Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне газбен жабдықтау және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 24 маусымдағы № 322-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ныңи ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

      44-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Автогаз құю станцияларын салу үшін жер учаскесін беру және оның нысаналы мақсатын өзгерту Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында көзделген шектеулер ескеріле отырып жүзеге асырылады.".

      2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      1) 124-1-бапта:

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Тауарлық газды бекітілген тұтыну нормаларынан асатын көлемде бөлшек саудада өткізу бағасы Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына сәйкес, коэффициенттерді қолдану арқылы айқындалады.";

      3-тармақ "бағаларды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ бекітілген тұтыну нормаларын асырып жіберген жағдайда, тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің коэффициенттерді қолдану арқылы айқындалған бағасын" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 124-5-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесі желілеріне қосылмаған көппәтерлі тұрғын үй үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу;";

      3) 124-8-бап:

      1) тармақшаның жетінші абзацы "тауарлық газды" деген сөздерден кейін ", сұйытылған мұнай газын" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-1) тармақшаның екінші абзацы "тауарлық газды" деген сөздерден кейін ", сұйытылған мұнай газын" деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 2026 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексіне:

      120-бап мынадай мазмұндағы 17-тармақпен толықтырылсын:

      "17. Автогаз құю станцияларын салу Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында көзделген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.".

      4. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      2-7) тармақша "арналған аукциондық сауда-саттыққа" деген сөздерден кейін "немесе жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобалық аукциондық сауда-саттыққа" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-8) тармақша:

      "арналған аукциондық сауда-саттықты" деген сөздерден кейін "және жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобалық аукциондық сауда-саттықты" деген сөздермен толықтырылсын;

      "тәртіппен аукциондық сауда-саттықты" деген сөздерден кейін "және жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобалық аукциондық сауда-саттықты" деген сөздермен толықтырылсын;

      2-16) және 2-17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-16) гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – өзін-өзі өтеушілік кезеңінде тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар сомасын қайтаруды, инвестицияланған капиталға рентабельділік нормасын, электр энергиясын өндіруге арналған шығындарды, техникалық қызмет көрсетуге және пайдалану әзірлігін ұстап тұруға арналған шығындарды қамтитын, осы Заңда көзделген тәртіппен индекстеуге және түзетуге жататын, жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобалық аукциондық сауда-саттықтың қорытындысы бойынша айқындалған немесе техникалық-экономикалық негіздеме негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тариф;

      2-17) гидроаккумуляциялайтын электр станциясы – электр энергиясын жинақтауды және өндіруді жүзеге асыратын су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлар кешені және жабдығы бар гидроэлектр станциясы;";

      мынадай мазмұндағы 2-18), 2-19) және 2-20) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-18) диспетчерлік технологиялық басқару – диспетчер жүзеге асыратын, автоматтандырылған диспетчерлік және технологиялық басқару жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау мен басқару міндеттерін шешуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қабылдауды талап ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы хабарларын қабылдауға және өңдеуге арналған процесс;

      2-19) жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуға арналған жобалық аукциондық сауда-саттық (бұдан әрі – жобалық аукциондық сауда-саттық) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы цифрлық жүйеде аукцион негізінде ұйымдастыратын және өткізетін, гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және олардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифтерін айқындауға бағытталған процесс;

      2-20) жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – жобаны іске асыру үшін тартылған тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар сомасын қайтаруды және инвестицияланған капиталға рентабельділік нормасын қамтитын, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайынғы индекстеуге немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруін ескере отырып жыл сайынғы индекстеуге жататын, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға уәкілетті орган өткізген тендердің қорытындылары бойынша айқындалған тариф;";

      22) тармақшадағы "энергия өндіруші ұйыммен және (немесе)" деген сөздер алып тасталсын;

      48) тармақшадағы "шарттар" деген сөз "электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар, шарттар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 5-бапта:

      70-34) тармақшадағы "Тізілімге" деген сөз "Тұлғалар топтарының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 70-56) тармақшамен толықтырылсын:

      "70-56) электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын әзірлеп, бекітеді;";

      3) 6-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "жоспардан тыс" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақ 5) тармақшасындағы "жүргізуіне жүзеге асырады." деген сөздер "жүргізуіне;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған іс-шаралардың орындалуына жүзеге асырады.";

      4) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау

      1. Энергия беруші және энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметі Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сай лицензиялануға тиіс.

      2. Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алуды осы қызмет түрімен айналысуға арналған лицензиясы бар энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жүзеге асырады.

      Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия мынадай біліктілік талаптарына сай келетін ұйымдарға беріледі:

      1) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар, кернеуі төрт сыныптан (220, 110, 35, 20, 10, 6, 0,4 киловольт) кем емес электр желілерінің (кәбілдік немесе әуедегі электр беру желілерінің) болуы;

      2) коммуналдық меншіктегі және қызметін бір мезгілде "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 1-тармағының 3), 4) және 14) тармақшаларына сәйкес жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жүз пайызы мемлекетке тиесілі, олар үшін электр энергиясына тікелей қосылған он екі мың тұтынушының болуы жеткілікті болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда, тікелей, оның ішінде үйге ортақ желілер арқылы қосылған кемінде отыз мың электр энергиясын тұтынушының болуы.

      3. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны беруді, тоқтата тұруды, оның қолданысын қайта бастауды, кері қайтарып алуды уәкілетті орган "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында және осы Заңда белгіленген тәртіппен және негіздерде жүзеге асырады.

      Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы:

      1) электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу кезінде лицензиат ұсынған материалдарда анық емес мәліметтер анықталған;

      2) бақылау органының Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамасы белгіленген мерзімде орындалмаған;

      3) лицензиат уәкілетті органға ерікті түрде жүгінген жағдайларда алты айдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін.

      Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес өзінің электр желілері арқылы электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды жалғастырады.

      Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті тоқтата тұруға негіз болған ескертулер тоқтата тұру мерзімі өткенге дейін жойылмаған жағдайда уәкілетті орган тоқтата тұру мерзімі өткен кезден бастап он жұмыс күні ішінде электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны кері қайтарып алу рәсіміне бастамашылық жасайды.

      Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияның қолданысын қайта бастау лицензиаттың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 3 және 7-тармақтарында белгіленген тәртіппен жүгінуі бойынша жүзеге асырылады.

      Электр желілерінің меншік иесі электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия кері қайтарып алынған кезден бастап осы Заңның 13-1-бабының 2-тармағына сәйкес өз желілерін алты ай ішінде беруге міндетті.

      4. Бақылау органы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестікке жүргізілетін тексерулерді энергия беруші ұйымдарға қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады.";

      5) 12-бап мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Осы Заңның 15-3-бабы 3-1-тармағының 1-1), 1-2) және 1-3) тармақшаларына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті іске асыратын қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станцияларының және гидроаккумуляциялайтын электр станцияларының мүліктік кешені іс жүзінде өзін-өзі өтеушілік мерзімі басталған кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне техникалық жарамды күйде өтеусіз негізде берілуге тиіс.";

      6) 13-бап мынадай мазмұндағы 1-2-тармақпен толықтырылсын:

      "1-2. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иелеріне өздерінің 15 кВт-қа дейінгі электр желілеріне жаңа тұтынушыларды қосуға және қосылуға техникалық шарттар беруге жол беріледі.";

      7) 13-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-1-бап. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптар

      1. 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін электр беру желілерін салуға және пайдалануға концессиялық шарттар жасасқан, қызметін лицензия алмай және Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген тарифтер бойынша жүзеге асыратын жүйелік операторды, электр желілерінің меншік иелерін қоспағанда, электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерді көрсету үшін электр желілері меншік иелерінің электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының болуы міндетті.

      2. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иесі желілеріне өзінің электр желілері тікелей қосылған энергия беруші ұйымға оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен толық көлемде өткізуді (сатуды), өтеусіз негізде сенімгерлік басқаруға немесе қайта құру арқылы беруді жүзеге асырады немесе осы баптың 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес электр энергиясын өзінің электр желілері арқылы беруді жүзеге асырады.

      Электр желілерін үлестес энергия беруші ұйымдар арасында сатып алуға жол берілмейді.

      Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілері меншік иесінің мұндай желілерді олар электр желілеріне қосылмаған энергия беруші ұйымға беруге құқығы жоқ.

      Бұл ретте басқа энергия беруші ұйымдардың желілеріне қосылмаған, сондай-ақ ұлттық электр желісіне және (немесе) энергия өндіруші ұйымдардың шиналарына тікелей қосылған электр желілері бір аумақтық бірліктің (облыстың) аумағындағы жақын орналасқан өңірлік электр желілік компанияға беріледі.

      Энергия беруші ұйымдарға (желілеріне тікелей қосылған) өткізу (сату) кезінде электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иелері активтерінің құнын бағалау Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес қалдық құны бойынша жүзеге асырылады.

      Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иелері активтерінің құнын бағалауды сатып алатын энергия беруші ұйым жүргізеді.

      Бұл ретте құқық белгілейтін құжаттар болмаған жағдайда, мұндай электр желілері Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес иесіз деп танылады.

      3. Өз мұқтажы үшін пайдаланылатын электр желілерін қоспағанда, мемлекеттік заңды тұлғалардың шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы электр желілері өз желілеріне олар тікелей қосылған энергия беруші ұйымдарға сенімгерлік басқаруға немесе өтеусіз пайдалануға беріледі.

      4. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иесі өзіне меншік құқығында тиесілі электр желілерін энергия беруші ұйымның (желісіне тікелей қосылған) балансына өтеусіз негізде беруге ниет білдірген жағдайда, энергия беруші ұйымның мұндай беруге кедергі келтіруге құқығы жоқ.

      Құқық белгілейтін құжаттар болған кезде техникалық құжаттаманың болмауы электр желілерін энергия беруші ұйымның балансына қабылдаудан бас тартуға негіз болмайды.

      5. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иесі өзіне тиесілі электр желісінің жекелеген бөлігіне (жекелеген бөліктеріне) меншік құқығын электр желісінің осы бөлігі (осы бөліктері) желісіне тікелей қосылған энергия беруші ұйымға беруге құқылы.

      6. Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған электр желілерінің меншік иесі:

      1) осы баптың 2-тармағына сәйкес толық берілгенге дейін оларды жұмыс жағдайында ұстауға, олардың сақталуы мен тұтастығын қамтамасыз етуге;

      2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзінің электр желілеріне қосылған тұтынушылардың электрмен жабдықталуын тоқтатуға алып келетін әрекеттерге жол бермеуге;

      3) электр энергиясын өзінің электр желілері арқылы өтеусіз негізде беруді, электр энергиясын өзінің электр желілері арқылы беру кезінде қосуды және өзге де қызметтерді ақы алмай ұсынуды жүзеге асыруға;

      4) өзінің электр желілеріндегі электр энергиясының ысырабына өтемақыны қамтамасыз етуге;

      5) өзінің желілері арқылы тұтынушыларға электр энергиясын беруді тоқтатуға, сондай-ақ өзінің электр желілерінің бұзылуына, бөлшектенуіне, зақымдануына, жойылуына, қасақана зақымдануына (бүлінуіне) алып келетін әрекеттерге жол бермеуге міндетті.

      7. Энергия беруші ұйымдар осы баптың 2 және 3-тармақтарында және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 119-2-бабында көзделген жағдайлар басталған кезден бастап бір жылдан кешіктірмей, Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру жөніндегі қызметке арналған тарифті қайта бекітуге өтінім беруді қамтамасыз етеді.

      8. Жаңадан құрылатын энергия беруші ұйымдар электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алуға тиіс.";

      8) 15-3-бапта:

      3-1-тармақта:

      1-2) тармақшада:

      бірінші бөлікте:

      "қуаты", "оның ішінде" деген сөздер "қуаты", "оның ішінде осы Заңның 15-13-бабында көзделген іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келгенде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "жалға және" деген сөздер "мүліктік жалдауға (жалға) немесе" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "генерациялайтын қондырғылар" деген сөздерден кейін "(бұдан әрі – қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станциясы) және (немесе) гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын" деген сөздермен толықтырылсын;

      "қызметке жеке тариф," деген сөздер "қызметке арналған жеке тариф, гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф," деген сөздермен ауыстырылсын;

      "осы ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұруы" деген сөздер "электр қуатының әзірлігін ұстап тұру" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "Электр" деген сөз "Қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станциялары үшін электр" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "Осы энергия өндіруші ұйым" деген сөздер "Қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станциясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-3) жобалық аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен жүзеге асырады. Бұл ретте гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф, осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі жобалық аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалады;";

      мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:

      "11. Жобалық аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып айқындаған заңды тұлғалар үлгілік шарттар негізінде уәкілетті органмен жаңадан пайдалануға берілетін гидроаккумуляциялайтын электр станциясын салуға шарт жасасады, ол үлгілік шарттар бойынша уәкілетті орган (қажет болған кезде):

      гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар бөлігінде өзін-өзі өтеушілік кезеңінде мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректеріне сәйкес инфляция деңгейіне немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруі ескеріліп, шетел валютасында тартылған қарыздық қаржыландыру көлеміне уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жыл сайынғы индекстеу деңгейіне жыл сайынғы индекстеуді;

      гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындар, материалдар, еңбекке ақы төлеу, үшінші тұлғалар көрсететін қызметтер немесе басқа да ресурстар құнының өзгеруіне байланысты техникалық қызмет көрсетуге және пайдалану әзірлігін ұстап тұруға жұмсалған шығындар бөлігінде түзетуді жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып айқындаған заңды тұлғалар үшін уәкілетті орган гидроаккумуляциялайтын электр станцияларының құрылысы басталған күнге дейін жобалау-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы негізінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемін, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімдерін және гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті түзетуді бір рет жүзеге асыруға құқылы.

      Іс жүзінде өзін-өзі өтеушілік мерзімі басталған кезде гидроаккумуляциялайтын электр станциялары үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифке уәкілетті орган айқындаған әдістеме бойынша белгіленген пайда нормасы ескеріле отырып, қазіргі электр қуатын ұстап тұруға жұмсалатын шығындар, электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шығындар, техникалық қызмет көрсетуге және пайдалану әзірлігін ұстап тұруға жұмсалатын шығындар қосылады.";

      9) 15-4-бапта:

      5-1-тармақта:

      "жасалатын" деген сөзден кейін "негізгі генерациялайтын жабдыққа қатысты" деген сөздермен толықтырылсын;

      "инвестициялық келісімдерді" деген сөздер "және дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйымның қосалқы жабдығына қатысты инвестициялық келісімдерді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Дауыс беретін акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тікелей немесе жанама түрде Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі энергия өндіруші ұйыммен қосалқы жабдыққа қатысты инвестициялық келісімдер жасасу кезінде қосалқы жабдыққа инвестицияларды қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейінен техникалық шарттарға сәйкес тұлғалар тобының құрамына енгізілген тұтынушының қосылған қуатының үлесіне барабар үлес қосалқы жабдығы жаңғыртылған, кеңейтілген, реконструкцияланған және (немесе) жаңартылған осы тұлғалар тобының құрамына енгізілген электр станциясының генерациялайтын жабдығының белгіленген қуатына қатысты шегеріледі.

      Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес тұлғалар тобының құрамына енгізілген тұтынушының қосылған қуатының шегерілетін көлемі тұтынушының қосылған қуатының көлемі өзгерген жағдайда уәкілетті орган айқындаған тәртіппен түзетілуге тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасқан жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған іс-шаралардың орындалу барысы туралы ақпаратты уәкілетті органға осындай инвестициялық келісім жасалған күннен бастап тоқсан сайын береді.

      Қосалқы жабдыққа қатысты уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған іс-шаралардың орындалмауы бойынша бақылау органы тарапынан ескертулер анықталған жағдайда уәкілетті орган бірыңғай сатып алушыға қосалқы жабдыққа жұмсалған шығындарға ақы төлеуді тоқтата тұру туралы хабарлама жібереді.

      Қосалқы жабдықты пайдалануға беру актісі уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімде айқындалған мерзімдерде ұсынылмаған және (немесе) уәкілетті органмен жасалған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім орындалмаған жағдайларда уәкілетті орган осы инвестициялық келісімді өзі айқындаған тәртіппен бұзуға құқылы.

      Бірыңғай сатып алушы осы тармақтың шеңберінде алынған қаражатты электр қуатының алдағы жылдағы жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің бағасын төмендетуге бағыттайды.";

      10) 15-10-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Жиілік пен қуатты автоматты түрде реттеу жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін гидроаккумуляциялайтын электр станциясының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімсіздіктерді сату уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.";

      11) мынадай мазмұндағы 15-12 және 15-13-баптармен толықтырылсын:

      "15-12-бап. Жобалық аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу тәртібі

      1. Уәкілетті орган гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салу жобаларын жобалық аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу арқылы іріктейді.

      2. Бірыңғай сатып алушы уәкілетті органның тапсырысы бойынша жүйелік оператор әзірлеген техникалық тапсырма негізінде жобалау құжаттамасын дайындайды.

      3. Жобалық аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.

      15-13-бап. Қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станцияларын және (немесе) гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуды жоспарлап отырған заңды тұлғаларды іріктеу өлшемшарттары

      Осы Заңның 15-3-бабы 3-1-тармағының 1-2) тармақшасына сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станцияларын және (немесе) гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салуды жүзеге асыруды жоспарлап отырған заңды тұлғалар мынадай өлшемшарттарға сай болуға тиіс:

      1) заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының резиденті болуы;

      2) заңды тұлғаның немесе онымен үлестес тұлғалардың Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен расталатын, қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станцияларын және (немесе) гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салу және (немесе) пайдалану тәжірибесінің болуы;

      3) жаңадан пайдалануға берілетін қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станцияларын және (немесе) гидроаккумуляциялайтын электр станцияларын салу жөніндегі жобалардың су шаруашылығы құрылысжайлары стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайлардың, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған мүліктік жалдауға (жалға) немесе сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін осындай құрылысжайлардың тізбесіне енгізілуге тиіс;

      4) жаңадан пайдалануға берілетін қуаты 35 МВт-тан асатын гидроэлектр станциясын немесе гидроаккумуляциялайтын электр станциясын салу жөніндегі жобаға техникалық-экономикалық негіздеменің болуы;

      5) ұсынылу тәртібі мен мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржылық қамтамасыз етудің болуы.";

      12) 19-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 15) және 16) тармақшалармен толықтырылсын:

      "15) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сорғы режимінде жұмыс істеуі үшін гидроаккумуляциялайтын электр станциясына электр энергиясын сатады.

      Бұл ретте электр энергиясын бірыңғай сатып алушының гидроаккумуляциялайтын электр станциясы тұтынатын электр энергиясын энергия өндіруші ұйымдардан сатып алуға жұмсалатын шығындары электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын сату бағасын айқындау кезінде ескеріледі;

      16) электр энергиясын гидроаккумуляциялайтын электр станциясынан уәкілетті орган айқындаған тәртіппен сатып алады.";

      13) 25-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін жұмыс істеген энергия беруші ұйымдар электр энергиясын беру жөніндегі қызметті 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін лицензиясыз жүзеге асыруға құқылы.

      Көрсетілген ұйымдар электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны 2027 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей алуға міндетті.

      Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген мерзімде алмаған электр желілерінің меншік иелері 2027 жылғы 1 шілдеге дейін осы Заңның 13-1-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген тәртіппен өз желілерін беруді қамтамасыз етуге міндетті.

      Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иелері 2027 жылғы 1 шілдеге дейін электр энергиясын беру жөніндегі қызметті табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекітетін тарифтер бойынша көрсетуге, сондай-ақ жаңа тұтынушыларды өздерінің электр желілеріне лицензиясыз қосуға және қосылуға арналған техникалық шарттарды беруге құқылы.".

      5. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 83-баптың 2-тармағы "119-2," деген цифрлардан кейін "119-4," деген цифрлармен толықтырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 119-4-баппен толықтырылсын:

      "119-4-бап. Тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін өтеусіз беру

      Жергілікті атқарушы органдар тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерін салу жобасын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарына өтеусіз береді.".

      6. "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) бүкіл мәтін бойынша "цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлға", "цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалар", "цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларға", "цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғаларды", "цифрлық майнингті жүзеге асыратын тұлғалардың" деген сөздер тиісінше "цифрлық майнер", "цифрлық майнерлер", "цифрлық майнерлерге", "цифрлық майнерлерді", "цифрлық майнерлердің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 1-бапта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) автогаз құю станциясы – сұйытылған мұнай газын сақтауды және оны отын ретінде пайдаланатын автомобиль көлік құралдарының иелеріне бөлшек саудада өткізуді қамтамасыз ететін технологиялық кешен және жабдық.

      Автогаз құю станциялары мынадай типтерге бөлінеді:

      стационарлық – сұйытылған мұнай газын сақтау сыйымдылықтары жер астында немесе жер үстінде орналасқан, автомобиль көлік құралдарына газ тарату колонкалары арқылы құюға арналған автогаз құю станциясы;

      модульдік (моноблок) – сұйытылған мұнай газын сақтау сыйымдылықтары жер үстінде орналасқан, технологиялық жүйесі бірыңғай зауыттық бұйым ретінде жасалған, сұйытылған мұнай газын сақтау сыйымдылықтары бар платформада газ тарату колонкаларын орналастырумен сипатталатын автогаз құю станциясы;";

      24) тармақша:

      "мұқтаждар" деген сөзден кейін "(тамақ дайындау, ыстық сумен жабдықтау, жылыту)" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте тауарлық газды сатып алатын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшін тауарлық газдың шығысын есепке алу шегі сағатына алпыс бес текше метрден аспауға тиіс;";

      26) тармақшадағы "және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға" деген сөздер алып тасталсын;

      28-1) тармақша "дайын өнім" деген сөздерден кейін "(мұнай өнімдерін қоспағанда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "29-1) өндіріс паспорты – өндірушінің өндірістік қуатының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын қамтитын, өндірістің технологиялық процесін сақтау үшін қолда бар жабдықты пайдалануды регламенттейтін белгіленген нысандағы құжат;";

      30) тармақшада:

      "өнеркәсіп" деген сөзден кейін "және ауыл шаруашылығы" деген сөздермен толықтырылсын;

      "заңды тұлға" деген сөздер "дара кәсіпкер немесе заңды тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Тауарлық газ шығысын есепке алу шегі сағатына алпыс бес текше метрден асатын тауарлық газды сатып алатын коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар да өнеркәсіптік тұтынушыларға жатқызылады;";

      34-1) тармақшадағы "– тауарлық" деген сөз "– өндіріс паспортына сәйкес тауарлық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      38) тармақшадағы "есепке алу аспаптары жоқ" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 4-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "пайдаланудың" деген сөзден кейін ", оның ішінде газды үнемді тұтынудың" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 6-бапта:

      5) тармақша алып тасталсын;

      7) тармақшада:

      "бағаларын" деген сөзден кейін "белгілейді" деген сөзбен толықтырылсын;

      "бекітеді" деген сөз "әзірлеп, бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-3) тауарлық газды бекітілген тұтыну нормаларынан асатын көлемде бөлшек саудада өткізу бағаларын коэффициенттерді қолдану арқылы айқындау қағидаларын әзірлеп, бекітеді;";

      8) тармақша алып тасталсын;

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) ұлттық оператормен бірлесіп тауарлық газды өндірудің, өткізудің және тұтынудың болжамды балансын қалыптастырады;";

      мынадай мазмұндағы 10-1) және 10-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10-1) сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің және тұтынудың болжамды балансын қалыптастырады;

      10-2) тауарлық және сұйытылған мұнай газын өндірудің, өткізудің және тұтынудың болжамды балансын қалыптастыру қағидаларын әзірлеп, бекітеді;";

      11) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін газ тарату жүйесіне қосу қағидаларын әзірлеп, бекітеді;

      14-2) газ тарату жүйелерін пайдалану қағидаларын әзірлеп, бекітеді;";

      16), 18-3) және 18-7) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 18-9), 18-10), 18-11), 18-12), 18-13), 18-14) және 18-15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "18-9) өндіріс паспортын бекіту және кері қайтарып алу қағидаларын, өндіріс паспортының нысанын әзірлеп, бекітеді;

      18-10) өндіріс паспортын бекітеді және кері қайтарып алады;

      18-11) өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін бекіту қағидаларын әзірлеп, бекітеді;

      18-12) өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін бекітеді;

      18-13) сұйытылған мұнай газын жылумен жабдықтау үшін отын ретінде таңдау кезінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілері мен көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын жобалауға арналған тапсырманы келіседі;

      18-14) автогаз құю станцияларының шекті санын айқындау қағидаларын әзірлеп, бекітеді;

      18-15) қазақстандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобаларын іске асыру кезінде қазақстандық кадрларды тарту бойынша мониторингтеуді жүзеге асырады;";

      5) 7-бапта:

      4-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-2. Мемлекеттік кіріс органы:

      1) уәкілетті органға сұйытылған мұнай газының айналымы туралы ақпарат береді;

      2) сұйытылған мұнай газының айналымы бойынша дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын әзірлеп, бекітеді.";

      5-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) және 6-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) тауарлық газды тұтыну көлемі мен пайдалануға беру мерзімдері бар, өнеркәсіптік тұтынушыларды тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің пайдалануға беру жоспарланып отырған объектілерінің тізбесін уәкілетті органға ұсынады;";

      "6-5) автогаз құю станцияларының шекті санын айқындайды;";

      6) 8-бапта:

      4-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1. Нормативтік техникалық ысыраптарды қоса алғанда, тауарлық газды өз мұқтажына пайдаланатын газ тасымалдау және газ тарату ұйымдарын, сондай-ақ:

      әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын;

      жылу энергиясын өндіру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері тауарлық газды тұтынушылар болып саналған жағдайда, жылу энергиясын;

      Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға өткізілетін электр энергиясын;

      Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар тауарлық газды тұтынушылар болып саналған жағдайда, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өткізілетін электр энергиясын өндіру үшін тікелей пайдаланылатын көлемде тауарлық газды тұтынушыларды қоспағанда, газ тұтыну жабдығының санына қарамастан, жылына он миллион текше метр және одан көп көлемде тауарлық газды сатып алатын заңды тұлғалар ірі коммерциялық тұтынушылар болып саналады.

      Егер Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өткізілген электр энергиясын баланс провайдері болып саналатын не теңгерімсіздіктер үшін жауапкершілікті баланс провайдеріне беру шартын жасасқан энергия өндіруші ұйым өндірсе, осы тармақтың бірінші бөлігі бесінші абзацының ережесі қолданылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 7, 8 және 9-тармақтармен толықтырылсын:

      "7. Газ тарату ұйымының меншік құқығында не өзге де заңды негіздерде магистральдық газ құбыржолына тікелей қосылған газ тарату жүйесі болуға тиіс.

      8. Екі және одан көп газ тарату ұйымының тауарлық газды газ тарату жүйесі арқылы бір мезгілде тасымалдауына тыйым салынады.

      9. Газ тарату ұйымдары болып саналмайтын тұлғаларға газ тарату жүйесінің жекелеген объектілерін салуға жол беріледі.

      Тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін қосу есебінен құрылысқа жұмсалған шығыстар өтелгеннен кейін мұндай объектілер газ тарату жүйесіне өздері қосылған газ тарату ұйымының меншігіне өтеусіз негізде беріледі.";

      7) 9-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) тауарлық газды өндірудің, өткізудің және тұтынудың болжамды балансын қалыптастыруға қатысады;

      2-2) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын, жаңғыртылуын және (немесе) реконструкциялануын жобалауға арналған тапсырманы келіседі;

      2-3) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектілерінің құрылысын, жаңғыртылуын және (немесе) реконструкциялануын техникалық мониторингтеуді жүзеге асырады;";

      8) 10-бапта:

      3-тармақтың 3) тармақшасындағы "үшін Қазақстан Республикасының аумағына" деген сөздер "және (немесе) одан әрі өткізу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Сұйытылған мұнай газын өндірушінің өндірістік объектісіне кіретін жекелеген технологиялық объектілер (резервуарлық парк, сұйытылған мұнай газын автомобильмен және теміржолмен құю эстакадалары) салынуы мүмкін және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі болуы мүмкін.";

      5-тармақ 2) тармақшасындағы "беруіне тыйым салынады." деген сөздер "беруіне;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) және 4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3) сұйытылған мұнай газын сақтау сыйымдылықтары жер үстінде орналасқан модульдік (моноблок) және (немесе) стационарлық типтегі автогаз құю станцияларын салуға немесе орналастыруға, пайдалануға;

      4) жер учаскелерінің нысаналы мақсатына сай келмейтін автогаз құю станцияларын осындай учаскелерде салуға тыйым салынады.";

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының аумағында тек сұйытылған мұнай газын сақтау сыйымдылықтары жер астында орналасқан стационарлық типтегі автогаз құю станцияларын салуға және пайдалануға жол беріледі.";

      9) 12-бапта:

      5-тармақта:

      "шығыстар" деген сөз "жұмыстарды" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "иелері есебінен жүргізіледі" деген сөздер "иелерінен төлемақы өндіріп алу есебінен газ тасымалдау, газ тарату ұйымдары немесе топтық резервуарлық қондырғылардың иелері жүргізеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7, 8, 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:

      "7. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін салуды, жаңғыртуды және (немесе) реконструкциялауды жобалауға арналған тапсырма ұлттық оператормен немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарымен уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісілуге тиіс.

      8. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін салудың, жаңғыртудың және (немесе) реконструкциялаудың техникалық мониторингін ұлттық оператор немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдары уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырады.

      9. Салынуы, жаңғыртылуы және (немесе) реконструкциялануы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілері пайдалануға берілген күннен бастап бір жыл ішінде ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарына өтеусіз беріледі.

      10. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобаларын іске асыру кезінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерден сатып алуға, қазақстандық кадрларды тартуға басымдық беріледі.

      11. Газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін салу, жаңғырту және (немесе) реконструкциялау жобаларын іске асыруды жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті органның сұрау салуы бойынша тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қазақстандық өндірушілерден сатып алу, қазақстандық кадрларды тарту жөніндегі мәліметтерді осындай сұрау салуды алған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.";

      10) 13-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. Автогаз құю станцияларын салу үшін жер учаскесін беру және оның нысаналы мақсатын өзгерту автогаз құю станцияларының шекті саны ескеріліп жүзеге асырылады.

      Автогаз құю станцияларының шекті саны асып кеткен жағдайда автогаз құю станцияларын салу үшін жер учаскесін беруге және оның нысаналы мақсатын өзгертуге жол берілмейді.";

      11) 14-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) осы Заңның 8-бабы 9-тармағының екінші бөлігіне сәйкес газ тарату жүйесінің объектілерін иеліктен шығаруға;";

      12) 15-бапта:

      4-1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы "өндіретін" деген сөзден кейін ", мемлекеттің артықшылықты құқығы шеңберінде ұлттық оператор сатып алатын" деген сөздермен толықтырылсын;

      14-тармақтың 8) тармақшасындағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 722-бабына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 755-бабына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 17-бапта:

      тақырып:

      "газды" деген сөзден кейін "өндіру мен" деген сөздермен толықтырылсын;

      "шарттары" деген сөзден кейін "және оларға қойылатын талаптар" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақта:

      3) тармақшадағы "үшін Қазақстан Республикасының аумағына" деген сөздер "және (немесе) одан әрі өткізу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақшадағы "иелерінің;" деген сөз "иелерінің өткізуіне жол беріледі." деген сөздермен ауыстырылып, 6) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "4-1. Өндірушілерге белгіленген тәртіппен бекітілген өндіріс паспортынсыз тауарлық, сұйытылған мұнай және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіруді жүзеге асыруға тыйым салынады.

      4-2. Өндірушілер уәкілетті органға өндірушілердің технологиялық қондырғыларының жоспарлы-алдын алу жұмыстарын жүргізудің жылдық графигін бекітуге ұсынуға және бекітілген графикті сақтауға міндетті.";

      6-тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) сұйытылған мұнай газын коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушыларға;";

      6-1-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушыларға, ірі" деген сөздер "Ірі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      екінші абзац алып тасталсын;

      үшінші абзацтағы "халық пен заңды тұлғалар үшін" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:

      "10. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар тауарлық газды бекітілген тұтыну нормаларынан асатын көлемде бөлшек саудада өткізу бағасын айқындау кезінде пайдаланылатын коэффициенттерді қолданудан алынған табысты тауарлық газды есепке алуды цифрландыру және газ тарату жүйесін жаңғырту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды іске асыру үшін тартылған қарыз қаражатын өтеуге жіберуге міндетті.";

      14) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "20-бап. Тауарлық және сұйытылған мұнай газына баға белгілеу

      1. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті орган айқындаған жағдайларда және тәртіппен Қазақстан Республикасында ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын, сондай-ақ сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын мемлекеттік реттеу белгіленуі мүмкін.

      2. Тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағалары өнім беру өңіріне байланысты, оның ішінде тұтынушылардың мынадай санаттары бойынша белгіленуі мүмкін:

      1) мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар;

      2) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар;

      3) сығымдалған және (немесе) сұйытылған табиғи газ өндіру үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар;

      4) ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнерлер, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғалар, цифрлық майнерлерді электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғалар.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген шекті бағалар, егер тұтынушылардың жекелеген санаттары үшін:

      1) мұнай-газ-химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында өнеркәсіптік өндірісте отын және (немесе) шикізат ретінде пайдалану үшін тауарлық газды сатып алатын өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін – әрбір тұтынушы үшін жеке он бес жылға;

      2) электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін – әрбір тұтынушы үшін жеке бес жылға;

      3) ірі коммерциялық тұтынушылар, цифрлық майнерлер, цифрлық майнингті жүзеге асыру үшін электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын тұлғалар, цифрлық майнерлерді электр энергиясымен жабдықтауды жүзеге асыратын тұлғалар үшін – жыл сайын болып өзгедей белгіленбесе, әрбір бес жыл сайын 15 мамырдан кешіктірілмейтін мерзімде белгіленеді.

      Ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын түзету тауарлық газды сатып алу бағасының, тауарлық газ құрылымының және (немесе) көздерінің және (немесе) тауарлық газды магистральдық газ құбыржолдары арқылы тасымалдауға, тауарлық газды жерасты газ қоймаларында сақтауға арналған мемлекеттік реттеуге жататын тарифтердің өзгеруіне байланысты ұлттық оператордың уәкілетті органға жүгінуі негізінде жылына бір реттен асырмай, жыл сайын 1 шілдеде жүргізіледі.

      4. Ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің осы бапқа сәйкес белгіленген шекті бағалары:

      1) ұлттық операторға;

      2) газ және (немесе) газ конденсаты кен орындарынан алынатын шикі газдан өндірілген тауарлық газдың меншік иелерінің;

      3) сұйытылған табиғи газды қайтадан газға айналдыру процесінде алынған;

      4) Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген және тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген тауарлық газдың меншік иелерінің;

      5) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде Қазақстан Республикасында алынатын шикі газдан Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде өндірілген тауарлық газдың меншік иелерінің;

      6) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік шеңберінде жасалатын шарт негізінде өндірілген тауарлық газдың меншік иелерінің;

      7) ережелерінде иеліктен шығарылатын шикі және (немесе) тауарлық газды сатып алуға мемлекеттің артықшылықты құқығы көзделетін, Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 755-бабына сәйкес салық режимінің тұрақтылығына ие өнімді бөлу туралы келісім (келісімшарт) шеңберінде жер қойнауын пайдаланушы өндіріп алған (өндірген) тауарлық газды өткізу жөніндегі қатынастарға қолданылмайды.

      5. Тауарлық газды бекітілген тұтыну нормаларынан асатын көлемде бөлшек саудада өткізу бағалары уәкілетті орган бекіткен тәртіппен коэффициенттерді қолдану арқылы айқындалады.

      6. Ірі коммерциялық тұтынушылар үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағалары тиісті өнім беру өңірінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға өткізілетін электр энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағалары деңгейінде 1,2 есептік коэффициентін қолдана отырып, бірақ ірі коммерциялық тұтынушылар үшін тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағаларынан асырмай, олар бір мезгілде мынадай өлшемшарттарды сақтаған:

      1) 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік кешен ретінде шартты тұтынушылар тізбесіне енгізілген;

      2) 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес Тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген;

      3) 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметімен инвестициялық міндеттемелер туралы келісім болған кезде белгіленеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережелері өздері тұтынатын электр энергиясын өндіру үшін тікелей пайдаланылатын тауарлық газдың көлеміне қолданылады, ол 2025 жылы көрсетілген мақсаттар үшін пайдаланылған тауарлық газдың нақты көлемінен он пайыздан артық аспауға тиіс.

      7. Сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде көтерме және бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары өнім беру өңіріне және оны сатып алуды жүзеге асыратын сұйытылған мұнай газымен жабдықтау жүйелері субъектілерінің санатына қарай белгіленеді.

      8. Тауарлық газды ішкі нарықта немесе сұйытылған мұнай газын тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар белгіленген шекті бағаларды, сондай-ақ бекітілген тұтыну нормаларынан асып кеткен жағдайда, коэффициенттерді қолдану арқылы айқындалған тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағаларын асырмауға міндетті.";

      15) 21-бапта:

      6-тармақта:

      "бесінен" деген сөз "жиырмасынан" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "үшін Қазақстан Республикасының аумағына" деген сөздер "және (немесе) одан әрі өткізу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:

      "6-1. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын тұлғалар уәкілетті органға тауарлық газды бекітілген тұтыну нормаларынан асатын көлемде бөлшек саудада өткізу бағасын айқындау кезінде пайдаланылатын коэффициенттерді қолданудан алынған, тауарлық газды есепке алуды цифрландыру және газ тарату жүйесін жаңғырту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыруға, сондай-ақ көрсетілген іс-шараларды іске асыруға тартылған қарыз қаражатын өтеуге бағытталған кірістің пайдаланылуы туралы ақпаратты жыл сайын есепті жылдан кейінгі айдың жиырма бесінен кешіктірмей ұсынады.";

      7-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацындағы "он бесінші күнінен" деген сөздер "жиырма бесінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-тармақтағы "үшін Қазақстан Республикасының аумағына" деген сөздер "және (немесе) одан әрі өткізу үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақта:

      "Уәкілетті орган мониторинг" деген сөздер "Мониторинг" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "алдағы күнтізбелік жылға арналған болжамды балансын жасайды" деген сөздер "балансы қалыптастырылады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      16) 25-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Тауарлық газды есепке алу аспаптары деректердің қашықтан берілуін қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.";

      17) 26-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "иелері;" деген сөз "иелері жүзеге асыруға құқылы." деген сөздермен ауыстырылып, 4) тармақша алып тасталсын;

      18) 27-бапта:

      1-тармақтың бірінші бөлігінде:

      3) тармақшадағы "Қазақстан Республикасының аумағына тұтыну" деген сөздер "тұтыну және (немесе) одан әрі өткізу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "иелері;" деген сөз "иелері жүзеге асыруға құқылы." деген сөздермен ауыстырылып, 5) тармақша алып тасталсын;

      3-тармақтың 2) тармақшасындағы "иелері;" деген сөз "иелері ие болады." деген сөздермен ауыстырылып, 3) тармақша алып тасталсын;

      19) 27-1-бапта:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Сұйытылған мұнай газының өнім беру жоспары шеңберінде бөлінген көлемін бөлу уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы қалыптастырылады.";

      5-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы "өндіру үшін" деген сөздерден кейін "тұрмыстық тұтынушыларға," деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақ алып тасталсын;

      8-тармақта:

      "осындай өнеркәсіптік тұтынушының өндірістік объектілерінен тиеп-жөнелту және оның сұйытылған мұнай газы фракцияларын алуы үшін қажетті мерзімдер ескеріле отырып, осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға өнім беру жоспары шеңберінде бөлінуге жатады" деген сөздер "осы баптың 5-тармағының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларға өнім беру жоспары шеңберінде бөлу үшін өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутек шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілерге, меншік иелеріне қайтарылуға тиіс" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың бірінші бөлігінің ережесі осы Заңның 27-2-бабында көзделген жағдайларға қолданылмайды.";

      20) мынадай мазмұндағы 27-2-баппен толықтырылсын:

      "27-2-бап. Инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде сұйытылған мұнай газын, оның ішінде құрамында пропан-пропилен және (немесе) бутан-бутилен фракциялары басым сұйытылған мұнай газын пайдаланудың ерекшеліктері

      1. Инвестициялық жобаны орындаушы – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес инвесторлар тізіліміне енгізілген және мұнай-газ-химия өнімін өндіру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыратын заңды тұлға.

      Инвестициялық жобаны орындаушы сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланатын өнеркәсіптік тұтынушы болады.

      2. Инвестициялық жобаны орындаушы тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде өткізілетін сұйытылған мұнай газын, оның ішінде құрамында пропан-пропилен және (немесе) бутан-бутилен фракциялары басым сұйытылған мұнай газын осы Заңның 27-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалардан сатып алуға құқылы.

      Инвестициялық жобаны орындаушы сұйытылған мұнай газын мұнай-газ-химия өнімін өндіру үшін шикізат ретінде тұтынады және (немесе) сұйытылған мұнай газы фракцияларының пайдаланылмаған бөлігін сұйытылған мұнай газының меншік иесі ретінде тауар биржаларынан тыс өнім беру жоспары шеңберінде өткізу үшін құрауыштардың сапалық және сандық құрамы бойынша техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың талаптарына дейін жеткізуді қамтамасыз етеді.

      3. Осы Заңның 27-бабының 1-тармағы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында аталған тұлғалар техникалық мүмкіндіктер болған кезде инвестициялық жобаны орындаушының өтінімінде көрсетілген көлемде сұйытылған мұнай газын жеткізіп беруге міндетті.";

      21) 28-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тізілімдеріне енгізілген:";

      1) және 2) тармақшаларда орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      3) тармақшаның бірінші бөлігінде орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      4) тармақшада орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      5) тармақшада:

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "мұнай газының меншік иелері" деген сөздерден кейін "жүзеге асыруға құқылы" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Өзге тұлғалардың сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның және астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының тізілімдеріне енгізу туралы талаптар осы тармақтың бірінші бөлігінің 5) тармақшасында аталған тұлғаларға қолданылмайды.";

      7-тармақта:

      4) тармақшадағы "автогаз құю станцияларында", "құюға тыйым салынады." деген сөздер тиісінше "газ толтыру станциялары мен газ толтыру пункттерінен тыс жерде", "құюға;" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) автомобиль көлік құралдарына автогаз құю станцияларынан тыс жерде сұйытылған мұнай газын құюға тыйым салынады.";

      22) 34-бап мынадай мазмұндағы 6, 7, 8, 9, 10, 11 және 12-тармақтармен толықтырылсын:

      "6. Газ тарату ұйымдары 2028 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде өз қызметін осы Заңның талаптарына сәйкес келтіруге міндетті.

      7. Автогаз құю станцияларының иелері 2031 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өздерінің автогаз құю станцияларын осы Заңға сәйкес келтіруге немесе оларды пайдалануды тоқтатуға міндетті.

      8. Салынуы, жаңғыртылуы және (немесе) реконструкциялануы бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған, 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалануға берілген тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілері ұлттық операторға немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы ұлттық операторға тиесілі газ тасымалдау және (немесе) газ тарату ұйымдарына 2028 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірмей өтеусіз берілуге тиіс.

      9. Өндірушілер өндіріс паспортын 2027 жылғы 1 шілдеге дейінгі мерзімде алуға міндетті.

      10. Осы Заңның 20-бабының 6-тармағы 2036 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      11. Деректерді қашықтан беруді қамтамасыз етпейтін тауарлық газды есепке алу аспаптары 2027 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей деректерді қашықтан беруді қамтамасыз ететін тауарлық газды есепке алу аспаптарына тұтынушылардың өз есебінен ауыстырылуға тиіс, тұрмыстық тұтынушыларға тауарлық газды өткізетін газ тарату ұйымдары есебінен 2030 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей ауыстырылатын тұрмыстық тұтынушылардың тауарлық газды есепке алу аспаптары оларға жатпайды.

      12. Осы Заңның 27-1-бабы 8-тармағының екінші бөлігі және 27-2-бабы 2028 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады деп белгіленсін.".

      7. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:

      "2-1. Тауарлық газды есепке алу аспаптары деректерді қашықтан беруді қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сай келуге тиіс.";

      2) 23-1-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Деректерді қашықтан беруді қамтамасыз етпейтін тауарлық газды есепке алу аспаптары 2027 жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей деректерді қашықтан беруді қамтамасыз ететін тауарлық газды есепке алу аспаптарына тұтынушылардың өз есебінен ауыстырылуға тиіс, оларға тұрмыстық тұтынушыларға тауарлық газды өткізетін газ тарату ұйымдары есебінен 2030 жылғы 1 қаңтардан кешіктірілмей ауыстырылатын тұрмыстық тұтынушылардың тауарлық газды есепке алу аспаптары жатпайды.".

      8. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 28-баптың 1-тармағы 28) тармақшасындағы "қызметтер салаларындағы жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттер (операциялар) жатады." деген сөздер "қызметтер;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:

      "29) электр энергетикасы салаларындағы жекелеген қызмет түрлері немесе әрекеттер (операциялар) жатады.";

      2) 1-қосымшаның 11-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

Электр энергетикасы саласындағы қызметті лицензиялау

11.

Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия


Иеліктен шығарылмайтын;
1-сынып

11-1.

Электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия


Иеліктен шығарылмайтын; қолданылу мерзімі – 3 жыл; 1-сынып

  ".

      9. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-бапта:

      24-3) тармақшада:

      "атқарушы органға" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тарату ұйымына" деген сөздермен толықтырылсын;

      "жергілікті атқарушы органдардан" деген сөздер "мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан, жергілікті атқарушы органдардан, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеленетін жеке немесе заңды тұлғалардан" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) тармақшада:

      орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      "немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан өтеусіз пайдалануға алу кезінде, оның ішінде электр желілері басқа энергия беруші ұйымдардан балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алынған жағдайда, бекітілген тарифтік сметаға тиісті жылға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы деңгейінен асырмай" деген сөздер ", мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан, электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иелерінен, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеленетін жеке немесе заңды тұлғалардан

      балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға өтеусіз алынған жағдайда, сондай-ақ электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ басқа электр желілерінің меншік иелерінен электр желілерін қалдық құны бойынша сатып алған және осы желілерді қалдық құны бойынша бағалауды жүргізуге арналған шығындар өтелген жағдайларда, бекітілген тарифтік сметаға табиғи монополиялар салаларындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша шешім қабылданған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлеме деңгейінен асырмай" деген сөздермен ауыстырылсын;

      35-1) тармақша "беру жоспарын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы газ және газбен жабдықтау саласындағы ұлттық операторға тиесілі газ тарату ұйымына тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеленетін жеке немесе заңды тұлғалардан реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 15-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 2), 3), 4) және 14) тармақшаларында көзделген салаларда реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынатын табиғи монополиялар субъектілері үшін үш және одан көп жылға тариф белгілеуге жол беріледі.";

      23-тармақта:

      16) тармақшада:

      "жергілікті атқарушы органдардан" деген сөздер алып тасталсын;

      "мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органмен" деген сөздер алып тасталсын;

      17) тармақшадағы "жергілікті атқарушы органмен" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 22-баптың 1-тармағының 9-1) тармақшасындағы "мүлікті, оның ішінде басқа энергия беруші ұйымдардан электр желілерін мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алуы" деген сөздер "мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан, электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің меншік иелерінен, тауарлық газды өтеусіз алған кезде тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектілерін иеленетін жеке немесе заңды тұлғалардан мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға алу, сондай-ақ электр энергиясын беру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясы жоқ электр желілерінің басқа меншік иелерінен қалдық құны бойынша электр желілерін сатып алу және осы желілерді қалдық құны бойынша бағалауды жүргізуге арналған шығындарды өтеу" деген сөздермен ауыстырылсын.

      10. "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2024 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      16-баптың 3-тармағының 1) тармақшасында:

      "сондай-ақ" деген сөз алып тасталсын;

      "электр энергиясын" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ тауарлық газды бөлшек саудада өткізу саласындағы қоғамдық маңызы бар нарық субъектілерінен тауарларды, көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бағалар бойынша" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң:

      1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын, 9) тармақшасының бірінші – жетінші абзацтарын, 6-тармағының 3) тармақшасын, 4) тармақшасының бірінші – бесінші, сегізінші, он төртінші және он сегізінші абзацтарын, 5) тармақшасының бірінші – жетінші абзацтарын, 8) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын, 12) тармақшасының бірінші және екінші абзацтарын, 13) тармақшасының бірінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 15) тармақшасының бірінші – төртінші, жетінші және сегізінші абзацтарын, 18) тармақшасының бірінші – үшінші абзацтарын, 19) тармақшасының бірінші және төртінші абзацтарын, 9-тармағы 2) тармақшасының бірінші, төртінші – сегізінші абзацтарын;

      2) 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 1) тармақшасының он үшінші және он төртінші абзацтарын, 2) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 3) тармақшасының екінші абзацын, 4), 7) және 13) тармақшаларын, 8-тармағын, 9-тармағының 1) және 3) тармақшаларын;

      3) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 6-тармағы 9) тармақшасының сегізінші абзацын, 22) тармақшасының төртінші абзацын;

      4) 2027 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағының 6) тармақшасын;

      5) 2027 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасын, 6-тармағы 2) тармақшасының жиырма бірінші абзацын, 4) тармақшасының алтыншы және жетінші абзацтарын, 13) тармақшасының он жетінші және он сегізінші абзацтарын, 14) тармақшасының жиырма екінші және жиырма тоғызыншы абзацтарын, 15) тармақшасының бесінші және алтыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ