2021 жылғы 16 ақпанда Мәскеуде жасалған Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісім ратификациялансын.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |
Бейресми аударма |
Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы КЕЛІСІМ
Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер,
2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 53-бабы 4-тармағының екінші абзацына сәйкес,
Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылау (қадағалау) саласындағы мүше мемлекеттердің заңнамасын жақындастыру қажеттігін мойындай отырып,
мүше мемлекеттердің аумақтарында қауіпсіз өнім өндірісі мен айналысына маңызды мән бере отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Осы Келісім мүше мемлекеттерде Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) (бұдан әрі - мемлекеттік бақылау (қадағалау)) мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдерін айқындайды.
2-бап
Дара кәсіпкерлер ретінде тіркелген заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың (бұдан әрі - дара кәсіпкерлер) өнімге және (немесе) өнімге қойылатын талаптарға байланысты жобалау (іздестіруді қоса алғанда), өндіру, құрылыс, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне (бұдан әрі - өнімнің өмірлік циклінің сатыларына) қатысты Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген міндетті талаптарды сақтауы мемлекеттік бақылауға (қадағалауға) жатады.
Өнімнің өмірлік циклінің сатысына байланысты Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын сақтамағаны үшін заңды тұлғалар немесе дара кәсіпкерлер, оның ішінде техникалық реттеу объектілерінің өндірісін және (немесе) сәйкестігін бағалауды және (немесе) өнімді айналысқа шығаруды және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын дайындаушылар, дайындаушы уәкілеттік берген адамдар, импорттаушылар мен сатушылар, сондай-ақ техникалық реттеу объектілерінің Одақтың техникалық регламенттері талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыратын сәйкестікті бағалау жөніндегі органдар (оның ішінде сертификаттау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтар)) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.
3-бап
Мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары (бұдан әрі - мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары) мынадай қағидаттар негізінде жүргізеді:
заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің адалдық презумпциясы;
мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары қызметінің жариялылығы;
тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүргізудің жүйелілігі;
мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары лауазымды адамдарының кәсібилігі мен құзыреттілігі;
тексерілетін заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау;
мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды тағайындау және өткізу, олардың нәтижелері бойынша шешімдер шығару кезінде заңдылықты сақтау;
мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының дайындаушылардан, сатушылардан, орындаушылардан және сатып алушылардан (оның ішінде тұтынушылардан) тәуелсіздігі;
мүше мемлекеттің аккредиттеу жөніндегі органының мүше мемлекеттердің сәйкестікті бағалау жөніндегі аккредиттелген органдардың (оның ішінде сертификаттау жөніндегі органдардың, сынақ зертханаларының (орталықтарының)) қызметін бақылауды жүзеге асыруын қоспағанда, мүше мемлекеттің бір органының мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі өкілеттіктерді аккредиттеу жөніндегі өкілеттіктермен қоса атқаруына жол бермеу;
мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары лауазымды адамдарының объективтілігі мен бейтараптығы;
мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының қызметін мемлекеттік қаржыландыру;
жазалау алдындағы құқық бұзушылықтың алдын алу басымдығы (Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің таралуын анықтау және жолын кесу жөніндегі шараларды қолданбау адамның өміріне және (немесе) денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіне және (немесе) саулығына, қоршаған ортаға зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін жағдайларды қоспағанда);
Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарды бұзу тәуекелін бағалау;
бір заңды тұлғаға немесе дара кәсіпкерге қатысты Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген сол бір міндетті талаптарды орындауына мүше мемлекеттің бірнеше мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының тексеру жүргізуіне жол бермеу.
4-бап
1. Мүше мемлекеттерде мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың тиімділігін оңтайландыру және арттыру мақсатында Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарды бұзу тәуекелін бағалау негізінде мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыруды көздейтін тәуекелге бағдарланған тәсіл қолданылады, оның нәтижелері бойынша мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүргізудің нысанын, ұзақтығын, кезеңділігін таңдау жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүргізудің нысанын, ұзақтығын, кезеңділігін таңдау мақсатында тәуекелді бағалау қағидалары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалады.
5-бап
1. Мемлекеттік бақылау (қадағалау) осы Келісімнің ережелері ескеріле отырып, Одақтың техникалық регламенттері талаптарының орындалуын талдау және болжау және Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің мүше мемлекеттердің аумақтарында айналыста болуының алдын алу, анықтау, жолын кесу және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүргізу арқылы Одақтың техникалық регламенттері талаптарын бұзудың теріс салдарын жою бойынша шаралар қабылдау негізінде жүзеге асырылады.
2. Одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын талдау және болжау:
1) техникалық реттеу объектілерінің Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалау кезінде өтініш беруші болып табылатын заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер туралы мәліметтерді, оның ішінде зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдерді;
2) мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүргізу нәтижелері бойынша алынған ақпаратты;
3) Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін техникалық реттеу объектілері туралы, сондай-ақ мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес анықталған, адамның өміріне және (немесе) денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіне және (немесе) саулығына зиян, қоршаған ортаға зиян келтірілген жағдайлар туралы ақпаратты, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарынан түсетін ақпаратты зерделеуді және жинақтауды қамтиды.
6-бап
1. Мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге және мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес қалыптастырылған және қолданыстағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, тізілімдер мен тіркелімдерден мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бұрын ұсынылған немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары алуы мүмкін ақпаратты заңды тұлғадан немесе дара кәсіпкерден талап етуге құқылы емес.
2. Мемлекеттік бақылау (қадағалау) шеңберінде зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің қағидалары мен әдістері, оның ішінде халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттар тізбелеріне енгізілген стандарттарда немесе өзге де құжаттарда қамтылған үлгілерді іріктеу қағидалары, ал олар болмаған жағдайда - Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Техникалық реттеу туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 9 қосымша) 4-тармағының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) бекітетін одақтың тиісті техникалық регламенттерінің талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын ұлттық (мемлекеттік) стандарттар (бұдан әрі - стандарттар тізбелері) қолданылады.
Мемлекеттік бақылау (қадағалау) шеңберінде зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықтарында) жүргізіледі.
Мүше мемлекеттің аумағында заңды тұлға ретінде мемлекеттік бақылау (қадағалау) үшін қажетті сынақтарды жүзеге асыратын бір ғана сынақ зертханасы (орталығы) тіркелген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау (қадағалау) шеңберінде осы өнім Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігіне бағаланған (расталған) сынақ зертханасында (орталығында) өнім үлгілеріне зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдер жүргізуге жол берілмейді.
Мемлекеттік бақылау (қадағалау) шеңберінде жүргізілген зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің нәтижелеріне қатысты келіспеушіліктерді шешу үшін стандарттар тізбелеріне енгізілгендер қатарынан Комиссия бекітетін өлшемдердің референттік әдістемесі (әдісі) ретінде қабылданатын, өлшем әдістемесін (әдісін) аттестаттау тәртібіне сәйкес айқындалатын өлшемдердің референттік әдістемелері (әдістері) қолданылады.
3. Мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды жүргізуге мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен сарапшыларды және (немесе) сараптама ұйымдарын тартуға құқылы. Көрсетілген іс-шаралар аталған сарапшылар мен сараптама ұйымдарының дайындаушылардан, сатушылардан, орындаушылардан және сатып алушылардан (оның ішінде тұтынушылардан) тәуелсіз болуы қағидаты ескеріле отырып, жүзеге асырылады.
4. Жоспардан тыс тексерулерді мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары мынадай:
1) мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы Одақтың техникалық регламенттері талаптарының бұзылуы туралы мемлекеттік органдардан ақпарат алған;
2) адамның өміріне және (немесе) денсаулығына, жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігіне және (немесе) саулығына зиян келтіру қатері туындаған және (немесе) зиян келтірілген, қоршаған ортаға зиян келтірілген жағдайларда;
3) мүше мемлекеттердің заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда жүргізуі мүмкін.
7-бап
1. Мүше мемлекеттер мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүргізуді ұйымдастыру және Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің мүше мемлекеттердің аумақтарында айналысқа шығарылуын және айналысын болғызбау мақсатында мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының, сондай-ақ мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес аккредиттеуді жүргізуге уәкілетті органдармен немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын, оның ішінде жүйелі түрде ақпарат алмасу, мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүргізу тәжірибесімен алмасуды ұйымдастыру арқылы өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Көрсетілген өзара іс-қимыл тәртібін Комиссия Кеңесі айқындайды.
2. Мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүргізу кезінде ақпараттық алмасуды және өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мақсатында Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдаланады.
8-бап
1. Одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, Одақ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде мүше мемлекеттердің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының және өзге де уәкілетті органдарының жедел өзара іс-қимылы мақсатында қауіпті өнім туралы ақпарат беру жүйесінің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
2. Қауіпті өнім туралы ақпарат беру жүйесінің жұмыс істеуі шеңберінде ортақ ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану, сондай-ақ мәліметтер алмасу, оның ішінде:
1) Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін анықталған өнім туралы, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумақтарында осындай өнімнің айналыста болуының алдын алу, анықтау және жолын кесу және (немесе) анықталған бұзушылықтардың теріс салдарын жою жөнінде қабылданған шаралар туралы;
2) Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін міндетті бағалауға жататын өнімді мүше мемлекеттің аумағында сәйкестікті бағалау туралы құжаттарсыз немесе оны жүргізу туралы мәліметтерсіз өткізудің анықталған жағдайлары туралы;
3) сертификаттау жөніндегі жұмыстарды орындау қағидаларын бұзу фактілерін және зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің анық емес нәтижелерін ұсыну фактілерін қоса алғанда, өнімнің сәйкестігін бағалау бөлігінде Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарын бұзудың анықталған фактілері туралы мәліметтермен алмасу жүзеге асырылады.
3. Мәліметтерді ұсыну, жинау және қорыту тәртібін, олардың құрамын, осы баптың 2-тармағында көрсетілген ортақ ақпараттық ресурстарда оларды орналастыру тәртібін, сондай-ақ қауіпті өнім туралы ақпарат беру жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын Комиссия айқындайды.
4. Мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары және мүше мемлекеттің өзге де уәкілетті органдары, егер мұндай өнім туралы ақпарат қауіпті өнім туралы ақпарат беру жүйесінде болған жағдайда, Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді мүше мемлекеттердің аумағында айналысқа шығарудың және оның айналыста болуының алдын алу және жолын кесу бойынша мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген шараларды қабылдайды.
9-бап
1. Мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары:
1) мүше мемлекеттердің аумақтарында Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді анықтау, оның ішінде осы құжатты берген органға не осы құжатты қабылдаған заңды тұлғаға немесе дара кәсіпкерге сәйкестікті бағалау туралы құжаттың қолданысын тоқтата түру немесе тоқтату (жарамсыз деп тану) қажеттігі туралы ұйғарым беру туралы шешім қабылдау;
2) Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің мүше мемлекеттердің аумақтарында айналысқа шығарылуын және айналысын болғызбау мақсатында өзара іс-қимылды жүзеге асырады.
2. Сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың қолданысын тоқтата тұруды немесе тоқтатуды (жарамсыз деп тануды) осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары және (немесе) өзге де уәкілетті органдары жүзеге асырады.
3. Басқа мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы жүргізген іс-шаралардың нәтижелерімен келіспеген мүше мемлекет тиісті өнімге қатысты осындай мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы қабылдаған шаралардың негізділігі мәселесін (Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарды ескере отырып) қарау туралы өтінішпен Комиссияға жүгіне алады.
Мұндай өтінішті қарау нәтижелері бойынша Комиссия Алқасы тиісті шараны қолдану туралы шешім қабылдаған мемлекеттік бақылау (қадағалау) органы мүше мемлекетке Одақтың техникалық регламенттерінде белгіленген талаптарды ескере отырып, мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шаралардың нәтижелерін қайта қарауды ұсынуы мүмкін.
Көрсетілген өтініштерді қарау тәртібін Комиссия белгілейді.
10-бап
1. Мүше мемлекеттер Комиссияға осы органдарға тиісті өкілеттіктер беретін нормативтік құқықтық актілерді көрсете отырып, мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдары туралы ақпаратты, сондай-ақ мүше мемлекеттерде мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүргізу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді.
2. Комиссия осы баптың 1-тармағында көрсетілген ақпаратты Одақтың ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етеді.
11-бап
Осы Келісімді қолдануға және (немесе) түсіндіруге байланысты даулар 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта айқындалған тәртіппен шешіледі.
12-бап
1. Осы Келісім Одақ шеңберінде жасалған халықаралық шарт болып табылады және Одақтың құқығына кіреді.
2. Осы Келісім мүше мемлекеттердің осы Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарийі дипломатиялық арналар арқылы алған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
3. Мүше мемлекеттердің өзара келісімі бойынша осы Келісімге жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер енгізілуі мүмкін.
2021 жылғы "16" ақпанда Мәскеу қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды.
Осы Келісімнің төлнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді.
Армения Республикасы үшін | Беларусь Республикасы үшін | Қазақстан Республикасы үшін | Қырғыз Республикасы үшін | Ресей Федерациясы үшін |
---|
Осымен аталған мәтін 2021 жылғы 16 ақпанда Мәскеу қаласында:
Армения Республикасы үшін - Армения Республикасының Вице-Премьер-Министрі М.Г. Григорян;
Беларусь Республикасы үшін - Беларусь Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары И.В. Петришенко;
Қазақстан Республикасы үшін - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Ә.А. Смайылов;
Қырғыз Республикасы үшін - Қырғыз Республикасының Бірінші Вице-Премьер-Министрі А.Э. Новиков;
Ресей Федерация үшін - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары - А.Л. Оверчук қол қойған Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімнің толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.
Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
Еуразиялық экономикалық комиссияның Құқықтық департаментінің директоры |
В. И. Тараскин |
Осымен қоса беріліп отырған мәтін Еуразиялық экономикалық одақтын техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімнің теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
Е. Баттақов |