Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларын сақтау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 1993 жылғы 19 қаңтар. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 1999.03.15. N 350 Заңымен. ~Z990350

Күшін жойған

      Осы Заң мемлекеттiң бүкiл аумағында және одан тыс жерлерде, меншiк түрлерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары, кәсiпорындары, мекемелерi, бiрлестiктерi, ұйымдары, әскери құрамалары мен азаматтары қызметiнiң барлық түрлерiнде мемлекеттiк құпияларды сақтаудың құқылық негiздерi мен бiрыңғай жүйесiн анықтайды.
 
      1-бап. Ұғымдар
 
      Мемлекеттiк құпиялар - Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн, экономикалық және саяси мүдделерiн бiлдiретiн, мемлекет бақылауында болатын және Қазақстан Республикасы Конституциясы мен осы Заңның негiзiнде және олардың орындалуы үшiн әзiрленген арнайы тiзбелермен және ережелермен шектелетiн, пайдаланушылардың кез келген түрлерiнде сақталатын және алмастырылатын ақпарат. Мемлекеттiк құпиялар - Қазақстан Республикасының меншiгi.
      Ақпаратты құпияландыру - мемлекет мүддесi үшiн ақпаратты таратуды шектеу жөнiндегi шаралардың жиынтығы.
      Ақпаратты құпиясыздандыру - мемлекет мүддесi үшiн ақпараттардың таралуына белгiленген шектеулердi алу жөнiндегi шаралардың жиынтығы.
      Мемлекеттiк құпияларды сақтау жүйесi (құпиялылық режим) - Қазақстан Республикасының заңдарымен және мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарының нормативтi актiлерiмен белгiленген, ақпараттардың таралуын бақылауға қол жеткiзуге бағытталған құқылық, ұйымдастырушылық, инженерлiк-техникалық және өзге де шаралардың жиынтығын қамтитын, мемлекеттiң ұлттық қауiпсiздiгi жалпы жүйесiнiң бөлiгi болып табылатын мемлекеттiк құпиялардың сақталуын қамтамасыз ететiн бiрыңғай тәртiп.
      Мемлекеттiк құпияларда жария ету - құпия құжаттарды немесе бұйымдарды хабарлау, беру, жiберу, жариялау, жоғалту, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды кез келген өзге де тәсiлдер арқылы олармен танысуға құқы жоқ адамдарға жеткiзу.
 
      2-бап. Мемлекеттiк құпияларды сақтаудың құқылық
                         негiзi
 
      Мемлекеттiк құпияларды сақтаудың құқылық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң, Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтары, Қазақстан Республикасы таныған халықаралық құқылық құжаттар құрайды.
 

     3-бап. Ақпаратты мемлекеттiк құпияларға 

             жатқызудың негiзгi принциптерi


 
 
       Ақпаратты мемлекеттiк құпияларға жатқызу заңдылық, сондай-ақ мақсатқа лайықтылығы принциптерi негiзiнде жүзеге асырылады:
      а) Заңдылық. Ақпаратты құпияландыру мен құпиясыздандыру осы Заңның және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi бекiткен ақпараттарды мемлекеттiк құпияларға жатқызудың бiрыңғай ережелерi негiзiнде және соларға сәйкес жүргiзiледi.
      б) Мақсатқа лайықтылығы. Ақпаратты құпияландыру ақпаратты жария етуден мемлекет мүддесiне келетiн зиянның оны сақтауға жұмсалатын шығыннан артуы жағдайында жүргiзiледi.
 
      4-бап. Ақпаратты құпияландыруға шектеулер
 
      Құпияландырылуы:
      - азаматтардың құқыларына, бостандығы мен заңды мүдделерiне қол сұғатын, олардың жеке қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн;
      - заңдылықты бұзуды, мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың қаракетсiздiгiн немесе құқына қайшы iс-қимылдарын жасыратын;
      - экономикалық, әлеуметтiк, мәдени және ғылыми-техникалық дамудың мемлекеттiк және салалық бағдарламаларын iске асыруға, мемлекеттiң қорғаныс қабiлетi мен қауiпсiздiгiне терiс ықпал ететiн;
      - денсаулық сақтау, бiлiм беру, ауыл шаруашылығы, iшкi және сыртқы сауда, экология мен табиғи ресурстарды пайдалану, құқық тәртiбiн қамтамасыз ету саласындағы iстiң жағдайын бұрмалайтын ақпаратты мемлекеттiк құпияларға жатқызуға болмайды.
      Ақпаратты құпияландыруға шектеудi Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi енгiзедi.
 
      5-бап. Мемлекеттiк құпиялардың категориялары
 
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары үш категорияға бөлiнедi: мемлекеттiк, әскери және қызметтiк құпия.
      Мемлекеттiк құпияға жария етiлуi Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетi, қауiпсiздiгi, экономикалық және саяси мүдделерi үшiн ауыр зардаптарға әкелiп соқтыратын ақпараттар жатады.
      Мемлекеттiк құпия болып табылатын ақпараттарға "айрықша маңызды" және "өте құпия" шектеу грифтерi қойылады.
      Әскери құпияға жария етiлуi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне зиян келтiрiлетiн әскери сипаттағы ақпарат жатады.
      Әскери құпия болып табылатын ақпаратқа "өте құпия" және "құпия" шектеу грифтерi қойылады.
      Қызмет құпиясына жария етiлуi Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетiне, қауiпсiздiгiне, экономикалық және саяси мүдделерiне терiс ықпал ететiн ақпарат жатады. Мұндай ақпарат, әдетте, мемлекеттiк немесе әскери құпия болып табылатын және оны толық аша алмайтын ақпарат құрамына жататын жекелеген деректер сипатында болады.
      Қызмет құпиясы болып табылатын ақпаратқа "құпия" шектеу грифi қойылады.
      Мемлекеттiк құпияларға осы бапта көрсетiлмеген өзге шектеу грифтерiн қоюға тыйым салынады.
 
      6-бап. Мемлекеттiк емес құпиялар
 
      Мемлекеттiк емес құпияларды - коммерциялық құпияны, қызмет бабында пайдаланылатын, баспасөзге арналмаған ақпаратты, тергеу құпиясы, дәрiгерлiк, жеке құпия және құпияның кез келген басқа түрлерiн қызмет немесе жұмыс түрi бойынша сенiп тапсырылған мемлекеттiк органдардың және тиiстi заңды мекемелер мен жеке адамдардың көмегi арқылы олардың меншiк иелерi сақтайды. Мемлекеттiк емес құпияларды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiмен немесе олардың меншiк иелерi әзiрлеген, Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн ережелермен реттеледi.
 

     7-бап. Мемлекеттiк құпияларды сақтау

            жүйесiнiң негізгi элементтерi



 

     Мемлекеттiк құпияларды сақтау жүйесiнiң негiзгi элементтерi

мыналар болып табылады:

     - жұмыстарда, құжаттарда және бұйымдарда мазмұндалатын

ақпараттың құпиялық дәрежесiн анықтау және белгiлеу ережелерi;

     - мемлекеттiк құпияларға жiберу тәртiбi;

     - мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстейтiн адамдар үшiн

шектеулер; 

     - мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеудiң тәртiбi;

     - мемлекеттiк құпиялардың сақталуын қамтамасыз етудi

бақылау;

     - мемлекеттiк құпияларды сақтауды қамтамасыз ету органдары;

     - мемлекеттiк құпияларды сақтау жөнiндегi талаптарды

орындамағаны үшiн жауаптылық.


     8-бап. Ақпаратты мемлекеттiк құпияларға жатқызу



 
       Ақпаратты мемлекеттiк құпияларға жатқызу Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиясы болып табылатын мағлұматтар Тiзбесi және құпияландыруға жататын, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтетiн мағлұматтар тiзбелерi негiзiнде жұмыстарда, құжаттарда және бұйымдарда мазмұндалатын мағлұматтардың құпиялылық дәрежесiн анықтау және белгiлеу тәртiбi туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының Президентi анықтайтын мемлекеттiк органдар Қазақстан Республикасының заңды мекемелерi мен жеке адамдарының меншiгi болып табылатын және осы Заңның 5-бабының талаптарына жауап беретiн ақпаратты меншiк иелерiнiң шығындарын өтей отырып, құпияландыруға және құпиясыздандыруға қақылы. Ақпарат иелерi ақпаратты құпияландыру немесе құпиясыздандыру бойынша заңға қайшы әрекеттер жөнiнде сотқа шағым беруге қақылы.
      Осы Заңның 5-бабы талаптарына жауап беретiн ақпаратқа ие болған кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар, қоғамдық бiрлестiктер, жекелеген азаматтар оны құпияландыру қажеттiлiгi туралы мәселенi шешу үшiн осындай мағлұматтарға мүдделi ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органға, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарына хабарласуға тиiс.
 
      9-бап. Ақпаратты құпияландыру мерзiмдерi
 
      Мемлекеттiк құпиялар болып табылатын ақпаратты құпияландыру 20 жылға дейiнгi мерзiмге жүргiзiледi.
      Ақпаратты құпияландыру мерзiмi Қазақстан Республикасының қорғаныс қабiлетi, қауiпсiздiгi, экономикалық және саяси мүдделерi үшiн ақпараттың көкейкестiлiгi ескерiле отырып, Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен тәртiпте ұзартылуы мүмкiн.
      Мемлекеттiк құпиялар болып табылатын ақпарат оларға түзетулер енгiзу қажеттiлiгiн туғызатын факторлардың (халықаралық жағдайдың өзгеруi, бұйымдардың қару-жарақтан алынуы, оларды шетелге сату, ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерiнiң пайда болуы және басқалар) пайда болуына байланысты дер кезiнде қайта қаралып отыруға тиiс. Бұл орайда мемлекеттiк басқару органдары, өз құзыретi шегiнде, ақпаратты құпияландырудың негiздiлiгiн әр 5 жыл сайын қайта қарауға мiндеттi.
      Егер ақпаратты құпиясыздандыру мерзiмiн алдын-ала белгiлеу мүмкiн болса немесе оны жүзеге асыратындай жағдайлар туа қалса, онда бұл жағдайларды оны құпияландыру кезiнде көрсету қажет.
      Құпия ақпараттың қолданылу мерзiмi белгiленген тәртiппен ұзартылмаған жағдайда, ақпарат құпиялылығын жойды деп есептеледi.
 
      10-бап. Мемлекеттiк құпияларға жiберудiң тәртiбi
 
      Қызмет бабындағы мiндеттердi орындау үшiн мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеуi қажет болатын Қазақстан Республикасының азаматтарын осы құпияларға жiберу ресiмделедi, бұл орайда олардың қызмет немесе қоғамдық жағдайына қарамастан, осы азаматтарға қатысты еңбек шарты (келiсiм-шарт) жасалғанға дейiн белгiленген тәртiппен тексеру шаралары жүзеге асырылады. Оны жүргiзуге олар өз ерiктерiмен жазбаша түрде келiсiм бередi.
      Еңбек шартында (келiсiм-шартта) азаматтың мемлекеттiк құпияларды сақтауды қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды орындау мiндетi, осы ақпаратты жария етпеу туралы мiндеттемесi, мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеуге байланысты шектеулер жазбаша түрде көрсетiледi.
      Қазақстан Республикасының азаматтарына мемлекеттiк құпиялар болып табылатын, олардың қызмет бабындағы мiндеттерiн орындауға қажеттi ғана ақпараттар берiлуге тиiс.
      Қазақстан Республикасының азаматтары әкiмшiлiктiң еңбек шартының (келiсiм-шартының) мемлекеттiк құпияларды сақтауға байланысты шарттарын бұзған шешiмi туралы жоғары тұрған органдарға немесе сотқа шағым жасауға қақылы.
      Өз өкiлеттiктерi мен тiкелей қызмет мiндеттерi шегiнде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының келiсiмiнсiз және оларды жария етпеу туралы мiндеттеменi ресiмдемей-ақ мемлекеттiк құпияларға:
      - Қазақстан Республикасының Президентi мен Вице-президентi;
      - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы және оның орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Комитеттерiнiң төрағалары;
      - Қазақстан Республикасының Премьер-министрi,

 

Премьер-министрдiң орынбасарлары, оларға теңестiрiлген лауазымды

адамдар; Қазақстан Республикасының Бас прокуроры;

     - облыстық өкiлдi және атқару органдарының басшылары және

олардың орынбасарлары;

     - Қазақстан Республикасының министрлерi, министрлердiң

орынбасарлары және Қазақстан Республикасы Премьер-министрi

анықтайтын оларға теңестiрiлген лауазымды адамдар жiберiледi.


     11-бап. Құпияларға жiберудi шектеудiң

              және тоқтатудың шарттары


     Қазақстан Республикасының мына азаматтары:


 
       а) шетелде тұрақты тұратын немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу, шетел азаматтығын алу туралы тиiстi мемлекеттiк органдарға өтiнiш бiлдiретiн;
      б) қасақана қылмыс жасағандығы үшiн соттылығын заңмен белгiленген тәртiппен өтемеген немесе ақтамаған;
      в) мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеу үшiн медициналық қарсы куәлiктерi бар азаматтар. Мұндай қарсы куәлiктер Тiзбесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң келiсiмiмен Денсаулық сақтау министрлiгi бекiтедi;
      г) мемлекеттiк құпияларға жiберу туралы шешiм қабылдауға әсер ететiн өзi туралы көрiнеу жалған мағлұматтар берген;
      д) белгiленген тәртiппен тiркелмеген, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құрылысын және аумақтық тұтастығын күшпен өзгерту мақсатын көздейтiн, террорды, зорлық-зомбылықты, ұлтшылдық пен сепаратизмдi уағыздайтын саяси партиялар мен қоғамдық құрылымдардың мүшелерi болып табылатын азаматтар мемлекеттiк құпияларға жiберiлмейдi.
      Шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпияларына жiберiлмейдi.
      Қазақстан Республикасының азаматын мемлекеттiк құпияларға жiберу еңбек шартын (келiсiм-шартын) бұзған кезде, сондай-ақ осы баптың, а,б,в,г,д тармақтарында көзделген негiздер пайда болған жағдайда немесе ол мемлекеттiк құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету тәртiбiн бұзғанда тоқтатылуы мүмкiн.
      Құпияға жiберудiң тоқтатылуы Қазақстан Республикасының азаматын оған мәлiм мемлекеттiк құпияларды жария етпеу мiндеттерiнен босатпайды.
 
      12-бап. Мемлекеттiк және әскери құпия болып табылатын
              мағлұматтардан хабардар азаматтардың құқыларын
                                шектеу
 
      Мемлекеттiк және әскери құпия болып табылатын мағлұматтармен жұмыс iстейтiн немесе жұмыс iстеген Қазақстан Республикасы азаматының оның жазбаша келiсiмiмен құпиялылық мерзiмi аяқталғанға дейiн, бiрақ 5 жылдан аспайтын мерзiмге құқылары шектелуi мүмкiн.
      Шектеулер:
      - мемлекеттiк және әскери құпияны жария ету қаупi туралы ақпараты болған жағдайда соған байланысты шетелге бару құқына;
      - тиiстi режимдi құпиялы органдарды хабардар етпей шетел азаматтарымен және мекемелерiмен байланыс жасау құқына;
      - мемлекеттiк және әскери құпия туралы ақпаратқа қатысты сөз бостандығы құқына;
      - мемлекеттiк және әскери құпияларға байланысты жаңалықты, өнертабысын пайдаланудағы айрықша құқына қатысты болуы мүмкiн.
      Азамат түсiнiктеме алу үшiн мемлекеттiк құпияларды сақтаудың жергiлiктi және республикалық органдарына өтiнiш жасауға, құқыларының негiзсiз шектелуiне байланысты соттың қорғауын талап етуге қақылы.
 
      13-бап. Мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеу тәртiбi
 
      Мемлекеттiк құпиялармен жұмыс iстеу тәртiбi осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi бекiткен Қазақстан Республикасында құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi Нұсқаумен тәртiптеледi.
      Айрықша режимдi объектiлердегi, шетелдiк мекемелердегi басым қорғаныс және ғылыми талдамалардың, арнайы тасымалдардың, байланыстың шифрлы және арнайы түрлерiнiң құпиялылық режимiн қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды жарияламау және шифрлау үшiн мүдделi мекемелер, кәсiпорындар мен ұйымдар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi органдарының келiсiмiмен осы Заңға қайшы келмейтiн, жүргiзiлетiн жұмыстардың құпиялылық режимiн қамтамасыз етудiң арнайы ережелерiн әзiрлей алады.
 
      14-бап. Мемлекеттiк құпияларды сақтау жүйесiндегi жоғары
              мемлекеттiк өкiмет органдарының өкiлеттiктерi
 
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi мемлекеттiк құпияларды сақтау саласындағы қатынастарды құқылық реттеу жүйесiн әзiрлеп, қабылдайды, мемлекеттiң ақпаратты құпияландыруға жол беретiн қызмет салаларын анықтайды.
      Қазақстан Республикасының Президентi:
      - құпия ақпаратты сақтау саласындағы бiрыңғай ұлттық саясатты анықтайды және iске асырады;
      - мемлекеттiк құпияларды сақтау жүйесiндегi мемлекеттiк органдарға жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      - ақпаратты құпияландыру мен құпиясыздандыруға құқы бар мемлекеттiк органдарды анықтайды;
      - мемлекеттiк құпияларға жiберуге байланысты Қазақстан Республикасы азаматтарына арнайы тексеру тәртiбiн белгiлейдi;
      - мемлекеттiк құпияларды сақтау жүйесiнiң қызметiне бақылау жасайды және үйлестiредi.
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      - Қазақстан Республикасы заңдарының, басқа да нормативтi актiлерiнiң орындалуын қамтамасыз етедi және мемлекеттiк құпияларды сақтау мәселелерiнде мекемелерге, кәсiпорындар мен ұйымдарға басшылық жасайды;
      - мемлекеттiк құпияларды сақтау жөнiндегi бөлiмшелердiң құрылымын, ұйымдастыру, жұмыс iстеу және жою тәртiбiн белгiлейдi;
      - Қазақстан Республикасының айрықша режимдi, айрықша маңызды және режимдi объектiлерiнiң тiзбелерiн бекiтедi;
      - мемлекеттiк құпияларды сақтаудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыруға бағытталатын бюджеттiк қаржыландыруды жоспарлайды, мемлекеттiк құпияларды сақтау жөнiндегi жұмыстарды материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаржыландыру тәртiбiн белгiлейдi.
 
      15-бап. Мемлекеттiк құпияларды сақтау жүйесiндегi
              Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк
                    комитетiнiң өкiлеттiктерi
 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi өз құзыретiнiң шегiнде:
      - мемлекеттiк құпиялардың сақталуын, байланыстың арнайы түрлерiнiң және шифрлы жұмыстардың қауiпсiздiгiн барлаудың шетелдiк техникалық құралдарына қарсы iс-қимыл жасауды қамтамасыз етуге бақылау ұйымдастырады;
      - мемлекеттiк басқару органдарында, кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдар мен бiрлестiктерде құпиялылық режимiн тексерудi жүзеге асырады. Мемлекеттiк құпиялардың сақталуына бағытталған шаралар қабылдау жөнiнде мiндеттi нұсқауларды енгiзедi;
      - мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мағлұматтарға Қазақстан Республикасы азаматтарын жiберудi және мемлекеттiк құпияларға жiберуге жататын лауазымдардың номенклатурасын келiседi;
      - мемлекеттiк және әскери құпия болып табылатын ақпаратқа жiберуге ресiмделетiн (қайта ресiмделетiн) Қазақстан Республикасы азаматтарына арнайы тексеру жүргiзедi;
      - мемлекеттiк құпияларды сақтау мәселелерiн мемлекеттiк өкiмет және басқару органдарына, кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдар мен бiрлестiктерге әдiстемелiк және практикалық көмек көрсетедi;
      - мемлекеттiк құпияларды жария ету (жоғалту) фактiлерi

 

бойынша қызметтiк тергеулер жүргiзедi;

     - мемлекеттiк құпияларды сақтау жөнiндегi жұмыстардың

нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет

пен басқару органдарын хабардар етедi.

     Мемлекеттiк құпиялардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн

Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң органдары режимдi объектiлердiң

әкiмшiлiктерiмен бiрлесе отырып, жанамалау, шифрлау және құпияларды

қарсы барлаумен сақтаудың басқа да формалары мен әдiстерiн

пайдаланады.


     16-бап. Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк

                органның өкiлеттiктерi


    Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк орган мемлекеттiк

құпияларды сақтау саласындағы бiрыңғай саясатты белгiлейдi,

мемлекеттiк органдардағы, мекемелердегi, кәсiпорындардағы және

ұйымдардағы құпиялылық режимдi қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты

үйлестiредi. Мемлекеттiк құпияларды сақтау жөнiнде құқылық,

әкiмшiлiк, экономикалық және техникалық шаралар жүйесiн әзiрлейдi,

олардың Қазақстан Республикасының аумағында орындалуына бақылау

жасайды.


     17-бап. Мемлекеттiк құпияларды сақтауды

               қамтамасыз ету органдары



 
       Мемлекеттiк құпияларды сақтау - осы құпияларға ие болып отырған барлық мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың, бiрлестiктердiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасының лауазымды адамдары мен азаматтарының мiндетi.
      Мемлекеттiк құпияларды пайдалана отырып қандай да бiр жұмыс жүргiзу оларды сақтау жөнiнде шаралар қабылдағаннан кейiн ғана жүзеге асырылуға тиiс.
      Мемлекеттiк құпияларды сақтауды қамтамасыз ету органдарының құрамына: Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекеттiк орган және кәсiпорындардағы, мекемелердегi, ұйымдар мен бiрлестiктердегi режимдi-құпиялы органдар енедi.
 
      18-бап. Мемлекеттiк құпияларды жария еткенi үшiн,
              сондай-ақ ақпаратты заңға қайшы құпияландырғаны
                      үшiн жауаптылық
 
      Мемлекеттiк құпиялардың сақталуын қамтамасыз етуге жауаптылық

 

мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, мекемелердiң ұйымдар

мен бiрлестiктердiң басшыларына жүктеледi.

     Мемлекеттiк құпияларды жария еткенi немесе ақпаратты заңға

қайшы құпияландырғаны үшiн, сондай-ақ осы Заң талаптарын бұзғаны

үшiн кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген

заңдарына сәйкес қылмыстық және әкiмшiлiк жауапқа тартылады.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi