Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылу энергетикасы, электр энергетикасы және реттеліп көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 8 шілдедегі № 121-VIII ҚРЗ

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      1) 124-5-бапта:

      2-тармақтағы "1) және 3) тармақшаларында" деген сөздер "1) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-тармақтың бірінші абзацындағы "1) және 3) тармақшаларында" деген сөздер "1) тармақшасында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 129-бапта:

      2-тармақ "8," деген цифрдан кейін "8-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:

      "8-1. Осы Кодекстің 131-бабының 1, 2 және 3-тармақтарын, 131-1, 144-4 және 157-баптарын қоспағанда, осы тараудың күші:

      1) энергетикалық жабдықты пайдалану және оның техникалық жай-күйі, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бөлігінде электр энергетикасы;

      2) жылу энергетикасы объектілерін пайдалану және олардың техникалық жай-күйі, жылу өндіруші және жылу тасымалдаушы субъектілер бөлігінде жылу энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауға қолданылмайды.";

      17-тармақтың бірінші бөлігі "6," деген цифрдан кейін "8-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      19-тармақтың бірінші бөлігі "6," деген цифрдан кейін "8-1," деген цифрлармен толықтырылсын;

      3) 138-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-1) жылу энергетикасы саласында;";

      4) 165-баптың 1-тармағында:

      1) тармақша ", ұлттық компаниялар үшін осы нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне, пайларға) тиесілі дауыстардың жалпы санының кемінде қырық пайызына билік ету құқығына жол беріледі" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) тармақша ", ұлттық компаниялар үшін осы нарық субъектісінің дауыс беретін акцияларына (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне, пайларға) тиесілі дауыстардың жалпы санының кемінде қырық пайызына билік ету құқығына жол беріледі" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 324-бап мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. 124-5-баптың 2 және 3-тармақтары 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.".

      2. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      72-баптың 8-тармағындағы "8. Пайдалы қатты" деген сөздер "8-1. Пайдалы қатты" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экология кодексіне:

      1) 147-бап мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

      "10-1. Жұмыс істеп тұрған I санаттағы объектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстардың құнына пайдалану аяқталғаннан кейін қоршаған орта құрамдастарына ықтимал теріс әсер ететін жабдықты залалсыздандыруға, бөлшектеуге және құрылысжайларды бұзуға арналған шығыстар енгізілуге тиіс.

      Объектілерді пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстардың құнына кірмеген күрделі құрылыс объектілері (ғимараттар, құрылысжайлар, кешендер) бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен әдістемеге сәйкес қайта бейіндеу және (немесе) оларды өзгелей пайдалану жөніндегі жоспарлар әзірленуге тиіс.";

      2) 418-баптың 15-тармағындағы "2021" деген цифрлар "2026" деген цифрлармен ауыстырылсын.

      4. "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) кіріспедегі "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 1-бапта:

      2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 2-7), 2-8), 2-9), 2-10) және 2-13) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-1) "Авария" режимі – Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің немесе оның жекелеген бөліктерінің орнықты жұмысын сақтау үшін жүйелік оператор енгізетін шара;

      2-2) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;

      2-3) бірыңғай сатып алушы – осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;

      2-4) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;

      2-5) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғы – реттеуші электр қуаты бар генерациялайтын қондырғы;

      2-6) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттық) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке олардың жеке тарифтерін айқындауға бағытталған процесс;

      2-7) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысушы (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттыққа қатысушы) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуден өткен және қатысушы мәртебесін алған заңды тұлға;

      2-8) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы) – уәкілетті орган айқындайтын, осы Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке және онымен үлестес тұлғаларға тиесілі заңды тұлға;

      2-9) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша айқындалған тариф;

      2-10) генерация-тұтынудың жоспарлы сальдосы – электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік графигінде жүйелік оператор бекіткен, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің электр энергиясын өндіру мен тұтыну (операциялық тәуліктердің бір сағаты үшін) мәндерінің кВт. сағаттағы айырмасы;";

      "2-13) гибридті топ – электр энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың жиынтық үлесі кемінде жиырма бес пайыз болатын, бір энергия торабында орналасқан және уәкілетті орган бекіткен тәртіппен гибридті топтар тізбесіне енгізілген электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тобы;";

      мынадай мазмұндағы 2-14), 2-15), 2-16), 2-17), 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-14) гибридті топ әкімшісі – гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын осы гибридті топ ішінде тұтынушыларға және (немесе) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында кейіннен өткізу (сату) мақсатында алуды (сатып алуды) жүзеге асыратын, гибридті топқа кіретін, сондай-ақ гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен электр энергиясын тұтынушылар үшін теңгерім провайдері болып табылатын заңды тұлға;

      2-15) гибридті топ тұтынушысы – электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі болып табылатын және гибридті топтардың тізбесіне енгізілген тұтынушы;

      2-16) диспетчерлік технологиялық басқару – диспетчер жүзеге асыратын және диспетчерлік және технологиялық басқарудың автоматтандырылған жүйелері арқылы электр желілерінің жұмыс істеу режимдерін бақылау және басқару міндеттерін шешуге, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың істен шығулар мен зақымдануларға ден қою және оларды жою шараларын қолдануды қажет ететін технологиялық бұзушылықтардың туындау алғышарттары немесе туындауы туралы хабарларын қабылдауға және өндеуге арналған процесс;

      2-17) жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – жобаны іске асыру үшін тартылған тиісті қарыздар бойынша күрделі шығындар мен сыйақылар сомасын қайтаруды және инвестицияланған капиталға рентабельділік нормасын қамтитын, мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша айқындалатын инфляция деңгейіне жыл сайынғы индекстеуге немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалған ұлттық валютаның шетел валюталарына айырбастау бағамының өзгеруін ескеріп жыл сайынғы индекстеуге жататын, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға уәкілетті орган өткізген тендердің қорытындылары бойынша айқындалған тариф;";

      "4-1) жасыл тариф – уәкілетті орган бекіткен жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларына сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушы белгілейтін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын бірыңғай сатып алушының сатуына арналған тариф;

      4-2) жасыл энергияны тұтынушы – электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан осы Заңға сәйкес айқындалатын жасыл тарифтер бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын сатып алатын электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектісі;";

      6) және 7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жүйелік қызметтер көрсету – осы Заңға сәйкес жүйелік оператор көрсететін қызметтер;

      7) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;";

      8), 8-1), 9) және 10) тармақшалар алып тасталсын;

      15) тармақшадағы "немесе жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 20-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-4) отын-энергетика кешенін басқарудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі (бұдан әрі – уәкілетті органның ақпараттық жүйесі) – электр энергетикасы субъектілерін мониторингтеу және олармен өзара іс-қимыл жасау бойынша электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;";

      24-2) тармақшадағы "және (немесе) жылу желілерінің" деген сөздер "станциялары мен желілерінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      24-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "24-4) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган – электр энергиясын тұтыну және осы салада әдістемелік қамтамасыз ету бөлігінде электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      25) тармақшадағы "және (немесе) жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      27-1) және 27-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-1) ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызмет – жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне және басқа мемлекеттердің ұйымдарына осы Заңда айқындалған тәртіппен көрсететін қызмет;

      27-2) ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет – Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын беру саласына жататын, осы Заңда айқындалған тәртіппен жүйелік оператор электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне көрсететін, ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет;";

      29) тармақша алып тасталсын;

      32) тармақшадағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 32-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "32-3) электр энергиясын коммерциялық есепке алу – электр энергиясын беру шарттары бойынша, сондай-ақ электрмен жабдықтау шарттары бойынша тараптар арасында өзара есеп айырысу үшін қажетті электр энергиясын есепке алу;";

      33) тармақшадағы "және жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген цифрлық майнерлер" деген сөздер ", жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген цифрлық майнерлер және гибридті топтар әкімшілері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) электр энергиясына кепілдік беріп жеткізуші – тұтынушыларды энергиямен жабдықтаушы басқа да барлық ұйымдар энергиямен жабдықтауды тұтынушының кінәсінан емес тоқтатқан жағдайларда тұтынушыларды энергиямен жабдықтауды жүзеге асыратын, әрбір аумақтық бірлік (облыс) үшін уәкілетті орган өңірдегі жұмыс істеп тұрған энергиямен жабдықтаушы ұйымдар арасынан айқындайтын энергиямен жабдықтаушы ұйым;";

      48) тармақшадағы "немесе жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      49) тармақшадағы "және (немесе) жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 3-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) энергия тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және электр энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын қорғау;";

      2-тармақта:

      1) тармақшадағы "басқару" деген сөз "электр энергиясының көтерме сауда нарығында басқару" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілері болып табылатын тұтынушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергиясын берушіні таңдау құқығы;";

      4) және 5) тармақшалардағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      11) тармақша алып тасталсын;

      3-тармақтың 5) тармақшасындағы "стандарттауды;" деген сөз "стандарттауды қамтиды." деген сөздермен ауыстырылып, 6) және 7) тармақшалар алып тасталсын;

      4) мынадай мазмұндағы 3-2-баппен толықтырылсын:

      "3-2-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары

      Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай негізгі қағидаттарға негізделеді:

      1) электр энергетикасы кешенін жоспарлы және орнықты дамыту;

      2) электр энергетикасы саласындағы барлық субъектілердің мүдделерін сақтау;

      3) электр энергиясын өндіру, беру және тұтыну процесінде тиімді әдістер мен технологияларды пайдалану;

      4) электр энергиясын пайдалану кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету;

      5) электр энергетикасын пайдалану саласындағы қауіпсіздікті мемлекеттік реттеудің міндеттілігі.";

      5) 4-бап мынадай мазмұндағы 1-3), 1-4) және 1-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-3) тұтынушылардың сатып алынған электр энергиясына уақтылы ақы төлемеуі салдарынан туындаған залал және (немесе) ақша қаражатының тапшылығы пайда болған жағдайда, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны мемлекеттік қаржылай қолдауды жүзеге асырады;

      1-4) осы Заңның 15-6-бабының 7-2-тармағында айқындалған жағдайда, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар салу үшін тендер жеңімпазын айқындайды;

      1-5) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.";

      6) 5-бапта:

      5) және 6) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-1) уәкілетті органның ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      7), 7-1), 7-2), 7-3), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 30-1), 30-2), 30-3), 30-4), 31), 32), 33), 35), 36), 37), 39), 41), 42), 44) және 45) тармақшалар алып тасталсын;

      47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) осы Заңның мақсаттары мен міндеттеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, техникалық регламенттерді, нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;";

      47-1), 48, 49) және 51) тармақшалар алып тасталсын;

      53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "53) орталықтандырылған сауда нарығы операторын айқындайды;";

      54), 56), 57), 59), 61), 64), 69), 70-5), 70-7), 70-9), 70-10), 70-13), 70-14), 70-17), 70-19), 70-20), 70-21), 70-29), 70-30), 70-31), 70-32) және 70-33) тармақшалар алып тасталсын;

      70-35) және 70-36) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "70-35) электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;

      70-36) электр энергиясын беру саласындағы ұйымдардың қолда бар активтерді кеңейту, жаңғырту, реконструкциялау, жаңарту, ұстап тұру және жаңа активтерді құру жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;";

      70-37), 70-38), 70-39), 70-40), 70-41), 70-42), 70-43) және 70-44) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 70-49), 70-50), 70-51), 70-52), 70-53), 70-54) және 70-55) тармақшалармен толықтырылсын:

      "70-49) гибридті топтардың тізбесін қалыптастыру тәртібін бекітеді және оны жүргізеді;

      70-50) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен береді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалғанын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартады;

      70-51) технологиялық бұзушылықтарды есепке алуды жүргізеді;

      70-52) электр энергетикасы кәсіпорындары комиссияларының объектілер мен жабдықтың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі жұмысына қатысады;

      70-53) қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурсқа орналастырады және жаңартады;

      70-54) табиғи монополиялар салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің осы Заңның 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес еместігі туралы ақпаратты жібереді;

      70-55) энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың негізгі жабдығының тозуына мониторингті жүзеге асырады;";

      7) 5-1-бапта:

      2), 3), 4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) электрмен жабдықтау саласындағы нормативтік техникалық құжаттаманы өз құзыреті шегінде әзірлейді және бекітеді;

      3) электрмен жабдықтау саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

      4) жылу энергиясын тұтыну бөлігінде электр энергетикасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

      5) есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін электрмен жабдықтау бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      5-1), 5-2), 5-3), 5-4) және 5-5) тармақшалар алып тасталсын;

      8) 5-2-баптың екінші бөлігіндегі ", жылу энергиясын өндіру, беру және онымен жабдықтау" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 6 және 6-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-бап. Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылау

      1. Энергетикалық жабдықты пайдалану және оның техникалық жай-күйі, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бөлігінде электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік бақылауды (бұдан әрі – мемлекеттік бақылау) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган (бұдан әрі – бақылау органы) бақылау субъектілері (объектілері) қызметінің Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан осы Заңға сәйкес – қашықтан бақылау және тексеру, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі мен осы Заңға сәйкес тергеп-тексеру нысанында жүзеге асырады.

      2. Бақылау органы мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру, электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырады.

      Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне және осы Заңның 6-1-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Энергетикалық жабдығы бар жеке немесе заңды тұлғалар, энергия өндіруші ұйымдар (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор бақылау субъектілері (объектілері) болып табылады.

      4. Бақылау органы мемлекеттік бақылауды:

      1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына, сондай-ақ энергетикалық жабдықты пайдалану кезінде техникалық және технологиялық нормалардың сақталуына;

      2) энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін, тұтынушылардың электр қондырғыларын қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуына;

      3) электр энергиясын өндірудің, берудің, жабдықтаудың және тұтынудың сенімділігі мен қауіпсіздігіне;

      4) техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін тексеруден өтпеген жұмыскерлерді электр қондырғыларында жұмыс істеуге жібермеу немесе жұмыстан шеттету бойынша;

      5) энергия өндіруші ұйымдардың (жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарды қоспағанда), энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңге даярлығына және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуіне жүзеге асырады.

      6-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау

      1. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау Қазақстан Республикасының электр энергетикалық кешенінің қауіпсіз, сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

      2. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мыналарды:

      1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар беретін ақпаратты және ай сайынғы есептілікті;

      2) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша – оны бұзушылық туралы ақпарат келіп түскен кезде, электр энергетикасы саласындағы бақылау органының сұрау салуы бойынша алынған ақпаратты;

      3) электр энергетикасы кәсіпорындары комиссияларының объектілер мен жабдықтың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі жұмысына қатысу кезінде алынған құжаттамалар мен материалдарды талдау арқылы жүргізіледі.

      3. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар мен тұтынушыларға қатысты жүргізіледі.

      4. Бақылау органы электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісінің әрекеттерінен (әрекетсіздігінен) бұзушылықтарды анықтаған жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды ресімдейді және бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.

      5. Бұзушылықтарды жою туралы ұсыным электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне жеке қолын қойғызып немесе жөнелту және алу фактілерін растайтын өзге тәсілмен табыс етілуге тиіс.

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген бұзушылықтарды жою туралы ұсыным мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – қорытындыға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – бақылау органы сұрау салған кезде электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісінің хатта көрсетілген электрондық мекенжайына бақылау органы жөнелткен күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.

      6. Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды алған электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісі ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде бақылау органына бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті.

      Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін бақылау органына бұзушылықтарды жою туралы ұсынымның орындалуы туралы ақпаратты береді.

      Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді.

      7. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісі бұзушылықтарды жою туралы ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды жіберген органға бұзушылықтарды жою туралы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      8. Бұзушылықтарды жою туралы ұсынымды белгіленген мерзімде орындамау электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің жартыжылдық тізіміне енгізу жолымен электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындауға алып келеді.

      9. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезде жүргізіледі.

      10. Электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау бір жыл ішінде екі реттен асырмай жүргізіледі.";

      10) мынадай мазмұндағы 6-2, 6-3, 6-4, 6-5, 6-6, 6-7, 6-8 және 6-9-баптармен толықтырылсын:

      "6-2-бап. Қашықтан бақылау

      1. Бақылау органы қашықтан бақылауды электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну қауіпсіздігіне, сенімділігіне және сапасына әсер ететін бұзушылықтарды анықтау тұрғысынан бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін талдау арқылы тұрақты негізде жүргізеді.

      2. Бақылау органы қашықтан бақылауды осы баптың 1-тармағына сәйкес бұзушылыққа жол берген бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін талдау және ақпараттық жүйелер, бақылау субъектілері (объектілері) ұсынған есептілік, ашық дереккөздер, бұқаралық ақпарат құралдары деректерінің, сондай-ақ бақылау субъектісінің (объектісінің) қызметі туралы басқа да мәліметтердің, оның ішінде мемлекеттік органдармен ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасау шеңберінде алынған ақпараттың негізінде жүргізеді.

      3. Қашықтан бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды жасалады және бұзушылықтар анықталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бақылау субъектісіне (объектісіне) жіберіледі.

      Қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының нысанын уәкілетті орган бекітеді.

      4. Бақылау органдары қашықтан бақылауды жүргізу шеңберінде:

      1) бақылау субъектілерінен (объектілерінен) және олардың лауазымды адамдарынан жазбаша түрде мәліметтер мен құжаттарды не олардың көшірмелерін сұратуға;

      2) бақылау нысанасына жататын түсініктемелер алу үшін бақылау субъектілерін шақыруға құқылы.

      5. Бақылау субъектілері (объектілері) бақылау органының сұрау салуында көрсетілген мәліметтер мен құжаттарды бақылау органы белгілеген мерзімдерде ұсынуға міндетті.

      6. Қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды екі данада жасалады. Бір данасы бақылау субъектісіне (объектісіне) жіберіледі, екінші данасы бақылау органында қалады.

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – қорытындыға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – бақылау органы сұрау салған кезде бақылау субъектісінің (объектісінің) хатта көрсетілген электрондық мекенжайына бақылау органы жөнелткен күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.

      7. Қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыны алған бақылау субъектісі ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде, қашықтан бақылауды жүргізген бақылау органына бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын ұсынуға міндетті.

      Бақылау субъектісі қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы ақпаратты береді.

      Бақылау субъектісі (объектісі) қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының орындалуы туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді.

      8. Бақылау субъектісі қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, қашықтан бақылауды жүргізген, қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды жіберген бақылау органына қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытынды табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарсылық жіберуге құқылы.

      Бақылау субъектісі қарсылықта бақылау органына жіберілетін ескертулерді және (немесе) дәлелдерді баяндауға міндетті.

      Қашықтан бақылауды жүргізген бақылау органы қарсылықты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде ескертулерді және (немесе) дәлелдерді ескере отырып, қарсылықты қабылдау немесе уәжді негіздемемен қабылдаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      9. Қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыны белгіленген мерзімде орындамау осы Заңға сәйкес бақылау субъектісін (объектісін) жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болып табылады.

      6-3-бап. Электр энергетикасы саласындағы тексерулер

      1. Бақылау субъектісін (объектісін) тексеру (бұдан әрі – тексеру) – бақылау органының осы Заңның 6-бабының 4-тармағында көзделген талаптардың сақталуы тұрғысынан бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты қызметі.

      Тексеру бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша бақылау субъектісінің (объектісінің) бұзушылықтары анықталған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы акт және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасалады.

      2. Тексерулер жоспарлы және жоспардан тыс болып бөлінеді.

      3. Жоспарлы тексерулер тексеруді тағайындау туралы акт негізінде, жоспарлы тексеру жүргізілетін жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанына дейінгі мерзімде бақылау органы бекіткен тексерулердің жылдық тізіміне сәйкес жүргізіледі.

      Тексерулердің жылдық тізімі бақылау субъектілерін (объектілерін) негізгі жабдықтың тозу дәрежесі және (немесе) технологиялық бұзушылықтар саны бойынша бөлу ескеріле отырып қалыптастырылады және бақылау органының интернет-ресурсында тексерулер жүргізілген жылдың алдындағы жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірілмей орналастырылады.

      Бақылау субъектілері (объектілері) негізгі жабдықтың тозу дәрежесі бойынша:

      1) тозуы 50 пайызға дейін болса – қауіп-қатер дәрежесі төмен;

      2) тозуы 51-ден 75 пайызға дейін болса – қауіп-қатер дәрежесі орташа;

      3) тозуы 75 пайыздан астам болса – қауіп-қатер дәрежесі жоғары болып бөлінеді.

      Бақылау субъектілері (объектілері) уәкілетті орган бекітетін технологиялық бұзушылықтар сыныптамасына сәйкес технологиялық бұзушылықтар саны бойынша:

      1) II дәрежедегі істен шығулар болғанда – қауіп-қатер дәрежесі төмен;

      2) I, II дәрежедегі істен шығулар болғанда – қауіп-қатер дәрежесі орташа;

      3) авариялар, I, II дәрежедегі істен шығулар болғанда – қауіп-қатер дәрежесі жоғары болып бөлінеді.

      Қауіп-қатердің төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерін (объектілерін) тексеру жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, екі жылда бір реттен асырылмай жүргізіледі.

      Қауіп-қатердің орташа және жоғары дәрежелеріне жатқызылған бақылау субъектілерін (объектілерін) тексеру жоспардан тыс тексерулерді қоспағанда, жылына бір реттен асырылмай жүргізіледі.

      Тексерулердің жылдық тізімі әкімшілік дереккөздердің, сондай-ақ ақпараттық құралдардың деректері негізінде автоматты режимде ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып қалыптастырылады.

      Бақылау органдары автоматты режимде жұмыс істейтін ақпараттық жүйе болмаған кезде тексерулердің жылдық тізімін негізгі жабдықтың тозуы және (немесе) технологиялық бұзушылықтар саны бойынша қауіп-қатер дәрежелерін ескере отырып, дербес қалыптастырады.

      Бақылау органы сол бір бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты тексерулер тізімін және электр энергетикасы саласындағы бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудың жартыжылдық тізімдерін жасаған кезде тексерулер жүргізу кезеңінің бірыңғай мерзімдері белгіленеді.

      Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты тексерулер жүргізудің жылдық тізімдері тексеру тағайындалған объектілер міндетті түрде көрсетіле отырып қалыптастырылады.

      Тексерулер жүргізудің жылдық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тексерілетін бақылау субъектісі (объектісі) таратылған, қайта ұйымдастырылған, оның атауы өзгертілген, сондай-ақ табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, төтенше жағдай режимі енгізілген, эпидемияның, карантиндік объектілер мен аса қауіпті зиянды организмдер ошақтарының, инфекциялық, паразиттік аурулардың таралуы, уланулар, радиациялық авариялар мен оларға байланысты шектеулер туындаған немесе олардың туындау қатері төнген жағдайларда жүзеге асырылады.

      Уәкілетті орган тексерулер тізімінің нысанын бекітеді.

      4. Бақылау органы, егер осы бапта өзгеше көзделмесе, бақылау субъектісін (объектісін) не оның уәкілетті адамын, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды тексерудің басталу күнін көрсете отырып, тексеру басталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын тексеру жүргізудің басталуы туралы жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген тексеру жүргізудің басталуы туралы хабарлама мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – хабарламаға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – бақылау органы сұрау салған кезде бақылау субъектісінің (объектісінің) хатта көрсетілген электрондық мекенжайына бақылау органы жөнелткен күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.

      5. Адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне тікелей қатердің алдын алу және (немесе) жою мақсатында нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты жоспардан тыс тексеруді тағайындауға негіз болған нақты фактілер мен мән-жайлар бойынша бақылау органы тағайындайтын тексеру жоспардан тыс тексеру болып табылады.

      Бақылау органы, осы баптың 6-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, жоспардан тыс тексеруді жүргізу кезінде бақылау субъектісіне (объектісіне) жоспардан тыс тексеру жүргізудің басталуы туралы бақылау субъектісіне (объектісіне) тексеруді жүргізу нысанасын көрсете отырып, тексеру басталардан кемінде бір тәулік бұрын бақылау субъектісіне (объектісіне) хабарлауға міндетті.

      6. Бақылау субъектілерін (объектілерін) жоспардан тыс тексеруді жүргізу үшін мыналар негіз болады:

      1) уәкілетті орган бекітетін технологиялық бұзушылықтар сыныптамасына сәйкес аварияларды немесе І дәрежедегі істен шығуларды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша іс-шаралардың орындалуын бақылау;

      2) қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыда көрсетілген іс-шараларды орындамау, оның ішінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат бермеу және (немесе) бұзушылықтарды жоймау;

      3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылық фактісін дәлелдейтін растайтын материалдар қоса берілген жеке және заңды тұлғалардың жолданымдары;

      4) уәкілетті орган бекітетін технологиялық бұзушылықтар сыныптамасына сәйкес авариялар немесе І дәрежедегі істен шығулар туралы ресми дереккөздерден алынған ақпарат;

      5) егер бақылау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпаратты бір реттен көп бермесе және (немесе) анықталған бұзушылықтарды жоймаса, жоспарлы тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылау;

      6) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің не нұқсан келтіру қатерінің нақты фактілері бойынша прокурордың талабы;

      7) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға зиян келтірудің, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтардың, сондай-ақ жойылмауы адамның өмірі мен денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге алып келетін Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша мемлекеттік органдардың жолданымдары;

      8) қылмыстық қудалау органының Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша тапсырмасы;

      9) жоғары тұрған мемлекеттік орган бірінші басшысының Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар бойынша бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты шаралар қабылдау туралы тапсырмасы.

      7. Анонимді жолданымдар болған жағдайларда жоспардан тыс тексерулер жүргізілмейді.

      6-4-бап. Тексерулерді жүзеге асыру тәртібі

      1. Бақылау органының тексеруге келген лауазымды адамдары бақылау субъектісіне (объектісіне):

      1) тексеруді тағайындау туралы актіні;

      2) қызметтік куәлігін не сәйкестендіру картасын көрсетуге міндетті.

      2. Тексеруді тағайындау туралы актіде мыналар көрсетіледі:

      1) актінің күні мен нөмірі;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) тексеруді жүргізуге уәкілеттік берілген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      4) тексеруді жүргізу үшін тартылатын мамандар, консультанттар мен сарапшылар, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың лауазымды адамдары туралы мәліметтер (қажет болған кезде);

      5) бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы, оның тұрған жері, сәйкестендіру нөмірі, объектілер тізбесі;

      6) тексеру түрі;

      7) тексеру нысанасы;

      8) тексеруді жүргізу мерзімі;

      9) тексеруді жүргізу негіздері;

      10) тексерілетін кезең;

      11) бақылау субъектісінің (объектісінің) құқықтары мен міндеттері;

      12) актіге қол қоюға уәкілеттік берілген лауазымды адамның қолтаңбасы;

      13) бақылау субъектісі (объектісі) басшысының не оның уәкілетті адамының актіні алғаны немесе алудан бас тартқаны туралы қолтаңбасы.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) не оның уәкілетті адамына тексеруді тағайындау туралы акт табыс етілген күн тексеру жүргізудің басталуы болып есептеледі.

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген тексеруді тағайындау туралы акт мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – хабарламаға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – бақылау органы сұрау салған кезде бақылау субъектісінің (объектісінің) хатта көрсетілген электрондық мекенжайына бақылау органы жөнелткен күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.

      Тексеруді тағайындау туралы акт тексеруді тағайындаған бақылау органының тексерулерді тіркеу журналында тіркеледі.

      4. Тексеруді тағайындау туралы актіні қолма-қол табыс еткен кезде қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі және актіні қабылдаудан бас тарту фактісін тіркеп-белгілейтін бейнежазба жүзеге асырылады.

      Тексеруді тағайындау туралы актіні алудан бас тарту оны орындамау және тексерудің күшін жою үшін негіз болып табылмайды.

      5. Тексеруді тағайындау туралы актіні қабылдаудан бас тартылған, сондай-ақ бақылау органы лауазымды адамдарының тексеру субъектісіне (объектісіне), тексеруді жүргізу үшін қажетті материалдарға, жабдыққа қол жеткізуіне кедергі келтірілген жағдайларда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.

      6. Тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды адам (адамдар) ғана тексеруді жүргізе алады.

      Бұл ретте тексеру жүргізетін лауазымды адамдардың құрамы бақылау органының шешімімен өзгеруі мүмкін, бұл туралы бақылау субъектісі (объектісі) ауыстырудың себебі көрсетіле отырып, тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілмеген адамдардың тексеруге қатысуы басталғанға дейін хабардар етіледі.

      7. Тексеруді жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ тексеру нысанасы ескеріле отырып белгіленеді және:

      1) жоспарлы тексерулерді жүргізу кезінде қауіп-қатердің жоғары дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) үшін – жиырма жұмыс күнінен, қауіп-қатердің орташа және төмен дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілері (объектілері) үшін – он бес жұмыс күнінен;

      2) жоспардан тыс тексерулерді жүргізу кезінде он жұмыс күнінен аспауға тиіс.

      8. Бақылау органының басшысы (не оны алмастыратын адам) арнаулы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргізу қажет болған кезде, сондай-ақ жұмыс көлемінің едәуір болуына байланысты тексеруді жүргізу мерзімін отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімге бір рет қана ұзарта алады.

      Тексеруді жүргізу мерзімдерін ұзарту тексеру мерзімі аяқталғанға дейін бақылау субъектісіне (объектісіне) хабарлама табыс етіле отырып, тексеру мерзімдерін ұзарту туралы қосымша актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі және ұзарту себебі көрсетіледі.

      9. Бақылау органының басшысы (не оны алмастыратын адам) тексеруді:

      1) мерзімі отыз жұмыс күнінен асатын арнаулы зерттеулер, сынақтар мен сараптамалар жүргізілген жағдайда (қорытынды алынғанға дейін);

      2) үшінші тұлғалардан мерзімі отыз жұмыс күнінен асатын мәліметтер мен құжаттарды алу қажет болған кезде (оларды алғанға дейін);

      3) тексеруді жүргізуге кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындаған кезде бір рет қана тоқтата тұруы мүмкін.

      Тексеруді тоқтата тұру тексеру мерзімі аяқталғанға дейін бақылау субъектісіне (объектісіне) хабарлама табыс етіле отырып, тексеруді тоқтата тұру туралы актімен ресімделеді, онда тексеруді тағайындау туралы алдыңғы актінің тіркелген күні мен нөмірі және тоқтата тұру себебі көрсетіледі.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген тексеруді тоқтата тұру үшін негіздер тоқтатылғаннан кейін тексеру тоқтатыла тұрған мерзімінен бастап қайта басталады.

      Тексеруді қайта бастау тексеруді тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін бақылау субъектісіне (объектісіне) хабарлама табыс етіле отырып, тексеруді қайта бастау туралы актімен ресімделеді, онда тексеруді қайта бастау күні көрсетіледі.

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген тексеруді тоқтата тұру туралы акт және тексеруді қайта бастау туралы акт мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – хабарламаға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – бақылау органы сұрау салған кезде бақылау субъектісінің (объектісінің) хатта көрсетілген электрондық мекенжайына бақылау органы жөнелткен күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.

      10. Тексеру нәтижелері бойынша бақылау органының лауазымды адамы (адамдары) – тексеру нәтижелері туралы акт және бұзушылықтар анықталған жағдайда, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды.

      Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік іс жүргізуді қозғау үшін негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалады.

      11. Тексеру нәтижелері туралы актіде мыналар көрсетіледі:

      1) актінің жасалған күні мен орны;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) тексеруді тағайындау туралы актінің (бар болса, тексеру мерзімін ұзарту, тексеруді тоқтата тұру туралы қосымша актілердің) күні мен нөмірі;

      4) тексеруді жүргізген адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      5) бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы, оның тұрған жері немесе бақылау субъектісінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;

      6) тексеруді жүргізу кезеңі;

      7) тексеру түрі;

      8) тексеру нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы мәліметтер;

      9) тексеру нәтижелері туралы актімен танысу немесе танысудан бас тарту, сондай-ақ тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы туралы жазба;

      10) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.

      Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар болмаған жағдайда, тексеру нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.

      12. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада мыналар көрсетіледі:

      1) нұсқаманың жасалған күні мен орны;

      2) мемлекеттік органның атауы;

      3) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) және лауазымы;

      4) бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы, оның тұрған жері немесе тексеруді жүргізу тағайындалған жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе), тексеруді жүргізу кезінде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы (болған кезде);

      5) тексеруді жүргізу күні, орны және кезеңі;

      6) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес анықталған бұзушылықтардың тізбесі;

      7) анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі ұсынымдар мен нұсқаулар және оларды жою мерзімдері;

      8) бақылау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті адамының нұсқамамен танысуы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолтаңбасы немесе қол қоюдан бас тартуы;

      9) тексеруді жүргізген лауазымды адамның (адамдардың) қолтаңбасы.

      Жүргізілген зерттеулердің (сынақтардың), сараптамалардың қорытындылары және тексеру нәтижелеріне байланысты басқа да құжаттар немесе олардың көшірмелері (зақымдалған жабдықты қарап-тексеру актісі, техникалық бақылау құралдарының, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының, регистрограмманың, осциллограмманың жазбалары, жедел журналдардан үзінді-көшірмелер, түсініктеме жазбахаттар, схемалар, сызбалар, фото-, аудио- және бейнематериалдар, сауалнама парақтары мен басқа да материалдар) бар болса, олар анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға қоса беріледі.

      13. Уәкілетті орган тексеруді тағайындау туралы актінің, тексеру нәтижелері туралы актінің, тексеруді ұзарту туралы актінің, тексеруді тоқтата тұру туралы актінің, тексеруді қайта бастау туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың нысандарын бекітеді.

      14. Тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама үш данада жасалады.

      Бақылау органы тексеру нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың бірінші даналарын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға үш жұмыс күні ішінде электрондық нысанда тапсырады, екінші даналарын қолын қойғызып қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда бақылау субъектісіне (объектісіне) не оның уәкілетті адамына танысу және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау және басқа да әрекеттер жасау үшін табыс етеді, үшінші даналары бақылау органында қалады.

      Төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберілген тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға алғаны туралы белгі қойылған күннен бастап;

      2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

      3) электрондық тәсілмен – бақылау органы сұрау салған кезде бақылау субъектісінің (объектісінің) хатта көрсетілген электрондық мекенжайына бақылау органы жөнелткен күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.

      15. Тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, тексеру мерзімін ұзарту туралы қосымша актіде) көрсетілген тексеруді аяқтау мерзімінен кешіктірмей тексеру нәтижелері туралы актіні бақылау субъектісіне (объектісіне) табыс еткен күн тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

      16. Бақылау субъектісі (объектісі) не оның уәкілетті адамы тексеру нәтижелері бойынша ескертулері және (немесе) қарсылықтары болған жағдайда, өзіне тексеру нәтижелері туралы акт табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей оларды жазбаша түрде баяндап, бақылау органына жібереді.

      Ескертулер және (немесе) қарсылықтар тексеру нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл туралы тиісті белгі қойылады.

      17. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдері оны орындаудың нақты мүмкіндігіне әсер ететін мән-жайлар ескеріле отырып айқындалады және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары қоса беріліп, кемінде бес жұмыс күнін құрайды.

      Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы орындау мерзімдерін айқындау кезінде:

      1) бақылау субъектісінде (объектісінде) бұзушылықтарды жою бойынша ұйымдастырушылық, техникалық және қаржылық мүмкіндіктердің бар-жоғы;

      2) пайдаланылатын өндірістік объектілердің техникалық жай-күйінің ерекшеліктері;

      3) мемлекеттік органдардан, жергілікті атқарушы органдардан тиісті рұқсатты алу немесе "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына 1, 2 және 3-қосымшаларда көзделген хабарламаны беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндетті қорытындыларды, келісулерді және басқа құжаттарды алу мерзімдері ескеріледі.

      18. Бақылау субъектісі қосымша уақыт және (немесе) қаржылай шығындар қажет болған жағдайда, өзіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсетіп, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішпен тексеруді жүргізген бақылау органына жүгінуге құқылы.

      Бақылау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтініште анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданатын шараларды және бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзартудың объективті себептерін баяндауға міндетті.

      Тексеруді жүргізген бақылау органы анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы өтінішті алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде баяндалған дәлелдерді ескере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерін ұзарту туралы және бұзушылықтарды жоюдың нақты мерзімдерін көрсетіп, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту немесе уәжді негіздемемен ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Бақылау субъектісі ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейінгі мерзімде бақылау органына бұзушылықтарды жою мерзімі басталған, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты ұсынады.

      Бақылау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы берілген ақпаратқа бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса береді.

      Уәкілетті орган анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының нысанын бекітеді.

      19. Анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген анықталған бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарында белгіленген мерзім ішінде тексеру жүргізген бақылау органына анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат беруге міндетті.

      20. Бақылау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпаратты белгіленген мерзімде бермеген немесе толық бермеген жағдайда, бақылау органы екі жұмыс күні ішінде бақылау субъектісіне (объектісіне) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат беру қажеттігі туралы сұрау салу жібереді.

      Бақылау органы анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың, анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы ақпарат белгіленген мерзімде берілмеген немесе толық берілмеген жағдайда, жоспардан тыс тексеру қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың орындалуын бақылауды қоспағанда, жоспардан тыс тексеру тағайындайды.

      21. Бақылау субъектісі (объектісі) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада және анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген анықталған бұзушылықтар мерзімінен бұрын жойылған жағдайда, тексеру жүргізген бақылау органына бұзушылықтарды жою фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, анықталған бұзушылықтарды жою туралы ақпарат беруге міндетті.

      22. Бақылау субъектісі тексеру қорытындыларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасай алады.

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) тексеру нәтижелері туралы актінің, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың күшін жою туралы өтінішін жоғары тұрған мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қарауы өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Жоғары тұрған мемлекеттік органның тексеру нәтижелерін жарамсыз деп тануы олардың күшін ішінара не толық көлемде жоюға негіз болып табылады.

      Толық көлемде жарамсыз деп танылған тексеру нәтижелері туралы акт, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама бақылау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген талаптарды бұзуының дәлелі бола алмайды.

      23. Тексерулер бұзушылықтар тікелей жасалған кезде олардың жолын кесу және мынадай:

      1) тексеру қажеттілігі кәсіпорын жұмыскерлері мен халықтың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін технологиялық бұзушылықтарды дереу жоюды талап еткен жағдайда;

      2) техникалық пайдалану қағидаларының сәйкестігі тұрғысынан өзіндік ерекшелігін ескере отырып, технологиялық жабдықтың үзіліссіз жұмыс істеу режимінің сақталуын тексеру және қауіпсіздік техникасы қағидаларының талаптарын тексеру жағдайында дәлелдемелерді бекіту үшін кезек күттірмейтін әрекеттер жасау қажет болған кезде жұмыстан тыс уақытта (тәуліктің түнгі уақытында, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін.

      Жұмыстан тыс уақытта тексеруді жүргізу жөніндегі шешім бақылау органы бірінші басшысының не оны алмастыратын адамның бұйрығымен ресімделеді.

      Уәкілетті орган жұмыстан тыс уақытта тексеруді жүргізу туралы бұйрықтың нысанын бекітеді.

      24. Егер тексеруді және (немесе) қашықтан бақылауды жүргізу нәтижесінде бақылау субъектісінің (объектісінің) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзу фактісі анықталса, әкімшілік құқық
бұзушылық құрамының белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болған кезде, бақылау органдарының лауазымды адамдары өкілеттіктері шегінде, бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөнінде шаралар қабылдайды.

      6-5-бап. Электр энергетикасы саласындағы тергеп-тексерулер

      1. Тергеп-тексеру бақылаудың дербес нысаны болып табылады, оның жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және осы Заңда айқындалған.

      2. Тергеп-тексерудің мақсаттары:

      1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылу себептерін анықтау және тиісті шаралар қабылдау;

      2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген тұлғаны (тұлғаларды) айқындау.

      3. Тергеп-тексеруді жүргізу үшін негіздер:

      1) адамның өміріне, денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірудің нақты фактілері бойынша, мұндай факт тұлғалардың кең тобына қатысты болған және бұзушылыққа жол берген нақты тұлғаны (нақты тұлғаларды) анықтау талап етілетін жағдайларда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жолданымдары;

      2) алдында болған мән-жайларды анықтау, олардың себептерін, техникалық құрылғыларды пайдалану шарттарын бұзушылықтардың, технологиялық процестерді, электр энергетикасы саласындағы талаптарды бұзушылықтардың сипатын анықтау, авариялардың, технологиялық бұзушылықтардың зардаптарын жою және оларды болғызбау жөніндегі іс-шараларды, осындай авариядан, технологиялық бұзушылықтан келтірілген материалдық залалды айқындау қажеттігі туындайтын авариялар, технологиялық бұзушылықтар.

      4. Бақылау органы осы баптың 3-тармағында көрсетілген негіздер болған кезде тергеп-тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      5. Уәкілетті орган тергеп-тексеруді жүргізу тәртібін белгілейді.

      Тергеп-тексеруді жүргізу тәртібі:

      1) тергеп-тексеру жүргізілетін жағдайларды;

      2) тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдері мен ұзақтығын;

      3) бақылау субъектісін (объектісін), құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органды, мүдделі мемлекеттік органдарды тергеп-тексеруді жүргізудің басталуы туралы хабардар ету мерзімдерін;

      4) тәуелсіз сарапшылар мен өзге де мүдделі тұлғаларды тарту тәртібін;

      5) тергеп-тексеру жөніндегі комиссия құрамын құру шарттары мен тәртібін;

      6) тергеп-тексеруді ұзарту және тоқтата тұру шарттарын, мерзімдерін, тәртібін;

      7) тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу тәртібін қамтуға тиіс.

      6. Тергеп-тексеруді жүргізу мерзімдері күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс және күнтізбелік отыз күнге бір рет қана ұзартылуы мүмкін.

      7. Бақылау органы тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша, тергеп-тексеруді жүргізуге негіз болған Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген тұлғаны (тұлғаларды) айқындайды.

      Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары бойынша, бұзушылыққа жол берген тұлғаға (тұлғаларға) қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шаралар қабылданады.

      Тергеп-тексеруді жүргізу қорытындылары, мемлекеттік құпияларды не Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, бақылау органының интернет-ресурсында жарияланады.

      Тергеп-тексеру қорытындылары құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік органға үш жұмыс күні ішінде жіберіледі.

      6-6-бап. Бақылау органы лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері

      1. Бақылау органының лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:

      1) бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруге;

      2) қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін алуға, сондай-ақ мемлекеттік бақылау нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қол жеткізуге;

      3) аудио-, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыруға;

      4) мемлекеттік бақылау нысанасына жататын техникалық бақылау құралдарының, регистрограмманың, осциллограмманың, байқау және тіркеп-белгілеу аспаптарының жазбаларын, жедел журналдардан үзінді-көшірмелерді, түсініктеме жазбахаттарды, схемаларды, сызбаларды, фото-, аудио- және бейнематериалдарды, сауалнама парақтары мен басқа да материалдарды пайдалануға;

      5) бақылау субъектісін түсініктемелер алу үшін шақыруға;

      6) мамандарды, консультанттар мен сарапшыларды, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, ведомстволық бағынысты және өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарын тартуға;

      7) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасын бұзушылықтар бойынша, оның ішінде мемлекеттік бақылау қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінуге және сот істерді қараған кезде қатысуға құқығы бар.

      2. Бақылау органының лауазымды адамдарына мемлекеттік бақылау нысанасына жатпайтын талаптар қоюға және өтінулермен жүгінуге тыйым салынады.

      3. Бақылау органының лауазымды адамдары мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, бақылау субъектілерінің (объектілерінің) құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауға;

      2) осы Заңда белгіленген тәртіп негізінде және оған қатаң сәйкестікте мемлекеттік бақылау жүргізуге;

      3) егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бақылауды жүргізу кезеңінде бақылау субъектілерінің (объектілерінің) белгіленген жұмыс режиміне кедергі келтірмеуге;

      4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес берілген өкілеттіктерді уақтылы әрі толық шамада орындауға;

      5) бақылау субъектісіне (объектісіне) не оның уәкілетті өкіліне мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде қатысуға кедергі келтірмеуге, мемлекеттік бақылау нысанасына жататын мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

      6) бақылау субъектісіне (объектісіне) мемлекеттік бақылау нысанасына жататын қажетті ақпаратты беруге;

      7) бақылау субъектісіне (объектісіне) қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыны, тексеру нәтижелері туралы актіні, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы табыс етуге;

      8) мемлекеттік бақылауды жүргізу нәтижесінде алынған құжаттар мен мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.

      6-7-бап. Бақылау субъектісінің (объектісінің) не оның уәкілетті адамының мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері

      1. Бақылау субъектілері (объектілері) не олардың уәкілетті адамдары мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде:

      1) бақылау органының тексеруді жүргізуге келген лауазымды адамдарын:

      тексеруді жүргізу жиілігін сақтамаған;

      тексеруді тағайындау туралы актіде (бар болса, мерзімін ұзарту, тоқтата тұру туралы қосымша актілерде) көрсетілген тексеру мерзімдері асып кеткен не өтіп кеткен;

      жасалған не әзірленіп жатқан қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызда немесе хабарда, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтар туралы өзге де жолданымдарда көрсетілген уақыт аралығының шеңберінен шығатын кезеңге тексеру тағайындалған;

      тексеруді жүргізу тиісті өкілеттіктері жоқ лауазымды адамдарға тапсырылған;

      тексеруді тағайындау туралы бір актіде бірнеше бақылау субъектісі (объектісі) көрсетілген;

      тексеру мерзімдері осы Заңда белгіленген мерзімнен асыра ұзартылған;

      осы Заңда белгіленген талаптар өрескел бұзылған;

      бақылау органының лауазымды адамдары осы Заңның 6-4-бабының 1-тармағында көрсетілген құжаттарды көрсетпеген жағдайларда, тексеруге жібермеуге;

      2) егер құжаттар мен мәліметтер тексеру нысанасына, сондай-ақ тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген кезеңге жатпайтын болса, оларды ұсынбауға;

      3) қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындыға, тексеруді тағайындау туралы актіге, тексеру нәтижелері туралы актіге, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаға, сондай-ақ бақылау органы лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауға;

      4) бақылау органының немесе лауазымды адамдардың бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін шектейтін, заңға негізделмеген тыйымдарын орындамауға;

      5) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру процесін, сондай-ақ бақылау органы лауазымды адамдарының мемлекеттік бақылау шеңберінде жасайтын жекелеген әрекеттерін аудио-, фото- және бейнетүсірілім көмегімен, бақылау органы лауазымды адамдарының қызметіне кедергі келтірмей тіркеп-белгілеуге;

      6) үшінші тұлғаларды өз мүдделері мен құқықтарын білдіру, сондай-ақ үшінші тұлғалардың осы тармақтың 5) тармақшасында көзделген әрекеттерді жүзеге асыруы мақсатында мемлекеттік бақылауға қатысу үшін тартуға құқылы.

      2. Бақылау субъектілері (объектілері) не олардың уәкілетті адамдары бақылау органы мемлекеттік бақылауды жүргізген кезде:

      1) бақылау органы лауазымды адамдарының бақылау субъектісінің (объектісінің) аумағына және үй-жайларына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуге;

      2) коммерциялық, салықтық не заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, бақылау органының лауазымды адамдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде құжаттардың (мәліметтердің) көшірмелерін ұсынуға, сондай-ақ мемлекеттік бақылау нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (ақпараттық жүйелерге) қолжетімділік беруге;

      3) тексеруді тағайындау туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;

      4) мемлекеттік бақылау аяқталған күні қашықтан бақылау нәтижелері туралы қорытындының, тексеру нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;

      5) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманың екінші данасына алғаны туралы белгі қоюға;

      6) егер осы Заңда не Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бақылауды жүргізу кезеңінде тексерілетін құжаттарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол бермеуге;

      7) бақылау объектісіне мемлекеттік бақылауды жүргізуге келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес зиянды және қауіпті өндірістік әсер ету факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;

      8) бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы не оның уәкілетті адамы тексеруді тағайындау туралы актіні алған жағдайда, тексеру белгіленген мерзімдерде бақылау объектісі тұрған жерде болуға міндетті.

      6-8-бап. Осы Заңның талаптарын өрескел бұзып жүргізілген тексерулердің жарамсыздығы

      1. Егер бақылау органы тексеруді осы Заңда белгіленген тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзып жүргізсе, тексеру жарамсыз деп танылады.

      2. Осы Заң талаптарын өрескел бұзушылықтарға мыналар жатады:

      1) тексеруді жүргізу негіздерінің болмауы;

      2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;

      3) тексеру мерзімдерінің сақталмауы;

      4) тексеруді жүргізу кезеңділігінің бұзылуы;

      5) бақылау субъектісіне (объектісіне) тексеруді тағайындау туралы актіні ұсынбау;

      6) бақылау органының өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша тексеруді тағайындауы.

      6-9-бап. Электр энергетикасы саласындағы өндірістік бақылау

      1. Электр энергетикасы саласындағы өндірістік бақылауды (бұдан әрі – өндірістік бақылау) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор жүзеге асырады.

      2. Өндірістік бақылаудың міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

      2) энергетикалық жабдықты, электр станцияларын, электр желілерін қауіпсіз пайдалану бойынша мониторинг жүргізу;

      3) электр энергиясын өндірудің, берудің және тұтынудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      4) техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін тексеруден өткен жұмыскерлердің жұмысты жүзеге асыруы;

      5) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар және жүйелік операторды, оның ішінде күзгі-қысқы кезеңге уақтылы даярлау және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру;

      6) жабдықты, ғимараттар мен құрылысжайларды пайдалануға әзірлік күйінде ұстау;

      7) қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауға бағытталған шараларды талдау және әзірлеу;

      8) жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсер ететін бұзушылықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау;

      9) технологиялық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстарды үйлестіру.

      3. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар және жүйелік оператор өндірістік бақылау туралы ережені әзірлейді.

      Уәкілетті орган өндірістік бақылау туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді.

      4. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам біліктілік талаптарына, жұмыс тәжірибесіне және құрылымдық бөлімше басшысынан төмен емес атқаратын лауазымына сәйкестігі бөлігінде мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жүйелік оператор басшысының актісімен тағайындалады және босатылады.

      5. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам:

      1) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың және жүйелік оператордың бөлімшелерінде өндірістік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар жоспарын әзірлеуге;

      2) жұмыскерлердің электр энергетикасы саласындағы талаптарды сақтауын өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

      3) энергетикалық жабдықты пайдалану және жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін тексеруді ұйымдастыруға және жүргізуге;

      4) қауіпсіздікті қамтамасыз ету және технологиялық бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуді ұйымдастыруға;

      5) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жүйелік оператор жұмыскерлерінің назарына Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасы талаптарының өзгеруі туралы ақпаратты жеткізуге;

      6) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жүйелік оператор басшысына:

      қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою жөнінде іс-шаралар жүргізу;

      Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптары бұзылып жүзеге асырылатын, жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін немесе технологиялық бұзушылықтарға әкелуі мүмкін жұмыстарды тоқтата тұру;

      техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша уақтылы даярлаудан, қайта даярлаудан өтпеген жұмыскерлерді жұмыстан шеттету бойынша ұсыныстар енгізуге;

      7) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 10-на дейін не сұрау салу бойынша (авариялар мен бірінші дәрежедегі істен шығулар орын алған жағдайларда) мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелеріне өндірістік бақылау міндеттеріне сәйкес есепті ұсынуға;

      8) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға міндетті.

      6. Өндірістік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамның:

      1) өндірістік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар мен материалдарды алуға;

      2) энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдар мен жүйелік оператордың объектілеріне тәуліктің кез келген уақытында кедергісіз кіруге құқығы бар.";

      11) 7-бап мынадай мазмұндағы 8-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-2) осы Заңға сәйкес атаулы қолдау алушылардың тізімін қалыптастырады;";

      12) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау

      Электр энергетикасы саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.

      Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алуды осы қызмет түрімен айналысуға арналған лицензиясы бар энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жүзеге асырады.

      Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келетін ұйымдарға беріледі:

      1) ұлттық электр желісімен тікелей технологиялық байланысы бар, кернеуі төрт сыныптан (220, 110, 35, 20, 10, 6, 0,4 киловольт) кем емес электр желілерінің (электр берудің кәбілдік немесе әуе желілерінің) болуы;

      2) тікелей, оның ішінде үйге ортақ желілер арқылы қосылған кемінде отыз мың электр энергиясын тұтынушылардың болуы.";

      13) 7-2-бап алып тасталсын;

      14) 8-баптағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      15) 9-баптың 1-1-тармағында:

      бірінші бөлік "Бір тұлғалар тобына" деген сөздерден кейін "немесе бір гибридті топқа" деген сөздермен толықтырылып, "аталған тұлғалар тобы" деген сөздер "осы тұлғалар тобы немесе осы гибридті топ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктің 1) тармақшасындағы "билік ету;" деген сөздер "билік ету арқылы тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға арқылы немесе бірнеше заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі." деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Ұлттық компаниялар үшін заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) кемінде қырық пайызына билік етуге жол беріледі;";

      төртінші бөлік ", ұлттық компаниялар үшін әрбір келесі заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) кемінде қырық пайызына билік етуіне жол беріледі" деген сөздермен толықтырылсын;

      16) 9-1-бапта:

      1-тармақтағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтағы "және жылу", "мен жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақ алып тасталсын;

      17) 9-2-баптың 2-тармағындағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      18) 9-3-бапта:

      тақырыптағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақтағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақтағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      19) 9-4-баптың 1-тармағының 3) тармақшасындағы "электр энергиясын сатып алады." деген сөздер "электр энергиясын;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "4) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын, электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты жоқ энергия өндіруші ұйымдардан сатып алады.";

      20) 10-бапта:

      1-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Заңның 13-бабының 7-1-тармағына сәйкес ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша жүйелік қызмет көрсетеді;";

      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2) және 2-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "1-1) осы Заңның 13-бабының 7-2-тармағына сәйкес ұлттық электр желісін пайдалану бойынша жүйелік қызмет көрсетеді;

      1-2) ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсетуді және оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды қамтамасыз етеді;";

      "2-1) қуатты резервтеу бойынша жүйелік қызметтер көрсетеді;";

      2-1-тармақ алып тасталсын;

      21) 10-3-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы "сатып алады" деген сөздер "алады, оның ішінде осы Заңның 15-3-бабының 3-4, 3-5 және 3-6-тармақтарына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемін қосымша сатып алуды жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын;

      22) 12-бапта:

      2-тармақтың 8) тармақшасындағы "алуға міндетті." деген сөздер "алуға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалануға міндетті.";

      3-тармақта:

      4) тармақша "есептерді" деген сөзден кейін "уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып," деген сөздермен толықтырылсын;

      11) тармақшадағы "жүзеге асыруға міндетті." деген сөздер "жүзеге асыруға;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

      "12) келісілген хаттамалар бойынша электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің дерекқорынан жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына сағаттық есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі мен телеөлшеу жүйелерінің болуын қамтамасыз етуге міндетті.";

      8-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) осы Заңның 13-бабының 7-2-тармағына сәйкес жүйелік оператормен ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарт жасасуға;

      2) осы Заңның 13-бабының 7-1-тармағына сәйкес жүйелік оператормен ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарт жасасуға;";

      23) 12-1-баптың 2-тармағында:

      алтыншы бөліктегі "уәкілетті органға өтініш жасауы" деген сөздер "уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдалана отырып берілген уәкілетті органға жолданымы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы тоғызыншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясына тарифтің шекті деңгейін бекіту немесе түзету қажеттігін растайтын құжаттарды уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы береді.";

      24) 13-бапта:

      3-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-1. Энергия өндіруші ұйымдар желіге жіберілетін электр энергиясының бүкіл көлемін осы Заңға сәйкес, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға және (немесе) олармен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыларға не олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісіне сатуды жүзеге асыруға міндетті.

      Бір тұлғалар тобына өздерімен бірге кіретін тұтынушыларға және бір гибридті топқа өздерімен бірге кіретін гибридті топ әкімшісіне электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар электр энергиясын тұлғалар тобынан және гибридті топтан тыс электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ғана сатуды жүзеге асыруға міндетті. Бұл ретте электр энергиясын кейіннен сатпай өз қажеттіліктері үшін сатып алатын заңды тұлға тұтынушы деп танылады.

      Бұл ретте осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарына сәйкес энергия өндіруші ұйым өткізуге мәлімдемеген электр энергиясының көлемі жоғарылатып теңгерімдеуге қатысуға өтінім беру арқылы өткізуге жатпайды.";

      3-2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны және (немесе) онымен бір тұлғалар тобына кіретін тұтынушыны не онымен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісін қоспағанда, электр энергиясының бөлшек сауда нарығының субъектілеріне, сондай-ақ электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға);";

      1-2) тармақшадағы "2) тармақшасында" деген сөздер "2) және 4) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3-3-тармақтың 2) тармақшасының төртінші және бесінші бөліктері алып тасталсын;

      3-4 және 3-6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-4. Электр энергиясы мен қуатын, теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді, ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызметтерді, электр энергиясын беру, оның ішінде ұлттық электр желісі арқылы беру бойынша көрсетілетін қызметті, техникалық диспетчерлендіру бойынша көрсетілетін қызметті, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті, орталықтандырылған сауда нарығы операторының көрсетілетін қызметтерін, электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға байланысты электр энергиясы мен қуатының көтерме саудасы нарығындағы құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.";

      "3-6. Жүйелік оператор жасалған шарттарға сәйкес шарттық баға бойынша энергия өндіруші ұйымдардан, сондай-ақ негізгі қызмет түрлеріне осы қызметті көрсету жататын бейрезидент ұйымдардан электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерден сатып алуды жүзеге асырады.

      Бұл ретте жүйелік оператор электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметті жүйелік оператордың жиілік мен қуатты автоматты түрде реттеу жүйесіне қосылған Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің энергия өндіруші ұйымдарының электр станцияларынан сатып алады.

      Электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы жасалған екіжақты шарттарға сәйкес белгіленеді. Бұл ретте электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілерімен жасалатын тиісті шарттарда көрсетілетін электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді жүйелік оператордың сатып алу бағасы мынадай ең жоғары бағалардан: тиісті кезең ішінде осы көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерден сатып алудың ең жоғары шарттық бағасынан және осы көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге сатудың ең жоғары шарттық бағасынан төмен болмауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 3-7, 3-8, 3-9, 3-10 және 3-11-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-7. Энергиямен жабдықтаушы ұйымға өзінің электр желілері орналасқан әкімшілік-аумақтық бірлік (облыс) шегінде ғана электр энергиясын өткізуге рұқсат етіледі.

      3-8. Гибридті топ әкімшісі:

      1) тиісті гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын алуды (сатып алуды) жүзеге асырады;

      2) гибридті топ тұтынушыларына электр энергиясын өткізуді (сатуды) жүзеге асырады;

      3) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына және электр қуаты нарығына қатысады;

      4) гибридті топтың теңгерім провайдері болып табылады;

      5) гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен гибридті топ тұтынушылары үшін электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығында электр энергиясын бірыңғай сатып алушы, жүйелік оператор, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы алдында қаржылық міндеттемелері болады;

      6) бір гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылардың электр энергиясын өндіру және тұтыну режимдерін бірыңғай басқаруды қамтамасыз етеді.

      3-9. Гибридті топ әкімшісі гибридті топқа кіретін энергия өндіруші ұйымда бекітілген шекті тариф болған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға электр энергиясын өткізуге (сатуға) құқылы.

      3-10. Гибридті топ тұтынушысы электр энергиясын осы Заңда белгіленген тәртіппен бірыңғай сатып алушыдан сатып алуға құқылы.

      3-11. Гибридті топ әкімшісіне:

      1) электр энергиясының бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға);

      2) келісілген хаттамалар бойынша сағаттық есепке алу деректерін жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің орталық дерекқорына беруді қамтамасыз ететін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі болмаған кезде электр энергиясын өткізуге (сатуға) тыйым салынады.";

      7 және 7-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Энергия өндіруші ұйымдар – гидроэлектр станциялары суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңiнде өндiрiлетiн электр энергиясын уәкілетті орган айқындаған тәртіппен электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатуға мiндеттi.

      7-1. Ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызмет ақысын жүйелік оператормен жасалған шарт негізінде:

      1) осы Заңға сәйкес электр энергиясының экспортын жүзеге асыру кезінде электр энергиясын бірыңғай сатып алушы;

      2) осы Заңға сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының импортын жүзеге асыратын көтерме сауда нарығының субъектілері;

      3) шартты тұтынушылар, гибридті топ тұтынушылары өздерінің құрамына кіретін объектілер үшін электр энергиясын олардың құрамына кіретін генерациялау объектілерінен де, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан да (оның ішінде, осы Заңның 19-1-бабы 5-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясының үлесін бөлу кезінде) және теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан да сатып алған кезде;

      4) жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан екіжақты шарттар бойынша электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырған кезде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері;

      5) ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын мемлекетаралық беруді жүзеге асырған кезде басқа мемлекеттердің уәкілетті ұйымдары төлейді.";

      мынадай мазмұндағы 7-2-тармақпен толықтырылсын:

      "7-2. Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет ақысын жүйелік оператормен жасалған шарт негізінде электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергия беруші ұйымдар, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, тұтынушылар және цифрлық майнерлер, олар осы Заңға сәйкес электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған кезде және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығымен, оның ішінде теңгерім провайдерлері арқылы теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату операцияларын жүзеге асырған кезде төлейді.

      Ұлттық электр желісін пайдалану бойынша көрсетілетін қызмет осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағының 4) тармақшасында аталған электр энергиясының көтерме сауда нарығының басқа субъектілерін қоспағанда, осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағында аталған электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне олар электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын сатып алған кезде және электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының есеп айырысу орталығымен теңгерімдеуші электр энергиясын және теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату операцияларын жүзеге асырған кезде көрсетілмейді.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың, жүйелік оператордың бірінші басшылары, техникалық басшылары (бас инженері), еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің (бөлімінің) басшылары уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін біліктілік тексеруден өткеннен кейін тағайындалады.

      Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесі электр станцияларының, электр желілерінің энергетикалық жабдығын, тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануды, жөндеуді, баптауды және монтаждауды жүзеге асыратын персонал, сондай-ақ сарапшылар энергетикалық жабдық пен тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалану, жөндеу, баптау және монтаждау, сондай-ақ зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға білімін тексеруден өтуге және тиісті қолжетімділігі болуға міндетті";

      14-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы тармақтың талаптары:

      1) Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған генерациялайтын қондырғылар өндіретін электр энергиясын пайдаланатын цифрлық майнерлерге;

      2) тиісті қызмет түрімен (дата-орталықтар, өндірістік және өнеркәсіптік ғимараттар) электр желілеріне қосылуға техникалық шарттардың электрондық көшірмелерін ұсынған кезде және энергия беруші не энергия өндіруші ұйым берген техникалық шарттардың орындалуын растаған кезде 2023 жылғы 1 сәуірге дейін энергия беруші ұйымның электр желілеріне қосылуды жүзеге асырған цифрлық майнерлерге қолданылмайды.";

      25) 14-бапта:

      тақырыптағы және 1-тармақтағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақтағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      3-тармақтағы ", ал жылу энергиясының нарығы бiр деңгейден – бөлшек сауда нарығынан" деген сөздер алып тасталсын;

      6-тармақтағы "және энергиямен жабдықтаушы", "және жылу", "немесе жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      7-тармақтағы "немесе жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      26) 15-баптың 2-тармағында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) бір жылға электр қуатының орталықтандырылған саудасын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 3-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-2) жүйелік оператормен келісуден кейін өзінің интернет-ресурсында сауда-саттыққа қатысушылар, берілген өтінімдер (берілген күні мен уақыты, бағасы, көлемі) туралы және сауда-саттық нәтижелері (күні, бағасы, көлемі, құны, мәміле тараптары) туралы ақпаратты қоса алғанда, орталықтандырылған сауда-саттық туралы ақпаратты күн сайын жариялайды;";

      27) 15-3-бапта:

      мынадай мазмұндағы 3-4, 3-5 және 3-6-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-4. Бірыңғай сатып алушыда тиісті есептік жылға арналған электр қуатына болжамды сұранысқа жүйелік оператор енгізген, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет көлемінен электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті өткізу көлемін ұлғайту есебінен туындаған қосымша кіріс пайда болған жағдайда, бірыңғай сатып алушы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті қосымша сатып алуды жүзеге асырады.

      3-5. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті қосымша сатып алу осы баптың 3-1-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасына сәйкес бірыңғай сатып алушымен шарт жасасқан және шартта көрсетілген осы көрсетілетін қызмет көлемінен іс жүзінде асып кеткен энергия өндіруші ұйымдардан осы шартта көрсетілген бағадан аспайтын баға бойынша ай сайын жүзеге асырылады.

      Бұл ретте электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті қосымша сатып алу барлық мәлімделген көлемге орталықтандырылған сауда-саттықта электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті өткізген энергия өндіруші ұйымдардан жүзеге асырылмайды.

      3-6. Жүйелік оператор осы баптың 3-5-тармағына сәйкес нақты асып кету көлемін есептеуді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырады және бірыңғай сатып алушыға береді.";

      8-тармақтың төртінші бөлігінің бірінші абзацы "нәтиже" деген сөзден кейін ", оның ішінде" деген сөздермен толықтырылып, төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "есептік корпоративтік табыс салығы шегеріле отырып, бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет бағасын есептеуі және оны интернет-ресурста орналастыруы қағидаларына сәйкес есептелген, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті бірыңғай сатып алушының сатып алу жөніндегі қызметінің жалпы нәтижесі және электр қуатының әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету негізге алынып қалыптастырылады.";

      28) 15-4-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының негізгі генерациялайтын жабдығына, сондай-ақ қосалқы жабдығына қатысты жасалады.";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Инвестициялық келісім жасалатын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының қосалқы жабдығының тізбесі мен оған қойылатын талаптар уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес белгіленеді.";

      5-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-1. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын алатын тұтынушыларды электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жасалатын инвестициялық келісімдерді қоспағанда, уәкілетті орган Тізілімге енгізген энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жасасуға құқылы емес.";

      29) 15-6-бапта:

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Заңның 15-1-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда, уәкілетті орган осы Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құратын электр қуатының шамасын шегере отырып, болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатының көлеміне қатты отында электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді.

      2. Тендер негізінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін орналастыру орны (алаңы), отынның типі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жүргізілген техникалық-экономикалық негіздеменің немесе алдын ала техникалық-экономикалық негіздеменің нәтижелері бойынша айқындалады.

      3. Уәкілетті орган тендерлік құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ әлеуетті инвесторлар тендерге қатысу үшін құжаттар мен материалдарды ұсынатын соңғы күнге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын бұқаралық ақпарат құралдарында жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу туралы хабарландыруды жариялайды.";

      4-тармақтың 1) тармақшасы "қондырғылардың" деген сөзден кейін "Қазақстан Республикасы Экология кодексінің талаптарына сәйкес келетін" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тендерлік құжаттамаға сәйкес айқындалатын қаржы және материалдық ресурстарының бар екенін растайтын құжаттарды ұсынған әлеуетті инвесторлар қатысады.";

      6-тармақта:

      бірінші бөліктегі "күнтізбелік отыз күннен" деген сөздер "он бес жұмыс күнінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "күнтізбелік он бес күн" деген сөздер "бес жұмыс күні" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші бөліктегі "он" деген сөз "бес" деген сөзбен ауыстырылсын;

      7-тармақтың екінші бөлігі "уәкілетті орган" деген сөздерден кейін "он бес жұмыс күні ішінде" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1 және 7-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "7-1. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға қайталама тендер өткізілмеді деп танылған кезде және тек бір қатысушыдан ғана тендерлік өтінім берілген жағдайда, уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасу үшін осы қатысушыны тендер жеңімпазы деп айқындау туралы ұсыныс жібереді.

      7-2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы баптың 7-1-тармағына сәйкес ұсыныс келіп түскен кезде, ол орынды болған жағдайда, уәкілетті органға жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасуды тапсырады.";

      8 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер қорытындысы шығарылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде тендер жеңімпазымен жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасады, онда генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімі және тендер жеңімпазының қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауаптылық белгіленеді.";

      "10. Осы баптың 8 және 9-тармақтарында көзделген шарттар үлгілік шарттар негізінде жасалады, олар бойынша уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу басталған күнге дейін жобалау-сметалық құжаттама мен мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы негізінде, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемін, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімдерін және әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті түзетуді бір рет жүзеге асыруға құқылы.";

      30) 15-10-бапта:

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын әрбір теңгерімдеу аймағы үшін жеке-жеке сатып алады.

      Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы тиісті теңгерімдеу аймағы үшін операциялық тәуліктің тиісті сағатында сатып алатын теңгерімдеуші электр энергиясының көлемі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.

      Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын:

      1) көтеріп теңгерімдеуге қатысуға арналған тиісті іске қосылған өтінімдерде (теңгерімдеудің тиісті аймағында) көрсетілген бағалар бойынша, осы өтінімдердің нақты орындалуын ескере отырып, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында;

      2) жүйелік оператордың басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимылы шеңберінде тиісті шарттарда көрсетілген бағалар мен талаптар бойынша (бұл ретте теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алумен бір мезгілде теріс теңгерімсіздіктерді сатуға да жол беріледі) жүйелік оператордан сатып алуды жүзеге асырады.

      Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырған сағаттарда оң теңгерімсіздіктерге жол берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептеген теңгерімдеуші электр энергиясын сату бағалары бойынша өздері жол берген сағаттық оң теңгерімсіздіктер көлемінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға міндетті.

      Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырған сағаттарда теріс теңгерімсіздіктерге жол берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері осы теріс теңгерімсіздіктерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептеген бағалар бойынша теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сатуға міндетті.

      "Авария" режимі ретінде айқындалған тәулік сағаты үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері арасындағы теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату жөніндегі теңгерімдеу аймағындағы барлық операциялар уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теңгерімдеудің әрбір аймағының теріс теңгерімсіздіктерін жеке-жеке сатады.

      Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы операциялық тәуліктердің тиісті сағатында сататын теңгерімдеудің тиісті аймағындағы теріс теңгерімсіздіктер көлемі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалады.

      Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теріс теңгерімсіздіктерді:

      1) төмендетіп теңгерімдеуге қатысуға арналған тиісті іске қосылған өтінімдерде (теңгерімдеудің тиісті аймағында) көрсетілген бағалар бойынша, осы өтінімдердің нақты орындалуын ескере отырып, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында;

      2) жүйелік оператордың басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен өзара іс-қимылы шеңберінде тиісті шарттарда көрсетілген бағалар мен талаптар бойынша (бұл ретте теріс теңгерімсіздіктерді сатумен бір мезгілде теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға да жол беріледі) жүйелі операторға сатуды жүзеге асырады.

      Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теріс теңгерімсіздіктерді сатуды жүзеге асырған сағаттарда теріс теңгерімсіздіктерге жол берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептеген теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу бағалары бойынша өздері жол берген сағаттық теріс теңгерімсіздіктерді теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығына сатуға міндетті.

      Теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы теріс теңгерімсіздіктерді сатуды жүзеге асырған сағаттарда оң теңгерімсіздіктерге жол берген электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы есептеген бағалар бойынша өздері жол берген сағаттық оң теңгерімсіздіктер көлемінде теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығынан теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алуға міндетті.

      "Авария" режимі ретінде айқындалған тәулік сағаты үшін теңгерімдеуші нарықтың есеп айырысу орталығы мен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектілері арасындағы теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату жөніндегі теңгерімдеу аймағындағы барлық операциялар уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      7-тармақ алып тасталсын;

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл ретте Қазақстан Республикасының Үкіметімен өнімді бөлу туралы шарттар жасасқан электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының субъектілері есептік кезеңнің қорытындылары бойынша уәкілетті орган көздеген тәртіппен, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуды жүзеге асырады.";

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-1) теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сатуға және қосылуға жасалған шарттар негізінде қаржылық міндеттемелерін бөлуді және өз құқықтары мен міндеттерін теңгерімдеуші нарық субъектілеріне беруді жүзеге асырады;";

      15-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өз теңгерімсіздіктері болмайды және ол теңгерімдеуші электр энергиясын және жаңартылатын көздердің теріс теңгерімсіздіктерін сатып алу-сату үшін жауапкершілікті өзіне ала отырып, осы нарыққа теңгерім провайдері ретінде ғана қатысады. Бұл ретте электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен 2023 жылғы 1 шілдеден кейін жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар, жүйелік оператор қалыптастыратын электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінің тізбесіне енгізілген жаңартылатын көздер өздері жол берген теңгерімсіздіктер үшін уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жауап береді.";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес 2023 жылғы 1 шілдеге дейін жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу-сату шартын жасасқан жаңартылатын көздер үшін осы тармақта көрсетілген төмендету және жоғарылату коэффициенттерінің мәні электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидаларына сәйкес айқындалады.";

      31) мынадай мазмұндағы 15-11-баппен толықтырылсын:

      "15-11-бап. Гибридті топ

      1. Гибридті топ құрамына әрқайсысының дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде сол бір тұлғаға тиесілі болатын мынадай заңды тұлғалар:

      объектілері 2024 жылғы 1 шілдеден ерте емес пайдалануға берілген және бір қосылу нүктесінде ұлттық немесе өңірлік электр желілеріне қосылған, жаңартылатын энергия көздері мен генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды жиынтық түрде пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар;

      гибридті топ тұтынушылары;

      гибридті топ әкімшісі кіреді.

      2. Гибридті топ осы баптың 1-тармағында аталған тұлғалардың дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі болатын тұлғаның өтініші негізінде гибридті топтардың тізбесіне енгізіледі.

      Гибридті топтардың тізбесіне осы баптың 1-тармағында аталған энергия өндіруші ұйымдар, тұтынушылар, гибридті топтар әкімшілері кіреді.";

      32) 17-баптың 1 және 3-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Электр энергиясын сатып алу-сату, теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату, теңгерімдеуші нарықтағы өзара есеп айырысулар, электр энергиясын беру, оның ішінде ұлттық электр желісі арқылы беру, ұлттық электр желісін пайдалану, техникалық диспетчерлендіру, электр қуатын реттеу, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының орталықтандырылған саудасына қатысу, электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығына қатысу бойынша, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер көрсету Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жасалатын шарттар негізінде жүзеге асырылады.";

      "3. Электр энергиясын сатып алу-сату, теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді сатып алу-сату шарттары, қосылу шарттары, электр энергиясын беру, оның ішінде ұлттық электр желісі арқылы беру, ұлттық электр желісін пайдалану, техникалық диспетчерлендіру, электр қуатын реттеу, электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру, электр энергиясының көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар, орталықтандырылған сауда нарығына қатысу шарттары, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттар – шарттар бойынша уақтылы ақы төленбеген жағдайда, тиісті қызметтер көрсетуді тоқтату талаптары мен тәртібін қамтуға тиіс.";

      33) 18-бапта:

      тақырыптағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бөлшек сауда нарығында электр энергиясын сатып алу-сату тұтынушылар энергиямен жабдықтаушы ұйымдармен жасасатын энергиямен жабдықтаудың жария шарттары негізінде жүзеге асырылады.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар тұтынылатын электр энергиясының көлеміне қарай (жеке тұлғалар үшін) сараланған тарифтер бойынша тұтынушыларға электр энергиясын өткізуден (сатудан) бас тартуға құқылы емес.

      Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар пайдаланылған жылу энергиясы үшін ақы төлеу бойынша берешегі болған кезде тұтынушыға электр энергиясын беруді тоқтатуға құқылы емес.";

      2-тармақтағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      34) 19-бапта:

      тақырыптағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақта:

      бірінші абзацтағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      1) тармақшадағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      2) тармақшадағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      2) тармақшадағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      4) тармақшадағы "және (немесе) жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      35) 19-1-бапта:

      3-тармақта:

      1) тармақшада:

      бірінші абзац "және (немесе) гибридті топ әкімшісінен" деген сөздермен толықтырылсын;

      үшінші абзац "сату үшін бір сағат және (немесе) тәулік және (немесе) ай және (немесе) тоқсан және (немесе) жыл (жылдар) бұрын сатып алады" деген сөздер "сату үшін" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "гибридті топ тұтынушыларына сату үшін бір сағат және (немесе) тәулік және (немесе) ай және (немесе) тоқсан және (немесе) жыл (жылдар) бұрын сатып алады;";

      2) тармақша "шартты тұтынушыларға," деген сөздерден кейін "гибридті топ тұтынушыларына," деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-1) уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жасыл тарифтер бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын жасыл энергияны тұтынушыға қысқа мерзімді (бір жыл) немесе ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) негізде сатады;";

      4-тармақтың бірінші бөлігінде:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) 2023 жылғы 1 шілдеден кейін электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар жаңартылатын көздерден, Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес электр энергиясын осы шарттардың бағаларымен желіге жоспардағы жіберудің толық көлемінде жүзеге асырады.

      2023 жылғы 1 шілдеге дейін қаржы-есеп айырысу орталығымен жасалған электр энергиясын сатып алу-сатудың ұзақ мерзімді шарты бар жаңартылатын көздерден, Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес есептік күнтізбелік айдың қорытындылары бойынша электр энергиясын осы шарттардың бағаларымен желіге нақты жіберудің толық көлемінде;

      2) уәкілетті орган бекіткен электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларына сәйкес жылу электр орталықтарынан;";

      3) тармақшадағы ", 15-6" деген цифрлар алып тасталсын;

      5-тармақта:

      1) тармақшаның бірінші бөлігі "тұтынушыларға" деген сөзден кейін "не олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісіне" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) тармақшада:

      "олармен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан" деген сөздер "Тізілімде олармен бір тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдардан және (немесе) олармен бір гибридті топқа кіретін гибридті топ әкімшісінен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Бұл ретте жасыл энергияны тұтынушылардың электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жасыл тарифтер бойынша жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндіретін электр энергиясын қысқа мерзімді (бір жыл) немесе ұзақ мерзімді (бір жылдан астам) негізде сатып алуға құқығы бар;";

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, энергия беруші ұйымдар, тұтынушылар және цифрлық майнерлер, осы Заңның 13-бабының 7-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жүйелік оператормен ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының осы Заңның 13-бабы 7-1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда, ұлттық электр желісін пайдалану бойынша қызмет көрсетуге немесе ұлттық электр желісі арқылы электр энергиясын беру бойынша қызметтер көрсетуге арналған шарттары жоқ, электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға, тұтынушыларға және цифрлық майнерлерге электр энергиясын өткізуіне (сатуына) тыйым салынады;";

      7) тармақшадағы "басым тұтынушылар," деген сөздер "гибридті топ әкімшілері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жасалған электр энергиясын ұзақ мерзімді сатып алу-сату шарты бар жаңартылатын көздер арасында Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, электр энергиясын өндіру-тұтыну теңгерімі электр энергиясын өндіру-тұтынудың көрсетілген тәуліктік графигінде сақталған кезде электр энергиясын нақты өндіру-тұтынудың тиісті сағаты басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей жүйелік оператор бекіткен электр энергиясын
өндіру-тұтынудың тәуліктік графигін ұлғайтып (жоғары) немесе азайтып (төмен) өзара түзетуге жол беріледі;";

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушының энергия өндіруші ұйымдардан, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын ұйымдардан электр энергиясын, теңгерімдеуші электр энергиясы мен теріс теңгерімсіздіктерді, электр энергиясын беру, оның ішінде ұлттық электр желісі арқылы беру, техникалық диспетчерлендіру, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, орталықтандырылған сауда нарығы операторының көрсетілетін қызметтерін сатып алуға байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.";

      36) 22-баптың 2-тармағындағы "немесе жылу", "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      37) 25-бап мынадай мазмұндағы 13 және 14-тармақтармен толықтырылсын:

      "13. Осы Заңның 7-1-бабында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келетін энергия беруші ұйымдар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызмет түріне арналған лицензияны 2025 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде алуға міндетті.

      14. Осы Заңның 7-1-бабының талаптарына сәйкес келмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға берілген, энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияларды және (немесе) лицензияға қосымшаларды (рұқсаттарды және (немесе) рұқсатқа қосымшаларды) лицензиар лицензиядан айыруға (кері қайтарып алуға) немесе оның қолданысын тоқтата тұруға тиіс.".

      5. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      24-баптың 2-тармағының екінші бөлігіндегі "жылу энергиясын өндіру, беру, тарату жəне (немесе) онымен жабдықтау" деген сөздер "жылу энергиясын өндіру, беру, тарату жəне өткізу" деген сөздермен ауыстырылсын.

      6. "Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы" 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бапта:

      1-1) және 1-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1) аукциондық сауда-саттық – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарын ескере отырып, осы жаңа объектілерді, оның ішінде электр энергиясын жинақтау жүйелерімен жарақталған объектілерді, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратудың жаңа объектілерін салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндіретін электр энергиясының аукциондық бағаларын айқындауға бағытталған процесс;";

      "1-3) басым тұтынушылар – құрамына тікелей тұтынушылар және (немесе) өнеркәсіптік кешендер, электр энергиясын өндіру үшін қазба отындарын пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар кіретін тұлға немесе тұлғалар тобы және (немесе) өндіріп шығарған электр энергиясын осы тұлға немесе тұлғалар тобы толық көлемде тұтынатын не электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға орталықтандырылған сауда-саттықта өткізетін, жұмыс істеп тұрған (2018 жылғы 1 қаңтардан кейін пайдалануға берілген және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар тізбесіне енгізбеген) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін және (немесе) жұмыс істеп тұрған (2021 жылғы 1 қаңтардан кейін, оның ішінде алдағы жеті жылдық кезеңге арналған электр энергиясы мен қуатының бекітілген болжамды балансында есепке алынбаған, істен шыққан электр қуаттарын реконструкциялаудан кейін пайдалануға берілген) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілерін меншік құқығымен немесе өзге де заңды негізде иеленетін энергия өндіруші ұйымдар;";

      3) тармақша алып тасталсын;

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындар – уәкілетті орган белгілеген тәртіппен айқындалатын, жасыл энергияны тұтынушыларға тиесілі шығындарды шегергенде, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері өндірген электр энергиясын сатып алуға арналған бірыңғай сатып алушының шығындары, электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын тиісті шығындар, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жұмсалған шығындар (кірістерді шегергенде), резервтік қорды қалыптастыруға арналған шығындар және оның қызметін жүзеге асыруға байланысты шығындар;";

      7) тармақша алып тасталсын;

      7-1) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану қондырғысы – электр энергиясын өндіруге арналған, жаңартылатын энергия көздері пайдаланылатын технологиялық және қосалқы жабдық;";

      "8) жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану объектiсi – жаңартылатын энергия көздерiн пайдалана отырып электр энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің балансындағы, олармен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым;";

      8-1) тармақшадағы ", тасқындық электр энергиясы" деген сөздер алып тасталсын;

      9-6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-6) резервтік қор – электр энергиясын бірыңғай сатып алушы қалыптастыратын қор, оның ақшасы арнаулы банк шотында сақталады және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілері тарапынан төлем жасалмау немесе төлемді кідірту салдарынан туындайтын кассалық алшақтықтар мен электр энергиясын бірыңғай сатып алушының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар алдындағы берешегін жабуға ғана пайдаланылады;";

      9-7) тармақша алып тасталсын;

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) уәкілетті орган – жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) электр энергиясын жинақтау жүйесі – электр энергиясын жинақтауға, сақтауға және беруге арналған автоматтандырылған басқару жүйесі бар техникалық құрылғы және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны пайдалану үшін технологиялық тұрғыдан қажетті, онымен өзара байланысты құрылысжайлар мен инфрақұрылым;";

      14) тармақша алып тасталсын;

      2) 2-баптың 3-2-тармағында:

      бірінші бөліктегі "шартты" деген сөз алып тасталсын;

      екінші бөліктің 1) тармақшасы "билік ету;" деген сөздер "билік ету арқылы тікелей немесе жанама түрде (заңды тұлға арқылы немесе бірнеше заңды тұлға арқылы) айқындау мүмкіндігі түсініледі." деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Ұлттық компаниялар үшін заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) кемінде қырық пайызына билік етуге жол беріледі;";

      үшінші бөлік ", ұлттық компаниялар үшін әрбір келесі заңды тұлғаның басқа заңды тұлғаның дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің, пайларының) кемінде қырық пайызына билік етуіне жол беріледі" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші бөліктегі "шартты" деген сөз алып тасталсын;

      3) 3-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеу экономиканың энергияны қажетсінуін және қоршаған ортаға электр және жылу энергиясын өндіру секторының әсерін азайту және электр энергиясын өндіру кезінде жаңартылатын энергия көздерін пайдаланудың үлесін ұлғайту үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып электр энергиясын өндіруге қолайлы жағдай жасау мақсатында жүзеге асырылады.";

      2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Электр энергиясын өндіру үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы мемлекеттік реттеу:";

      4) 4-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып энергия өндіруді ынталандыру;";

      5) 5-бапта:

      8-1) және 8-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-1) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының электр энергиясын сатудан түсетін кірістерінің жеткіліксіз болуы салдарынан жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың алдындағы міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оны мемлекеттік қаржылай қолдауды жүзеге асырады;

      8-2) электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға мемлекеттік қаржылай қолдау беру қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 8-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-3) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзіне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.";

      6) 6-бапта:

      5-3) және 5-4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-3) электр энергиясын бірыңғай сатып алушының басым тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеуі мен қайта бөлуінің тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      5-4) басым тұтынушыларға жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрлерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі қуатының көлемі мен орналасатын жерін келіседі;";

      7) 6-1-бап алып тасталсын;

      8) 7-1-бапта:

      1 және 2-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Желілеріне жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері қосылған энергия беруші ұйымдар өздерінің желілеріне жаңартылатын энергия көздерін және қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектілері, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату объектілері берген электр энергиясының көлемі туралы электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде айқындалған мәліметтерді ай сайын электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ұсынуға міндетті.";

      "2-1. Басым тұтынушылар осы баптың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында, сондай-ақ 6, 6-1, 6-2 және 8-тармақтарында көзделген міндеттерді атқарады.

      Басым тұтынушылар жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдар өндірген электр энергиясын сатып алуға электр энергиясын бірыңғай сатып алушымен жыл сайын үлгілік нысанға сәйкес шарттар жасасуға міндетті.

      Басым шартты тұтынушылар қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін салу кезінде объект пайдалануға берілгенге дейін үш жүз алпыс бес күннен кешіктірмей уәкілетті орган мен жүйелік операторды қайталама энергетикалық ресурстардың түрін, қуат көлемін және орналасқан жерін көрсете отырып, қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінің құрылысы туралы хабардар етеді.";

      4-3-тармақ алып тасталсын;

      5 және 6-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Электр энергиясын бірыңғай сатып алушы "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жылдық қаржылық есептілікке аудит жүргізуге және оның нәтижелерін уәкілетті органға ұсынуға міндетті.";

      "6-3. Қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісі пайдалануға берілгеннен кейін қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйым не онымен бір тұлғалар тобына кіретін және бір өңірдегі энергия өндіруші ұйым мен жүйелік оператор арасында он жыл бойы қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісінің белгіленген электр қуатының кемінде жиырма пайызын ұлғайтуға немесе азайтуға реттеу диапазонында жүйелік оператордың электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызметтерді шарт жасасу жылының алдындағы күнтізбелік жыл үшін сатып алуының орташа өлшемді шарттық бағасына тең баға бойынша осы қызметтерді көрсетуге арналған шарт жыл сайын жасалады.";

      8-тармақтағы "және тасқындық электр энергиясын өндіру мен желіге жіберуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдарды" деген сөздер алып тасталсын;

      9) 8-1-бапта:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен сатып алу-сату шарттарында көзделген тіркелген тарифтер осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін жасалған шарттардың қолданысы тоқтатылғанға дейін, бірақ шарттар жасалған күннен бастап он бес жылдан аспайтын мерзімде қолданылады.

      2. Қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін, қалдықтарды энергетикалық кәдеге жаратуды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен сатып алу-сату шарттарында көзделген тіркелген тарифтер және аукциондық бағалар Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жыл сайын индекстеледі.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында қолдау көзделген жаңартылатын энергия көздерінің түріне, жобаны қаржыландыру құрылымына және экономикалық негізділігіне қарай тіркелген тарифтер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен, ұлттық валютаның шетел валюталарына қатысты айырбастау бағамының өзгеруі ескеріле отырып, жыл сайын индекстелуге жатады.";

      3-тармақ алып тасталсын;

      10) 9-бапта:

      2-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2. Егер басым тұтынушы қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін пайдалануға берсе, оған қайта бөлінетін жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындардың үлесі осы баптың 2-1-тармағына сәйкес есептеледі.

      Бұл ретте басым тұтынушының электр энергиясын бірыңғай сатып алушыдан электр энергиясын жоспарлы сатып алуының есептерде ескерілетін көлемі уәкілетті орган бекіткен тәртіппен қаржы-есеп айырысу орталығының басым тұтынушымен сатып алу-сату шартының қолданылуына қарай әрбір келесі жылы пропорционалды түрде төмендетілетін, 2020 жылы қаржы-есеп айырысу орталығынан басым тұтынушы нақты сатып алған электр энергиясы көлемінің шамасына тең болатын шамадан төмен болмауға тиіс.";

      мынадай мазмұндағы 2-3-тармақпен толықтырылсын:

      "2-3. Басым тұтынушы жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдауға жұмсалатын шығындарын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жылына бір рет тікелей тұтынушылар мен оның құрамына кіретін өнеркәсіптік кешендер арасында дербес бөледі.";

      3, 4, 4-1 және 4-2-тармақтар алып тасталсын;

      4-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-3. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері уәкілетті органды, электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны және жүйелік операторды жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін жоспарланып отырған іске қосу туралы жаңартылатын энергия көздерінің және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстардың түрін, қуат көлемін және оның орналасқан жерін көрсете отырып, күнтізбелік үш жүз алпыс бес күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      Уәкілетті орган кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің хабарламасында көрсетілген жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдалану объектісін жоспарланып отырған іске қосу бойынша мерзімдер асып кеткен жағдайда, осы субъектінің өтініші негізінде мерзімдерді түзетуді жүргізеді.";

      6-тармақ алып тасталсын;

      7-тармақта:

      екінші бөліктегі "және тасқындық электр энергиясын өндіру мен желіге жіберуді (суды табиғат қорғау мақсатында ағызу кезеңінде және тасқындық электр энергиясы көлемінде) жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымдар (гидроэлектр станциялары)" деген сөздер алып тасталсын;

      үшінші бөлік алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

      "7-1. Осы Заңның 9-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес жаңартылатын энергия көздерін және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардан электр энергиясын сатып алуды жүзеге асыратын басым тұтынушылар Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен энергия беруші ұйымдардың осы электр энергиясын беруге көрсетілетін қызметіне арналған тарифке уақытша төмендету коэффициентін алуға құқылы.";

      11) 10-баптың 5-тармағындағы "және жылу" деген сөздер алып тасталсын;

      12) 11-1-бап мынадай мазмұндағы үшінші, төртінші және бесінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Осы Заңның 9-бабы 2-2-тармағы екінші бөлігінің күші энергия өндіруші ұйымдары 2020 жылы электр энергиясын қаржы-есеп айырысу орталығына сатуды жүзеге асырған басым тұтынушыларға олар қаржы-есеп айырысу орталығымен жасасқан сатып алу-сату шарттарының қолданысы тоқтатылғанға дейін қолданылады.

      Осы Заңның 9-бабы 7-1-тармағының күші 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін туындаған құқықтық қатынастарға қолданылмайды.

      Осы Заңның 9-бабы 8-тармағының күші жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдарға қатысты олардың жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша қаржы-есеп айырысу орталығымен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарының қолданысы тоқтатылғаннан кейін қолданысын тоқтатады.".

      7. "Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы" 2012 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Тұтынушылар Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы туралы заңнамасына және жасалған шарттарға сәйкес жылу энергиясын есепке алу аспаптарының болуына немесе болмауына, тұтыну көлеміне қарай және (немесе) өзге де өлшемшарттар бойынша сараланған тарифтер бойынша тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеуді жүргізеді.";

      2) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:

      "15-1-бап. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау

      1. Ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкестігін жобадан кейінгі талдау (бұдан әрі – жобадан кейінгі талдау) жаңа ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар салу немесе бұрыннан бар ғимараттарды, құрылыстар мен құрылысжайларды өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобалары бойынша іске асырылған қызметтің сәйкестігін растау мақсатында уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізіледі.

      2. Жобадан кейінгі талдау тиісті ғимарат, құрылыс және құрылысжай пайдалануға берілгеннен кейін он сегіз ай ішінде жүргізіледі.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей жобадан кейінгі талдау нәтижелері бойынша қорытынды дайындалады, онда жаңа ғимараттар, құрылыстар мен құрылысжайлар салу немесе бұрыннан бар ғимараттарды, құрылыстар мен құрылысжайларды өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, күрделі жөндеу) жобалары бойынша іске асырылған қызметтің сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тұжырым жасалады.

      4. Жобадан кейінгі талдау қорытындылары бойынша ғимараттардың, құрылыстар мен құрылысжайлардың энергия тиімділігі сыныбының талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда, тиісті ғимараттың, құрылыстың және құрылысжайдың тапсырыс берушісі мен құрылыс салушысына Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған мерзім ішінде олардың осындай сәйкессіздікті жоюы үшін қорытынды жіберіледі.";

      4) 20-бап мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "6-3) жобадан кейінгі талдауды жүзеге асырады;".

      8. "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-қосымшаның 5-жолы 3-бағаны 1-тармағының 3) тармақшасындағы "жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасатын өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтау схемаларын" деген сөздер "жылумен жабдықтауды, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасатын өндiрiстiк кешендердi жылумен жабдықтауды дамыту схемаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 3-қосымшаның 8-тармағы "объектілерін" деген сөзден кейін ", жылу энергиясы көздерін, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесінің жылу желілерін" деген сөздермен толықтырылсын.

      9. "Табиғи монополиялар туралы" 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 4-бапта:

      10) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "орталықтандырылған немесе жергілікті жылумен жабдықтау жүйелеріне жататын, жалпы белгіленген қуаты сағатына жиырма Г/кал-ды қоса алғанға дейін болатын жылыту қазандықтарынан жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу жөніндегі;";

      мынадай мазмұндағы 11-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-1) негізделмеген кіріс – уәкілетті органның ведомствосы бекіткен тарифті асырып көрсету, оның ішінде көрсетілетін қызметтерді есепке алу аспабының көрсеткіштері, тұтыну көлемі, шамасы және нормалары бойынша құқыққа сыйымсыз есепке жазу және (немесе) тарифтік сметада көзделген амортизациялық аударымдар қаражатын мақсатсыз пайдалану, уәкілетті органның ведомствосы бекіткен мөлшердің бес пайызынан астамға тарифтік смета шығындарының баптарын орындамау, инвестициялық бағдарламаларды орындауға тарифтік сметада көзделген қаражатты игермеу немесе мақсатсыз пайдалану нәтижесінде субъект алған қосымша кіріс;";

      16) тармақшада:

      үшінші абзац "су бұру" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ жылу энергиясын беру және тарату" деген сөздермен толықтырылсын;

      төртінші абзацтағы "жылу энергиясымен жабдықтау" деген сөздер "жылу энергиясын өткізу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) тармақшадағы "жылу энергиясымен жабдықтаудың" деген сөздер "жылу энергиясын өткізудің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 32-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "32-1) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі – табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар саласындағы тарифтік реттеу жүйесі;";

      2) 5-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) топырақтың жылуын, жерасты суларын, өзендерді, су айдындарын, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен электр станцияларының, кәріздік-тазарту құрылысжайларының сарқынды суларын пайдалана отырып өндірілген жылу энергиясын қоспағанда, орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерінде және жергілікті жылумен жабдықтау жүйелерінде жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және өткізу жөніндегі;";

      3) 8-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-1) және 17-1) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) табиғи монополиялар субъектілерінің ұсынылған деректері негізінде сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімін қалыптастырады және жүргізеді;";

      "17-1) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сараптама жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін уәкілетті тұлғаларға (сарапшыларға, сараптама ұйымдарына) қойылатын өлшемшарттар мен талаптарды айқындайды;";

      24-3) тармақшадағы "жергілікті атқарушы органға," деген сөздер "жергілікті атқарушы органға мүлікті сенімгерлік басқару шартын және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 24-4) және 24-5) тармақшалармен толықтырылсын:

      "24-4) халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін келіседі;

      24-5) табиғи монополиялар субъектісінің меншігіндегі, реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті сенімгерлік басқару шартын келіседі;";

      25) тармақша "атқарушы органдардан" деген сөздерден кейін "немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан" деген сөздермен толықтырылсын;

      35-1) тармақша "атқарушы органдарға" деген сөздерден кейін "немесе мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 9-бап мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-3) уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы, сенімділігі және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін белгілеуге қатысады;";

      5) 15-бапта:

      7-тармақтың бірінші бөлігінің 15) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:

      "Жылу энергетикасы саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтер үшін Қазақстан Республикасының жылу энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес бекітілген жылумен жабдықтауды дамыту схемалары да реттеліп көрсетілетін қызметтердің жоспарланып отырған көлемін растайтын құжаттар болып табылады;";

      10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес табиғи монополия субъектісі тарифті, тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны бекітуге арналған өтінімге қоса берілетін, сондай-ақ бекітілген тарифтік сметаның орындалуы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерге қоса берілетін есеп-қисаптардың, құжаттардың, ақпараттың және басқа да материалдардың толықтығы, негізділігі мен анықтығы үшін жауапты болады.";

      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:

      "16-1. Табиғи монополия субъектісі тарифті саралауды қолдану кезінде алынған қосымша кірісті инвестициялық бағдарламаны ұлғайтуға жұмсауға міндетті.";

      22-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын қайта есептеу тәртібі;";

      23-тармақ мынадай мазмұндағы 13-1), 15), 16) және 17) тармақшалармен толықтырылсын:

      "13-1) бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуына техникалық сараптама жүргізу, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерін сақтау және табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділігі көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін уәкілетті тұлғаларға (сарапшыларға, сараптама ұйымдарына) қойылатын өлшемшарттар мен талаптар;";

      "15) халықаралық қаржы ұйымдарынан, мамандандырылған салалық банктерден, Қазақстанның Даму Банкінен және Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінен қарыздар тарту үшін табиғи монополиялар субъектілерінің кредиттік келісімдерін уәкілетті органның келісу тәртібі;

      16) табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын және мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдардан табиғи монополия субъектісіне берілетін мүлікті беру шартын мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен, жергілікті атқарушы органмен келісу тәртібі;

      17) табиғи монополиялар субъектілері реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсынған кезде технологиялық циклде пайдаланылатын мүлікті балансқа және (немесе) сенімгерлік басқаруға беру жоспарын жергілікті атқарушы органмен келісу тәртібі.";

      6) 17-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) экономикалық және технологиялық тұрғыдан оң әсер алу мақсатында жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға (техникалық қайта жарақтандыруға) және кеңейтуге, қазіргі заманғы инфрақұрылым құруға және оны дамытуға бағытталған реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну кезінде инновацияларды енгізу.";

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Осы Заңда және тарифтерді қалыптастыру қағидаларында белгіленген тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша тарифті есептеу тетігіне қолданылмайтын осы Заңның жекелеген талаптары, оның ішінде табиғи монополиялар субъектілерінің міндеттері тарифтік реттеудің ынталандырушы әдісі бойынша тариф бекітілген табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.";

      7) 19-баптың 1-тармағы "қарау кезінде тариф" деген сөздерден кейін ", егер мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында немесе концессия шартында өзгеше көзделмесе," деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 21-бапта:

      6-тармақтың бірінші абзацы "жобаларды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын" деген сөздермен толықтырылсын;

      7-тармақтың екінші бөлігі "жобалар" деген сөзден кейін ", сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 22-бапта:

      1-тармақтың 9-1) тармақшасындағы "оны" деген сөз "мүлікті, оның ішінде басқа энергия беруші ұйымдардан электр желілерін" деген сөздермен ауыстырылып, "атқарушы органдардан" деген сөздерден кейін ", мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органнан" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтың екінші бөлігінде:

      1) тармақшадағы "және 3)" деген сөздер ", 3) және 9-2)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) тармақшадағы ", 9-1) және 9-2)" деген сөздер "және 9-1)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 24-бапта:

      1-тармақтың 1) тармақшасы ", сондай-ақ осы Заңның 25-бабының 6-2-тармағында көзделген ақпаратты мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде орналастырумен және (немесе) оны жаңартып отырумен" деген сөздермен толықтырылсын;

      5-тармақтың бірінші бөлігі "кеңсесі арқылы" деген сөздерден кейін "немесе уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;

      11) 26-бапта:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) уәкілетті органды міндетті түрде хабардар ете отырып, төтенше жағдайлардың немесе авариялардың алдын алу үшін шұғыл жөндеу жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бекітілген тарифтік сметада шығындар баптарын дербес қайта бөлуге;";

      2-тармақтың бірінші бөлігінде:

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес есепке алу аспаптарының көрсеткіштері немесе көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормалары бойынша тұтынушыларға көрсетілген қызмет үшін есепке жазуды жүргізуге;";

      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын өткізу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жылу энергиясын өткізу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізуге;".

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 2-тармағын;

      2) 2024 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 37) тармақшасының үшінші абзацын;

      3) 2024 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 30) тармақшасының екінші – он тоғызыншы абзацтарын;

      4) 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 37) тармақшасының екінші абзацын;

      5) 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының қырқыншы және қырық бірінші абзацтарын және 24) тармақшасының он үшінші, он төртінші, он бесінші және он жетінші абзацтарын;

      6) 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағы 2) тармақшасының жиырма алтыншы және жиырма жетінші абзацтарын, 6) тармақшасының үшінші және төртінші абзацтарын, 22) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтарын, 6-тармағы 10) тармақшасының екінші, үшінші, төртінші, он бесінші және он алтыншы абзацтарын, 12) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 9-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын және 2) тармақшасын;

      7) 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 7-тармағының 2) және 3) тармақшаларын;

      8) 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 8-тармағының 1) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабы 2024 жылғы 1 сәуірден бастап 1 желтоқсанға дейін мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "7-1-бап. Электр энергетикасы саласындағы лицензиялау

      Электр энергетикасы саласындағы жекелеген қызмет түрлері Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауға жатады.

      Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алуды осы қызмет түрімен айналысуға арналған лицензиясы бар энергиямен жабдықтаушы ұйымдар жүзеге асырады.

      Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-5-бабы 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын, қоғамдық маңызды нарық субъектісі мәртебесі бар ұйымдарға беріледі.".

      3. Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 124-5-бабы 2 және 3-тармақтарының талаптарына сәйкес бағаларды мемлекеттік реттеу қолданылатын, қоғамдық нарық субъектісі мәртебесі бар энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға берілген лицензиялар қолданысын 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтайды деп белгіленсін.

      4. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген энергиямен жабдықтаушы ұйымдар 2025 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 13-тармағында айқындалған энергия беруші ұйымдарға тұтынушыларды беруді қамтамасыз етуге міндетті.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ