1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
1) 174-баптың бірінші бөлігіндегі "бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін" деген сөздер "бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 274-баптың екінші бөлігінің 3) тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) бұқаралық ақпарат құралдарын, телекоммуникация желілерін және онлайн-платформаларды пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –".
2. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:
138-бап 117) тармақшасындағы "саласында жүзеге асырылады." деген сөздер "саласында;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 118) тармақшамен толықтырылсын:
"118) Қазақстан Республикасының онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы заңнамасының сақталуына жүзеге асырылады.".
3. "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы" 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 4-1) тармақшасы "телекоммуникация желілері" деген сөздерден кейін "және (немесе) онлайн-платформалар" деген сөздермен толықтырылсын.
4. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
2-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Онлайн-жарнаманы реттеу ерекшеліктері "Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.".
5. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 4-2) тармақшасы "телекоммуникация желілері" деген сөздерден кейін "және (немесе) онлайн-платформалар" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 47-2), 51-1) және 51-2) тармақшалары алып тасталсын;
2) 18-2-бап алып тасталсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |