда Премьер-Министр екi ай iшiнде Парламентке Бағдарлама жөнiнде қайталап баяндама табыс етедi. Республика Парламентiнiң Үкiмет Бағдарламасын қайта қабылдамауы әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен жүзеге асырылуы мүмкiн және Үкіметке сенімсіздік вотумының білдірілгенін көрсетеді. Мұндай көпшiлiк дауыстың болмауы Үкiмет Бағдарламасының мақұлданғанын бiлдiредi.
       ЕСКЕРТУ. 7-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

       8-бап. Республика Үкiметiнiң құрамында болуға
             байланысты шектеулер

      Республика Үкiметi мүшелерiнiң:
      1) өкiлдi органның депутаттары болуға;
      2) оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерден басқа ақы төленетiн қызметтер атқаруға;
      3) кәсiпкерлiкпен шұғылдануға;
      4) коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесiнiң құрамына кiруге хақы жоқ.

  II ТАРАУ. РЕСПУБЛИКА ҮКIМЕТIНIҢ ҚҰЗЫРЕТI,
АКТIЛЕРI, ЕСЕПТIЛIГI ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШIЛIГI

       9-бап. Республика Үкiметiнiң құзыретi

      Республика Үкiметi:
      1) мемлекеттiк әлеуметтiк-экономикалық саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөнiндегi стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi;
      2) мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлейдi;
      3) әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық дамудың индикативтiк жоспарларын әзiрлеп, жүзеге асырады;
      4) Республика Президентi белгiлейтiн тәртiппен республикалық бюджеттi әзiрлеу мен оны өзгертуге қатысады, Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi ұсынады, бюджеттiң атқарылуын қамтамасыз етедi;
      5) Республиканың қаржы жүйесiн нығайту жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады; мемлекеттiк валюта, қаржы және материалдық ресурстарды жасақтау мен пайдалануда заңның сақталуына мемлекеттiк бақылауды қамтамасыз етедi;
      6) құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асырады;
      7) мемлекеттiк баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады; мемлекет реттейтiн бағалар қолданылатын өнiмдер, тауарлар мен қызметтердiң номенклатурасын белгiлейдi;
      8) мемлекеттiк меншiктi басқаруды ұйымдастырады, оны пайдалану жөнiндегi шараларды талдап жасайды және жүзеге асырады, мемлекеттiк меншiк құқығын қорғауды қамтамасыз етедi;
      9) еңбекке ақы төлеу, азаматтарды әлеуметтiк қорғау, мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру мен әлеуметтiк сақтандыру жүйесiн және шарттарын белгiлейдi;
      10) мемлекеттiк аймақтық саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеп, жүзеге асырады: аймақаралық проблемалар мен аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық дамуы мәселелерiн шешудi қамтамасыз етедi;
      11) ғылым мен техниканы дамытудың, жаңа технологияларды енгiзудiң, мәдениеттi, бiлiмдi, денсаулық сақтау iсiн, туризм мен спортты дамытудың мемлекеттiк саясатын белгiлейдi, және жүзеге асырады;
      12) табиғи ресурстар мен айналадағы табиғи ортаны тиiмдi пайдалануды және қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;
      13) құқықтық реформаның жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау, заңдылық пен құқық тәртiбiн, Республиканың қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн, Республиканың аумақтық тұтастығы мен мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асырады;
      14) келiссөздер жүргiзу мен үкiметаралық келiсiмдерге қол қою туралы шешiмдер қабылдайды; Республиканың шет мемлекеттермен, халықаралық және аймақтық ұйымдармен өзара қарым-қатынасын дамытуды қамтамасыз етедi; сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру жөнiнде шаралар әзiрлейдi, сыртқы сауданы дамыту жөнiнде шаралар қолданады; халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастықты және өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      15) <*>
      16) Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдарды құрады және таратады;
      17) <*>
      18) өзiне Конституция, заңдар және Президент актiлерi жүктеген өзге де функцияларды орындайды.
       ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

       10-бап. Республика Үкiметiнiң актiлерi

      1. Республика Үкiметi Республика Конституциясының, заңдарының, Президент актiлерiнiң, өзге нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзiнде және оларды орындау үшiн нормативтiк және жеке қаулылар шығарады.
      2. Үкiмет қаулыларына Республика Премьер-Министрi қол қояды.
      3. Республика Премьер-Министрi өкiмдер шығарады. Премьер-Министрдiң өкiмдерi әкiмшiлiк-өкiмдiк, жедел және жеке-дара сипаттағы мәселелер бойынша шығарылады.
      4. Өздерiнiң құзыретi шегiнде қабылданған Үкiмет қаулылары мен Республика Премьер-Министрi өкiмдерiнiң Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi болады.
      5. Үкiмет қаулылар мен Республика Премьер-Министрiнiң өкiмдерi Республика Үкiметiнiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен әзiрленедi және қабылданады.
      6. Үкiмет қаулыларының күшiн Республика Президентi мен Үкiметi жоя алады.
      7. Премьер-Министрдiң өкiмдерiнiң күшiн Республика Президентi, Үкiметi және Премьер-Министрi жоя алады.
       ЕСКЕРТУ. 10-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

       11-бап. Республика Үкiметiнiң есептiлiгi мен
              жауапкершiлiгi

      1. Үкiмет өзiнiң бүкiл қызметiнде Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген нысандарда Республика Президентiнiң алдында жауапты.
      2. Үкiмет мүшелерi өз құзыретiнің шегiнде өз бетiнше шешiм қабылдайды, Республика Премьер-Министрiнiң алдында өздерiне бағынысты мемлекеттiк органдардың жұмысы немесе өздерiне тапсырылған жұмыс аясы үшiн дербес жауап бередi.
      3. Республика Конституциясының 53-бабының 6-тармақшасында көзделген ретте Үкiмет Республика Парламентiне есеп бередi.
      4. Республика Конституциясының 57-бабының 6)-тармақшасында көзделген ретте Үкiмет мүшелерi Парламент Палаталарына есеп бередi. 
       ЕСКЕРТУ. 11-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

  III ТАРАУ. РЕСПУБЛИКА ҮКIМЕТIНIҢ МЕМЛЕКЕТТIК
ОРГАНДАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

       12-бап. Республика Президентiмен қарым-қатынасы

      1. Республика Үкiметi:
      1) Республика Президентiн Үкiмет Бағдарламасының, Президент тапсырмаларының орындалуы және өз қызметiнiң басқа да бағыттары туралы ұдайы хабардар етiп отырады;
      2) Республика Президентi актiлерiнiң орындалуын ұйымдастырады және оларды министрлiктердiң, өзге де орталық, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылауды жүзеге асырады;
      3) заң жобасын Парламент Мәжiлiсiне енгiзу туралы Президенттiң тапсырмаларын орындайды;
      4) мемлекеттiк бағдарламаларды Президенттiң бекiтуiне ұсынады.
      2. Үкiмет Республика Президентiмен Үкiметтiң заң жобалары жөнiндегi жұмыстарының жоспарларын келiседi.
      3. Республика Президентi толығымен немесе бiр бөлiгiнде Үкiмет актiлерiнiң күшiн жояды не тоқтата тұрады.
       ЕСКЕРТУ. 12-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

       13-бап. Республика Парламентiмен қарым-қатынасы

      1. Республика Үкiметiнiң заң шығару бастамашылығы құқығы болады, ол тек қана Парламент Мәжiлiсiнде жүзеге асырылады. Заң актiсiнiң жобасын енгiзу туралы шешiм Үкiметтiң тиiстi қаулысын шығару жолымен қабылданады.
      2. Республика Үкiметi:
      1) Республика заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi, оларды министрлiктердiң, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың орындауын бақылайды;
      2) Парламентке республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептi табыс етедi;
      3) мемлекеттiк кiрiстi қысқартуды немесе мемлекеттiк шығысты ұлғайтуды көздейтiн Республика заңдарының жобалары жөнiнде қорытындылар бередi;
      4) Парламент депутаттарының сұрауларына жауап бередi.
       ЕСКЕРТУ. 13-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

       14-бап. Республика Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн
              министрлiктермен, орталық атқарушы
              органдармен қарым-қатынасы

      Республика Үкiметi:
      1) Республика Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктердiң, және орталық атқарушы органдардың қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың Республика заңдарын, Президентi мен Үкiметi актiлерiн орындауын қамтамасыз етеді;
      2) министрлердiң және өзге де орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша министрлiктер мен өзге де орталық атқарушы органдар туралы ережелердi, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелердiң штат санының лимиттерiн бекiтедi;
      3) Республика Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн министрлiктер, орталық атқарушы органдар, сондай-ақ ведомстволар актiлерiнiң толығымен не бiр бөлiгiнде күшiн жояды немесе тоқтата тұрады;
      4) Үкiмет құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы органдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      5) Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлердiң, орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; бұған Республика Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орталық атқарушы органдар басшыларының орынбасарлары енбейдi;
      6) өзіне Қазақстан Республикасының  Конституциясымен , заңдарымен және Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды атқарады. <*>
       ЕСКЕРТУ. 14-баптың 2)-тармақшасы толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1997.02.24. N 69-I  Заңымен .
       ЕСКЕРТУ. 14-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.11.24. N 604  Заңымен  (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).

       15-бап. Ведомстволармен қарым-қатынасы

      Республика Үкiметi:
      1) ведомстволар қызметiнiң аясын, өкiлеттiктерiн және жауапкершiлiгiн белгiлейтiн нормативтiк актiлер шығарады;
      2) тиiстi орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша ведомстволардың және олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң штат санының лимиттерiн бекiтедi;
      3) Үкiмет құрамына кiрмейтiн тиiстi министрлердiң, орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша ведомстволардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;<*>
      4) өзіне Қазақстан Республикасының  Конституциясымен , заңдарымен және Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды атқарады. <*>
       ЕСКЕРТУ. 15-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.11.24. N 604  Заңымен  (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).

       16-бап. Жергiлiктi атқарушы органдармен қарым-қатынасы

      1. Республика Үкiметi:
      1) мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiндегi Республика атқарушы органдарының қызметiне басшылықты жүзеге асырады, олардың Республика заңдарын, Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн орындауын бақылайды;
      2) жергiлiктi атқарушы органдар актiлерiнiң күшiн толығымен немесе бiр бөлiгiнде жояды не тоқтата тұрады, оларды жою не тоқтата тұру туралы Республика Президентiнiң қарауына ұсыныстар енгiзедi;
      2. Тиiстi жергiлiктi атқарушы органдарды басқаратын әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң әкiмдерi Республика Президентi мен Үкiметiнiң өкiлдерi болып табылады және Республика Үкiметiне мемлекеттiк басқару мәселелерi жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.

       17-бап. Республика Үкiметiнiң республикалық
              бюджеттен қаржыландырылатын өзге де
              мемлекеттiк органдармен қарым-қатынасы

      Республика Үкiметi заңдарда белгiленген тәртiппен өзге де, соның iшiнде республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметiн қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету мәселелерiн шешедi.

  IV ТАРАУ. РЕСПУБЛИКА ҮКIМЕТIНIҢ ҚЫЗМЕТIН
ҰЙЫМДАСТЫРУ

       18-бап. Республика Үкiметiнiң отырыстары

      1. Үкiметтiң отырыстары айына кемiнде бiр рет өткiзiлiп отырады.
      2. Үкiметтiң отырыстарын Премьер-Министр не Республика Президентi шақырады.
      3. Үкiметтiң отырыстарында Премьер-Министр төрағалық етедi, ол болмаған кезде мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Премьер-Министрдiң мiндетiн атқаратын Премьер-Министрдiң орынбасары төрағалық етедi. Үкiмет ерекше маңызды мәселелердi қарағанда оның отырыстарында Республика Президентi төрағалық етедi.
      4. Үкiмет мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi Үкiмет отырысына қатысса, отырыс құқылы болып саналады. Үкiмет мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
      5. Үкiмет отырыстары ашық болады. Президенттiң не Премьер-Министрдiң бастамасымен Үкiметтiң жабық отырыстары өткiзiлуi мүмкiн.
      6. Үкiмет отырыстарын әзiрлеу мен өткiзу тәртiбi Үкiмет Регламентiмен белгiленедi.

       19-бап. Республика Премьер-Министрi

      1. Республика Премьер-Министрi:
      1) Үкiметтiң жұмысын ұйымдастырады және Үкiмет мүшелерiнiң арасындағы қызметтiк мiндеттердi бөледi;
      2) Республика Президентiмен, Парламентпен, Конституциялық Кеңеспен, Жоғарғы Сотпен, Бас прокуратурамен, басқа мемлекеттiк органдармен қарым-қатынаста Үкiметтiң атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады;
      3) халықаралық қатынастарда Үкiмет атынан өкiлдiк етедi немесе Үкiмет атынан өкiлдiк етудi тапсырады және мемлекетаралық шарттар мен келiсiмдерге қол қояды;
      4) Республика Президентiне: Үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы; Үкiмет құрамына кiрмейтiн министрлiктердi, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы; министр, облыс, республикалық маңызы бар қала мен Республика астанасының әкiмi қызметiне тағайындау үшiн кандидатуралар жөнiнде; Үкiмет аппаратының басшысын, министрдi, оның iшiнде Үкiмет жүргiзiп отырған саясатпен келiспейтiн немесе оны жүргiзбей отырған министрдi қызметтен босату туралы ұсыныстар енгiзедi;
      5) Республиканың мемлекеттiк бюджетi есебiнен ұсталатын барлық органдар үшiн қаржыландырудың және қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң бiрыңғай жүйесiн Қазақстан Республикасының Президентiне бекiтуге ұсынады;
      6) Президентке Үкiмет қызметiнiң негiзгi бағыттары туралы баяндап отырады;
      7) Үкiмет мүшелерiнiң, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есебiн тыңдап отырады;
      8) Үкiметтiң қызметін ұйымдастыруға және оған басшылық жасауға байланысты басқа да функцияларды орындайды. <*>
      2. Премьер-Министр болмаған жағдайда оның мiндеттерiн Премьер-Министр белгiлеген тәртiппен Премьер-Министрдiң орынбасарларының бiрi атқарады.
       ЕСКЕРТУ. 19-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .
      ЕСКЕРТУ. 19-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 2004.11.24. N 604  Заңымен  (өзгеріс 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді).

       20-бап. Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Республика
              Үкiметiнiң өзге де мүшелерi

      1. Премьер-Министрдiң орынбасарлары өз қызметiн Республиканың Премьер-Министрi белгiлейтiн мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырады.
      2. Министрлiктердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылатын Үкiмет мүшелерi:
      1) тиiстi мемлекеттiк органдарға басшылықты жүзеге асырады;
      2) өз құзыретi шегiнде шешiмдер қабылдауда дербес болады;
      3) Республика Премьер-Министрiнiң алдында өздерiне бағынышты мемлекеттiк органдардың жұмысы үшiн дербес жауап бередi;
      4) тиiстi мемлекеттiк органдардың қарауындағы мемлекеттiк басқару саласындағы (аясындағы) iстiң жайына және заңдардың, Қазақстан Республикасының Президентімен Үкiметi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн жауап бередi;
      5) өздерi басқаратын мемлекеттiк органдар мен олардың аумақтық бөлiмшелерiнiң құрылымын және штат санын осы органдардың Республика Үкiметi бекiткен штат саны лимитiнiң шегiнде белгiлейдi. 
      3. Министрлiктердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың басшылары болып табылмайтын Үкiмет мүшелерi өз қызметiн олар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн ережелерге сәйкес жүзеге асырады.
       ЕСКЕРТУ. 20-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

       21-бап.  <*>
       ЕСКЕРТУ. 21-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық Заңымен.

       22-бап. Республика министрлiгi

      1. Министрлiк тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекте - салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.
      2. Министрлiктi Республика Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
      2-1. Министрлiк Республика Yкiметiнiң құзыретiне жатқызылмаған мәселелер бойынша өз құзыретi шегiнде шешiмдердi өз бетiнше қабылдауға өкiлеттi.
      2-2. Министрлiктiң құрылымын тиiстi министр бекiтедi.
      Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi ведомстволар, департаменттер мен басқармалар болып табылады.
      3. Министрлiктiң алқасы министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сандық және адам құрамын министрлiктiң, мемлекеттiк комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан министр бекiтедi.
      4. Министрлiк, қабылдаған шешiмдер министрдiң бұйрықтарымен ресiмделедi.
       ЕСКЕРТУ. 22-бап өзгертілді және 2-1,2-2-тармақтармен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

       23-бап. Үкiмет құрамына енбейтiн орталық атқарушы
              орган

      1. Республика Премьер-Министрiнiң ұсынысы бойынша Республика Президентi құратын, қайта ұйымдастыратын және тарататын Қазақстан Республикасының агенттiгi Yкiметтiң құрамына кiрмейтiн орталық атқарушы орган болып табылады.
      2. Агенттiк тиiстi мемлекеттiк басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгiленген шектерде салааралық үйлестiрудi және өзге де арнайы атқару және рұқсат беру мiндеттерiн жүзеге асырады.
      3. Агенттiктiң құрылымын оның басшысы - төраға бекiтедi және, әдетте, департаменттер мен басқармалардан тұрады.
      4. Агенттiк төрағасының жанынан алқа құрылады, ол консультациялық-кеңесшi орган болып табылады. Алқаның сан және адам құрамын агенттiктiң төрағасы бекiтедi.
      5. Агенттiк төрағасының бұйрықтары агенттiктiң актiлерi болып табылады.
       ЕСКЕРТУ. 23-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

       24-бап. Орталық атқарушы органның ведомствосы

      1. Республиканың орталық атқарушы органының комитетi ведомство болып табылады.
      Ведомствоның аумақтық бөлiмшелерi болуы мүмкiн.
      2. Ведомствоны тиiстi орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен Республика Yкiметi құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
      3. Ведомство Республиканың орталық атқарушы органы құзыретiнiң шегiнде арнайы атқару және бақылау-қадағалау мiндеттерiн, сондай-ақ мемлекеттiк басқарудың iшкi саласын (аясын) салааралық үйлестiрудi не оған басшылықты жүзеге асырады.
      4. Ведомство шығаратын актiнiң нысаны ведомство басшысының бұйрығы болып табылады.
      5. Ведомствоның құрылымын, құзыретiн және басқа мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимылының тәртiбiн Үкiмет белгiлейдi.
       ЕСКЕРТУ. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

       25-бап. Республика Премьер-Министрi мен Үкiметiнiң
              қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық
              жағынан қамтамасыз ету

      1. Республика Премьер-Министрi мен Yкiметiнiң қызметiн ақпараттық-талдау және ұйымдық-құқықтық жағынан қамтамасыз етудi Республика Премьер-Министрiнiң Кеңсесi жүзеге асырады.
      2. Премьер-Министрдің Кеңсесін құру, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібі, Премьер-Министр Кеңсесі басшысының және оның өзге де мемлекеттік қызметшілерінің құқықтық жағдайы, оларды қызметке тағайындау мен қызметтен босатудың тәртібі Республика заңдарымен белгіленеді.
       ЕСКЕРТУ. 25-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1999.05.06. N 379 Конституциялық  Заңымен .

       26-бап. Республика Үкiметi жанындағы
              консультативтiк-кеңесшi органдар

      1. Республика Үкiметi жанындағы комиссиялар, кеңестер мен консультативтiк-кеңесшi органдар үкiмет құзыретiне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшiн құрылады.
      2. Консультативтiк-кеңесшi органдарды Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкiмет мүшелерi басқарады.
      3. Үкiмет жанындағы консультативтiк-кеңесшi органдардың шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.

       27-бап. Осы Конституциялық заңның күшiне
             енгiзiлу тәртiбi

      Осы Конституциялық заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi