Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 8 қаңтардағы № 410-VI ҚРЗ.

Қолданыстағы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-IV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-I, 49-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 12, 34-құжат; № 13, 45-құжат; № 20, 96-құжат; 2018 ж., № 1, 4-құжат; № 7-8, 22-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; 2019 ж., № 15-16, 67-құжат; № 21-22, 91-құжат; 2020 ж., № 9, 29-құжат; № 10, 39-құжат; № 11, 57-құжат; № 12, 63-құжат; № 16, 77-құжат):

      35-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) дуальды оқыту туралы шарт;".

      2. 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2020 ж., № 15-I, 15-II, 76-құжат):

      1) 27-баптың 4-тармағының 1) тармақшасындағы "нострификацияланған" деген сөз "танылған" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2) 270-баптың 4-тармағының бірінші бөлігіндегі "нострификациялаудың оң нәтижелерінен", "даярлығы бағаланғаннан" деген сөздер тиісінше "білім туралы құжаттары танылғаннан", "даярлығын бағалаудың оң нәтижесінен" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 16, 128-құжат; № 18, 142-құжат; 2012 ж., № 2, 11-құжат; № 4, 32-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 2, 7-құжат; № 7, 34-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 1, 4, 6-құжаттар; № 3, 21-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 10, 50-құжат; № 14, 72-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 156, 158-құжаттар; № 23-II, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 8-II, 67-құжат; № 23, 119-құжат; 2017 ж., № 8, 16-құжат; № 9, 17, 18-құжаттар; № 13, 45-құжат; № 14, 50, 53-құжаттар; № 16, 56-құжат; № 22-III, 109-құжат; № 24, 115-құжат; 2018 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 32-құжат; № 14, 42-құжат; № 15, 47, 48-құжаттар; № 22, 83-құжат; 2019 ж., № 3-4, 16-құжат; № 7, 36-құжат; № 8, 46-құжат; № 19-20, 86-құжат; № 21-22, 90, 91-құжаттар; № 23, 106-құжат; № 24-I, 119-құжат; № 24-II, 122-құжат; 2020 ж., № 9, 31-құжат; № 10, 39-құжат; № 11, 57-құжат; № 12, 61-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат; 2020 жылғы 20 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 1-бапта:

      15) және 17) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 17-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-2) білім туралы құжаттарды тану – шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттарды ресми растау;";

      21-5), 35) және 38) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-5) жоғары колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің интеграцияланған модульдік білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;";

      "35) колледж – жалпы орта, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;";

      "38) қашықтан оқыту – педагог пен білім алушылардың қашықтан, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып өзара іс-қимыл жасауы кезінде жүзеге асырылатын оқыту;";

      38-3) тармақшадағы "білім алушылар мен тәрбиеленушілерге" деген сөздер "балаларға балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтарды дамытуға бағытталған" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "44-1) мемлекеттік аттестаттау – білім беру ұйымдары ұсынатын білім беру қызметтерінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүзеге асырылатын рәсім;";

      45) тармақша "орта білім беру" деген сөздерден кейін ", балаларға қосымша білім беру" деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 2-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының күші қолданылмайды.";

      3) 4-бапта:

      7) тармақша алып тасталсын;

      22-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22-2) маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, осы Заңның 47-бабының 17-тармағында аталған, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату тәртібін айқындайды;";

      4) 5-баптың бірінші бөлігінде:

      2-2), 2-5), 2-6) және 6-3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру және бөлу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      "2-5) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      2-6) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілердің (әлеуетті берушілердің) тізбесін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      "6-3) білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын, үлгілік оқу бағдарламаларын сараптау және сынақтан өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын және Сот төрелігі академиясын қоспағанда, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

      бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын;

      әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімінің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;";

      11-1) тармақша "үлгілердегі" деген сөзден кейін "және түрлердегі" деген сөздермен толықтырылсын;

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) ұлттық бірыңғай тестілеуді, кешенді тестілеуді өткізу және білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 12-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "12-3) тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша білім беру ұйымдарына және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдаланылуы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13) мүдделі орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мамандықтары мен біліктіліктерінің сыныптауышын әзірлейді және бекітеді;

      14) білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу мерзімдерін айқындайды;";

      15-2) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 19-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "19-4) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;";

      21) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "21) білім туралы құжаттарды тану қағидаларын, сондай-ақ білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында танылатын шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      23) тармақшадағы "нысанын әзірлейді және бекітеді, білім туралы құжаттарды ресімдеуге қойылатын талаптарды айқындайды; білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекітеді" деген сөздер "нысандарын әзірлейді және бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      25) тармақшадағы "бекітеді және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді" деген сөздер ", сондай-ақ қашықтан оқытуды ұсыну бойынша білім беру ұйымдарына қойылатын талаптар мен қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекітеді" деген сөздермен ауыстырылсын;

      27) және 27-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтарды және мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендерді дайындау, сараптау, сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу, басып шығару жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

      27-1) республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің тізбесін, оның ішінде электрондық нысанда бекітеді;";

      43) тармақша "орта білім беруге" деген сөздерден кейін "және балаларға қосымша білім беруге" деген сөздермен толықтырылсын;

      44-5) тармақшадағы "ұйымы түрлерінің номенклатурасын және олардың қызметінің, оның ішінде шағын жинақталған мектептердегі қызметтің үлгілік қағидаларын" деген сөздер "ұйымдары, оның ішінде шағын жинақталған мектептер түрлерінің номенклатурасын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      46-1) және 46-2) тармақшалардағы ", техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып," деген сөздер "білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі," деген сөздермен ауыстырылсын;

      46-4) тармақша алып тасталсын;

      5) 5-1-бап мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) әскери, арнаулы оқу орындарында (білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша орта білім беру ұйымдарында) қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      6) 5-2-бап мынадай мазмұндағы 14-1) және 14-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-1) Сот төрелігі академиясында қашықтан оқыту бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      14-2) Сот төрелігі академиясын мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді;";

      7) 6-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 8-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-4) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 7-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-4) тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекітеді;";

      8) 7-баптың 2-тармағындағы "оның ішінде", "тізілімін" деген сөздер тиісінше "оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі,", "тізілімдерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 8-2-бапта:

      "кешендер мен құралдарға" деген сөздер "кешендерге" деген сөзбен ауыстырылсын;

      "оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары" деген сөздер "үлгілік оқу жоспарлары, үлгілік оқу бағдарламалары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) 11-баптың 9) тармақшасындағы "қашықтан оқыту," деген сөздер алып тасталсын;

      11) 17-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.";

      12) 20-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларының тізбесі білім беру бағдарламаларының тізілімінде қамтылады.";

      13) 27-баптағы "оқу, экстернат және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту" деген сөздер "оқыту және экстернат" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 32-баптың 3-тармағы алып тасталсын;

      15) 33-бапта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары жоғары колледждерде немесе училищелерде іске асырылады.";

      екінші бөлік алып тасталсын;

      16) 35-баптың 2-тармағының бесінші бөлігі алып тасталсын;

      17) мынадай мазмұндағы 37-2-баппен толықтырылсын:

      "37-2-бап. Қашықтан оқыту

      1. Қашықтан оқыту білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.

      2. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген, төтенше жағдайлар жарияланған жағдайларда жергілікті атқарушы органдар мен білім беру ұйымдары білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен барлық білім алушылар үшін қашықтан оқытуды енгізеді.";

      18) 39-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мынадай құжаттардың бірі беріледі:

      1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат;

      2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаты;

      3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжат.";

      үшінші бөліктегі "барлық түрлерінің" деген сөздер алып тасталсын;

      35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды:

      1) негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары, Сот төрелігі академиясында, әскери, арнаулы оқу орындарында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;

      2) егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен халықаралық мектептер;

      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан өткен білім беру ұйымдары;

      4) денсаулық сақтау саласындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.

      Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.

      4. Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттарын дербес білім беру ұйымдары береді.

      Дербес білім беру ұйымының білім туралы құжаттарының нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды дербес білім беру ұйымы айқындайды.

      5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары білім алушылардың бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдерді меңгеру қорытындысы және аралық аттестаттау нәтижелері бойынша кәсіптік даярлық туралы куәлік береді.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын, денсаулық сақтау саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда, білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттарды береді.

      Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы айқындайды.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Шетелдік білім беру ұйымдары, оның ішінде олардың филиалдары, сондай-ақ ғылыми орталықтар мен зертханалар берген білім туралы құжаттар олардағы оқуын аяқтаған адамдарға тиісті куәлік беріле отырып, Қазақстан Республикасының аумағында танылады.";

      8-тармақтағы "тану немесе нострификациялау" деген сөздер "білім туралы құжаттарды тану" деген сөздермен ауыстырылсын;

      19) 43-баптың 3-тармағында:

      2-2) тармақшаның екінші абзацындағы ", құралдары мен" деген сөздер "және басқа да" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) тармақшадағы "және қашықтықтан білім беру технологияларын" деген сөздер алып тасталсын;

      20) 43-1-баптың 2-тармағының 14) тармақшасындағы "және қашықтықтан білім беру технологияларын" деген сөздер алып тасталсын;

      21) 45-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілеріне әкімшілік деректерді анық және (немесе) уақтылы ұсынбағаны;";

      22) 47-бапта:

      3-тармақтың 7) тармақшасындағы "және оқу-әдістемелік құралдармен" деген сөздер алып тасталсын;

      17-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "азаматтар" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында", "мемлекеттік ветеринария ұйымдарында" деген сөздер тиісінше "білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтау ұйымдарында", "ветеринария ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөлікте:

      "жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын" деген сөздерден кейін "немесе денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      "мемлекеттік" деген сөз алып тасталсын;

      төртінші бөліктегі "азаматтар" деген сөз "Қазақстан Республикасының азаматтары" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы бесінші және жетінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бейіні бойынша докторлар бағдарламасы бойынша докторантурада білім алған Қазақстан Республикасының азаматтары оқуын аяқтағаннан кейін мемлекеттік органдарда немесе жоғарғы және (немесе) жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде үш жыл жұмыспен өтеуге міндетті.";

      "Осы тармақта аталған Қазақстан Республикасының азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін:

      1) ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан;

      2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негіздегі оқуға ауысқан;

      3) ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта қабылдану шартымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан шығарылған жағдайларда, осы тармақта көзделген мерзім шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша іс жүзінде оқу уақытына мөлшерлес жұмыспен өтейді.";

      17-2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) одан әрі оқу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде резидентураға, магистратураға, докторантураға түскен адамдарға;";

      17-4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу іс жүзінде жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес жүзеге асырылады.";

      23) мынадай мазмұндағы 48-1-баппен толықтырылсын:

      "48-1-бап. Мемлекеттік білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу

      1. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу кезінде:

      1) әлеуетті өнім берушілерге сандық жағынан өлшенбейтін және (немесе) әкімшілендірілмейтін кез келген талаптарды белгілеуге не конкурстық құжаттамада не орналастырылатын ақпаратта сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің, тауарлардың жекелеген әлеуетті өнім берушілерге тиесілілігін айқындайтын сипаттамаларды көрсетуге;

      2) мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларында (бұдан әрі осы баптың мақсаттарында – тамақтандыруды ұйымдастыру қағидалары) көзделмеген жағдайларда көрсетілетін қызметтерді, тауарларды сатып алудан бас тартуға;

      3) конкурсқа қатысуға арналған өтінімге жетіспейтін құжаттарды ұсынуға, конкурсқа қатысуға арналған өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, тиісінше ресімделмеген құжаттарды тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында көзделген біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіруге байланысты конкурстық комиссияның сұрау салу жіберуіне және өзге де әрекеттеріне;

      4) конкурстық құжаттамада көрсетілетін қызметтерді, тауарларды әлеуетті берушілерге тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында көзделмеген біліктілік талаптарын белгілеуге;

      5) тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында көзделген өлшемшарттарды қолдану, сол сияқты көрсетілетін қызметтерді, тауарларды берушіні таңдау өлшемшарттарын есептеу тәртібін бұзуға;

      6) көрсетілетін қызметтерді, тауарларды әлеуетті берушіні тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында көзделмеген негіздер бойынша біліктілік талаптарына және (немесе) конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп тануға жол берілмейді.

      2. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу кезінде тапсырыс беруші:

      1) тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес сатып алынатын көрсетілетін қызметтерді лоттарға бөлу тәртібін сақтауға;

      2) мынадай:

      әлеуетті өнім беруші конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда оның шарт жасасудан жалтару;

      өнім берушінің қызметтерді көрсету, тауарларды сатып алу туралы өзімен жасалған шарт бойынша міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамау;

      өнім берушінің (әлеуетті өнім берушінің) біліктілік талаптары бойынша анық емес ақпарат беру фактісі туралы өзіне белгілі болған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей әлеуетті өнім берушіні немесе өнім берушіні жосықсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінуге;

      3) егер әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға жіберілмеген жағдайда, конкурстың қорытындысы туралы хаттамада осындай әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімін қабылдамау негіздемелерін, сондай-ақ конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қабылдамауға негіз болған растаушы мәліметтер мен құжаттарды көрсетуге;

      4) тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген мерзімдерде көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың жылдық жоспарын (көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) немесе көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың жылдық жоспарына (көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) енгізілген өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру, сол сияқты көрсетілетін қызметтерді және (немесе) тауарларды сатып алудың жылдық жоспарын бюджетке сәйкес келетін көлемде бекіту (нақтылау) тәртібін сақтауға;

      5) тамақтандыруды ұйымдастыру қағидаларында белгіленген мерзімдерде әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін қарауға және конкурс қорытындысы туралы хаттаманы орналастыруға міндетті.

      3. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды жосықсыз берушілер (әлеуетті берушілер) тізбесінде, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде тұрған өнім беруші (әлеуетті өнім беруші) өзін жосықсыз өнім беруші (әлеуетті өнім беруші) немесе мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап жиырма төрт ай ішінде мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, қосымша білім беретін мектептен тыс ұйымдарда білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды, сондай-ақ мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды берушіні таңдау жөніндегі конкурсқа қатысуға жіберілмейді.";

      24) 49-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шет елдерге кеткен балаларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында немесе негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар, Қазақстан Республикасының аумағындағы халықаралық мектептерде олардың орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.";

      25) 52-баптың 6-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында немесе дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында кәсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтерге тиісті дипломы немесе білім туралы құжатты тану туралы куәлігі болған кезде негізгі жұмыс орны бойынша:";

      26) 55-бапта:

      2-тармақтағы "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі байқау болып табылады.

      Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі білім алушылар білімінің сапасын бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігіне бағалау мақсатында жүзеге асырылады.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі жалпы білім беретін пәндерді және (немесе) кәсіптік модульдерді немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндерді меңгеру деңгейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкестігіне бағалау мақсатында жүзеге асырылады.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізілетін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.";

      7-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүзеге асыратын ұйым:";

      1) тармақша алып тасталсын;

      27) 57-бапта:

      2-тармақтың бірінші және екінші бөліктеріндегі "Сот төрелігі академиясы," деген сөздер алып тасталсын;

      5-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиаттың білім туралы құжатты бере отырып, білім берудің оқу жылын аяқтауға құқығы бар.

      Білім беру қызметімен айналысуға лицензияның қолданысы тоқтатыла тұрған кезде лицензиат:

      1) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға арналған конкурсқа қатысуға;

      2) білім беру қызметімен айналысуға лицензиямен және (немесе) лицензияға қосымшамен әрекеттер жасауға (тоқтату, қайта ресімдеу, тоқтатыла тұрған білім беру қызметімен айналысуға лицензияға жаңа қосымшалар алу);

      3) оқуға қабылдауды жүзеге асыруға құқылы емес.";

      28) 59-бапта:

      1-тармақта:

      "білім саласындағы уәкілетті орган," деген сөздер "білім саласындағы уәкілетті орган, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері," деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтауына да бағытталған және оны білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері жүзеге асырады.";

      2-тармақ 2) тармақшасындағы "деңгейі болып табылады." деген сөздер "деңгейі;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "3) жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау жөніндегі қызметі болып табылады.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

      1) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының сақталуын жоспардан тыс тексеру;

      2) Қазақстан Республикасының білім туралы заңнамасының және білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының сақталуын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау;

      3) осы Заңда айқындалатын тәртіппен бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау.

      4. Мемлекеттік аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, профилактикалық бақылау арқылы бес жылда бір рет Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүргізеді.

      Денсаулық сақтау саласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.

      Сот төрелігі академиясын мемлекеттік аттестаттауды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне, осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.

      Сот төрелігі академиясында, әскери, арнаулы оқу орындарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар немесе даярлау бағыттары бойынша жүзеге асырылады.

      Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары аккредиттеу мерзіміне мемлекеттік аттестаттаудан босатылады.

      Білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, оның аумақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының лауазымды адамдарының мемлекеттік аттестаттау жүргізу кезінде мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын тартуға құқығы бар.

      Мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде комиссияның құрамы білім беру, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдардың және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары, мамандары және педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін консультанттар, сарапшылар қатарынан қалыптастырылады.

      Мемлекеттік аттестаттау нәтижелері бойынша мынадай қорытындылардың бірі беріледі:

      1) білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына толық сәйкес келген жағдайда, аттестатталды;

      2) білім беру ұйымының білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, аттестатталмады.

      Бірінші мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған, мынадай:

      1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында үш жылдан кейін;

      2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін;

      3) әскери, арнаулы оқу орындарында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірілмей өткізіледі.";

      4-1-тармақтағы "білім беруді басқарудың мемлекеттік органдарына" деген сөздер "білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8, 8-1 және 8-2-тармақтар алып тасталсын;

      8-3-тармақтың 2) тармақшасындағы "білім беру саласындағы уәкілетті орган" деген сөздер "білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8-4-тармақтағы "уәкілетті органның" және "уәкілетті орган" деген сөздер тиісінше "уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің" және "уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 8-5, 8-6, 8-7, 8-8, 8-9, 8-10, 8-11, 8-12 және 8-13-тармақтармен толықтырылсын:

      "8-5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылаудың мақсаттары бақылау субъектілерінің (объектілерінің) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзушылықтарының жолын кесу және оларға жол бермеу болып табылады.

      8-6. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мынадай деректерді талдау, зерделеу және салыстыру арқылы жүргізіледі:

      1) білім беру ұйымдарының ресми интернет-ресурстарында орналастырылған білім беру қызметінің өзін-өзі бағалау материалдары;

      2) білім беру саласындағы ақпараттандыру объектісі;

      3) ұйымдар мен уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған мәліметтер.

      8-7. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесін өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бекітеді, сондай-ақ ол мемлекеттік органның және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

      8-8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне оны жою тәртібі түсіндіріледі.

      8-9. Бақылау субъектісіне өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті орган ведомствосының, оның аумақтық бөлімшелерінің, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құқықтық актісінде көрсетілген аяқтау мерзімінен кешіктірмей қорытындыны табыс ету күні бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау мерзімінің аяқталуы деп есептеледі.

      8-10. Қорытынды бақылау субъектісіне (объектісіне) төменде санамаланған тәсілдердің бірі арқылы:

      1) пошта арқылы – тапсырысты хатпен;

      2) электрондық тәсілмен – білім беру ұйымының өзін-өзі бағалау материалдарында немесе ресми интернет-ресурсында көрсетілген бақылау субъектісінің (объектісінің) электрондық мекенжайына жөнелтілген күнімен жіберілуге тиіс. Жіберілген қорытынды жөнелту фактісін растайды және бақылау субъектісіне (объектісіне) табыс етілді деп есептеледі.

      8-11. Бақылау субъектісі (объектісі) қорытындыда көрсетілген бұзушылықтар бойынша ол табыс етілген күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде бір жылдан аспайтын мерзімдерді көрсете отырып, бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ақпаратты береді, осы шаралар өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосымен, оның аумақтық бөлімшелерімен, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен келісіледі.

      8-12. Бұзушылықтарды жою мерзімі өткеннен кейін бақылау субъектісі (объектісі) құзыреттерінің шегіне қарай білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосына, оның аумақтық бөлімшелеріне, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына бұзушылықтарды жою туралы есепті ұсынуға міндетті.

      8-13. Бақылау субъектісінің (объектісінің) есебі негізінде өз құзыреті шегінде білім беру саласындағы уәкілетті органның ведомствосы, оның аумақтық бөлімшелері, денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты бес жұмыс күні ішінде қайталама қорытынды шығарады.

      Бұзушылықтар жойылмаған немесе белгіленген мерзімде есеп ұсынылмаған жағдайда білім беру ұйымы аттестатталмады деп есептеледі, бұл бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу үшін негіз болып табылады.";

      29) 62-бапта:

      мынадай мазмұндағы 4-4-тармақпен толықтырылсын:

      "4-4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерде бекітілген бюджет қаражатының көлемдері шегінде балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.";

      5-1-тармақтың екінші бөлігіндегі "Сот төрелігі академиясын, әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен" деген сөздер "әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келетін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:

      "6-2. Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы білім алушылардың және (немесе) тәрбиеленушілердің санын және бір білім алушыға және (немесе) тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнын қамтуға тиіс.";

      30) 63-бап мынадай мазмұндағы 3-2-тармақпен толықтырылсын:

      "3-2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар ұйымдық-құқықтық нысанындағы білім беру ұйымдары ақылы қызметтер көрсету туралы шарт жасаса отырып, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан тыс мынадай:

      1) кәсіптік білім беруді ұйымдастыру (жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру);

      2) бағдарламалардың оқу жоспары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері (модульдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;

      3) қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы қызығушылықтарды дамыту бойынша);

      4) білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагогтер мен ересек тұрғындар арасында спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шараларды, кеңестерді, конференцияларды ұйымдастыру және өткізу бойынша, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу және өткізу;

      5) білім беру процесін, зерттеулерді, тәрбиелік және әлеуметтік-мәдени, ғылыми-практикалық қызметті қамтамасыз ету үшін баспа және полиграфиялық қызмет;

      6) білім алушылардың оқуға түсуіне және білім алушыларды аралық немесе қорытынды аттестаттауды (талапкерлер үшін дайындық сабақтарын, сынама тестілеуді) жүргізуге байланысты іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      7) білім алушыларға ақылы негізде оқу кезеңіне, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының жұмыскерлеріне жұмыс кезеңіне бос орындар болған кезде жатақханадан орын беру;

      8) цифрлық интерактивті білім беру ресурстары мен оқу фильмдерін ұйымдастыру, жасау және дамыту;

      9) оқу-өндірістік шеберханаларда, оқу шаруашылықтарында, оқу полигондары мен оқу-тәжірибелік учаскелерде шығарылатын өз өндірісінің тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) өткізу бойынша тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) ақылы негізде ұсынуға құқылы.".

      4. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 5, 40-құжат; 2013 ж., № 1, 3-құжат; № 2, 10-құжат; № 3, 15-құжат; № 14, 72-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-І, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 11, 56-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-І, 100-құжат; № 21-III, 135-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 13, 45-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 98-құжат; 2018 ж., № 14, 42-құжат; № 15, 47-құжат; 2019 ж., № 24-II, 120, 122-құжаттар; 2020 ж., № 9, 29, 31-құжаттар; № 11, 57-құжат; № 13, 67-құжат; № 16, 77-құжат; № 19-20, 81-құжат; 2020 жылғы 7 қазанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 6 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2020 жылғы 17 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      1) 21-баптың 4-2-тармағының екінші бөлігіндегі "Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып", "келісімшарт бойынша қабылданған" деген сөздер тиісінше "Қашықтан оқытуды қолдана отырып", "қабылданған келісімшарт бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 35-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "білім беру технологияларын пайдалану арқылы" деген сөздер "оқытуды қолдана отырып" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 39-1-баптың 2-тармағындағы "қашықтықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы ғана" деген сөздер "қашықтан оқытуды қолдана отырып қана" деген сөздермен ауыстырылсын.

      5. "Жол жүрісі туралы" 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 8, 43-құжат; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 16, 79-құжат; № 19-І, 101-құжат; № 20-ІV, 113-құжат; № 22-ІІ, 144-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; № 14, 49-құжат; № 23-III, 111-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 13, 41-құжат; № 19, 62-құжат; № 24, 94-құжат; 2019 ж., № 8, 45-құжат; № 21-22, 90-құжат; № 24-I, 119-құжат; 2020 ж., № 9, 33-құжат; № 12, 61-құжат; № 14, 68-құжат; № 16, 77-құжат):

      13-баптың 3) тармақшасы алып тасталсын.

      2-бап.

      1. Осы Заң:

      1) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 1) тармақшасының он екінші абзацын, 7) тармақшасын және 29) тармақшасының екінші, үшінші, бесінші және алтыншы абзацтарын;

      2) 2021 жылғы 2 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 18) тармақшасының екінші – жиырма бірінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      2. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 18) тармақшасының он үшінші абзацының қолданысы 2021 жылғы 2 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын, тоқтатыла тұру кезеңінде осы абзац мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестаттаудан немесе танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары;".

      3. Осы Заңның 1-бабының 3-тармағы 28) тармақшасының он жетінші абзацы 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады деп белгіленсін.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ