2023 жылғы 17 мамырда Сианьда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары туралы
КЕЛІСІМ
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Тараптар),
өз мемлекеттерінің арасындағы сыртқы сауда байланыстарын дамыту үшін халықаралық автомобиль тасымалдары саласында сенімді және тиімділігі жоғары қызметтер көрсетудің маңыздылығын мойындай отырып,
халықаралық автомобиль тасымалдары саласындағы ынтымақтастықты тең құқықтық пен өзара тиімділік негізінде дамытуға, сондай-ақ халықаралық автомобиль тасымалдарын оңайлатуға (қолайлы етуге) күш-жігерлерін жұмсай отырып,
мыналар туралы келісті:
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Келісім тасымалдау құзыретінде Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында тіркелген, олардың мемлекеттері арасында транзитпен және Тараптардың бірінің мемлекеті аумағынан үшінші мемлекеттің аумағына жолаушылар мен жүк тасымалдарын жүзеге асыратын тасымалдаушыларға және автомобиль көлігі құралдарына қолданылады.
2. Осы Келісім Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын басқа да халықаралық шарттарда көзделген құқықтар мен міндеттерге әсер етпейді.
2-бап. Терминдер мен анықтамалар
Осы Келісімде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1. Тасымалдаушы - Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында тіркелген және Тараптар мемлекетінің заңнамасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға уәкілеттік берілген жеке немесе заңды тұлға.
2. Көлік құралы - тасымалдаушыға тиесілі немесе ол заңды негіздерде пайдаланатын мынадай көлік құралдарын білдіреді:
Жолаушылар тасымалында көлік құралы деп орын саны кемінде 8 орын (жүргізуші орнын есепке алмағанда) болатын жолаушылар автобусы түсініледі.
Жүктерді тасымалдау кезінде көлік құралдары деп жүк автомобилі, тіркемесі бар жүк автомобилі, жартылай тіркемесі бар автомобиль тартқышы түсініледі.
3. Тұрақты жолаушылар тасымалы - Тараптардың құзыретті органдарымен алдын ала келіскен қозғалыс маршруттарына, қозғалыс кестесіне, тарифтерге, жолаушыларды түсіруге және отырғызуға арналған аялдамаларға сәйкес жүзеге асырылатын автомобильмен жолаушыларды тасымалдау.
4. Тұрақты емес жолаушылар тасымалы - тұрақты жолаушылар тасымалын қоспағанда, жолаушыларды тасымалдау жөніндегі қызмет.
5. Рұқсат - Тараптардың бірінің құзыретті мемлекеттік органдары берген және осы Тараптың аумағында екінші Тарап мемлекетінің аумағында тіркелген көлік құралының халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруына рұқсат беретін құжат.
6. Қауіпті жүктер - қоршаған ортаға, адамның денсаулығына және оның қауіпсіздігіне, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне ықпал етуі мүмкін заттар мен құралдар. Қауіпті жүктердің сыныпталуы "Біріккен Ұлттар Ұйымының қауіпті жүктерді тасымалдау жөніндегі ұсынымдарының/үлгілік қағидаларының" 2-бөлігіне және (немесе) қазіргі және болашақта болатын өзгерістерді қоса алғанда, 1957 жылғы 30 қыркүйекте Женева қаласында қол қойылған Қауіпті жүктер туралы Еуропалық конвенцияның негізгі ережелеріне сәйкес келуге тиіс.
7. Арнаулы рұқсат - Тараптардың бірінің мемлекеті заңнамасына сәйкес берілетін және осы мемлекеттің ішінде екінші Тарап тасымалдаушысының аса ауыр, ірі габаритті немесе қауіпті жүктер тиелген көлік құралының жүруіне мүмкіндік беретін бір реттік рұқсат.
8. Екіжақты тасымалдар - Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында басталатын және екінші Тарап мемлекетінің аумағында аяқталатын көлік операциялары.
9. Транзиттік тасымалдар - жөнелту пункті де, межелі пункті де осы Тарап мемлекетінің аумағында болмайтын Тарап мемлекетінің аумағы арқылы өтетін көлік операциялары.
10. Үшінші мемлекеттер арқылы тасымалдар - Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында тіркелген көлік құралдары үшінші мемлекеттердің шекараларын кесіп өтіп, екінші Тараптың аумағында тасымалдау жөніндегі қызметті бастайтын немесе тоқтататын көлік операциялары.
11. Құзыретті орган - Тараптың мемлекеттік органы және осы Келісімді іске асыруға жауапты уәкілетті ұйымдары.
2-тарау. Көлік құралының жүруіне рұқсат беру жүйесі
1. Тараптардың бірінің мемлекеті аумағында тіркелген көлік құралының екінші Тарап мемлекетінің аумағына кірген кезде осы Келісімнің 8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, екінші Тарап мемлекетінің құзыретті органдары берген жүруге рұқсаты және (немесе) арнаулы рұқсаты болуға тиіс.
2. Тараптардың құзыретті органдары жыл сайын жолаушылар және жүк тасымалдарын жүзеге асыруға келісілген көлемде рұқсат бланкілерімен алмасады. Көлік құралы үшін жол жүруге арналған рұқсаттарды құзыретті органдар немесе олар тағайындаған ұйымдар тікелей тасымалдаушыларға береді.
3. Тараптардың бірінің өтініші бойынша және Тараптардың өзара келісуі кезінде тасымалдауға арналған рұқсат бланкілермен қосымша көлемде айырбастау жүргізілуі мүмкін.
4. Қағаз түрінде берілген рұқсат құзыретті органның мөрімен және оны берген жауапты адамның қолымен куәландырылуға тиіс.
Электрондық нысанда берілген рұқсаттар жауапты адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылуға тиіс.
5. Берілген рұқсатты басқа тасымалдаушыларға және (немесе) үшінші тұлғаларға пайдалану үшін беруге болмайды.
6. Рұқсат тек бір сапарға және тек бір көлік құралына ғана қолданылады. Рұқсат келесі жылдың 31 қаңтарына дейін жарамды. Тіркемелері немесе жартылай тіркемелері бар аралас көлік құралдары үшін рұқсаттар тартқышқа беріледі.
7. Рұқсаттың түрі, саны, нысаны, оны алмастыру тәртібі және беру мен пайдаланудың басқа да шарттары туралы шешімді осы Келісімнің 17-бабына сәйкес құрылған Бірлескен комиссия қабылдайды.
8. Тасымалдаушы тасымалдауға берілген рұқсат бланкісін өзімен бірге үнемі алып жүруге және оны бақылаушы орган өкілінің талабы бойынша көрсетуге міндетті. Электрондық нысандағы рұқсат тексеру үшін қағаз жеткізгіш түрінде немесе мобильді құрылғының көмегімен ұсынылады.
Тараптар электрондық түрде берілген рұқсаттар туралы ақпараттармен алдын ала алмасатын болады.
4-бап. Тұрақты жолаушылар тасымалы
1. Тұрақты жолаушылар тасымалы Тараптардың құзыретті органдарымен келісу бойынша берілген рұқсаттар негізінде ұйымдастырылады.
2. Тараптардың құзыретті органдары тасымалдаушының атауын, автобус қозғалысының кестесін (жұмыс кестесін, жолаушыларды түсіру және отырғызу үшін аялдамаларды, мемлекеттік шекарадағы өту пункттерінің атауларын, сондай-ақ рейстердің жиілігін көрсете отырып), маршрут схемалары мен тарифтерін қоса алғанда, тұрақты жолаушылар тасымалын ұйымдастыруға қатысты ұсыныстар туралы өзара ақпарат алмасуды алдын ала жүргізеді.
3. Егер Тараптардың бірінің мемлекетінің құзыретті органы өз Тарапының тасымалдаушысына тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға келісім берсе және соңғысына рұқсат берсе, онда ол екінші Тарап мемлекетінің құзыретті органына осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратты қамтитын тасымалдаушының қажетті құжаттарын беруге тиіс.
Екінші Тарап мемлекетінің құзыретті органы құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде шешім қабылдайды және жазбаша нысанда жауап береді.
5-бап. Тұрақты емес жолаушылар тасымалы
Егер осы рұқсатта өзгеше ескертілмесе, тұрақты емес жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін бару және кері тасымалдауды жүзеге асыру құқығын беретін рұқсат бланкісін береді.
1. Екіжақты, транзиттік жүк тасымалы және үшінші мемлекеттердің аумағы арқылы тасымалдау көлік құралында осы Келісімнің 8-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың бірінің мемлекетінің құзыретті органы берген тиісті рұқсаты болған кезде жүзеге асырылуға тиіс.
2. Егер рұқсаттың өзінде өзгеше көзделмесе, жүкті тасымалдауға рұқсат бір сапарға жарамды.
7-бап. Жол жүруге берілетін арнаулы рұқсат
1. Тасымалдаушы қауіпті жүкті тасымалдауды, сондай-ақ габариттері, жол берілетін ең жоғарғы массасы мен білікке түсетін жүктемесі - аумағы арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын мемлекеттің қолданыстағы ұлттық заңнамасында және техникалық регламентінде көзделген талаптардан асатын көлік құралымен жүкті тасымалдауды жүзеге асырған кезде аумағы арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын мемлекеттің құзыретті органынан арнаулы рұқсатты тасу басталғанға дейін міндетті.
2. Тараптардың құзыретті органдары өздерінің ұлттық заңнамасына сәйкес қауіпті жүктердің тізбесі және оларды тасымалдау шарттары туралы ақпарат алмасуға тиіс.
8-бап. Жол жүруге берілетін рұқсаттан босату
Жүктердің мынадай түрлерін тасымалдау жол жүру рұқсаттан босатылады:
1) жәрмеңкелер мен көрмелерді өткізу үшін пайдаланатын экспонаттар, жабдықтар мен материалдар;
2) спорттық іс-шараларды өткізу үшін немесе циркте пайдаланатын жануарлар, керек-жарақтар, жабдықтар және басқа да заттар;
3) фильмдер түсіруге, радио- және телевизиялық бағдарламалар шығаруға қажетті сценография және декорациялар, музыкалық аспаптар, жабдықтар, заттар;
4) қайтыс болғандардың денелері мен күлдері;
5) пошта жөнелтілімдері;
6) гуманитарлық және медициналық көмек көрсету, оның ішінде дүлей зілзалалар жағдайында көмек көрсету үшін қажетті заттар;
7) көшу кезіндегі жылжымалы мүлік;
8) уақытша нөмірлік белгілері бар жаңадан сатып алынған бос автомобильдер;
9) ақаулы көлік құралдарына техникалық көмек немесе оларды эвакуациялау үшін пайдаланылатын көлік құралдары;
10) ақаулы жолаушылар автобусын ауыстыру үшін пайдаланылатын көлік құралы.
3-тарау. Жүргізуші мен көлік құралы
1. Осы Келісімге сәйкес жүктерді және жолаушыларды халықаралық автомобильмен тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілерде өздері басқаратын көлік құралының түріне сәйкес келетін, өз елінің жарамды жүргізуші куәлігі және өз елінің көлік құралын тіркеу құжаттары болуға тиіс. Бұл құжаттар екінші Тараптың ресми тіліне аудармасымен бірге жүруге керек.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген құжаттар көлік құралында болуға және құзыретті орган өкілінің талап етуі бойынша ұсынылуға тиіс.
1. Халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын көлік құралында өз тарапының мемлекетінде тіркелген нөмірлік белгілер, көлік құралының тану белгілері, мемлекеттің тану белгілері, сондай-ақ техникалық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сертификаттары немесе белгілері болуға тиіс.
Қазақстан тарапының тану белгісі: KZ.
Қытай тарапының тану белгісі: CHN.
Жүк көлік құралдары мен тартқыштарда Тараптар мемлекеттерінің тіркеу және тану белгілері болған жағдайда, тіркемелер мен жартылай тіркемелерде үшінші мемлекеттердің тіркеу белгілері мен тану белгілері болуы мүмкін.
2. Халықаралық тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлік құралының техникалық параметрлері мен стандарттары, атап айтқанда: габариттік өлшемдер, жол берілетін ең жоғарғы массасы және білікке түсетін жүктемесі аумағы арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын Тараптардың бірінің мемлекеті заңнамасының нормаларымен және техникалық регламенттеріне сәйкес келуге тиіс.
11-бап. Тасымалдауға қойылатын талаптар
1. Тараптардың бірінің мемлекетінің тасымалдаушысы екінші Тарап мемлекетінің аумағында орналасқан пункттер арасында жолаушылар тасымалдауды немесе жүк тасымалдауды жүзеге асыра алмайды.
2. Тасымалдаушы арнайы рұқсат бланкілерінде көзделген маршруттар мен мерзімдер бойынша тасымалдауды жүзеге асыруға тиіс.
4-тарау. Өзгеде ережелер
12-бап. Салықтар, алымдар және тарифтер туралы
1. Тараптардың бірінің мемлекеттерінің тасымалдаушылары ақылы автомобиль жолдарын, автомагистральдарды, көпірлерді және тоннельдерді пайдаланғаны үшін алымдарды қоспағанда, егер мұндай алымдар бір Тараптың да, екінші Тараптың да мемлекеті тасымалдаушыларының автокөлік құралдарынан кемсітпеушілік негізінде өндіріп алынуға жатса, осы Келісімнің шеңберінде жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде екінші Тарап мемлекетінің аумағында автокөлік құралдарын иеленуге немесе пайдалануға байланысты алымдар мен төлемдерден өзара негізде босатылады.
2. Осы Келісімге және Тараптар қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес тасымалдауды жүзеге асыру кезінде Тараптардың бірі екінші Тараптың ұлттық тасымалдаушыларын осындай мемлекеттің аумағында тасымалданатын мынадай тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтар мен алымдарды төлеуден өзара негізде босатады:
1) қозғалтқыштың отын беру жүйесінің техникалық және жобалық құрамдастарына сәйкес дайындаушы зауыт орнатқан көлік құралдарының отын бактарына тиелген отын, сондай-ақ көлік құралдарын жылытуға немесе салқындатуға арналған жабдықтың элементтері ретінде дайындаушы зауыт дайындаған тіркемелер мен жартылай тіркемелердің отын бактарына тиелген отын;
2) көлік құралының жұмысына арналған қажетті жағармай материалдарының мөлшері;
3) халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын көлік құралының ақауы болған жағдайда оны жөндеу үшін пайдаланылатын қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандар.
3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген пайдаланылмаған материалдар, қосалқы бөлшектер мен құрал-саймандар кері әкетілуге тиіс. Ауыстырылған бөлшектер Тарап мемлекетінің заңнамасына сәйкес бөлшектерді жоюдың немесе ауыстырудың кедендік режиміне сәйкес кері шығарылуға немесе кәдеге жаратылуға тиіс.
13-бап. Мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттеріндегі бақылау және жол жүруді реттеу
1. Шекаралық, кедендік (оның ішінде карантиндік-инспекциялық), көліктік және өзге де бақылау Тараптардың мемлекеттері қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Егер жоғарыда аталған шарттар туындаған мәселелерді реттей алмаса, олар әрбір Тарап мемлекеті заңнамасының негізінде шешіледі.
2. Тараптардың шекаралық, кедендік (оның ішінде карантиндік-инспекциялық) және көлік қызметтері ауыр науқас адамдарды, жануарларды, тез бұзылатын және қауіпті жүктерді, сондай-ақ гуманитарлық көмекке арналған жүктерді тасымалдайтын көлік құралдарын басым тәртіппен бақылауды жүзеге асыруға тиіс.
14-бап. Тараптардың ұлттық заңнамасын сақтау
1. Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын Тараптар мемлекеттерінің тасымалдаушылары мен көлік құралдарының жүргізушілері осы Келісімнің нормаларын, сондай-ақ жол жүрісі қағидаларын қоса алғанда, тасымалдау жүзеге асырылатын Тараптар мемлекеттерін ұлттық заңнамаларын сақтауға тиіс. Бұзушылықтар болған жағдайда, олар бұзушылықтар жасалған мемлекеттің заңнамасында белгіленген жауаптылықта болады.
2. Тараптардың бірінің мемлекетінің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын көлік құралының қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған жағдайда, ол жол-көлік оқиғасы болған мемлекеттің заңнамасына сәйкес қаралады, ал екінші Тарап осындай жол-көлік оқиғасын тергеп-тексеру үшін қажетті ақпаратты беруге жәрдем көрсетеді.
Осы Келісім негізінде екінші Тараптың аумағыңда халықаралық автомобиль тасымалдарына екінші Тараптың ұлттық заңнамасына сәйкес жарамды міндетті сақтандыру шартымен жол беріледі.
5-тарау. Қорытынды ережелер
Осы Келісімді іске асыратын Тараптардың құзыретті органдары:
Қазақстан тарапынан: Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
Қытай тарапынан: Қытай Халық Республикасының Көлік министрлігі, сондай-ақ ол уәкілеттік берген провинциялық көлік басқару органы болып табылады.
Құзыретті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген жағдайда Тараптар бір-бірін дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді.
1. Тараптардың құзыретті органдары осы Келісімді іске асыруға байланысты мәселелерді талқылау және үйлестіру үшін Халықаралық автомобиль тасымалдары жөніндегі бірлескен комиссияны құрады.
2. Қажет болған жағдайда, Тараптар тиісті ведомстволар мен ұйымдардың өкілдерін Халықаралық автомобиль тасымалдары жөніндегі бірлескен комиссияның отырыстарына қатысуға шақыра алады.
Осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға байланысты Тараптар арасында туындаған даулар келіссөздер мен консультациялар арқылы шешіледі.
19-бап. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу
Осы Келісім Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімнің 20-бабында белгіленген тәртіппен күшіне енетін жеке хаттамаға қол қою арқылы өзгертілуі және толықтырылуы мүмкін. Осындай Хаттама осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады.
20-бап. Келісімнің қолданысқа енгізілуі және қолданысын тоқтатуы
1. Осы Келісім Тараптардың осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап 30 (отыз) күн өткен соң күшіне енеді.
2. Осы Келісім белгісіз мерзімге жасалады.
3. Тараптардың кез келгені осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады, бұл туралы дипломатиялық арналар арқылы екінші Тарапқа жазбаша хабарлама жібереді. Осы Келісім Тараптардың бірі осындай жазбаша хабарламаны алған күннен бастап алты ай өткен соң өз қолданысын тоқтатады.
4. Осы Келісім күшіне енген күннен бастап, 1992 жылғы 26 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы Келісім өз қолданысын тоқтатады.
2023 жылғы "17" мамырда Сиань қаласында қазақ, қытай, орыс және ағылшын тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтін бірдей тең түпнұсқалы болып табылады.
Осы Келісімнің мәтіндері арасында алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының | Қытай Халық Республикасының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |