Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 27 ақпандағы № 65-VIII ҚРЗ

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

      1) 15-баптың 1-тармағының 4-1) тармақшасындағы "қорытындылары" деген сөз "барысы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 16-баптың 1-тармағында:

      мынадай мазмұндағы 5-3) және 5-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5-3) жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеп, бекіту;

      5-4) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеп, бекіту;";

      10-2) тармақшада:

      төртінші және бесінші абзацтар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:

      "жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы жартыжылдық және жылдық есептерді ұсыну;";

      мынадай мазмұндағы 10-5) тармақшамен толықтырылсын:

      "10-5) жайылымдардың оты-суының молдығы және жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы деректерді жинауды жүзеге асыру;";

      3) 17-бапта:

      8-2) тармақшадағы "қорытындылары" деген сөз "барысы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-4), 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-4) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды іске асыру;

      8-5) жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру;

      8-6) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру;";

      4) 18-бапта:

      8-2) тармақшадағы "қорытындылары" деген сөз "барысы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-4), 8-5) және 8-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "8-4) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды іске асыру;

      8-5) жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру;

      8-6) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру;";

      5) 19-баптың бірінші бөлігінде:

      4) және 5) тармақшалардағы "қорытындылары" деген сөз "барысы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-2), 4-3) және 4-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-2) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды іске асыру;

      4-3) жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру;

      4-4) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру;";

      6) 26-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "2-тармағы бірінші бөлігінің 7-1) тармақшасында көрсетілген жайылым алқаптары" деген сөздер "2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жайылымдар, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 36-баптың 1-тармағында:

      екінші абзац алып тасталсын;

      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "шөп шабу үшін;";

      8) 43-1-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жайылымдарды шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізу Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      10-тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасы "қағидаларын" деген сөзден кейін "және жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын" деген сөздермен толықтырылсын;

      14-тармақтың екінші бөлігі "адамдарға" деген сөзден кейін ", ауыл шаруашылығы кооперативтеріне" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 49-2-бапта:

      1-тармақтағы "жеке ауласын және бақша шаруашылығын ұстау бойынша халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру мақсатында жайылымдық және шабындық алқаптарды пайдалану үшін" деген сөздер "жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында жайылымдық және шабындық алқаптарды пайдалану және бақша шаруашылығы үшін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында жайылымдарды резервке қою Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың негізінде жүзеге асырылады.";

      6-тармақтың екінші бөлігіндегі "Резервке" деген сөз "Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыруға арналған көпшілік пайдаланатын жайылымдарды, жайылымдарды қоспағанда, резервке" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 65-баптың 1-тармағы 13) тармақшасындағы "хабарлауға міндетті." деген сөздер "хабарлауға;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14) қоршау немесе өзге де мақсаттарда, оның ішінде адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың мүлкіне зиян келтіруге ықпал ететін мақсаттарда топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алуға және (немесе) құнарлылығын жоюға жол бермеуге және оны жүргізбеуге;

      15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерді алқаптардың белгіленген түріне сәйкес пайдалануға міндетті.";

      11) 84-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1) жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген және "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес жайылымдарға, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдарға халық мұқтажын қанағаттандыру;";

      12) 92-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы "жиырма" деген сөз "елу" деген сөзбен ауыстырылсын;

      13) 93-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы "қағидаларында" деген сөзден кейін "және жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларында" деген сөздермен толықтырылсын;

      14) 97-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы оныншы бөлікпен толықтырылсын:

      "Көпшілік пайдаланатын жайылымдар – елді мекендердің іргелес аумағында орналасқан және мемлекет меншігіндегі, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын жаю бойынша жергілікті халық мұқтажын қанағаттандыруға арналған жайылымдар.";

      15) 98-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажын қанағаттандыруға арналған жайылымдарды, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдарды ауыл шаруашылығы алқаптарының басқа түрлеріне ауыстыруға тыйым салынады.";

      16) 100-баптың 3-тармағында:

      "2-тармағында" деген сөздер "2-тармағының 1) және 3) тармақшаларында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында санамаланған жер учаскелерін арнаулы жер қорының құрамына енгізу соттың шешімі бойынша жүргізіледі.".

      2. 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексіне:

      99-баптың 1-тармағында:

      екінші бөлік "сәйкес" деген сөзден кейін "Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарда аталған" деген сөздермен толықтырылсын;

      мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Орман және табиғат қорғау мекемелері ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына жайылымдар мен шабындықтар алып жатқан алаңдар мен олардан бос алаңдарды, олардың орналасқан жерін көрсете отырып, мемлекеттік орман қорының шөп шабу және мал жаю мүмкін болатын учаскелері туралы, сондай-ақ оларды пайдалану шарттары туралы мәліметтерді ағымдағы жылғы 1 қарашадан кешіктірмей ұсынуға міндетті.".

      3. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      39-3-баптың 2-тармағының 4-1) тармақшасындағы "қорытындылары" деген сөз "барысы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      4. "Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және "Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы" 2016 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1-баптың 4) тармақшасының екінші абзацындағы ", ал шалғайдағы мал шаруашылығын жүргiзу (маусымдық жайылымдар) үшiн уақытша өтеусiз жер пайдалану құқығымен" деген сөздер алып тасталсын.

      5. "Жайылымдар туралы" 2017 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Заң жайылымдарды ұтымды пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді және жайылымдардың тозу процестерін болғызбауға, жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйін жақсартуға бағытталған.";

      2) 1-бапта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) жайылымдар – ауыл шаруашылығы жануарларын жыл бойы немесе маусымдық жаю үшін берілетін және пайдаланылатын жер учаскелері. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю кезінде жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормалары сақталған кезде жайылымдардың өнімділігі жайылатын ауыл шаруашылығы жануарларына жемшөп қажеттілігінен асатын жағдайларда жемшөп дайындау мақсатында шөп шабуға жол беріледі;";

      мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-1) көпшілік пайдаланатын жайылымдар – елді мекендердің іргелес аумағында орналасқан және мемлекет меншігіндегі, жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларының аналық мал басын жаю бойынша жергілікті халық мұқтажын қанағаттандыруға арналған жайылымдар;";

      3) мынадай мазмұндағы 3-1-баппен толықтырылсын:

      "3-1-бап. Жайылым пайдаланушыларды және жайылым пайдаланушылар бірлестіктерін (жай серіктестіктерді, консорциумдарды) мемлекеттік қолдау

      Жайылым пайдаланушыларды және жайылым пайдаланушылар бірлестіктерін (жай серіктестіктерді, консорциумдарды) мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      4) 4-баптың 1) тармақшасы "сақтай отырып," деген сөздерден кейін "нысаналы мақсаты бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;

      5) 6-бапта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау және жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу жөніндегі жоспарларды әзірлеу әдістемесін әзірлеп, бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды әзірлеп, бекітеді;";

      8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) жайылымдарды қалпына келтіру, сақтау, ұтымды пайдалану және түбегейлі жақсарту үшін жайылымдарға геоботаникалық зерттеп-қарау мен мониторингілеуді, ғылыми-зерттеу, іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;";

      6) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-бап. Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыреті

      Облыстың жергілікті атқарушы органының құзыретіне:

      1) уәкілетті органға:

      жайылымдарды ұтымды пайдалану;

      жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу туралы жартыжылдық және жылдық есептерді ұсыну;

      2) жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлардың іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыру;

      3) жайылымдардың оты-суының молдығы және жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің жай-күйі туралы деректер жинауды жүзеге асыру;

      4) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды әзірлеп, бекіту;

      5) жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеп, бекіту;

      6) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеп, бекіту;

      7) Қазақстан Республикасының Үкіметіне бір облыстың аумағындағы жайылымдарды басқа облысқа пайдалану үшін беру туралы ұсыныстар енгізу;

      8) бір ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жайылымдарды, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарды басқа ауданға (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қалаға пайдалану үшін беру;

      9) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.";

      7) 8-баптың 2) тармақшасындағы "қорытындылары" деген сөз "барысы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      8) 9-бапта:

      1-тармақта:

      2) тармақшадағы "қорытындылары" деген сөз "барысы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "схемасын" деген сөз "ұсынылатын схемаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1), 4-2), 4-3), 4-4), 4-5) және 4-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "4-1) жайылым пайдаланушылар бірлестіктерін (жай серіктестіктерді, консорциумдарды) құруға жәрдемдесу;

      4-2) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды іске асыру;

      4-3) жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру;

      4-4) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асыру;

      4-5) облыстың жергiлiктi атқарушы органына бiр ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жайылымдарды, оның iшiнде шалғайдағы жайылымдарды басқа ауданға (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қалаға пайдалану үшін беру туралы ұсыныс енгiзу;

      4-6) бір аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің аумағындағы жайылымдарды басқа аудандық маңызы бар қалаға, кентке, ауылға, ауылдық округке пайдалану үшін беру;";

      2-тармақта:

      1) және 5) тармақшалардағы "қорытындылары" деген сөз "барысы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-1), 6-2), 6-3) және 6-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "6-1) жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспарларды іске асырады;

      6-2) жайылымдардың тозуымен және шөлейттенуімен күрес жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асырады;

      6-3) жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын іске асырады;

      6-4) ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергiлiктi атқарушы органына бiр аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтiң аумағындағы жайылымдарды басқа аудандық маңызы бар қалаға, кентке, ауылға, ауылдық округке пайдалану үшін беру туралы ұсыныстар енгiзеді;";

      9) 10-баптың 2) тармақшасындағы "қорытындылары" деген сөз "барысы" деген сөзбен ауыстырылсын;

      10) 13-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-бап. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

      1. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

      Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу кезінде:

      өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері;

      жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері;

      мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) туралы мәліметтер;

      жайылымдық инфрақұрылым объектілері туралы және ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер;

      иелерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының сәйкестендіру деректері базасынан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы саны туралы деректер;

      ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер;

      шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы мәліметтер;

      екпе және аридтік жайылымдарда, орман, су қорлары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері туралы деректер;

      жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары;

      мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынған өзге де деректер ескеріледі.

      2. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар:

      1) жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіретін құжаттар негізінде меншік иелері немесе жер пайдаланушылары туралы мәліметтерді көрсетіп, жайылымдардың шекараларын, алаңдары мен түрлерін, оның ішінде шалғайдағы, маусымдық, аридтік және екпе жайылымдарды көрсете отырып, жер санаттары бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын);

      2) жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажына арналған жайылымдар, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдар белгіленген схеманы (картаны);

      3) жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары белгіленген схеманы (картаны);

      4) ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар, мал айдайтын жолдар мен өзге де жайылымдық инфрақұрылым объектілері, сондай-ақ мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) белгіленген схеманы (картаны);

      5) жайылым пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдар белгіленген схеманы (картаны);

      6) жеке ауладағы ауыл шаруашылығы малын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында резервке қойылуға тиіс жайылымдар белгіленген схеманы (картаны);

      7) суды тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын;

      8) ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарда орналастыру схемасын;

      9) жайылымдарды ауылдық округке кіретін ауылдық елді мекендер арасында жобалық бөлуді (қайта бөлуді);

      10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті өзге де талаптарды қамтуға тиіс.

      3. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімдерімен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспардың негізінде әзірлейді.

      4. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті өкілді органы бес жылға бекітеді.

      5. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу бойынша жұмыстарды қаржыландыру бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздердің есебінен жүзеге асырылады.

      6. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар нормативтік құқықтық акт болып табылады.";

      11) 14-бапта:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-бап. Жайылымдарды беру және пайдалану шарттары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жайылымдарды беру және пайдалану шарттары осы Заңмен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.";

      1-1-тармақтағы "2-тармағы бірінші бөлігінің 7-1) тармақшасында көрсетілген жайылымдар" деген сөздер "2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген жайылымдар, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдар" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 1-2 және 1-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "1-2. Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында тұрған және жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажына арналған жайылымдарда, оның ішінде көпшілік пайдаланатын жайылымдарда орналасқан суландыру құрылыстарына қол жеткізу өтеусіз негізде беріледі.

      1-3. Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жайылымдарды резервке қою жүзеге асырылады.

      Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жайылымдарды резервке қою үшін негіз болып табылады.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарлары бір жыл бойы (пайдаланылмау фактісі алғашқы анықталған кезден бастап) жайылмаса не олардың саны уәкілетті орган белгілеген жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормасының елу пайызынан аз болса және (немесе) жемшөп дайындау мақсатында шөп шабылмаса, мұндай жайылымдар Қазақстан Республикасының жер заңнамасында көзделген тәртіппен мәжбүрлеп алып қойылуға жатады.";

      12) 15-бапта:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Елді мекендердің шекараларына (шектеріне) тікелей іргелес аумақта орналасқан, мемлекет меншігіндегі жайылымдар жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халық мұқтажын қанағаттандыруға пайдаланылады.";

      2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілген нормаларынан асып кеткен кезде жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдардың алаңдарын ұлғайту мақсатында бұрын берілген жайылымдарды Қазақстан Республикасының жер заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығару жүзеге асырылуы мүмкін.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Елді мекеннің шекаралары (шектері) шегінде жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жайылымдардың басқа учаскелеріне, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарға орны ауыстырылады.

      4. Жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға арналған жайылымдарды, оның ішінде шалғайдағы жайылымдарды пайдалану Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің және ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының жайылымдар беру туралы жеке шешімін шығару талап етілмейді.";

      13) 16-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Осы Заңның 15-бабының 4-тармағында көрсетілген жайылымдарды қоспағанда, шалғайдағы жайылымдар жеке және (немесе) заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген тәртіппен беріледі.

      Шалғайдағы жайылымдарды шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылған жер учаскелерінің тізбесіне енгізу Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар ескеріле отырып жүзеге асырылады.";

      14) мынадай мазмұндағы 16-1 және 17-1-баптармен толықтырылсын:

      "16-1-бап. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар

      1. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мен мониторингілеу нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.

      Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жерлерге түгендеу жүргізу кезінде де жүзеге асырылады.

      2. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шаралар топырақтың құнарлылығын сақтаудың, көпжылдық шөптердің және аридтік өсімдіктердің (дақылдардың) шығымдылығы жоғары сорттарын егу арқылы жаңа шалғын өсірудің, суландырудың табиғи процестеріне және басқа да іс-шараларды өткізуге ықпал ету болып табылады.

      3. Жайылымдарды мониторингілеу жайылымдардың жай-күйін, оларды пайдалану нәтижесінде туындап жатқан өзгерістерді бақылау, олардың жай-күйін бағалау мен болжау, жағымсыз процестерді анықтау және жою мақсатында жүзеге асырылады.

      4. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды уәкілетті орган, жергілікті атқарушы органдар және жергілікті өзін-өзі басқару органдары, сондай-ақ жайылым пайдаланушылар қамтамасыз етеді.

      5. Жайылымдарды қалпына келтіру және олардың жай-күйін жақсарту жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.";

      "17-1-бап. Өтпелі ережелер

      Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар бекітілген күннен бастап үш ай ішінде әзірленіп, бекітіледі.".

      2-бап.

      1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Орман және табиғат қорғау мекемелері осы Заңның 1-бабы 2-тармағының бесінші абзацында көрсетілген мәліметтерді осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынуға міндетті.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ