Кәсiптiк одақтар туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуiрдегі Заңы

Жаңартылған

МАЗМҰНЫ

I-тарау
Жалпы ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк одақтар

      Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк одақтар (кәсiподақтар) - дербес, тiркелген жеке мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiктер, оларды азаматтар өздерiнiң кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiрiп, қорғау, еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшiн ерiктi түрде құрады.

      2-бап. Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтар туралы
             заңнамасы
 
      1. Қазақстан Республикасының кәсіптік одақтар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
       Ескерту. 2-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2009.04.29. N 154-IV Заңымен.

      3-бап. Осы Заңның жекелеген салаларда
             қолданылу ерекшелiктерi

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында iшкi iстерұлттық қауiпсiздiк органдарында осы Заңның қолданылу ерекшелiктерi осы құрамалар туралы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленедi.
      Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республикасында тұрып, жұмыс iстейтiн шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады, сондай-ақ республикадан тыс жерде iссапар тәртiбiмен жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасының азаматтарына да қолданылуы мүмкiн.
      Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2002.07.10. N 338 Заңымен.

      4-бап. Кәсiптiк одақтар құру бостандығы

      Қазақстан Республикасының азаматтары кәсiптiк одақтарға бiрiгуге құқылы.
      Кәсiптiк одақтар өз мүшелерiнiң тең құқылығы негiзiнде құрылады. Бiр кәсiп (кәсiптер тобы) шеңберiнде құрылатын кәсiптiк одақтардың санына шек қойылмайды.
      Барлық кәсiптiк одақтарға бiрдей құқылық мүмкiндiк берiледi.
      Кәсiптiк одақтарды құруға кедергi келтiру, сондай-ақ оның қызметiне қарсы әрекет жасау заң бойынша қудаланады.

      5-бап. Кәсiптiк одақтардың құрылу принциптерi
             мен өзара қатынастары

      Кәсiптiк одақтар өндiрiстiк-салалық принцип бойынша құрылады.
      Кәсiптiк одақтың iшкi құрылымы оның жарғысымен белгiленедi.
      Кәсiптiк одақтар ерiктi негiзде өндiрiстiк (салалық), аумақтық және өзге принциптер бойынша одақтардың бiрлестiгiн құра алады, сондай-ақ оларға кiре алады, бiр-бiрiмен уақытша және тұрақты шарттар, келiсiмдер жасасып, бiрлескен акциялармен шаралар өткiзе алады.

      6-бап. Қазақстан Республикасы кәсiптiк одақтарының
             халықаралық байланыстары

      Жарғылық мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес кәсiподақтар басқа елдердiң кәсiподақ ұйымдарымен ынтымақтасуға, халықаралық кәсiподақ бiрлестiктерi мен ұйымдарына кiруге, олармен, сондай-ақ шет елдердiң кәсiптiк одақтарымен шарттар және келiсiмдер жасасуға қақылы.
 

       7-бап. Азаматтарды кәсiптiк одақтарға мүше болу
             белгiсi бойынша кемсiтушiлiкке тыйым салу

      Кәсiподақтарға мүше болу азаматтардың заңдарда кепiлдiк берiлетiн еңбек етуәлеуметтiк-экономикалықсаясижеке құқықтары мен бостандықтарына қандай да бiр шек қойылуына әкеп соқтырмайды.
Қызметкердің жұмысқа қабылдануын, жұмыста жоғарылауын, сондай-ақ жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзуды оның белгiлi бiр кәсiподақта болу, оған кiру немесе одан шығу себебiмен байланыстыруға тыйым салынады.
      Ескерту. 7-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.

2-тарау
Кәсiптiк одақтардың құрылуы, олардың
қызметiнiң тоқтатылуы

      8-бап. Кәсiптiк одақтың құрылуы

      Кәсiптiк одақ кемiнде он адамнан тұратын азаматтар тобының бастамасымен құрылады, олар құрылтай съезiн (конференциясын, жиналысын) шақырып, онда одақтың жарғысы бекiтiледi және басшы органдары құрылады.
      Мүшелiкке өту және одан шығу шарттары мен тәртiбi кәсiптiк одақтың жарғысымен белгiленедi.
      Кәсiптiк одақтың заңды ұйым ретiнде құқылық қабiлетi ол  тiркелген кезден пайда болады.
      Кәсiптiк одақтарды тiркеу "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргiзiледi.
      Тiркеушi орган кәсiподақтардың қызметiне бақылау жасамайды.
      Ескерту. 8-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң     1995.10.05. N 2489 Заң күші бар Жарлығымен, 2009.04.29. N 154-IV Заңымен.

      9-бап. Кәсiптiк одақ қызметiнiң тоқтатылуы

      Кәсiптiк одақ қызметiнiң тоқтатылуы "Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
       Ескерту. 9-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2009.04.29. N 154-IV Заңымен.

3-тарау

  Кәсiптiк одақтардың құқықтары мен кепiлдiктерi

      10-бап. Кәсiптiк одақтардың құқықтары

      Кәсiптiк одақтардың мынадай құқықтары бар:
      мемлекеттiк және шаруашылық органдармен, қоғамдық ұйымдармен, кәсiпкерлермен және олардың бiрлестiктерiмен (одақтарымен, ассоциацияларымен) өзара қатынастарда өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн бiлдiрiп, қорғау, өз мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатымен сотқа талап қою, медиация жүргізу кезінде, сотта, төрелікте немесе аралық сотта, басқа органдарда олардың мүдделерiн қорғау, оларға өзге де құқылық көмек көрсету, заң консультацияларын және құқылық көмек көрсететiн басқа да қызметтер құру, және еңбек дауларын қарау және заңдарға сәйкес ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) шешуге қатысу, келiсiмдер мен ұжымдық шарттар жасасу;
      ақша қорларын қалыптастыру;
      мемлекеттiк басқару органдарының кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн актiлерi жөнiнде сотқа шағым жасау; мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына олар қабылдаған, кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн құқылық актiлердiң толық немесе iшiнара күшiн жою не оларды өзгерту туралы өтiнiш жасау;
      кәсiподақ мүшелерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiретiн, прокурорлық қадағалау саласындағы құқылық актiлерге наразылық бiлдiру туралы, кәсіподақтар туралы заңнамасын, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзушы адамдарға қарсы iс қозғау туралы прокуратураға өтiнiш жасау;
      заңда берiлген құқықтар шегiнде өз мүшелерi жөнiнде еңбектұрғын үй және зейнетақы заңнамасының, кәсіподақтар туралы заңнаманың орындалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және анықталған бұрмалаушылықтардың жойылуын талап ету;
      бағаның өсуiне байланысты ең төменгi тұтыну бюджетiнiң және оның жекелеген тұтыну себептерiнiң нақтылы-заттай құрылымы мен құрамын қайта қарауға, еңбекке ақы төлеудi, зейнетақыларды және жәрдемақыларды қайта қарауға қатысу;
      өз кәсiподағы мүшелерiнiң кәсiпорындары мен жұмыс орындарына өз өкiлдерiн жiберу;
      еңбек ұжымдарының тапсырмаларына сәйкес олардың әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау, олардың атынан ұжымдық шарттар жасасу;
       заңмен белгiленген тәртiп бойынша жиналыстар, митингiлер, көше шерулерiн, демонстрациялар, ереуiлдер ұйымдастыру және өткiзу;
      баспа қызметiмен айналысу, баспасөзде және басқа да бұқаралық хабарлама құралдарында, кәсiпорындарда өз қызметiн көрсету;
      меншiкке ие болу;
      өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асыру.
      Мемлекет кәсiподақтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асырады және олардың қызметiне кепiлдiктер белгiлейдi.
       Қазақстан Республикасының заңдарында, жұмыс берушiлермен жасалған келiсiмдерде және шарттарда кәсiптiк одақтардың өзге де құқықтары белгiленуi мүмкiн.
      Кәсiподақтардың өкiлеттiгiн жүзеге асыру тәртiбi тиiстi заңдармен және кәсiподақ жарғысымен белгiленедi.
      Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.05.15 N 253; 03.07.2013 125-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      11-бап. Кәсiподақ мүшелерiнiң еңбек ету және
              әлеуметтiк-экономикалық құқықтары
              мен мүдделерiн қорғау

      Қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен оған нақты ақы төлеу, еңбек қорғау және өндiрiстегi қауiпсiздiк, жұмыспен қамту, тұрғын үй жағдайлары, әлеуметтiк сақтандыру және денсаулығын сақтау, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы кәсiподақтардың құқықтары Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.
      Кәсiптiк одақ өз мүшелерiнiң еңбек ету және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн мынадай жолдармен қорғайды:
      кәсiподақ мүшесi жұмыс берушiмен контракт (шарт, келiсiм) жасасқан кезде оған құқылық және консультациялық көмек көрсету;
      өз мүшелерiнiң құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қорғап, сотқа жүгiну;
      iс қаралған кезде сотқа қатысу;
      өз мүшелерi атынан жұмыс берушiмен кәсiподақ мүшелерiн, сондай-ақ еңбек ұжымының осы шартқа қатысуға қарсы емес басқа да мүшелерiн қамтитын шарттар, келiсiмдер жасасу.
      Өз мүшелерiнiң еңбек ету және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн қорғау мақсатында кәсiптiк одақтар қолданылып жүрген заңға қайшы келмейтiн басқа да әдiстердi пайдалана алады.
      Кәсiподақ өз мүшелерiнiң отбасыларына да көмек көрсетедi.
      Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.

      12-бап. Еңбек ұжымдарының құқықтары мен
              мүдделерiн қорғау

      Кәсiподақ еңбек ұжымының тапсыруымен өз органы арқылы жұмыс берушiмен ұжымдық шарт жасасу кезiнде оның өкiлi болып, оның орындалуына бақылау жасай алады, сотқа еңбек ұжымының және оның жекелеген мүшелерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауға бағытталған талаптар қояды, еңбек ұжымының құқықтарын жүзеге асыруға және оларды қорғауға байланысты басқа да iс-әрекеттi жүзеге асырады.
      Кәсiпорынның, оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң таратылуы немесе әкiмшiлiктiң, меншiк иесiнiң бастамасымен меншiк және пайдалану түрлерiнiң өзгертiлуi, өндiрiстiң толық немесе iшiнара тоқтатылуы жұмыс орындарын қысқартуға, сондай-ақ еңбек жағдайларын нашарлатуға әкеп соқтыратын болса, олар тиiстi кәсiподақтарға кемiнде екi ай бұрын алдын-ала хабарлап, олармен қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерiн сақтау жөнiнде келiссөз жүргiзiлген жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Ескерту. 12-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.

      13-бап. Кәсiподақ мүшелерi құқықтарының сақталуына
              қоғамдық бақылауды жүзеге асыру

      Кәсiптiк одақтар өз мүшелерiнiң, сондай-ақ егер еңбек ұжымының жалпы жиналысының (конференциясының) шешiмiмен өз мүшелерiнiң мүдделерiн бiлдiруге кәсiподаққа өкiлдiк берiлген болса, оның басқа мүшелерiнiң де құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады.
      Тексерулердi жүзеге асыру барысында кәсiподақтардың өкiлдерi өз мүшелерiнiң жұмыс орындарына кiруге және әкiмшiлiктен тиiстi хабарлама алуға құқылы.
      Жұмыс берушi мен оның әкiмшiлiгi тарапынан осы мақсатта жүргiзiлетiн тексерулерге қарсы әрекет және кедергi жасалуы заң бойынша қудаланады.

      14-бап. Жиналыстар, митингiлер, көше шерулерiн,
              демонстрациялар, ереуiлдер ұйымдастыру
              және өткiзу

      Кәсiптiк одақ еңбек ұжымының тапсыруымен заңда белгiленген тәртiп бойынша жиналыстар, митингiлер, көше шерулерiн, демонстрациялар, ереуiлдер және басқа акциялар ұйымдастырады және өткiзедi, оларды еңбек жағдайларын жақсарту, жалақыны арттыру, жұмыссыздықты азайту жолындағы күрес құралы, қызметкерлерді өздерiнiң еңбек құқықтары мен әлеуметтiк-экономикалық мүдделерiн қорғау жолындағы күресте топтастыру, жұмыс берушiлердiң озбырлығынан қорғау, кәсiподақ мүшелерiнiң қажеттерiне сай келетiн әлеуметтiк-экономикалық саясат жүргiзу мақсатымен мемлекеттiк органдарға ықпал ету құралы ретiнде пайдаланады.
      Кәсiподақтар бiрлескен қарсылық акцияларын өткiзу үшiн
өздерiнiң күш-жiгерiн бiрiктiрiп, басқа кәсiподақтармен және қызметкерлер топтарымен ынтымақтастық белгiсi ретiнде осындай акциялар өткiзе алады.
      Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.

      15-бап. Баспа қызметiн жүзеге асыру

      Кәсiптiк одақтар өздерiнiң баспа органдарын, баспалар ұстауға, радио мен теледидарды қоспағанда, басқа да бұқаралық хабарлама құралдарын меншiктенуге не өзгелердiкiн пайдалануға құқылы.

      16-бап. Кәсiптiк одақтардың ақша қорлары

      Кәсiптiк одақтар өз қаражаты және сырттан тартылған қаражат есебiнен кәсiподақтардың жарғылық мiндеттерi мен мақсаттарын жүзеге асырудан туындайтын шараларды қаржыландыруға арналған әлеуметтiк-экономикалық мақсаттағы ақша қорларын құра алады.

      17-бап. Мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатын
              қалыптастыруға кәсiподақтардың қатысуы

      Кәсiптiк одақтар жұмыссыздыққа қарсы күрес және жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, босап қалған қызметкерлердi қорғау бағдарламаларын, күнкөрiс минимумын белгiлеу және оны сақтау, табыстарды индекстеу, жалақының, зейнетақылардың, стипендиялардың және жәрдемақылардың ең төмен деңгейiн арттыру жөнiндегi шараларды қоса алғанда, өз мүшелерiн әлеуметтiк және экономикалық жағынан қорғау жөнiндегi жоспарлар мен бағдарламаларды әзiрлейдi, оларды тиiстi мемлекеттiк органдарға ұсыныстар ретiнде енгiзедi.

      18-бап. Кәсiптiк одақтар қызметiнiң кепiлдiгi

      Мемлекет кәсiподақтарға берiлген құқықтардың сақталуын қамтамасыз етедi және олардың жарғылық мiндеттерiн орындауына жағдай жасауға кепiлдiк бередi.
      Кәсiподақтарды қандай да бiр органдар мен ұйымдарға тiкелей немесе жанама бағындыруды немесе оның құқықтарын шектеудi мақсат ететiн, сондай-ақ кәсiподақтардың заңда және жарғыда (өзге негiзгi құжаттарда) көзделген қызметiне кедергi жасайтын кез келген әрекетке тыйым салынады.
      Мемлекеттiк басқару органдары кәсiптiк органдарына өз мүшелерiнiң құқықтарын қорғауға байланысты мәселелер бойынша хабарлама беруге мiндеттi.

      19-бап. Сайланбалы кәсiподақ қызметкерлерiне
              берiлетiн кепiлдiктер

      Сайланбалы кәсiподақ қызметкерлерiн, кәсiпорын толық таратылған реттердi қоспағанда, әкiмшiлiктiң бастамасымен жұмыстан шығаруға, сондай-ақ олар мүшелерi болып табылатын кәсiподақ органының алдын-ала келiсiмiнсiз тәртiптiк жазаға тартуға немесе басқа жұмысқа ауыстыруға болмайды.
      Кәсiподақ органдарының құрамына сайланған қызметкерлердi сайланған өкiлеттiгi бiткеннен кейiн екi жыл iшiнде әкiмшiлiктiң бастамасымен жұмыстан шығаруға жол берiлмейдi, бұған кәсiпорын толық таратылған немесе қызметкер заң бойынша жұмыстан шығарылуы мүмкiн болатындай кiнәлi iс-әрекет жасаған реттер қосылмайды. Мұндай реттерде жұмыстан шығару осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген тәртiп бойынша жүргiзiледi.
     Сайланбалы кәсiподақ органдарының мүшелерi өз мүшелерiнiң мүдделерiн көздеп қоғамдық мiндеттердi орындау үшiн кәсiподақ оқуына, кәсiподақтар шақыратын съездерге, конференцияларға делегат ретiнде қатысқан, сондай-ақ олардың пленумдарының, төралқаларының жұмысына қатысқан кезiнде өндiрiстiк жұмыстан босатылады.
Жұмыстан босату шарттары мен ақы төлеу тәртiбi ұжымдық шарттар мен келiсiмдерде көзделедi.

4-тарау
Бастауыш кәсiподақ ұйымдарының кәсiподақ
комитеттерi

      20-бап. Бастауыш кәсiподақ ұйымдары кәсiподақ
              комитеттерiнiң өкiлеттiктерi

      Бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ комитеттерінің өкілеттіктері осы Заңмен, кәсіптік одақтардың жарғыларымен, салалық, өңірлік келісімдермен және ұйымдардың ұжымдық шарттарымен белгіленеді.
      Бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақ комитеттерінің құқықтары, кәсіптік одақтың мүшесі болып табылатын қызметкерлермен жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.
      Келісімдерге және ұжымдық шарттарға сәйкес кәсіподақ комитеттері мен жұмыс берушілер ұйымдардағы басқа да әлеуметтік-еңбектік, экономикалық мәселелерді шешуі мүмкін.
      Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.05.15. N 253 Заңымен.

      21-бап. Кәсiподақ комитеттерiнiң қызметiне
              материалдық жағдайлар жасау

      Кәсiподақ комитетiнiң материалдық жағдайлары ұжымдық шарт немесе келiсiм негiзiнде белгiленедi.

      22-бап. Кәсiподақ жарналары

      Кәсiподақ комитеттерi кәсiпорынның қызметiне нұқсан келтiрмей, жұмыс және оқу орны бойынша кәсiподақ жарнасын жинауға қақылы.

5-тарау
Кәсiптiк одақтардың меншiгi, олардың
шаруашылық және қаржы қызметi

      23-бап. Кәсiптiк одақтардың меншiгi

      Кәсiптiк одақтардың меншiгi олардың кәсiпорындарынан, тұрғын үй қорынан, баспаларынан, полиграфиялық базасынан, емдеу мекемелерiнен, демалыс, бiлiм беру, мәдениет, спорт, балалар мекемелерiнен және үйлерiмен, жабдықтарымен, сондай-ақ кәсіподақтардың өз қаражатына сатып алынған басқа да мүлiкпен қоса алғандағы басқа да мекемелерiнен құралады.
      Кәсiптiк одақтар меншiк құқығымен өздерiне тиесiлi мүлiк пен ақшалай қаражатты иеленедi, пайдаланады және оларға билiк етедi.
      Кәсiптiк одақтар мемлекеттiң, жұмыс берушiлердiң, басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, өз кезегiнде олар да кәсiподақтардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
      Кәсiптiк одақтардың меншiгi заңмен қорғалады.

      24-бап. Кәсiптiк одақтардың өндiрiстiк
              және шаруашылық қызметi

      Кәсiптiк одақтар заңдарға сәйкес заңды ұйымдар болып табылады.
      Кәсiптiк одақтар мен олар уәкiлдiк берген органдар сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыруға, кәсiпорындар, мәдениет, оқу, емдеу, спорт, спорттық-сауықтыру мекемелерiн және басқа мекемелер, банкiлер, сақтандыру қоғамдары мен акционерлiк қоғамдар құруға, бiрлескен кәсiпорындардың құрылуы мен қызметiне қатысуға, лотереялар, қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, өткiзуге, өз мүшелерiн сақтандыруға, баспа қызметiмен айналысуға, ынтымақтастық қорларын, мәдени-ағарту қорларын және әлеуметтiк-экономикалық қорлар құруға, сондай-ақ өздерiнiң мақсаттары мен мiндеттерiне, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өндiрiстiк және шаруашылық қызметтi жүзеге асыруға құқылы.
      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР Президентiнiң 1995.10.05. N 2489 Заң күші бар Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi