Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 30 қарашадағы № 76-VII ҚРЗ.

Жаңартылған

      Баспасөз релизі

      1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

      2022 жыл – 4 030 000 000 мың теңге;

      2023 жыл – 2 200 000 000 мың теңге;

      2024 жыл – 2 000 000 000 мың теңге.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт республикалық бюджеттен ортақ зейнетақыларды төлеуге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне бағытталсын.

      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.05.2022 № 120-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

      1. Осы Заң 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 – 2023 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" 2020 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ